Бекiтемiн: Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ә. Төлегенов



жүктеу 0.72 Mb.
бет1/6
Дата03.05.2016
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Бекiтемiн:
Аудандық ішкі саясат

бөлімінің бастығы

__________________ Ә. Төлегенов
                                                                     2013 жылғы "____" _______
                                          бұйрық № ____

                



2013 жылға арналған «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру қызметін ұйымдастыру» бойынша өткізілетін конкурстың ерекше тәртібі тәсілінің негізіндегі мемлекеттік сатып алудың
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ
Тапсырыс берушi Аудандық ішкі саясат бөлімі мемелекеттік мекемесі, Жаңақорған қонысы, М.Көкенов көшесі, 37, инд: 120300, e-mail: janakor.ovp@mail.ru .

РНН 330 900 210 771

БИН 960240000749

БИК KKMFKZ2A

Жаңақорған аудандық қазынашылық басқармасы

КОД 4562505, ИИК KZ72070103KSN3309000
Тапсырыс берушiнiң өкiлi

Тилеубергенова Асемкул Манаповна – «Аудандық ішкі саясат бөлімі » ММ-нің бас маманы, байланыс телефоны: 8 /724/ 35- 22-2-90, 79-1-36 электронды пошта: janakor.ovp@mail.ru

Конкурстық құжаттаманың құны "Конкурстық құжаттама тегiн ұсынылады"

1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс 2013 жылға арналған «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру қызметін ұйымдастыру» бойынша өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі.

      2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi осы конкурс (лот) үшiн бөлiнген сома 4 100 000 теңгенi құрайды (тауарларды, (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) лоттарға бөлген жағдайда әрбiр лот үшiн сома жеке көрсетiледi).

1-лот

Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру қызметін ұйымдастыру

4 100 000

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
      1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес қызметтердiң тiзбесiн;
      2) осы конкурстық құжаттамаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық ерекшелiктердi қоса алғанда, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
      3) осы конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi;
      4) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқылық қабілетін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілетін (жеке тұлғалар үшін ) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды; заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариальды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдерінде аудара отырып, нотариальды куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген көшірмені ұсынады;

лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу құқығын растайтын, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариальдық куәландырылған көшірмесін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариальдық куәландырылған көшірмесін; құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын ;

5) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

Үлгі конкурстық құжаттамаға 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер.

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруге тиіс.

Өтінім сондай – сқ Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөнінде қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар ) туралы және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының ), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында ұштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

6) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелігін, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және көлемдерін, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепілдігін, беруді, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын;

7) конкурста қатысуға және конкурстық комиссияның отырыстарында қатысуға өтінімдерге қол қою құқығына әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мұддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.

      8) әрбiр өлшемнiң проценттiк мәнiн көрсете отырып, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiне сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетудi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн мiндеттi өлшемдердiң тiзбесi;

- әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия бұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуға қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.

- тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтығы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты пайызға (0,5) , бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді.Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиіс.

- конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең аз құны бар конкурстық өтінімді айқындайды және осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады. Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.

- техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға азайтады.

- сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.

- мелекеттік стандарт тардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша конкурстық комиссия осындай конкурстық баға өтінімін шартты түрде екі пайызға азайтады.

- конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік функцияналдық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5) азайтады.

- конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік техникалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5) азайтады.

- конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік сапалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді анықтаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш паызға азайтады.

- жергілікті қамтудың бар екендігін қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын жергілікті қамтудың әрбір пайызы үшін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.

Тауарда жергілікті қамтудың бар болуы СТ-КZ нысанды тауардың щыққан жері туралы сертификатпен расталады.

- әлеуетті тауар жеткізуші сатып алынатын тауардың отандық өндірушісі болып табылған жағдайда, онда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын жергілікті қамту болғаны үшін шартты түрде он пайызға азайтады.

Жұмысты, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушінің жергілікті қамтудың мемлекеттік сатып алу шартты орындауға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегін төлеу құнының жалпы еңбекті төлеу қорынан және осы конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердісатып алу үшін көзделген әлеуетті өнім беруші тікелей де , сол сиақты қосалқы мердігерлік шарт жасасу арқылы да

Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін сатып алынатын Қазақстан Республикасының резиденттері толық өндіруіне немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстаннан шыққан үлестің (үлестердің) құнынан шартты пайыздық қамтуы ретінде айқындалады.

- конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің – бес пайызға азайтады.



2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi

      4. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi 2013 жылғы " 25" ақпан 13 сағ.00 мин. кешiктiрмей конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы жазбаша сұрау салумен жүгiнуге құқылы. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуларын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелерi бойынша жiберу қажет: (инд 120300 Кызылорда облысы Жаңақорған кенті М. Көкенов көшесі №37 «Аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ ).


      5. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап беруге және сұрау салу кiмнен келiп түскенiн көрсетусiз:
      1) олар туралы мәлiметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;
      2) конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрулердiң мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
      6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы 2013_жылғы "2" наурыз 13 сағ.00 мин. мерзiмнен кешiктiрмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген әлеуеттi өнiм берушiнiң сұрауына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге тиiс. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу конкурстық құжаттаманы бекiтудегi сияқты тәртiппен ресiмделедi.
      Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерiстер бекiтiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде өтеусiз негiзде конкурстық құжаттаманың көшiрмесi берiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiбередi. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде осы өзгерiстердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң есепке алуы үшiн кемiнде кемiнде он күнтiзбелiк күн мерзiмге ұзартады.
      Ұйымдастырушы енгiзiлген өзгерiстер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялайды.
      7. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмелерi берiлген әлеуеттi өнiм берушiлермен не олардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн _____ (28 ақпан 2013 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы М. Көкенов №37 үйде 13 сағат 00 минутте ) кездесу өткiзедi.
      8. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесудiң хаттамасын жасайды, онда әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы олардың көздерiн көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетiледi. Хаттама әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналында көрсетiлген почталық деректемелерi бойынша конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен болған кездесу хаттамасының мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялайды.

3. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсынуы

Конкурсқа қатысуға өтiнiм

      9. Конкурсқа қатысуға өтiнiм осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.


     10. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға беретiн конкурсқа қатысуға өтiнiм мыналарды қамтуға тиiс:

1) әлеуеттi өнiм берушi осы конкурстық құжаттаманың 3 қосымшасына сәйкес толтырған және қол қойылған өтiнiмдi;

2) әлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың тiзбесiн:

құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлiгiнiң көшiрмесi) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға тиiс. Қазақстан Республикасының резидентi еместер мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынуға тиiс;

әлеуеттi өнiм берушiнiң көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi. Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттiк тiркелгенi туралы өтiнiмнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзiндiсi не конверттердi ашу күнi алдындағы бiр айдан бұрын берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен нотариалдық куәландырылған үзiндi;

төлем қабiлеттiлiгiн растайтын құжаттарды;

Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қолы және мөрi бар әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарын, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлуi тиiс;

бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;

үш айдан астам (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы не конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр ай iшiнде берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешектiң болуы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.

3) әлеуеттi өнім берушiнiң және (немесе) оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қосалқы мердiгерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге де талаптардың толық тiзбесiн қамтитын осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;

Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не қызмет көрсетулердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуы тиiс;

осы конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шартын;

4) көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;

5) әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес сенiмхатсыз қол қою құқығы бар әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берiлетiн сенiмхат.



Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар
11. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен бередi және соңғы бетiне оның қолымен, ал заңды тұлға үшiн - мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен, соңғы бетi әлеуеттi өнiм берушiнiң қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке берiледi.

12. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң нысаны басылуы немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуы және оған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюы, әлеуеттi өнiм берушiнiң мөрiмен бекiтiлуi (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) тиiс.

13. Конкурстық өтiнiмде әлеуеттi өнiм берушiнiң грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзетуi қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндiрме, өшiрiлген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиiс.

14. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конвертке желiмдейдi, оның беткi жағында әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешiктi" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ашпаған күйiнде қайтару мақсатында), мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтiн көрсетiлуге тиiс: «ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ» БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНIНДЕГI КОНКУРС және "2013 ЖЫЛҒЫ 7 НАУРЫЗ САҒАТ 15.00-ГЕ ДЕЙIН АШПАҢЫЗ"
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi беру тәртiбi
15. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi әлеуеттi өнiм берушiлер не олардың уәкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып 2013 жылғы 6 наурыз сағат 13.00-ге дейін мына мекен-жайға береді: (инд 120300 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы М. Көкенов көшесі №37үй бас маман Тилеубергенова А. М. - конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдау мен тiркеуге жауапты маман.

16. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн алған барлық конкурстық өтiнiмдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттерде көрсетiлген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуеттi өнiм берушiлердiң тиiстi уәкiлеттi өкiлдерiне жеке өздерiне қайтарылады.

17. Әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi ұсынған конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, тиiстi журналға тiркейдi.
      18. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ресiмдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер қабылданбайды және тiркелмейдi.
Конкурстық өтiнiмдердi өзгерту және оларды қайтарып алу
19. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн. Өзгерiс енгiзу конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзi сияқты дайындалуы, желiмделуi және ұсынылуы тиiс.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуеттi өнiм берушi заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi қол қойған және мөрiмен бекiтiлген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркiн түрде жазылған өтiнiш түрiнде ресiмделедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiс енгiзу не конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу, егер оларды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.

20. Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтарып алу сияқты, оларға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

21. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгiленген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей нақты уақыт кезеңiне арналған өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

- оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу.

22. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.

  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет