Батыр бейнесі



Дата01.05.2016
өлшемі29.33 Kb.
Батыр бейнесі

Георгий Никитович Ковтунов 1918 жылы Орта Волга өлке­сіндегі Самара облысы, Алексеевка ауданының Ореховка селосында дүниеге келген. Әкесі Шиелі станциясына темір жол қызметіне ауысқан оның бала­лық және жастық шағы Қа­зақстан­да өтті.

Шиелі орталығындағы №12 (қазіргі №252) мектептің түлегі. Осы мектепте сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін Георгий Ковтунов Ташкенттің Ленин атындағы біріккен әскери училищесіне, кейін Тбилиси әскери училище­сінің артиллерия факультетіне түсті. 1939 жылы оны бітіріп шығып, лейтенант атағын алды, Иран шекарасында барлаушы дивизионы қарамағын­дағы 80 артил­лериялық полкінің командирі қыз­метін атқарады, Георгий Ковтунов батарея командирі болып, 1941 жылы 22 қыркүйе­гінде Оңтүстік-Батыс майданына кіреді.

СССР Жоғарғы Советі Пре­зидиумының 1944 жылғы 22 шіл­дедегі Жарлығы бойынша оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Жылдар өтіп жатты...

Георгий Ковтунов Отан шека­расының әр қадам жерін жан-тәнімен қорғайтын нағыз артил­- лерист, ер жүрек офицер болып шықты. 1944 жылғы маусымы­ның бас кезінде 1-Прибалтика майданының құрамындағы 6-гвардияшы армиясының әскер­лері Белоруссияда ұрыс жүргізіп жатқан кезі болатын. Гитлершілер әлі де Витебск мен Полоцкіні ұстап тұрған. Ал 67-гвар­- дияшы атқыштар дивизиясы осы екі қаланың арасында ша­буылға шығып, өздерімен көр­шілес бөлімдерден ілгері озып кеткен еді. Дивизия бөлімдері Батыс Двина өзенінен шамамен 40 шақырымдай жерде тұрды. Сондықтан да, армия қолбас­шысы Витебскіні қоршап алу мақсатымен дивизияның алдына өзеннен өтіп, жаудың қалқымалы көпірі мен өзеннің батыс жағалауынан плацдарм алу міндетін қойды. Бұл міндетті орындау Шляпиннің атқыштар полкінің екі батальоны мен гвардия подполковник Ковтуновтың гвардияшы Қызыл Тулы артиллерия полкіне тапсырылды.



Жаяу әскерлер мен артиллеристер орман ішімен түні бойы 40 шақырым жер жүріп, таң ата белгіленген жерге жетті. Ағаш арасынан қалқымалы көпір кө­рінді. Орманның сол жағынан шыққан тас жол соған барып тіреледі екен. Көпір бір шақырым­дай жерде. Екі орта ашық, кө­- пірдің алдыңғы жағында бекініс окоптары. Өзеннің екінші жаға­лауында – траншеялар. Бірақ, алда тұрған операцияға Ковтунов пен Шляпин өте жақсы әзір­ленді. Жалпы, Г.Ковтунов қа­- тысқан ұрыстарда қарсыластың 600 солдаты мен офицері, 46 әскери жүгі бар көліктері, 14 артиллериялық және миномет батареясы, 31 пулемет, 51 қару-жарақ тиелген арба, 24 бақылау пункті жойылды, 8 жау танкісі жойылды.

... Үш дивизионның үшеуі де бір мезгілде оқ атты. Дереу тасадан шықты. Үстіне зеңбірек қойылған салдар суға түсірілді. Қол пулеметтері бар 4-6 адам отырған кішкентай салдар жаға­дан жылжи жөнелді. Олардың біреуінің үстінде Ковтунов бар. Ішіне жел үрленген резеңке қай­ықпен Шляпин де өзеннен өтті. Қалқымалы көпіріне жасалған шабуылға алданып қалған дұш­пан, біздің өзеннен өтіп бара жатқан бөлімдерімізді кеш көріп, олардың жағаға шығуына кедергі жасауға шамалары келмей қалды. Судан өтіп келе жатып жараланған Георгий Ковтунов ұрысты бұрынғысынша басқара берді. Сағат он алтыға дейін плацдармның ені 2,5 километр, тереңдігі 800 метр кеңейтілді. Дөң үстіндегі елді мекен алын­ды.

Саперлер қалқымалы көпі­рін қалпына келтіріп, кешкісін қуып жеткен біздің танк және өздігінен жүретін батальондарымыз сол көпірден өтті. Броневиктен дивизия командирі, генерал- майор А.И.Баксов пен армия қолбасшысы генерал-лейтенант Чистяков шықты. Ол сол жерде командирге Шляпин мен Ковтуновты Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынуға, ал ерлік көр­сет­кендердің бәрін ордендермен наградтау туралы ұсыныс жасауға бұйрық берді. Мұнан басқа хас батырдың кеудесінде екі “Қызыл Жұлдыз” ордені, 1-дәрежелі “Александр Невский”, “Ленин”, “Казан революциясы”, “Қызылту”, “Еңбек Қызыл Ту” ордендері мен көптеген әскери медалдар жарқырайды. Жеңіс ме­- ре­кесін 1945 жылы 9 мамырда (Прибалтика) Лиепая қала­сын­да қарсы алды.



Артиллерия дивизиясының қолбасшысы әскери қызметін бейбіт өмірде де абыроймен жал­ғастырады. 1951 жылы М.В.Фрунзе әскери академиясын бітіріп, 1956 жылы осы академияда бас штаб, 1964-1983 жылы СССР Қорғаныс Минис-трінде кадр бөлімінің басшы­сы, 1983 жылы зейнеткерлікке шығады. Кеңес Одағының батыры, генерал-лейтенант Г.Ковтунов Витебск (Белоруссия) және Қызылорда қаласының Құрметті азаматы. Батыр жерлесіміз көзі тірісінде мектебіне талай мәрте келіп кетті, кездесулер өткізді. Бүгінде №252 мектеп Г.Н.Ковтунов есімімен аталады. Ер есімін ұмытпайтын ұжым оның ерлігіне тағзым етіп түрлі шаралар өткізіп, батырдың есіміне лайықты жемісті еңбек етіп келеді. Батырымыз, 1987 жылы 7 мамырда дүние салды. Ол Мәскеудегі атақты Кунцев бауырластар зиратына жерленді. Сыр елі өз батырының есімін мәңгілікке сақтайды.
Әшім МОЛДАҚАРАЕВ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі.
Каталог: sites -> default -> files -> users -> kanat-korda -> zheniske-70zhyl
zheniske-70zhyl -> Он алтысында от кешкен
zheniske-70zhyl -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
zheniske-70zhyl -> Ұлы Отан соғысының ардагері, торқалы тоқсан жастың төріне қадам басқан Сәрсенбай Бақтыбаев көп сөзге жоқ, өзі жайлы айтуға сараңдау жан болып шықты. Соғыс туралы, Ұлы Жеңіске өзінің қатысы туралы тіпті сараң сөйлейді
zheniske-70zhyl -> Сталинге хат жазған бозбала
zheniske-70zhyl -> МӘҢгі өшпес ерлік иесі
zheniske-70zhyl -> Украина майданының сарбазы
zheniske-70zhyl -> МЫҢ тағзым сізге, майдангер!
zheniske-70zhyl -> Майдангер мырзабаев
zheniske-70zhyl -> Белоруссиядан берлинге дейін
zheniske-70zhyl -> Енді аз уақыттан соң Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Ел басына күн туғанда етігімен қан кешіп, сол жеңісті әкелген абзал ағалардың саны күн сайын азайып барады


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет