Бекітемін Филология институтының директоры Б.Әбдіғазиұлы



жүктеу 130 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі130 Kb.
: docs -> postupaushim
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиұлы
postupaushim -> БАҒдарламасы алматы 2015 Бағдарлама Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланды
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Әбдіғазиұлы Б
postupaushim -> Бекітемін Көптілді білім беру институтының директоры
postupaushim -> Программа вступительного экзамена для поступающих в магистратуру по специальности «6М020900 Востоковедение» Алматы, 2015
postupaushim -> БАҒдарламасы «6М010900- математика»
postupaushim -> 6M020100- «философия» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы
postupaushim -> «6M011000 Физика» мамандығы бойынша
postupaushim -> «6M060400 Физика» мамандығы бойынша
postupaushim -> Ақпараттық жүйе туралы ұғым. Экономикадағы, юриспруденциядағы, инженерлік іс-әрекеттегі, білім берудегі және басқада халық шаруашылығындағы салалардағы ақпараттық жүйелердің орны және ролі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

Филология институтының директоры

____________________Б.Әбдіғазиұлы

«_____» _____________2015 ж.



«6D021400-Әдебиеттану» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015


Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6D021400-Әдебиеттану» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.


Құрастырушылар: п.ғ.д., профессор Шаханова Р.А., ф.ғ.к., доцент Айбергенова С.Т.
Филология мамандықтары кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі:

___________

Р.Ә.Шаханова


ФИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________


Г.М. Кенжебаева


Қабылдау емтиханының бағдарламасы Филология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.




6D021400-Әдебиеттану мамандығы

бойынша қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама тақырыптары магистратурада кәсіби пәндердің міндетті компоненттеріне енетін «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері», «Салыстырмалы әдебиеттану» және «Әдебиеттанудың жаңа бағыттары» пәндерінің типтік бағдарламаларының негізінде жасалды. Бағдарлама тақырыптары міндетті пәндердің негізгі мазмұнын қамтиды, қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарын, қазақ әдебиетінің тарихын, әдебиет теориясын, қазіргі ғылыми парадигмасын тірек етіп алады. Әдебиеттану мамандығына келушілердің білім деңгейін және ғылыми дайындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Әдебиеттанудың өзекті мәселелері

Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салалармен байланысы. Әдебиеттану ғылымының мақсат-міндеттері, салалары. Әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанына, мақсат-міндеттеріне орай оның эстетика, тарих, философия, тіл, мәдениеттану т.б. ғылымдармен байланысы. Бұдан туындайтын мәселелер, олардың зерттелу жайы. Ғылыми таным және көркем таным ерекшеліктері. Өлеңтану – әдебиеттанудың бір құрамдас бөлігі. Қазақ өлеңтануының тарихына және қазіргі жай-күйлеріне шолу. А. Байтұрсыновтың, м. Әуезовтың, Ә. Тәжібаевтың және қазіргі зерттеушілер (С. Нагимов, Қ.М. Жүсіпов, Б. Кәрібозұлы, Т. Шапаев т.б.) еңбектері. Өлеңтанудың аз, жетімсіз қарастырылған мәселелері (қазіргі қазақ өлеңіндегі түр, мазмұн, тұрғысындағы жаңалықтар. Буын, бунақтық өлшемдердің өзгерісі, өлең мәдениетінің тереңдеуі. Лирикадағы сюжет мәселесі т.б.).

Өнердегі көркем шарттылық мәселесі. Көркем шарттылық ұғымы. Бұл жөнінде түсінік-ұғымдар. Көркем шарттылық бейнелеу тәсілі, өнер заңдылығы екендігі. Көркем шарттылықтың ауыз әдебиетіндегі көріністері.

Әдеби процес. Әдеби бағыт, ағымдар. Әдеби процес-әдеби даму. Әдеби процестің, әдеби дамудың толыққандылығының көрінісі әдеби бағыт, ағымдардың молдығы екендігі. Әдеби бағыт-ағымдардың әдеби даму формалары екендігі. Әдеби бағыт, әдеби ағымдар жайлы пікірталастары. Қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби бағыттар мен ағымдар, олардың арақатынасы. Зар заман ағымы. Әрбір әдеби бағыттың, әдеби ағымның өзіндің бағдарламасы, өзіндік өмір шындығын тану, бағалау, суреттеу ұстанымдары болатындығы. Көркем туындының шығармашылық тарихы. Шығармашылық процесс – жазушы лабораториясы- шығармашылық психологиясы мәселелері. Бұл мәселені қарастырудың бір өнімді жолы – көркем туындының шығармашылық жазылу тарихын зерттеу, қарастыру. Мәселенеің орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы жай-күйі, төл ғылымымызда кенжелеп келе жатқандығы. Шығармашылық тарихты зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігі. Жазушылық ізденіс соқпақтарын айқындауға, өмір шындығын өнер шындығына айналдырудағы қаламгер шеберлігін тануға т.б. мүмкіндік беретіндігі. Қазақ әдебиетінде шығармашылық тарихы зерттелеген туындылар тағылымы. Текстология– мәтінтану мәселелері



Фольклор – сөз өнерінің бір түрі. Фольклор мен әдебиет байланысы. «Фольклор» және «ауыз әдебиеті», «жазба әдебиет» ұғымдары. Фольклордың танымдық-эстетикалық қызметі, жанрлар жүйесі. Фольклортанудың негізгі теориялық-әдіснамалық проблемалары. Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасып, дамуы. Фольклордың синкреттілігі. Фольклорлық проза. Эпос және оның түрлері. Фольклордағы қаһармандар жүйесі мен типтендіру. Фольклоға тән суреттеу тәсілдері.

Ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі және Орта ғасыр әдеби мұраларына тән ортақ сипаттар. Орхон жазба ескерткіштерінің зерттелуі. Алтын Орда дәуірінің әдебиеті. Ежелгі дәуір әдеби ескерткіштерінің тақырыбы, сюжеті, құрылымы. Түркі халықтарына тән ортақ таным. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері. Мазмұны мен идеясы, құрылымы, көркемді-эстетикалық мәні.

XY-XVIII ғасырлардағы әдебиет тарихы. Қазақ хандығы дәуірі әдебиетіндегі ақын-жыраулар шығармашылығы. Төл әдебиет бастауы. Жыраулар поэзиясы. Толғау, арнау жанрларының сипаты. Жыраулар поэзиясының көкремдігі. Мемлекеттік идеологияға қызмет.

XIX ғасыр әдебиетіне тән ерекшелік. ХІХ ғасырдың бірінші жарытысындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың ықпалы. Ресейге қараған кезеңдегі әдебиеттің сипаты. «Зар заман» әдебиетінің мәні мен маңызы. Ақындар шығармашылығындағы пессимистік сарын. Өткен күнді, хандық дәуірді аңсау сарыны. Поэзия жанрының сипаты. Тақырып, идея, проблематика. Ақындық дәстүр, зар заман әдебиетінің сипаты. ХІХ ғасырдың екінші жарытысындағы сыншылдық сипат. Әдебиеттегі жаңа бағыттар. Абай шығармашылығы. Абай мұрасының зерттелу кезеңдері. Абайтануға байланысты зерттеулер.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы. Кезең әдебиетінде көрініс берген жетекші әдіс-ағымдар. Кеңестік қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Әдебиеттегі ағартушылық, азаттық идеясы (М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, Б.Майлин, С.Сейфуллин). «Алаш» партиясы (1917 жыл, шілде) мен Алашорда үкіметінің (1917 жыл, желтоқсан) құрылуы. Баспасөздің («Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Ақжол», «Шолпан») дамуы. Әдебиет пен мәдениеттің дамуына партиялық қадағалаудың күшеюі. Поэзияны дамуы. Көркем прозаның өрістеуі.

Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің өркендеуі. Көркем әдебиетке қатысты партиялық қаулы-қарарлар. Эпикалық жанрдың өркендеуі. Театр мен драматургияның дамуы. Әдеби сын. ҚазАПП-тың қателері. Әдеби зерттеулер мен алғашқы оқулықтар. С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» (1932), С.Мұқанов «XX ғасырдың қазақ әдебиеті» (1932), М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев «XIX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы» (1933) т.б. еңбектердегі әдебиеттің тарихын, ғылыми сипатын жүйелеудегі маңызы.

Соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Әдебиетте Отан қорғау идеясының өрістеуі. Ел қорғау, жауынгер бейнесі, майдан мен тыл келбетін танытқан лирикалық шығармалар, үгіт, қаһармандық жырлары.

Соғыстан кейінгі дәуір әдебиеті (1946-1956). Жалпы сипаты. Әдебиет пен өнер, ғылым саласындағы ілгерілеулер. Ірі эпикалық шығармалардың («Абай», «Ботакөз», «Сырдария», «Қазақ солдаты», «Қарағанды», «Оянған өлке», «Өмір мектебі») тууы. Қазақ поэмасындағы идеялық-көркемдік ізденістер.

Жаңғыру кезіндегі қазақ әдебиеті (1956-1967). Қоғамдық-саяси саладағы өзгерістердің әдебиетке ықпалы. Қазақ қаламгерлерінің шығармашылық белсенділігінің артуы. Заман шындығын суреттеген прозалық туындылар. Тарихи романдардың жарық көруі. Әдеби процесс пен сын. Қаламгерлер шығармашылығының дербес зерттеле бастауы. Әдебиет тәжірибесін теориялық тұрғыда қорыту.

1968-1990 жылдардағы әдебиеттің дамуы. Социализм қайшылықтары мен қайта құру. Тарихи романның («Қаһар», «Алтын орда», «Аласапыран», «Үркер», «Елең-алаң») өрістеуі. Әдеби-көркем сын мен әдебиеттану. Әдеби сыншылдық ой-пікірлердің өрістеуі.



Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет. Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы. Саяси-әлеуметтік өзгерістер және әдебиет. Жанрлардың дамуы. Прозадағы көркемдік ізденістер. Роман және эссе жанрының дамуы «Соңғы парыз», «Өмірзая», «Дарабоз», «Менің Әуезовім», «Мен», «Таңғажайып дүние»). Қазақ поэзиясында ұлттық сипаттың тереңдеуі. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетте жаңа бағыт, үрдістердің орнығуы. Әдебиеттану ғылымының дамуы.

Әдебиеттің теориялық мәселелері. Әдеби әдіс-тәсілдер. Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар. Әдебиеттану ғылымындағы мектептер. Классицизм әдебиеті. Романтизм әдебиеті. Реалистік әдебиет. Модернистік әдебиет. Көкем әдебиеттегі мазмұн мен пішін. Тақырып пен идея. Әдеби шығарма және автор. Автор мен нарратор. Шығармадағы характер мен конфликт. Характер және тип. Мінездеу және оның түрлері. Көркемдегіш-бейнелеуіш құралдар. Теоретик ғалымдар және олардың пікір-тұжырымдары. Аристотель: «Поэтика». Гегель: «Эстетика». Н.Буало. Баумгартен, Белинский, Чернышевский еңбектері. Қазақ әдебиеттанушылары, олардың еңбектері. Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері.

Қазақ әдебиетіндегі психологизм. Инфопоэтикалық бастау. Суреткер шығармашылығының макро және микро контексті. Суреткер шығармашылығындағы орыс әдебиетінің жанрлық эвалюциясы. Көркем шығарма құрылымындағы жалпы теориялық поэтиканың және микропоэтикалық ерекшеліктері. Шығарма көркем бірлік ретінде. Сюжет және оның бағдарлануы. Баяндау поэтикасы. Уақыт және кеңістік. Кейіпкерлержүйесі. Поэтика жәнебейнелілік. Шығарманың мотивтік құрылымы.

Салыстырмалы әдебиеттану (компаративистика). Салыстырмалы әдебиеттанудың даму бағыттары, басты филологиялық мектептер. Салыстырмалы-типологиялық байланыстың тарихи негізі. Әдіс, жанр, стиль. Образ теориясы, архетип, персонаж, типтік бейне. Көркем мәтін. Көркемдік әдіс синкретизмі. Көркем мәтін құрылымы, хронотоп, ұлттық таным және әлемдік қабылдау. Әдебиеттанудағы мифологиялық бағыт, неомифологизм, мифопоэтика.
Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. А., 2004-2008

2. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. А., 2008

3. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 1997.

4. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2003.

5. Винокур Г. Филологические исследования. М., 2005

6. Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1998

7. Эпштейн М. Постмодерн в русской литературе. М., 2005

8. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987

9. Мировое литературоведение. 1-3 т. А., 2009

10. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

11. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. Алматы, 1986.

12.Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, 1979.

13. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 2005.

14. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А., 2003

15. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1995

16. Нұрғали Р.Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2003

17.Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А., 1986

18.Қасқабасов С. Казахское несказочнаяпроза. А., 1990

19. Сатпаева Ш. Қазахская литература и Восток. А., 2009.

20. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2005.

21. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Алматы, 2002.

22. ХХІ ғасыр әдебиеті. Алматы, 2010.

23. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996

24. Келімбетов Н. Жазба әдеби ескерткіштер. Астана, 2001

25.Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. А., 1995

26. Тюпа В. Введение в литературоведческий анализ. М., 2001

27. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2005

28. Серікқалдиев З. Сын кітабы. Алматы, 1997.

29. Талжанов С. Аударма және қазақ тілінің мәселелері. Алматы, 1974

30.Жетписбаева Б. Образные мифы Магжана Жумабаева. А., 2008

31. Қанарбаева Б. Қазақ әдебиетіндегі модернизм. А., 2011

32. Аймұхамбет Ж. Мифтің поэтикадағы қызметі. А., 2010

33. Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. Қ., 2009

34. Уақыт және қаламгер. 1-14 кітаптар. Алматы, 1973-1988

35. Әшімбаев С. Ақиқатқа іңкәрлік. Алматы, 1997.

36. Белый А. На рубеже двух столетие. Москва, 1989.

37. Елеукенов Ш.Мағжан. Алматы, 1995.

38. Затонский Д.В. Постмодернизм: гипотезы возникновения// Вопросы литературы. №2, Москва, 1996.

39. Сакулин П.Н. Филология и культурология. Москва, 1990.

40. Постмодернизм. Энциклопедия. Москва, 2007.

41. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. Москва, 1975.

42. Бахтин М. Эстетика словесного творчества. Москва, 1979

43. Жирмунский В.М. Избранные труды. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. Ленинград, 1977.

44. Веселовский А. Историческая поэтика. Москва, 1989.

45. Юнг К. Архетип и символ. Москва, 1991.

46. Фрейденберг О.М. Поэтика сюжет а и жанра. Москва, 1997.

47. Теория литературы. В двух томах. Москва, 2004.

48. Смағұлов Ж. Ұлттық әдебиеттану әлемі. Қарағанды, 2005.

49. Қасқабасов С. Елзерде. Алматы, 2008

50. Қасқабасов С. Ой-өріс. Алматы, 2009

51. Қасқабасов С. Абай. Алматы, 2010.

52. Қасқабасов С. Алтын жылға. Алматы, 2010

53. Нұрғали Р. Драма өнері. Алматы, 2004.



54. Нұрғали Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл. Алматы, 2010.

6D021400- ӘДЕБИЕТТАНУ

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША PhD ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

  1. Фольклортану және фольклорлық-әдеби байланыстар мәселесі.

  2. Сөз өнерінің фольклорлық формалары. Фольклордың негізгі белгілері.

  3. Фольклорлық жанрларды топтастыру қағидалары.

  4. Фольклор поэтикасы ( сипаттама, нормативті, тарихи).

  5. 19 ғ. сыни реализм ( көркемдік ерекшеліктері, жанрлары мен стильдік белгілері.

  6. Абай Құнанбаев – шығармашылық биография, оның поэиясының  жанрлық ерекшеліктері.

  7. 1950-80 жж. ауыл прозасы, оның салалары, жанрлық ерекшеліктері, кейіпкерлер типологиясы.

  8. Орыс-қазақ әдеби байланыстары.

  9. Қазақ әдебиетінің жанрлық жүйесі.

  10. Посткеңестік кеңістіктегі қазіргі әдеби үдерістер.

  11. Аударма – ұлттық әдебиет пен мәдениеттің өзара ықпалдасу құралы.

  12. Қазақстандағы орыс және орыстілді әдебиет.

  13. Қазақ поэзиясындағы өлең түзу жүйесі мен ырғағы.

  14. Ұйқас – өлең түзудің дыбыстық элементі.

  15. Өлеңтенудың бір бөлімі – тармақ.  Еркін және қатаң тармақтық формалар.

  16. Қазақстандағы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби үдеріс: кеңестік және посткеңестік үрдістер.

  17. Қазақстандағы қазіргі әдебиет: жанрлық және стильдік ағымдар.

  18. М.Әуезов туындыларындағы философиялық мәселелер.

  19. Жыраулар поэзиясы, жыраулық өнердің мәні мен маңызы.

  20. Жазушылар шығармаларындағы көркемдік сипат

  21. Әдебиеттану ғылымының салалары

  22. Лирикадағы сюжет мәселесі

  23. Реализм және романтизм

  24. Прозалық шығармалардағы ауыл тақырыбы.

  25. . Көркем шарттылық тәсілінің басқа өнер түрлерінде де ( сурет, мүсін, кино, театр, т.б.) қолдануы.

  26. «Орхон-Енисей» жазбалары: зерттеу жайы.

  27. Қ. Мұхаметжановтың драматургиясы.

  28. Көркем әдебиеттегі психологизм.

  29. Қ. Жұмалиев – әдебиет зерттеушісі.

  30. «Гүлстан бит Түрки». Көркемдік-идеялық мазмұны, құрылысы.

  31. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы.

  32. О. Сүлейменовтің шығармашылығындағы ұлттық сипат.

  33. Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы.

  34. Қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар.

  35. С. Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы және «Менің құрдастарым» романы.

  36. Шернияз өлеңдері.

  37. Қазіргі қазақ романы. Идеялық-көркемдік ізденістері.

  38. С. Қирабаев – әдебиет зерттеушісі.

  39. Н. Байғанин дастандары.

  40. Қазіргі қазақ поэмасы.

  41. Б. Момышұлы шығармашылығы. Әскери тақырып және соғыс шындығы.

  42. «Жүсіп-Злиха». Зерттелуі, құрлымы, мазмұны.

  43. Әдебиеттің ұлттық сипаты.

  44. А. Байтұрсыновтың теориялық еңбектері.

  45. Д. Исабековтің повестері және заман шындығы.

  46. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы қазақ прозасы.

  47. Шәңгерей шығармашылығындағы дүниетаным, өмір, философиялық мәселелері.

  48. М. Өтемісұлының жырлары.

  49. Қазіргі қазақ әңгімесі. Көркемдік-идеялық ізденістер.

  50. М. Мақатаев шығармашылығының негізгі салалары және ақын ізденістері.

  51. Жыраулық поэзия.

  52. Ежелгі дәуір әдебиеті және тарих.

  53. Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы.

  54. «Құдатғу білік»: зерттелу тарихы және құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері.

  55. Майдангер қаламгерлер шығармашылығы.

  56. Ә. Қоңыратбаев әдебиеттанушы.

  57. Қазақ әдебиетіндегі ежелгі дәуір туралы зерттеулер.

  58. Жыраулық өнер поэтикасы.

  59. «Біз жанбасақ» дилогиясы.

  60. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі сентиментализм.

  61. Ә. Марғұлан шығармашылығы.

  62. ХХ ғасыр басындағы қазақ драматургиясы.

  63. Шал шығармашылығындағы дәуір шындығы.

  64. «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы тарихи шындық және көркемдік шешім.

  65. Қазақ әдебиетіндегі дедективтік жанр.

  66. Ә. Нәжмеденов поэтикасы.

  67. «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасы.

  68. Әдебиеттің эстетикалық мәні.

  69. Қазақ тарихи романындағы М.Әуезов дәстүрі.

  70. Ы. Алтынсарин әңгімелері. Тақырыптық, идеялық-көркемдік ерекшеліктері.

  71. ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі романтизм.

  72. Қ. Жалайри шығармашылығы.

  73. А. Сүлейменовтің драмалық шығармашылығы.

  74. Повесть жанры.

  75. Х. Досмұхамедов – әдебиет зерттеушісі.

  76. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халық прозасы.

  77. Ш. Уәлиханов – филолог.

  78. Т. Айбергеновтің лирикасы.

  79. Тарихи жырлар.

  80. Абай – жаңа реализм әдісін дамытушы.

  81. М. Шахановтың поэзиясы.

  82. Ағартушылық реализм.

  83. Ғ. Қарашевтің өмірі мен шығармашылығы.

  84. О. Бөкеев әңгімелері.

  85. Роман – дәуірнама.

  86. М. Мағауин шығармашылығы.

  87. «Майдан» пъесасы.

  88. Қазақ прозасындағы батырлар бейнесі.

  89. «Оғыз намені» зерттеу жайы және көркемдік мазмұны.

  90. М.Көпеев жырлары, зерттелуі.

  91. Қазақ прозасындағы Аналар тақырыбы.

  92. Қазіргі қазақ драматургиясы.

  93. Қазақ прозасындағы Майлин дәстүрі.

  94. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».

  95. Қазіргі әдеби процесс және әдеби сын.

  96. М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы.

  97. «Бозжігіт» хиссасы.

  98. Сөз өнері мұралары туралы түсінік.

75. Фольклор мен әдебиет: ортақ мәселелері мен өзгешеліктері.

76.Фольклор мұралары мен әдебиет шығармаларының көркемөнерінің салаларымен байланысы.

77. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік.

78. Көркем шығарманың тақырыбы.

79. Көркем шығарманың идеясы.

80. Көркем бейне, оған қойылатын талаптар.

81. Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері.

82.Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті, тілі.



83.Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет мәселелері.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет