Батыс Қазақстан облысының туризм инфрақұрылымын дамыту



жүктеу 128.77 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі128.77 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Батыс Қазақстан облысының туризм инфрақұрылымын дамыту
Сулейменова Г.Н., э.ғ.к., М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Туризм мен үшін сарқылмас табыс көзі. Олай дейтін себебім, қазір күніміз қарап отырған мұнай, газ және көмір секілді пайдалы қазба байлықтарымыз қашан сарқылатыны белгісіз. Бұлай деп қарап отырмай біз өзімізді асырайтын жаңа салаларды іздестіруіміз керек. Осы орайда, туризм- шығынсыз және көп күшті қажет етпейтін, үлкен кіріс кіргізуге қауһарлы сала десем қателеспеген шығармын. Бұл астарды ерте түсінген басқа да дамыған мемлекеттер туризмді іс- жүзінде дамытып, қазір соның жемісін көріп отыр. Туризм тікелей және жанама түрде экономиканың 32 түрлі саласының дамуына септігін тигізетін көрінеді. Туризм өз бойына байлық пен іскерлікті, салалық қызметті, этиканы жинаған алып құрылым.

Қазақстанның туризм саласы мемлекеттік қолдауға зәру. Оның басқа елдердегідей дамымай жатқан себебі де осы. Дегенменде, Қазақстан туризмі, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бекіткен бірнеше бағдарламалар арқасында соңғы 10 жылда өркениетті туризм сатысына жетті. Қазірдің өзінде еліміздегі туристік инфрақұрылымы дамыған және дамытуға келетін 5 облыс тізімі жасақталып үлкен жобалар басталыпта кетті. Алайда, өңіріміз бұл тізімге енбей қалды. Себебі, бұл тізімде аталған облыстардай біздің туризмді дамытуға қауһарымыз жеткіліксіз. Сол себептен Батыс Қазақстан облысында туризм инфрақұрылымын дамыту шараларын жасау керек.

Батыс Қазақстан облысы ішкі және сырттан келушілер туризмін дамыту үшін қажетті ресурстарға ие. Бүгінгі күні өңір:

Экономиканың дамуының орташа қарқыны;

Инвестициялық тартымдылық:

Тиімді геосаяси және жағрафиялық жағдайы (Еуропа мен Азия арасындағы көпір)

Көліктік қолжетімділік;

Жағымды табиғи-климаттық жағдайлар;

Бай тарихи және мәдени мұра;

Ғасырлық қонақжайлық салт-дәстүр;

Туристік индустрияның кәсіби кадрларын дайындайтын білім беру мекемелерінің болуымен сипатталады.

Белсенді туризмнің аймақ бойынша таралуы: экологиялық туризм, су туризмі, жаяу, экскурсиялық, тарихи туризм.

Батыс Қазақстан облысының аймағында мемлекетік және облыстық маңызы бар табиғат- қорығы қорының 10 нысаны жұмыс жасайды. Олардың ішінде үшеуі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Олар - Кирсанов, Бударин және Жалтыркөл зоологиялық қаумалы. Батыс Қазақстан облысында ерекше қорғалатын 7 табиғи аумақ құрылды.

Батыс Қазақстан облысының аумағында мәдени-танымдық туризмнің өзегін қалыптастыратын тарихи, мәдени ескерткіштер және тарихи-мәдени мұражай-қорықтар бар (Қазіргі таңда Батыс Қазақстан об­лысында 1966 археологиялық ескерт­кіш тіркелген. Соңғы жеті жылда 1600-ден астам жаңа археологиялық ес­керт­кіш ашылған).



Батыс Қазақстан үшін туристік дестинация аймағы (яғни, туристерді қызықтыратын тартымдылығы жоғары географиялық аймақ) болып Орал қаласы саналады.Орал қаласында туризмнің эстримальді бағыттан басқа барлық бағыттары дамыған. Әсіресе, мәдени-ағартушылық, көпшілік спорт және тарихи-өлкетану істерін біріктірудегі спорттық туризм мен өлкетану туризмі белсенді дамып келеді. Соңғы кезде экологиялық туризм белсенді дамып келе жатыр, бірақ ол да мәдени-оқыту бағыты мен балалар және жасөспірім қатысушылары құрамына ие. Қалада коммерциялық туризм белсенді дамып келеді. Облыста мемлекеттік дәрежеде маңызы бар 7 мұражай бар болса, сол мұражайға келушілер саны 2012 жылғы дерек бойынша 75 мың адамнан асып жығылады екен.

Батыс Қазақстан облысындағы туризм инфрақұрылымы нысандары

2013 жылы туристік қызметке жүргізілген статистикалық зерттеулер қорытындысының деректері бойынша облыс аумағында 62 туристік ұйым және 2 жеке кәсіпкер болды. Орналастыру орындарын есепке ала отырып, көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 1 218,3 мың теңгені, сырттан келушілер туризмі бар болғаны-3 адамды құрады, сыртқа шыққан туристердің саны 8 833 адамды құрады, ішкі туризмге қатысқандардың саны – 6 233 адам. Облыста туристік қызмет көрсетумен айналысатын фирмалар кіру, шығу, ішкі туризм түрлерімен қатар, виза және басқа да құжаттарды рәсімдеу, әуе, темір жол көлігіне билеттер сату, жеткізіп беру, туристерді өз көліктерімен тасымалдау, белсенді туризм түрлерімен айналысуда қажетті құрал-жабдықтарды жалға беру, сақтандыру, туристерді орналастыру, брондау, аударма қызметтері және басқа да қызмет түрлерін ұсынады. Олар өз қызметінде көптеген отандық және шетелдік қоғамдармен, қорлармен, қауымдастықтармен, мемлекеттік ұйымдармен, туристік фирмалармен өзара әрекеттесіп отырады. Ішкі туризммен айналысатын туристік агенттіктердің саны- 2. Бұл туристік агентіктер өздері зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ішкі туризм маршруттарын жасақтады және туризм дамитын жерлердің орындарын анықтап, ерекшеліктері бойынша маршруттар құрды.Дегенмен, ішкі туризмге сұраныс жоқ, бағаыс қымбат.

Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Резидент емес туристер облысымыздың аумағына көбінесе автожол немесе әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында автожол көлігі жиі пайдаланылады. Турлар мен экскурсиялық бағдарларды ұйымдастыру автомобиль жолдарының жағдайына байланысты. Облыс аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін автомобиль, темір жол, өзен және әуе желілері өтеді. 

Батыс Қазақстан облысындағы орналастыру обьектілерінің саны 2005 жылмен (8 түнеу орындары) салыстырғанда 2012 жылы 5 есеге артып 44- ке жетіп отыр. Бұл жақсы көрсеткіш болғанымен, ондағы қызмет көрсету сапалары көңіл көпшітпейді. Облыстағы орналастыру орындарының барлық номірлік қоры- 1292 болса, ұсынылған тәулітік төсектер саны- 151 543- ке тең. Соған сәйкес 2012 жылы 49635 адамға қызмет көрсетілген. Обылыстағы орналастыру обьектілерін қонақ үйлер мен кемпингтер құрайды.Облыстағы қонақ үйлер жұлдыз және разрядтық классификацияларымен аралас болуымен ерекшеленеді.



Батыс Қазақстан облысында «Туризм» кластерін құрудың негізгі басымдықтары деп мыналарды атай аламын:

  • бірегей туристік-рекреациялық аймақтар мен халықтың ерекше мәдени әлеуетін (этноауылдар құру, кәдесый өнімдерін өндіру) пайдалану арқылы сырттан келушілер туризмін дамыту;

  • отандық туристік қызметтерді тұтынушылардың түрлі санаттарының қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қымбат емес және қолайлы қабылдап алу объектілерін жасақтау жолымен ішкі туризмді дамыту;

Облыста туристік инфрақұрылымды дамытудың алғышарттары ретінде төменде аталғандарды іске асыруға болады:

  • халықаралық және ішкі туристік рыноктарда Батыс Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін туризм инфрақұрылымын дамыту, ол өз кезегінде облыстың әлеуметтік инфрақұрылымының дамуынан көрінеді;

  • туристерге қызмет көрсету сапасын жақсарту есебінен туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету;

  • туризм саласында кәсіпкерлікті және ең алдымен, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

  • мұражайлар, мемориалдық орындар, көрсету объектілері, сәулет ескерткіштерін салу және қайта жаңғырту. Туристер жиі болатын тарихи орындарды ретке келтіру;

  • «әлеуметтік» туризмді жаңғырту

  • облыс имиджін қалыптастыруға және оны ішкі және халықаралық туристік рыноктарда ілгерілетуге бағытталған белсенді жарнамалық-ақпараттық қызметті жүргізу.

  • автобус аялдамаларын жаңғырту және қаланы қазіргі заманға сай қалалық автобустармен қамтамасыз ету арқылы қолданыстағы жергілікті автобустық қызметтер көрсетуді жетілдіру;

  • Орал қаласында шолу экскурсияларына және шопинг-саяхаттарға арналған туристік автобус маршруттарын ашу;

  • такси тұруға арналған белгісі бар аялдамалармен қамтамасыз етуді ескеретін, жергілікті такси қызметтерінің көрсету сапасы стандарттарын айқындау және енгізу, такси белгісі бар жаңа автокөліктер, сондай-ақ басымды түрде туристік қызығушылықтың барлық басты орындарындағы сапа мен жол жүру бағаларының сәйкестігі ретке келтіру.

  • сондай-ақ қазіргі заманғы стандарттар негізінде (көрсеткіштер және маңдайша жазулар, тротуарлар, кіші сәулет нысандары, қоғамдық дәретханалар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін абаттандыру элементтері) қалада кластерлік орталықтар ашу;

Ақпараттық ортаға жататын жобалар мен іс-шаралар мыналарды қамтиды:

  • әсіресе әуежайларда, теміржол вокзалдарында, орталық автовокзалдарда, сондай-ақ автомагистральдар бойында тегін туристік ақпарат, брондау мүмкіндіктерін, кәдесыйлар, кітаптар мен карталар сатып алу мүмкіндіктерін ұсынатын визит-орталықтарын ашу;

  • визит-орталықтарымен салыстырғанда аз, негізінен ашық аспан аясында және туристік көрнекіліктің айқындалған орындарда ірі іс-шараларды өткізу уақытында тек туристік ақпарат ұсынатын ақпараттық бюролар ұйымдастыру;

  • туристік индустрияны дамытуға тартылған қонақ үйлер және басқа да орналастыру орындары, туристік көрнекілік мейрамханалары, туроператорлар, әуе желілері, жергілікті атқарушы органдар, университеттер, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. сияқты мүдделі тараптар арасындағы әріптестік орнату қажет.(туистік кластер құру мақсатында)

  • семинарлар, ақпараттық брошюралар және туризмді дамытудың оң нәтижелерін көрсететін басқа да іс-шаралардың көмегімен жергілікті халықтың туристерге деген оң қарым-қатынасын қалыптастыру керек.

Батыс Қазақстан облысында туризм инфрақұрылымын дамытудың іс- шаралар жоспары:

  • Даму институттары, даму қорлары, екінші деңгейдегі банктердің қаражатынан қаржыландыра отырып, шағын кәсіпкерліктің туристік саланы дамыту жөніндегі жобаларын ілгерілетуге ықпал ету;

  • Халық қолөнерін жаңғырту және кәдесый өнімдері индустриясын дамыту жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету; Бұл мақсатта Орал қаласы мен аудан орталықтарында шағын кәсіпкерлікті дамыта отырып, ұлттық салт- дәстүрімізді жаңғыртуға бағытталған жаңа фабрикалар ашу.

  • Халықаралық және республикалық туристік көрмелерге қатынасу (ЭКСПО,«Сарқылмас саяхат»қазақстандық туристiк жәрмеңкесi (жылжымалы), Алматы қаласындағы «KITF» қазақстандық халықаралық туристiк жәрмеңкесi, Астана қаласындағы «Астана-Демалыс» қазақстандық халықаралық туристiк жәрмеңкесi, Берлин қаласындағы (ГФР) "IТВ" халықаралық туристiк биржасы, Сеул қаласындағы (Оңтүстiк Корея)"KOTFA"халықаралық туристiк жәрмеңкесi, Токио қаласындағы (Жапония)"JATA-WTF" дүниежүзiлiк туристiк жәрмеңкесi, Лондон қаласындағы (Ұлыбритания)"WTM" дүниежүзiлiк туристiк биржасы, Новосібір қаласындағы (РФ) "Турсиб" халықаралық туристік көрмесі);

  • Батыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті туралы ақпараттық-әдістемелік құралдар мен жарнамалық материалдар әзірлеу және басып шығару; Бұл бағытта қазіргі кезде облыстағы тұңғыш әмбебап журнал «Дана kz» журналының оны ерекше. Бұл журнал облысымыздағыт туристік бағыттағы бірнеше нысандар мен оқиғаларды жариялап келе жатыр. Іске асыру жолдарының бірі басылым саның арттыру, басқа облыстарға таралуын қадағалау.

  • Батыс Қазақстан облысының туризмі жөніндегі материалдарды әзірлеу және WEB-сайтқа жариялау үшін ұсыну, жетекшi туристік операторлар мен БАҚ өкiлдерi үшiн ақпараттық турлар өткiзу;

  • Орал қаласындағы Курени аумағын ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру;

  • Шалқар көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды салу үшін инвесторларды тарту үшін шаралар қабылдау. Туристік зона аумағында парапландар мен серуендеуді ұйымдастыру;

  • Емдік туризмді дамыту мақсатында: Бөкей ордасы ауданындағы Аралсор көлі аумағында, Ақжайық ауданындағы Әлжансор көлінің аумағында және Қабылтөбе ауылында емдеу орталығын салу;

  • Ауданаралық автомобиль жолдарын жаңарту. Автожолдардың бойына тамақтану, медициналық қызмет көрсету және басқада нысандарды салуды жоспарлау;

  • Туризм саласы үшін кадрларды дайындауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында «Туризм» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды енгізуді қамтамасыз ету, Туристік саланы дамыту, экскурсоводтарды, туризм жөніндегі нұсқаушыларды, менеджерлерді дайындау мәселелері жөнінде семинарлар өткізу;

  • Янайкино аулында демалыс базасын және балық аулауға арналған демалыс базасын салу;

  • Зеленов ауданыңда ат туризмі бойынша туристік нысан салуға құжаттар жасақтау, Жаңақала, Қаратөбе, Казталовка аудандарында қымызбен емдеу орталықтарын ашудың жоспарларын дайындау, Бөкей ордасы ауданыңда шұбатпен емдеу орталыған ашу;

Батыс Қазақстан облысы еліміздегі басқа облыстармен салыстырғанда жылқы туризмін дамытуға өте қолайды өңір. Жылқы туризмін дамыту арқылы ұлттық туризмді насихаттауға болады. Ол үшін мынадай «Ұлттық жылқы шаруашылығы базасы» орталғын құру керек. Орталықтың негізгі жобасын жылқы шаруашылығы бар шаруашылықтарға негіздесе көп қаржыны талап етпейді. Орталыққа:

Жылқы қоралары- жылқыны өсіруге арналған тұрақ- жайлар;

Биені сауу орны- саумалдықтарды сауатын орындар;

Қымыз цехы- қымыз ашытатын цех;

Торсық дайындайтын цех- дайын болған қымызды құюға арналған жаңа қазақы ыдыстар;

Емдеу орталығы- қымызбен емдейтін орталық;

Аттылы туристік база- ат маршруттарын дайындайтын және өткізетін база;

Ат спорты алаңы- ат спортынан (бәйге, аударыспақ, көкпар, қыз қуу, теңге алу т.б.) жарыстар өткізу;

Өмір туралы ғылымдар орталығы- жылқы сүті мен етінен адам өмірін ұзартуға пайдаға асыратын зерттеулер жүргізетін орталық;

Косметологиялық орталық- адам терісін жасарту мен айналысатын орталық және т.б. базалар қарайды. Осы арқылы жылқы туризмі дамып қана қоймай, шетелдік туристрді өзімізге тартуға құптарлық іс болар еді.

Ұлттық «Жылқы шаруашылығы» базасы аталған салаларды қамтиды және оның ел экономикасында дамуына ықпал етеді:



  • Жылқы шаруашылығы;

  • Туризм оның ішінде ұлттық туризм;

  • Тамақ өнеркәсібі (қымыз, ет, т.б.);

  • Жеңіл өнеркәсіп (тері өңдеу, жіп жасау, жылқы қылын іске асыру);

  • Медицина (қымызды пайдалану, косметология);

  • Спорт (жылқы спорты түрлері);

  • Құрылыс (жаңа ғимараттар салу);

  • Байланыс (жол, телефон, интернет);

  • Таза экология;

  • Қалдықсыз өндіріс; т.б.

Егер де Қазақстан Республикасында туризм қарқынды дами бастаса, Батыс Қазақстан облысы мына аталған туристік бағыттар бойынша алдыңғы орындарға шығады:

1.Балалар мен жасөспірімдер туризмі. Бұл бағытта Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ойып тұрып орын алары сөзсіз. 50 жылдан астам уақыт өңіріміздегі  балаларға өлкетанулық- туристік мақсатта білім беру саласында өлшеусіз үлес қосқан орталық. Еліміздегі балалар туризмі орталықтарының біріңғай және көпсалалы жүйесін қалыптастырған, әр аудан орталықтарында туристік орталықтары бар облыстық білім басқармасының қарамағындағы ұйым.

2. Эколгиялық туризм. Бұл бағытта өңірімзде ресурстар жеткілікті. Бір ғана Жайық қойнауы эколгиялық туризмі дамытуға жеткілікті.

3. Өлкетану. Өлкетану туризмнің ажырамас бөлігі. Облыстың бай тарихи мұрасы мен тарихи ескерткіштері кім- кімге де болса қызық.

4. Экскурсия. Бұған бір ғана мысал, Орал қаласы. Итальяндық палацо стилінде салынған тарихи ғимараттар көруге тұрарлық.

5.Спорттық туризм. Спорттық туризмнің тактикасы мен техникасын дамтыуда облысмызда кадрлар жеткілікті. Және де ол облыстың барлық аудандарында дамығын.

6.Тәуіп ету. Қазақстандық туризмді зерттеуші ғалым С.Ердавлетов діни туризмнен тәуіп ету туризмін бөліп қарастырады. Киелі Батыс өңірінде қасиетті жерлер жетерлік. Оған өзіміздің тұрғындар, басқа облыстардан, шетелден адамдар түнеу мақсатында келіп жатады.

7.Аттылы туризм. Батыс Қазақстан обылысында ұлттық жылқы шаруашылығы базасын құру арқылы аттылы туризмді дамытуға болады.

Облыста туристік инфрақұрылымды дамытудың басты стратегиялық мақсаты экономиканың жетекші басым салаларының бірі ретінде, бір жағынан туристік-рекреациялық қызметтердегі өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтынушылардың (қазақстандық та, шетелдік те) сұранысын қамтамасыз ететін, екінші жағынан, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін арттыру, инвестициялар ағыны, жұмыс орындарының санын арттыру, халықтың денсаулығын жақсарту, мәдени-тарихи және табиғи мұраны сақтау және оңтайлы пайдалану есебінен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды үлес қосатын бәсекеге қабілетті туристік-рекреациялық саланы қалыптастыру болып табылады.

Іс- шара жоспарын әзірлеу орнықты туризм моделінен туындап отыр. Орнықты туризм деп мынадай мақсаттардағы экономикалық даму моделі аталады:

1) туристік қызметтен түсетін түсімдер есебінен облыстың кірісін арттыру;

2) жергілікті халықтың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын арттыру; Туризмнің әлеуметтік рөлін пайдалану (шығыс қазақстандықтардың демалысы, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды, байланыстарды дамыту).

3) инвестициялар ағыны және жаңа жұмыс орындарын құру;

4) Туристердің болу жағдайларының жайлылығын қамтамасыз ету;

5) Қонақжайлылық және мәдени-тарихи мұраға назар аудару салдары ретінде ұлттық әл-ауқатты арттыру.

Жоғарыда аталған мақсаттарға жетудің мынадай 5 жолы ғана бар:


  • нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

  • инфрақұрылымды дамыту;

  • еңбек ресурстарының біліктілігін арттыру;

  • қаржы құралдарын тарту үшін жағымды жағдай жасау;

  • салада пайдаланылатын технологияларды жетілдіру.

Мақалада, Батыс Қазақстан облысындағы туристік инфрақұрылым мен тарихи-мәдени және табиғи мұраларды рационалды қолдану арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны тартудың арқасында республикалық және жергілікті бюджеттің ұлғаюына алып келетін бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру жолдары қарастырылды.  

        Фактологиялық материалдарды талдай отыра, төмендегідей қорытындыларды жасауға болады:

-          Батыс Қазақстан аймағында ашық күндердің көп болатындығы (220-дан 240-дейін)

-         Туристік рекреациялық зоналарды дамытуға септігін тигізетін қолайлы кезеңдердің ұзақтылығы (120-130 кундей)

-         Батыс Қазақстан түрлі экскурсиялар, қыдырулар және демалысты ұйымдастыруға қажетті барлық ресурстармен қамтылған.

-         Бұл аймақ аса көркем және қызықты ландшафтарға ие.

-         Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық потенциалы жалпы Қазақстан туризмінде маңызды орынды алады.

-         Батыс Қазақстан өңіріндегі негізгі объектілер бойынша жасалатын экскурсиялық маршруттар үлкен тарихи, археологиялық және танымдық қызығушылыққа ие болып отыр.

      Осы факторлардың барлығы Батыс Қазақстанның табиғи және туристік рекреациялық ресурстарын зерттеуге және санаторий курорттық емделуге арналған түрлі мекемелерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды және жалпы туристік инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз.     

Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік– экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристік салаға күрделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.










©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет