Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдері



Дата23.12.2019
өлшемі26.53 Kb.


Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдері
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын дегендей,жас ұрпаққа саналы,мән - мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым – қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады.Ал,әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіргі ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін ұлтаралық және мәденитаралық қарым- қатынастардың аса  маңызды құралы болып табылады..

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік танымдық,коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор

Баламен ойнай отырып  үйретсе, бала сол тілдердің барлығында еркін меңгеріп кетеді –дейді академик,профессор Ш.А.Амонашвили. олай болса

ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор

Ойын дегеніміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын — төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады

 Ойын түрлері арқылы оқушылардың сөйлеу, ойлау, жазу іскерлігін дамиды. Шет тілін үйренуге деген ынталары артады. Қарым-қатынас барысында өзін еркін ұстайды; оқушы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді; сөздік қоры молаяды; зейіні қалыптасады; ойын арқылы диалогтік оқыту дамиды;өзін-өзіне сенімділік арттады;



Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді:

Алфавитті дұрыс меңгеру;

Орфографияны дұрыс оқыту;

Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;

Лексиканы меңгеру;

Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, білу дағдыларын қалыптастыру;


Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тілдік қорына сай болу керек. Мұғалім кез келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс. Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:

Ойынның өтілген сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.

ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.

Ойынның ойналу түрі: топтық ойнау.

Ойынға қажетті материалдарың түгел дайындалып қойылуы.

Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау.

Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.

 

І. “In — out” әдісі арқылы жаңа сөздерді бекіту қолданғаны тиімді



 

Тақырып: «Жыл мезгілдері», “Season”

                           Summer    

                                 Winter

 

 

Мұғалім жаңа сөздерді оқиды, оқушылар Summer  тақырыпқа байланысты сөздерді І кестеге жазады, Winter тақырыпқа  байланысты ІІ кестеге жазады. Жұппен және топпен талдайды ортаға салады.

 ІІ. “Comb” ойыны бойынша сөзжасам “KAZAKHSTAN”

p

p

l



e

 

ІІІ. «Төрт жол өлең» әдісі. Тақырып: “School”



1 Зат есім

2 етістік

3 сын есім

сөйлем (4 сөз)

синоним.
Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойын түрлері:

«Сөздерді дұрыс жаз» ойыны.

Ойынға қажетті материалдар: тақтаға 2 сөз жазылады: bank, swim. Әр әріптін арасында бос орын қалдырады,  кімде-кім сөзді көп тауып жазса, сол жеңген болып саналады.

І команда – bank, ball, apple, not, kettle.

ІІ команда – swim, son, well, in, mother

«I know many English letters», «Мен ағылшын сөздерін көп білемін» барлық оқушылар ойында қатысады. Доп арқылы оқушы барлық ағылышын тілінде білетін сөздерді айтады.  Келесі ойын «Әріпті есте сақта», «One, two, three, letter B come to me», Сан есімді өткен кезде, немесе қайталау сабақтарда «Лото» ойынын өткізу дұрыс болады. «Кім не жақсы көреді?» ойында барлық оқушылар қатысады. Жүргізуші ортада жүреді қалған оқушылар кім не жақсы көретін айтады. Мысалы: I like to eat cheese, I like to eat an apple. Жүргізуші:  Nina likes to eat cheese, Omar likes to eat an apple. «Келесі оқушы» оқушылар шенберге отырады. Қызыл және жасыл кубик дайындалады. Музыка қосылған кезде кубикті бір-біріне береді, музыка тоқталған кезде кімнін қолында қызыл кубик сурақ қояды, кімнін қолында жасыл кубик сураққа жауап береді.

«доппен ойыны» — балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» — суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе санды дұрыс оқымайды, мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карандашаты көрсетіп « What colour is it ?” балалар  It’s red деп жауап береді . Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.

Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: «colours”, “friends”, “ school”, “family” .
Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор.Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құпалып оқушының сөздік қорының молаюына ықпал етеді.Ән,өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады.Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді,сөйлемге дұрыс екпін қояды.Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл – күйі көтеріліп,тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы тиіс.Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор.Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға,ізденісін ұлғайтуға,танымдық көзқарасын кеңейтуге болады,

Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып,танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін,сабаққа қатысты бейнетаспаларды,фильмдерді көрсету

көрнекі құралдар,техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет. Сондай-ақ,

Сабақта оқушылар өздері жасаған постер,суреттер,схемаларды пайдалануға болады.;

Бастауыш сынып оқушыларының тілі  толық дамып жетілмегендіктен әрине,ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен,соңына келе біртіндеп қалыптасып,жатық әрі әдемі шет тілінде сөйлеуіне болады.Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша әдіc-тәсілдермен тәрбиелеуіміз қажет.

Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында,яғни олар мұратты, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе?Бұған қазіргі заманда дүние жүзі тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

« Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу ». Петров А.В 2001 ж.19-22 бет

« Бастауыш мектептегі ойыг технологиясын арқылы оқыту ». Калмыкова Е.В 2007 ж.5-8 бет

« Шет тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану » Е.Нұрланбекова. Шет тілін оқыту әдістемесі. 2005 ж. №2 17-18 бет

« Шет тілін оқытудағы әдістеме » З.Н.Утегулова. 2009 ж. №3 24-26 бет

« Мектептегі шет тілі » 2011 ж. №52  14-17 бет

« Шет тілін оқыту әдістемеcі » Амандықова Г.Н. Мұхтарова Ш.Е. Баймұқанова Б.С  35-37 бет

Мектептегі шет тілі №2 2011 ж. «Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалану» 11-19 бет




Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет