Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов



жүктеу 30.36 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі30.36 Kb.
Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

______________ М.Орынханов

2013 ж.«______»_____________

«Макроэкономика» пәні бойынша
5В050600 – Экономика

5В050700 – Менеджмент

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 – Қаржы

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В051100 – Маркетинг

мамандықтарына арналған

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «Макроэкономика» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.






Тақырыптың мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Макроэкономиканың пәні. Ұлттық есептер жүйесі.

6

2

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. AD- AS үлгісі

3

3

Игіліктер нарығы

3

4

Ақша нарығы

3

5

IS- LM үлгісі

2

6

Макроэкономикалық тұрақсыздық. Экономикалық циклдар, жұмыссыздық. Инфляция

3

7

Ашық экономика

3

8

Айырбас бағамы және жиынтық сұраныс

1

9

Экономиканың өсуі

1




Бiр нұсқасындағы тест тапсырмалар саны

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді білу. Ашық және жабық экономика жағдайында бюджет-салық, ақша-несие саясатын жүргізуден болған тиімділікті бағалау үшін экономика-математикалық аппаратты қолдана білу және т.б.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.



Директор Қ.Әбдиев




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет