Батталов қайрат қанатұЛЫ



жүктеу 2.73 Mb.
бет7/9
Дата25.04.2016
өлшемі2.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті

2.2 ХІХ ғасырдың аяғындағы Семей кедендік аймағының кадрлық мәселелері
Өлкедегі кедендік істі ұйымдастырудың маңызды мәселесі - кедендік саланы кадрлық құраммен қамтамасыз еті мәселелері де шешімін табуы қажет болатын. Бұл орайда, аймақ кадрларының құқықтық дәрежесі, санын, жалақы көлемін саралау арқылы Семей кедендік аймағының жалпы ресейлік кедендік жүйедегі және кедендік саясаттағы орны мен рөлін айқындауда белгілі бір дәрежеде ілгері қадам жасауға мүмкіндік туады.

Семей кедендік аймағының кадрлық мәселелері зерттеу негізінде оның келесідей аспектілерін бөліп көрсетуге болады:



  • кедендік қызметкерлердің, оның ішінде кедендік шенеуніктер мен күзет қызметкерлерінің құқықтық дәрежесін анықтау;

  • кедендік қызметкерлердің жалақы көлемі мен оның өлкедегі өмір жағдайларын өтеу деңгейін айқындау;

  • кедендік қызметті жүзеге асырудың жергілікті географиялық-климаттық және тұрмыстық жағдайларын сараптау;

  • шекаралық өлкедегі кедендік қызмет үшін жергілікті потенциалдың деңгейі мен кадрларды таңдаудың қағидаларын зерделеу;

  • кедендік қызметкерлерді, оның арасында кедендік күзет қызметкерлерінің көлемін анықтаудағы Кедендік алымдар департаменті мен кедендік аймақ әкмшіліктерінің ұстанымдарын белгілеу;

Кедендік аймақтарды ашу туралы ережелерде кедендік мекемелер шенеуніктерінің құқықтық дәрежесі де белгіленді. Томск губерниясында, Семей және Жетісу облыстарындағы кедендерді және кеден учаскелерін меңгерушілерді - Еуропалық Ресейдің 1-ші дәрежелі кедендер және кеден учаскелерінің меңгерушілеріне, олардың көмекшілерін - 1-ші дәрежелі кеден мүшелеріне, күзетті - өтпелі пункттер бақылаушыларына, кеңсе шенеуніктерін - Еуропалық Ресейдің аталған шенеуніктеріне теңестірді [111, 145 б.]. Семей кедендік аймағының қарамағындағы шекараны кедендік күзету жергілікті кедендік басқарманың қоластында болатын еркін жалданушы кедендік күзетке жүктелді. [108, 38 б.]

Кедендік құрылымдарды ұйымдастыру бойынша қарастырылған шығындар есебін бекіткен Мемлекеттік кеңес кедендік аймақ құрылымдарын қаржыландырудағы ұстанымдарымен қатар аймақ қызметкерлерінің жалақысын белігілеуде де бірізділік бағытта болғандығы анық байқалады. Оны Қаржы министрлігінің Кедендік алымдар департаменті бастығының кедендік учаскелерді ұйымдастыру туралы Семей кедендік аймағының бастығына жолдаған мәлімдемеден көруге болады (3-кесте – 76-78 бб.).

Кедендік құрылым кадрларының жалақыларына байланысты Түркістан өлкесіндегі Қаржы министрлігінің кедендік істер бойынша ерекше тапсырмалар шенеунігінің Жетісу генерал-губернаторына жазған хатынан үзінді келтіруге болады: «Часть Семиречья, именно Бахтинский участок, я надеюсь, отойдет от меня к Семипалатинской области, а может быть даже и Кульджинский, т.е. Джаркентский район. Этот последний вопрос будет разрешен без меня, по обсуждении и выяснении денежных средств. В Семипалатинской области с Бийским округом будет особое таможенное управление, если только на то согласится Министр Финансов. Управление будет небольшое, Управляющему предполагается назначить всего 4000 рублей, т.е. ту сумму, которую предположено было назначить второму моему помощнику, если бы Семипалатинский надзор остался за мною». [141, 72 айн.п.] Хаттың негізінде Семей кедендік аймағына шығындалатын қаражаттардың көлемі өз заманына салыстырғанда шағын болғаны көзге түседі. Мемлекеттік кеңестің бекіткен есебі бойынша Түркістан кедендік аймағы бастығының жылдық жалақысы 6700 рубльді құрады. [108, 6 б.] Осымен салыстырғанда оның әріптесінің жалақысы біршама төмендігін аймақтардың көлемдері әртүрлі, нәтижесінде жұмыс көлемі мен жауапкершіліктерінің тереңдігімен түсіндіруге болады.

Жалпы, Петербордың өлкедегі кедендік құрылымдарды ұйымдастыру барысындағы кадрлық саясатының ұстанымын Семей кедендік аймағының бастығына жолдаған хаттамадан көруге болады. Жоғарыда аталғандай, кедендік құрылым штатының көлемі мүмкіндгінше шектеліп, шекарадағы кедендік бақылауды өтуге ыңғайлы, тұрғын жерлерде ұйымдастыру ойластырылғаны белгілі. Штат көлемін осындай шектеуді негіздеу кезінде Департамент келесідей себептерді келтіреді: «Такая малочисленность надзора представляется возможною потому, что, согласно петербургскому трактату из поступающих этим путем на наши рынки китайских товаров оплате таможенною пошлиною подлежит лишь чай, провоз коего в сколько нибудь значительных количествах помимо установленных путей и населенных местностей, представляется весьма рискованным, так как населяющие приграничные китайские провинции племена до сих пор сохранили склонность к грабежам, и даже китайские пограничные пикеты не решаются в одиночку или малыми партиями производить служебные разъезды. Товары же английские в сих провинциях дороги, их там вообще весьма мало, и у нас с русскими произведениями они конкурировать не могут... При сущесвующем почти повсеместно в Азии способе передвижения товаров и при установившихся там торговых обычаях целесообразное в таможенном смысле наблюдение должно быть сосредоточено именно на рынках сбыта и покупки: прибытие товарных партии составляет там событие, торговые сделки совершаются открыто на базарах, дальнейшее назначение купленных товаров всем интересующимся торговлею более или менее известно. Посему оптовые покупки чая и других товаров для России не могут быть неизвестными, и соблюдение указанного условия значительно облегчит надзор за правильным поступлением таможенного дохода и за товарным из западного Китая движением» [149, 9 айн.-10пп.] Кадрлық мәселе жөнінде тағы бір жерде: «Состав и даже самое число таможенных учреждении в Томской губернии, Семипалатинской и Семиречинской областях не могут быть ныне с точностью определены: для сего требуется время и опыт. Поэтому признавалось бы правильным предоставить Министру Финансов, относительно определения числа таможенных пунктов, штатов и окладов содержания чиновников, права, присвоенные ему в тех же отношениях пунктом VI Высочайше утвержденного 2 мая 1886 года мнения Государственного Совета по таможенному надзору в Туркестанском крае», - делінген [149, 9 айн.п.]. Кедендік аймақ басқармасы кадрларының көлемі мен қызметі жайлы: «Штат управления Семипалатинского таможенного округа может быть на первое время ограничен следующим составом: начальник таможенного округа, окружной таможенный ревизор и один чиновник особых поручении... Чины Семипалатинского окружного таможенного управления, независимо от исполнения прямых своих служебных обязанностей, могут составить и ядро будущей Семипалатинской таможни, впредь до выяснения действительной в ней надобности и размеров ее деятельности», - деп мәлімделді [149, 9п.].

Мемлекеттік кеңестің аймақтағы кедендік құрылымдарды ұйымдастырудың шығындар есебі бойынша 5 кедендік учаскенің әрбір меңгерушісі ай сайын шамамен 167 рубль көлемінде, оның көмекшісі - 100 рубль көлемінде, учаскелердегі кеңсе шенеунігі мен күзет бақылаушысы - 40 рубль көлемінде, салт атты бақылаушылар - 25 рубль көлемінде, күзетшілер - 15 рубль көлемінде жалақы алатын болды. Кедендік қызметкерлердің, әсіресе күзет қызметкерлерінің жалақы көлемі күзетті атқарудың жергілікті жағдайларына сәйкес келмеді. Бұл туралы Семей кедендік аймағының бастығы 1891 жылдың 19 желтоқсанында Кедендік алымдар департаментіне жолдаған хатында айтылған: «Сплошная гористая местность нашей границы так трудна, при отсутствии искуственных дорог, к переездам, что не везде и не во всякое время года, на всем протяжении пограничной полосы, можно свободно переезжать хотя бы даже вьючным способом. Таким образом состав пограничной стражи из вольнонаемных объездчиков и стражников, назначенный Департаментом в таможенные участки, нахожу также достаточным, чтобы состав такой стражи был неприменно конный и имел бы от казны вооружение: шашку и револьвер без чего, по местным условиям, крайне опасно делать разъезды при встречах или сопровождении по пограничной полосе караванов, как и от кочующих киргизов и калмыков, так и от зверей, нередко встречающиеся в горах и лесах. Таким образом конному стражнику 15 рублей жалования в месяц, по моему мнению недостаточно и я полагал бы, при тех лишениях, которые стражник должен переносить, находясь не всегда в населенной местности, а большей частью на каком нибудь урочище, увеличить до 20 рублей в месяц, а объездчику до 30 рублей в месяц; при чем организовать стражу из солдат состоящих в запасе и знающих киргизский язык, а также из местных благонадежных киргиз. Нет сомнения, что обеспечивая стражника порядочным содержанием, можно будет найти и более подходящих и благонадежных людей для этой службы, что и должно составлять одну из главных забот для правильной постановки дела по таможенному надзору в приграничной полосе. Относительно надзирателя этой стражи считаю своей обязанностью сказать, что хотя он пользуется правами Государственной службы, на равне с надзирателем переходного пункта, но содержание ему назначено весьма ограниченное - в 480 рублей; и по всей справедливости следовало бы увеличить до 600 рублей, так как от надзирателя стражи, при местных условиях, неприменно понадобиться и знание киргизского языка, без которого он не будет успешно выполнять своих обязанностей. Постоянное пребывание в приграничной полосе, примерно на Кош-Агаче или на другом ненаселенном, даже киргизами, урочище, подвеграть стражу многим лишениям в жизни; поэтому, определяя им ограниченное содержание нельзя расчитывать подыскать на должность надзирателей людей соответствующих делу и при том же с более или менее нравственными качествами» [149, 19-20 айн.пп.].

Жоғарыда көрсетілгендей, кедендік қызметкерлердің саны жағынан Мемлекеттік кеңестің бекіткен есебі тәжірибелік сипатта болды. Осыған байланысты кедендік аймақ үшін бекітілген кадрларды жинақтау бойынша кедендік әкімшілік тәжірибе жүзінде қызметкерлерді шағын көлемде ұстауға бел буды. Бұл туралы аймақ бастығы 21 желтоқсанда Департаментке жолдаған қызметхатында: «Я не стану доказывать таможенные учреждения необходимо открывать ныне же в полном их составе, напротив эта мысль воздерживала меня, в своем представлении за №7, предназначить к замещению все должности, почему и предпологал назначить в Кош-Агачский участок управляющего, помощника к нему и канцелярского чиновника исключительно в видах важности этого пункта, на котором безусловно должна быть организована в полном составе и стаража.

Но в Катон-Карагайский участок находил достаточным, на первый раз, назначить одного лишь управляющего со стражей в полном составе, с тем, чтобы на него возложить обязанности по наблюдению за Зайсанским участком, куда придется назначить двух пока помощников, одного в Зайсан, другого на Алкабек, и в полном составе старжу, в Бахтинский участок предположил назначить управляющего и помощника в тех видах, чтобы управляющий на первое время имел наблюдение и за помощниками управляющего Джаркентского участка, куда назначение управляющего, по моему мнению, до личного ознакомления с этой окраиной, не вызывается особой надобностью. В Бахтинский участок следует организовать в полном составе стражу, а Джаркентском полагал бы ограничиться назначением в самом Джаркенте трех стражников и на Хоргоссе двух стражников» - деп жазды [149, 29 айн.-30пп.].

Кедендік учаскелердегі күзет қызметкерлерін жинақтау кезіндегі туындаған қиындықтар туралы Қатон-қарағай учаскесі меңгерушісінің Семей кедендік аймағының бастығына жолдаған мәлімдемесінде: «При этом считаю необходимым доложить Вашему Высокородию, что при найме стражи, преимущественно из лиц не казачьего сословия встречается затруднение, так как ни в окрестных деревнях, ни в самом Катон-Карагае подходящих людей из нижних воинских чинов нет. Киргизы же кои могли бы быть приняты на службу, или ни слова не понимают по русски, хотя и грамотны по своему, или не грамотные, но говорящие по русски. А поэтому прошу разрешения Вашего Высокородия принимать в стражу рекомендуемых лиц из молодых казаков, оказывающихся совершенно трезвыми, хорошо владеющими как русской грамотой, так и киргизским языком, в особенности есть такие, которые отлично знают все пути и местоположение пограничной черты, Укокские и другие местности, а равно и неграмотных киргиз, но знающих русский язык», - делінді. [149, 85-85 айн.пп.] Аталған қиындықтардың туындауы, ең алдымен, мәлімдемеде аталғандай шекарада тұрғындар көлемінің, олардың арасындағы әскери шендердің аздығымен шартталса, екіншіден, күзет жалақысының төмендігінен, оның жерлігікті жағдайларға қажет шығындар мен ауыртпашылықтарды өтеуге мардымсыздығынан болатын. Шекара бойындағы өмір сүруге ауыр жағдайлардың орын алуы, жалақының уақытында төленбеуі кедендік күзет қызметкерлерінің жұмыстан бас тартуының басты себептерінің бірі болғаны туралы 1891 жылдың жазында Қос-ағаш кедендік учаскесінің меңгерушісі: «12 сего августа все объездчики и стражники участка, в присутствии таможни, отказались от службы, мотивируя этот отказ: во первых, отсутствием в Кош-Агаче каких-либо квартир; во вторых, тем, что заводить свои зимние аилы (юрты) им и не расчет, да и не на что, и что вообще при суровости Кош-Агачской зимы русские стражники не чувствуют себя в состоянии примениться к юртовому образу жизни; в третьих, что сами они, за службой, сена не накосили, а нанять посторонних косцов средств не имели, за неполучением до сих пор жалованья (не получено в таможне с мая), в кредит же, не смотря на все наши усилия никто из тех немногих киргиз, которые кочуют в некотором растоянии от Кош-Агача, не соглашаются ставить сено и в четвертых, что покупать сено по местным ценам, - от 25 до 50 к. за копну (но не русскую, а в треть таковой) для них немыслимо», - деп мәлімдеді [149, 120-120 айн.пп.].



Өлкедегі мамандандырылған қызметкерлердің жетіспеушілігі аймақ құрылымдарының басқарушы қызметтеріне кадрларды таңдау барысында да сезілді. Семей кедендік аймағы бастығының кеңсе құжаттарынан кедендік мекемелердегі кадрлық саясаттың бейнесін көруге болады. Аймақ басқармасының, кедендік учаскелердің кеңсе шенеуніктері әртүрлі әлеуметтік топтардан жинақталып, кейде бұрынғы қызмет салалары тіпті кеңселік жұмыспен байланысты болмағаны көзге түседі. Мысалы, аймақ басқармасына кеңсе шенеунігі ретінде қабылданған Петр Иванов алдында Семей облыстық басқармасы бухгалтерінің көмекшісі және экзекуторы қызметін атқарып [188, 1п.], Бақты кедендік учаскесінің кеңсе шенеунігі ретінде жұмысқа кіріскен Иван Матанцев Семей қалалық приходтық училищесінің мұғалімі болған [188, 2п.], ал казак Константин Жданов кедендік аймақ басқармасының кеңсе шенеунігі қызметіне қабылданды [180, 10п.]. Сонымен қатар әскери борышын кедендік мекемелерде өтеуге мүмкіндігі бар дворянин Михаил Петржкевич төлемақысыз кеңсе шенеунігі қызметіне белгіленді. [188, 12 айн.-13пп.] Кедендік учаскелердің меңгерушілері, олардың көмекшілері және күзет бақылаушылары қызметтеріне кадрларды таңдау барысында аймақ бастығының ұсыныстарын келтіруге болады. Онда: «2) На должность управляющего Кош-Агачским участком я полагал бы назначить г. Москалева, служившего недавно на Алтае Отдельным Заседателем и, следовательно хорошо знакомого с этой пограничной окрайной, по которой издавна бийские купцы провозят ежегодно из Китая немалое количество чая. Признавая Кош-Агач одним из важнейших пунктов по дороге в Кобдо, я полагал бы обезпечить таковой более опытными чиновниками; но если почему либо г. Москалев не пожелает занять должность управляющего в Кош-Агаче, то полагал бы предоставить ему таковую же в Катон-Карагайском или Джаркентском участке. 3) На должность помощника управляющего в Кош-Агаче полагал бы назначить Полицейского Пристава, коллежского ассесора Гавриила Залейщикова, как опытного и знающего хорошо киргизский язык чиновника, прослужившего в таможенном ведомстве много лет до упразднения Западно-Сибирской таможенной линии. 4) Канцелярским чиновником в Кош-Агаче полагал бы назначить отставного канцелярского служителя Степана Безсонова. 5) На Катон-Карагайский участок полагал бы назначить управляющим бухгалтера Семипалатинского областного правления, коллежского ассесора Николая Каеша; но если Департаментом будет отклонено мое предложение о назначении г. Каеша управляющим, то полагал бы назначить его помощником управляющего в Катон-Карагайский участок с допущением к временному исправлению должности управляющего впредь до назначения туда другого чиновника на эту должность. 6) Надзирателя стражи назначить в Катон-Карагай младшего помощника Устькаменогорского уезного начальника, неимеющего чина Александра Власенко, знающего пограничную полосу Устькаменогорского уезда и владеющего хорошо киргизским языком. 7) На Бахтинский участок полагал бы назначить управляющим отставного Статского Советника Иосифа Львицкого, знающего прекрасно пограничную полосу и опытного чиновника. 8) Помощником управляющего в Бахтинский участок полагал бы назначить переводчика областного правления Николая Пешехонова, получившего университетское образование. 9) В Джаркентский участок полагал бы назначить помощником управляющего и.д. Судебного следователя Семипалатинского уезда, губернского секретаря Алексея Попова. 10) На Хоргосский переходной пункт полагал бы назначить помощником управляющего причисленного в Томской Казенной Палате, Титулярного Советника Владимира Иванова, формулярный список которого представлен в Департамент Управляющим Томской Казенной Палатой 17 ноября, как это видно из прошения Иванова», - делінді [149, 22-23 айн.пп.].

1895 жылғы шайларды жеке салу мекемелерін ашу туралы Қаржы министрлігінің бұйрығында осы мекемелерде шайды ұсақ қораптармен қаптауды бақылау қажеттілігі туындады. Сондықтан, бұл шаралар үшін қызметке жауапты қарайтын шенеуніктерді тағайындау қарастырылды. Семей қаласында ашылған мекемелердің қызметін бақылау үшін: 1) аймақ басқармасының мекемесінде – мәртебелі кеңесші Кротты; 2) көпес өкілдері Своровский мен Суторехинның мекемесінде – бұрыңғы Қатон-қарағай кедендік учаскесінің меңгерушісі штатында тұрған кеңесші Каешті; 3) көпес Молчановтың мекемесінде – аймақ басқармасының кеңсе қызметкері Матанцевті бақылаушы қызметтеріне тағайындады. Ал, кедендер тұсында ашылған мекемелерде бақылаушы міндеткершілігі: 1)Жаркент кеденінде – кеденнің кеңсе қызметкері Ковалевскийге; 2) Бақты кеденінде – уақытша, кеңсе қызметкерін тағайындауға дейін кеден бастығының көмекшісі – кеңесші Тешехановқа; 3) Зайсан кеденінде – кеңсе шенеунігі Жеребятьевке жүктелді. Ал шайды дұрыс таңбалауды, бақылаушының белгіленген есептемелерді дұрыс жүргізуін қадағалау, Кедендік алымдар департаментіне шай мен таңбалардың кірісі мен шығыны туралы мәліметтерді жасау мен тапсыру, есептік жыл үшін Кедендік алымдар департаментіне жеке салу мекемелерінің кітаптары мен құжаттарын тапсыру міндеттері: 1) Бақты кеденінде – кеден меңгерушісі Лавицкийге; 2) Жаркент кеденінде – кеден меңгерушісі, коллеждік ассессор Головкоға, 3) Зайсан кеденінде – кеден меңгерушісі, коллеждік хатшы Давыдовқа, 4) Семейде – аймақтық ревизор, коллеждік ассессор Рутовскийге жүктелді [188, 11-12бб.].

Аймақтағы құрылым кадрларын таңдау барысында көп жағдайда кедендік істен тіпті бөтен, бөгде адамдардың тағайындалып, негізінен таңдаудың басты қағидасы ретінде қызметке қабылданушының аймақпен жақсы таныстығы, оның спецификасына, жергілікті жағдайға бейімдігі болғаны көзге түсті. Ж.Қ. Қасымбаев «Города Восточного Казахстана» атты еңбегінде атап өткендей, кедендік әкімшілік кадрларды таңдауда қатал талаптар қойды, алайда, өлкедегі осы талаптарға жауап беретін кедендік сала мамандары мен қызметкерлердің жетіспеушілігі сезілді [60, 53 б.]. Кейбір кедендік учаскелерде қызметкерлер мен күзетшілер тарапынан тәртіпсіздік пен ішімдікке салыну жайттары да орын алды. Мысалы, Қос-ағаштағы учаске бастығы мен оның орынбасары арасындағы жанжалды, ішімдікке салыну уақиғаларын келтіруге болады [148]. Учаскедегі орын алған келеңсіз жайттар кедендік аймақтағы кадрларды таңдау ісінің ауыр жағдайда болуын дәлелдейді. Учаскеде қызметкер арасындағы ішімдікке салыну, кедендік қызметті іске асырудағы ынтаның болмауы, қызметкерлер арасындағы дау-жанжалдар аймақ басшылығының алаңдаушылын тудырды. Қос-ағаш учаскесінің меңгерушісі тарапынан қызмет тәртібін бұзу фактілерін Семей кедендік аймағының бастығының оған жолдаған қызметхатында сипаттайды: «Дрязги, ссоры между Вами и помощником вашим на глазах стражи и посторонних лиц … достаточно выясняют Вашу бестактность и не соответствие занимать самостоятельную должность по неподготовленности еще к таковой. Вы мало знакомы вообще со службой, с делопроизводством, а с обязанностями своими в особенности. Не было бы ссор, пьянства и всего Кош-Агачского безобразия, если бы Вы не допускали подвоза вина и служили сами для подчиненных хорошим примером. Ничто так не деморализует подчиненных как пьянство – объездчик, приближенный к Вам, доносит Вам на помощника, а перед ним на Вас – вот и весь корень всего зла. Факт избиения Вами в присутствии стражи и посторонних лиц приказчика купца Гилева без всяких причин, в высшей степени деморализует подчиненных, унижает Ваше достоинство как управляющего и очень скверное производит впечатление на торгующих, пребывающих из заграницы в таможню» [156, 39-39 айн.пп.].

Тауарларды тіркеу және таңбалау қызметін орындау барысында кедендік қызметкерлерге күдік тудырған бірқатар оқылықтар кетіп жатты. Мысалы, Шәуешектен кедендік құрылымдар арқылы өтіп жатқан күмісті кедендік қызметкерлердің таңбалаудан соң алынған күміс салмағы төмен шығып, саудагерлердің шағымдарын тудырды. Бұл мәселе Департамент пен аймақ басшылығының ерекше назарына алынып, тексеріс жасалды. Күмісті таңбалау тәртібі бойынша пошта қызметі арқылы жіберілетін күміс кеденге түсетін. Сондықтан, Шәуешек пошта-телеграф бөлімшесінің бастығы күмістің салмағы төмендеуінде Бақтыдағы кедендік қызметкерлер күдікті деп тапты [189, 59п.].

Саудагерлердің наразылығына байланысты бұл мәселені Шәуешектегі консул қарастырып, күмісті таңбалау қажетсіз деген пікір білдірді. Консулдың мәлімдеуінше, біріншіден, күміске кедендік таңба салу жөнелтуші мен алушыны металдың сапасын растау мағнасында ешбір кепілдік бере алмайды, екіншіден, күміс айырбас құралы болып табылады [190, 1п.]. Консулдың бұл пікірін Қаржы министрлігінің Сауда және мануфактура департаменті қолдап, бұл күміс бұйымды жасау үшін емес, айырбас құралы екенін мәлімдеді [190, 9п.]. Нәтижесінде, Шәуешектен әкелінетін күміс таңбалаудан босатылды. Алайда, кедендік қызметкерлерге күдіктің болуы олардың кадрларды таңдау сапасына белгілі бір көлеңке тастады.

Сонымен қатар, басқа да учаскелерде бірқатар күзетшілер тарапынан тәртіп бұзушылық әрекеттері орын алды. Мысалы, 1897 жылы Хоргос өтпелі пунктісіне қызметін атқару үшін барудың орнына Жаркент қаласында өз еркімен жүргені, ішімдікке салынуы және қазыналық қаруды беріксіз сақтауы үшін күзетші Я.Нестеров [191, 1п.], қызметін дұрыс атқармау, жұмысқа ынта қоймау, дөрекі қылықтары үшін Қос-ағаш учаскесінің күзетшісі М.Разуваев [192, 52п.], қызметте әрекетсіздігі мен дене қабілеттері бойынша кедендік қызметке жарамсыздығы үшін Зайсан учаскесінің күзетшісі С. Керейбаев [192, 72п.], өз қызметтік міндеттеріне жайсыз қатынасы және парақорлыққа күдік тудыруына байланысты күзетші Березницкий [192, 73п.] қызметінен босатылды. Осы және басқа да мәліметтер негізінде өлкедегі кадрлық мүмкіндіктерінің шектелуіне, кедендік қызметтің ауыртпашылығы мен төмен ақылы өтелуіне байланысты кедендік қызметке қабылданған кедендік қызметкер деңгейі қанағатсыз болып, олардың арасында ішімдікке салыну, қызметтік міндеттерді атқармау және парақорлық фактілері орын алды деп тұжырымдауға негіз бар.

Кедендік күзет көлеміне қатысты бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады. 1890 жылы өлкедегі кедендік құрылымдарды құру кезеңінде Кедендік алымдар бекіткен жобада әрбір учаскедегі күзет саны 10 адамнан, 2 салт атты бақылаушы мен 8 күзетшіден тұруы тиіс еді. Алайда, тиімді кедендік бақылау жүйесін орнату үшін бұл күзет көлемі жеткіліксіз болатын. Кедендік бақылауды орнату үдерісі аймақта өзінің спецификасына ие болды. Кедендік күзетті ұйымдастыру үшін қандай да бір өңірді таңдау кедендік сала бойынша корғаушылық шараларға сәйкестігіне және сауданың даму деңгейіне тәуелді болып, бірқатар факторлармен: климаттық, географиялық, тұрмыстық жағдайлармен, қоныстанған мекендер мен әкімшілік орталықтардан алшақтығымен, кадрлық потенциалдың болуымен шартталды. 1891 жылы шекаралық шепті зерттеген соң, аймақ бастығы кедендік учаске бекеттерін белгілеумен айналысты. Учаске меңгерушілері мен олардың қызметін жүзеге асырушы шенеуніктердің хабарламасы негізінде сауда қозғалысы асатын жолдар мен өткелдерде ғана кедендік бақылаудың ұйымдастырылуының өзінде аймақта қорғаушылық мақсаттарға жету үшін кедендік күзет көлемінің жетіспеушілігі анықталды. 1891 жылдың жазында кедендік бекеттерді ұйымдастыру кезінде бекітілген штаттан тыс мөлшердегі кедендік күзет шендерін артық алу тенденциясы байқалды. Бұл тенденция 50-60 күзет өкілімен ірі кеңестіктерді бақылау мүмкіндігінің болмауымен шартталды. Департаменттің нұсқауларына негізделе, аймақ бастығы дербес түрде күзет көлемін ұлғайтуды ұйғарады. Осылайша, ол Жаркент кедендік учаскесі меңгерушісінің көмекшісіне келесідей хабарлаған: «считаю необходимым указать Вашему Высокоблагородию, что для охранения границы от водворения контрабанды надо расположить таможенную стражу в следующих наиболее необходимых и удобных для наблюдения пунктах: - первый пост - на перевале Кок-су; на нем Вы поставите 1-го объездчика и 1-го стражника. При чем на них же должно быть возложено наблюдение и за перевалом Сар-Кан отстоящем не более 15 верст от Кок-су. Тщательное охранение этих перевалов представляется чрезвычайно важным, ибо чаеторговцы следуя по долине р. Бороталы или другим путем, и прорвавшись на них, легко могут уже попасть в Копал или станицу Коксуйскую и таким образом ввозить беспошлинно чай.

Второй пост - из 1-го объездчика и 1-го стражника, должен находиться на развалинах укрепления Бороходзира в виду того, что река Хоргос (во время мелководья) доступна во многих местах к свободному переходу. Минуя с северной стороны Хоргосский переходный пункт, через укрепление Бороходзир, куда сходятся все доступные к переходу верхом дороги, откуда в тоже время они и расходятся в русских пределах по разным направлениям, контрабандисты могут свободно водворять незаконным образом чаи. На обязанности стражи этого поста будут разъезды, к северу до верховьев р. Усека и к югу до поселка Бороходзира. Пост этот важен потому особенно, что он может наблюдать как за тайным провозом из Сейдуна байховых чаев, которых немало имеется там, по полученным сведениям так и за провозом кирпичного чая, приготовляемого в близи Сейдуна, в окрестностях которого насколько известно растет даже чайное дерево.

Далее, считаю необходимым, поставить одного расторопного и старательного стражника в селе Ак-Кент, который неослабно следил бы за тем, чтобы торговцы, прошедшие Хоргосский переходной пункт, не могли подменять по пути в Джаркент товарные тюки.

Затем 1 объездчик и 1 стражник должен помещаться в Кальжате, и в тоже время один стражник в Дубуне, стража эта будет охранять границу от тайного провоза из Кульджи и других мест по левому берегу реки Или.

Что же касается Хоргосского переходного пункта и Джаркентской таможни, то нет никакой надобности держать на этих пунктах по 1-му объездчику и по 2 стражника, как это заведено Вами и совершенно достаточно будет для обоих учреждении по 2 стражника» [193, 10-11пп.]. Кедендік учаске меңгерушісінің қарауына Іле өзенінің сол жағалауынан Дубун өткелін бақылау үшін Сем-Шолақта немесе Іле өзенінің Қайырған өңірінде кедендік бақылауды ұйымдастыру мәселесі қалдырылды [193, 11 айн.п.].

Зайсан кедендік учаскесінің меңгерушісі кедендік күзетті келесідей орналастырды:



  • «на урочище Ак-Джяйляу (на южных отрогах Алтая) объездчик и стражник, охраняющие дорогу, идущую от р. Каракобы мимо озера Маркакуля до урочища Ак-Джяйляу и далее, южнее до зимовки киргиза М…(?), стоящей при истоке Алкабека в долину р. Черный Иртыш, дистанция которых таким образом обнимает собою протяжение около 80-90 верст;

  • около зимовки Малое помещается один стражник, обязанный надзирать за движением через р. Алкабек на всем его протяжении по долине р. Черного-Иртыша – дистанция верст 40-45;

  • два стражника на Май-Капчагае, дистанция которых определяется разъездами до прохода Бурму – верст 30; около зимовки М...(?) помещается один стражник, обязанный надзирать за движением через р. Алкабек на всем его протяжении на долине р. Черного-Иртыша - дистанция 40-45 верст;

  • в проходе Бурмасутай объездчик и два стражника, обязанные разъезжать до прохода Чаган-або и – в другую сторону до прохода Хабар-асу – верст 30 и 60;

  • два стражника на Май-Капчигае, дистанция которых делятся разъездами до проход Бурасутай - верст 30;

  • два стражника при таможне, в Зайсане» в проходе Бурасутай объездчик и два стражника, объязанные разъезжать до прохода Чаган-або и в другую сторону до прохода Хабар-асу - верст 30-60;

  • два стражника при таможне, в Зайсане» [193, 23-23 айн.пп.].

Тарбағатай аймағының географиялық және экономикалық жағдайларын сараптай келе, Бақты учаскесінің меңгерушісі учаскенің бекеттерін келесідей орналастыруды жобалады:

1) Тарбағатай арқылы өткелде, Суасу, Талды, Саясу өзендерінің маңында (үш күзетші);

2) Көлденең-су және Ұзын-бұлақ өзендері бойынша (үш күзетші);

3) Шәуешек қаласынан Ұржар станицасына барар жолда (үш күзетші);

4) Бақты тауының оңтүстік беткейінде (екі күзетші);

5) Еміл өзені бойынша (төрт күзетші);

6) Құлжа ауданынан шай тауарының әкелінуі мүмкін Лепсі қаласында (үш күзетші);

7) 50 шақырымдық шепте орналасқан Константиновка деревнясында (екі күзетші);

8) кеден тұсында (үш күзетші);

9) Шәуешекке барар жолдың көпірі маңында (екі күзетші) [149, 160айн.-161пп.].

Осылайша, учаске меңгерушісі басшылыққа учаске штатын тағы 15 күзетшіге көбейту қажеттілігі туралы хабарлаған. Алайда, аймақ басшысында бұған қатысты өзінің пікірі бар еді және ол учаскедегі қажет бақылауды 18 күзетші көмегімен қанағаттандыруға болады деп тапты.

Кедендік бекеттерді ұйымдастыру кезінде аймақта бірқатар қиындықтар туындады, себебі кедендік ұйымдастыру жобасында белгіленбеген өңірлерді қамтамасыз ету қажеттілігі туындады. Олардың қатарына Қатон-қарағай мен Қос-ағаш кедендік учаскелері арасында орналасқан Үкек (Укок) өңірі де жатты (қосымша Л). Осы мәселе бойынша аймақ бастығы: «Обращаясь к проектируемым штатам стражи при таможенных учреждениях по границе, я считаю долгом теперь же заявить что, по моему мнению, положительно необходимо иметь особого надзирателя стражи на урочище Укок, отстоящим от Катон-Карагая, по дороге на Суок в 151 верст, в тех видах, что из этого урочища разветвляются вьючные пути: один на Уймонскую долину, на которой расположено 4 деревни, а другой путь ведет в заселенные местности по реке Бухтарме, таким образом, если на Укоке не будет надзора, то легко можно перевозить беспошлинно чай помимо Кош-Агачской и Катон-Карагайской таможен в заселенные крестьянами деревни и сбывать по всему Алтаю, в чем я убедился ныне в поездку мою в Катон-Карагай и другие населенные по этому пути местности. Поэтому я полагал бы безусловно необходимым назначить на Укок особый надзор из надзирателя и четырех конных стражников, командировав их из состава Катон-Карагайской таможни с подчинением этого пункта ближайшему наблюдению сей таможни, оставив при ней 2-ух объездчиков и 4-х стражников», - деп қорытқан еді [149, 13 айн.-14пп.]. Бірақ, бір салт атты бақылаушы мен 4 күзетшіден тұратын кедендік бақылаудың жеткіліксіздігін учаске меңгерушісі де мойындаған. Үкекке сапардан соң, ол «алғашқы кезеңге күзетті тағы 4 адамға көбетудің және егер де Үкекте бекет қойылатын болса, онда қауіпсіздік үшін және азық қорларын әкелу үшін де сол жерде 8 күзетші мен 2 салт бақылаушы ұстау қажеттігін» хабарлаған [193, 34-34 айн.пп.].

Шекара бойымен сапар мен кедендік бақылау үшін ыңғайлы өңірлерді қарастырудан кейін аймақ бастығы келесідей қорытынды жасады: «…для достижения целей пограничного надзора в названных участках (Бахтинском, Зайсанском, Катон-Карагайском, Кош-Агачском - К.Б.), хотя бы только охраной более доступных и торных дорог из Китая через границу, по которым всегда производилось торговое движение, недостаточно положенных по утвержденным г. Министром Финансов штатам для таможенных участков округа десяти человек нижних чинов в каждом участке…самое меньшее число нижних чинов: стражников и объездчиков, последних оставляя по 2 в каждом участке, при котором возможно установить необходимый надзор в названных четырех участках округа определяется: для Бахтинского участка в 18 человек, для Зайсанского в 16 человек, для Катон-Карагайского в двенадцать человек и для Кош-Агачского участка в 17 человек» [193, 43-48 айн.пп.]. Бұл туралы баяндай отырып, аймақ бастығы қажет мөлшерге дейін төменгі шен шататын ұлғайтуды сұрады.

Бірақ, департамент күзет көлеміне қатысты өзінің позициясына берік болып, оны келесідей қорытты: «…испрашивать в настоящее время отпуск из казны дополнительных средств на увеличение числа стражников в Семипалатинском таможенном округе представляется неудобным, как по состоянию средств Государственного Казначейства, так и потому, что производимый на содержание таможенного надзора по границе нашей с Западным Китаем расход утвержден Государственным Советом только еще в прошедшем году, согласно представлению Министра Финансов…» [193, 69п.]. Сондықтан 1891 жылдың қысына қарай мәселенің осылай шешілуіне байланысты барлық учаске меңгерушілеріне күзет көлемін бекітілген штат бойынша көлемге жеткізуді бұйырды. Бұл кедендік бақылауды жүзеге асыру шараларында көптеген қиындықтар тудырды, бұл туралы Жаркент учаскесінің меңгерушісі: «…полученное ныне Ваше приказание о сокращении стражи до десяти человек (2 объездчика и 8 стражников) еще более обусловит невозможность тщательного ее охранения…уменьшая же ее численность на два человека придется снять стражника с Дубунской переправы и объездчика с Башкунчей, хотя оба эти пункта не лишены важного значения в особенности летом, когда придется следить за границей и в горах сплошь до перевала Коксу, и движение народа через названную переправу становиться весьма оживленным», - деп өзінің өкінішін білдірген [193, 75-76пп.]. Бақты учаскесінің күзет құрамын азайтудан соң кедендік бекеттердің орналасуы туралы оның меңгерушісі келесідей хабарлаған еді: «Что же касается состава стражи, то таковой в настоящее время доведено уже до установленного - двух объездчиков и восьми стражников, которые на зимнее время по участку распределены в следующем порядке: три стражника постоянно находятся на реке Эмиль, три - живут на хуторе Мурзы Артыка, один у моста при въезде в Бахты из Чугучака, один при таможне и два объездчика поочередно, с кем-нибудь из приезжающих с пикетов стражников, производят разъезды и проверку постов». Қатон-қарағай учаскесінің меңгерушісі күзетшілер санын қысқартып, қысқы уақытқа келесідей орналастырды:

- Арчатов деревнясынан 4 шақырым жоғары жерде – 7 адам (бір салт атты бақылаушы мен 6 күзетші);

- кеден тұсында – 3 адам (1 салт атты бақылаушы мен 2 күзетші) [193, 83п.].

Бірақ, аймақтағы кедендік бекеттер белгіленген мекендерге ғана тұрақталып қалмады, сауданың барысы мен контрабандаға қарсы күрес талаптарына сай өзгерістерге ұшырап тұрды. Мысалы, 1893 жылы Қос-ағаш кедендік учаскесіне жаңадан тағайындалған меңгеруші учаскенің алдыңғы бекетін «Қос-ағаштан Жаңғыз-терекке ауыстыруды – мақсатқа сәйкес және шекаралық қозғалысты бақылау ісін жеңілдететін шара деп тапты». Осы ойды жалғастыра келе, ол бекетті ауыстырудың себептерін ашып көрсетеді: «Таким образом громадное пространство в 50 верст, отделяющее государственную границу от Кош-Агача, крайне неудобное для наблюдения по характеру строения своей поверхности и вызывающее тяжелые, почти не достигающие своей цели суточные разъезды, теперь сократятся на целые 35 верст, оставив для наблюдения площадь не более как в 15 верст, ровную и удобную для наблюдения с имеющейся на возвышенности и не требующую больших разъездов. Это дает возможность состав нижних чинов передового поста ограничить до трех человек, уделив стражников для вновь учрежденного мною Катунского поста (на заимке Кузьмина), имеющего целью наблюдение за дорогами, ведущими из-за границы через реки Исатыри и Архыт и по реке Ебиль» [194, 47-47 айн.пп.].

Осы учаскеде жаңа басшылықтың келуі нәтижесінде жаңадан екі – Қатын және Жаңғыз-терек бекеттері ашылып, күзетті келесідей ұйымдастыру ұйғарылды: «В силу этих распределении управляемый мною участок теперь будет охраняться в таможенном отношении так: 1) пути северо-восточной части участка наблюдаются разъездами Чулышманского поста (два стражника); 2) Чуйская дорога Джангыс-терекским передовым постом (один объездчик и два стражника), при чем надзиратель стражи должен постоянно пребывать в Кош-агаче, непосредственно наблюдая за Кош-Агачским торговцами и частыми и внезапными поездками, проверяя действия передового поста и 3) Уймонский край охраняется действиями Катунского поста (два стражника).

При таможне остается один объездчик и два стражника, из которых необходимо время от времени затрачивать одного человека для командировок по сдаче казенных сумм и корреспонденции и для развозки жалования и на проверку действии постов» [194, 47 айн.-48пп.].

1895 жылға қарай шекарадағы кедендік бақылау жүйесін орнату үшін күзет көлемінің жеткіліксіздігі айқын байқалды. Нәтижесінде департамент пен аймақ әкімшілігінің арасындағы хаттама негізінде кедендік табыс мен маңызы жағынан төмен деңгейдегі кедендік учаске – Қатон-қарағай учаскесін таратып, оның бақылау территориясын Зайсан учаскесіне қосып, кедендік басқарма бойынша шығындарға кеткен қаражаттар енді аймақ күзетін күшейтуге бағытталды. Және те орыс-қытай келісімдеріндегі 50 шақырымдық шеп тәртібін жүзеге асыру қажеттілігі туындады. Осы ретте аймақ бастығы Кедендік алымдар департаментіне ұсынған 50 шақырымдық шеп картасы құрастырылып, онда кедендік бекеттер жүйесін орналастыру жобасы берілді. 50 шақырымдық шеп жобасы бойынша кедендік күзетті шекарадан елу шақырымдық қашықтықта орналастыру көзделді. Оның негізінде Жаркент учаскесі бойынша әрбіреуінде екі күзетшіден тұратын 9 бекет, Бақты учаскесі бойынша – 7 бекет, Зайсан учаскесі бойынша – 9 бекет, Қос-ағаш учаскесі бойынша – 4 бекет орналастыру қарастырылды [160, 32-34пп.]. Қатон-қарағай учаскесінің Зайсан учаскесіне қосылуына байланысты учаскедегі бекеттер саны де сәйкесінше өзге учаскелерге қарағанда көбірек жобаланды. Аталған жобаның негізінде құрылуға тиісті бекеттер санын келесі кестеден көруге болады:


6-кесте – Семей кедендік аймағы кедендік учаскелерінің кедендік бекеттерін орналастыру жобасы


Мекен атауы

Салт атты бақылаушылар саны

Күзетшілер саны

А) Жаркент учаскесі бойынша







1. Жаркенттегі кеден тұсында

1

2

2. Хоргосс өтпелі пунктісінде

1

2

3. Көксу станицасында




2

4. Попутный деревнясында




2

5. Голубовский мекенінде




2

6. Шарын өткелінде




2

7. Дубын селосында




2

8. Қос-ағаш селосында




2

9. Ұдаты селосында




2

Б) Бақты учаскесі бойынша







1. Бақты кедені тұсында

1

2

2. Мақаншы селосында




2

3. Еміл өзенінде




2

4. Үш-арал селосында




2

5. Лепсі қаласында

1

2

6. Колпаковский селосында




2

7. Қапал қаласында




2

В) Зайсан учаскесі бойынша







1. Зайсан кедені тұсында

1

1

2. Ұлан-эрге бағытында




2

3. Теріс-айрық




2

4. Қаратал




2

5. Алқабек өтпелі пунктісінде

1

2

6. Қалжыр өзенінде




2

7. Қатон-қарағай өтпелі пунктісінде

1

2

8. Зимовье шатқалында




2

9. Үкек шатқалында

1

2

Г) Қос-ағаш учаскесі бойынша







1. Оңдұғай кедені тұсында

1

2

2. Қос-ағашта (Жаңғыз терек)

1

3

3. Шолышман өзені бойында




2

4. Қатын өзені бойында




2

Ескертпе - ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №65 – «О преобразовании системы таможенного надзора в районе 50-ти верст приграничной с Китаем полосы», 1895-1896жж., 32-34пп.

Кесте негізінде Департамент бекіткен жобадағы белгіленген күзетшілер саны біршама ұлғайғаны байқалады. Дәлірек айтсақ, кедендік аймақтың бекітілген штаты бойынша 50 адамнан тұрған күзет (салт атты бақылаушылар мен күзетшілер) кұрамын тағы 18 адамға ұлғайту көзделді. Және департамент тарапынан аталған мақсаттарға қандай да бір қаражат бөлуге мұқтажы мен ниеті жоқ болды. Сондықтан, департамент аталған күзет көлемін ұлайту тек аймақ бойынша бекітілген шығындар шеңберінде жүзеге асып, Қатон-қарағай учаскесін таратудан босаған қаражаттармен өтелуін талап еткен [160, 64-64 айн.пп.]. Салт атты бақылаушылар негізінен кедендер, өтпелі пункттерде және сауда көлемі тұрғысынан маңызды мекендерде орналасты. Шекараның ауыр географиялық және климаттық жағдайлары, мекендер санының шағын көлемі кедендік күзетшілерді бірлесіп қызмет ету тәжірибесі қолданылды. Кедендік күзет үшін жұмыс тәртібі де айқындалды. Оның негізінде саудаға ыңғайлы жолдарда, өткелдерде жасырын секреттер құрып, шекарадан өткен саудагерлерді тексеру болатын.



Ресей империясының Батыс Қытаймен шекарасының басым бөлігін қамтыған Семей кедендік аймағының құрылымдарын кадрлық қамсыздандыру мәселелерінің негізгі тұстарын сараптай отырып, келесідей қорытынды жасауға болады:

  • біріншіден, Семей кедендік аймағындағы шекара бойымен сауда барысына бақылауды орнату ісі өте төмен жағдайда болды, оны қамтамасыз етуге тағайындалған шенеуніктер дәрежесі еуропалық шекара бойымен кедендік құрылымдар қызметкерлерінің дәрежесімен теңестірілді, шекарадағы кедендік бақылау қызметін атқару міндеткершілігі бар жалданбалы күзет өкілдерінің саны аз және жалақысы төмен болып, оның көлемі ұзақ шекара бойымен үзіліссіз бақылауды қамтамасыз ете алмады;

  • екіншіден, Кедендік алымдар департаменті мен жергілікті кедендік әкімшіліктің кедендік шенеуніктер мен қызметкерлерге, күзетшілерге деген жоғары талаптарына қарамастан, аймақтағы мамандардың, талаптарға жауап беретін қызметкерлердің жетіспеушілігі орын алды, сонымен қатар шекара бойындағы ауыр өмір жағдайлары, жалақының төмендігі жерлігікті тұрғындар тарапынан кедендік қызметке қызығушылық тудырмады.



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет