Бекетова Қ. Н



жүктеу 109.87 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі109.87 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Бекетова Қ.Н.

э.ғ.к., аға оқытушы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.

Бюджеттік өкілеттіліктерді орталықсыздандыру мәселелері
Әлемдік тәжірибені зерттеу өзін-өзі басқару мен өкілеттіктерді орталықтан алу шарасы үшін қандай да бір жетілген моделдің жоқ екенін көрсетеді. Бір мемлекет үшін қолайлы модель, келесісі үшін қатерлі болып шығуы әбден мүмкін. Жалпы жергілікті басқарудың тарихы тереңде жатыр. Мәселен, ол шығыс-еуропалық, азиялық, латынамерика, араб елдерінің үлгісі болып бөлінген. Олар өздерінің даму барысында ұлттық, діни, нәсілдік, әлеуметтік-экономикалық және тағы да басқа көптеген жағдайлармен анықталады. Осы үлгілер 3 ерекше топқа бөлінеді. Олар: англосаксондық (Англия, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландиядағы муниципалдық жүйе), француздық (Франция, Италия, Бельгия, Голландия, Швейцария), аралас (Германия, Австрия, Жапония). Осыған байланысты басқа мемлекеттердің теориялық және практикалық тәжірибелерін оқып-үйрену маңызды. Жергілікті шаруашылықты басқару жолдарын іздестіруде алдымен жоғарыда атап өткеніміздей қаржылық бөлуге тоқталайық. Әлем тәжірибесі жергілікті билік органдарының хұкіміне ақша қорларын бөлу үш түрлі үлгінің шеңберінде жүзеге асады. Біріншісі, жергілікті билік органдарының хұкімі барлық салық салу объектілері жатады. Осы салық түсімдері орталық үкіметке аударылады. Бірақ мұндай жағдай қаржылық тұрақтылықтың тиімді факторы болып табылатын жекелеген аумақтық бірлік арасында табыстарды қайта бөлудің нәтижесіне кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан да бұл мемлекеттің ресурстарын ұлғайтудың тиімді әдісі болып табылмайды. Сонымен бірге, ұлттық экономиканы қаржыландыруға барлық жергілікті шаруашылықтардың қатысулар тең болмай қалатыны да мүмкін. Мұндай жүйе бұрынғы Югославияда орын алған еді. Екіншісі, салықтық өкілеттіктер мен міндеттерді бөлу орталық үкіметтің құзырында болуын ұсынады. Бұл үлгіде үкімет жергілікті бюджеттерден түскен қаржыны арнайы салықтың көмегімен кері гранттар мен трансферттер түрінде қайта бөледі. Осы үлгінің басты кемшілігі – осындай қарым-қатынас алынатын салықтар көлемі мен оларды жұмсау арасындағы байланысты бұзады. Табыстар мен шығындарды осылайша бөлу бұрынғы Кеңес Одағында және Венгрияда қолданылды. Үкімет тарапынан төменгі тұрған бюджеттерге гранттар бөлу Франция, Италия, Нидерланды сияқты индустриясы дамыған елдерде әлі күнге дейін бар. Үшіншісі, ең кең тараған болып саналады. Мұнда жергілікті басқару органдары салық салу мәселесінде құқықтары мол болатынын көрсетеді.
Кесте 1 – Аумақтық бірліктердің қаржылық дербестіктері


Бюджет

табыстарының түрлері



Сипатамалары

1

2

Жеке бекітілген салықтар

Салық базасы мен салық ставкасы жергілікті басқарудың бақылауында

Ыдырайтын салықтар

Салық базасы мемлекеттік деңгейде белгіленеді, бірақ ставкасы жергілікті әкімшілікпен реттеледі

Салықтық емес түсімдер

Кейбір айыппұл, мүлікті пайдаланғаны үшін төлем сияқты салықтық емес түсімдер жергілікті басқаруға қарасты. Орталық үкімет заңды түрде аталған түсімдерді қай бюджетке түсетінін және оған есеп жүргізетін органды да белгілейді

Бөлінетін салық

Салық салу объектісі мен оның ставкасы ұлттық деңгейде анықталады. Дегенмен бюджеттерге табыс ретінде аударым жасау салық түсімінің мөлшеріне қарай тіркелген пропорциямен жүзеге асады. Бюджеттерге бөлінетін қаржы мөлшері мынадай талдауға негізделінеді:

  • Белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттік орган алатын бюджет табысының әлуетті мөлшері.

  • Жан басына шаққанда мемлекет шығындары, белгілі бір аумақтағы халықтың саны, аймақтың салықтық әлуеті және тағы басқа санаттар.




Қаржылық көмектер (гранттар мен орталықтандырылған субсидиялар)

Орталықсыздандырылған басқару органының қаржылық көмектегі үлесі (аумақтық немесе жергілікті билік органдары, штаттар, провинциялар және т.б.) заңмен анықталады, бірақ қалай жұмсалынатын әрбір жергілікті басқару органдарында дербес реттейді. Әрбір аумақтық бірліктің алатын қаржылық көмегінің көлемі оның салықтық әлуетінің деңгейіне байланысты.

Арнайы гранттар

Гранттың сомасы орталық үкіметпен анықталады, болмаса ол ашық жарияналады (яғни ағымдағы қаржы жылы өзгерістерге ұшырауы мүмкін). Мұндай гранттың ерекшелігі орталық үкімет оның пайдаланылу бағытын белгілейді. Гранттың мөлшері бюджеттің шығынына байланысты.

Бюджетаралық қатынастар мәселесінің шешілу барысы мемлекет құрылысына тікелей тәуелді. Мәселен, жергілікті деңгейдегі өкілетті және атқарушы билікті ұйымдастыру мен олардың құқықтық сипаттамасын анықтау кезінде мемлекеттің құрылысын білуі маңызды. «Унитарлы» терминінің өзі тұтастықты, бірлікті білдіреді. Унитарлы мемлекетке біртұтас аумақ, азаматтық, заң, мемлекеттік билік, салық, бюджет-қаржы жүйесі тән. Әлем тарихында мемлекет құрылысының бес түрі бар:



  • конфедерация (одақ);

  • ұлттық-аумақтық федерация;

  • аумақтық федерация;

  • автономиялы бірліктері бар унитарлы мемлекет;

  • автономиялық бірліктері жоқ унитарлы мемлекет.

Қазақстан құрамында автономиялы бірлігі жоқ унитарлы мемлекет қатарына жатады. Әлемде жергілікті мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың әртүрлі үлгілері бар. Мемлекеттің унитарлылығы әртүрлі басқару деңгейлеріне жүктелген қаржылық міндеттерді орындау үшін өкілеттіктердің ерекшелігін де анықтайды. Бұл жердегі мәселе әкімшілік-аумақтық бірліктер мен мемлекеттің бюджетаралық қатынастары туралы [1].

Аймақтардың өзіндік бюджеттерінің табыстарын құру қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:



  • тиімділік және орындылық;

  • аймақтық саясаттың жалпы мемлекеттік макроэкономикалық саясатқа сай болуы;

  • салықтық баламалылық.

Салықтардың белгілі бір билік деңгейіне бекітілуі бюджеттік қамтамасыздандырылу деңгейлерінде теңсіздікке әкеліп, аймақтық бюджеттер жүйесін тұрақсыздандырады.

Жоғарыда аталып өткен себептерге сәйкес салықтарды бекіту әдісі жергілікті бюджеттердің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етпейді. Сондықтан да табыстық түсімдерді бөлу кезінде салықтарды бекіту әдісін салықтық үлестік бөлу әдісімен үйлестіре отырып қолдану керек деп ойлаймыз.

Біздің ойымызша, Қазақстанда бюджеттер арасындағы табыстарды бөлудің аталған барлық әдістерін тиімді түрде ұштастыра отырып, қолдануға болады. Дәл осындай ұштастыру салықтық түсімдердің нақты түрлерін, оларды тағайындаудың өзіндік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Дамыған елдердің бюджеттік тәжірбиесі жоғарыда айтылған өрдістердің міндетті түрде ұштастырылуы арқылы бюджет жүйесінің буындары арасында табыстарды бөлу ең тиімді түрде жүзеге асырылатындығын дәлелдейді. Сондықтан да бюджет түрлері бойынша салықтар мен табыстарды бөлу жүйесі біртұтастық және дербестік қағидасына негізделуі тиіс. Осы қағидалардың дүрыс жүзеге асырылуы және олардың үйлесуі аймақтар арасында және аймақтар ішінде қаражаттарды қайта бөлудің ерекше механизмінің болуын көздейді.

Бұл механизм келесі құраушылардан құрылуы қажет:

  • облыс, аудан аумағында қүрылатын қаржы ресурстарының жалпы көлемін анықтау;

  • табыстарды бюджет түрлері бойынша бөлу механизмін ескере отырып, бюджеттік ресурстардың үлес салмағын анықтау;

  • аймақтарда құрылатын өзіндік бюджеттік ресурстардың үлес салмағының төменгі шегін анықтау.

Енді аймақ деңгейінде қалыптасқан бюджеттік ресурстарды басқару мәселесіне тоқталайық. Аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару меншік қатынастарының қалыптасуымен және институционалдық өзгерістермен анықталатын аймақтық қаржылық өзін-өзі катамасыз ету мен өзіндік жеткіліктілік механизмдерін жүзеге асыру арқылы мүмкін болады. Бюджеттік реттеудің басымды мақсаты аймақтағы барлық меншікті тарта отырып, оның әлеуетін белсенді қолдану негізінде аймақтың өзін-өзі қамтамасыз етуі мен өзін-өзі дамыту қабілетін (мүмкіндігін) теңестіру болып табылады. Мысалы, меншік объектісі болып, тек үйлер, ғимараттар, машина ғана емес, сонымен қатар капитал, өнім және табыс та алынады. Осының барлығы мүліктік қатынастардағы, меншік объектісінің мазмұнындағы меншік түсінігіне кіреді. Сонымен бірге меншік қатынастары өмір сүру ортасы мен аймақтық қалпына келтіру шарттарын қалыптастыру қатынастарын да қамтиды.

Атап айтқанда, қазіргі кездегі меншік қатынастары аймақтық жүйелердің тиімді қызмет етуіне, мемлекет пен оның аймақтарының экономикалық әлеуетінің өсуіне бағытталмаған.

Аймақтық меншік құрылымы екі бөлімнен тұрады:


  • әлеуметтік сала меншігі, оны қаржыландыру бюджеттік ресурстар есебінен жүргізіледі;

  • өндірістік сала меншігі, аймақтың экономикалық әлеуетінің өсуін қамтамасыз етеді [2].

Аймақтың қаржылық ресурстарын басқаруда басқару үрдісін орталықсыздандырудың мәні ерекше.

Жергілікті басқаруды орталықсыздандырудың тұтас ел үшін оңды тұстары ретінде төмендегілерді атап өтуге болады:



  • «күшті аймақтар –күшті мемлекет» қағидасына жету;

  • орталық билік органдарын әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жұмылдыру;

  • аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру;

  • мемлекет пен аймақтардың бюджеттік қатынастарының тұрақтылығын арттыру.

Ал аймақтар үшін орталықсыздандырудың оңды әсері ретінде олардың әлеуметтік-экономикалық жүйесінің тұрақтылығын көтеруге мүдделіліктерінің артуын айтуға болады.

Бюджет жүйесінің құрылымы мен деңгейлері мемлекеттік құрылымына сәйкес келеді және елдің Ата Заңымен анықталып, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңында баяндалған[3]. Осыдан туындай отырып, біз иерархияның төрт деңгейін қабылдаймыз : 1 – жергілікті өзін- өзі басқару, 2 – аудан ( қала), 3 – облыстар және Астана мен Алматы қалалары, 4 – республика. Бірінші деңгей Ата Заңның 89 бабына сәйкес салыстырмалы дербестікке ие болғандықтан, мұнда үш бюджеттік деңгей қарастырылады.


Кесте 2 – Бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінің шығыс өкілетінің табыс көздеріне сәйкес келуін қамтамасыз етудің иерархиялық контуры


Иерархия

деңгейлері



Табыстар

көбейткіші – Lx



Келіспеушілік көрсеткіші – R

Шығыс өкілетінің көбейткіші – Fx

1

2

3

4

ІV

Lx4

R4

Fx4

ІІІ

Lx3

R3

Fx3

ІІ

Lx2

R2

Fx2




Σ Lx




Σ Fx

Теориялық тұрғыдан мемлекеттік бюджеттің жалпы тепе- теңдігінің шарты сақталуы керек:


. (8)
Алайда тәжірибеде бюджеттің тапшылығымен көп кездесеміз:
(9)

немесе оның профицитімен сирек кездесеміз:



. (10)

Мемлекеттік бюджетті тиімді басқару үшін бюджеттің құрылымдық тік және көлденең тепе- теңдігі маңызды болып табылады.Мұнда біз тік тепе-теңдікті көптеу талдаймыз (1-сурет).

Тік теңсіздің нәтижесінде субвенция түріндегі ресми трансферттерге қажеттілік туындайды. Бюджеттің құрылымдық тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін 1 шарттың ғана орындалуы емес, яғни кірістік және шығыстық бөліктердің тепе-теңдігі , сонымен бірге {fx} көбейткіші түріндегі шығыстық өкілеттің {lx} көбейткіші түріндегі табыстық көздердің құрылымына сәйкес келуі керек.

{fx}Є{lx}. (1)








а) мүлтіксіз

ә) тік теңсіздік

Сурет 1 – Бюджеттің тік тепе-теңдігінің деңгейінің матрицасы


Жоғарыда көрсетілген бюджет құрылымының сандық талдауынан кейін қазіргі күні елдің бюджеттік жоспарлануы мен болжануы мемлекеттік бюджеттің кірістік және шығыстық бөліктерінің жалпы тепе-теңдігін қамсыздандыруда тәжірибесі бар екендігі шығады. Алайда тік тепе-теңдік пен 4 үлгінің шарты сақталуы үшін құрылымдық тепе-теңдікті қамсыздандыру мәселесін шешу қажет. Ол тек шығыстық өкілетті шектеу арқылы және республикалық пен жергілікті бюджеттер арасында салық көздерін анық бөлу арқылы бюджетті орталықсыздандыру мәселесімен ғана байланысты емес, сонымен бірге салықтық база мен бюджеттің басқа да кірістерінің дамуымен байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік салаға шығыстарының 60 пайызына дейіні өзін-өзі қамсыздандыру деңгейінің төмендігіне қарамастан, жергілікті бюджеттер арқылы қаржыландырылатыны белгілі. Өз кезегінде бюджеттік өзін-өзі қаржыландыру саясаты өңірлер мен муниципалдық құрылымдардың экономикалық дамуының алғышарты болады. Бұл саясатты іс жүзіне асыру үшін «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік бюджеттің шығыстарын а) ағымдық бюджеттік бағдарламаларға және
ә) дамудың бюджеттік бағдарламаларына қарыстырады. Осы заңның 2 бабына сәйкес алдыңғы қаржылық жылға және мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін ұзақмерзімді жоспарлауды өңдеудің негізіне Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары, аумақтардың дамуының экономикалық және әлеуметті бағдарламалары алынады. Бұл заңдық нормативтер мемлекеттік бюджетті тиімді пайдалануды арттыру жолындағы үлкен жетістігі болып табылады.

Талдау көрсеткендей елде бюджеттік үдерісті кезеңмен жетілдіру жүріп жатқандығын көруге болады. Оның негізінде бюджеттің жекелеген түрлерінің арасында шығыстар мен кірістерді бөлу, бюджетті құрастыруда орталық және жергілікті билік органдарының өкілеті негізінде бюджеттік құқық нормаларын реттеу жүріп жатыр. Мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджет жобаларын және бюджеттен тыс мемлекеттік қорлардың құралуы мен қарастырылуы, бюджет пен бюджеттен тыс мемлекеттік қорларды бекіту мен орындалуы, оның орындалуын бақылау қызметтері ретінде бюджеттік үдеріс қалыптасты.


Пайдаланылған әдебиеттер

  • Галихин Н.Н. К вопросу о реформе административно-территориального устройства Республики Казахстан // Саясат. – 2013, – № 6, – С. 4–39.

  • Кубаев К.Е. Формирование принципов и функций местного самоуправления в Республике Казахстан // Транзит. экономика. – 2012, – № 4–5, – 6 б.

  • Правительство Республики Казахстан. О концепции региональной политики Республики Казахстан на 2013–2015 годы: Постановление // Собр. актов Президента и Правительства РК. – 2013,– № 45–46. –С.226.



Резюме
В статье продемонстрированы основные моменты децентрализации местных бюджетов. На примере латиноамериканских государств предложена модель формирования местного бюджета. Автором разработана матрица бюджетного равенства.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет