Ббк қ Редакция алқасы


ЕРТЕК ПЕН ЭПОСТЫҢ СЮЖЕТТІК ТИПОЛОГИЯСЫ



бет9/16
Дата10.04.2016
өлшемі4.3 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

ЕРТЕК ПЕН ЭПОСТЫҢ СЮЖЕТТІК ТИПОЛОГИЯСЫ
Совет фольклортану ғылымы әркезде де типология мәселелеріне көңіл бөліп келді. Бірде тарихи байланыс аспектісі қаралса, бірде тарихи туыстық сипаты зерттелді. Қазіргі кезде тарихи-салыстырмалы әдіске баса назар аударылуда. Өйткені жер жүзі халықтары фольклорындағы ұқсастықтың көптігі туыстық пен ауыс-түйіс (яғни байланыс) аясына сыймайды. Бұл құбылыс ауыз әдебиеті негізгі жанрларының бәріне тән. Соның ішінде, әсіресе, ертек пен эпосты атап айту керек.

Бұл екі жанрлардың ұқсастығы әр түрлі деңгейде көрінеді: сюжеттік, жанрлық, көркемдік, образдық. Біздің мақаламыз бір ғана мәселеге басқаша айтқанда эпос пен ертектің сюжеттік ұқсастығына арналған.

Көптеген халықтардың ертегісі өзінің сюжеттік құрылысы жағынан, негізінде, біркелкі. Мұндай бірыңғайлық біраз ғалымдардың көңілін аударған. Солардың ішінде совет ғалымы В.Я.Проппты ерекше атаған жөн. Ол өзінің «Морфология сказки» (1928, 1969), «Исторические корни волшебной сказки» (1946) деген бұл күнде дүние жүзіне белгілі еңбектерінде жалпы ертек композициясының біркелкілігін тарих пен этнография тұрғысынан зерттеп, заңдылықтарын ашып берді.

Осыны ескере отырып, біз ертегі сюжетінің құрылысын басқа принциппен қарастырдық. Ол принцип – ертегі кейіпкерінің (көркемдік дәстүрге сәйкес) өмірі мен бастан кешетін оқиғалары. Яғни кейіпкердің өмір жолы қандай, ол не көріп, не біледі, қандай харекеттер істейді – міне, осыған сәйкес сюжеттің даму сатыларын анықтадық.



Ертектің басым көпшілігі мынадай болып келеді:

Перзентсіз хан (бай кемпір мен шал) көп жыл бала тілеумен жүреді. Әр түрлі себептермен (әйелі төстік жейді, әулие-әнбиелерге сиынады, т.т.) ханым (бәйбіше, кемпір) екіқабат болады. Зарыға күткен бала туғанда патша (бай, хан) үйде болмайды. Себебі ол баланың даусын естігенде, қуаныштан жүрегім жарылып кетер деп кетіп қалады; немесе жорыққа, яки аң аулауға шығып кетеді.

Бала туып, керемет болып өседі. Ол өте күшті, ақылды және сұлу болады. Ержеткен соң, ол әр түрлі ерлік істейді, көбінесе өзінің қалыңдығын іздеп шығады (күні бұрын айттырып қойған немесе түсінде яки естіп ғашық болған).

Ғашық жарын іздеп бара жатып, неше түрлі ғаламатқа ұшырасады. Жетібасты айдаһарды, жалғыз көзді дәуді, жалмауыз кемпірді, т.б. жеңеді. Олардың кейбіреуі оған дос болады.

Шаршап-шалдығып жарының еліне жетеді. Бірақ қыздың аулына ашық келмейді. Ол (жолда біліп алып) тазша кейпінде, қойшы болып келеді де болашақ қайын атасының малын бағады не басқа тапсырмаларын орындап жүреді. Екеуі бірін-бірі танып, қашпақ болады. Бірақ қыздың әкесі, аулындағы сөз айтып жүрген жігіттер наразы.

Жігіт олардың қойған шарттарын орындайды, немесе соғысып, ерлікпен жеңеді де, қайын атасының тағына отырып, сол елді билейді.

Арада біраз уақыт өткен соң жігіт әйелін ертіп өз еліне келеді.

Міне, ертегі кейіпкерінің өмір жолы осы. Оның мақсаты – семья құру. Бірақ кейіпкердің өмір жолы ертегі поэтикасына орай көркемделіп, дәріптеледі. Ал көркемдеу мен дәріптеу процесі бұл сюжетті небір қосымша эпизодтармен, қайталаулармен толықтырады да, ертек кеңейе түседі. Соның нәтижесінде кейбір жағдайда кейіпкерлердің өмір жолындағы оқиғалар мен қақтығысулар, кездесулер бірнеше дүркін қайталанып отырады, оның жеңетін жауларының да саны өсіп отырады, қиыншылықтар да көбейіп отырады. Бірақ жалпы айтқанда жоғарыдағы кейіпкердің өмір жолын көрсететін сюжеттік шеңберден шықпайды. Тіпті кейде кейіпкер әйелін алып келе жатқанда кез болатын оқиғалар, еліне келгеннен кейін де болатын оқиғалар, ешқайсысы біз түзген сюжеттік қалыпты бұза алмайды.

Енді осы сюжетті қалыпты шартты схемаға бөлшектесек, көз алдымызға ертегі кейіпкерінің мынадай өмір жолы келер еді. Яғни, сюжеттің негізгі желісі (фабуласы) айқын көрінеді.


  1. Кәрі ата-ана.

  2. Кейіпкердің дүниеге келуі.

а) ғайыптан тууы,

ә) төтем-бабадан тууы,

б) баба аруағының жәрдемімен тууы,

в) мұсылман әулие-әмбиелерінің, пірлердің көме-гімен тууы,

г) әкесі үйде жоқта тууы.

3. Кейіпкердің қалыңдығын іздеп шығуы:

а) жолдағы оқиғалар (әр түрлі мақұлықтар жолығып, оларды жеңуі және достасуы),

ә) болашақ қайын атасының жұмыскеріне (тазша, қойшы) жолығуы, соның кейпіне енуі.

4. Қайын атасының аулына танылмай келуі:

а) атасының аулында жұмыс істеуі,

ә) болашақ атасының әрқилы шарттары мен тапсырмаларын орындауы,

б) атасының тағына отыруы.

5. Еліне оралуы.

Міне, бұл қазақ ертектері негізінде жасалған схема. Алайда атап айту керек: бұл схема түптеп келгенде барлық дамыған көркем ертекке тән. Басқаша айтқанда, көптеген халықтар ертегісіне заңды құбылыс. Сөз жоқ, көрсетіп отырған элементтеріміз – ертектің қаңқасы ғана. Ал ертектің жанр ретінде дамыған процесі бұл қаңқаға өзіндік жан бітіріп, қан жүгіртіп, сөлін кіргізеді. Соның нәтижесінде әрбір бөлек аталған элемент көптеген қосалқы мотив, ситуация, эпизодтармен толықтырылады, тіпті замана ағымына байланысты ол қосымшалар дамып, басқа күйге түсіп, өзгеріп те отырады. Мұндай заңдылықты көне ертектің батырлық ертек түрінде даму үстінде анық аңғаруға болады. Батырлық ертек жаңағы схеманы бұзбай, оның жеке бөлшектерін толықтырып, дамытып, өзгертіп жіберген. Мысалы кәдуілгі ертекте жоқ, ал батырлық ертегіде бар мына бір-екі жәйтті аңғаурға болады:

Бала батыр болып туып, ерекше өседі. Оның айрықша қасиеттері бар. Олар: орасан күш, алыптық, алмастық (неуязвимость).

Кейін бұл элементтер, бір жағынан, бұрынғы ертегіге еніп, кірігіп кетеді де, екінші жағынан кештеу туған эпосқа да аса қажетті тәсіл ретінде қызмет етеді.

Осыны ескере отырып, біз батырлық ертегі құрылымын шақтап жатпадық. Біздің мақсатымыз – біріншіден, осы көрсетілген ертегі сюжетіндегі бөлшектер неге барлық елде бар, соны анықтау, екіншіден, осы бөлшектер эпоста қандай сипат қабылдайды, оның себебі неде – соны анықтау.

Әрине, бір еңбекте бұл мәселені жан-жақты қарап, түгел шешіп тастау мүмкін емес. Сондықтан біз кей тұстарда объектімізді, оның материалын саналы түрде шектеп отырдық.

Ендігі бір ескеретін жағдай – біз типологиялық салыстыруларымызды көбінесе Европа елдері эпосына негіздедік. Себебі түркі-моңғол халықтары фольклорын пайдаланған жұмыстар бұл еңбекте бар. Оларда типологиялық салыстыру тарихи-генетикалық ұқсастыққа негізделген.

Ал біздің мақсатымыз өзара еш туыстығы жоқ, әрі бір-біріне тікелей әсер ете алмайтын елдер фольклорындағы ұқсастықты анықтап, себебін ашу. Яғни мұнда тарихи-типологиялық (кейде тарихи-салыстырмалы дейді) әдіс негізге алынды. Сонымен, біздің зерттейтініміз – кейбір түркі халықтары мен Европа елдері фольклорындағы, яғни ертегі мен эпосындағы ортақ құбылыстар.

Зерттеу барысында мынадай тәсілді ұстандық:

Ең алдымен ертек сюжетіндегі өзгермейтін бөлшектерді анықтап алу. Олардың барлық ел ертегісінде болу себебін ашу. Содан кейін бұл тұрақты элементтердің эпостағы көріністерін анықтау.

Сонда біз дүние жүзі фольклорында кездесетін ұқсас мотивтер мен сюжеттер адамзат тарихының қай кезеңінде туып, қалай дамығанын байқауға мүмкіндік аламыз. Әрине, бұл бірден-бір дұрыс, еш күмәнсіз тәсіл деуге болмайды. Бірақ біздің әзірше ескергеніміз: ХХ ғ. басына дейін қоғамдық дамудың әр түрлі сатысында болып келген елдердің фольклорындағы ұқсастықтар мен заңдылықтардың сырын ашып көру екендігі. Мысалы, Алтай халқы ХХ ғ. бас кезінде патриархалды-рулық қауымда өмір сүрді, ал қазақ халқы патриархалдық-феодалдық қоғамда болды. Өзбек елі феодалдық қатынаста жүрген болса, түрік жұрты капитализм дәуіріне жетті. Сол сияқты Европа елдері (әсіресе, Франция, Германия, Испания) де капиталистік системада болды. Осыған қарамастан бұл халықтар фольклорында туыстықпен, әр түрлі байланыспен түсіндірілмейтін көптеген ұқсастық бар. Демек, ол ұқсастықтар – ерте заманда әр елдің өзінде туған мотивтер мен сюжеттер. Жаңағы феодализм мен капитализм қоғамында өмір сүрген халықтар бір кезде матриархаттық та, патриархаттық та руды басынан кешірген, патриархалды-феодалдық дәуірде де өмір сүрген. Олай болса, сол замандарда да ол халықтарда да сол матриархаттық, патриархаттық, т.б. қоғамдық мотивтер мен сюжеттер туған. Бұл жерде аты әлемге әйгілі мәшһүр акад. А.Веселовскийдің: «Такого рода мотивы могли зарождаться самодеятельно в разноплеменных средах, их однородность или их сходство нельзя объяснять заимствованием, а однородностью бытовых условий и отложившихся в них психических процессов»,355 – деген сөзі өте орынды екенін айту керек.

Бұдан, әрине, эпос біткеннің бәрі ұқсас деген пікір тумауы керек. Ұқсас нәрселер – негізінде, көне заманда туған мотив пен сюжеттер. Ал конкретті тарихи оқиғалар, сөз жоқ, әр елдің өзінікі ғана. Сондықтан олар өзгеше.

Сонымен біз енді эпостың сюжеттік схемасын қарайық. Ескеретін жай: эпоста кейіпкердің толық өмір жолы баяндалмайды, оның харекеттері әйел алумен ғана тынбайды. Үйлену – эпос батырының тек кәмелетке жеткендігінің белгісі. Бұл оның азамат ретінде қалыптасуының айғағы. Оның ерлік өмірі енді осыдан кейін басталады. Бұдан былай ол өз тағдырының қожасы емес. Ол енді халық адамы. Сондықтан батыр үшін өз басының немесе әулетінің қамынан гөрі, ел бақыты, ел өмірі маңызды. Міне, осы тұсты бейнелейтін кезде сюжеттік қана емес, жанрлық ерекшелігі де айқындалады. Басқаша айтқанда, эпостағы ертек сюжетінің элементтері осымен шектеледі. Бірақ жалпы ертегілік сипат тұрғыда олар мұнда да ұшырасады.

Ендеше біз енді мына сұраққа жауап беруге тиіспіз. Әр елдің эпосын салыстыру үшін неге ертекті таңдап алдық? Оған былай деп жауап беруге болады. Эпос жанр болып қалыптасқанда бірнеше тірекке сүйенді, яғни оның бірнеше қайнар көзі, төркіні бар: миф, өлең, кантилена, тарихи жыр, т.б. Соның бірі – ертек. Ертектің сюжеттік желісі эпостікіне жақын. Мысалы, эпос сюжетінің жалпы схемасы төмендегідей болып келеді.



  1. Перзентсіз ата-ана, олардың хал-жағдайы.

  2. Кейіпкердің керемет болып тууы:

а) төтем-бабаның баласы,

ә) аталар аруағының жәрдемі;

б) мұсылман әулие-әмбиелерінің көмегі;

в) баланың төтенше жағдайда (әкесі үйде жоқта) тууы.

3. Баланың өте күшті болып ерекше өсуі:

а) оның ерекше қасиеттері (алыптық, алмастық);

ә) бала батырдың күшін танытатын харекеттері;

в) Оның алғашқы ерліктері.

4. Батырдың әйел іздеп шығуы:

а) қалыңдығын алуы;

ә) жолдағы оқиғалар, әр түрлі мақұлықтарды жеңіп, достасуы;

5. Ғашығын (қалыңдығын) іздеп табуы:

а) танылмай келуі;

ә) қарсыластарын жеңуі (бәйге, күрес, мергендік);

б) әйелімен елге келуі.

6. Батырдың өз елін қорғауы, ерлік жорықтары:

а) елінің талануы;

ә) шапқыншы жаумен соғысуы;

б) жауды жеңіп, ата-мекеніне оралуы.

7. Ұлан-асыр қуаныш, той. Тыныштық өмір. Батырдан ұл тууы.

8. Батырдың баласының ерліктері.

Байқап отырсыздар, ертектің де, эпостың да сюжеттік негізгі бөлшектері дәлме-дәл қайталанады. Бірақ, әрине, ол бөлшектер әр жанрда біршама өзгеріске ұшырайды. Себебі, біріншіден, ертекте әр мотивтің көне түрі сақталса, эпос оның дамыған типін көрсетеді. Екіншіден, эпос сюжетіне тарихи элементтер кірігеді.

Енді осы ұқсас элементтердің ертектегі көрінісін, олардың шығу тегін мүмкіндігі болғанша анықтап, олардың эпостағы өзгеру процесін зерттеуге көңіл бөлейік.

Сонымен, ертегі сюжетінің алғашқы түйіні – перзентсіз ата-ана болды. Дүние жүзі халықтарының көптеген ертектерінде әңгіме баласыз жүрген қарапайым кемпір мен шалды суреттеумен басталады. Атап айтайық, көбінесе қарапайым кемпір-шал. Кейде олар – шаруа немесе қойшы, қолөнерші болып келеді. Қалай болғанда да олар қарапайым адамдар.

Ал эпоста олай емес. Мұнда перзентсіз қиналып жүрген бейшаралар, патша немесе хан, яки ірі байлар болып келеді. Оларда байлық бар, мұрагер жоқ. Эпос бір балаға зар болып жүрген ата-ананың хал-жағдайына аса көңіл бөліп, оны әсерлендіре, көркемдей жырлайды.

Демек, эпос кейінгі дәуірде туған жанр болғандықтан перзентсіз ата-ана мотивіне айрықша мән берген. Мұның түбінде эпикалық түсінік жатыр. Яғни психологиялық мотивировка көркем тәсіл ретінде көрінеді. Өйткені келешекте аса күшті батыр болатын бала жай ғана бала болмау керек. Ол қалаулы, тілеулі бала болуға тиіс. Осының өзінде оның ерекшелігі көрінеді. Ол кәдімгі жас, яки орта жастағы жұбайлардан тумайды. Ол міндетті түрде қартайып кеткен, қалыптағы әке, ана болу жасынан асып кеткен қария кісілерден туады.

Ендігі бір ерекшелігі – ол ертегі кейіпкеріндей қарапайым кісілерден тумайды. Оның ата-тегі де ерекше. Ол – патшаның немесе ханның, тіпті болмаған күнде ірі байдың тұқымы.

Міне, мұның бәрі эпос қаһарманының айрықша адам екенін көрсетеді. Оның қасиеттерін сипаттайды. Эпикалық дәстүр заңына сәйкес бұл жәйттер жаңадан туатын баланың неге батыр, неге елден ерекше болатынын түсіндіретін психологиялық тәсіл. Бұл тәсіл тыңдаушыларға кейіпкер тумай жатып, оның керемет болатынын білдіреді. Себебі эпос поэтикасы осыны қажет етеді.

Ертек сюжетіндегі ендігі бөлшек – кейіпкердің тууы. Кейіпкердің дүниеге келуі бірнеше түрде баяндалады:

а) ол ғайыптан пайда болады;

ә) анасы аңсары ауған бір тағамды жейді, содан бала бітеді;

б) балаға зар ата-ананың түсіне ақ сәлделі қария немесе атасы кіріп, аян береді, бала содан кейін туады;

в) перзентке зар кемпір-шал әулие-әнбиеге сиынып, бейіттің басына түнейді, Әулие түске кіріп, аян береді, әйел құрсақ көтереді;

г) бала әкесі үйде жоқта туады.

Бұл аталғандар басты-басты және кең жайылған, көп елдің ертектерінде кездесетін түрлер. Бірлі-екілі басқаша баяндалатын да жағдай болуы ықтимал. Бірақ типтік түрде кездесетін осылар.

Енді осы түрлердің әрқайсысына тоқтап, талдап көрелік.

Кейіпкердің ғайыптан тууы. Ғылымда мұны «партеногенезис» немесе «чудесное зачатие», кейде «непорочное зачатие» деп атайды.

Бұл мотив бүкіл жер жүзі халықтарының ауызекі шығармаларында бар. Көне дәуір туындысы қарапайым мифтерде, аңыздарда, әңгіме-ертегіде, көркем түрде дамыған ертектерде, батырлық және ғашықтық жырларда кездеседі. Алғашқы қауымдық наным-сенімдерде, тіпті дүние жүзіне жайылған ірі діндерде де ғайыптан туу мотиві кеңінен пайдаланылады356.

Ғайыптан туу мотивін арнайы зерттеген академик А.Н. Веселовский оның мынадай түрлерін көрсетеді:

а) дымнан, судан туу (Даная, Кельт эпосының қаһарманы Конхобар, парсы мен аннам аңыздарында);

ә) жемістен туу: маньчжурия мен фин жұртының фольклорында;

б) күн сәулесінен туу: татар мен қазақ ауыз әдебиетінде;

в) жұпар иістен туу: Шам аңызында;

г) шаштан, түкіріктен, күлден, желден, суға шомыл-ғаннан, көзден, т.б. туу357.

Адамның ғайыптан (яғни некесіз) туу мүмкіндігіне алғашқы қауымда, дәлірек айтқанда, матриархат дәуірінде өмір сүрген кісілер толық сенген358. Оған ғалымдар әр түрлі себеп айтады. Бірі сол дәуірде кең жайылған тотемистік наныммен байланыстырады. Атақты тарихшы-этнограф М.О.Косвен ол туралы былай деп жазады:

«Тотемизм – это убеждние и существовании связи человека с каким-либо животным (это – преимущественно) или растением, иногда – неодушевленным предметом, либо даже явлением природы»359.

Ғайыптан туу мүмкіндігіне сенушілік болғанын А.Н.Веселовский де құптайды. «Общее, развившееся в пору матриархата, верование в партеногенезис приурочивается позднее к рождению героя: он рожден сверхъестественным путем, сравнение с отцом принизило бы его»360, – деп жазады ол.

Ал В.Я.Пропп ғайыптан туу мүмкіндігіне сенушілік тотемизммен байланысты емес, ол алғашқы матриархаттық қауымда өмір сүрген елдердің надандығынан туған деген ой айтады: «Обилие материала... не оставляет никакого сомнения в том, что в возможность зачатия без участия мужчин некогда широко верили, а частично верят кое-где и сейчас. Ряд соображений и материалов приводит к заключению, что человек не всегда понимал роль мужчины при зачатии. Создательницей рода считалась только женщина...

Все эти соображения приводят к мысли, что подобное незнание – исторический факт...

Но в дальнейшем подлинные причины рождения, конечно, скоро становятся известными. Но, хотя эти причины и известны, вера в возможность внеполового зачатия продолжает существовать с знанием настоящих причин рождения»361.

Демек, ерте заманда, матриархат дәуірінде тотемизмді ұстанған қауым адамның ғайыптан туу мүмкіндігіне сенген. Оны тотеммен байланыстырған. Бұл сенушілік алғашқы мифтер мен аңыздарда, ертектерде кейіпкердің ғайыптан туғандығы туралы мотивті туғызған. Сөйтіп бұл мотив бүкіл әлем халықтарының ауыз әдебиетінде, діни аңыздары мен шежірелерінде орын алған. Соның көпшілігін салыстыра зерттеген В.Я.Пропп ғайыптан (некесіз) туудың мынадай түрлерін анықтайды:

1) жемістен туу, 2) дұғадан туу, 3) ішкен судан құрсақ көтеру, 4) кісінің қайталанып тууы362, 5) пештен (ошақтан) туу, 6) марқұм болған кісінің етін жегеннен туу, 7) балықтан немесе ағаштан жасап алу363.

В.Я.Пропптың, тағы басқа зерттеушілердің дәлелдеріне қарағанда, Африка, Америка және Австралия ру-тайпаларының мифтік қаһармандары дүниеге осы жолдардың бірімен келген.

Ғайыптан туудың кейбір көріністері қазақ аңыздары мен ертектерінде де кездеседі.

Бір бай жолда келе жатып бір қурап қалған басты тауып алады. Оны өртеп, күлін шүберекке байлап, сандыққа салып қояды. Сандықтың ішін ақтарған қызы күлді тауып алады да тілімен дәмін татады. Содан ол қыз жүкті болып, ұл табады. Кейін ол ұл ақылгөй болып шығады364.

Шыңғыс хан туралы аңыздарда оны анасы күннің шуағынан көтерген деп баяндайды365.

Сондай-ақ «Ер Төстік», «Әлібек батыр», «Итыгиль» ертектерінде кейіпкердің анасы бір тағамды жегеннен кейін құрсақ көтереді366.

Қазақ фольклорында кейіпкердің керемет жағдайда тууының (яғни ғайыптан туудың дамып өзгерген) басқа түрлері де бар. Олар жайында сөз кейінірек болады.



Кейіпкердің ғайыптан тууы тек көне заман шығармаларында ғана емес, сондай-ақ өзінің қоғамдық дамуында феодализм дәуірінде өмір сүрген халықтар фольклорында кең жайылған. Мысалы, армян эпосы «Давид Сосунскийде» Санасар мен Бағдасарды анасы киелі суға шомылған соң көтерген. Ал Кельт эпосында анасы керемет суды ішкеннен кейін Конхобар мен Кулилинді көтерген. Фин сағасында Вяйнеменді анасы желден көтерген367.

Патриархалдық феодализм дәуірінде бұрынғы ғайыптан туу мотиві сол заманғы аталық (отцовство) тек жайындағы түсінікке қайшы келе бастайды. Мәселен, патшаны немесе ел қадірлейтін батырды әкесіз (некесіз) туды деу оның тегіне, сүйегіне өшпес дақ түсіру деген сөз. Мұны біз Шыңғыс хан туралы қазақ аңыз-ертегісінен анық көруімізге болады.

Шыңғыстың анасы күннің шуағынан, жарықтан екіқабат болады. Әйелдің әке-шешесі, ағайындары қызымыз жүкті боп қалды, күйеусіз бала тапты, масқара болдық деп, әйелді жас баласымен қуғынға салады. Кейін таласта Шыңғыс күннің сәулесіне өзінің садағын іледі де, күннен туғанын дәлелдеп хан болады368.

Бұл жағдай феодализм дәуіріндегі көптеген халықтардың фольклорына тән. Яғни феодализм кезінде бұрынғы аңыздар, ертектер мен жырлардағы ежелгі некесіз, ғайыптан туу мотиві ерекше жағдайда туу болып өзгереді. Яғни патшаны, батырды айрықша қылып көрсету үшін оны ерекше жағдайда туған етіп жырлайды.

Сонымен біздің көзіміз жеткен нәрсе: өте ерте заманда, аналық рудың кезінде тотемизмге байланысты пайда болған адамның ғайыптан (некесіз) туу мүмкіндігіне сенушілік барлық елдің фольклорында «партеногенезис» мотивін туғызған. Бұл мотив әр жұртта өз бетімен туып, заман ағымына сәйкес өзгеріп отырған. Яғни әр дәуірде әрбір ел фольклорлық сүйікті кейіпкерді мадақтау (идеализация) үшін пайдаланып отырған. Сондықтан да бұл мотивтің түрлері көптеген халықтардың қарапайым мифінен бастап көркем жырларында кездеседі. Осы орайда В.Я.Пропптың мына пікірі өте дұрыс екенін айту керек. Ол былай деп жазады: «...можно заметить, что на наиболее примитивных ступенях человеческой культуры «чудесное» рождение приписывается всем без исключения. Такое положение мы застаем у австралийцев. В дальнейшем чудесным образом рождаются уже только племенные герои и полубоги: похитители огня, легендарные великие охотники и т.д. Такое положение мы имеем у более развитых племен, например Северной Америки и частично Африки и океанских островов. Здесь чудесно рожденное дитя в мифах есть спаситель (Heilbringer). Он приносит людям огонь, первые семена и т.д., он утверждает общественный строй и тотемные обычаи. Эти мифы имеют сакральное значение. С возникновением монархии и богов, а обыкновенные смертные рождаются обыкновенным образом. Известно, что египетские цари почиталы себя потомками бога солнца Ра369. От египетских царей не отстают ни индийские цари и царьки, ни китайские императоры... Из этих чудесно или непорочно зачатых и рожденных богов не состовляет исключения и Христос. Движение это идет по социальной лестнице снизу вверх. Там, в верхах, это рождение долгое время – признанное явление. Но и в социальных низах, вплоть до ХІХ века, не прекращается стремление достигнуть рождения ребенка, хотя бы внеполовым путем, но здесь это будет называться суеверием, колдовством и т.д.»370.

Бұл жерде В.Я.Пропп баланың әйелден некесіз (күйеусіз, еркексіз) туу мүмкіндігіне сенушіліктің тарихи жолына қысқаша шолу жасап, оның өзгеру процесін көрсетеді. Ғайыптан (күйеусіз) туу алғашқы кезде әдеттегі нәрсе деп есептелсе, кейін ол керемет деп саналған. Сол себепті ғайыптан туу – тек құдай мен патшаның үлесі деп танылған. Бұл, байқасақ, құл иеленушілік мемлекеттік қоғамға тән екен. Ал құл иеленушілік қоғамды баспай өткен елдерде ғайыптан туу тек құдай мен патша емес, сондай-ақ аса ұлы қайраткерлердің де үлесі болып түсінілген.

Бұл өз алдына жеке мәселе. Біздің бұл жерде қарастыратынымыз: ғайыптан туу мотивінің әр дәуірге сәйкес өзгеруі. Әрине, пәлен заманда былай болған деп, дәл басып айту мүмкін емес, әрі ондай мақсат қойып та отырғанымыз жоқ. Біздің ойымыз осы мотивтің әр ел фольклорындағы көрінісін талдау, сол арқылы оның даму жолын анықтау. Өйткені біз талдайтын фольклорлық шығармалар - әр алуан қоғамдық, экономикалық, мәдени сатыда болған елдің туындылары, әр қилы қауымның мұралары. Сонымен, адамның ғайыптан туу мүмкіндігіне сенушілік – матриархат дәуірінің жемісі дедік. Ол дамыған аналық ру қоғамында фольклорлық мотив ретінде қалыптасады. Оның алғашқы түрі: адамның анадан ешбір жыныстық қатынассыз туатындығы, яғни таза ғайыптан тууы. Қыз табиғат құбылысынан, күннен, судан, шөптен бала көтеріп, ол фольклорлық шығарманың кейіпкері болады.

Біртіндеп, матриархаттың ыдырау заманында енді бала әйелдің тотеммен жақындасуынан пайда болады деген түсінік қалыптасады. Яғни әйел тотем-бабаның әсерімен, онымен тікелей араласуының нәтижесінде немесе тотемнің етін жеп барып жүкті болады деп ойлаған (Ол кезде әлі де болса еркектің ролін толық түсінбеген).

Мысалы, Австралия мен Океанияның көне тұрғындары европалықтар алғаш барған кезінде матриархаттың ыдырау сатысында тұрған. Солардың ауызекі шығармаларында әйелдер баланы кокос жаңғағын жеп те, басқа өсімдікті жеп те, кісі етін жеп те, тотемдік аңның етін жеп те көтере береді371.

Ал мәдениеті жоғары дамыған елдердің фольклорында да осы жағдай: орыс ертектерінде кейіпкерге анасы бұршақ, алма, бидай дәнін жеп жүкті болады372. Шығыс халықтары ертектерінде, көбінесе, әйел алма жеп барып, бала көтереді373.

Көптеген Европа, Азия халықтарының ертектерінде әйел болашақ кейіпкерді аюдан, қасқырдан, т.б. аңдардан көтереді. Бұл әлгі тотем-бабадан бала туады деген көне мотивтің қалдығы. Мұндай мотив бір топ қазақ ертектерінде де ұшырасады: болашақ батыр әйел мен аюдан туады374.

Алайда мұнда ескеретін нәрсе: бұрынғы тотем-бабаға байланысты сенімде бала жыныстық қатынастың нәтижесі деп саналмайтын. Ал, мына ертектерде әйел мен аю ерлі-зайыпты. Демек, бұл жерде бұрынғы мотивке кейінгі дәуірдің түсінігі әсер етіп, анахронизмдік жамау бар (анахронизм – жалпы фольклорға тән құбылыс). Сондықтан да аюдан туған баланы, тіпті ол керемет күшті болса да, қауым ұнатпайды, оған жат көзбен қарайды. Бұл – басқа мәселе. Әйелдің табиғат құбылыстары мен өсімдіктерден жүкті болатынына сенушілік аналық ру ыдырап, патриархаттық қоғамға көше бастағанда әйелдің жүкті болуына тотем-баба әсер етеді деген сеніммен ығыстырыла бастайды. Яғни, енді бұрыннан бар тотемдік бабаға үлкен мән беріліп, оның маңызы арта түседі. Патриархаттық қауым мұны өзінің мүддесіне пайдаланады (Бұл кездегі адамдар бала туудағы жыныстық қатынастың маңызын әбден түсінген).

Ежелгі заманда рулық, тайпалық тотемді жеу – дәстүр болған. Оны бірнеше мақсатпен жеген: а) тотемді қайтадан тірілту; б) тотемнің қасиетіне ие болу; в) неше түрлі сиқырды білу, т.т. 375

Ал, тотем-баба болып көп жағдайда күшті хайуан, сұлу аң, ерекше жануарлар саналған. Негізінде, ру-тайпаның мекен еткен жерінде болатын аңдар мен жәндіктер. Міне, осындай күшті де қаһарлы, ақылды да айлалы, сұлу да әсем бабамен араласу арқылы әйел екі қабат болады деп сенген ертедегі адамдар осыған сәйкес фольклорлық мотив те туғызған. Мотив, көбінесе, тотем-бабаның етінен дәм тату, әйтпесе, оны жалау, не болмаса оны көру түрінде болып келеді376.

Мұндай оқиға қазақ ертектерінде де орын алған. Кейіпкер жыланның желкесін жалап, он сегіз мың ғаламның тілін біліп шығады. Немесе кейіпкердің аузына жылан түкіреді де, ол керемет білімпаз, көріпкел болады, т.т.377 Яғни адамға тотемнің қасиеттері көшеді деп білген ертеде.

Міне, көріп отырсыздар, алғашқы қауымның рулық заманында туған сенімге негізделген мотивтер біздің заманымызға дейін көркем фольклорда өмір сүріп келген. Әрине, бертіндегі замандарда оның түпкі негізі ұмытылып, ол мотив тек елдің сүйікті кейіпкерін не қаһарманын дәріптеу үшін көркем құрал, тәсіл ретінде пайдаланылады. Бұл процесті көбіне-көп шежіре мен жырда байқауға болады: әдетте болашақ ру басының, немесе патшаның, яки болмаса батырдың анасы құрсақ көтерген кезінде өте жыртқыш аңның өтіне, я болмаса басқа, табылуы өте қиын бір тағамға жерік болады. Күйеуі міндетті түрде әйелінің аңсағанын тауып береді. Содан кейін туған бала анасы жерік болып, етін жеген күшті аң сияқты аса қайратты, ержүрек, елден ерекше болып туады. Міне, фольклор эстетикасы мен поэтикасының заңы деген осы.

Сөзіміз дәлелді болу үшін қазақ ауыз әдебиетінен бір-екі мысал келтірейік. Ел аузындағы шежіренің айтуы бойынша, Шапырашты батырдың анасы қасқырдың бауырына жерік болыпты. Жерігі қанғаннан кейін әйел мезгілі жетіп, ұл туады. Әкесі ұлына Шапырашты деп ат қояды. Кейін ол бала асқан батыр, жауынгер болып өседі де, одан тараған ел Шапырашты деп аталады. Оның ержүректігі мен қайсарлығын анасының қасқырдың бауырына жерік болғанымен байланыстырып, ел оны «Бөрі бауырын жеген Шапырашты» деп атайтын болған. Атақты Сүйінбайдың:

Бөрілі байрақ астында

Ту түсіріп, жау алған

Шапырашты батыр бабамыз.

Бөрі басы – ұраным,

Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым378, –

деуі сондықтан.

Бұл шежіреде фольклордың көркемдеу заңы толық жүзеге асып, ескі мотив ел батырын мадақтау үшін жұмсалып отыр. Бұл – кәдуілгі эпос дәстүрі, эпикалық масштаб.

Бұл мотив қазақ ертегісінде былай баяндалады.

Балаға зар бай мен кемпір жұртқа мазақ болған соң жер-жерді шарлап кетеді. Әдеттегідей, оларға аян беріледі. Олар қуанып, еліне қайтады. «Бірнеше күндер, айлар өткенде кемпір-шал баяғы өздерінің шыққан мекен-жайларына келіп жетеді. Елге келген соң бірнеше күндер, айлар өтеді. Күндерде бір күн кемпір арыстанның етіне жерік болып: – Шалым! Тілегіңіз бір перзент еді. Олай болса, мен бала кезімде ойнап жүргенде, өзіміздің ауылдың артында бір Арал тоғай деген бар еді. Арал тоғай ішінде Шабақ тоғай бар еді. соның ішінде бір арыстан бар еді, дәл соның етіне жерік болдым», – дейді379.

Шалы кемпірдің айтуымен барып, арыстанды өлтіріп, алып келеді. «Келе сала, арыстанның етін тай қазанға асып пісіреді де үлкен астауға турап, жерік болған кемпіріне бере бастайды. Кемпір арыстанның етін астаудан қос қолдап ол ұртына бір, бұл ұртына бір тықты. Үш күн, үш түн ұйықтайды»380.

Осындай керемет жағдайда туған бала кейін Әлібек батыр атанады. Аталмыш мотив батырлық эпоста да көрініс тапқан. Мәселен, ол «Алпамыс батырда» былайша жырланады.

Бір перзент сұрап, әулие-әнбиелерді аралаған Байбөрі мен бәйбішесіне түсінде Баба түкті шашты Әзіз балалы боласың деп аян бергеннен кейін кәрі әйел бойына бала біткенін сезіп, жерік болады. Жырда былай айтылады:

Бәйбіше келед алаңдап,

Жас бөрідей жалаңдап.

Жерігі қанбай сандалды...

Байға айтты: «Ер едің,

Ерім, сенен тіледім,

Тойғанымша жер едім,

Тауып берсең қабыланды...

Сол уақытта екеуі

Бір қалыңға еніпті.

Екі көзі табақтай,

Сапты аяқты қабақтай,

Бір қабылан көріпті.

Бір ағашты паналап,

Өкпенің тұсын сығалап,

Сыбаға оғын беріпті.

Тарс еткенде, шарт етіп,

Дәлдеген жерден тиіпті.

Ажалдың оғы тиген соң,

Тырп етпей қабылан өліпті.

Арсалақтап жүгіріп,

Асығыста сүрініп,

Кеудесіне мініпті.

Құс кездігін суырып,

Кеудесінен тіліпті.

Өкпеден алып суырып,

Жүрегін кесіп беріпті.

Отқа салып бауырын,

Ішіндегі тәуірін

Азуға салып жұлыпты.

Шала-пұла пісіріп,

Мосыдан алып түсіріп,

Қоң етін кесіп беріпті.

Әрқайсысынан бір асап,

Бәйбіше басты жерікті381.

Мұндай жағдайда туған баланың қандай батыр болғаны белгілі.

Кейіпкердің керемет жағдайда тууының бұл түрі патриархат қоғамының күшейген тұсында туған болу керек. Мұнда болашақ батырдың тууын әйелдің бұрынғы тайпалық тотеммен жақындасуымен байланыстырмайды. Ол патриархаттық түсінікке қайшы, сондықтан қаһарманның кереметтігін түсіндіре алмайды. Яғни ежелгі тотемизмге байланысты негіз ұмытылады да, қаһарманның айрықша болуы басқаша түсіндіріледі. Оның тууы керемет емес, ол ғайыптан тумайды. Оның әкесі – адам, ал керемет болуы – анасының тотемдік қасиеттерін бойына сіңіруінен.

Патриархалдық рудың шарықтаған тұсында бұрынғы тотем-бабаларды аталар аруағы ығыстыра байстайды. Ескі аналық ру кезінде пайда болған образдарды жаңа образдармен ауыстыру басталады: бұрынғы әйел ру басын еркек алмастырады, көмекші әйелдер мен тотемдердің орнына еркектер мен аталар аруағы келеді. Соның нәтижесінде бұрынғы фольклорға да өзгеріс енеді. Ендігі жерде фольклордағы кейіпкерді тудыратын күнді, суды, желді, тотемді (аң мен өсімдікті) ата аруағы ауыстырады. Ол әйелге кәрі шал болып кездеседі, немесе ақсақал боп түсіне кіреді де, әйелдің керемет бала тууына әсер етеді.

Бұл мотив жер жүзі халықтарының ертектерінде де, эпостарында да кездеседі. Әсіресе, шығыс мұсылман елдерінің фольклорында көп ұшырайды. Қазақтардың да бір топ ертегінде бұл мотив бар: бала іздеп, шаршап-шалдығып жүрген ата-анаға шал кездесіп (кейде түсіне еніп), балалы болатынын айтады382.

Жалпы, аталар аруағы қазақ ертектерінде кейіпкердің басты көмекшісі болып суреттеледі383. Аруақ пен ақсақалдың көмегі қазақ фольклорында көбіне-көп қаһарманның қиналған кезінде болатынын көреміз. Мұндай образ бен функция басқа елдердің де ауыз әдебиетінде бар. Мысалы, орыстың былинасы былай дейді:

Из того еще из города да ныне из Мурома,

Из того еще села было Карачагова.

Уж жил тут и был Иван сын Тимофеевич,

Кабы было у его едино чадо, едино милое,

Как едино было родно, едино любимое,

Уж звали его Илеюшко сын Иванович.

Как лежал нынь Илейко да право тридцать лет,

У его не было под собой же резвых – де ног,

Уж держал Иван Тимофеевич нянечку-служаночку,

Обирала она едино чадо милое, едино любимое.

Тридцать лет лежал – ног не было. И пришел к нему старец, к Илье свету Ивановичу. Попросил его квасу попить, либо пива. Он говорит: «Есть у отца моего пива бочки, да я тридцать лет лежу». – «А попробуй, пошевели ногами». Он шевелит – ноги действуют. Соскочил, в погреб кинулсе. Бочку пива из погреба выкатил. Подал старцу. «Спасибо», – говорит старец, – будешь ездить по чистым полям. Только не дерись с Вольгой...

И потерялсе старец»384.

Қасиетті ақсақал образы қазақ эпосында да бар. Қатты қиналғанда, батыр аруақты көмекке шақырады. Сол кезде аруақ көрінбей дем береді. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында ақсақалдың көмегі былай жырланады:

Баянға Қозыкемен обал қылды,

Өлтірген Қозыкені Қодар құл-ды.

Қозыкеге үш күндік өмір тілеп,

Құдайға сұлу Баян бек зар қылды.
Бір адам ақ шалмалы іздеп келді,

Бек зарландың, тілегің тіле деді.

Аузы күйген бишара, жазған Баян,

Тілегін көп тілемей, аз тіледі.


Үш күндік Қозыкеге өмір берді,

Армансыз үш күн, үш түн дәурен сүрді.

Үш күн уағыдалы өткеннен соң,

Қайдайдың аманатын қайтып берді385.

Атап айтатын нәрсе: ақ шалма. Бұл мұсылман дінінің әсері. Қазақ елі патриархалдық-феодалдық қоғам кезінде мемлекеттік сипатта болған ислам дінін ұстанғаны белгілі. Жалпы, қай ел, қай жер, қай мезгілде болмасын, бір құдайлық (монотеистік) мемлекеттік дін өзінен бұрынғы діндер мен сенімдерді, олардың ілімі мен оқуын, шығармалары мен образдарын жоққа шығарып, өмірден өшіруге тырысқан. Алайда ескі нәрсе түгелімен жоғалмаған, өзгеріп, басқа сипат қабылдаған, кейде қатарлас өмір сүрген. Иудей, будда, христиан, ислам діндерінің тарихы осыны дәлелдейді386.

Осыған байланысты мына нәрсеге аса көңіл аудару керек: біз айтып отырған мотивтің түрлері бірін-бірі ауыстырғанда, алдыңғысы мүлде құрып кетпейді, және тек соңғысы ғана қалып қалмайды. Олар фольклорда бәрі қатар жүреді. Себебі олардың туғызған сенімдердің қалдықтары да қатар жүреді.

Айталық, қазақ фольклорында кейіпкердің ғайыптан тууы да, тотемнің әсерімен тууы да, сондай-ақ ата аруағының немесе мұсылман әулиелерінің жәрдемімен дүниеге келуінің бәрі аралас, қатар жүруі осыдан.

Басқа ел фольклорында да осылай.

Ислам діні енгеннен бастап Қазақстанда ескі шамандық пен ислам діні қатар өмір сүрді. Бұл жағдай көп уақытқа созылғаны белгілі387. Бірақ жай созылған жоқ, екі идеология арасында үнемі күрес болып келді. Сөйтіп, бұрынғы шаманизмді исламның «қасиетті» күштері ығыстыра бастады, ал кейбір шамандық кейіпкерлер мен әдет-рәсімдер исламдық сипат алды. Соның нәтижесінде ежелгі тотемге және ата аруағына табынумен қатар мұсылман дінінің әулие-әнбиелерін қасиеттеп, оларға сиыну кең етек алды. Міне, бұл процесс қазақ фольклорында да көрініс тапты. Мысалы, көптеген аңыз, ертегі, жырларда болашақ қаһарманның ата-анасы бала тілеп аллаға сиынады, мұсылманның қасиетті орындарына зиярат етеді. Әдетте, перзентсіз ата-ананың түсіне ақ сәлделі бір шал (кейде Баба түкті шашты Әзіз) кіреді де, әйелдің бала көтеретіндігін аян етеді. Ал кейін, бала өсіп, батыр болғанда, жаңағы шал оның керемет қамқоршысы, көмекшісі болады.

Бұдан ескі рулық тотем-ата мен тотем-көмекші бейнелерінің ата аруағына ауысып, енді мұсылман дінінің кейіпкерлері болғанын көреміз.

Сөйтіп, қаһарманның ерекше болып бойға бітіп, туылуы сонау матриархат дәуіріндегі тотемдік діни нанымға байланысты болса, ол енді қазақтың дәстүрлі фольклорында қаһарманды, батырды дәріптеу (идеализация) үшін қолданылатын көркем әдіс болып қызмет етеді.

Демек, енді кейіпкердің ерекше жағдайда тууы мотивінің жаңа түрі пайда болады. Ол – перзентсіз ата-анаға мұсылман әулие-әнбиелерінің рахымы. Егер құл иеленушілік мемлекеттің патшасы үшін күннен туу – ерекшеліктің белгісі болса, сондай-ақ ру басы мен тайпа басшылары үшін тотем-бабадан туу – кереметтіктің символы болса, ал батырлар үшін ата аруағы мен әулие-әнбиелердің жебеп-желеуі – басқа адамдардан айрықша екендігінің куәсі. Халықтың түсінігі осы және бұл халық ауыз әдебиетінде көрініс тапқан.

Сөзіміз дәлелді болу үшін ертек пен эпостан мысал келтірейік. Міне «Әлібек батыр» ертегісі.

Үлкен тойда не ұлы, не қызы жоқ байға «қу бассың» деп, орын бермейді. Қорланған бай мен кемпір «...Темір таяқ ұстап, темір етік киіп, қайыршы болып, ойлаған мақсаттарына жету үшін жаяу жол тартып, жүріп кетеді. Бірнеше күн, ай, жылдар жүдеп-жадап, әулиеден әулие қоймай сиынады.

Бірақ ештеме өндіре алмай, әбден жүдеп-жадап, құдайға өкпелеп, елдеріне қайтады. Бірнеше күн жол жүріп келе жатып, бір күні күн бата құлап жатқан, ескі жарты молаға кездеседі. Бұған әйел: «Барайық», - дейді, байы: «Жарты мола түгіл, бүтін моладан да түк болған жоқ!» – деп, барғысы келмейді.

Байының сөзіне қарамастан әйел молаға барады. Бұл молаға келіп жетсе, моланың көлеңкесінде ақ сәлдесі басында, қарагер аты астында, зікір салып, бір әулие тұр екен. Әйелді көре салып: «Өңі-түсі қашып, жүдеп-жадап жүрген не қылған адамсың?» – деп сұрай бастады. Әйел өзінің балаға мұқтаждығын, көп заманнан бері құдайдан тілегенмен ештеме бермегендігін айтып, құдайға наразы болып, еліне қайтып келе жатқандығын баян етеді. Сонда әулие тұрып: «Мен саған екі қыз, бір ұл берейін, қолыңды жай жылама» - дейді де, судырлатып батасын бере бастайды. «Ұлың атын Әлібек, қыздарыңның атын Қанікей мен Тотай қой» дейді де ғайып болады»388.

Бұл мотив эпоста былайша суреттеледі. Атақты хан жасы 70-ке (80-ге, 90-ға) келгенше бала көрмейді. Бала тілеп аулынан шығады:

Өтті шаттан аяңдап,

Отыра алмады баяулап.

Екеуінің мінгені –

Белгілі қату көк еді.

Жануардың шабысы

Таусылмастай көп еді.

Жонас мінген ақ танау

Ауыздықпен алысып,

Аспанға қарғып келеді,

Бөкең-бөкең желеді,

Шаңқай түсте жөнеді,

Ар жағында тар қолтық,

Одан өтіп келеді.

Бірнеше күн болғанда,

Күн намазшамға толғанда,

Оның арты – Құбатау,

Соған барып енеді.

Астындағы ақ танау,

Қайраты оның таусылмай,

Әлі дөңгеленіп келеді.

Арғы жағын сұрасаң,

Амудария су еді,

Жағасы қалың ну еді,

Сол нуды келіп жағалап,

Қырық күндей жол жүрді,

Аз ғана емес, мол жүрді.

Аты арып, тон тозып,

Сонда жеткен секілді

Әзірет Әлі жатқан жерлерге,

Мекендеген елдерге,

Жақын қалды моласы.

Моланың көрді қарасы.

Ақжонас та ер еді,

Астындағы тұлпардан

Түсе қалып ханыңыз,

Жолдасқа атын береді.

Етігін салып иыққа

Жаяулатып жөнеді.

Желген атқан ол батыр

Бір перзенттің зарпынан

Жүгірумен ереді.

Моласының басына

Келді батыр қасына.

Табытын оның құшақтап,

Хан да болса жылады

Көзінен жасын бұршақтап,

Ақжонас сонда сөйледі.

– Асыл туған Арыслан,

Бір перзентке зар болып,

Басыңа келіп, түнедім,

Жатып перзент тіледім.

Тілегімді бере көр,

Көздің жасын көре көр

Тілекті егер бермесең,

Жіберме мені, алып қал,

Тар шұңқырға мені сал.

Бір кезде Ақжонастың көзі ілініп кеткен екен. Арыслан келіп: «Енді тілегіңді бердім, аулыңа қайт, үлкен кеңеспен шығып едің, әйеліңнен ұл туар, атын Кеңес қой!» – деп өзі ғайып болды389.

Көріп отырсыздар, мұсылман дінінің әсері бұл мотивте айқын сезіледі.

Кейіпкердің керемет жағдайда дүниеге келуінің бұл түрі, әсіресе, Орта Азия халықтарының фольклорында жиі кездеседі. Бұл туралы В.М.Жирмунский былай деп жазады: «В среднеазиатском фольклоре сказочно-мифологический характер мотива чудесного рождения значительно ослаблен по сравнению с алтайским и в особенности монгольским фольклором. Мотив этот обычно оформляется здесь в соответствии с господствовавшими у мусульманских народов Средней Азии религиозными суевериями и бытовой практикой врачевания бесплодия магическими средствами. Родители будущего героя совершают паломничество на могилу почитаемого мусульманского святого «чудотворца» – Али Шахимардана («Алпамыш»), Баба-Тукласа («Шора батыр»), Баба Омара («Сайын батыр»), Олав Хаджи (в узбекском дастане «Ширин и Шакар») ночуют на его мазаре. Обычно во сне им является старец, предвещающий исполнение их заветного желания; в дальнейшем этот старец становится покровителем, чудесным помощником роденного по его представительству богатыря»390.

Ертек кейіпкерінің керемет жағдайда дүниеге келуінің бір түрі - әкесі үйде жоқта тууы. Қазақтың көптеген ертектерінде кейіпкер туғанда оның әкесі үйде болмайды: ол аң аулап жүреді, немесе жорыққа аттанып кетеді, яки болмаса сапарда болады. Әйтпесе, жаңа туған баланың дауысын естісем, жүрегім жарылып өлермін деп, басқа жаққа кетіп қалады391.

Бала туғанда әкесі үйде болмау мотиві басқа халықтар фольклорында да кездеседі. Әсіресе, Алтай мен Сібірдегі түркі халықтарының батырлық ертектерінде бұл мотив өте кең тараған. Осы жайында академик В.М.Жирмунский былай деп жазады: «В богатырских сказках тюркоязычных народов Сибири, (алтайцев, шорцев, хакасов и др.) богатырь обычно сын бездетных старика и старухи, достигших семидесяти, восьмидесяти, иногда ста лет. Обстоятельства чудесного рождения долгожданного наследника не всегда одинаково ясны. Участие отца для рождения младенца как будто не нужно: отец уезжает в далекую, иногда в долголетнюю поездку, в поход против врага, чаще всего по собственному желанию или по совету жены – на продолжительную охоту»392.

Бұл ертегілік мотивті В.Жирмунский ғайыптан туудың өзгерген түрі деп дұрыс айтады да, алайда оның шығу тегін портеногенезисті туғызған тотемизммен байланыстырады393.

Сөз жоқ, бұл мотив өте көне. Көне болғанда, матриархат дәуірінде туған. Бірақ ол тотемизммен байланысты емес. Біздің ойымызша, мұнда аналық ру заманының болмысы көрініс тапқан. Әрине, сол өз қалпында емес, өзгерген түрде. Ежелгі өмір елесі көркем ертегіде эстетикалық қызмет атқарып, көркем мотив ретінде кейіпкерді дәріптеуге себін тигізіп тұр.

Ал оның түп төркіні сонау бағзы аналық ру кезінде болған кувада салтына меңзейді. Кувада салтының жалпы фольклорда көрініс тапқаны жайлы алғаш рет А.Веселовский жазған. Бірақ ғалым бұл салттың шығуы жайлы анық пікір айтпаған. Тек оны патриархаттың жеңуімен туған болар деген болжам айтады394.

Алайда совет ғалымдарының зерттеулері кувада салты матриархат қауымына тән екенін дәлелдеп, оның әр түрлі өзгерістерге ұшырағанын көрсетіп берді395.

Бұл салттың мәнісі мынау: Әйелі босанып жатқан кезде, күйеуі төсекке жатып немесе басқа жерде әйелінің толғағын, қиналысын бейнелеп, өзі босанып жатқан кейіп көрсетуі керек. Немесе: әйел босанғаннан кейін, күйеуі ауыр жұмыс істемеуі керек, күннің көзіне түспеуге тиіс, жауынның астында қалмауы керек, қатты қимылдамауы керек, т.т.

Кейін матриархаттық қауым ыдыраған тұста кувада сәл өзгеше күйде көрінеді: күйеуі жас босанған әйелден аулақ жүруі керек. Мәселен меланезийліктер мен африкалық және Солтүстік Американы мекендейтін тайпалар мен руларда әйелі босанатын кезде күйеуі міндетті түрде бір жаққа кетуі керек. Бала бір жасқа толғанша ол әйелінің үйіне келмейді. Жас босанған әйелге жәрдем берушілер – төркіндері396.

Міне, қазақ ертектері мен алтайдың батырлық ертектеріндегі кейіпкер туғанда әкесінің үйде болмауы көне заман салтының өзгерген кездегі бір түрінің көрінісі. Жоғарыда айтылғандай, бұл – кейіпкерді дәріптеу үшін пайдаланылған ғайыптан туу мотивінің даму барысындағы өзгеше сипат қабылдаған түрі. Негізінде, куваданың бұл түрі матриархат ыдырап, патриархат орныға бастаған заманда фольклорға патриархаттың толық жеңіп, шарықтаған кезінде кірігуі мүмкін. Бұл фольклорлық мотивтің көбіне-көп батырлық ертегіге тән болатыны осы ойымызды дәлелдейді. Себебі батырлық ертегі көркем жанр ретінде патриархалдық қауымда қалыптасқаны аян.

Бертінірек, яғни патриархалдық-феодалдық және феодализм заманында бұл мотив сәл басқаша көрінеді. Ендеше кейіпкер-батыр дүниеге келерде, міндетті түрде бір төтенше оқиға болады, я болмаса олар қуғында жүреді. Немесе, ол туар кезде елді жау шабады, т.т.

Қалай болғанда да, болашақ батырдың тууы бір ғаламат жағдаймен тұстас келеді. Бұның өзі жаңа туып жатқан сәбидің осал еместігін, оның келешекте керемет адам болатынын көрсетеді. Міне, тағы да баяғы ғайыптан туу мотивінің мақсаты мен қызметі. Бірақ кейіпкер кереметпен күннен, судан, тотемнен тумайды. Ол – адамның баласы, ал оның кереметтігі туардағы ғаламат оқиғамен байланыстыралады. Мұны эпос жанрынан анық байқауға болады. Эпос болғанда феодализм дәуірінде өмір сүрген эпикалық шығармалардан көруге болады. Мысал үшін қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын, орта ғасырлық француз рыцарлық эпосы «Тристан мен Изольда» немесе герман халықтарының «Эдда» сагасын алуға болады.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлуда» бас кейіпкердің әкесі Сарыбай аң аулап жүріп, Қарабайдың кесірінен буаз, киелі маралды атып, қаза табады. Осы кезде қайтыс болған Сарыбайдың әйелі үйінде ұл туады. Сөйтіп, Қозы туғанда. әкесі аңда дүние салады.

Ал француз халқының «рыцарлық роман» деп аталып жүрген «Тристан мен Изольда» эпосында болашақ кейіпкердің тууы трагедиялық жағдаймен байланысты. Өлең түріндегі текстіде Тристан туған кезде, әкесі қаза болады397. Ал проза түріндегісінде Тристан дүниеге келгенде анасы дүние салады398.

Біз бұл жерде «рыцарлық роман» деген терминді «эпос» деп атауымыздың себебі орта ғасырда пайда болған «романдардың» көбісі бұрынғы аңыз-эпостармен байланысты. Зерттеуші А.Д. Михайлов былай деп жазады: «...До «романа» уже существовала разветвленная и богатая традиция народно-героического эпоса (так называемях «жест») ...Новый жанр – «роман» - был ближе всего к «жестам», ибо также повествовал о воинских подвигах, примерах небывалого героизма и благочестия и т.д...

Между «жестом» и романом не было непреодолимой грани. Немало памятников носят переходный, гибридный характер. Немало эпических поэм было переработано затем в произведения нового жанра»399. Ал герман халықтарының эпосында төтенше жағдай сәл басқалау. Онда болашақ батыр әкесі жау қолында өлген соң, жетімдік күнін кешіп, қиыншылық жағдайда өседі. Мысалы, «Эдда» жырында әкесі жаудан қаза тапқан Сигурд (Зигфрид) өзінің балалық шағын өгей әкесінің үйінде өткізеді400.

Төтенше жағдайдың тағы бір түрі, жоғарыда айтқанымыздай, болашақ кейіпкердің ата-анасы қуғынға ұшырауы. Осы қуғында жүрген ерлі-зайыптылар немесе ғашықтар дүниеге болашақ батырды әкеледі. Бұл мотив көп жағдайда феодализм дәуіріндегі фольклорға тән. Айталық, роман халықтарының (яғни француз бен испандықтар) «Роланд туралы жыры». Мұнда келешекте әйгілі болатын Роланд қуғында жүрген екі ғашықтан туады. Ғашықтардың бірі – ұлы Карлдың қарындасы да, екіншісі тексіз рыцарь Ролан өгей әкесінің қолында өседі.

Феодализм дәуірінде қаһарманның ғайыптан тууы туралы мотив басқаша сипат қабылдайтыны жайында В.М. Жирмунский былай деп жазады:

«В более позднюю, феодальную эпоху мотив чудесного рождения героя принимает новые формы: для рыцаря типа Роланда рождение от воды или от яблока вряд ли могло рассматриваться как достаточно благородное происхождение. Однако исключительный характер событий, сопровождающих появление на свет эпического героя, сохраняется и в новой героико-романической форме. Во французском рыцарском эпосе Тристан, Ланселот, Парсифаль рождаются при трагических и печальных обстоятельствах, после смерти отца, погибшего в феодальных рапрях или на турнире, от матери-изгнанницы.

Другая «феодальная» формула необычайного рождения героя – рассказ о гибели его отца, верного слуги, несправедливо оклеветанного и наказанного жестоким властителем (в эпических сказаниях тюркских народов – отец Кероглы, отец Едигея). Мальчик, потереявший отца, вопитывается среди простых людей: отсюда впоследствии его связь с народом, демократические симпатии, характер «доброго властителя»401.

Дамыған феодализм дәуірінде өмір сүрген кезде ежелгі ғайыптан туу немесе тотем-баба мен әулие-әнбиелер жәрдемімен дүниеге келу басқа сипатта да көрінеді. Бұл кезеңдегі эпос қаһарманның туу тарихын баяндамай, оның қалай ерекше адам болғанын әңгімелеуі мүмкін. Мысалға орыстың Илья Муромецке байланысты былиналарын алуға болады. Жалпы, орыс былинасының көпшілігінде болашақ батырдың қалай, қандай жағдайда туғаны айтылмайды. Оның есесіне қаһарманның жастық шағы мен ерекше қасиеті жайлы толық баяндалады. Және қаһарманның айрықша адам болып шығуы – оның тууымен еш байланысы жоқ. Илья Муромецтің орасан күш иесі болу себебін былиналар былай деп түсіндіреді: болашақ батыр туғаннан бастап 30 жылдай мешел болады. Бір күні тентіреп жүрген диуана шал (кейде кемпір) келіп, садақа я сусын сұрайды. Бала мешел екенін айтады. Диуана сен қол-аяғыңды қимылдат дейді. Бала қимылдатса қол-аяғының жаны бар. Ол зыр қағып жүріп, диуанаға қалаған сусынын әкеп береді. Шөлі қанған диуана ғайып болады, ал бала бойында орасан күш бар екенін сезініп, ата-анасына барады. Осыдан бастап ол батырлық харекеттер істей бастайды402. Былинада бұл былай суреттеледі:

Как во том – де во дворе Мурове,

У того было Ивана да Тимофеева

У его де одно было чадо милое,

Оно хворое было да нездоровое,

Не ходили у его да ноги резвые,

Не служили у его да руки белые,

Не говорил у его да говор-язык.

Жил Иван – состарилсе

И того еще скорей переставилсе.

Осталось у его едино чадо,

Едино чадо единокое,

Звали его Илья сын Иванович.

Он сидел без рук, без ног и без очи ясныих,

Немного времени сидел он – тридцать лет,

Не служили его ноги резвые,

Не служили его руки белые.

Во тридцатом-то году до во последнем

Приходила калика да перехожая

И та еще сиротинушка убогая,

И попросила она его милостыни ради

Христа небесного

«Я не то тебе подать – готов сам принять,

Я сижу не много, не мало – тридцать лет,

Не служат мои ноги резвые,

Не служат мои руки белые».


  • «Если ты не можешь подать, так я тебе подам».

Отломила краюху хлеба белого:

«Если ты готов принять, так я тебе подам».

И подала ему краюху божьего.

Тогда стал он с мягка места,

И заслужили тогда его ноги резвые,

И заслужили руки белые,

И увидел тогда он вольной белой свет.

Тогда уже калика утеряласе403.

Міне, көріп отырсыздар, мұнда Илья Муромецтің мешелдіктен жазылуы, бейшара кемпірдің жәрдемімен байланысты болып көрінеді. Кемпірдің мұндай көмекшілік қызметі бағзы матриархат заманының ру басына меңзейді404. Яғни, бұл өте көне образ, оның бұл функциясы сонау аналық ру кезіндегі тотем-бабаның ролімен замандас. Кейін, патриархат тұсында әйел ру басын еркек алмастырған шақта, бұл образдың орнына қасиетті шал келген. Бұл барлық елдің фольклорына тән. Оны орыс эпосынан да көруге болады. Ол туралы әңгіме кейінірек. Біздің бұл жерде айтарымыз – орыс жырындағы христиан дінінің әсері. Жаңағы қайыр сұрап келген кемпір (бұрынғы образ) Христос құдайды атап, қайыр сұрайды. Ал Ильяның мешелдіктен жазылуын құдайдың құдіреті деп біледі («И подала ему краюху дара божьего»).

Христиан дінінің әсері Россияда ертеден басталды. Бұл дін Россиядағы бұрынғы нанымдарды, олар туғызған шығармалар, түсініктер мен образдарды аямай қуғындаған. Ал кейбір ескі сенімдер мен образдар сақталып қалған, бірқатары христиандық сипат қабылдаған.

Міне, біз келтірген үзіндіде матриархат дәуірінің образы мен феодализм заманының діни құдайының қатар кездесу себебі осы.

Сонынмен тағы бір заңдылық анықталды. Ол феодализм дәуірінде қаһарманның ерекше жағдайда туатындығы жайлы ежелгі мотивтің тағы бір сипат алатындығы. Ол сипат – кейіпкердің керемет батыр болуы құдайдың құдіретінен деп түсінушілік.

Өте көп тараған фольклорлық ғайыптан туу мотивінің ертек пен эпостағы типологиясын зерттеуден мынадай қорытынды шығаруға болады:

І. Батырдың, басты кейіпкердің орасандығын атап көрсету үшін халық қиялы ежелгі аналық заманда пайда болған ғайыптан туу мотивін кең түрде қолданған. Жай ғана қолданбаған. Ол мотивті әр дәуір талабына сәйкестендіріп, творчестволық жолмен пайдаланған. Айталық, өзінің алғаш шыққан кезінде (яғни матриархат дәуірінде) бұл мотив бойынша, болашақ батыр анасынан ешбір некесіз туады. Оның әкесі – не күннің шуағы, не жел, не өсімдік, не басқа зат.

ІІ. Кейін, матриархаттың заманы бітіп, өмірге патриархат келгенде ғайыптан туу мотиві жаңа сипатта көрінеді. Болашақ батыр енді тотемдік бабадан туады. Яғни оның әкесі – тайпалық тотем. Бұрынғы өсімдік пен табиғат құбылыстарына қарағанда, тотем белсендірек. Ол кейіпкердің жай әкесі ғана емес, сондай-ақ оның жебеушісі.

Патриархалды-рулық қауымның дамуымен қаһарманның ерекше бітімі, құдіреттілігі енді басқаша түсіндіріледі. Ол – тайпалық тотем мен аталар аруағының ғажайып түрде желеп-жебеуінің нәтижесі, – деп білінеді.

ІІІ. Аталық ру заманының шарықтаған кезінде ежелгі ғайыптан туу мотиві тотемдік аңның орнына жәрдемші, жебеуші етіп аталар аруағын алады. Яғни мұнда реальдық түсінік басымырақ. Перзентсіз кемпір-шалдың түсіне ақсақал кіріп, аян беруі – болашақ батырдың шын әкесі өзінің әкесі екенін айта отырып, ол баланың тууына ата аруағының қатысы бар екенін көрсетеді. Сол себепті ол өмір бақи «өз баласын» демеп, жебеп жүреді.

ІV. Бертінірек, аталық ру қауымы феодализмге ауыса бастағанда, яғни патриархалды-феодалдық қоғамда бұл мотив сәл басқа түрде көрінеді. Бұл кезеңде бұрынғы, алғашқы қауымда туған діни нанымдар бірқұдайлық дінге ауыса бастайды да, ежелгі ғайыптан туу мотиві өзгеріске ұшырайды.

Біріншіден, ғайыптан туу тек құдай мен періштелердің, әулиелер мен патшалардың үлесі деп білінеді. Бұл, әсіресе, құл иеленуші қоғамға тән. Сол себепті Иусус Христос Мария қыздан туған.

Екіншіден, патриархалды-феодалдық дәуірдің шарықтау заманында қаһарманның, ел ардақтайтын батырдың ата тегіне ерекше мән беріледі. Енді ол бұрынғыдай судан, желден, өсімдіктен не жемістен, т.б. құбылыстан тумайды. Ол көптің тілеп алған ардақтысы. Оның әке-шешесі көбінесе, ақсүйек болып келеді.

Үшіншіден, бүкіл елді қорғайтын батыр жай адам болмауы керек. Сол себепті ол ерекше жағдайда тууға тиіс. Ал, оның мынадай түрлері пайда болады.

а) батырдың анасы құрсақ көтергенде керемет аңның бауырына, өтіне, т.б. бір ерекше тағамға жерік болады;

ә) болашақ батыр туғанда бір алапат оқиға болады. Әкесі міндетті түрде үйде болмайды да, ол не соғыста, не аңда қаза болады. Немесе оның ата-анасы қуғында болады, т.т.;

б) Бұрынғы жебеушілердің орнына діндік (мұсылмандық немесе христиандық) әулие-әнбиелер енгізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет