Баяндам а құрметті аудан әкімі Сұлтанбек Тәуіпбайұлы! Қадірлі ауыл тұрғындары!



жүктеу 81.48 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі81.48 Kb.
Б А Я Н Д А М А

Құрметті аудан әкімі Сұлтанбек Тәуіпбайұлы!

Қадірлі ауыл тұрғындары!

«Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында бұл үрдіс биылғы жылдан бастап жалғасын тауып, міне бүгін осындай есепті кездесу, сіздердің қатысуларыңызбен біздің «Жаңарық» ауылдық округінде өткізіліп отыр.

Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді және республикалық, өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында 2013 жылы «Жаңарық» ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

«Жаңарық» ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 8175 га, елді мекен жері – 130 га, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер оның ішінде-жайылымдық жерлер-5961 га, егістік жерлер- 2061 га. Елді мекенде 2059 халық, 317 – тұрғын үй, 318 отбасы, 27 тылда еңбек еткен ардагерлер, 59 алтын алқа және 35 күміс алқа байланысты аналар, 152 зейнеткерлер, 15 асыраушысынан айрылғандар, 4 семей полигонына байланысты, 2 чернобылда болғандар, 99 төрт балаға жәрдемақы алушылар бар.

«Жаңарық» ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде 10 қызметкер жұмыс істейді. Оның 5 мемлекеттік қызметкер, 1 іс-жүргізуші, 1 азаматтық қызметкер, 3 жұмысшы. Келісім шарт бойынша қызмет атқарып жүрген 2 қызметкер қысқартылып орнына, 2 мемлекеттік қызметкер штаты берілген болатын соған ауыстырылды, оған қосымша азаматтық қызметкер 1,5 штаты берілді. Елді мекенді көркейту– когалдандыру жұмыстарына көктемгі күзгі тазалық айларына байланысты іс шаралар бекітіліп ауылдың маңы мен көшелер күл-қоқыстардан тазартылып, талдардың түптері әктеліп 400 м3 күл қоқыс мусор сыртқа шығарылды. 95 шаршы метр бильбордтар жаңаланып ілінді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 5 000 000 теңге жалпы ұзындығы 6 км 166 м, атап айтсақ 6 көше М.Рыскелдиев, Патжамал, Абай, 1 мамыр, Ауыл жылы, А.Мүташ көшелеріне тас төселіп, жай жөндеуден өтіп бөлінген қаржы толығымен игерілді. Сонымен бірге Ә.Тәжібаев көшесіне балалар ойын алаңқайына республикалық бюджеттен 2 000 000 теңге қаражат бөлініп оның ішінде 1 130 000 теңге игеріліп халық игілігіне пайдалануға берілді. Ауылдағы Р-22 иесіз каналы 2013 жылы аудандық соттың шешімі мен иесіз деп танылып «Жаңарық» ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне алынды. Ауылымыздағы М.Ахатаев көшесіндегі трансформатор станциясы тозуына орай, 2013 жылы жаңадан ауыстырылды.
Арыз шағым және орындаушылық тәртіп

Ауылдық округ әкімі аппаратында белгіленген нормативтік құқықтық құжаттар шеңберінде жұмыстар атқарып келеміз. Атап айтқанда, 2013 жылдың 22 шешім және 66 өкім шығарылды. Есепті мерзімде 41 арыз-шағым тіркеліп, олардың барлығы өз мерзімінде қанағаттандырылды. Жоғары орган және басқа да мекемелерден 2013 жыл бойы 434 құжат кіріске алынып, 744 шығыс құжаттары орындаушылық тәртіп бойынша тиісті мәліметтер мерзімінде жолданды.



Ауылшаруашылығы саласы бойынша

Ауылдық округтің негізгі кәсібі – егін және мал шаруашылығы болып табылады. Ауылдық округте 27 шаруақожалығы жұмыс жасаса, олардың барлығы егін шаруашылығымен айналысады. Биылғы егіс көлеміне тоқталсақ, күріш- 689 га, күздік бидай-30 га, тары-50 га, дәнді жүгері-15 га, күнбағыс-10 га, бақша-50 га, арпа – 7 га, қауын-34 га, қарбыз-15,5 га, жаңа жоңышқа-286 га, ескі жоңышқа-575 га, көкеніс-35 га, бау-2 га. Оның нәтижесінде, күріштен орташа 44 центнер өнім алып отырмыз. Ауылдағы ауылшаруашылық техинкалары ескі болса да, барлық егін жауын-шашынға қалдырылмай жинап алынуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Бекарыс» шаруақожалығы 6 млн 700 мың теңгеге 2 асыл тұқымды бұқа, сонымен қатар 64 бас мүйізді ірі қара мал алған. «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы «Нұрмахан» шаруақожалығы 3 млн 600 мың теңгеге 1 асыл тұқымды бұқа, 18 бас мүйізді ірі қара мал алып және де «Сәкен» шаруақожалығына 2 млн 900 мың теңге несие алып 8 мүйізді ірі қара мен 5 жылқы мал алған. Сонымен бірге «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ауылымыздан 6 адам мал шаруашылығымен айналысу үшін 7 млн 900 мың теңге қаражат бөлініп мал менен айналысуда.

Ауылдық округте 1 ветеринарлық дәрігер және 1 ветфельдшер маманы жұмыс жасауда. 2013 жылы ауыл тұрғындарының мал басы сақталып мүйізді ірі қара-1254 бас, жылқы – 470 бас, қой және ешкі-3408 бас, түйе – 33, тауық – 850 басқа жетіп ауыл тұрғындарының жағдайының жақсарғанын көріп отыр. Аусыл,сібір жарасы, күлге және құтыруға, қарасанға егілу және туберкулезге, сарыпқа тексеру жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік ахуал

Сол сияқты ауылдан көшіп кету некен- саяқ болса, жаңадан қазіргі заманның талабына сай үй салып, жеке үй отбасылы болып бөлініп шығушылар саны артып отыр. Осының өзі- ақ тұрмыс деңгейіміздің артқандығын көрсетеді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2 кісі жастар тәжірбиесінен 6 айға өтіп 429 000 теңге, 21 кісі қоғамдық жұмысқа тартылып 757 000 теңге берілді. Сонымен бірге 4 тоқсан бойынша балалар жәрдемақысына 97 отбасыдан 348 балаға 5 447 700 теңге, атаулы әлеуметтік көмек 1 отбасына 19 500 теңге және Тұрғын үй көмегін 36 отбасыға 624 246 теңге қаражат отбасына берілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, ауылдық округтегі көп балалы аналардың тізімі нақтыланып, бүгінгі күні 7 және одан да көп бала туып тәрбиелегендер 59 ана «Алтын алқа» алқасымен және, 6 бала туып тәрбиелеген 35 ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталған.

Сондай-ақ «Бота» қоғамдық қоры ауылдық округте 2010 жылдың 9 наурызынан бастап тіркеу жұмыстарын жүргізіп, 3 азаматша ерікті ретінде жұмыс атқарады. «Бота» қоғамдық қорына осы уақытқа барлығы – 74 отбасы тіркелген. Оның ішінде үй жағдайында күту категориясы бойынша - 5 балаға айына 3600 теңге, жүкті және емізулі әйелдер категориясына – 8 анаға айына 5200 теңге, 4-6 жас аралығындағы балалар категориясысына -60 балаға 3600 теңге, 16-19 жастар категориясы бойынша-1 балаға – айына 5200 теңгеден қаражат ай сайын жеке карточкаларына уақытылы түсіп отырады. Сонымен қатар тұрмысы төмен азаматтарға қамқорлық көрсетіліп келеді.



Білім беру саласы бойынша

Ауылдық округ бойынша «Жаңарық» ауылында бір орта мектеп бар. №167 мектепте 79 мұғалім және 41 кіші қызметкерлер жұмыс жасайды. Мектептегі оқушылар саны 505 баланы құрайды. Сонымен қатар 2 даярлық тобында 48 оқушы тәрбиеленуде. Биыл мектепті 28 оқушы бітірсе, оның 11-і ҰБТ-ке қатысып, орташа 78,4 балды құрап, 1 үздік атестатқа ие болса, 5-і мемлекеттік грантына ие болды. Мектептің материалдық – техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Бүгінгі таңда мектепте 2 интерактивті тақта мен 24 компьютер бар. Дегенмен, мектепті әлі де болса компьютермен қамтамасыз ету қажеттілігі байқалады. 2013 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 1 жас маман келді.

Тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен толық емес жартылай жетім 134 балаларға бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп 2 млн 490 мың теңге, ал киім кешекке 314 015 мың теңге бөлінген қаржылар толығымен игерілген.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында №167 мектеп жанынан «Ақшуақ» шағын орталығы ашылып, 20 бала тәрбиеленуде, оларға 1 әдіскер, 1 психолог, 3 тәрбиеші, 2 көмекші тәрбиеші, 1 медбике, 2 аспазшы, 1 кір жуушы қызмет көрсетуде. Ауылдық округтегі балабақша құрылысына жергілікті бюджеттен 62 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар әлі де жүргізілуде.



Денсаулық сақтау саласы бойынша

«Жаңарық» ауылдық округі бойынша 1 дәрігерлік амбулаториялық емхана жұмыс жасайды. Онда 1 дәрігер, 1 фельдшер, 6 медбике, 1 әлеуметтік қызметкер, 1 акушерка және 4 техқызметкер халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Ауыл бойынша өткен жылы емханаға 15139 адам профилактикалық 1060 медициналық тексерілуден өткізілді.

Елді мекендегі әр көшеге бір медбикеден бекітіліп, көше аралау жұмысы атқарылып, күнделікті мәлімет алынуда. Жыл басынан туылған 43 балаға тегін ана мен бала қобдишасымен қамтамасыз етіліп, 12 балаға тегін тағам берілді. Емханада 2 орынды күндізгі емдеу бөлімі жұмыс жасап, емделушілер тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде.

Мәдениет саласы бойынша

Ауылдық округте 1 клуб және 1 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Кітапханадағы кітап қоры – 9581 дана, үнемі кітапханадан оқырмандар үзілмейді. Ауыл кітапханасында атаулы күндерге байланысты кездесулер, «дөңгелек үстелдер» мерекелік кештер өткізіліп келеді.

Ауылдық клуб үйінде 1 меңгеруші, 1 баянист, 1 қарауыл және 1 үй сыпырушы жұмыс істейді. Клуб үйі бір бу қазандығымен жылиды, жылына 30 тонна көмір қаралған. Бірақ бұл көмір жетімсіз. Материалдық техникалық базасы төмен, көрнекілік құралдары жетіспейді. Жылдық ақылы қызметі 500 000 теңге, орындалғаны 14,8 пайыз. Клуб үйі тарапынан түрлі бағытта мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады. «Мектепке жол» акциясы барысында ауыл тұрғындары мен жастардың, кәсіпкерлер ұйымдастырумен қаражат жиналып, ата-анасынан айырылған тұл жетім балалар мен бала жастан мүмкіндігі шектеулі балаларға бір жолғы көмек көрсетілді және «Сыр мейірімі» қайырымдылық акциялары өткізіліп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні меркесіне орай «Ертеңімізді жарқын еткен Елбасы» және «Ту ұстап, тұлпар мінген дархан халық» атты меркелік іс – шаралар жоғары деңгейде аталып өтті. Жыл басынан бері аудан көлемінде бірнеше байқаулар өткізіліп, өткізілетін байқауларға ауылдық округтен жеңімпаздарымыз қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Қорғаныс және қоғамдық қауіпсіздік

Ауылдық округ әкімі аппаратында арнайы әскери есепті жүргізетін маман жоқ. Аудандық әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы көктемгі медициналық сараптамадан 20 азамат, күзгі медсараптамадан 25 азамат өткізіліп 7 азамат әскер қатарына алынды. Ауылда 1 учаскелік полиция инспектор мен аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 азамат сақшы сарбаз қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуде. Ауылда профилактикалық есепте 4 азамат бар. Сонымен бірге құқық қолдану іс – тәжірбиесін жетілдіру және құқық тәртібін ңығайту бағытында қоғамдық кеңес мүшелерімен отырыстар өткізіліп отырады.



Байланыс және салық түсімдері

Ауылдық округтегі «Қазпоштаның» бөлімшесі арқылы тұрғындарға газет–журналдар, зейнетақы мен жәрдемақылар таратылып, электр қуаты мен ауыз су, телефон байланысы үшін төлемақылар қабылданып келеді. Телефон мәселесі шешілген халықаралық байланыстар жоғары деңгейде жұмыс істейді. Елді мекен аумағында «Актив», «Билайн» байланыс жүйелері жұмыс істеп тұр. Ауылдық округі әкімі аппаратының басты міндеттерінің бірі салықты мерзімінде төлеуді қамтамасыз ету болып табылады. 2013 жылы тұрғындардан жер және мүлік, көлік салықтары толығымен 100 пайыз орындалып отыр. Ауыз су мәселесі бойынша халықтан айына су ақысына 58 000 теңге қаражат жиналады. Су құбырының ұзындғы 12 км, гранты бар үйлер 87 болса, тасып ішетіні 88, құдығы бар 134. Су айдайтын мотор негізі 4 болса, оның 1-уі ғана жұмыс істеп тұр, қалған 3-уі жарамсыз. Глубинный насостардың 2-уі жарамсыз, 1 жарамды.



Ауылдық округ бойынша проблемалық мәселелер

1. «Жаңарық» ауылдық округі әкімі аппаратының өз кеңсе ғимараты жоқ. Кеңсе ғимараты болмағандықтан 8 жыл бойы клуб үйінің 2 қабатында отырмыз. Осыған орай, ауылдық әкімдігіне ғимарат салуға қаржы бөлінсе?

2 Ауылдағы трансфарматорлар ескірген, жарамсыз шұғыл түрде ауыстыруды қажет етеді.

3. Ең басты мәселе ауылымыздың ішіндегі тік дренаждардың істен шығуы. Соның салдарынан ыза су көтеріліп, тұрғын үйлер жарылуда.

4. Ауылдағы 11 көшенің бір көшесі орталық Жанай көшесі ғана асфальтталған. Өткен жылы Төлегетай ата және Қыркеңсе ауылдық округі көшелерді жөндеу кезінде жалғыз асфальтталған Жанай көшесінің өзін жарамсыз етіп тастады. Осыған сәйкес ауыл ішіндегі көшелерді жөндеуге қаржы бөлінсе?

5. Р-22 каналының шығыс жақ бетіне тұрғын құрылыстары жүргізіліп жатқанына байланысты 1 трансфарматор және электр бағаналарын, желілерін жүргізу, сонымен қатар спорт алаңы стадион салынса дейміз.

Құрметті аудан әкімі Сұлтанбек Тәуіпбайұлы!

Қадірлі әлеумет!

2013 жылы еліміз үшін үлкен жетістіктерге ие болған жыл болып табылады. Елбасы бастап, қолға алған айбынды істерді жүзеге асыру арқылы айбынды ел бола алдық. Сол арқылы өзіміз де ой мен тәжірибе жинақтап, қуатты ұлтқа айнала білдік. Міне, осының барлығы біз тәу еткен Тәуелсіздіктің арқасы. Баяндамамды қорытындылай келе алда атқарылатын міндеттердің ауқымы кең екендігін атап өткім келеді. Қойылған мақсат – мүдделерге жету барысында Сіздермен бірлесіп, ауызбіршілік таныту арқылы жұмыс атқарып, игі нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімдемін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

2014 жыл

«Жаңарық ауылдық округі әкімі С.Ибрагимов
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет