Бекітемін: Мектеп директоры: М. Оспанов 2015ж



жүктеу 0.69 Mb.
бет2/4
Дата28.04.2016
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде

Асептика және антисептика туралы түсінік
Жараға жұқпаның түсуі кез келген жараның жиі кездесетін және кауіпті асқынуларының бірі болып табылады. Міне, сондықтан да барлық хирургиялык жұмыстардың негізгі жара жұқпасының алдын алу (сактандыру) қағидасына тіреледі. Жараның беткі қабатына тиетін нәрсенің барлығында ауру туғызатын микробтар болмау керек, (стерильдену қажет), сондай-ақ жараға түскен микробтарды барынша әлсірету қажет. Жара жұқпасының алдын алу жөне онымен күресу үшін қазіргі заманда хирургияда жұқпадан сақтандырудың біртұтас жүйесін кұрайтын асептика мен антисептиканың әр алуан тәсілдері колданылады.

Микробтарды жараға түскенге дейін жоюға бағытталған, сөйтіп, оны жұкпаға ұшыраудан сақтайтын іс-шаралардың (жара жұқпасынан сақтандыру әдістері) жиынтығы асептика деп аталады. Асептиканың негізгі заңы: жараға тиетін нәрсенің бәрі микробсыз, яғни стерильді болуы тиіс. Асептикаға кол жеткізу үшін, негізінен, микробтар үшін қатерлі жоғарғы температура (бумен, қайнату аркьілы стерильдеу) жене кейде өр түрлі химиялық заттар (спирт, йод), сонымен бірге ультрадыбыс, газдар, иондаушы сәулелену пайдаланылады.

Жарадағы микробтар санын азайтуға немесе оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі антисептика деп аталды.
Антисептиканың төмендегідей түрлері бар:

— механикалық (жұқпа түскен жараны алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізу, яғни микробтар мен өлі тіндерді алып тастау мақсатында жараның түбімен шеттерін ойып кесу):

— физикалық (жараға ылғал тартқыш мақта-дәке таңғышын салу, кептіргіш ұнтақ, тампон, білте, дәкенің ұзын жолағы түріндегі тампон немесе резина немесе пластмасса түтік түріндегі білтені пайдаланау, сондай-ақ жараны ауа көмегімен емдеудін ашық әдісімен кептіру). Осылайша микробтардың өмір сүруі мен көбеюіне кедергі келтіретін қолайсыз және тіндердің ыдырау өнімдерімен улы заттар токсиндерінің сіңуін азайтатын жағдайлар жасалады.

— химиялық (бактериологиялық әрекеті микробтардың дамуы мен көбеюін басып тастайтын және бактерицидті әрекеті — олардың өлуін қамтамасыз ететін антисептикалық заттар қолдану).


Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары
Қан тоқтату — уақытша және түпкілікті деп бөлінеді. Уақытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асьфылады жөне төмендегі төсілдер бойьшша жүргізіледі:

1) дененін закымданған белігін кеудеге қатысты алғанда — көтеріңкі қалыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш салғаннан кейін жастық оралған киім қою);

2) кішігірім кан кету кезінде кысып тұратын таңғыш көмегімен закымданған жерде қан арьш жатқан тамырды басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартқаннан кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады);
Артерияны саусақпен басу

3)аяқ-қолды мейлінше шұғыл бүгу немесе жазу

қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе іізе буынын бүгу немесе жазу аяқ-қол жарасына катты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, колды арқаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру).



Артерияны саусақпен басу нүктелері
Дененің әр тұсындағы артерияны саусақпен басу қан кетіп жаткан тамырды тікелей жара аумағында емес, одан жоғары жерде (зақымданған артерияның орталық бөлігі) басуға негізделеді. Бұл тәсіл артериядан қатты қан кеткенде қолданылады. Тамырды басу (143-сурет) оны жақын жаткан сүйекті саусақпен қысып, саңылауды жабу мүмкін болатын тері қабатына жакын жатқан жерде жасалады. Әрбір ірі артерия үшін белгілі бір анатомиясыз нүктелер болады:

1) иьгқ алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі жағынан басады;

2) балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап, ал қалған саусақпен тізе асты шұңқырындағы артерияны тауып, сүйекке басады);

3) сан жараланғанда — сан артериясының шап астындағы жоғарғы жағын жұдырықпен басады;

4) бастағы жарадан қан кеткенде — жара жақтағы самай артериясын басады (артерия құлактың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды);

5) беттен қан кеткенде — жақ артериясын басады (ол мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді және жақтың төменгі шеті арқылы оның бұрышы мен иек арасында иіледі);

6) мойындағы жара кезінде — жара жақтағы және одан төмен ұйқы артериясын басады (трахея жайында);

7) иық үстіндегі, иық буынына жақын немесе қолтық айналасындағы жара кезіңде бұғана асты артериясын бұғана астындағы шұңқырға (бірінші қабырғаға) басады, кейін аяқ-қолға бұрау немесе жгут салады.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы - оқытушысы: _________ М.Сериков.



Бекітемін:

Мектеп директоры:

_________М.Оспанов

«___» ________ 2015ж.

26 IІI-тарау. Өмір қауіпсіздігінің негіздері.



Сабақтың тақырыбы: Жгут салу үшін қолданылатын материалдар, жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер, көк тамырдан және ұсақ тамырлардан аққан қандарды тоқтату әдістері, таңу түрлері, бинтпен таңудың негізгі түрлері, ұстап тұрушы байламдар, қысып тұратын байламды таңу тәртібі.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алғашқы медициналық көмек беруді үйрету.

  2. Уақыты: 45 мин.

  3. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АҚ журналдары.

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



б) Негізгі бөлім – 22 мин.

Жгут салу үшін қолданылатын материалдар, жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер, көк тамырдан және ұсақ тамырлардан аққан қандарды тоқтату әдістері, таңу түрлері, бинтпен таңудың негізгі түрлері, ұстап тұрушы байламдар, қысып тұратын байламды таңу тәртібі.



в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Жарал ану кезіндегі көрсетілетін алғашқы көмек нені қамтамасыз етуі тиіс?

2. Жара деп аталатын жарақат түрлерін атаңдар.

3. Қандай жаралар ерекше қауіпті саналады?

4. Қан кетудің түрлерін атаңдар және оларды сипаттаңдар.

5. Қан кетуді уақытша тоқтату ушін көрсетілетін алғашқы медициналық көмек тәсілдері туралы айтыңдар.

6. Күйіктің пайда болу себептері мен оның салдарлары туралы баяндаңдар.

7. Күйік кезінде алғашқы жәрдем қандай тәсілдер арқылы көрсетіледі?

8. Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы айтып беріңдер.

9. Шоктың пайда бопу себептері мен оның салдарлары.

10. Шоктан сақтандыру тәсілдері туралы айтып беріңдер.

11. Жарақаттық шок белгілері мен ауырлығының дәрежесіне қарай ерекшеліктерін атаңдар.

12. Жарақаттық шоктан сақтандыру үшін қандай іс-шаралар жүргізу керек? 13. Таңғыш салу үшін қандай материалдар пайдалануы мүмкін?

14. Асептика және антисептика туралы айтып беріңдер.

15. Қан кетуді тоқтату, таңғыш салу тәсілдері мен құралдары туралы

айтып беріңдер.

16. Жараның асқынуының алдын алу (сақтандыру) туралы айтып беріңдер.


Т3. С21. Жгут салу үшін қолданылатын материалдар, жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер, көк тамырдан және ұсақ тамырлардан аққан қандарды тоқтату әдістері, таңу түрлері, бинтпен таңудың негізгі түрлері, ұстап тұрушы байламдар, қысып тұратын байламды таңу тәртібі.

Бұрауыш көмегімен қан кетуді тоқтату жараланған жерден жоғары аяқ-қол бөлігін шиыршықталған орама, арқан, сүлгі немесе басқа да қолда бар материалмен орап, сақина тәрізді етіп байлайды да, арасына таяқ немесе басқа зат салып, қан кету тоқтағанша бұрауға негізделеді. Қан кету токталғанша және шеткі тамыр соғуы жойылғанша ғана бұрауды қысады, 2 сағ өткеннен кейін, саусақпен басты (негізгі) тамырды басып тұрып, бірнеше минутқа бұрауды аздап босату керек, кейін оны қайта салады.

Артериядан қатты кан кетуді уақытша тоқтатудың ең сенімді тәсілі — зақымданған аяқ-қолға қан тоқтатуда қысатын жгут салу, яғни айнала қысуы болып табылады. Көп жағдайда Эйсмархтың резина жгуты пайдаланылады. Ол жоқ болса, онда қолда бар: резина түтік, сүлгі, белбеу, арқан, орамал және т.б. материалды пайдалануға болады. Балалар үшін арнайы қан тоқтататын жгуттар болады, жгутты иыққа, білекке, сан мен балтырға жарадан жоғары,

Артериядан қан кетуді тоқтату үшін жгут салудың лайықты орындары

бірак мүмкіндігінше оған жакын салады (144-сурет).

Жгутты төмендегіше тәсілмен салады. Аяқ-қолдың белігін сүлгімен немесе бинттің бірнеше қабатымен орайды. Содан кейін зақымданған аяқ-қолды көтереді, жгутты тартып, жұмсақ тіндерді қысу үшін аяқ-қолды 2—3 рет айналдырып орайды және жгуттың ұшын ілмек пен тізбек көмегімен бекітеді, ал олар жоқ болса, түйіндеп байлайды. Жгуттың дұрыс салынғандығы жарадан қан кетудің тоқтатылуынан, аяқ-қол ұшындағы тамыр соғысынын жоғалуынан және терінің жамылғыш қабатының бозаруынан көрінеді.

Жгут салу кезіндегі ерекшеліктер:

1) жгут салу артериядан қатты қан кету кезінде қолданылуы тиіс;

2) жалаң теріге жгут салу оның қысуына, кейде тіпті өліп кетуіне әкеп соғуы мүмкін;

3) жгутты жарадан жоғары жерге салу кажет;

4) жгутты дұрыс тарту (әлсіз қан кетуді күшейтеді, тым қатты болса, нерв діңін басып тастайды).

Жылдың суық мезгілінде жгут салынған аяқ-қол үсіп кетпеу үшін қымтау керек.

Аяқ-қолда жгут 2 сағ-тан артық салынбайды, ал иондаушы радиадиада 1—1,5 сағаттан артық ұстауға болмайды, иықта жгутты белгіленген уақыттан едәуір аз ұстау керек. Жгут салынған ауру дереу қан кетуді түпкілікті тоқтату және жгутты алып тастау үшін (жайлап босата отырып) ОМП-ға жіберіледі.

Жгут немесе бұрауды ұзарырақ ұстау қажет болса, онда белгіленген уақыт өткеннен кейін аяқ-қол терісі қызарып, сезімталдық қалпына келгенше жайлап босату керек. Бұны өте жай, аса сақтықпен жарада пайда болған қан ұйындысын сыртқа итеріп шықпайтындай етіп жасау керек.

Қан кету қайта басталмас үшін ауруларды соқкы және күрт қозғалыстардан сақтап, тасымалдау керек.

Қан кетуді тоқтатудың тағы бір сенімді тәсілі — аяқ-қол буынын мейлінше бүгіп, осы қалыпта тұрақтандыру. Бұны жасау жолы: буын бүгілетін аумаққа мақта немесе дәкеден буылтық қояды. Қан тамыры шоғырын қысу үшін аяқ-колды барынша бүгеді, оны денеге қосып, таңғыш дәкемен байлап қояды.

Егер сыртқы қан кету болмаса, бірақ зардап шегуші кенеттен өлсіреп, басы айналса, есінен танып, терінің жамылғыш қабаттары бозарса, бұл ішкі қан кетудің белгілері болып саналады. Бұл жағдайда дереу дәрігерлік көмек көрсету қажет. Мидың қансызданып қалуын азайту немесе жою үшін көмек көрсеткенде, зардап шегушіні жаткызып, аяқ-қолын сәл жоғары көтеру керек. Бас денеден шамалы төмен болуы тиіс.

Венадан, капиллярдан, қылтамырдан қан кетуді тоқтатудың тәсілдері. Венадан қан кетуді тоқтату үшін, қысып тұратын танғыш салып және дененің закымданған бөлігін көтеріңкі қалыпта ұстау жеткілікті.

Қылтамырдан қан кеткеңде — жараның тұтас бетінен қан ағады және ол өте мол болғандықтан, оны тоқтату үшін, қысып тұратын немесе жай таңғыш салу жеткілікті. Қан кетуді тоқтатудың жоғарыда сипатталған тәсілдері уақытша деп аталады. Қан кетуді түпкілікті тоқтатуды жараны тазалау кезінде дәрігер жасауы тиіс.



Ішкі қан кету кезіндегі алгашқы, медициналық көмек.

Сыртқы қан кетуден басқа ішкі қан кету де болады. Бұл кезде жараланған тамырдан аққан қан белгілі бір ішкі қуысқа, мысалы, кеуде немесе іш қуысына жиналады. Ішкі қан кету кенеттен беттің бозаруы, аяқ-қол буындарының кұқылдануы және мұздауы, пульстің жиілеуі, ақырында, оның біртіндеп әлсіреуінен байқалады. Бас айналып, құлағы шуылдайды, денені суық тер басады. Содан кейін естен тануы мүмкін. Ішкі қан кетудің алғашқы белгілері байқағаннан-ақ, зардап шегушіні дереу емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Медициналық: бике әр түрлі таңғыш салудың техникасын жетік меңгеріп, дәрігерге неғұрлым күрден таңғыш (мысалы, гипстік және т.б.) салуға көмектесе алуы тиіс.

Бинтті таңғыштардың негізгі тилтері.

1. Айналма (айналдыра) таңғыш бинт орамы бірінің үстіне бірі оны тұтас орай жатады. Мұндай таңғыш білезік маңындағы, балтырдың төменгі үшінші белігі, маңдай, мойын және іштегі жараларға қоюга ыңғайлы.

2. Ирек тәрізді таңғыш — мұны да алдыңғыдай, яғни екі-үш айналма жүрістен бастайды, сосын бинт жүрісі тек жартылай, алдыңғы жүрістің үштен екісін жаба қиғаш (шиырлай) жүреді. Бинт таңу теменнен жоғары карай (жоғарылата таңғыш) немесе жогарыдан төмен (темендете тақғыш) қарай жүргізіледі. Әрбір 1 -2 айналымнан соң иіліп отырады. Соңында карапайым ширек тәрізді таңғыш қоюга немесе қайтадан иілім жасауға болады (балтыр, сан, білек, иық сынған кезде).

3. Айқышты немесе сегіздік тәрізді таңғыш формасы мен бинт жүрісі сегіздік сияқты; бас пен мойынды бинттеуге өте ыңғайлы. Бинт айналма жүріспен бас айналасын бекітеді, сосын жоғары карай сол жақ құлактың артымен мойынға қарай төмен қиғаштап түсіреді. Одан әрі бинт мойынның оң жақ алдымен айнала отырып, мойынның арт жағынан басқа қарай көтеріледі.

4. Бастың алдын орай отырып, бинтті сол құлактың үстімен қиғаштай жүргізеді де, бинт жүрісін қайталайды. Одан әрі екі соңғы жүрісті кезектей отырып, бас маңына бекітіледі (тізе, шынтақ және жіліншік буындарына, сондай-ақ қол сүйектеріне, кеудеге).

5. Тоғыспа және айыра ("тасбақа") таңғыш — буын маңынан қойылады. Тізе буынына айыра таңғыш қою — тізе тобығының шығыңқы бөлігін айналдыра жүруден басталып, одан әрі мұндай жүрістер алдыңғының үстінен не астынан жүргізіледі. Бинт жүрісте тізе тобығы ойығында айқасып, біріншісінен екі жаққа бір-бірін жартылай жаба отырып тарайды да, буынды мықтап жабады. Таңғышты сан маңында бекітеді.

6. Тоғыспа таңғыш буынның жоғары және төмен бөлігінен айналма жүріс арқылы басталып, тізе тобығы ойығында айқасады. Келесі жүрісгер бір-біріне жақындатыла отырып, алдыңғыдағыдай жүргізіледі және буынның шығыңқы бөлігімен бүкіл маңы толық жабылғанша жүргізіледі.



Бекіткіш таңғыштар.

  1. Орамал таңғыш көбіне қол сүйектері, білек пен иық зақымданғанда не ауырғанда қол тыныштығын қалыптастыру үшін байлам ретінде қолданылады. Таңғыш қою үшін орамалдың ортасын білектің астына қояды (қол шынтақтан тік бұрыштай бүгіледі, оның негізгі дененің орта сызығы бойымен, ал ұшы дене мен ауру қолдын шынтағына бағытталады). Орамалдың ұштары мойынға байланады.

2. Сақпан терізді таңғыш немесе сақпан екі ұшы бойлама бағытпен қиылған бинт немесе басқа материал тілімі (қисық тілімінін ортасына жетпейді). Бұл таңғыш мұрын, жақ сүйектерін таңуға ыңғайлы. Сакпанның кесілмеген бөлігін мұнда төменгі ұшын жоғары қарай жүргізіп, төбеден қарсы ұшымен байлайды. Жоғарғы ұшын қарақұсқа (шүйдеге) аларып, қарсы жақтан жүргізілген ұшымен айқастырып, маңдайдан байлайды.

3. Т — тәрізді таңғыш ортасына басқа жолақтың ұшы тігілген материя (бинт) жолағынан тұрады немесе ортасына басқа жолақ қойылған жолақтан тұрады. Таңғыштың көлденең бөлігі бел айналасымен белдік түрінде, ал тік жолағы белдіктен шап аркылы өтіп, олар әр түрлі жаралану кезіңде, мысалы, шал және артқы тесік зақымданғанда және ауырғанда қолданылады.

4. Коллоидті және клеолды таңғыштарда коллоид пен клеолдың желімдегіш ерітінділері қолданылады. Коллоидті таңғышты қою: жара айналасын бірнеше қабат дәке салфеткасы қабаттары мен жабады да, оған үлкен өлшемді дәке жабады. Жоғарғы салфетканың денеге тиетін бос ұштарын коллоидпен ылғалдайды. Клеолмен таңғыш қою: жара бірнеше қабат дәке салфеткамен жабылады, жара айналасындағы теріге клеол жағып, ол кепкенше азырақ күте тұрады. Содан кейін барып осы клеол жағылған бетті созылған дәке салфеткасымен жауып, оны қатты қысады. Теріге жабыспай тұрған таңғыш ұштарын қайшымен қияды.

Қысқыш таңғыштар қою ережесі.

Қысқыш таңғыштар көбіне аяқ-қолдан қан кеткенде қолданылады. Венадан және капиллярдан қан кеткенде, кысқыш таңғышты қою жеткілікті. Бұл үшін жеке таңғыш пакеттері мен асептикалық таңғыштарды пайдалану жеткілікті.

Артериядан аз көлемді қан кеткенде, көбіне қысқыш таңғышпен тоқтатуға болады (145,146-суреттер).

Жгут қою мүмкін болмағанда (бастан, кеуде клеткасынан, іштен қан кеткенде), тығыз қысқыш танғышты қолдануға болады. Көп жағдайда венадан кеткен қанды тоқтату үшін аяқ-қолды көтеріп, жараға қысқыш таңғышты қою жеткілікті.

Осылайша, қан тоқтату үшін: зақымданған қан тамырларын саусақпен басу, аяқ-қолды бүгу, қысқыш таңғыштарды қою қолданылады, ірі веналардан қан кеткенде, жгут немесе бұраманы жарадан төмен, ал артериядан қан кеткенде жара орнынан жоғары кояды. Аяқ-қолды айналдыра созу материалы ретінде жара орнынан жоғарылау жерге резина немесе жгут, қолдағы бар материалдардан жасалған (орамал, шұлғау, жейде жеңі, белдік және т.б.) бұрамалар қолданылады.

Таңу материалдары.

Қазіргі заманғы хирургияда жақсы сіңіретін, тез кебетін стерилизация жаса-ғанда, сапасы нашарламайтын, тіндерді тітіркендірмейтін, мықты, созылмалы және арзан әр түрлі таңу материалдары пайдаланылады.

1) Дәке — ылғалды әр түрлі дәрежеде (жылдамдықта) сіңіріп алатын сирек көзді (1 см-де, 10—12 жіп) және тығыз көзді (1 см-де 13—20 жіп) таңғыш. Стандартты дәке тез ылғалдануы тиіс: 5x5 см өлшемді дәке бөлігін суға тастағанда, 10—15 см ішінде суға батып, өзінің салмағынан 2 есе артық суды сорып алуы керек.

2) Бинттер—дәкенің буылтық түрінде оралған ұзын жолақтары, 16 х 1000 см, 14 х 700см, 10 х 500 см өлшемді бинттер пайдаланады, олар стерильденбеген және стерильді (пергамент кағазы орауында) түрде шығарылады.

3) Салфеткалар дәкеден төрт бұрышты 3-—4 қабатты бөлік түрінде дайындалады, ол кішкентай(10х15см), орташа (10x70 см) және үлкен (50х70см) болып келеді. Салфетка шеттері сөгіліп кетпеу үшін ішке қайырылады, 10—20 данадан бумаға бүктеледі, дәкенің жіңішке жолағымен байланады.

4)Үшкіл орамал (косынка) — 100x100x135 см өлшемді қорганыш түсті материалдан үшбүрыш формасындағы мата, оның ұзын жағын — негіз, ал негізге қарсы жатқан бұрыш — басы, ал қалған екі бұрышы — ұштары деп аталады. Ол дайын күйінде шығарылады және өте аз орын (5x3x3 см) алады, дала жағдайында жұмыс істегенде ынғайлы.

5) Таңу пакеттері (жеке жөне кәдімгі). ЖТП ені — 7 см, ұзындығы — 5 м бинтке бекітілген 10x12 см өлшемді 2 тақта-дәке жастықшадан тұрады. Таңғыш қағаз қабықка, оның сырты су өткізбейтін резина немесе полиэтилен қабыққа оралған. Қағаз қабыққа жеке оралған қауіпсіз түйреуіш салынады. Бинт пен жастықшаларды стерильді қолдану: 1) қиып бойынша резина қабықты жыртып, қағазға оралған пакетті алу керек; 2) қағаз қабықты ашып, бинттің орамасын оң қолмен ұстап тұрып, сол қолмен жастықшаларды жазу керек (бинтке бекітілген және түсті жіппен белгіленген жаққа қол тигізу керек); 3) жастықшаны таза жағымен жараға қойып, таңғышты бинтпен бекіту керек. Тесіп өткен жара кезінде жастықшаларды кірер және шығар тесіктер аумағына қою керек. Бір жараға кемінде екі жастықшаны қатар немесе бірінің үстіне бірін кояды.

6)Лигнин — ағаш көмірін өңдеуден алынған өнім, ылғал тартқыш, көп қабатты таңғыштарда қолданылады, 60х80см және 1,5x2 м өлшемді бет түрінде болады.

7) Эластикалық материалдан жасалған "Рэтэласт" атты түтікті бинттер қажетті ендікке дейін созылады, дененің қажет бөлігіне (егер жара болса, стерилъді материал үстінен) киіледі. "Рэтэласт" бинті резина және мақта жіптерінен торкөзді түтік түрінде жасалады. Торкөз әр түрлі өлшемді болып келеді. №1 — ересектердің саусақтары, балалардын қолы, басы мен табаны үшін, ересектердің білезік, иық алды, табан, иык, шынтақ және балтыр табан буындары үшін; №3—4 — ересектердің білегінің алды, иық балтыры және тізе буыны үшін, балалардың саны, басы үшін; №4—5 — ересектердің басы мен саны үшін, балалардың кеудесі, іші, жамбасы және шап арасы үшін; №7 — ересектердің кеудесі, іші, жамбасы, бұт арасы үшін). Бинттерді автоклавта және қайнау тәсілімен стерильдеуге болады.

8)Түтікті трикотаж бинттер — рулон түрінде, әр түрлі өлшемде болады, жараға салынған тану материалы үстінен киіледі, алдын ала клеолмен немесе кәдімгі бинттің 1—2 айналымы арқылы бекітіледі. Оны табанға, басқа қоюга болады.

9) Бөз немесе полотнодан пішінді таңғыштар (Лукьянов және Маштафаров тәсілі бойынша). Балтыр мен табанға қойылады, бахил типті таңғыштар (тігісі бойынша сөгілген "етік" матасынан тігілген баулары бар), мұндай "етіктер" сол аумақта жарасы бар аурулар саны көп болғанда тиімді.

10) Дәке домалақтар (шариктер) — 6x7 см (кішкентай), 8x9 см (орташа) және 11x12 см (үлкен) өлшемді дәке беліктері.

11) Тығындар — әр түрлі ен мен ұзындықтағы дәке (3— 4 қабатты) бөліктері; ені 1 см-ден 5 см-ге дейінгі орташа және үлкен салфеткалар, 300—500 см ұзындықтағы енсіз дәке жолақтары қолданылады. Енсіз (1—2 см) тығындар білте деп аталады.

12) Мақта — таңу үшін тек стерильді ылғал тартқыш мақта (ақ, тазаланған мақтадан алынған) қолданылады. Сүр, ылғал тартпайтын мақта, негізінен, жақтауыш астына жастықша ретінде салуға, буылтықтармен матросиктер тігуге, кейде компресс жасауға пайдаланылады.

13) Асептикалық таңғыштар — екі макта дәке жастықшадан және бинттен тұрады; үлкен (23x33 см) өлшемді жастықша және кіші (14x16 см) өлшемді жастықша деп белінеді; олар екі қабатты балауыз қағаз қабыққа оралған. Қағазды кесіп өтетін жіпті тарту арқылы пакет ашылады.

14) Қан тоқтататын дәке — антисептик, азот және пропан тотығымен өңделген, 13x13 см өлшемді салфетка түрінде пергаменттік орамаға екі данадан салынып шығарылады.

15)Жабысқақ пластырь — дөңгелек картонға оралған (ені — 6 см, ұзындығы — 10 м) немесе кішкентай жолақ болып қиылған (ені — 1 см, ұзындығы — 10 см) және целлофан пакетке салынған мата жолағынан тұрады. Матаға желімдегіш қоспа жағылған (20 б.желатин, 40 б. глицерин, 10 б. цинк тотығы, 30 б. су). Пластырь жараларды жабуға бинтсіз таңғыштарды бекітуге, сынық кезінде үнемі тартып тұру үшін қолданылады.

Ол жақсы кептірілген теріге ғана жабысады. Пластырьдың кемшілігі: теріні тітіркендіреді, дененің түкті бөлігінде тұрмайды (жабыспайды), суланғанда жолақ қалады.

Осылайша дайын таңу құралдарына: таңу пакеттері, дәке бинттері, асептикалық таңғыштар, стерильді дәке салфеткалар, қан тоқтататын дәке, қиықша таңғыштар, пішінді (нұсқалы) таңғыш, эластикалық торкөзді түтікті бинттер ("Рэтэласт"), жабысқақ пластырь жатады.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы - оқытушысы: _________М.Сериков

Бекітемін:

Мектеп директоры:

__________М.Оспанов

«___» ________ 2015ж.

27 IІI-тарау. Өмір қауіпсіздігінің негіздері.



Сабақтың тақырыбы: Бас, кеуде, құрсақ, дененің жамбас бөлігі және аяқ- қолдарды таңу ережесі және әдістері.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алғашқы медициналық көмек беруді, таңғыш салу әдістерін үйрету.

  2. Уақыты: 45 мин.

  3. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АҚ журналдары.

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



б) Негізгі бөлім – 22 мин.

Бас, кеуде, құрсақ, дененің жамбас бөлігі және аяқ- қолдарды таңу ережесі және әдістері.



в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Жгут салу үшін қандай материалдар қолданылады?

2. Жгут салған кезде қандай қателер жіберуге болмайды?

3. Венадан, капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдерін айтыңдар.



4. Таңғыштың қаңдай түрлері көп пайдаланылады?

5. Таңғыш қоюдың ережелерін көрсетіңдер.

6. Бинтті таңғыштардың негізгі типтерін атаңдар.

7. Бекіткіш таңғыш туралы айтыңдар.

8. Қысып тұратын таңғышты қандай жағдайда қояды?

9. Таңу материалы ретінде қандай материалдар қолданылады?



1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет