Бастауыш сыныптағы әскери патриоттық тәрбие Тақырыбы: Қазақстан



жүктеу 0.55 Mb.
бет1/3
Дата24.04.2016
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3
: file
file -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
file -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
file -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
file -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
file -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
file -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
file -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
file -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
file -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 122 орта мектебі

Байқау : Бастауыш сыныптағы әскери патриоттық



тәрбие
Тақырыбы: «Қазақстан

патриоттарын өсірудеміз»


Бастауыш сынып мұғалімі: Майшина А. К.

Қостанай 2012 ж

Мазмұны

1. Кiрiспе

2. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

3. Бағдарламаның негiзгi мазмұны

4. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

5. Пайдаланған әдебиеттер

6. Қосымша материалдар

Бағдарламаның міндеттірі:

Азаматтардың мақсатты топтарының бойында байыпты азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық және жеке адамдар арасындағы өзара түсiнiстiк сезiмiн қалыптастыруға ықпал ететiн ұйымдастырушылық алғышарттары мен шаралар жүйесiн құру; қазақстандық патриотизмдi, төзiмдiлiктi, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудi тәрбиелеу жөнiнде iс-шаралар кешенiн еткiзу кезiнде тұтастай алғанда мемлекет пен қоғамның, жеке алғанда мемлекет пен оның азаматтарының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету; өркениеттi азаматтық және тұлғааралық қатынастардың қалыптасуына жағдайлар мен әлеуметтiк алғышарттар жасау; мiнез-құлықтың жағымды үлгiлерiн қалыптастыру және жастар арасында бүгiнгi заман қаhарманының бейнесiн танымал ету арқылы патриотизмдi тәрбиелеу жөнiндегi жұмысқа жәрдемдесу



Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

Бағдарламаның негiзгi мақсаты патриоттық тәрбие жүйесiн нысаналы дамыту арқылы азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елi үшiн мақтаныш сезiмiн қалыптастыру, Отанның мүдделерiн қорғау жөнiндегi азаматтық борышы мен конституциялық мiндеттерiн орындауға дайындығын тәрбиелеу болып табылады.

Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:

азаматтардың мақсатты топтарының бойында байыпты азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық және жеке адамдар арасындағы өзара түсiнiстiк сезiмiн қалыптастыруға ықпал ететiн ұйымдастырушылық алғышарттары мен шаралар жүйесiн құру;

қазақстандық патриотизмдi, төзiмдiлiктi, адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлауды тәрбиелеу жөнiнде iс-шаралар кешенiн өткiзу кезiнде тұтастай алғанда мемлекет пен қоғамның, жеке алғанда мемлекет пен азаматтардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету; өркениеттi азаматтық және жеке адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуына жағдайлар мен әлеуметтiк алғышарттар жасау;

мiнез-құлықтың жағымды үлгiлерiн қалыптастыру және жастар арасында бiздiң заман қаhарманының бейнесiн танымал ету арқылы патриотизмдi тәрбиелеу жөнiндегi жұмысқа жәрдемдесу болып табылады.



Түсінік хат
Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеудiң өзектiлiгi қоғамның рухани әлеуетiн арттыру қажеттiлiгiне негiзделген.

Бағдарлама оң, жасампаз дүниетанымға ие, мұнысы азаматтың жауапкершiлiк сезiмiнен, саналы таңдау жасау және Отан, қоғам, өз отбасы игiлiгiне, жеке басына бағытталған дербес шешiм қабылдай алу қабiлетiнен көрiнетiн азаматты тәрбиелеудi, берiк адамгершiлiк негiзге ие, солай бола тұра өзгермелi жағдайларға бейiмделуге қабiлеттi және жаңа идеяларға зерек, үнемi жетiлiп отыратын тұлғаны қалыптастыруды көздейдi.

Осыған байланысты әлеуметтiк және этностық топтар арасында жұмысты үйлестiру мақсатында орталық және жергiлiктi билiк органдары мен қоғамдық ұйымдардың күш-жiгерiн бiрiктiру қажет, бұл бiртұтас мемлекеттiк саясат және осы саясатқа сәйкес азаматтарға патриоттық тәрбие берудiң мемлекеттiк жүйесi болған жағдайда ғана мүмкiн болады. Өз кезегiнде бұл азаматтарға патриоттық тәрбие беру жүйесiн құруды және оны дамытудың жолдарын айқындауды талап етедi.

Осы Бағдарлама "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының заңдарын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 856 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан халықтары Ассамблеясының орта мерзiмдi кезеңге арналған стратегиясына сәйкес әзiрлендi.



Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Әскери-патриоттық тәрбие – мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың жастардың бойында жоғары елжандылық сана-сезімін, өз Отанына деген адалдықтың асқақ сезімін, Қазақстан Республикасыәрбір азаматының қасиетті борышы мен міндеті болып табылатын өзінің азаматтық борышын орындауға әрқашан әзір болуды қалыптастыру жөніндегі көпқырлы, жүйелі және үйлесімді жұмысы.

Аға ұрпақтың ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген аса маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде жастардың бойындағы азаматтықты, елжандылықты дамыта түсу;

жастардың бойында кәсіптік елеулі қасиеттерді, бұл қасиеттерді қоғамдық өмірдің әр саласында, әсіресе әскери және онымен байланысты басқа да мемлекеттік қызмет түрлерінде жарқырай көрсете білуі мен әзірлігін, бейбіт өмір мен соғыс уақыты жағдайларында конституциялық және әскери борышқа адал болуды, жоғары жауапкершілік пен тәртіптілікті қалыптастыру.

Бұл игі мақсатқа қол жеткізу үшін:

жастарға тиімді әскери-патриоттық тәрбие беру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі ғылыми-негізді басқару мен ұйымдастыру қызметін жүргізу;

жастардың санасы мен сезімдерінде патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді, Қазақстан Республикасының мәдени және тарихи өткендеріне, дәстүрлеріне құрмет көрсетуді, мемлекеттік, әсіресе әскери қызметтің абырой-беделін асқақтата көтеруді қалыптастыру;

жастарға, оның ішінде әскери қызмет өткеріп жатқандарға тиімді әскери-патриоттық тәрбие берудің тұтастай бір тиімді жүйесін қамтамасыз ететін тетік жасау.



Әскери-патриоттық тәрбиенің мазмұны

Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа ең алдымен- тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрлерімізді жатқызсақ, тіл-қазақ болуымыз үшін, салт-дәстүр-ұлт болуымыз үшін қажет.

Қазыбек бидің:

Алтын ұяң-Отан қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.

Кіндік кескен жерің қымбат,-дегеніндей, отаншылдық атамекенге деген сүйіспеншілдіктің негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі. Патриоттық тәрбие – өлшем ретінде таңдап алынған, бірнеше бөліктерден тұратын сабақтас сапа. Оған мыналар жатады:

1) өзін мемлекетінің азаматы ретінде сезіну;

2) Мемлекеттің рәміздері мен дәстүрлерін қастерлеу;

3) қазақ халқының тарихын бағалайтын көзқарас қалыптастыру;

4) қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін түсіну.

Бүгінде «мен патриотпын» деген замандастарымыздың бойынан нағыз ұлтжандылық сезімінен гөрі, мендік патриотизм өріс алғанын байқаймыз. Яғни, олар өзінің бас мүддесін бірінші орынға қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орында қалады. Сондықтан адамның бойынан өзімшілдік, менмендік, тек өз пайдасын көздейтін пыйғылды арылту үшін, оқушыларды ұлтжандылық тәрбиесіне баулу керек. Оны ата-бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз әңгімелерінен, батырлар жырынан, мысал келтіре отырып, солардың ұрпағы екендігіне көз жеткізе отырып, еліктету арқылы іске асыруға болады.

Патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны-байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің ерекше бір түрі.

«Патриоттық құндылық-елі мен туған жерін, Отанын сүю, мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт-дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы ізгілік қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейірімділікті, ұлтаралық мәдениетті дамыту» деген Елбасының сөзін басшылыққы ала отырып, түрлі жастағы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мазмұнын, мақсаттарын, міндеттерін, сондай-ақ тәрбие критерийлерін төмендегідей анықтауға болады.

Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізгенде баланы патриоттық әңгімелерге араластырып отыру керек. Бастауыш мектеп оқушылары үшін Отанның өткен тарихынан мағлұмат алуды, тәртіптіболуды, кіші және жасөспірім оқушылары үшін жер бетінде болып жатқан жағдайларды дұрыс бағалай білуі, еңбек және соғыс ардагерлеріне құрмет көрсет жатады.

Жоғары класс оқушылары үшін Отан қорғаудың негізгі теориясын меңгеру, дүниежүзілік соғыстардың тарихы мен олардың себептерін білу, қазіргі әскери-саяси жағдайды терең сезіну, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, өзінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әскери орындарға саяхат т.б. жатады.

Патриоттық сезімнің қайнар көзі – Отан. Оқушыларды мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіре отырып, ой-өрісін кеңейту және сана-сезімдерін, Отанды сүю, халқымыздың игі дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеуіміз керек. Көк байрақ-Туымыз, халқымыздың қасиетті киелі белгісі. Ертеден-ақ, халқымыз көк байрағы көтерілгенде «Уа, аруақ қолда!» деп, туды елдің киелі белгісі деп таныған.Сол байрақ астында батырлар сан рет жеңістерге жетіп, кең даласын, кемелді елін басқыншылардан қорғап қалды. Ту ортасындағы алтын күн-халқымыздың азаттық күні. Елбасының: «Біз Тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек»-деген тебіреністі сөздері әрбір азаматтың жүрегінен орын алуы тиіс.

Оқушыға патриоттық тәрбие беру.

Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Осы мақсатқа жету жолында біздер мұғалімдер қауымы көп тер төгуімізге тура келеді. Ол дегеніңіз, болашақ жастар, оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды.

Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу - Насыр әл - Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы - жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге келтірілді.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» - дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс - қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн». Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері.

Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер- білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда, қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін, маңызын жоғалтпайтын ұғым.

Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.

«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.

Адамгершілікті, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.

Патриоттық тәрбие жүйесінде мына бағыттарды анықтауға болады:

- рухани адамгершілік

- тарихи - өлкелік -«Шежіре»

- азаматтық-патриоттық тәрбие. Бұл бағыт құқықтық мәдениет, заңгерлік, саяси және құқықтық өзгерістер, мемлекетпен қоғамдағы өзгерістер, заң орындау,қызмет ету арқылы ықпал етеді.

- әлеуметтік –патриоттық. Рухани адамгершілік және мәдени тарихи байланысқа бағытталып, үлкен кісілер сыйластық сезімдері.

- әскери –патриоттық. Балалар бойындағы үлкен патриоттық сезімді, Отан сүйіспеншілікті , оны қорғауға, әскери дәстүрді, әскери тарихты қалыптастыру.

- спорттық-патриотизмді дене спорты және дене шынықтыру сабақтары арқылы шыдамдылыққа, ерлікке, тәртіптілікке бағытталған.

"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.

Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Мысалы, соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлы ағамыз

Ата мекен жер үшін,

Қасиетті ел үшін,

Әзиз ана, қарт ата,

Ботакөз сұлу қарындас

Күң, құл бомасын, - деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады.

Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты біршама терминдерге анықтама берген. Енді соларға тоқталып өткім келеді:

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.

Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.

Табандылық – батырлардың қалқаны.

Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.

Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін қалдырған.

Мысалы:

• Намысты нанға сатпа.

• Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.

• Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.

• Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішін өлген артық.

• Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.

• Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

• Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.

• Ерлік - тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады.

• Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады.

• Белдескеннің - белін сындыр, тірескеннің - тізесін бүктір.

• Ептілік те - ерлік.

• Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып жатқан жолдай бол.

Осындай тағы да басқа батырлық, ерлік, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы біздерге өсиет сөздер қалдырған.

Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстурімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт – дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу үрдісін белгілі бір асқақ сезімдерден, мақтаныш - сүйініштен бөле - жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі. Бұл тәрбиенің жемісін еккен әрине, мектеп жасына дейінгі балалар үшін - тәрбиеші, ал орта білім мен жоғарғы білім алушылар үшін –ұстаздар қауымы деп айта алар едім.

Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу – тұлғаның патриоттық сана – сезімін қалыптастыру; патриоттық іс – әрекетін ұйымдастыру. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2006 жылғы 10 қазан №200 // Қызылжар нұры – 2006 - 24 қараша.

2. «Әдеби әлем» Қазақстандағы алғашқы әдебиет порталы.

3. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті // Қазақстан орта мектебі – 2005 - №9 – 7 - 9 бет.

4. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 - №8 – 72 - 73 бет.


Мақсаты: құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беру.

Міндеттері:

-жастар санасына патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен нанымдарды сіңіру, Қазақстанның бұрынғы мәдениеті мен тарихын, дәстүрін құрметтеуге, мемлекеттік, әсіресе әскери қызмет мәртебесін арттыру;

-жастардың Отанға адалдығын, қоғам мен мемлекетке лайықты қызмет етуге дайындығын, борышы мен қызметтік міндеттерін адал орындауға оңтайлы жағдайын қамтамасыз ететін әскери-патриоттық тәрбиесінің жаңа тиімді жүйесін жасау.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына байланысты мектепте іс шаралар жоспары жасалынды. Жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Өткен күрестер жеңісі – Тәуелсіздік жемісі» атты қалалық іс-шара өткізілді. Шара тарихи-композициялық кеш түрінде өтті. Шараға келген қонақтар Астана қаласы Тілдерді қолдану мен дамыту басқармасының бастығы Оразкүл Асанғазы, Тілдерді дамыту басқармасы «Зерде» инновациялық орталығының директоры Бауыржан Алтынбекұлы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражай мамандары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру ісінің бас сарапшысы Дүйсенбаева Айман Телманқызы, қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары келді. Мақсаты: Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін Тәуелсіз еліміздің тамыры терең бай тарихын насихаттау. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталатынын ұғындыру. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс текті» намысты ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақтың бойында ұлттық сана, ақыл-ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шараның барысында жоңғар шапқыншылығы, Райымбек батыр поэмасынан үзінді, «Махамбет - Исатай» ттрагедиясынан үзінді, «Қызыл жебе» романынан үзінді, желтоқсан оқиғасынан Тәуелсіз Қазақстан шежіресіне дейін қойылым арқылы көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш мұражайымен бірлесе отырып «Тарих шырғалаңынан – Тәуелсіздік шыңына дейін» тақырыбында шара өткізілді.

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған іс -шара

Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Ардагерлермен кездесу» 10-11 сыныптар арасында өткізілді.

Тәуелсіздікке қол жеткізудегі қазақстандықтардың сіңірген еңбегін, елдің қазіргі дамуындағы Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасының басты рөлін насихаттауға, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған сыныптық сабақтар өткізілді. 1-4 сыныптар бойынша «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы», 5-сыныптарда «Тәуелсіздік туы желбірей берсін», «Алтын теңге», 8-сыныптар арасында «Қазақстан – менің мақтанышым, «Кітап - білім бұлағы», «Ата Заң», «Бейбітшілік белдері» ттақырыбында өтті.

Тәуелсіздік құрбандарын құрметтеуге, патриоттық сезіммен тәуелсіздік тұғырын берік ұстауға, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» әдеби-кеш 3-сыныптарда өткізілді.

«Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалды кешенінде 3-сынып оқушыларымен Қалмұханбетова Жанар «Балалар Тәуелсіздікті жырлайды» тақырыбында әдеби-композициялық кеш өткізді. Оқушылардың барлығы ұлттық киімдер киген. Осыдан 25 жыл бұрын, сонау 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында ұлт намысын жыртып, алаңға шыққан жалынды жүрек жастардың арасында Қайрат пен Ләззат туралы қойылым қойып, оқушылардың әндері айтылып, билері биленді. Шараға мектеп әкімшілігі мен «Атамекен» Қазақстан картасы мамандары, ата-аналар қатысты.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаудың іске асырылуы бойынша оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында 8-11 сыныптар арасында «Республикалық Ұлан сарбаздарымыз» атты әскери-патриоттық танымдық тәрбие сағаттарын Республикалық «Ұлан» гвардиясымен бірлесе отырып өткізді. Шараға келген қонақтар Республикалық Ұланның 0112 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік- құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Актанов Қамбар Қинаятұлы, қатардағы жауынгер Тұяқов Есім, Ерманов Біржан, Абрахманов Ернұр.Шара барысыныда республикалық Ұлан туралы бейнефильм көрсетілді. Патриоттық әндер айтылып, сарбаздардың Отанына, республикалық Ұланға арналған өлеңдері оқылды. Актанов Қамбар Қинаятұлы мектепке Республикалық Ұланның 20 жылдығына арналған кітапты сыйға тартты. Мектеп директоры Сексенова А.С. Шараға Республикалық Ұланның 0112 әскери бөлімінің осындай жұмыстарына ризашылығын білдіріп, тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Актанов Қамбар Қинаятұлына, қатардағы жауынгер Тұяқов Есім, Ерманов Біржан, Абрахманов Ернұрға алғыс хат табыстады.

«Республикалық Ұлан сарбаздарымыз» атты әскери-патриоттық танымдық тәрбие сағаты

Оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту мақсатында өткен іс-шараның тәрбиелік маңызы зор болды.

Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойы қарсаңында Білім басқармасы ұйымдастырған «Көктемнің қайырым күндері» айдарымен мектебімізде әртүрлі шаралар өткізілді. Шаралар мақсаты 1941-1945 жылғы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылықа тәрбиелеу болып табылады.

2012 жылғы 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында «Патриот» айлығы өткізілді. «Сол ұлы жылдарға тағзым етейік» біріккен сабақ 1-11 сыныптар арасында өтті. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жақсыбеков Қайсар ұйымдастыруымен мектебімізге қарасты 3 шағын ауданда тұратын соғыс ардагерлерінің Байкеш Рзагүл, Табешов Барлыбай, Сафаров, Бекмеди Бекмадиұлының үйіне барып, мектептегі соғыс ардагерлерімен кездесуге мектепке алып келді. «Жеңіс туы желбірей бер!» атты ардагерлермен кездесуді Жатқанова Нұрлыгүл Ғабдужапарқызы өткізді. Ардагерлермен кездесуге Алматы ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақыт Ташкенқызы келіп, ардагерлерді құттықтады. Мектеп әкімшілігіне ризашылығын білдірді. Ардагерлер оқушыларға соғыстың зардабын және соғыстан кейінгі жылдардағы ауыртпашылықтар мен Жеңіске қалай қол жеткізгендері туралы айтып, мектепке ризашылықтарын білдірді.

Мектеп оқушылары ардагерлерді гүл шоқтарымен қарсы алып, мектеп оқушыларының мерекелік бағдарламасы көрсетілді. Мектеп директоры Сексенова Алия Серғазықызының ұйымдастыруымен ардагерлерге дастархан жайылып, сыйлықтар табыс етілді.

Ұлы Жеңіске арналған алалық байқауларға мектеп оқушылары қатысты. «Жеңісті бейнелейміз» атты қалалық ашық хаттар байқауында үздік жұмысы өткізілді .

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне байланысты бекітілген ережеге сүйене отырып Мемлекеттік рәміздерге стенд 2010 жылы жасалынып мектеп фойэсіне ілінді. Мемлекттік рәміздерді Қарағанды қаласы «Геральдика 2004» жауапкершілігі шектеулі сеіртестігі дайындаған.

Мектепке Қазақстан Республикасының 3 Мемлекеттік Туы және 2 Мемлекеттік Елтаңбасы бар. Осы заңдылыққа сүйене отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мектеп директорының кабинетінде орналасқан. Екіншісі мектеп ғимаратының сыртында жоғары ілінген, акт залында орналасқан .

Сынып бөлмелеріне, атап айтсақ қазақ тілі, тарих кабинеттерінде жоғарыдағы заңдылыққа сүйене отырып жасалынған стенд ілінген. Мемлекеттік рәміздерге байланысты «Қазақстан Республикасының рәміздерін білесің бе?», «Халық жүрегіндегі Әнұран», «Тәуелсіздік тұғыры», «Ата Заңым - тірегім» тақырыбында

1-4 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президенттік Мәдениет Орталығының экскурсия жүргізушісі Тұрысова К.М. «Мемлекеттік рәміздер-рухымыздың айнасы» атты 5-6 сыныптарға баяндама оқып, слайдтар көрсетті.

4 сыныптар арасында 2011-2012 оқу жылындағы оқу далалық әскери жиынында «Үздік взвод» номинациясы бойынша дипломмен, «Жауынгерлік парақтың үздік» редакторы номинациясы бойынша дипломмен және мектебіміздің 25 оқушысы қатысып, 5 оқушы Білім басқармасының грамотасымен және 5 оқушы рота командирі, подполковник А.Ташболатовтың мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшілері алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жақсыбаев Қайсар Серікұлы және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әдекенов Асқар Тұсынғазыұлы дипломмен марапатталды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Ақ сұңқар» әскери – спорттық ойын өткізілді. Ойын мақсаты: оқушыларды шымырлыққа, батылдыққа, өжеттілікке баулу. Ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Әскери-патриоттық тәрбиенің мазмұнында бір-бірімен өте тығыз байланысты екі негізгі компонентті бөліп қарауға болады. Олардың біріншісі неғұрлым кең ауқымдағы әлеуметтік-педагогикалық бағыттылығымен сипатталады. Ол мынадай:

әлеуметтік, тарихи, адамгершілік, саяси, әскери және басқа проблемалар бойынша оң дүниетанымдық көзқарастар мен ұстанымдар;

аса маңызды рухани-адамгершілік, қызметкерлік сапасы сияқты элементтерге негізделеді.

Мазмұнның әлеуметтік-педагогикалық компоненті үстем болып табылады және оның негізгі құрымын құрайды. Тек Қазақстанның азаматы мен патриотының жеке басын оған тән құндылықтармен, көзқарастармен, мүдделермен, қондырғылармен, қызиет және мінез-құлық дәлелдерімен қалыптастырғаннан кейін ғана, Отан қорғау, әскери және басқа да онымен байланысты мемлекеттік қызмет фнукцияларының неғұрлым нақты міндеттері ойдағыдай шешіледі деп арқа сүйеуге болады.

Қарулы Күштердің жеке құрамын кәсiбилендiру проблемасы шешіліп жатқан қазіргі жағдайларда, әскери-патриоттық тәрбиенің мазмұнында өзіндік компоненттің рөлі мен мән-маңызы айтарлықтай арта түседі.

Әскери-патриоттық тәрбиенің өзіндік компонентіайтарлықтай көбірек нақты және қайраткерлік бағыттылықпен сипатталады. Бұл мазмұнды мыналар: әрбір жас азаматтың әскери және мемлекеттік қызмет талаптарын орындауда жеке жоғары жауапкершілікке негізделген Отанға қызмет етудегі өзінің рөлі мен орнын терең түсіну; қазіргі жағдайларда Отан қорғау функцияларын атқару қажеттілігіне деген нық сенімділік; әскери борышты өтеу үшін қажетті негізгі сапаларды, қадыр-қасиеттерді, дағдыларды, әдеттерді қалыптастыру нақты іске асыруға тиіс. Өзіндік компонент мазмұнының негізі Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық және әскери борышты өтеуге адалдық, әскери ар-ождан, батылдық, төзімділік, жанқиярлық, ерлiк, өзара қол ұшын беру болып табылады.

Қазіргі жағдайларда жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің мазмұнындабасымдық ретінде мынадай:

азаматтық, таптан тыс болу, партиядан тыс болу, тар шеңберліліктен тысқары болу;

мемлекеттік ауқымдағы жалпы ұлттық;

жеке мүдделерден гөрі қоғамдық-мемлекеттік мүдделерге басымдық беру;

мемлекеттік және қоғамдық негіздерге, қолданыстағы саяси жүйеге заң тұрғысынан қарау;

елжандылық, өз Отанына берілгендік;

бірізділік, Қарулы Күштердің таңдаулы дәстүрлерін сақтау және дамыту;

жанқиярлық және қиындықтар мен басқа ауыртпалықтарды еңсеруге қабілеттілік;

ізгілік пен адамгершілік, өзіндік қадір-қасиет сезімі;

әлеуметтік белсенділік, жауапкершілік, мораль мен құқық нормаларын бұзушылыққа төзбеушілік;

басқа дінді ұстанатын адамдарға құрмет көрсету сияқты рухани-адамгершілік құндылықтар бөлінеді.

Осы және басқа да құндылықтар жүйесі жоғары моральдық-психологиялық жағдаймен, жауынгерлік дайындықпен, жұмылдырылушылықпен,Отан қорғау жөніндегі күрделі де жауапты міндеттерді орындауға әзірлікпен сипатталатын қазіргі әскерлер мен қарулы күштерді құрудың маңызды факторы болып табылады.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет