Батыс Қазақстан облысында іске асырылып отырған 5 мемлекеттік және 10 салалық бағдарламалар бойынша ақпарат



жүктеу 287.85 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі287.85 Kb.
: assets -> uploads -> docs -> 2015
2015 -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ
2015 -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың
2015 -> «БҚо зеленов ауданы Переметный ауылдық округінде құс фабрикасы құрылысы» ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) жобасы бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы
2015 -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ
2015 -> «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
2015 -> Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
2015 -> Төлемақысының ставкаларын түбірімен босатылатын сүрек
2015 -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 тамыз аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
2015 -> 2015 жылдың 1 мен 31 тамыз аралығындағы дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
Батыс Қазақстан облысында іске асырылып отырған

5 мемлекеттік және 10 салалық бағдарламалар бойынша ақпарат

(2013 жылдың 11 айы бойынша)


МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР
Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған

мемлекеттiк бағдарламасы
Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді.

Өзектілігін ескере отырып, Индустрияландыру картасы шеңберінде шамамен 1750 жұмыс орны құрылуымен жалпы құны 257,2 млрд. теңгеге 35 инвестициялық жоба іске асырылуда.

2010 жылы жалпы құны 87,9 млрд. теңгеге 8 жоба іске қосылды және 492 тұрақты жұмыс орны құрылды, 2011 жылы – 157,5 млрд. теңгеге 11 жоба, 269 жұмыс орны құрылды, 2012 жылы 415 жұмыс орны құрылып, 5,3 млрд. теңгеге 10 жоба іске асырылды.

2013 жылы поливинилхлорид профиль өндірісін ұйымдастыру бойынша 592,4 млн. теңгенің жобасы жүзеге асырылды, 44 жұмыс орны құрылды.

1609,4 млн. теңгеге 3 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда, 162 жұмыс орны құрылатын болады:

«Шойыннан жасалған бұйымдар шығару жөніндегі қолданыстағы қуаттарды жаңғырту»;

«Цементті-жаңқа плиталарын шығару жөніндегі цехтың құрылысы»;

«Диаметрі 1600 мм дейін полиэтилен құбырларын өндіру».

2014 жылы 2 жоба енгізу жоспарлануда: кернеуі 6-10 кВ класты күшті трансформаторлар өндірісін іске қосу жоспарланып отыр ("Орал трансформатор зауыты" ЖШС), корпустық жиһаз өндірісін ұйымдастыру («Квант» ЖШС).

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді.

2013 жылы Бағдарламаны іске асыруға 2647,1 млн.теңге қарастырылды. 2013 жылдың 1 желтоқсанына 2302,1 млн.теңге немесе жоспарлы кезеңге 93,6% игерілді.

3 жыл қатарынан үйден оқытылатын мүгедек балаларды бағдарламалық қамту, арнайы құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге трансфертер бөлінді, 2013 жылы 26,4 млн.теңге қаражат бөлінді.

2012 жылы жаңа модификацияланған физика, химия, биология кабинеттерімен қамтамасыз етілу үлесі 65,5% құрады. Сонымен қатар, 2012 жылы РБ есебінен 122,8 млн.теңгеге 30 химия кабинеттері сатып алынды. 2013 жылы химия кабинеттерін сатып алуға 122,9 млн.теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдері өткізіліп, жабдықтарды сатып алу жүргізілуде.

2013 жылы республикалық бюжет есебінен 10 колледжге (Орал «Сервис» технологиялық колледжі, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі, Технологиялық колледжі, Газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Ауыл шаруашылық колледжі, Зеленов колледжі, Сырым колледжі, Қаратөбе колледжі, Жаңақала колледжі, Жәнібек колледжінің) материалдық-техникалық базасын нығайтуға 250,0 млн.теңге бөлінді.

2013 жылдың 11 айына жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 6,5%-ға азайып, 1316 адамды болды, оның 1019 бала немесе 77,4%-ы қабылдаушы отбасында тәрбиеленуде (патронаттық тәрбиеде 196 бала, қамқоршылық және қорғаншылықта 823) және барлық типтегі интернаттық мекемелерде – 297 бала (22,6%-ы).

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршыларына ай сайынғы асырап бағу жәрдем ақысына 186,5 млн.теңге бөлінді. 2013 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған 163,4 млн.теңгенің 154,7 млн.теңгесі игерілді.

2012 жылы жергілікті бюджет есебінен 394,0 млн.теңге бөлініп, оқулықтар сатып алынды. 2013 жылы оқулықтарды алу үшін 1 желтоқсанға 350,0 млн.теңге бөлініп, 322,8 млн.теңгесі игерілді.

Аудан орталықтарында 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Ақсай қаласында 1 аймақтық және Орал қаласында 2 (облыстық, калалык) психологиялық педагогикалык кенес беру мекемелері жұмыс жасайды. 11 ПП түзеу кабинеттерін ұстап күту үшін 2013 жылы 207,6 млн.теңге қарастырылды. 2013 жылдың 1 желтоқсанына 190,9 млн.теңге бөлініп, 188,2 млн.теңгесі игерілді.

Облыста қосымша білім берумен 47,9 мың оқушыны қамтитын 56 ұйым айналысады. 2013 жылға қосымша білім беру ұйымдарының ашылуы жоспарланған жоқ.

2013 жылдың 1 желтоқсан жағдай бойынша (аз қамтылған отбасы балаларының жалпы санынан 99,5%) 17617 баланы ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 306,3 млн.теңге бөлініп, 100% игерілді.

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу әдістемелік кабинетіне 2013 жылы 36,2 млн.теңге бөлінді. 2013 жылғы 1 желтоқсанына 36,2 млн.теңге бөлініп, жоспарлы кезеңге 100% игерілді.

Күні бүгінге 7 тірек мектебі жұмыс жасайды (Ақжайық (2), Зеленов, Теректі, Сырым, Тасқала және Казталов аудандарында) оларды күтіп ұстау үшін 2013 жылы 2,2 млн.теңге қарастырылды. 1 желтоқсанына 2,0 млн.теңге игерілді (жоспарлы кезеңге 100%).

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілді.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік баєдарламасының іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен 825,1 мың теңге бағытталды. 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 749,1 млн. теңге бөлінді, 100,0% игерілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы, білім басқармасы, дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасы, ішкі істер департаменті мекемелерімен және 11 бұқаралық ақпарат құралдары мен 16 үкіметтік емес ұйыммен тығыз байланыста ведомствоаралық жұмыс атқарылды.

2013 жылы ҮЕҰ-мен республикалық трансферт есебінен 7 маңызды әлеуметтік жоба – 8,8 млн. теңгеге жоспарланып, іске асырылды.

Облыс тұрғындарының ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында, қоғамдық көліктерде 32 бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды. Бейнероликтер темекішегушілік, нашақорлық, жүрек қан тамырлар аурулары, отбасын жоспарлау, скринингтен уақытымен өту сияқты тақырыптарда көрсетілуде.

Облыста, ана сүтімен қоректендіру, перинаталдық көмек, медициналық көмекті ұйымдастыру, негізгі әлеуметтік маңызды аурулар деңгейін төмендету мәселелері бойынша балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу (БЖАЫЖ) медициналық қызметкерлерді оқыту үшін 9 оқыту-тренингтік орталығы құрылды.

Ағымдағы есепті кезеңде акушерлік және неонатология бойынша -245 медициналық қызметкер оқытылды.

БЖАЫЖ стратегиясын енгізу бойынша 250 дәрігер мен орта медициналық қызметкерлер оқытылды.

Ұлттық скринингтік бағдарлама, жыл сайын жалпы облыс тұрғындарынан 30%-ын тексеруден өткізуі, қан айналым жүйесі, артериалдық қан қысымы, қант диабеті, глаукома, онкопатология және т.б. ауруларды ерте кезеңде анықтауға және болдырмауға мүмкіндік береді.

2013 жылдың 11 айы ішінде скринингтік тексеруге жататын нысаналы топтың 98,5%-ы тексерумен қамтылды, уақытылы сауықтыру үшін тексерілген науқастардың 99,0%-ы «Д» бақылауға алынды.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесі диагностика мен емдеудің жаңа жоғары технологиялық түрлерін енгізу есебінен кеңейтілді. Есепті кезеңде облыс деңгейінде көрсетілген ЖММК көлемі- 1231 жағдай (2012 ж. - 1017).

Облыс тұрғындары, жастар, оқушылар арасында санитарлық насихаттау және ақпараттық-білім беру жұмыстары жүргізілді.

Облыстағы емханаларда «Кезексіз емхана» ұранымен әлеуметтік бағытқа негізделген профилактикалық медициналық көмек ұйымдастырылып, соның ішінде мемлекеттік қызметтер: тұрғындар тіркелімінің регистрі онлайн-режимінде, дәрігерді үйге шақырту және дәрігерге жазылу қызметі ұйымдастырылды.

2013 жылы госпитализациялау бюросы Порталы арқылы есепті кезеңде пациенттермен стационарды еркін таңдау құқығын облыстық деңгейде 31869 адам қолданды, аймақаралық деңгейде - 48, республикалық деңгейде - 1870.

Портал арқылы науқастарды емдеуге жатқызу алгоритмі жүйесінде іске асырылып, күту кезегіндегі науқастардың көлемі азайып, күту уақыты да белгілі кезеңге қысқарды: 3 күнге дейін - 78,0%, 10 күнге дейін - 20,0%, 10 күннен жоғары күту кезегінде 2,0% науқас тіркелді.

Алматы, Ақтөбе қалаларының медициналық университтерінен жас мамандарды облысымызға белсенді түрде тарту жолымен және Денсаулық сақтау министрлігі мен Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медициналық университет және облыстық әкімдік арасындағы үш жақты үш жылға арналған келісімшарт жасау жұмыстары облыстағы дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселелерін шешуде өз нәтижесін беріп отыр.

2013 жылы облысымызға 126 жас маман келді, олардың 62-сі ауылдарға жолданып, олар үшін аудан және қала әкімдіктерімен қызметтік тұрғын үй мен көтерме ақы беру мүмкіндіктері қарастырылып отыр.

Облыс бойынша дәрігер мамандар саны – 1913 (барлық ведомствалар),10 мың тұрғынға шаққандағы дәрігерлермен қамтамасыз ету – 30,8, орта медициналық қызметкерлер саны -6190 және 10 мың тұрғынға шаққанда 99 құрады.

2013 жылғы есепті кезеңде 356 дәрігер өз біліктіліктерін елімізде, 16-і шетелде «Болашақ» бағдарламасы арқылы арттырса, ал 2100 орта медициналық қызметкер ел ішінде біліктілігін арттырды.

Тұрғындарды амбулаторлық және стационарлық деңгейде ТМККК аясында дәрілермен қамтамасыз ету 100% құрады.

ТМККК аясында сатып алынатын жалпы көлемде отандық дәрілік заттар үлесі – 30%.

Қол жеткізілген нәтижелер (2013 жылдың 11 айында):

бала өлім-жітімі - 1000 тірі туылғандарға шаққанда 8,3 құрады (2012 ж. -10,0);

туберкулез ауруынан сырқаттанушылық - 100 мың адамға шаққанда 75,0 -тен 64,8-ге дейін төмендеді;

туберкулезден өлім жітімнің төмендеуі - 100 мың тұрғынға 6,0-дан 4,8-ге дейін;

АИТВ-жұқпасының 15-49 жас тобында таралуын 0,009 деңгейінде ұстап қалу (2012 ж. - 0,011);

қатерлі ісік ауруынан өлім-жітім - 100 мың адамға шаққанда 111,7-ден 106,4-ке дейін төмендеді.


«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттiк бағдарламасы
«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 8 қаңтардағы №464 Жарлығымен бекітілді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 2013 жылдың 2 сәуірінде облыс әкімдігінің «2013-2017 жылдарға арналған «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Аталған жоспарды жүзеге асыру аясында төмендегідей жұмыстар жүргізілуде.

Облыс әкімі аппаратының басшысымен басқармалардың, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерінің ақпараттық технологиялар мәселелеріне жауапты қызметкерлерінің тізімі бекітілді.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы №249 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі ережеге сәйкес стандарттар мен регламенттерге өзгерістер енгізу және қайта бекіту жұмыстары жүргізілуде.

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорын дамыту жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап облыс әкімдігі құрылымдық бөлімшелерімен барлық лицензиялар тек электронды түрде беріледі. Рұқсатнама құжаттарын электронды түрде беру жұмыстары жүргізілуде.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық біріктірілген жүйесін (ХҚКО АБЖ) дамыту аясында қосымша автоматтандырылған жұмыс орындарын ХҚКО АБЖ-не қосу жұмыстары жүргізілуде. 7 және 11 қазан аралығында ХҚКО АБЖ-нде жұмыс істеуге оқыту ұйымдастырылды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орнатылған қол жеткізу пункттері ХҚКО-ның балансына берілді, істен шыққан қол жеткізу пункттері жөндеуден өтті.

Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ), Е-әкімдік жүйесі, Мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МО ИП), «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры (ЕЛ МДҚ) жүйелері енгізіліп, жұмыс істеуде.

Халықты, соның ішінде жұмыссыз және/немесе ішінара жұмыспен қамтылған жастарды, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды, қарттарды және халықтың әлеуметтік қорғалмаған басқа да санаттарын компьютерлік сауаттылық негіздеріне оқыту курстары жүргізілуде. 2013 жылдың 1 желтоқсанына 4563 адам компьютерлік сауаттылық негіздеріне оқыту курстарында оқытылды.

Халықты электрондық үкімет порталымен жұмыс істеуге оқыту жүргізілуде. 2013 жылы 2300 адам «Электрондық үкімет, электрондық қызметтер» семинарларының тыңдаушылары болды.

Интернет желісі арқылы тұрғындар арасында салауатты өмір салтын енгізу және насихаттау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Салауатты өмір салты туралы ақпараттар Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының www.zdrav-bko.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.



Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2013 жылы тіл саясатын іске асыруға 63,9 млн. теңге қарастырылды. Ағымдағы жылдың 9 айында 50,0 млн. теңге игерілді (есепті кезеңдегі жоспарға 78,3%).

Мемлекеттік тілді оқыту курсына биыл 855 тыңдаушы, ағылшын тілін оқыту курсына 650 адам тартылды.

Облыс бойынша мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың үлесі 68%-ды, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білетін тұрғындардың үлесі 5%-ды құрады.

Есепті кезеңде мемлекеттік тілді қолдануға 41 жоспарлы тексеріс жүргізілді, құжат айналымдағы мемлекеттік тілдің үлесі 95,6 пайызды құрады.

САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығын жаңғыртудың

2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 Қаулысымен бекiтiлді.

Бағдарлама шеңберінде 2012 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 812,5 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:



бірінші механизм бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны капиталдандыруға 312,5 млн. теңге бөлінді. Облыстың 7 ауданы (Ақжайық, Сырым, Қаратөбе, Тасқала, Казталов, Жаңақала, Жәнібек) бойынша 29 көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеу жоспарланды, 248,8 млн. теңге игерілді (79,6%). 18 көп пәтерлі тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды, 9 үй бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2-уі бойынша ЖСҚ жасақталуда.

екінші механизм бойынша өкілдік берілген мамандандырылған ұйымдарды несиелеуге 500 млн. теңге бөлініп, игерілді. 86 көп пәтерлі тұрғын үй жөнделді.

2013 жылы республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмаған.

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 Қаулысымен бекітілді.

Бағдарламаны іске асыруға 2013 жылы 4,6 млрд. теңге қарастырылды. Ағымдағы жылдың 11 айында 4,4 млрд. теңге немесе жоспарлы кезеңге 99,0% игерілді.



Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысы бойынша жалдамалы тұрғын үй құрылысына 700 млн.теңге бөлініп, 15,6 мың шаршы метр (220 пәтер) тұрғын үй көлемін іске қосу бойынша тапсырма бекітілді. Орал қаласында ауданы 14,2 мың. м2 үш 75 пәтерлі тұрғын үй іске қосылды, Қаратөбе ауданында 8 бірпәтерлі тұрғын үй, Шыңғырлау ауданында 9 бір-екі пәтерлі тұрғын үй, Ақсай қаласында 75 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

1 желтоқсанға 691,0 млн. теңге игерілді, кезеңге жоспарланғаннан 98,7%.



Жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, игерілді (100%) және 7,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосу бойынша тапсырма бекітілді. Ағымдағы жылы ауданы 9,4 мың м2 екі 90 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Тұрғын үй алаңдарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына республикалық бюджеттен берілген 1845 млн. теңге трансферттер есебінен құрылыс аудандарында 92 шақырым инженерлік-коммуникациялық желілерді салу және іске қосу жоспарлануда. 1 желтоқсанға 1 812,2 млн. теңге игерілді (98,2%).

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушылары үшін тұрғын үй құрылысы

Ағымдағы жылы Орал қаласында ауданы 25 мың шаршы метр 157 және 160 пәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға беру қамтамасыз етілді (жоспар 20,9 мың шаршы метр).

Маусым айында ауданы 29,8 мың шаршы метр (445 пәтер) 4 көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы басталды. 1 желтоқсанға 1397,1 млн. теңге игерілді (100,0%).

Төрт жоба жалпы ауданы 149,54 га құрайтын елдімекен жері орман қорының жерінің ауысу мәселелерінің шешілмеуі салдарынан, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ала алмауда. Сол себепті, қазіргі кезге дейін аталған орын алған мәселенің шешілмеуіне орай, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының аясында қойылған тапсырмалардың орындалуына қауіп туғызуда.


2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысымен бекiтілді.

Бағдарлама екі бағытты қарастырады:

1) Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйесін дамытуға;

2) Қалалық өңірлерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға.



Бірінші бағыт бойынша:

2013 жылы 2012 жылғы ауыспалы 3 объектіні және ауылдық сумен қамтудың 4 жаңа объектісін салу және қайта құруға республикалық бюджеттен 967,1 млн. теңге бөлінді, ағымдағы жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жоспарлы кезеңге 959,8 млн. теңге (99,9%) игерілді. Соның ішінде:



  1. Бөрлі ауданының Пугачево және Аралтал ауылдарының сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға 160,6 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 160,6 млн. теңге игерілді (100%);

  2. Қазталов ауданының Болашақ ауылын сумен жабдықтауға 376,6 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 376,6 млн. теңге игерілді (100%);

  3. Бөкей ордасы ауданы Жиекқұм ауылының су құбыры құрылысына 85,5 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 85,5 млн. теңге игерілді (100%);

  4. Теректі ауданы Покатиловка ауылының су құбырын қайта құруға 131,8 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 125,2 млн млн. теңге игерілді (100%);

  5. Тасқала ауданының Ақтау ауылының му құбырын қайта құруға 101,1 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 100,6 млн. теңге игерілді (99,5%);

  6. Жаңақала ауданының Көпжасар аулында ауылішілік су құбырын тұрғын үйлердің шегіне дейін тартуға 48,8 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 48,8 млн. теңге игерілді (100%);

  7. Тасқала ауданы Достық ауылының су құбырын қайта құруға 62,7 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 62,6 млн. теңге игерілді (99,8%).

Екінші бағыт бойынша:

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2013 жылы 1361,8 млн.теңге сомасына 7 жоба іске асырылуда, 2013 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жоспарлы кезеңге 1312,1 млн. теңге (96,3%) игерілді. Соның ішінде:



  1. Орал қ. №5,6,7,8,9 жаңа шағын аудандарды сумен жабдықтау (Орал жерасты сулары кен орындарының жерасты сутартқыш алаңшасынан «Восток» шағын ауданының қосу камерасына дейін су құбыры) 1 телімге (5-шағын аудан)» 312,9 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 312,9 млн. теңге игерілді (100%);

  2. Орал қ. №5,6,7,8,9 жаңа шағын аудандарды сумен жабдықтау (Орал жерасты сулары кен орындарының жерасты сутартқыш алаңшасынан «Восток» шағын ауданының қосу камерасына дейін су құбыры) 2 телімге (6-шағын аудан)» 256,6 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 256,6 млн. теңге игерілді (100%);

  3. Орал қаласының су тазарту қондырғылардан Петровский көшесіне дейін су құбырының екінші желісін қайта жаңғыртуға 310,6 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 294,4 млн. теңге игерілді (94,8%);

  4. Орал қаласында Әбілхаир Хан даңғылы бойындағы С.Тюленин көшесінен КНС-5 Ду 700 дейінгі канализация коллекторын қалпына келтіруге 46,8 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 46,5 млн. теңге игерілді (99,5%);

  5. Орал қаласының Желаев ауылында кәріз құрылысына 83,9 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 83,9 млн. теңге игерілді (100%);

  6. БҚО Орал қаласындағы Жәңгір хан көшесіндегі Ревунок дүкені ауданындағы камерадан Орал-Атырау, Орал-Саратов айырығындағы камераға дейін Д-1000мм қысымды кәріз коллекторын қайта жаңартуға 257,9 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 241,2 млн. теңге игерілді (93,5%). Игерілмеу конкурстық процедуралардың кеш өткізілуіне, жұмыс кестесінен артта қалуына байланысты;

  7. БҚО Орал қаласындағы Есқалиев көшесіндегі Досмұхамедов көшесінен және Пугачев көшесіне дейінгі кәріз 93,0 млн. теңге бөлінді, жоспарлы кезеңге 76,5 млн. теңге игерілді (82,2%). Игерілмеу атқарылған жұмыс актісінің кеш ұсынылуына байланысты.


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 Қаулысымен бекітілді.

2010-2013 жылдары «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы несие сомасы және жеткізілген инфрақұрылымы 39,4 млрд.теңгеге 269 жоба мақұлданды, оның ішінде:

2010 жылы – 5,7 млрд. теңгеге 24 жоба;

2011 жылы – 4,7 млрд. теңгеге 43 жоба;

2012 жылы – 14,2 млрд. теңгеге 108 жоба;

ағымдағы жылы 14,8 млрд. теңгеге 94 жоба мақұлданды. Мақұлданған жобалардың шеңберінде 1231 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Жобалар экономиканың әртүрлі басымды секторларында жүзеге асуда: агроөнеркәсіп кешені, кен өндіру өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тағам өнімдерін өндіру, жиһаз, құрылыс материалдары, металл өңдеу, машина жасау, көлік, туризм, ақпарат және байланыс, білім, денсаулық сақтау.

2013 жылы бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2 469,9 млн.теңге бөлінді, соның ішінде:

жеке кәсіпкерлікті қолдауға - 1362,6 млн. теңге;

өндірістік инфрақұрылымды дамытуға – 1107,3 млн. теңге.

Төртінші бағытты іске асыру шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негізіне оқытудың қысқа мерзімді курстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың басынан бастап 943 кәсіпкер оқытылды.

Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту жобасы бойынша «Назарбаев Университеті» АҚ-ның бизнес-мектебі базасында 17 кәсіпкер оқытылды.

«Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңіне қатысу үшін облыстан 20 кәсіпкер жіберілді.

Қолдағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау шеңберінде үш жылда 12 мыңнан астам кәсіпкерге қызмет көрсетілді.

2012 жылдан бастап жаңадан ісін бастаған кәсіпкерлерді қолдауға мемлекеттік инновациялық гранттар (өз бизнесін бастаушыларға) 3 млн. теңге көлемінде беріледі. Гранттар берудің мақсаты жаңадан ісін бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілерін жас кәсіпкерлерді, әйелдер мен мүгедектерді экономиканың басымды секторларында жаңа бизнес-идеяларын іске асыруды жоспарлаған қолдауға бағытталған. 2012 жылы грант алуға берген 27 өтінімнің ішінен 13 кәсіпкер жеңіп шықты.

Ағымдағы жылы кәсіпкерлерден 231 млн. теңгеге 72 өтінім түсті. Конкурс комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша 45,1 млн. теңге сомаға 14 кәсіпкер жеңді. Гранттық қаржыландыруға ауданның барлық кәсіпкерлері қатысты. Бөлінген гранттар жарықтандыратын бұйымдарды, күмбезді үйлер құрылысы, аэроботтар шығару, фото кітап шығару және т.б. бағытталды.

Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы
Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 Қаулысымен бекітілді.

Облыста 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 469 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды, оның 145-і балабақша, 39-ы «мектеп –балабақша» кешені, 289-ы шағын орталықтар, оларда - 27582 бала қамтылған.

Облыс бойынша 1 мен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен орташа қамту 59,4% құрайды, 3 пен 6 жастағы балаларды есептегенде мектепке дейінгі тәрбиемен орташа қамту – 95,6%.

Облыста мектепке дейінгі білім беру қызметін дамыту келесі бағыттар бойынша жүргізілуде: балабақшалар құрылысы, балалар қысқа уақытта болатын шағын орталықтарды ашу.

Республикалық бюджет есебінен 2013 жылы 6120 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастыруға 865,6 млн. теңге бөлінді.

Мектепке дейінгі білім беру қызметіне халық сұранысын мейлінше толық қанағаттану үшін мектепке дейінгі білім берудің әр алуан түрлері мен үлгілері дамуда. Олардың бірі шағын орталықтар.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 285 шағын орталық қызмет көрсетеді, оның 60-ы толық күн (10 сағат) жұмыс жасайды, оларда 2446 бала қамтылған. Шағын орталықтарда барлығы 7480 бала тәрбиеленеді, яғни барлық мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандардың 27,1%-ын құрайды.

2010 жылы мектептер жанынан бос орындарды тиімді пайдалану мақсатында аз шығынды 1961 орынға арналған 74 шағын орталық ашылды, 2011 жылы мектептер жанынан бос орындарды тиімді пайдалану мақсатында аз шығынды 464 орынға арналған 15 шағын орталық ашылды, оның 4-і жеке.

2012 жылы 450 орынға арналған 9 шағын орталық ашылса, оның 1-і жеке шағын орталық (Орал қаласы « София» ШО).

Қазіргі таңда облыс бойынша 5 жеке мектепке дейінгі шағын орталықтар қызмет көрсетеді («Талап» жеке гимназиясы жанынан 75 орындық мектепке дейінгі шағын орталық, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі жанынан 50 орындық мектепке дейінгі шағын орталық, "Алмаз L" көп қабатты үй жанынан 25 орындық мектепке дейінгі шағын орталық,Теректі ауданы Юбилейный ауылында 20 орындық мектепке дейінгі шағын орталық, «София» балаларды дамыту орталығы, оның 4-уі 10 сағат режимінде жұмыс жасайды).

Бос тұрған бұрынғы балабақша ғимараттарын қайтару арқылы 2010 жылы 530 орынға арналған 3 балабақша (Бөрлі ауданы Ақсай қаласында әрқайсысы 240 орындық 2 балабақша, Тасқала ауданы Тасқала ауылында 50 орындық балабақша), 2011 жылы - 380 орынға арналған 3 балабақша (Теректі ауданы Федоровка ауылында 120 орындық, Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында 120 орындық және Тасқала ауданы Тасқала ауылында 140 орындық) ашылды.

Басқа да ғимараттарды балабақшаларға беру есебінен 2010 жылы 265 орынға арналған 5 балабақша ашылды (Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында 75 орындық, Қарауылтөбе ауылында 40 орындық, Казталовка ауданы Болашақ ауылында 50 орындық, Сырым ауданы Өлеңті ауылында 50 орындық және Бұлдырты ауылында 50 орындық балабақшалар), 2011 жылы - 135 орынға арналған 3 балабақша ашылды (Казталов ауданы Әжібай ауылында 50 орындық, Қарасу ауылында 35 орындық, Тереңкөл ауылында 50 орындық балабақшалар).

Қазіргі уақытта облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда 2255 педагог қызмет атқарады, оның 41,1%-ы жоғары білімді (соның ішінде 10,0% мектепке дейінгі білімді), 54,3%-ы арнайы орта білімді (соның ішінде 34,3% - мектепке дейінгі білімді). Сонымен бірге, мектепке дейінгі ұйымдарда басқа мамандар өз қызметін атқарады: 157 - психолог, 209 – музыка қызметкері, 83 – дене шынықтыру нұсқаушылары, 478 – басқа мамандар (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері, бейнелеу өнерінің мұғалімдері, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік педагогтар).

2013 жылы Орал қаласы Зашаған кентіндегі 360 орындық балабақша құрылысына республикалық бюджет есебінен 100,0 млн. теңге қарастырылды, 100% игерілді.

2013 жылдың 1 желтоқсанына мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 17357 бала тіркелген.

Сонымен қатар, қабылданып отырған шараларға қарамастан Орал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына кезектің көптігі өзекті мәселе болып қалуда (13997 бала).




Қазақстан Республикасында онкологиялық көмектi дамытудың 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасында онкологиялық көмектi дамытудың 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 наурыздағы № 366 Қаулысымен бекітілді.

Онкологиялық қызметті қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен іске асырылады, бүгінгі таңда есепте тұратын 5695 науқас «Канцер» регистріне енгізілген және регистр арқылы пациент маршруты мен мониторинг жүйесі қарастырылып, ем-шаралары жүргізіледі.

Жылдық қаржыландыру көлемі 309,8 млн. теңге құрайды. 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 274,3 млн. теңге бөлінді, 273,1 млн. теңге игерілді (99,6%).

Іс-шаралар жүргізілуде: қала мен аудандардың БМСК ұйымдарының мамандарымен 4 семинар-кеңес, 2 дөңгелек үстел өткізіліп, онкологиялық сақтық қағидаттарына 182 дәрігер және ОМҚ оқытылды, аудандарға шығу – 38, телебағдарлама – 11, радиодан сөз сөйлеу – 9, 9 мақалала жарияланды. «Қуық асты безі рагында радикалды цистэктомия», «Сүт безі ауруларының диагностикасы мен емдеудің заманауи әдістері» тақырыбында 2 мастер-класс Алматы қаласының ҚазНИИОиР өкілімен өткізілді.



Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 Қаулысымен бекітілді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру кезеңінде 6572,2 млн.теңге бөлінді, 6559,0 млн. теңге игерілді немесе 99,8%. Оның ішінде оқытуға - 1534,2 млн. теңге (кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға – 1449,5 млн. теңге, кәсiпкерлiк негіздерін оқытуға – 81,1 млн.теңге, ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға – 3,6 млн. теңге), 1532,5 млн.теңге игерілді немесе 99,9%.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 Қаулысымен бекітілді.

2013 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен облысқа 5242,8 млн. теңге қарастырылды. 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 4692,3 млн. теңге игерілді.

Бағдарламаның 1-ші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша облыста әлеуметтік салада 45 объектіні салуға және жөндеуге 2632,6 млн. теңге қарастырылды, осы жобаларды жүзеге асыру барысында 961 жаңа жұмыс орнын ашу, соның ішінде құрылған жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталықтары арқылы 481 адам жолдау жоспарланады. 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2297,7 млн. теңге игерілді, құрылған жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталықтары арқылы 555 адам жолданды. Қазіргі уақытта 35 объектіде жұмыстар аяқталды.

Бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» 1103,9 млн. теңге қарастырылды, 1095,7 млн. теңге игерілді. Соның ішінде кәсіпкерлік негіздеріне 900 адамды оқытуға 28,9 млн. теңге қаражат қарастырылды. 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 901 адам оқуды аяқтады, 20,7 млн. теңге игерілді.

Ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау несие беру жолымен 1075,0 млн. теңге қарастырылды, 602 адам шағын несие алды, бөлінген қаражат толық игерілді.



Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» 1379,3 млн. теңге қарастырылды, оңың ішінде 1189,6 млн. теңге игерілді.

2593 адамды еңбек нарығына қажетті мамандықтарға оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге 1169,3 млн. теңге қаражат қарастырылды. 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 991,1 млн. теңге игерілді. Оқытуға 2631 адам жолданды (ауыспалы контингентті есептегенде), оның ішінде 1741 адам оқуды аяқтады, 890 адам оқуды жалғастыруда. Оқу аяқтағандардың ішінен 1087 адам жұмысқа орналастырылды немесе 62,4%.



Әлеуметтік жұмыс орындарын құру

Бөлінген 314,1 млн. теңгеге 1800 әлеуметтік жұмыс орындарын құру жоспарланды. 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2407 адам жолданды. Бөлінген қаражаттан 266,5 млн.теңге игерілді.



Жастар практикасын ұйымдастыру

1505 жас адамға жастар практикасын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 268,9 млн. теңге қарастырылды. 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жастар практикасына 2103 адам жолданды. Бөлінген қаражаттан 239,2 млн. теңге игерілді.

Облыста 6 ауданда жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін 30 үй салуға 210,0 млн. теңге бөлінді (тұрғын үй құрылысына - 168,0 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым сатып алуға – 42,0 млн. теңге қарастырылды, құрылыс бойынша – 144,1 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым сатып алу бойынша – 37,1 млн. теңге игерілді).

Қоныс аударғандарға субсидия төлеу үшін 1,6 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде 33,0 мың теңге игерілді.

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 122,0 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде 109,3 млн. теңге игерілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына 4,9 млн. теңге қарастырылды.



Моноқалаларды дамытудың

2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Моноқалаларды дамытудың 2012–2020 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 Қаулысымен бекітілді.

Аталған бағдарлама шеңберінде 2012 жылы республикалық бюджеттен Ақсай қаласының 20 ауласын абаттандыруға және санитарлық тазалығына 132 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді.

«Ақсай қаласындағы 20 аула мөлшерінде аулалық аумақтарды абаттандыру» жобасы бойынша 85,9 млн. теңге игерілді. Жұмыстар аяқталды.

«Ақсай қаласының санитарлық тазалығы» жобасы бойынша 45,8 мың теңге бөлініп, игерілді. Жұмыстар аяқталып, 46,0 мың тонна қалдық шығарылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы қаулысымен Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберіндегі ағымдағы іс-шараларды іске асыруға 2013 жылы 618,3 млн.теңге нысаналы трансферттер мен кредиттер сомасы қарастырылды, соның ішінде:

кәсіпкерлікке микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерді кредиттеуге – 67,4 млн. теңге;

жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 262,0 млн. теңге. Жобаларды іске асыруға банк кредиттері бойынша проценттік ставкаларды субсидиялау бойынша 78,6 млн.теңге игерілді (30%). Игерілмеу себептері - бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер аталған бағдарламаға қатысуға қызығушылық таңытпады, атап айтқанда бағдарламаның міндетті шарттары ретінде бекітілген субсидиялау кезінде тиімді (номиналды емес) сыйақы ставкаларын бекіту (14%-дан артық емес);

жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге – 7,0 млн. теңге. Ағымдағы жылы бағдарлама шеңберінде Бөрлі ауданында аудан әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы №435 қаулысымен бекітілген мемлекеттік гранттар беру жөнінде конкурстық комиссия құрылды. Бүгінгі күнге Өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен 7 млн.теңгеге 3 жоба (бөлменің ішкі көрінісінің фотосуреттік керамикалық тақта және фотопанно шығару, техникалық өрт шамалары және өрт шараларын оқыту, балалар емдәмдік (диеталық) тамақтандыру орталығы) мақұлданды;

кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу-кәсіпкерлікке оқытуға – 0,8 млн. теңге. Қазіргі кезде кестеге сәйкес 40 адамды оқыту басталды.

Дамуға 165,5 млн.теңге бөлінді, 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 101,6 млн. теңге игерілген. Жұмыстар 61,4%-ға орындалған.

2013 жылы Ақсай қаласын ағымдағы жайластыру шеңберінде келесі жобалар жоспарланып отыр:

Жаяу жүргіншілер жолын салумен жол негіздері мен жабындарын, ағынды су арналарының құрылысы мен реконструкциясы және Комсомольская көшесін жарықтандыру – 94,7 млн. теңге. 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 94,1 млн. теңге немесе 99,5%-ға игерілді;

қаланың шығыс бөлігінің электрмен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу – 20,9 млн. теңге, толық игерілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 Қаулысымен бекітілді.

Аталған бағдарламаның «Инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2012 жылы Ақсай қаласының кәріз жүйесін қайта құруға, Орал қаласының кәріз жүйесін, жолдарын және көшелерін қайта құруға бағытталған 8 жоба іске асырылды. Көрсетілген мақсаттарға қарастырылған 950,0 млн. теңгенің 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 96,1%-ы игерілді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруға қаржылай қолдау көрсету үшін 2012 жылы республикалық бюджеттен 42,0 млн. теңге бөлінді. Қаржы келесі бағыттар бойынша жұмсалды: ауылдық елді мекендерді жайластыру, жарықтандыру, көгалдандыру, күл-қоқысты шығару, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, балалар ойын алаңын орнату және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жайластыру.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 2013 жылы 522,4 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер қарастырылды (469,5 млн. теңге игерілді (89,9%), соның ішінде:

- 26-КНС-нан Арман ықшам ауданындағы №10 ОМ маңындағы жаңа КНС-на дейін диаметрі 400 мм құбыр желісін қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 30,6 млн. теңге қарастырылды, игерілу жоқ. (жер орман қорына жататындықтан құрылысқа арналған жерді орналастыру мәселесі шешілмеген);

- Орал қаласының Карев көшесі бойымен Елизаров көшесінен Чагано-Набережная көшесіне дейін жолдарды қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 126,8 млн. теңге қарастырылды, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанға игерілуі 106,1 млн.теңге (83,7%). Игерілмеу себебі ЖСҚ түзетуге - мердігердің жұмыстарды орындау кестесінен артта қалуына байланысты.



- БҚО Орал қаласындағы ТК-2-16 дан Еуразия даңғылы дейінгі ТК-2-3-6 №2 жылу магистралін қайта жаңарту бюджеттен 365,0 млн.теңге қарастырылды, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанға игерілуі 363,4 млн.теңге (99,6%).

Жергілікті өзін-өзі басқаруға қаржылай қолдау көрсету үшін 2013 жылы республикалық бюджеттен 248,1 млн. теңге қарастырылды. Қаржы келесі бағыттар бойынша жұмсалады: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, күл-қоқысты шығару, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал моласы полигондарын жайластыруға, балалар ойын алаңын орнатуға, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу. Аталған бағыт бойынша 212 жобаны іске асыру жоспарланған. 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 203,6 млн. теңге игерілді (82,1%), жергілікті маңызы бар 202 жоба іске асырылды.


Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі

2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 Қаулысымен бекітілді.

Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 260013000 «Туристік қызметті реттеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2012 жылы жергілікті қаражаты есебінен 4 іс-шара өткізілді, 6,6 млн. теңге игерілді. 2013 жылға жергілікті бюджеттен 10,5 млн. теңгеге 4 іс-шара өткізу жоспарланды. Ағымдағы жылдың 11 ай жағдайы бойынша 4,4 млн. теңгеге 3 іс-шара өткізілді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет