Бұдан әрі-Басқарма өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы рұқсат беру функцияларын жүргізу тәртібі



жүктеу 53.87 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі53.87 Kb.
: fileadmin -> user upload -> files
files -> Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары Требования к устройству и безопасной эксплуатации сосудов, работающих под давлением Астана-2010
files -> Өрт қауiпсiздiгi қағидалары Жалпы ережелер
files -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
files -> Құрамы (2010 жыл) Ақмола облысы 2
files -> «Бекітемін» Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С. Нұрқатова
files -> Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Требования промышленной безопасности по устройству и безопасной эксплуатации паровых и водогрейных котлов Астана 2010
files -> Арнайы рейд «Жарты жыл желім иіскедім, одан қатты қасірет шектім»
files -> Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
files -> Балалар үйін бітірушілерге арналған білім гранты
БҚО ТЖД төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемелекттік бақылау басқармасының

(бұдан әрі-Басқарма)

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы рұқсат беру функцияларын жүргізу тәртібі
«Қауіпті өндірістік объектіліеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР заңына сәйкес Басқарма келесі рұқсат беру функцияларын жүргізеді:
1.Қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларды келісу

1.1. Қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларды келісу үшін қауіпті объект иесі облыстың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бас мемлекеттік инспекторына келесіні ұсынады:

-жобаны келісуге жолданғаны жөнінде өтініш;

-жобаның көшірмесі;

-өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жөніндегі сараптамалық қорытындының түпнұсқасы.

1.2. Жобаны, сондай-ақ жергілікті жобаны келіскен жөніндегі оң шешім немесе өтініш берушіге негізделген бас тарту жөнінде шешім құжаттарды толық көлемде берген күннен бастап он жұмыс күн ішінде жолданады.
2. Жерлерді қауіпті өндірістік объектілерге беруді келісу.

2.1. Жерлерді қауіпті өндірістік объектілерге беруді келісу үшін қауіпті объект иесі облыстың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бас мемлекеттік инспекторына келесіні ұсынады:

- Жерлерді қауіпті өндірістік объектілерге беруді келісу жөнінде өтініш;

-Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жөніндегі сараптамалық қорытындының түпнұсқасы.
3.Қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары бойынша мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламалары және емтихан билеттерін облыстың бас мемлекеттік инспекторымен келісу.

3.1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламалары және емтихан билеттерін облыстың бас мемлекеттік инспекторымен келісу үшін келесіні ұсынады:

- мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламалары және емтихан билеттерін жолдағаны жөнінде өтініш;

- мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламалары және емтихан билеттерінің түпнұсқасы.
4. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу және есептен шығару

4.1. Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару үшін оның иесі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.

- Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу немесе есептен шығару жөнінде өтініш.

- Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару иесін хабардар ете отырып, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

- Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіндегі қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу журналына тиісті жазба жасау арқылы жүргізіледі.
5. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге немесе жарылғыш материалдармен жұмыс істеуге рұқсат беру.

5.1. Технологиялық процесстердегі жарылыс жұмыстарына немесе жарылыс заттарымен осы Ереженің 13 қосымшасында жұмыс жасауға рұқсат қағазды ұйым өтініші негізінде аймақтық өкілетті орган бөлімшесінде беріледі:

1) ұйымның аты, мекен-жайы;

2) жұмыс орны, бір реттік және тұрақты жұмыс тәртібі;

3) жарылғыш материалдарын сақтау орны жөнінде ақпарат (аты, орналасуы, меншігі, сыймдылығы) көрсетіледі.



6. Тау кен жұмыстарын жетілдіру (бағдарламалар) жоспарларын келісу.

- Тау кен жұмыстарын жетілдіру (бағдарламалар) жоспарын келісу жөнінде өтініш.

- Тау кен жұмыстарын жетілдіру (бағдарламалар) жоспарларының түпнұсқасы.

7. Жарылғыш материалдарын сақтау орындарын пайдалануға рұқсат қағаз алу (куәлік).

Жарылғыш матариалдарды сақтау орнын пайдалануға рұқсат қағазды (куәлік) аймақтық өкілетті орган бөлімшесінен ұйым жетекшісі өтініш негізінде рұқсат (куәлік) алады. Арызда:

1) жарылғыш материалдарын сақтау орны, түрі және міндетті, оның орналасуы;

2) жарылғыш материалдарын сақтау орындарын пайдалануға жауапты тұлға тегі, аты-жөні және қызметі;

3) құрылыс жобасының болуы. Тіркеу саны және бекітілген уақыты;

4) өтініштегі рұқсат қағаз (куәлік) мерзімі.

Өтінішке қойма паспорты көшірмесі (болған жағдайда) және жарылғыш материалдарды сақтау орнын пайдалануға қабылдау актісі тіркеледі.

Паспорт болмағанда жарылғыш материалдарды сақтау орны схемасы және жарылғыш материалдарының шындылығы, ең көп нысанның жарылыс ауа толқыны соққысына еспетелген тұрғылықты жер радиусы жоспары өтінішке қоса тіркеледі.

Жылжымалы қоймаға, паспорт көшірмесі, қойманы пайдалануға қабылдау актісі және мемлекеттік автоинспеция берген жарылғыш материалдарды тасымалдауға куәлігі, қойманың қызмет көрсету ауданы көрсетіледі.

- Жарылғыш матариалдарды сақтау орнын пайдалануға рұқсат қағаз (куәлік) үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.


8. Жарылғыш материалдарды алуға рұқсат қағаз (куәлік) беру.

Жарылғыш материалдарды алуға рұқсат қағаз (куәлік) алу үшін ұйым жетекшісі аймақтық өкілетті органға өтініш жазады.

Өтініште көрсетілуі керек::

1) қандай көлемде және қандай жарылғыш материалдар керек; өкілетті орган берген Қазақстан Республикасы аймағында жарылғыш материалдарын қолдануға рұқсат қағазының берілген күні және нөмері;

2) жарылғыш материалдар қандай мақсатқа, қандай жұмыстарға қолданылады; аймақтық өкілетті органнан алынған жарылыс жұмыстарын жүргізуге немесе жарылғыш материалдарын (жарылғыш материалдарды сату үшін алатын ұйымдарға аймақтық өкілетті органның жарылыс жұмыстарын жүргізуге немесе жарылғыш материалдарымен жұмыс істеуге берілетін рұқсат қағаздары керек емес) жұмыс істеуге берген рұқсат қағаздарының реттік саны және уақыты көрсетілуі керек;

3) жарылғыш материалдары қанша уақытқа керек мерзім;

4) жарылғыш материалдар қандай қоймада сақталады, өтініш берген уақытта қоймада қалған қалдық көлемі және өтініші берілген жарылғыш заттар қандай уақытта жеткізілуі. Егер жарылғыш материалдар басқа ұйымның қоймасында сақталатын болса, өтінішке жарылғыш материалдарды сақтау тәртібі жөніндегі келісім шарт көшірмесі қоса тіркеледі;

5) жарылғыш матриалдардың бір айдағы шығысы (шамамен).



- Өтініш негізінде аймақтық өкілетті орган, ұйымға жарылғыш материалдарын алу үшін 12 ай мерзімге куәлік қағаз береді.

Қосамша ақапарат алу үшін 8(7112) 50 82 22 телефонына хабарласыңыз.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет