Бекітемін аршалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25. 12. №А-815 қаулысымен



Дата28.04.2016
өлшемі111.14 Kb.
БЕКІТЕМІН

Аршалы ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 25.12.

А-815 қаулысымен




«Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға

Стратегиялық жоспары
1 бөлім

«Миссиясы және пайымдауы»

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары миссиясы – бұл қазіргі заманның талаптарына жауап беретін сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көліктік қызмет ету және инфрақұрылым нысандары жағдайларын қамтамасыз етуді көмек көрсету.

Пайымдауы – Аршалы ауданы экономикасының қабілеттілік деңгейін көтеру және халықтың тұрмыс тіршілігі сапасын көтеруге бағдар беретін инженерлік инфрақұрылым және көліктік қызмет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы.
2 бөлім

«Ағымдағы жағдайларға талдау»
Аудан бойынша коммуналдық қызметті 5 ұйымдар жекедегі әр түрлі формадағы кәсіпорындармен жасап отыр. Оның ішінде:


    • жылумен қамтамасыз ету – 4, оның 2 жеке ЖК «Иволга», АҚ «Казшпал», 2 – Мемлекеттік ГКП ПХВ «Вишневка», РГП Еңбек – Астана»;

    • сумен қамтамасыз ету және су жүргізу – 4, оның мемлекеттік - 2 ГКП ПХВ «Вишневка», «РГП Еңбек – Астана»; 2 – жеке АҚ «Казшпал», ӨК «Ижев»;

    • Газбен қамтамасыз ету – 1, жеке ЖШС «Обылгаз»;

    • Тұрғындық қорды қамтамасыз ету-1, мемлекеттік кәсіпорын ГКП ПХВ «Вишневка»,

    • ҚТҚ жинау және шығару – 3, 2 мемлекеттік ГКП ПХВ «Вишневка», «РГП Еңбек – Астана»; 1 – жеке АҚ «Казшпал»,

Жұмысшылар саны ТҮКШ қызмет жасайтын 2006 жылмен салыстырғанда жылумен қамтамасыз ету саласында 18 пайыз, сумен қамтамасыз ету саласында 10 пайыз.

ТҮКШ аудан бойынша жұмысшыларының алатын орта айлық жалақылары 2006 жылмен салыстырғанда орта есеппен 23 пайызға көтерілді. Жылумен қамтамасыз ету саласында – 33613 теңге, сумен қамтамасыз ету – 27238 теңге.

Басты өзекті мәселе тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсету барысында негізгі құралдардың ескіріп жарамсыз болуына әкеліп тіреледі.

Жалпы аудан бойынша физикалық ескірулер ауылдық, селолық округтердегі су құбырлары жүйесінде 30 пайызды, Аршалы кентінде 80 пайызды құрады.



    • канализация жүйесі – 90 %

    • су құбыры насостық станциясы - 95%

    • канализациялық насостық станция - 95%

    • су құбырларын тазалау ғимараттары - 95%

    • канализацияны тазалау ғимараттары - 95%

Негізгі қордың ескіргеніне байланысты жылудың жойылуы – 40 пайызға дейін, су 50 пайызға дейін.

1996 жылы тұрғын үй – коммуналдық ортада жүйелік реформа басталды, тұрғын үй коммуналдық ортасында байқау ортасы құрылу қамтамасыз етіле бастады, тарифке этапты өту және коммуналдық кәсіпрын қызметінің қажет деңгейге көтеріліуі, яғни олардың шығынын жабатын, секторды монополиясыздандыру жүргізу, тұрғын үйді жаппай жекешелендіру.

Сонымен қатар табиғи монополист кәсіпорындарының қызметі үшін тарифті мемлекеттік реттеу енгізілді және жергілікті бюджет есебінен жағдайы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғындық көмек көрсету түрінде әлеуметтік қорғау шаралары енгізілді.

Бұның барлығы ТҮКШ қаржы беру қағидатынан бас тарту және тұрғын үй қатынастарының сапалы жаңа деңгейіне шығу.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша мынадай тұжырым жасауға болады, ТҮКШ реформасы жалпы жасалды, алдыңғы қойылған міндеттер орындалды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда коммуналдық рыноктың дамуы мәселесінің талаптары тұр, коммуналдық сектордың инвестициялық тартымдығын көтеру, серіктестіктің мемлекеттік – жекеше механизмдерін қолдану, салаға жеке инвестицияны ынталандыру, ресурстарды сақтайтын технологияны тиімді жүйе құру үшін пайдалану, тарифтің құрылуының шығындық жүйесінен ынталандыруға ауыстыру.

Тұжырымдама біркелкі мемлекеттік саясаттың салада және жүзеге асыру механизімінде негізгі бағыттардың құрылымын анықтайды.

ТҮКШ осы Тұжырымдаманың мақсаты үшін коммуналдық және тұрғындық сектордың жиынтығын қарастырады.

Коммуналдық сектор – су, газ, жылу, электрлык жабдықтар мен су жіберу жүйелерін қамтамасыз етеді, абаттандыру, жалпы қолданылатын нысандарды ұстау, тұрғындырдың тұратын жерін, сонымен қатар арнайы пайдаланылатын нысандар мен аумақтарды қамтамасыз етеді.

Тұрғындық сектор – Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен реттелетін тұрғындық қордың нысандарын қамтамаыз етеді.

Ауданымыздың өткізілген мониторингке қарай коммуналдық инфрақұрылымының жалпы қажеттілік нысандарды толық жаңарту мен модернизациялау – 2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:


    • сумен қамтамасыз ету – 632 млн.

    • Канализация – 1045 млн.

    • Жылу – 500 млн.

    • Кондаминиумдарды күрделі жөндеу – 500 млн.

Тұрғындар үшін коммуналдық қызмет көрсету жоғарыласа да бұл салада жақсарылу байқалмай отыр. 2006 жылмен салыстырғанда электр энергия құны 42 пайыз, сумен қаматмасыз ету 38 пайыз, жылу беру 15 пайыз, газ беру 26 пайызға көтерілді. Тарифты құрастыру әдістемесінде жылу беру, электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, су жіберу қызметтерінде коммуналдық кешендегі кәсіпорындар энергия – ресурстарын сақтауды ынталандырмайды, басым жағы өз шығынын жабуға бағытталған.
Жылумен қамтамасыз ету.

Аршалы кентінде көп қабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету қызметін АҚ «Казшпал», РГП «Еңбек – Астана» филиалы, ӨК «Ижев», ГКП ПХВ «Вишневка» жасауда. Аршалы кентіндегі және де селолық тұрғындық пунктердегі 2 қабатты тұрғын үйлер пешпен және су жылыту қондырғыларымен жылытылады. Жеке котел ЖК «Иволга» АІІБ мекемесін, кент әкімдігін, жастар орталығын, балалар шығармашылық орталығын, «Светлячок» бала бақшасын, ПЧ – 6, мешіт, қазынашылық аймақтық басқармасын жылытады. Басқа ұйымдар өздері жылытады.

ЖК «Иволга» жеке кәсіпкер ретінде үлкен шығын кетеді деп жылу трассасы мен котелдерді уақытында жөндеуден өткізбей отыр. Осыған байланысты коммуналдық котел салуды жоспарлап отырмыз. Құрылысқа кететін қаражат мөлшері болжаммен 40 млн.теңге, бұл өз кезегінде 15 кәсіпорынмен аудан орталығының ұйымдарын қамтамасыз етеді.Жылу тармағының ұзындығы 5060 метр.

р/с



Нысан атауы

Көлемі м3

Жылу жүйесінің ұзындығы

1

№2 АОМ

7834

20

2

ЖТС нысаны

498

70

3

АБПТ

1225

300

4

«Тұмар» дүкені

2165

290

5

Аршалы аудандық қазынашылық басқармасы

1130

320

6

Кент әкімдігі

2065,7

320

7

Жастар орталығы

5294

330

8

Балалар шығармашылық орталығы

2677

350

9

Светлячок бала бақшасы

3576

310

10

АІІБ

2802

450

11

ӨСБ - 6

2500

540

12

Аудандық әкімдік

3464

480

13

Мешіт

720

560

14

Шіркеу

630

320

15

УПК

2460

70




барлығы

39040

5060



Сумен қамтамасыз ету. Аудан тұрғындарын шаруалық және ауыз сумен қамтамасыз етуде 31 су құбырлары жүзеге асырады. Су құбырларының жобалық қуаты тәулігіне 15,0 мың кубты құрайды. Ауданымызда 50 тереңдік ұңғымалар, 21 су шығаратын мұнара бар. Су құбырлары жүйесінің ұзындығы 207,8 км. Оның ішінде күрделі жөндеуді қажет ететін 41,29 км. Су тасымалдауда жоғалтатын су көлемі 13,8 пайыз. Аршалы кентінде іске қосу мен қамтамасыз етуді ГКП ПХВ «Аршалы Су - 2030» және АҚ «Казшпал» атқарып отыр. Селолық тұрғындық пунктерде су құбырлары жүйесі селолық және ауылдық округтердің әкімдігінің балансында тұр. Өз кезегінде сенімді басқаруға берілді:

ГКП ПХВ «Аршалы Су - 2030»

ЖК «Ермолин»

ЖК «Рубасов»

ЖШС «Агрофирма Поиск»

ЖШС «Сарыоба – Астық»

ЖШС «Компания Капитал»

Тек қана Ижев селосында су құбыры жүйесі ЖК «Ижев» балансында.

Аудан орталығы Аршалы кентінде су құбырларының бір бөлігі АҚ «Казшпал» мен ГКП ПХВ «Аршалы Су – 2030».

Тұрғындық пунктер Байдалы – Раздольное және Анар бекетінде су жинақтау ашық су қоймаларынан (көлден) жасалады, су фильтрленеді, бұл тек қана механизмдік жағынан жасалады.

2006 жылдың кезеңінен 2008 жылға дейін 1123 мың куб шаруашылық және ауыз су жіберілді.

Су құбырлары жүйелерінің техникалық жағдайының нашар болуы себебінен, су қоймаларының ластануынан, санитарлық – эпидемиялық халінің төмендеуінен тұрғындарды сапалы таза ауыз сумен қажетті көлемде қамтамасыз ету мәселесі басты міндет болып отыр. Су тазалау ғимараттарын жаңарту қажет, медернизациялау қажет, қосымша техникалық үдеріс керек, жаңа химиялық реагент қажет.



Канализация – Аршалы кентінде канализациялық ағынның кетуі, тазарту ғимараттарының құрылысы проблема туғызады сонымен қатар тұрғындық пунктерде, яғни көп қабатты үйлер бар жерлерде.

Аршалы кентінде 5,5 км ұзындықтағы канализация жүйесінің 1800 метрі ғана қызмет жасауда, басқаларын толық қайта жасау қажет.

Су жіберу қызметін 8 көп қабатты үй пайдаланып отыр, АҚ «Казшпал» аумағында, жатахана, 1 балабақша, мектеп.

Сарыоба бекетінде су жіберу жүйесі мүлдем жұмыс жасамайды. Ағын су 6 екі қабатты тұрғындық үйлердің астына кетуде.

Осыған байланысты Аршалы кентінде және Сарыоба бекетінде тазарту ғимараттары салыну жоспарланып отыр.

ҚТҚ шығаруды ұйымдастыру. Көптеген елді мекендерде көрейту бөлшектерін қайта қалпына келтіру талап етілуде. Аумақты жалпы пайдалануға және арнайы бағытқа қаражат бөлінбеген. Нысандар бекітілмеген. Бұлар негізінен көшелер, аулалар, жағажайлар, автодромдар, зираттар т.б. Ауданда жыл сайын көгалдандыру және ағаштар отырғызу шаралары өткізіліп отырады. Өкінішке орай, көптеген ағаштар көктемей қалып, оларға отырғызғаннан кейін қаралып, сақталмайды.

Көшелерді жыл сайын күрделі жөндеудің жыл сайынғы жоспары орындалмайды, ақша қаражатының жоқтығы себепті. ТТҚ жинау алаңшалары жабдықталмаған, жеткілікті мөлшерде контейнерлер жоқ.

Аршалы ауданында қатты тұрмыстық қалдықтар шығаратын 22 орын есепке алынған. Қоқыс шығаратын аудандағы орындардың 50 пайызы толып кеткен. Шешімін таппаған мәселелердің бірі осы ҚТҚ орындарын ұстау. Шығындыларды қайта пайдалануға сұрыптау жұмыстары өткізілмейді.



Тұрғын үй қоры. Аршалы ауданының тұрғын үй қоры шамамен 490380 шаршы метрді құрайды. Барлық көп пәтерлі тұрғын үйлер 166750 шаршы метр, жеке 323630 млн.м2. Көп пәтерлі тұрғын үйлер 34 %, жеке тұрғын үйлер 66% құрайды. Тұрғын үйдің 98,5% жеке меншікке жатып, мемлекеттік тұрғын үй қоры 1,5% құрайды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің басым бөлігі өз уақытында күрделі жөндеуден өткерілмеген. Тұрғын үйлерді пайдалануға берілген мерзімі 30-45 жыл және оданда артық. Күрделі жөндеуді 193 кондоминиума нысандары жалпы көлемі 27,0 мың шаршы метр талап етуде. Шамамен жөндеу құны 500 млн.теңгені құрайды.

Апатты, бұзылуға жататын 21 үй, жалпы көлемі 1,68 мың.м2. Бұзылу шығыны 60 млн.теңгені құрайды.

Көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары тұрғын үй қорын күрделі жөндеу мәселерін өз бетімен шешуге жағдай болмайды (су, жылумен қамтамасыз ету, канализация, шатыр).


Тұрғын үйді абаттандыру деңгейі





Алаңшаның үлес салмағы (%) жабдықтау




су құбыры

канализация

орталықтанған жылыту

ваннамен

газбен

ыстық сумен қамтамасыз ету

Селолық қор

40

-

-

-

-

-


Автомобиль жолдары. Аудан аумағында жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 456,3 км құрайды. Қатты қабатта жол 307 км, осыдан: республикалық маңызда – 85 км, облыстық және аудандық маңызда – 222 км, сондай-ақ 149,3 кмаудандық маңыздағы жолдар қиыршық тастармен жабылған.

Аудандағы автомобиль жолдары тармақтары тез арада жөндеуді талап етіп, облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдары қиыршық тастармен төсеуді қажет етеді. Аршалы кентіне Есіл өзені арқылы өтетін көпірге қиыршық тасты ұнтау карьеріне айналып өтетін жолды жөндеу үшін құрылыс жүргізу қажет.

Елді мекендердің шыға берісінде елді мекен атау, селолық округ, ауылшаруашылық құрылымы атауы мемлекеттік және орыс тілінде жазылған билбордтар орнатылған.

Ауданда жолаушылар автомобиль бағыты қалааралық бағытта транзиттік жүргізіледі, үш елді мекендерді қамтиды – Жібек жолы, Аршалы кенті, Анар стансасы. Аудан бойынша 5 жолаушылар тасымалдайтын бағыты қызмет көрсетеді:

1.Астана қаласы – Константинов селосы

2. Новодолинка селосы – Аршалы кенті- Астана қаласы

3. Аршалы кенті – Астана қаласы

4. Аршалы кенті – Вишневка стансасы

5. Аршалы кенті – Мартыновка селосы – Астана қаласы

Автобустық бағыттарды ұйымдастыруда ең бір қажеттілігі ол: Белоярка, Раздольный, Мичурин, Нововладимиров, Қойгелді, Сараба селолары.

Аршалы ауданы бойынша автобуспен жолаушыларды тасымалдау жағдайы Астана-Қарағанды автожолында өтетін автобус бағыттары негізінде аудан орталығы Аршалы кентін, Жібек жолы ауылын, Анар стансасын қамтиды.

Ауданда автокөлік кәсіпорны тіркелмеген. Жүк және жолаушылар тасымалдауды жеке тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер жүргізеді. Аудан аумағындағы өндірістік кәсіпорындардың өз көліктері бар.

2009 жылы автомобиль жолдарына жеңіл жөндеу жүргізілген:

Екатеринбург-Алматы-Белоярка селосына дейін 20 шақырым тас жол, соммасы 50 млн. теңге; Аршалы кенті-Ижев селосы 6250 м2, соммасы 15 млн.теңге.

Аршалы ауданы бойынша облыстық автожолдарға «Дорожник» ЖШС қызмет көрсетуді жүргізеді, біздің аудан бойынша республикалық автожолдар Аршалы кенті ДЭП-1 жүктелген.

Аудандық жолдар. 2010 жылы республикалық бюджеттен аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жеңіл жөндеуге шамамен 20 млн. теңге бөлу көзделген.

Ауданның барлық көшелерін орташа жөндеу жоспарланған.


Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалық мәселелері.

Инфрақұрылым

    • коммуналдық инфрақұрылымдардың ескірген негізгі қорларын жөндеуге ақша қаражаты жетпеуі;

    • инженерлік инфрақұрылымдарды қамтамасыз етуге мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар үшін арнайы техникалар сатып алу.


Автомобиль жолдары

Ауданның жол тармақтары қазіргі уақытта қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық талаптарына сәйкес келмейді.



Автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға бюджеттен қаржы көлемін ұлғайту, жол кәсіпорындары өндірістік базаларын дамыту, автомобиль жолдары қызметі үшін қажетті материалдық ресурстар, жабдықтар, жол-құрылыс машиналарын сатып алу- жол және көпірлердің күрделігін арттыру, жалпы пайдаланудағы автожолдары тармағының техникалық және эксплутациялық жағдайын жақсарту қажет.
Каталог: plan
plan -> Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ғылыми кеңесінде
plan -> Ғылыми кеңес жұмысының жоспары
plan -> Р. Каугабаева «21» января 2011 года План проведение проверок Управления предпринимательства и промышленности города Астаны на 2011 год
plan -> Учебная программа музыка 5-6 классы
plan -> Ғылыми іс-шараның мәртебесі және атауы
plan -> Қарағанды облысы мәдениет басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
plan -> Ұлы ғасырдың ұлы тұлғасы /Великий сын-великого века 1 бөлім: Өмірдің дана беттерінен / Страницы мудрой жизни
plan -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет