Бастауыш сыныпқа арналған біркелкі орфографиялық тәртіп Мазмұны



Дата24.04.2016
өлшемі70 Kb.
: download -> version
version -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
version -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
version -> Дома на окне пылился светильник со сломанным абажуром
version -> Қыс Қыстың ақ бояуы Көрпеге жер оранды Балалар ойнап далада Сырғанаққа тояды Ақ мамық қарды жер Балалар ойнап күлуде Мұзайдында сырғанап Астана
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> Сабақ Қазақтың ұлттық ою түрімен құрлық суын бейнелеу
version -> Қазақ әдебиеті пәнінің негізгі мектепте оқытылу нысаны қазақ әдебиетінің үлгілері Басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т б


Бастауыш сыныпқа арналған біркелкі

орфографиялық тәртіп
Мазмұны

1. Дәптерлерді толтыру ережесі

2. Дәптерлердің мұқабасын толтыруды үйрету.

3. Қазақ тілінен жазба жұмыстарын хаттау.

4. Каллиграфиялық әдетті ұйымдастыру жұмыстарын хаттау .

5. Математика пәнінен жазба жұмыстарын хаттау .

6. Бастауыш сыныпта күнделік жүргізуді алға қою .

Орфографиялық тәртіпті бастауыш мектепке енгізу .


  • Дәптерді хаттау мен оларды дұрыс толтырылуын қадағалау .

  • Дәптердегі барлық жазулар каллиграфиялық ұқыпты жазумен жүргізілуін қадағалап ,бақылау геометриялық фигураларды сызу жай қарындашпен жүргізіледі.

  • Бастауыш мектепте оқушылар оқу барысында барлық пәннен бақылау жұмысына және сыныпта орындалатын жұмысқа арнап дәптерлер бастайды.

Математика пәні бойынша:

1 №2(ағымдағы жұмыстарға)

3 (бақылау жұмысына)




Қазақ тілі пәні бойынша:

1 №2 (ағымдағы жұмыстарға)

3 (диктант жұмысына)

4 (тіл дамыту)





Әдебиеттік оқу пәні бойынша:

1 (ағымдағы жұмыстарға:)

№2 мазмұндама мен шығарма 1 дәптерге жазылады




Сауат ашу пәні бойынша:

1 №2 (үлгі дәптерлері)


Қазақ тілі пәндерінен мазмұндама мен шығарма шығармашылық сипаттағы жұмыс түрлеріне жататындықтан, толтыру барысында № 4 тіл дамыту дәптерлеріне жазылады .

  • Әдебиеттік оқу пәні бойынша суреттер , шығармаларға жоспарлар, әдеби терминдерге анықтама, шығармашылық жұмыстар күнделікті жұмыс дәптеріне жазылады.

  • Әдебиеттік оқу пәні бойынша мазмұндамалар, шығармалар жеке 1 дәптерге жазылу керек.

  • Дүниетану сабақтары үшін баспа негізіндегі дәптерлер қолдануға мүмкін, бірақ көбінесе оқушылардың жұмыс дәптерлері бар .

  • Бағдарламаға сай ән-күй, ағылшын тілі, факультативтік курстарға дәптерлер арналады.

Дәптерлердің сыртын біркелкі толтыру:

2 -3- 4 сыныптың жазба жұмысына арналған дәптерлерінің сыртын оқушы өзі толтырады, күнделікті жұмыс дәптерлерін де оқушы өзі толтырады.

1 сынып оқушыларының дәптерлерінің сыртын компьютермен басылған түрде жазуға болады.

Дәптердің сыртын каллиграфиялық дұрыс ,ұқыпты жазумен толтыру керек .



«Балқаш қаласы

жалпы білім беретін

___ орта мектебі»



коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2 «Ә» сынып оқушысы

Болатов Әділдің

қазақ тілі пәніне

арнаған дәптері
(математика дәптері, дүниетану дәптері, диктант дәптері, бақылау жұмысы, тіл дамыту дәптері, т.б.с.,с.)

  • Дәптердің сыртындағы сандар араб цифрларымен толтырылады .

  • Аты-жөні ілік септігінде жазылады. Балалардың сауаттылығын ашу мақсатында қатемен жұмыс диктант дәптерлеріне жүйелі түрде жүргізілу керек, математика пәнінен қатемен жұмыс бақылау жұмысына арналған дәптерге жазылады.

  • Бастауыш сыныпта жұмыс дәптерлері міндетті түрде күнделікті тексерілуі тиіс. Бақылау жұмыстарының тексерілуі ертеңгі күні дайын болуы керек .

  • Математика пәнінен бақылау дәптерлері уақытында тексеріліп отырылады. Сыныпта оқу жылының аяғына дейін сақталады.

  • Балалар жұмысы қызыл түсті (қаламмен ) тексеріледі. Бағалау ережесіне сай бағаланады.

  • Үй жұмысы мен сынып жұмысынан кейін 2 жолға шегініп, 3жолға жазамыз .

  • Азат жолды сақтау кезінде оңға қарай сұқ саусаққа жылжимыз. Бірінші сыныптан бастап азат жолды сақтау ,жаңа жұмыс түрлерін жүргізу кезінде жүзеге асырамыз .

  • Жұмыс барысында бос жол қалдырылмайды.

  • Жаңа (жол) бет ең жоғарғы жолдан басталады беттің ең соңына дейін жазылып бітеді.

  • Әрбір жолды жазар кезінде сол жақ шетінен 0,5 см шегінеді .

  • Жазу жолы толық қамтылу қажет. Толық қамтылмаған жағдай оқушының тасымал ережелерін білмеуін көрсетеді!!! Сөзді тасымалдау ережесін міндетті түрде қолдану керек .

  • Қазақ тілінен ,математикадан күнді жолдың ортасына жазылады .

  • 1 сыныптың II жартыжылдығынан бастап, 2-ші сыныптың II жартыжылдығына дейін күн реті арабша ай аты толық жазылады. Мысалы: Қыркүйектің 7-сі

  • 2 сыныптың II жартыжылдығынан бастап, 4 сыныптың аяғына дейін күн реті және ай аты жазбаша түрде жазылады.

Қыркүйектің жетісі

Сынып жұмысы

12-жаттығу.

  • Жұмыстың нұсқасы жаңа жолдан тура ортаға немесе дәптердің жиегіне жазылады .

  • Жаттығу деген сөз екінші сыныптан бастап толық жазылады .

  • Дәптердегі жаттығу реті саны толық жазылады .

  • Бағандап жазу кезінде сөздер бірінің астына бірі жазылып, арасына үтір қойылмайды, бірінші сөз бас әріппен жазылады .

  • Сөздер тек қана дауыссыздарға қысқарады.

  • Септіктер бас әріппен жазылады. Сөздердің үстіне септік атауын жазу қаламмен немесе үшкір қарындашпен жүзеге асады .

  • Балалардың назарын тиісті тыныс белгілеріне аудару қажет.

  • Математика пәнінен бекітілген термин сөздер (см....) қысқартылғанда нүкте қойылмайды

  • 1-2 сыныптың оқушылары кіші жол дәптерге жазса ,ал 3 сыныпта үлкен жол дәптерге жазады.

  • Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 2-3-4 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді. (қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес)

  • Балалардың назарын тақтадағы жазуларға, қаламды дұрыс ұстауына, отырыстарына дәптерлердің түр-сипатына назар аудару керек.

  • Шығармаға 1 баға қойылады, мазмұндамаға 3 сыныптың II жартыжылдығынан бастап 2 баға қойылады. Диктант егер грамматикалық тапсырмасымен қоса болса 2 баға қойылады.

  • Қатемен жұмыс деген сөзді қ.ж. деп алуға болады. Себебі қатемен жұмысқа 45 минут уақыт берілмейді


Математика пәнінен жазба жұмыстарын қаптау.

  • Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасына 4 тор тастап 5 торға жазу керек.

  • Әр тапсырманың арасына 2 торкөзден тасталады.

  • Бағандардың арасына 3 торкөз тасталады.

  • Күнді тура ортаға немесе шетіне жазуға болады. Жауабы деген сөз шешудің астына бас әріппен жазылады. Бірінші сыныпта жауабы қысқа жазылады.

  • Ұзындық ,ені деген сөздер қысқартылмайды.


Есепті шығару барысында мыналарды есте ұстаған жөн:

  1. Қысқаша шартындағы сөздер толық, бас әріппен жазылады.

  2. Шешуі, жауабы деген сөздер толық жазылады.

  3. Егер есеп амалдап шығарылса, атау жақшаға алынып, түсіндірмесі толық жазылып, жауап қысқашы , кіші әріппен жазылады.

  4. 1 амалды есепте түсіндірме жазылмайды. Тек жауап толық жазылады.

  5. Егер есеп өрнекпен шығарылса, атауы жақшаға алынып, түсіндірме жазылмайды.Жауап кіші әріппен қысқаша жазылады.


Мысалы:

Есеп:





Сәбіз-5 кг ?кг

Картоп-?,3 кг артық

Шешуі: 1) 5+3=8 (кг)- картоп

2) 5+8=13 (кг)- барлығы

Жауабы: 13 килограмм картоп.



Сәбіз-5 кг ?, кг

Картоп-?,3 кг артық

Шешуі: (5+3)+5=13 (кг)

Жауабы: барлығы 13 килограмм көкөніс сатылды.
Амалдардың орындалу тәртібі:
3 1 4 2

3450-145*2+1265:5=3413

1)145*2=290

2) 1265 5 3) _ 3450 4) + 3160

6 253 290 253

15 3160 3413

Теңдеу: есептеуі жанына бағандап есептеп жазылады

3 2 1

Х+123- 56*2= 638

Х+123-112=638

Х+123=638+112

Х+123=750

Х=750-123

Х=627

627+123-56*2=638

638=638

Есеп:

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 12 см, ал ені 6 см-ге тең. Тіктөртбұрыштың аудан мен периметрін есептеп шығар.



Берілгені: Шешуі:

а=12 см Р=(а+в)·2

в=6 см Р= (12+6)·2

Р - ?см Р=36 (см)

S - ?см2 S=а·в

S=12·6

S=72 (см2)

Жауабы: Р=36 см, S=72 см2

Фигураны сызу қажет болғанда ғана орындалады.

А В

С Д
Математикалық диктант жазарда келесі талаптарды орындау қажет.



  • Бір клетка жіберіп жауаптарын үтір арқылы бір жолға жазады.

  • Санмен қоса өлшем бірліктерін көрсету қажет.

Бастауыш мектепте күнделік бастау жұмысы.

Күнделік мемлекеттік құжат болып табылады.Оны жүргізуде бірнеше талаптар қойылады.

Күнделіктің болуы бірінші сыныптан бастап талап етіледі. Кейбір кезде ата-аналар жиналысы мен пед. кеңестің ұйғарымымен 2 сыныптан бастауға болады.

Күнделік бастау ата-ана мен мұғалімнің арқасында жүзеге асады.Сондықтан сынып жетекші кейбір талаптарды оқушыға жеткізуге міндетті.



  • Күнделік көк сиямен таза ұқыпты сауатты толтырылуы керек. Бірінші беттен бастап түгел беттері толуға міндетті.

  • Оқу кестесі, сабақ кестесі, үзіліс кестесі, сабақтардың мұғалімдердің аты-жөні,мұғалімнің басшылығымен толтырылады.

  • Айдың және пәннің аты кіші әріппен жазылады.Қысқаша жазуға болады.Үй жұмысы туралы баған толтырылуы тиіс.

  • Баға және қол қою деген бағанда мұғалімнің бағасы мен қолы тұруы тиіс. Баланы мақтап қолдап «Жарайсың ! Тырысу керек» деген сөздер бастауыш сыныпта жазуға рұқсат етіледі.

  • Күнделіктің жүргізілуін күнде сынып жетекшісі тексереді.

  • Күнделікке баға және мадақтаулар мен ескертулер көк түспен ғана жазылады.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет