Бастығының м а. подполковник В. Власов 2008 ж



Дата24.04.2016
өлшемі155.39 Kb.



БЕКІТІЛДІ

«ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД» ММ

бастығының м.а.

подполковник ____________В. Власов

«____»______________2008 ж.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар Департаменті Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің



Ережесі

1. Жалпы ережелер


  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар Департаменті Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін қызмет етуін және оларды әрі дамуын қамтамассыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар Департаменті (бұдан әрі - Департамент) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемесі болып табылады.

  2. Бөлім өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және Департамент бастықтарының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауымен жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

  4. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.

  5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа тарап ретінде түсуге құқығы бар.

  6. Бөлім өз құзыреті шегінде, белгіленген заңнамалық тәртіпте, Бөлім бастығының бұйрықтарымен ресімдеген шешімдерін қабылдайды.

  7. Бөлімнің құрылымы мен штат санын Министрлік бекітеді.

  8. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, 071200, Күршім ауылы, Лесников көшесі, 9.

  9. Бөлімнің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар Департаменті Күршім ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшысы құжаты болып табылады.

  11. Бөлім қызметін қаржыландыру Департаментпен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

  12. Бөлімге Бөлімнің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.

Егер бөлімдегі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жузеге асыру құқығы берілсе, онда бундай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары


  1. Бөлімнің негізгі міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін қызмет етуін және оларды әрі дамуын қамтамассыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты Күршім ауданы бойынша іске асыру болып табылады.

  2. Бөлім қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі бойынша міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамаларының басшыларын, Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша халықты бағдарламалық дайындауды әзірлеу бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;

төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

өз құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жоюды жүзеге асыруға басшылық жасау;

төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою іс-шараларына Азаматтық қорғаныс күштерінің, оның қарамағындағы жағдайды бақылау, бақылау және болжау, төтенше жағдайлар бойынша автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі қызметінің қатысуына басшылық ету;

меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

ұйымдардың басшыларын және халықты зақымдау жаңа құралдарын қолданған кезде қорғау тәсіліне және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға оқытуды ұйымдастыру;

Азаматтық қорғанысты тікелей басқару;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіру;

бейбіт және соғыс уақыттарында Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу;

өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ халықтың орындауы үшін міндетті Азаматтық қорғанысты дайындау және жүргізу мәселелері бойынша шешімдерді әзірлеу, қабылдау;

Азаматтық қорғаныс басқару органдары мен күштерін дайындауды ұйымдастыру;

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мүдделеріне техниканың, қорғаныс құралдардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың қажеттілік мөлшерін айқындау;

төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

санатталған қалалар мен шаруашылық ету объектілерінің дәрежесіне байланысты Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен ұстау бойынша Департаментке ұсыныстар енгізуге;

Бөлімнің бірінғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін басқару;

қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды хабарландыру ұйымдастыру;

халыққа хабарлау және байланыс жүйелерін дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету, оларды жарақтау және дамыту;

мониторинг, техногендік авариялар, ықтимал су тасқыны, сел жүру, сырғыма және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстар туралы халықты және шаруашылық ету субъектілерін хабарлауды ұйымдастыру;

мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге асыру;

өртпен күреске олардың ведомстволық бағыныстылығынан тыс елді мекендерде және объектілерде өрт бөлімшелерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;

өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде бақылауды жүзеге асыру;

меншік нысанына қарамастан авариялық-кұтқару қызметтері мен құрамаларының қызметтерін үлестіру;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, оларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарларды, халықты, елді мекендерді және шаруашылық ету объектілерін қорғау жөнінде перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеу;

өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлар туындауға әкеп соққан аварияларға, апаттарға тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;

өртті табу және сөндірудің автоматтырылған құралдарын енгізу бойынша шараларды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жеке немесе заңды тұдғаның қызметін ішінара немесе толық тоқтату немесе тыйым салу туралы талап арыздарды дайындау және оны сотқа жіберу;

мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да ресурстардың қорларын пайдалану туралы Департаментке ұсыныстар енгізу;

меншік нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтің жұмысын үйлестіру;

өрт қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісін жүзеге асыру;

өз құзыреті шегінде өрт жөніндегі анықтауды жүзеге асыру;

құрылысы аяқталған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және жеке қондырғыларды пайдалануға қабылдауды өртке қарсы қызмет нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша жұмыс және мемлекеттік комиссиялар жұмысына қатысу;

салынып жатқан объектілердің олардың жобалау-сметалық құжаттамасына және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру;

азаматтарға, мемлекеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау бойынша іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдамалар беру;

мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және азаматтарға міндетті күші бар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою нұсқамасын беру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтату, субъектілердің өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асырған, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, қайта жанғырту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттар мен құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын және өрт қауіпі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салу;

адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақау бар техникалық құрылғыларды, процестерді пайдалануға, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтатуға байланысты жағдайларды қоспағанда, бұл бұзушылықтарды жойғанға дейінгі кезеңге тыйым салу.



3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру



  1. Бөлімді Департамент бастығының ұсынымы бойынша Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.

  2. Бөлім бастығы жүктелген міндеттерді орындауға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы функцияларды жүзеге асыру үшін дербес жауаптылықта болады.

  3. Бөлім бастығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын мамандар мемлекеттік инспекторлар болып табылады.

  4. Бөлім бастығы:

    1. Бөлім қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    2. заңнамада көзделген шегінде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етуді іске асырады;

    3. өз өкілеттігі шегінде Департаментте, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлімді көрсетеді;

    4. Департамент бастығына Бөлімнің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және басшы құрамына мерзімінен бұрын құрмет атақтарын, әскери және арнайы атақтарды немесе жұмыс істеп отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақ беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

    5. өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, сондай-ақ Бөлім қызметкерлерінің орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;

    6. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;

    7. Бөлімнің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

    8. Бөлім жұмысының жыл сайынғы жоспарын және оның қызметінің нәтижесі туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Департамент бастығына бекітуге ұсынады;

    9. Бөлім қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің және зейнеткерлердің медициналық, санатория-курорттық, сауықтыру қызметін көрсету, тұрғын-үй, қызметтік-шаруашылық және тұрмыстық жағдайларын әлеуметтік дамыту және жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

    10. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етеді;

    11. Бөлім қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

    12. оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.



4. Бөлімнің мүлкі


  1. Бөлімнің оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқығы бар. Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады, және негізгі қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Бөлімнің теңгерімінде көрсетілген өзге де мүліктерден тұрады.

  2. Бөлімге бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

  3. Бөлім егер заңмен өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Бөлімнің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.



  1. Бөлімнің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



6. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату



  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар Департаменті бастығының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті

Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесіне

ТОЛЫҚТЫРУ МӘТІНІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында қылмысқа және және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» №793 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 18 тармағының 1 бөліміне 18.1.1 тармақшамен мазмұнда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті және оған жеке жауаптылықта болады» мазмұнды толықтыру енгізілсін.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар Департаменті бастығының 2012 жылғы 10 мамырдағы №69 бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті

Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесіне

ТОЛЫҚТЫРУ МӘТІНІ



«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері қалалар, аудандар Төтенше жағдайлар басқармасының (бөлімінің) үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2008 жылғы 10 қазандағы № 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне мынадай редакцияда толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері қалалар, аудандар Төтенше жағдайлар басақарамсы (бөлімі) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру, қалада (ауданда) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қаматамасыз ету жөніндегі мемлекеттік функцияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік ведомстволық бағынысты мекемесі болып табылады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Басқарма (Бөлім) қызметін жүзеге асыруға арналған шығыстар Департамент құрамында республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Басқармасының (бөлімінің) негізгі міндеттері: қалада (ауданда) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік салааралық үйлестіру саласындағы жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру, өрт қауіпсіздігі, Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау, қала (аудан) аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау болып табылады.»;

14-тармақта:

Оныншы, он үшінші, он жетінші, жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма тоғызыншы, отыз екінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз тоғызыншы, отыз екінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«зақымдау құралдарын қолданған жағдайдағы қорғану тәсілдеріне және іс-қимылдары және Азаматтық қорғаныстың топтарын жатқызылған қалаларда төтенше жағдайлар кезіндегі әс-қимылдарды ұйымдастыру және жүргізу»;

бейбіт және соғыс уақытында қалалардың, аудандардың, Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу, оны тиісті Азаматтық қорғаныс бастықтарына бекітуге ұсыну және оны іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыру;

төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік актілерді, нормативтік актілерді, техникалық регламенттерді және әдістемелік нұсқауларды өзгерту және толықтыру жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

халықты хабардар ету және байланыс жүйелерін дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті ұйымдастыру;

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік өрт бақылау және қадағалауды жүзеге асыру;

мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

төтенше жағдайларды жойғанкезде меншік нысанына қарамастан авриялық-құтқару қызметтері мен құралымдардың іс-қимылдарын үйлестіру;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халық пен аумақтарды қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын, сондай-ақ оны тиісті Азаматтық қорғаныс бастықтарына бекітуге ұсынуды әзірлеу;

өрттерді анықтау мен сөндірудің автоматты құралдарын енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылған өртке қарсы қызметтердің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (халықтың ерікті өртке қарсы құралымдары) қызметін үйлестіру;

өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру;

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өртке қарсы нормалар мен қағида және заңнама талаптарына сәйкестігіне салынып болған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға беру жөніндегі жұмыс, қабылдау, мемлекеттік қабылдау комиссиялары жұмысына қатысу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтату, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидасын және заңнама талаптарын бұза отырып, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылыстарды, ғимараттарды салу, реконструкциалау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жобаларымен көзделген талаптарды орындамаған кезде субъектілер жүзеге асыратын ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу құралдарын пайдалануға тыйым салу;»;

он төртінші, он бесінші, отыз бірінші және отыз алтыншы абзацтар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізініші, қырық тоғызыншы, елуінші, абзацтармен толықтырылсын:

«газ тұтыну жүйелері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтауды қоспағанда тұрмыс баллондары мен газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру (тек өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мамандары бар басқармаларға (бөлімдерге) ғана қатысты);

табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлардан шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарлырын бекіту;

шаруашылық жүргізуші объектілердің тұрақты жұмыс істеуін арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекіту;

төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс және өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында білімді насихаттауды ұйымдастыру және жүргізу, халық пен мамандарды оқыту;

ерікті өртке қарсы құрылымдардың басшысы айқындаған ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт орнына жеткізу тәсілін келісу;

ерікті өртке қарсы құралымдар тізілімін жүргізу;

хаттамалық тапсырмаларды, Алқа, Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия қаулылырын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрықтарын іске асыру бойынша Департамент бастығының бұйрықары мен тапсырмаларын орындау;

белгіленген талаптарға сәйкес істер номенклатурасын қалыптастыру, құжаттарды мұрағаттық сақтауды ұйымдастыруы;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдауды жүргізу;

мемлекеттік тілді дамыту, іс-жүргізуде мемлекеттік тілдің қоладнылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу».;

18-тармақта:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Басқарманың (Бөлімнің) ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, жұмылдыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады,»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) Мына:

Министрліктің Операциялық жоспарымен, облыстар, Астана, Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің жұмыс жоспарларымен, Ведомствоаралық мемлекеттік комиссиялар, Алқалар қаулыларымен, Министрлік бұйрықтарымен және Министрлік басшылығының нұсқауларымен көзделген құрылымға және іс-шараларға сәйкес жыл сайынғы Басқарманың (Бөлімнің) жұмыс жоспарын әзірлеуді және Департамент бастығына бекітуге ұсынуды;

Департаментке жыл сайынғы есепті және Басқарма (Бөлім) қызметінің нәтижелері туралы есепті белгіленген мерзімде ұсынуды қамтамасыз етеді;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) Департаментке тәртіптік жауапкершілікке тарту, тәртіптік жазаны алу туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ерекшеленген Басқарма (Бөлім) қызметкерлерін ынталандыру туралы өтініш жасайды;»;

Мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

«13) Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 66-бабына сәйкес қажетті қылмыстық іс жүргізу шараларын қабылдауды ұйымдастырады;

14) Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-1 және 285-баптарымен көзделген қылмыстар туралы істер жөніндегі сотқа дейінгі іс жүргізу барысында анықтау органының бастығы болып табылады»;

15) тиісті қаланың, ауданның аумағында орналасқан өртке қарсы қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.»


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет