Батталов қайрат қанатұЛЫ



жүктеу 2.73 Mb.
бет8/9
Дата25.04.2016
өлшемі2.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті

2.3 Семей кедендік аймағын қайта құру
Жоғарыда көрсетілгендей, ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарына қарай орыс билігінің өлкедегі тұрақталуына және 1881 жылғы Петербор келісімінен кейінгі орыс-қытай саяси ара-қатынасының қағидалары айқындалуына байланысты өлкедегі басқару жүйесін Еуропалық Ресейдің стандарттарына теңестіру талаптары туындап, қосалқы басқару-бақылау функциялары жергілікті әкімшіліктерден жеке арнайы, маманданған құрылымдарға жүктеледі. Нәтижесінде, 1890 жылы 12 маусымында Қаржы министрлігінің Кедендік алымдар департаментінің ұсынуымен Дала генерал-губернаторлығының Батыс Қытаймен шекарасында сауда қатынас мәселелерін бақылау, орыс саудагерлері мүдделерінің қорғау және кедендік баждар жинау функцияларын Семей кедендік аймағы атқарып жатты [109, 445 б.]. Семей кедендік аймағының құру барысында Қаржы министрлігі мен Департамент тарапынан басым түрде фискалдық мүдделердің орын алғаны байқалады. Ал кедендік аймақты басқаруда кедендік шенеуніктер көлемін көбейтуге, белгілі бір дәрежеде кеңсешілдік (бюракратизациялану) үдерісінің күшейуіне бағыт алуы анықталды. Оның негізі шағын көлемді күзет өкілдері (шамамен аймақ бойынша 60-70 адам) мен қажет көлемнен тыс шенеуніктер (шамамен 25 адам) арақатынасында жатқан еді. Жалпы, Семей кедендік аймағын құрудың негізгі қағидаларын айқындауға болады:

  • сауда барысының және шай саудасынан кедендік баждардың түсуіне дейін аймақтың кедендік құрылымдарына қаржылық шығындарды мүмкіндігінше азайту, қаражаттарды үнемдеу;

  • шекараның климаттық, географиялық орналасуына, тұрақты мекендердің шекарадан орналасу қашықтығына, сауданың тек қана белгілі бір бағыт-жолдармен, тау жоталары арқылы дамуына, сауданың спецификалық керуендік формасына байланысты кедендік күзетті сәйкесінше аз көлемде, төмен жалақыға ұйымдастыру;

  • кедендік жүйені басқаруда алқалық қағидалардың қолданылуы, еуропалық дәрежедегі кедендік шенеуніктерге құқықтық дәрежесі теңестірілген кедендік қызметкерлер лауазымдарының болуы, бақылау функцияларын көлемін ұлғайту.

Аталған факторлар Семей кедендік аймағындағы кедендік бақылауды ұйымдастыру ісіне жағымсыз әсер етті. Әлсіз бақылау, күзетшілердің шағын көлемі аймақтағы контрабандалық сауданың кең өріс жаюына әкелді, кедендік басқарма мен учаске шенеуніктер санын азайтып, аймаққа бекітілген шығындар есебін өзгертуге, кедендік күзетті күшейтуге мүмкіндіктің болмауы кедендік әкімшілікті тығырыққа тіреді. Осыған қоса, өлкедегі жобаланған шай саудасының ұлғайуы, орыс-қытай саудасының күшейуіне шай саудасына Шыңжаңдағы жергілікті қытайлық әкімшіліктердің монополиясы, Кяхта шай саудасының монополиялық жағдайы, жалпы Ресейдің өлкедегі саяси-экономикалық позицияларының күшейуінен қауіптенген қытай биліктерінің орыс-қытай саудасына қарсыласуы кедергі болды.

Семей кедендік аймағының қызметі барысында қазынаға аймақ арқылы белгілі бір кедендік алымдардың түсіп, аймақ құрылымдарын ұйымдастыруы мен қызмет етуіне кеткен шығындарды өтеуді күткен Қаржы министрлігі мен Кедендік алымдар департаментінің үміттері жүзеге аспады, бұл болса, белгілі бір дәрежеде фискалдық мүдделерге назар бөлген патша үкіметін және Н.Белюстин басқарған Кедендік алымдар департаментін алаңдатып, 1897 жылы Қаржы министрлігі кедендік аймақ құрылымдарының қызметін тексеру үшін кедендік ревизор шынайы статтық кеңесші Рогаль-Качураны жібереді. Рогаль-Качура өзінің қызметтік іс-сапары барысында кедендік аймақ құрылымдарының (аймақ басқармасы, Зайсан учаскесі, Бақты учаскесі) ұйымдастырылу сипатын, күзет талаптарына сәйкестік деңгейін, іс-жүргізу саласының жағдайын, жалпы кедендік құрылымдар арқылы түсетін табыстардың көлемін тексереді. Аталған шенеунік шекараны кедендік тұрғыдан бақылау туралы: «Шынында, шекара біріңғай казактар тарапынан күзетіледі, ал өзінің саны аздығының нәтижесінде кедендік күзет казактар бекеттерінің артында жасырын тосқауылдар құрып, шекара арқылы жасырын түрде немесе тәртіппен бекітілген жолдар арқылы өткен тауарларды іздеумен айналысады», - деп мәлімдейді [163, 251-252 бб.]. Сонымен қатар, аймақты басқаруда оның алқалық сипатына тоқтала келе, ревизор учаске меңгерушілеріне контрабандаға қарсы күресте белгілі бір еркіндіктің берілгенін атап өтеді. Жалпы, Қытайдың Шығыс провинцияларынан әкелініп, Үрімші мен Құлжа қалалары арқылы өтетін шай саудасының жағдайын тексере отырып, Рогаль-Качура оның заңсыз, контрабандалық түрде дамуының себептерін атайды:

«а) жалпы бұл жолдың және оның маңайының дүнгендер тарапынан талқандалуы;

б) батыс аймақ тұрғындарының кедейленуіне әкелген 1895 жылғы үкіметтің озбырлығы;

в) Тянь-Шань тау жоталарының қысқы мезгіл кезінде өтуге жарамсздығы...» [163, 254-255 бб.].

Рогаль-Качураның тексеруі нәтижесінде Департамент өлкедегі сауданың шағын дамуының объективті және субъективті себептерін айқындап, кедендік құрылымдарды ұйымдастыруды сынға алады: «Осы аймақтың аз табыс әкелуі көптен бері Департаменттың және сонымен қатар, Мемлекеттік кеңестің назарында болып, осы аймақты құру барысында болған көптеген ойлардың уақыт өте келе өзінің маңызын жоғалтқанын дәлелдеді. Басында көзделген Қытайдан шайды тасымалдау бұрынғы жылдарға қарағанда өсу түгелі, тіпті төмендеді, себебі, жергілікті шай саудагерлері Дала генерал-губернаторлығына шай тасымалдауын Иркутск кеденінде төлеу арқылы пайдалы деп тапты, ал Іле өлкесінде жоғары сапалы шайларға өз монополиясын орнатқан қытай үкіметі оны Құлжа және Тарбағатай аймақтарынан біздің иеліктерге өткізуге тыйым салды. Екінші жағынан, сыйақы беру кезеңінен біздің мануфактуралық тауарларды Қытайда өткізу өсе бастады, және жергілікті кедендік мекемелердің есептік квитанциялар бойынша қайтаруға жататын баждардың сомасы енді маңызды көлемдерге жетті.

Істің осындай жағдайында аймақтағы кедендік күзет үшін бар қаражаттар екі басты мақсатқа – шай контрабандасына қарсы әрекеттесуге және шекарадан сыйақы төленетін орыс бұйымдарын шығарудың дұрыстығын бақылауға жету үшін бағытталуы қажет. Осы міндеттердің талдай отырып, ең алдымен біздің Қытаймен келісім бойынша қытайлық шекара арқылы тауарларды өткізу осы келісімде анықталған шекаралық пункттерде рұқсат етіліп, осының нәтижесінде кедендік бақылау басым түрде осы пункттерде және өлкенің ішіне барар жолдарда шоғырлануы қажет деген тұжырымға тоқталу керек. Алайда, қазіргі кезде аймақтың кейбір кедендік мекемелердің шекарадан алыстығы сонша, тіпті өзінің қызметін орындай алмайды, себебі, шай баждарын төлеуге тиісті бірнеше ондаған шақырым қашықтыққа созылған кедендерге тасымалдау, сонымен қатар, есептік квитанциялар бойынша шекарадан сыртқа шығарылатын тауарлардың шынайы тасымалы да қажет деңгейде ештеңемен қамтамасыз етілмеген» [162, 1-2пп.].

Осылайша, Кедендік алымдар департаметі Семей кедендік аймағындағы құрылымдарды ұйымдастыру деңгейін сынға ала отырып, аймақ әкімшілігі алдында қайта ұйымдастыру мәселесін қояды: «Кедендік мекемелердің осындай орналасуының ыңғайсыздығы кедендік бақылауды аймақтың қазір қызмет етуші учаскелік басқармасының орнына шекара арқылы тауарлық қозғалыс үшін ашық барлық өткелдерге кедендік күзетті орналастырып, тұрақты шай тасымалы мен сыйақы белгіленген тауарларды өткізу жүзеге асатын жолдарда осы тауарларға кедендік операциялар үшін шекаралық кедендік пункттер құру тиімдігі туралы сұрақты тыянақты және жан-жақты қарастырудың қажеттігін тудырды» [162, 2-3пп.].

Семей кедендік жүйесін қайта ұйымдастыру жобасын жетілдіру Департамент тарапынан бірнеше жылға созылды. Мәселе тек Семей кедендік аймағымен шектелмеді, кедендік бақылау шекарасының ұзақтығы мен басқару мен бақылау функцияларының орталықтануына, нәтижесінде кедендік әкімшіліктің басқару-бақылау қызметін толықтай орындай алмауына байланысты Түркістан аймағында да кедендік жүйені қайта ұйымдастыру жобасы әзірленді. Нәтижесінде, 1899 жылдың 4 маусымда Мемлекеттік кеңес Түркістан өлкесіндегі, Закаспий және Семей облыстарындағы, Қытаймен Томск губерниясының шекарасы бойынша кедендік бақылауды қайта ұйымдастыру туралы Қаржы министрлігінің ұсынысын бекітті [104, 617 б.]. Заң бойынша Закаспий және Семей кедендік аймақтары таратылып, Түркістан және бұрынғы Семей кедендік аймақтарында жеті учаскелік инспекторлар лауазымдары енгізілді. 1899 жылы 10 тамызда Қаржы министрі Жоғарғы кеңестің шешіміне негізделе, бұрынғы Семей кедендік аймағында Бийск, Зайсан және Қапал инспекторлық учаскелерін құрады. Бийск инспекторлық учаскесінің аймағына Қос-Ағаш кедендік учаскесі (Енесай губерниясының шекарасынан Укок шатқалына дейін) кірсе, Зайсан инспекторлық учаскесінің аймағы Зайсан кедендік учаскесінің шеңберіне (Укок шатқалынан Сая-су өткеліне дейін) сәйкес болып, Қапал инспекторына Бақты және Жаркент кедендік учаскелері қарасты болды [108, 16-17 бб.]. Аталған инспекторларға – шен бойынша VI класс, мундирге тігін бойынша VІ дәреже, аймақтық ревизорлар үшін бекітілген зейнетақы бойынша құқықтар, жылына 4500 рубльді құрайтын жалақы (оның ішінде – 1750 рубль жалақы, 1750 рубль асханалық және 1000 рубль баспаналық қаражат) және кеңселік шығындарды өтеу үшін әрбіреуіне жыл сайын 500 рубль көлемінде қаражат бөлінді. Инспекторлар Қаржы министрінің ұсынуымен жоғары жарлықтармен тағайындалды. Қаржы министріне учаскелік инспекторға қарасты учаскелердің көлемін, аталған инспекторлардың тұрақты қызмет орындарын бекіту және қызмет шеңберін айқындау құқықтары берілді [108, 11-13 бб.]. Сонымен қатар, кедендік инспектордың құзыреті де айқындалды. Осы ретте заң бойынша енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді келтіруге болады:

«1) Түркістан аймағында кедендік инспекторлар кедендік аймақ бастығына қарасты болса, Семей кедендік аймағындағы учаскелік инспекторлар - тікелей Кедендік алымдар департаментіне бағынады;

2) Бұрынғы Семей кедендік аймағының бастығына жолданған істер осы кезден бастап жергілікті кедендік мекемелерден тікелей Кедендік алымдар департаментіне тиесілі болып, ал нисиелерді сұрау және қызметтік тұлғаларды тағайындау, орнынан босату және марапаттау туралы өтініштер учаскелік инспекторлар арқылы ұсынылады;

3) Әрбір учаскеде инспекторға ондағы кедендік құрылымдарды меңгеру мен кедендік қызметті іске асыруды бақылау артылады. Ол кедендік құрылымдарды олардың барлық қызмет бөлімдері бойынша тексеріс жасауға міндетті;

4) Өзіне қарасты учаскенің кедендік құрылымдардың әрекеттерінің дұрыстығына міндетті учаскелік инспектор олардың кедендік сала бойынша заңдардың, басқарушы тұлға мен шендердің нұсқауларының және бұйрықтарының дәл іске асуын бақылайды;

5) Учаскелік инспектор кедендік құрылымдардың учаскесінің құрамындағы шенеуніктердің іс-әрекетіне арыздарды қабылдайды. Қателіктер немесе қызметін пайдаланып, қиянат жасауды тапқан кезде инспектор оларды жоюға бағытталған шараларды қолданады және осындай бүліктер бойынша тексеру жүргізеді, осы ретте маңызды жағдайларда жоғары тұрған басқармаға іске асырған бұйрықтар туралы хабарлап, сәйкес құрылымдардың қызметтік тұлғаларын уақытша қызметтерінен босатады. Сонымен қатар, ол кінәліге әкімшілік тәртіп бойынша айқындалатын жазаны тағайындау туралы өзінен жоғары басқармаға хабар етеді;

6) Заңдарды, нұсқаулықтарды және бұйрықтарды қолдану кезінде кедендік құрылымдарға кездесетін қиындықтар мен түсініспеушіліктерді кедендік инспектор жылдам әрекет арқылы шешуді талап ететін жағдайларда өз жауапкершілігіне алып, жеке билігімен шешеді және жоғары тұрған басқармаға жасалған бұйрықтар туралы жеткізеді;

7) Жасырын түрде әкелінетін немесе сыртқа шығарылатын тауарларды ұстау туралы мәліметтерді ала отырып, осы ұстаулар бойынша тергеу жүргізіп, қажет жағдайда шекаралық күзет әкімшіліктерімен қатынасады;

8) Учаскелік инспектор ұсталған тауарларды (барлық сомаға әкелуге немесе шығаруға тыйым салынған және бажсыз тауарларға қатысты, 150 рубльден жоғары сомаға баж төлеу арқылы шығару мен әкелуге рұқсат етілген тауарларға қатысты) бағалау мен қайта бағалауды бекітеді, сонымен қатар, сатуды жүзеге асыру үшін орындарды бекітіп, барлық сомалардағы кәмпескеленген тауарларды сатуға рұқсат етеді» [104, 618 б.].

Кедендік инспектордың құзыр шеңберін айқындай келе, Қаржы министрлігінің Кедендік алымдар департаменті өлкедегі кедендік сала бойынша шенеуніктер мен құрылымдардың өзара қарым-қатынас қағидаларын реттеу үшін жаңадан енгізілген шен - кедендік инспекторлардың құқықтары мен міндеттерін айқындауға тырысты. Осы мақсатпен 1899 жылдың 30 желтоқсанында Қаржы министрі бекіткен 1899 жылдың 4 маусымындағы Орта Азиядағы кедендік бақылауды қайта ұйымдастыру туралы заңды қолдану бойынша Түркістан кедендік аймағы мен Бийск, Зайсан, Қапал учаскелерінің учаскелік кедендік инспекторлары мен мекемелеріне арналған нұсқаулық әзірленді. Жаңа шенеуніктің қызметінің басты тұсы ретінде қызметтің барлық салалары бойынша кенеттен және жиі мерзімді тексерулерді жүзеге асыру деп белгіленді [108, 17-18 бб.]. Аталған нұсқаулықта кедендік инспекторлардың қызмет шеңбері де анықталды. Олардың негізгілері:



  • «1899 жылдың 4 маусымындағы VІІ заңның 4, 5 және 6 баптарына сәйкес кедендік сала бойынша заңдардың, нұсқаулықтардың және бұйрықтардың нақты орындалуын және учаскенің кедендік мекемелерінің барлық шенеуніктерінің қызметінің дұрыстығын бақылау;

  • басшылықтың талабы бойынша кедендік іс жүргізу сұрақтары және учаскенің кедендік құрылымдарының басқа да қызмет тармақтары туралы өз қорытындыларын ұсыну;

  • жергілікті жағдайды және учаскедегі тауарлық қозғалысты тиянақты зерттеу, сонымен қатар, Кедендік алымдар департаментіне кедендік құрылымдардың орналасуының мақсатқа сәйкестігі және бұған қатысты қажет өзгерістер туралы өз ойларын жеткізу;

  • Кедендік алымдар департаментіне сауданың жағдайы және оның дамуына кедергі жасайтын немесе қолдау беретін жағдайлар туралы мағлұматтарды жинау мен тапсыру;

  • кедендік сала бойынша күші бар заңдарды, нұсқаулықтарды және жарлықтарды түсіндіруді, толықтыруды, өзгертуді немесе жоюды талап ететін мәселелер туралы басшылыққа ұсыныс жасау;

  • барлық учаскелік инспекторларға ортақтас міндеткершіліктерді орындаумен қатар, Қытаймен шекара бойындағы кедендік күзет бекеттерінің орналасу жағдайын, қызметін және мақсатқа сәйкестігін бақылау;

  • учаскелер бойынша тексеру сапарлары барысында кедендік бекеттердің кедендік бақылау мақсаттарына сәйкес еместігі анықталса, кедендік күзет бекеттерін басқа орындарға ауыстыру;

  • кемінде жылына екі рет Кедендік алымдар департаментіне өзіне қарасты учаске мекемелерінің қызметі, сауданың барысы, кедендік саланы жетілдіру туралы есептемелер тапсыру [66, 47-48 бб.].

Семей кедендік аймағындағы жаңа учаскелік қағида негізінде саланы ұйымдастырудың жағымды әсері болды. Оларға: заман ағымына мен саяси-экономикалық құбылыстарға сәйкес өлкедегі ресейлік кедендік саясаттың басты бағыттарының айқындалуы, контрабанданың ұлғаюына байланысты кедендік күзет қатарын күшейту, кедендік бекеттер жүйесін құра бастау, орталықтанған жүйені жеке құрылымдарға тарату арқылы учаске басқармасының қызметтік дербестігін ұлғайту жатты. Сауда барысын сараптаудан айқындалған жаңа саясатты (келісімде белгіленген өткелдерде бақылау жүйесін ортану арқылы контрабандаға қарсы күрес және сыйақы төленетін тауарларға сәйкес кедендік операцияларды орындау) жүзеге асыру тұрақты кедендік бекеттер жүйесін құруды талап етті және бұл бағытта учаске басқармалары тарапынан белгілі бір деңгейде шаралар қолданды. Мысал ретінде Жаркент учаскесіндегі шараларды келтіруге болады. 1899 жылдың өзінде учаске басқармасы Кедендік алымдар департаментіне шығыны 550 рубльді құрайтын Қолжат, Карантин, Бестөбе, Алмалы бекеттерін құру туралы ұсынысын жолдап, жоғары кедендік әкімшілік тарапынан қолдау тапқан болатын [195, 33п.]. Нәтижесінде, 1899 жылдың 1 қыркүйегіне қарай учаскеде 12 бекет қызмет етті [196, 1п.]. Ал 1902 жылғы деректер бойынша, Жаркент учаскесіндегі кедендік бекеттердегі күзет өкілдерінің саны 20 адамды құрап, басқарма мен Хоргосс өтпелі пунктісінде қосымша 3 адам қызмет атқарды [197, 15-16пп.]. Күзетшілер санының ұлғаюына қарамастан, олардың жалақысы 1890 жылы бекітілген деңгейде сақталып, жылдық есепте 180 рубльді құрады [149, 6-7пп.]. Яғни, басқарманы таратудан түскен қаражаттардың көптеген жағдайда кедендік қызметті көлемдік тұрғыдан күшейтуге бағытталып, нәтижесінде қызметтің сапалық жағдайы өзгеріссіз қалғаны анық байқалады.

Кедендік қызметті күшейтуде белгілі бір көлемдегі жағымды әсердің болуына қарамастан, 1899 жылғы кедендік саладағы қайта құрулар аймақтағы кедендік құрылымдардың орналасуы мен қызметіне өтімді әсер етпегенін мойындау қажет, себебі, заң жүзіндегі өзгерістер басым түрде кедендік саланы басқару мәселесін қамтыған болатын. Өзгерістердің негізінде ұзақ қашықтықтарда орналасқан аймақтың кедендік құрылымдарын ортақ әкімшілік тарапынан басқару жүйесінен учаскелік деңгейдегі кедендік құрылымдардың қызметін инспекторлар тарапынан бақылау және жартылай басқару жүйесіне көшу жатты. Саланы қайта құрудағы түбегейлі өзгерістердің болмауының себебі - қазынаның мүддесін қорғаған және өлкедегі сауданы дамыту ойлары ақталмаған Қаржы министрлігі мен үкіметтің аймақтағы кедендік жүйенің құрылымдарын күшейтуге қосалқы қаражаттады шығындауды мақсат етпеуінде болатын. Нәтижесінде, кедендік аймақтың әкімшілігін тарату арқылы босаған қаражаттар шай контрабандасына қарсы шараларға – кедендік күзеттің көлемін ұлғайту, кедендік бекеттер жүйесін материалдық-техникалық қамсыздандыруға бағытталды [103, 619 б.]. Алайда, босаған қаражат көлемінің шағын болуы да күзетті ұйымдастыру саласындағы күрделі өзгерістерге әкелмеді.

Қорыта келе, өлкедегі кедендік саланы қайта ұйымдастыру шарасының жағымды тұстарының (көптеген мәселелердің учаскелік деңгейде шешу мүмкіндігі, аймақты басқару жүйесіндегі кеңсешілдікті ауыздықтау) болуына қарамастан, өлкедегі кедендік құрылымдардың қызметін күшейтуге маңызды әсер тигізе алмады, ал өлкедегі сауда барысының объективті себептері мен оның қарқынды даму болашағынан үміт үзген ресейлік кедендік әкімшілік аймақтағы кедендік құрылымдардың қызметін қаржыландыруға, күшейтуге мүдделі болмады және осының нәтижесінде аймақ құрылымдарының жалпыресейлік кедендік жүйедегі маңызы, табысы, қаражаттық, материалдық-техникалық қамсыздандырылуы төмен болды деген тұжырымға келуге болады. Семей кедендік аймағын қайта ұйымдастыру тек кедендік басқару жүйесін қамтып, кедендік бақылау жүйесін түбегейлі қайта құруға арқау бола алмады. Қайта құру шараларының жағымды тұсы ретінде аймақтың басқару жүйесіне шығындалған қаражаттардың босатуды және сәйкесінше кедендік қадағалау жүйесін күшейтуге бағыттау мүмкіндіктерін ашуды атап өтуге болады.
2.4 Қазақстан территориясындағы кедендік құрылымдардың қызметі (1890-1917жж.)
Қазақстан территориясындағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы кедендік құрылымдар қызметін қарастыру кезінде мәселенің бірқатар аспектілерін көрсету қажет. Олардың қатарына кедендік құрылымдар қызметінің негізгі бағыттары жатады. Кедендер қызметінің негізгі бағыттары жалпыресейлік кедендерге сай ортақ сипатқа ие еді. Олардың негізгілеріне сауда айналымын бақылау, тауарларды тіркеу, баждарды жинау, контрабандаға қарсы күрес жатты.

Жалпы, тарихи ғылымда кедендік статистиканың нақтылығы жоғары бағаланады. Бұл мәселені қарастырған ғалымдардың пікірінше, тауар иелерінің хабарлаған мағлұматтар тиянақты тексеруге түсіп, қандай да бір көлемде бұрмалау мүмкіндігі жоққа шығарылды. Осыған байланысты Е.В. Дворецкийдың баж салуға жатпайтын тауарларды өткізу кезінде «тауар иелерінің осы көрсеткіштерді көтеруге және төмендетуге айқын мотивтері болмады» деген пікірі де болды [198, 354 б.].

Жалпы алғанда, кедендік құрылымдардың маңызды қызметтеріне жатқан – сауда көлемін тіркеу қызметінің өз мақсатына жеткені туралы пікірге сын көзбен қарау қажет. Департаменттің статистикалық бөлімінің бастығы болған В.И. Покровский кедендік статистика құралдары арқылы орыс-қытай саудасының толыққанды бейнесін қалыптастыру мүмкіндігі жоқтығын мәліметтердің толықсыздығымен (Ресейге әкелінетін көптеген тауарлар кедендік мекемелерден тыс өткен), сонымен қатар ресейлік тарап жағынан, қытайлық тарап жағынан құрлықтық сауданың шынайы айналымдарының есептемесінің болмауымен түсіндірді. Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы екі мемлекеттің кедендік қызметтің даму ерекшеліктерімен тікелей байланыста болған кедендік статистикалық есептемені ұйымдастыру осындай нақты мәліметтердің пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарған [103, 190 б.].

Кеден мен консулдардың есептеріндегі сауда көлемінің бір-бірінен айырмашылығының айқын сезінуі, шекарадағы кедендік бақылау жүйесінің әлсіздігі кеден қызметінің нәтижесі болған статистиканың шындыққа сәйкестігіне күмәндануға итермелейді. Кедендік құрылымдардың қызмет ету кезеңінде зерттеуші А.Ф. Губаревич-Радобыльский осы мәселеге ден қойып, белгілі бір деңгейде зерттеп көрген. Автор кедендік статистика мәселесі туралы: «Что же касается до Кульджи и Чугучака, то сношения с этими городами правильно начали записываться со времени образования Семипалатинского округа, и первый год статистики (1890г.) касается лишь общих данных по всему округу. Затем, в Таможенном департаменте система сводки данных меняется, часто выделялись особо лишь главные товары. Поэтому крайне трудно привести сведения, находящихся в наших «Обзорах внешней торговли» в известную систему для однородного составления таблиц. Кроме того существует льгота, по которой закон разрешает не совершать в отношении сухопутной китайской границы никаких обрядностей и формальностей при вывозе в Китай русских товаров. Притом, перед каждой таможней имеются переходные пункты, и часто вывозные и привозные товары (при беспошлинности торговли) регистрируются то пунктами, то таможнями, а потому ускользают от записей таможен», - дей отырып, кедендік құрылымдардың тауарларды тіркеу қызметін сынға алады [28, 54 б.]. Кедендік статистика мәліметтерін консулдық мәліметтермен салыстыра отырып, сауда барысын тіркеу барысында кеткен қателіктерді сараптайды: «В первые годы, когда сведения получили достоверный характер, с учреждением таможен с 1891 года по 1900 год обороты нашей торговли с Илийским краем никогда не превосходили 2 миллионов рублей, так что цифра оборотов 2775 тысяч рублей, показанная консулом для 1885 года, едва ли является правильной. Сведения таможенные и позднейшие консульские расходятся несколько меньше, но таможенные сведения могут быть не вполне правильными, так как система записей Хоргосского переходного пункта и Джаркентской таможни на одном и том же Кульджинском тракте не была выработана и могли происходить упущения по регистрации товаров. Например, за 1900 год, по данным консула, привоз в Россию товаров из Кульджи выразился в цифре 932411 руб., а вывоз из России в 960416 рублей; по таможенным же записям привоз составлял сумму в 649711 рублей, а вывоз 900745 рублей. Сведения консула, по-видимому, более правильны, потому что баланс всегда был скорее пассивным, чем активным» [28, 65-66 бб.].

Кедендік статистика мәселесін орыс-моңғол саудасы аясында зерттеген А.В. Старцев те кедендік тіркеу қызметінің шындыққа сәйкестігіне сенімсіздік білдіріп, сауда көлемінің толықтай тіркелмеуінің бірқатар объективті себептерін келтіреді. Автор орыс-моңғол сауда байланыстарына қатысты Алқабек, Қатон-қарағай өтпелі пункттері бар Зайсан және орталығы Оңдұғайда орналасқан Қос-ағаш кедендік учаскелерінің мәліметтерін зерттейді. Өз тұжырымының дәлелі ретінде ресейлік саудагерлердің Моңғолиядағы (сонымен қатар, Батыс Қытайдағы – Қ.Б.) бажсыз сауда құқығына ие болуын, сол себепті кедендік мекемелердің өткізілетін барлық тауарлардың көлемі мен құны туралы нақты мағлұматтарды талап етуге ресми негіз болмауын келтіреді [78, 134 б.].

Моңғолия мен Батыс Сібір арасындағы сауда жүзеге асырылған Оңдұғайдағы кеден меңгерушісі өзіне бағынышты кеден «күші бар қаулыларға байланысты Қытайға және Қытайдан бағытталатын бажсыз тауарлары бар барлық көліктер ...кеденге міндетті түрде ұсынылуын немесе тауар иелері және тасымалдаушылар аталған тауарлар үшін құжат беріп, олар өткізетін бажсыз тауарлар туралы нақты мәліметтерді жазбаша түрде хабарлауын талап ете алмайды» деп хабарлаған болатын. Сондықтан ол «осы тәртіп жағдайында шығатын мәліметтер нақты емес, тіпті шамалас та мағынаға ие болмайды» деп ерекше атап айтқан. А.В. Старцев жеке саудагерлердің өз айналымдарын төмендетуге мүддесінің басты себебі ретінде 1898 жылы қабылданған саудагерлердің сауда айналымдарынан есептеліп алынатын мемлекеттік кәсіптік салық туралы заңды және осының салдарынан шекара арқылы әкелінетін және шығарылатын тауарлар туралы мәліметтер басты мағызға ие болғанын атайды. Нәтижесінде әлсіз бақылау жағдайында саудагерлердің салықты жеңілдету үшін бұл көрсеткішті төмендету мүддесінің туындауы шынайы құбылыс болғаны көзге түседі [78, 135 б.]. А.В. Старцевтың тұжырымдарын нақты деректік мәліметтер растайды. М.И. Боголепов пен М.Н. Соболевтың экспедициясының мәліметтерінде кедендік тіркеу туралы: «Сведения, которые собираются таможнями, точно также грешат во многих направлениях, так как собирание этих сведении в виду отсутствия таможенного обложения ввозимых и вывозимых товаров превращается в простую формальность. Таможня опирается на показания купцов, которые прекрасно знают, что их данные о количестве ввозимых товаров потом сообщаются податной инспекции для определения промыслового налога. Ценность объявляемых продуктов и товаров базируется опять-таки на показаниях купцов или на данных из накладных. Показания купцов мало проверяются, а накладные пишутся, как Бог на душу положит, потому что объявление ценности не связано с фискальными действиями... Наиболее точны сведения о товарах, по которым таможней возвращаются пошлины и акцизы», - деген сипаттама беріледі [169, 162-163 бб.]. Яғни, белгілі бір дәрежеде саудагерлер өздерінің сауда айналымдарын жасыру себебіне – Моңғолиямен сауда айналымына салынатын кәсіптік салықты төлеу міндеті айналып, сондықтан, саудагерлер Зайсан мен Қош-ағаш кедендері арқылы өткен сауда айналымдарын жасырып отыруға мүдделі болды деп қорытуға болады. Батыс Қытаймен шекарадағы кедендері арқылы өткен сауда көлемін басқа да сауда учаскелері арқылы сауда көлемімен салыстыруға болады:


7-кесте - 1908 жыл бойынша Қытаймен әртүрлі шекара учаскелеріндегі сауда көлемі


Басты сауда бағыттары

тауар шығарылды

тауар әкелінді




миллион рубльге

Батыс құрлықтық шекара бойынша

8,02

9,96

Шығыс құрлықтық шекара арқылы

13,26

38,39

Теңіз арқылы

2,01

44,99

Барлығы

23,29

93,34

Ескертпе - Губаревич-Радобыльский А.Ф. Значение Туркестана в торговле с сопредельными странами // Материалы для изучения хлопководства. Вып. 2. - СПб.: типография В.Э. Киршбаума, 1912. - 89б.

Осы мәліметтер негізінде Қазақстан территориясы арқылы тауарларды сыртқа шығару көлемі бүкіл экспорттың 35%--ын, ал шайдан басқа тауарлардың импорты бойынша бұл шекара арқылы әкелінетін тауарлардың 1/4- бөлігі өткенін байқаймыз.



Жоғарыда аталған қызметтер арасынан кедендік құрылымдардың басты қызметін бөліп көрсету қиын, себебі әрбір қызмет түрінің спецификасы бар. Бірақ, өлкедегі кедендік құрылымдарды ұйымдастыру барысында Департамент тарапынан олардың алдында фискалдық мүдделердің орын алғанын көруге болады. Бұл ең алдымен шай саудасынан баждарды жинау мәселесінің кедендік құрылымдар алдында алдыңғы қатарға қойылуынан байқалды [149, 7-11пп.]. Шай саудасынан баждарды жинауды жүзеге асыру 1891 жылдың көктеміндегі кедендік құрылымдардың ашылуынан басталды. Иркутск кеденіне сай көлемдегі шай баждары қара шайдың бір пұтынан несиелік – 21 рубль, жасыл шайдың бір пұтынан – 14 рубль 40 тиын, кірпіштік шайдың бір пұтынан – 4 рубльді құрайтын баждарды жинау ұйғарылды [149, 41п.]. Осы ретте кедендік учаскелер арқылы заңды түрде өткен шай және олардан жиналған баждар көлемін келтіруге болады:
8-кесте – Семей кедендік аймағының кедендері арқылы өткен шай мен жиналған баждардың көлемі


Кедендік мекеме атауы

Шекарадан заңды түрде әкелінген шай мен одан түскен баждар көлемі

ЖЫЛДАР

Шай сорттары

Әкелінген шайдың екі сорты бойынша барлығы

Шайдың екі сорты үшін алтын валютадағы түскен баждар көлемі

Қара

Кірпіштік

Салмағы

Алтын валютадағы баж

Салмағы

Алтын валютадағы баж

пұт

ф.

руб.

коп.

пұт

ф.

руб.

коп.

пұт

ф.

руб.

коп.




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Жаркент кедені

114

6

1483

95

295

24

739

-

409

30

2222

95

1894

26

16

343

20

113

31

284

44

140

7

672

64

1895

151

25

1971

12

20

36

52

25

172

21

2023

37

1896

77

13

1005

22

49

24

124

-

126

37

1129

22

1897

146

19

1904

17

455

13

1138

31

601

32

3042

48

1898

барлығы

515

39

6707

66

935

8

2338

-

1451

7

9045

66




Бақты кедені

514

19

6688

18

111

30

279

37

626

9

6967

55

1894

224

25

2920

12

435

31

1089

44

660

16

4009

56

1895

158

20

2160

50

376

3

940

19

534

23

3100

69

1896

122

12

1589

90

678

6

1695

37

800

18

3285

27

1897

512

29

6665

43

747

6

1867

88

1259

35

8533

31

1898

8-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

барлығы

1532

25

20024

13

2348

36

5872

25

3881

21

25896

38




Зайсан кедені

19

16

252

20

427

20

1068

75

446

36

1320

95

1894

64

22

839

15

449

35

1124

69

514

17

1963

84

1895

4

12

55

90

256

34

642

12

261

6

698

2

1896

84

13

1096

22

174

26

866

50

401

25

1581

82

1897

55

1

715

32

346

24

866

50

401

25

1581

82

1898

барлығы

227

24

2958

79

1655

19

4138

68

1883

3

7097

47




Оңдұғай

Кедені


8

20

110

50

991

7

2477

94

999

27

2588

44

1894

10

26

138

45

975

9

2438

6

985

35

2576

51

1895

5

19

71

17

4772

5

11930

31

4777

24

12001

48

1896

24

10

315

25

13431

7

33577

94

13455

17

33893

19

1897

115

6

1496

95

2205

24

5514

-

2320

30

7010

95

1898

барлығы

164

1

2132

32

22375

12

55938

25

22539

13

58070

57




Осы деректердің негізінде Шыңжаң арқылы орыс-қытай шай саудасындағы Бақты мен Оңдұғай кедендері маңызды орын алды деуге негіз бар. Шай саудасының басты бағыттары Тарбағатай арқылы өтіп, Бақты кеденінде тазартылды. Алайда, бүкіл аймаққа қарасты шекара арқылы өткен шай көлемі жалпыресейлік тұрғыда шағын болды [199, 50п.]. Дәлел ретінде Шығыс Сібір (негізінен Кяхта) арқылы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы шай саудасының көлемін (пұт) келтіруге болады:


9-кесте – Кяхта арқылы өткен шай көлемі


жыл

қара

кірпіштік

плиталық

барлығы

1867-1871 (орташа)

167527

210761

-

378288

1885

369540

579683

-

949223

1886

374580

768129

-

1142709

1887

497869

974978

-

1472847

1888

448714

775556

132

1224402

1889

423857

726807

10203

1160867

1890

298656

723565

31586

1053807

1891

260728

593806

32610

887144

1892

376553

789664

31470

1197687

1893

377502

831935

32780

1242217

Ескертпе - Сладковский М.И. История торгово-экономических отношений народов России с Китаем (до 1917 г.). М.: Наука, 1974. – 269б.

Қазақстан территориясы арқылы өткен шай саудасын кесте деректерімен салыстырғанда, оның көлемінің шағындығы, Қытайдан келетін шай тауарының негізгі сауда бағыты Шығыс Сібірдің болғаны анық байқалады. Қазақстан территориясындағы кедендік құрылымдар арқылы шай саудасының дамымау себептері кедендік әкімшілік тарапынан қарастырылған болатын, олардың қатарына бірқатар объективті және субъективті себептер жатқан. ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарының басындағы Семей кедендік аймағының кедендік учаскелерінің қызметі орнауы барысындағы көршілес Батыс Қытай мен Батыс Моңғолияда шай саудасының жағдайы жайлы Бақты учаскесінің меңгерушісі келесідей мәлімдеген болатын: «Тарбагатайская провинция Западного Китая, в район которой расположены города Чугучак, Дурбулджин, Шихо, Манас, Урумчи, Кульджа и прочие, по отношению торговли чаями, находятся с 1886 года в исключительном положении. В этой провинции, или лучше сказать округе, в продаже существует только один сорт кирпичного чая и то самого низшего качества, так называемый крек-чай, он имеет вид кирпича весом от 1 1/3 ф., 4 ½ ф. и до 7 ½ фунтов, цвет его грязно-желто-коричневый и самые большие кирпичи закланы в толстую бумагу; … ценность его в г. Чугучаке от 40 коп. до 3р. 50к. за кирпич. Чай этот приготовляется на плантациях одного капиталиста – китайца, которому дана привилегия от правительства на сбыт этого чая среди калмыцкого и монгольского населения в пределах Тарбагатайского округа, куда ввоз всяких других чаев, не исключая байхового, строго воспрещен и наблюдение за этим приняла на себя местная администрация, по чему следует полагать, что само китайское правительство покровительствует этой монополии» [149, 157-157 айн.пп.]. Бұл туралы кедендік құрылымдарды ревизиялық тексерістен кейінгі департаменттің жолдаған хатында: «Басында көзделген Қытайдан шайды тасымалдау бұрынғы жылдарға қарағанда өсу түгелі, тіпті төмендеді, себебі, жергілікті шай саудагерлері Дала генерал-губернаторлығына шай тасымалдауын Иркутск кеденінде төлеу арқылы пайдалы деп тапты, ал Іле өлкесінде жоғары сапалы шайларға өз монополиясын орнатқан қытай үкіметі оны Құлжа және Тарбағатай аймақтарынан біздің иеліктерге өткізуге тыйым салды» - деп қорытқан [162, 1-2пп.]. Салыстырмалы түрде 1897 жылғы Семей кедендік аймағының кедендік құрылымдары арқылы шайдың екі сорты (қара және кірпіштік) бойынша 14782 пұт көлемінде шай әкелінсе, 1893 жылы Шығыс Сібір кедендері арқылы шай саудасының көлемі 1242217 пұтқа теңесті. Яғни, Шығыс Сібір кедендері арқылы шай көлемі 100 есе үлкен болып, сәйкесінше, үлкен көлемде қазынаға табыс түсірді. Ал Семей кедендік аймағының құрылымдарында түскен кедендік баждар кедендік құрылымдарды қаржыландыруға қатысты шығындар көлемін де жаппады.

Өлке арқылы шай саудасының одан әрі дамуына кедергі болған кедендік-тарифтік шаралардың бірі – 1899 жылы 4 маусымда Мемлекеттік кеңеспен бекітілген шайға кедендік баждарын өзгерту туралы заңы еді. Оның негізінде Дала генерал-губернаторлығының шекарасына әкелінетін қара, гүлді, жасыл және сары шайдың пұтынан тариф бойынша 22 рубль 50 тиын көлемінде баждар жинау көзделді [108, 60 б.]. Салыстырмалы түрде келтірсек, осы заң бойынша еуропалық шекара арқылы әкелінетін қара және жасыл шайдың пұтынан 11 рубль 25 тиын көлемінде баждар жиналды. Яғни белгілі бір дәрежеде еуропалық шай саудасына үкімет тарапынан қамқоршылық кедендік саясаттың орнағаны байқалады. Бұл болса, өлке арқылы Батыс Қытайдан әкелінетін шай саудасына кері әсерін тигізді деуге болады, мысал ретінде 1904 жылғы Қазақстан территориясындағы кедендік құрылымдардан және Томск облысындағы Қос-ағаш учаскесінен қазынаға түскен баждар мен жалпы сауда көлемін келтіруге болады:


10-кесте – 1904 жылғы бұрынғы Семей кедендік аймағының құрылымдары арқылы өткен тауар мен қазынаға түскен баждар көлемі


Кедендік мекеме

Шекарадан шығарылды

Шекарадан әкелінді

Түсті

тауар

Құнды метал-дар

Тауар

Бажбен таразтыл-ған тауарлар

Ішкі тұтынуға құнды металдар

Тауар-дан баждар

Алымдар

Барлығы

Штрафтық

кеңселік

шар-қ, т.б.

Рубль

Жаркент кедені

1212338

-

282774

282774

488

1857

891

222

1373

4343

Хоргосс ө.п.

104953

12639

1495372

1495372

272

-

-

-

-

-

Бақты кедені

1784385

-

2321343

2321343

599

2009

640

207

784

3640

Зайсан кедені

441963

12880

454136

454136

4732

267

8

93

400

768

Алқабек ө.п.

260

-

15096

15096

109

6

13

-

-

19

Қатон-қарағай ө.п.

68422

-

47398

47398

835

148

-

2

2

152

Қос-ағаш уч. және Оңдұғай кедені

294438

1680

1364276

1364276

36

9126

1

21

213

9361

Барлық кедендер бойынша

3906759

27199

5980395

5980395

7071

13413

1553

545

2772

18283

Ескертпе - Обзор внешней торговли России по европейской и азиатским границам за 1904 год. СПб: изд. Типография М.П. Фроловой, 1906. – 15б.

Кесте негізінде өлке кедендері арқылы ХХ ғасырдың басындағы кедендік табыстың басты көзі болған шайдан түскен баждардың көлемі Зайсан учаскесінде төмендеуі анық байқалады. Бірақ, бұл ретте ХХ ғасырдың басындағы баж салынған тауардың қатарына шаймен қатар 1899 жылдың 7 маусымындағы заңға сәйкес металдың бүкіл салмағында күмістің 2%-дан артық үлесі бар күмістің және күмістен жасалған лигатурлық балытқылар түрінің пұтынан – 3 рубль көлемінде баж төлеу ұйғарылды [108, 62 б.]. Сонымен қатар, Қазақстан территориясындағы кедендер арқылы Батыс Қытайға шығарылатын жүн өнімдері, қант, сіріңке, табакқа, ал 1909 жылдан бастап мұнай өнімдеріне салынған акцизді қайтару, өңдеу кезінде шығындалған мақта мен басқа да материалдар үшін мақта-қағаз бұйымдарынан баждарды қайтару тәртібі енгізілді [108, 114 б.]. Аталған тауарларды міндетті түрде кедендерде таңбалау тәртібі де бекітілді. Қантты Қытайға шығаруды Жетісу облысында жүзеге асыру үшін Қаржы министрі Жаркент және Бақты кедендеріне оған сәйкес квитанцияларды беру қызметін жүктеді [108, 147-148 бб.].

Өлкеде кедендік құрылымдар қызмет құзырын белгілеу кезінде аймақ құрылымдары алдындағы талаптар қатарына контрабандалық саудаға қарсы күрес жатқан еді. Аймаққа қарасты шекарада контрабандалық жолмен тасымалдың бас тауары – шай болды. Осы кезеңде шайға қатысты үкіметтің фискалдық мақсаттардағы көлемді баждары саудагерлерді оны жасырын түрде өткізуіне итермеледі. Контрабандалық тасымалдың дамуына аймақтағы бақылау жүйесінің әлсіздігі де итермеледі. Шай саудасымен қатар, кедендік тіркеуден өтпеген басқа да тауарлар контрабандалық тауарлар қатарына жатты. Оны тіркеуден бас тарту себептері жоғарыда аталған болатын (салық төлеу қажеттілігі – Қ.Б.). Сонымен қатар, өлкеде сырттан әкелуге және шығаруға тыйым салынған контрабандалық арақ, опиум саудасы да дамыды. 1895 жылы Түркістан өлкесі мен Жетісу облысындағы акциздік алымдар меңгеруішісінің бастауымен Қытайдан әкелінетін ішімдік өнімдерді (оның ішінде қытайлық «джун-джун» арағы) акциз төлеу арқылы өткізу тәртібі енгізілді [163, 249 б.]. Аталған тауарларға қарамастан, осы жұмыста контрабандаға қатысты назарды шай саудасына шоғырлаған жөн, себебі бұл аймақ арқылы ең көлемді контрабандалық тауарға айналды. Өлкедегі контрабанданың дамуына жағдай жасаған факторлардың бірі – 1881 жылдың Петербор келісімі мен оған қосымша сауда ережелеріндегі шекара бойымен 50-шақырымдық еркін сауда жүйесі болды. Келісімге сәйкес қабылданған құрлықтық сауда ережелерінің 1 бабы бойынша аталған қашықтықта екі елдің саудагерлеріне еркін, бажсыз сауда жүргізу құқығы берілді [102, 125 б.]. Іс жүзінде аталған шартқа байланысты кедендік бақылауды жүзеге асыру біршама қиындықтар тудырды.

Шекарадағы 50-шақырымдық кедендік шептің кедендік қадағалау ісіне әсері туралы М.И. Боголепов пен М.Н. Соболев: «Эта приграничная полоса имела значение для русской торговли в прежние времена, когда русские купцы не имели права въезжать внутрь Монголии и когда они отправлялись к границе для торговли с монголами. Теперь в пределах пограничной полосы не совершается почти никаких торговых сделок. Наоборот, существование безпошлинной полосы облегчает, по свидетельству таможенных чинов, контрабанду пошлинными товарами, например, зеленым кирпичным чаем», - деп мәлімдейді [169, 457 б.].

Қаржы министрі мен Дала генерал-губернаторы арасындағы келісім бойынша шекарада орналасқан казак пикеттері кедендік бақылауға жәрдемдесіп, белгілі бір көлемде сыйақы алуға тиісті болатын [149, 79-79 айн.пп.]. Шекара күзетінің кедендік құрылымдарға жәрдемдесу туралы Жетісу әскери губернаторы Семей кедендік аймағының жолдаған қызметхатында көтеріп, кедендік саланың жеке сала ретінде өзгеруіне байланысты 1884 жылғы Дала генерал-губернаторы бекіткен Жетісу облысының Батыс Қытаймен шекарасындағы әкімшілік, әскери және кедендік бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа сәйкес өзгертулер енгізуді ұсынған [200, 9п.]. Нәтижесінде 1891 жылы Семей және Жетісу облыстарының шекаралық отрядтарына нұсқаулық бекітіліп, оның 20 тарауында кедендік салаға қатысты нұсқаулар болды: «Надзор за границей в таможенном отношении лежит главным образом на чинах таможенного ведомства. Пограничные же посты обязаны оказывать содействие таможенной страже, не допуская переходов или переездов, следующих с тайно-водворяемыми товарами, лиц, которых они должны препровождать ближайшему таможенному чиновнику, с указанием обстоятельств задержания и участников задержания. Последнее необходимо для того, чтобы, при решении дела, если товар будет конфискован или виновный подвергнут денежному взысканию, таможенное учреждение имело сведения о том, кому и в каком размере должна быть назначена награда за задержание тайно-водворяемых товаров. За задержание тайно-водворяемых товаров, участники задержания будут получать следующие награды: за пошлинные товары – в размере половины стоимости задержанных товаров, а за беспошлинные – 10% с оценки их» [140, 61-61 айн.пп.].

Алайда шекарада орналасқан казак отрядтары шекарадан 50 шақырымдық қашықтықта контрабандаға қарсы ешбір әрекет жасай алмады. Орыс-қытай келісімдерінде белгіленген шекара арқылы өтпелі пункттерді ешбір қиындықсыз өткерген саудагерлердің 50 шақырымдық аралықта 10-20 күзетшіден тұрған кеден күзетінен айналып өту мүмкіндігі болды. Сондықтан, 50 шақырымдық кедендік шеп жүйесі кедендік бақылауға шекара күзет өкілдерін тартып, берік бақылау жүйесін орнату мүмкіндігін жоққа шығарды. Нәтижесінде 50 шақырымдық еркін кедендік шеп жүйесі контрабандалық саудаға кең мүмкіндіктер ашқан еді.

Шу саудасы жүзеге асырылған Солтүстік-батыс Моңғолиямен шекарадағы контрабанда мүмкіндіктері тіпті кең болды, себебі 1891 жылдың 18 қарашасында Қос-ағаштан Оңдұғайға кеденді ауыстыру оны шекарадан 250 шақырымға алшақтатқан еді, бұл болса саудагерлерге кеденді айналып өтуге мүмкіндік берді. Оңдұғай кеденінің қызмет ету кезеңінде куәгері Н. Чмелев: «Онгудайскую пограничную таможню не минует только тот, кто не стремиться этого достигнуть», - деп сипаттаған еді [77, 137 б.]. Кедендік учаскедегі тіркеуден өту мүмкіндігінің кең қолданылғаны туралы 1891 жылы Оңдұғай кеденін құрудан кейін осы учаскедегі сауда айналымдарының ресми көрсеткіштерінің төмендеу фактісі мәлім етеді. Егер 1885 жылғы консулдық мәліметтер бойынша сауда айналымы 820 мың рубльді құраса, 1892 жылы ол 337,9 мың рубльді құрады. Осындай қысқа уақыт аралығындағы – 5-6 жыл ішіндегі сауда айналымының 2,5 есе құлауын тек кәсіпкерлердің өз сауда айналымдарын саналы төмендетуімен түсіндіруге болады. Осыған дәлел ретінде 1893 жылы Шу жолында зерттеу жұмыстарын жүргізген инжинерлік әскерлердің поручигі П.Голышевтың мәліметтерін келтіруге болады: «На эту сумму провозятся товары только через Онгудай, но очень много их провозится и стороной... Если принять это обстоятельство во внимание, то и выйдет, что общий торговый оборот по Чуйскому тракту определяется примерно в 1 млн. руб.» [77, 137 б.].

Өлкеде кедендік аймақты ұйымдастыру кезінде қытайлық тараптың талап етуімен Қазақстанның Батыс Қытаймен шекарасында 50 шақырымдық еркін шеп жүйесін енгізу талап етілді. Осыған орай, кедендік құрылымдар қызметін аталған шеп шарттарына сай кедендік жүйені ұйымдастыру қажеттілігі туындап, Департамент тарапынан Семей кедендік аймағының бастығына шекараның 50 шақырымдық шебіндегі еркін және бажсыз сауда туралы ережелер жобасын әзірлеу жүктелді. Жобаны әзірлеу барысында 1881 жылғы сауда ережелерін түсінуге қатысты бірқатар оқылықтар кетті. Кедендік аймақ әкімшілігі әзірлеген жобада Ресейлік шекараның 50 шақырымдық шебінде әкелінуге рұқсат етілген тауарлармен еркін және бажсыз сауда құқығы (оның ішінде шаймен) тек қытайлық азаматтарға ғана беріліп, орыс саудагерлері мен жергілікті тұрғындардың саудасы контрабанда есебіне жатты [149, 191п.]. Осы ретте Дала генерал-губернаторы мен басқа да жергілікті әкімшілік өкілдерінен (Семей және Жетісу облыстарының әскери губернаторлары, Құлжа мен Шәуешектегі консулдар) кедендік аймақ бастығына жолданған хаттамада жобаның орыс-қытай келісімдеріне және кедендік ережелерге сай еместігі туралы шағымдар түскен еді [149, 195-196пп.]. Нәтижесінде, жоба Кедендік алымдар департаменті тарапынан жоққа шығарылып, мәселе кейінге қалдырылған болатын.

Н.А. Беляева атап өткендей, 50 шақырымдық кедендік шеп орыс-қытай шекарасында контрабанданың қарқынды дамуы үшін берік факторға айналды [98, 191 б.]. Бұл тұжырым Ресей империясының Батыс Қытаймен шекарасына да қатысты еді. Контрабанда тек шай саудасымен шектелген жоқ, жаңа құбылыс ретінде шекара арқылы баждар мен акцизді қайтару арқылы Шыңжаңға шығарылатын ресейлік тауарлар контрабандасы шықты. Бұл шекарадан кеденді айналып өту мақсатында жасалды. Қазақстан территориясы арқылы осы контрабанданың негізгі тауарына – шаймен қатар мақта-қағаз бұйымдары айналды. Оның себебі мақта-қағаз бұйымдары үшін көлемді баждарды төлеу қажеттілігі болатын. Ал шекарадан өтіп, сыртқы нарықтарға тауарларды шығарған жағдайда оған салынатын салықтарды төлеу міндеті түсетін. Бұл орыс-қытай саудасындағы балансты теңестіру үшін жасалған шара еді. Жағдайды пайдаланған саудагерлер премияланған тауарларды шекарадан өткізіп, кейін контрабандалық жолмен қайта әкелетін болды.

Шай контрабандасына қарсы маңызды шара – 1895 жылы енгізілген шайды таңбалау тәртібі еді. Осы шешім негізінде кедендік алымдар департаменті 1895 жылдың күзінде Семей кедендік аймағының басшылығына шайдың кіші қораптарын таңбалау үшін бақылаушы міндеттерін енгізу жүктеліп, шайды жеке салудың келесідей мекемелері ашылды: 1) Семей қаласындағы аймақ басқармасы тұсындағы жекелеу мекемесі (бақылаушы - титиулдық кеңесші Крот); 2) Семей қаласындағы көпес сенімділері Своровский мен Суторехиндердың жекелеу мекемесі (коллеждік кеңесші Каеш); 3) Семей қаласындағы көпес Молчановтың жекелеу мекемесі (аймақ басқармасының кеңсе қызметкері Матанцев); 4) Жаркент кедені тұсындағы жекелеу мекемесі (кеңсе қызметкері Ковалевский); 5) Бақты кедені тұсындағы жекелеу мекемесі (уақытша - кеден меңгерушісінің көмекшісі титулярлық кеңесші Тешеханова); 6) Зайсан кедені тұсындағы жекелеу мекемесі (кеденнің кеңсе шенеунігі Жеребятьев) [188, 11-11 айн.пп.].



Контрабандаға қарсы әрекет жасау мақсатында кедендік әкімшілік тарапынан жасалған негізгі шара - кедендік бақылау жүйесін орнату болды. ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында орнаған Семей кедендік аймағының кедендік бақылау жүйесі жоғарыда көрсетілген кесте негізінде талдауға мүмкіндік бар. Жаркент учаскесі бойынша әрбірінде екі күзетшіден тұратын 9 бекет, Бақты учаскесі бойынша – 7 бекет, Зайсан учаскесі бойынша – 9 бекет, Қос-ағаш учаскесі бойынша – 4 бекет болды [160, 32-34 пп.]. Осы жылдары кедендік бекеттердің орналасуы заманға сай біршама өзгеріп отырды. Мысалы, 1899 жылы Жаркент учаскесінде жаз айларында Жаркент, Алмалы, Басқұншаң, Бестөбе, Хоргосс, Алтынкөл, Карантинный, Құлжат, Бөріқұзыр, Қоңырөлең, Ақсу-шарын, Шұнжын бекеттер қызмет етсе [196, 1п.], 1902 жылдың қыс айларында келесідей кедендік бекеттер болды: Жаркент, Бөріқұзыр, Қоңырөлең, Алмалы, Бестөбе, Хоргосс, Қаралты, Алтынкөл, Қалжар; осы кедендік бекеттерде 2 салт атты бақылаушы мен 18 күзет өкілі қызмет етіп, олардың контрабандаға қарсы күресі негізінен жасырын секреттер құру арқылы жүзеге асты [138, 14п.]. Учаскедегі кедендік бекеттер жүйесі туралы келесідей кесте мәлімет береді:
11-кесте – 1902 жыл бойынша Жаркент учаскесі бойынша кедендік бекеттер мен күзетшілер тізімі




Бекет атауы

Күзетшілер

1

2

3



Жаркент бекеті

Калачев







Ибрагимов







Боровских



Бөріқұзыр бекеті

Таймұрынов







Артемьев







Лочкарев



Коңыр-өлең бекеті

Голобков







Сұлтанбаев



Алмалы бекеті

Сасықбаев



Бестөбе бекеті

Анашкин







Тронин

11-кестенің жалғасы

1

2

3



Хоргосс бекеті

Никаноров







Құдайбердиев



Қаралты бекеті

Леринов







Бабинов



Алтынкөл бекеті

Легкодимов







Ахмаров



Қалжар бекеті

Черкасов







Ақашев







Мазақпаев

Ескертпе-дерек көзі – ҚР ОММ, қор №126, тізбе №1, іс №15 – О стражниках, объездчиках и других нижних служителях (1903 г.), 1п.

Кесте мәліметтері негізінде Жаркент учаскесінде ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарында орнаған бекет пен күзет көлемі сақталғанын байқауға болады. ХХ ғасырдың басында тек учаскелер бойынша кедендік бекеттердің орналасуы мен қамтамасыз етілу деңгейі өзгереді. Кедендік бекеттердің орналасуы он жыл аралығында тәжірибе негізінде ең қолданысқа ие жолдарда құрылды. Осы жылдары Зайсан учаскесінде Қаратал және Қарашілік бекеттері (қосымшалар М, Н), Жаркент учаскесінде жоғарыда аталған Хоргосс, Қолжат, Алмалы, Карантинный бекеттері ашылды [201, 10-20пп.].



Берік кедендік бақылау жүйесін орнату үшін кедергіге айналған 50 шақырымдық кедендік шеп жүйесі ХХ ғасырдың басында да сақталды. Бұл Ресей империясының Қытаймен қол қойылған Петербор келісімін сақтап қалдыру қажеттілігінен туындаған еді. Келісімнің тиімді шарттарын қайта қарастырылуын қаламаған Ресей бақылауға ыңғайсыз 50 шақырымдық бажсыз сауда жүйесін де заң жүзінде сақтауға мәжбүр болды. Алайда, бақылау жүйесіне ыңғайсыз бұл мәселе кедендік әкімшілік тарапынан бірнеше рет көтерілген еді. ХІХ ғасырдың соңында өлкедегі кедендік жүйені қайта құру мәселесін көтерген кезде 50 шақырымдық кедендік шеп мәселесі қайта қарастырылған еді. Осы мәселе төңірегіндегі соңғы шешім жайлы 1900 жылы аймақ бастығы келесідей хабарлады: «Установившееся фактически и применявшееся до последнего времени ограничительное толкование Санкт-Петербургского договора с Китаем 1881 года в смысле предоставления права беспошлинной торговли в пятидесятиверстной полосе исключительно лишь китайским подданным признан Министерством Финансов, по соглашению с Министерством Иностранных Дел, несоответствующим принципам свободной торговли, положенным в основание 1 статьи Торговых правил, приложенных к означенному договору и, вследствие сего постановлено: считать означенную полосу, на основании трактата, открытой для свободной и беспошлинной торговли как китайских, так и русских подданных безразлично. Вследствие сего оплате пошлиной должны подлежать только те чаи и серебро, кои предназначаются к вывозу за пределы помянутой полосы, причем на таковые, обращающиеся беспошлинно в этой полосе, чаи не распространяются и действие закона 20 марта 1895 года об обязательном обандеролении» [202, 2-2 айн.пп.]. Аймақ құрылымдарының контрабандалық шайларды ұстауға қатысты мәліметтер келтіруге болады:
12-кесте – 1894-1898 жылдар аралығындағы Семей кедендік аймағында ұсталған контрабандалық шай көлемі


Кедендік мекеме атауы

Жасырын әкелінген шайлардың ұсталғаны

ЖЫЛДАР

Шай сорттары

Шайдың екі сорты бойынша ұсталғанның барлығы

Ұсталған шайлардың жалпы құны

Қара

Кірпіштік

Салмағы

Алтын валютадағы баж

Салмағы

Алтын валютадағы баж

пұт

Ф.

руб.

коп.

пұт

ф.

руб.

коп.

пұт

ф.

руб.

коп.

Жаркент кедені

46

27

1478

2

3

3

34

70

49

30

1512

72

1894

5

38

192

90

-

1

-

50

5

39

193

40

1895

47

38

1569

44

-

14

4

11

48

12

1573

55

1896

101

15

3307

6

-

2

-

60

101

17

3307

66

1897

18

2

3912

65

1

37

21

36

119

39

3934

1

1898

Барлығы

320

-

10460

7

5

17

61

27

325

17

10521

34




Бақты кедені

38

13

1226

40

2

26

28

5

40

39

1254

45

1894

40

38

1310

80

12

15

120

60

53

13

1431

40

1895

13

20

411

20

16

16

195

70

29

36

606

90

1896

38

30

1225

45

30

12

328

80

69

2

1554

25

1897

32

29

1051

70

41

32

514

40

74

21

1566

10

1898

Барлығы

164

10

5225

55

103

21

1187

55

267

31

6413

10




Зайсан кедені

11

25

447

10

1

33

24

-

13

18

471

10

1894

7

17

288

60

9

30

146

80

17

7

435

40

1895

-

-

-

-

-

22

5

-

-

22

5

-

1896

9

31

351

90

7

11

79

90

17

2

431

80

1897

-

39

31

20

13

23

128

57

14

22

159

77

1898

Барлығы

29

32

1118

80

32

39

384

27

62

31

1503

7




Оңдұғай

кедені


-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

1894

-

-

-

-

8

20

49

90

8

20

49

90

1895

-

-

-

-

8

23

76

90

8

23

76

90

1896

-

-

-

-

16

30

143

30

16

30

143

30

1897

-

6

6

-

25

28

229

30

25

34

235

30

1898

Барлығы

-

6

6

-

59

21

499

40

59

27

505

40




Ескертпе - ҚР ОММ, қор №800, тізбе №1, іс №126 – «Циркуляры Департамента таможенных сборов и переписка начальника таможенного округа с управляющими участков», 46п.

Кесте мәліметтері негізінде контрабандалық шай саудасына қарсы әрекет етуде Жаркент пен Бақты кедендері Зайсан мен Оңдұғай кедендеріне қарағанда тиімді жетістіктерге жеткені көзге түседі. ХХ ғасырдың басында Петербор келісімін қайта қарастыру кезінде контрабанданың берік негізіне айналған 50 шақырымдық шептегі еркін сауда жүйесін жою туралы ұсыныстар да туындады, алайда, орыс-қытай қарым-қатынастарының баласын бұзбау және қытайлық жақтан Моңғолия мен Шыңжаңдағы орыс саудасына қатысты репресивтік шараларды тудырмау мақсатында бұл ұсыныстар қолдау таппады. ХХ ғасырдың екінші онжылдығының басында орыс-қытай қарым-қатынастарын реттеген Петербор келісімін қайта қарастыру кезеңіне қарай 50 шақырымдық шеп жүйесін жоюдың жақтастары көбейді. Дәл осы кезеңде қытай тарапынан да сауда ережелерін өзгерту қажеттілігі туындап, келесідей талаптар ұсыну ұйғарылды: Моңғолия мен Шыңжаңдағы ресейлік саудагерлердің бажсыз саудасын жою, ресейлік қалаларда консулдықтар ашу, Манчжуриядағы кедендік ережелерді қайта қарастыру (5%-дық баждарды енгізу), орыс-қытай шекарасындағы 50 шақырымдық шепті жою [97, 109-110 бб.]. Осының барлығы Ресейдің және ресейлік сауданың Шыңжаңдағы, Моңғолиядағы және Манчжуриядағы жағдайының қиындауын тудыратыны анық байқалды, сондықтан дипломатиялық және әскери қысымды пайдалана отырып, Ресей келісімді тағы он жылға сақтау мүмкіндігін алды. 50 шақырымдық шепті Ресей біржақты тәртіп негізінде 1913 жылдың 1 қаңтарында жойды [97, 111 б.]. Осы ретте өлке арқылы орыс-қытай контрабандалық саудасын тұйықтау мақсатында шекарадағы кедендік күзетті күшейту жобаланды. Кедендік күзетті күшейту шарасына итермелеген себептердің бірі – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы кедендер қызметінің күрделенуі, сауда айналымының ұлғаюы еді. Өлке арқылы орыс-қытай сауда айналымдары 1901 жылы – 12661 мың рубльді, ал 1912 жылы – 21466 мың рубльді құрады.

Аталған жобаны әзірлеген кедендік алымдар департаменті Дала генерал-губернаторына жолдаған хатында өзінің келесідей қорытуларын хабарлаған еді: «Уже после завершения в 1901 году организации таможенных учреждении, было введено много новых, сильно осложнивших их (кедендердің – Қ.Б.) деятельность, операции: вывоз с возвратом таможенных пошлин и со сложением акцизных сборов хлопчатобумажных и шерстяных изделии, сахара, спичек, табака и изделии из него, и наконец, в недавнее время, - нефтяных продуктов и папиросных гильз. В 1912 году было вывезено в Западный Китай и Монголию указанных товаров 224,7 тыс. пуд. Между тем, операции над товарами, вывозимыми на льготных основаниях, представляются довольно сложными и ответственными, вычисление подлежащих возврату пошлин, выдача зачетных квитанции и свидетельств и дальнейшее дело производство и отчетность по этим документам требуют много времени и труда со стороны таможенных учреждении. Разрешение вывоза этих товаров за границу с возвратом пошлин или акцизных сборов вызывает необходимость строгого контроля за недопущением обратного тайного ввоза их в пределы Империи, а между тем существующий по границам с Западным Китаем и Монголией крайне малочисленный таможенный надзор не в состоянии обезопасить в указанном отношении нашу государственную границу» [203, 2-3пп.].

50 шақырымдық шеп жүйесінің жойылуынан кейін шекара арқылы контрабандалық жолмен тасымалданатын тауарларға тосқауыл қою қажеттігі туындады, себебі 50 шақырымдық шепте сауда айналымдары көлемі жағынан маңызды болды. Жергілікті саудагерлер арасында қалыптасқан, үйреншікті сауда тәртін бұзбау психологиясы ауқымды контрабандалық сауданың қаупін тудырды. Осы мәселе төңірегінде Департамент тарапынан келесі ұйғарылды: «Упразднение с 1 января 1913 года беспошлинной торговли китайскими товарами в пределах 50-верстной приграничной полосы также усложнило деятельность таможенных учреждении и вызывает необходимость строгого надзора за государственной границей. Хотя по границам с Западным Китаем и Монголией подлежит оплате лишь один чай, но товар этот составляет необходимый продукт потребления местного населения, и ввоз чая, по преимуществу кирпичного, достигает значительных размеров, а именно: в 1901 году было ввезено чая по указанным границам 6876 пуд., из них байхового 2547 пуд. и кирпичного 4329 пуд., а в 1912 году было привезено чая байхового 3052 пуд. и кирпичного 10377 пуд., а всего 19429 пуд. Почти весь этот чай привозился для местностей, расположенных в пределах 50-верстной льготной приграничной полосы, и посему пропускался таможенными учреждениями без взимания пошлин. Между тем с 1 января 1913 года, весь этот чай при привозе из-за границы подлежит оплате пошлиной, что конечно, в значительной степени усложнило работу таможенных учреждении по досмотру чая, определению его веса, взиманию пошлины, обандеролению и выпуску на внутреннее потребление. Цена байховых сортов чая в прежнее время, при беспошлинном его ввозе, колебалась, в зависимости от количества имеющегося на рынке товара и от качества его, от 50 к. до 1 р. за фунт, так что наложение на каждый фунт пошлины в 63,7 к. для потребителей дешевого товара более чем удвоит цену, и потому, несомненно, вызовет большой спрос на контрабандный чай, который при настоящей, крайне недостаточной охране нашей границы с западным Китаем и Монголией будет водворяться в значительных размерах. Новые условия товарообмена по привозу и вывозу товаров на указанных границах и усложнение деятельности существующих там таможенных учреждении вызывают необходимость как их усиления, так и установления надлежащей таможенной охраны нашей государственной границы с Западным Китаем и Монголией. При этом не следует задаваться целью установления по границе сплошного таможенного кордона, а, по местным условиям, представляется более целесообразным образовать ряд таможенных учреждении на черте государственной границы или вблизи ее, в пунктах пересечения границы такими путями, которые могут служить для товарного движения, с тем, чтобы учреждения эти могли наблюдать и за прилегающими к ним приграничными местностями» [203, 4-5пп.].

Жоба негізінде Семей облысының Батыс Қытаймен шекарасын 4 ауданға: Бұқтарма өзенінің бассейні (Бұқтарма ауданы), Қабы және Алқабек өзендерінің бассейні (Қабы ауданы), Қара Ертістен Сауыр тауларындағы Шаған-Обо өзендерінің аралығындағы аудан (Сауыр ауданы) және Сая-су өткеліне дейінгі Тарбағатай тауларының ауданына бөлінді. Бұқтарма ауданында Үкек, Жындағаты, Урыл; Қабы ауданында Орловский, Николаевский; Сауыр ауданында Майқапшағай, Құм-төбе, Ақ-қолқын; Тарбағатай ауданында Керегентас, Құсты, Хабарасу кедендік бекеттерін, Бұқтарма ауданында Қатон-қарағай мекеніндегі, Қабы ауданында Алқабек кедендік заставаларының қызмет етуі жобаланды. Жоғарыда аталған 11 кедендік бекеттерді күшейту үшін әрбір бекетте 5 қадағалаушы қызметін енгізу қарастырылды. Семей облысында Семей кедендік аймағының құрылу кезеңінен қызмет еткен және құрамында 3 шенеунік (меңгеруші, бақылаушы және пакгауздық қадағалаушы), 9 күзетші бар екінші дәрежелі Зайсан кеденіне 1 кеңсе шенеунігін, 5 қадағалаушыны қосу және Нор-Зайсан көлінің Тополев мысында меңгеруші, бақылаушы, пакгауздық қадағалаушы, кеңсе шенеунігі, 5 қадағалаушыдан тұратын 2-ші дәрежелі кеденді ұйымдастыру жоспарланды [203, 6-11пп.]. Шын мәнінде, Семей облысы шеңберінде кедендік бақылау жүйесін күшейту қажеттілігі 1913 жылғы Қытаймен шекарадағы 50 шақырымдық бажсыз сауда жүйесінің таратылуымен шартталған еді. Іске асқан жағдайда жобаланған кедендік штат көлемі шекарада кедендік бақылау жүйесін күшейтуге бағытталды. Жобаның кедендік бақылау мақсаттары үшін жоғары маңызына қарамастан, оның жүзеге асуы бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен үзілді. Соғыс жағдайы және шығындары мәселені кейінге қалдыруға итермеледі. Ал, 1916 жылғы қазақ даласындағы, әсіресе Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс аймақаралық сауда-экономикалық байланыстарды қиындатып, сауда көлеміне кері әсер етті. Күзетті күйшету түгелі майданға кедендік қызметте жүрген еркін жалданушы күзет өкілдері де әскери міндетті болып, борышын атқаруға жіберілді. Мысалы, кедендік күзетші Назаров пен Федоров 1914 жылдың жазында әскери борышын атқаруға шақырылды. Соғыста жүрген күзетшілердің отбасыларына олардың жалақысының 75%-ы төленіп тұрды [203, 18-19пп.].

Қазақстан территориясындағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы кедендік мекемелердің қызметін сараптай келе, келесідей қорытынды жасауға болады:



  • Қазақстанның Батыс Қытаймен шекарасындағы кедендік құрылымдар сауда көлемін тіркеу, баждар жинау, шекараны бақылау мен контрабандаға қарсы әрекет ету секілді кедендік жүйе үшін ортақ қызметтерді атқарды, алайда әлсіз қаржыландыру мен күзет өкілдерінің жетіспеушілігі оның қызметінің сапасына кері әсер етті;

  • Қазақстан терроториясындағы қызмет еткен кедендік құрылымдар орыс-қытай, орыс-моңғол саудасын тіркеу функцияларын жүзеге асыруда бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты (шекараның бақылаусыздығы, кейбір кедендердің шекарадан алшақтығы) төмен деңгейде болды;

  • 50 шақырымдық еркін және бажсыз шекаралық шеп тәртібін енгізу кедендік функцияларды жүзеге асыруда қиындықтар тудырып, контрабандалық сауданың дамуына негізге айналды;

  • өлке арқылы негізгі контрабандалық тауарларға шай, «джун-джун» арағы, мақта-қағаз өнімдері жатты;

  • кедендік әкімшілік тарапынан контрабандаға қарсы шаралар қатарына кедендік бақылау жүйесін орнату мен шай тауарларына таңба салу жатты, кедендік бекеттерді орналастыру барысында кедендік әкімшілік тек сауда тасымалы тұрғысынан көлемді және маңызды өңірлерде ұйымдастыру қағидасын ұстанды;

  • кедендік күзет көлемі мен кедендік бекеттер көлемінің аздығы, орыс-қытай келісімдеріндегі 50 шақырымдық шеп мәселесін әртүрлі талқылау кедендік қызметті жүзеге асырудың төмен деңгейде болуына әкелді;

  • ХХ ғасырдың екінші онжылдығында Кедендік алымдар департаментінің өлкедегі кедендік бақылау жүйесін күшейту жобаларын іске асыру үшін кедергіге – бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс, кейін саяси жағдайдың ушығуы, 1917 жылғы революциялар нәтижесінде Шыңжаңмен сауда-экономикалық байланыстардың бәсеңдеуі айналды.



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет