Бекітілген астана қ. бойынша Салық департаменті



жүктеу 83.68 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі83.68 Kb.
: uploads -> files -> files daulet
files -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
files -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
files -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов
files daulet -> Астана қаласы бойынша Салық департаменті бастығының 2011 жылғы № бұйрығымен бекiтiлген

Астана қаласы бойынша


Салық департаменті

бастығының

___” _______ 2011 ж.

______ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН




Астана қ. бойынша Салық департаменті


Салық заңнамасын түсіндіру мен салықтық шағымдар басқармасының

ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Салықтық шағымдар мен салық заңнамасын түсіндіру басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте Астана қ. бойынша Салық департаментінің бастығы бекітеді.

4. Басқарма:

1) салық заңнамасын түсіндіру мен салықтық шағымдар бөлімінен;

2) салық заңнамасын түсіндіру бойынша мультимедиялық байланыс бөлімінен (Call-centre) тұрады.


2. Басқарманың негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
5. Салық заңнамасын түсіндіру мен салықтық шағымдар бөлімінің мақсаты:

- салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету;

- салық төлеушілерді салық салу сұрақтары туралы ақпараттандыруды жаппай жақсарту;

- салық төлеушілердің салық заңнамасын түсіндіруге қатысты сұрау хаттары мен олардың салықтық тексеріс нәтижелері бойынша хабарламаға түсірген шағымдарын сапалы әрі уақтылы қарау;

- департаменттің Қазақстан Республикасының қазыналық саясатын қалыптастыру бойынша жұмысына қатысу және осы саясатты басқармаға бекітілген міндеттер шегінде іске асыру;

- өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, оның тиімді жақтарын зерделеу.

Салық заңнамасын түсіндіру мен салықтық шағымдар бөлімінің функциялары:

- салық төлеушілердің ақпараттандырылуын, салықтық сауаттылығын арттыру, осының нәтижесі ретінде олардың салық заңнамасын өз еркімен сақтауы мақсатында салық заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- өз өкілеттігі шегінде әрі ҚР заңнамасымен белгіленген мерзімде Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша салық төлеушілердің жазбаша және ауызша өтініштерін қарау;

- бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін салық заңнамасы нормаларын түсіндіру бойынша материалдарды дайындау;

- ҚР салық заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша салық департаментінің басқа басқармаларымен бірігіп дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу;

- салық заңнамасын түсіндіру бойынша салық департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес түрлі семинарларға қатысу;

- ҚР салық заңнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

- ҚР салық заңнамасы негізін түсіндіру және насихаттау мәселелері бойынша телеарна және баспасөз ұйымдарымен тұрақты байланыс орнату;

- материалдарды салық департаментінің сайтында орналастыру арқылы салық төлеушілердің салықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу;

- департаменттің өзге басқармаларымен және аудандық салық басқармаларымен бірлесіп қолданыстағы салық заңнамасын жетілдіру мәселесі бойынша ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау және талдау;

- өз құзіреті шегінде салық заңнамасын, салықтық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

- салық төлеушілердің өтініштерін талдау негізінде және басқа да негіздер бойынша аудандық салық басқармаларына шолу хаттарын дайындау;

- түсіндіру сипатындағы ақпаратты департаменттің өзге құрылымдары мен аудандық басқармаларға бағыттау;

- бекітілген тізімдерге сәйкес департамент басшылығы мен жоғары тұрған ұйымға есептер мен ақпараттарды дер кезінде ұсыну;

- салық төлеушілердің салықтық тексеріс нәтижелері бойынша хабарламаға түсірген шағымдары мен өтініштерін қарау;

- салықтық саясат пен салықтық әкімшілендіру әдістемесін әзірлеуге қатысу;

- бекітілген міндеттер шегінде уәкілетті органға департамент қызметінің бағыттары жөнінде ақпараттар ұсыну;

- бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдармен, департаменттің өзге басқармаларымен, аудандық салық басқармаларымен өзара іс-қимыл жүргізу;

- салық төлеушілердің арыздары мен шағымдарын қарастыру нәтижесі бойынша талдау жасау және аудандық салық басқармаларына шолу хаттарын дайындау;

- қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру үшін, қажет жағдайда ҚР Салық Кодексінің ережелерін және басқа да ҚР заң актілерін түсіндіру мақсатында басқа басқармалардың мамандарын шақырып, техникалық оқытулар өткізу.



6. Салық заңнамасын түсіндіру бойынша мультимедиялық байланыс бөлімінің (Call-centre) мақсаты:

- салық төлеушілерге мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде қысқаша стандартты ақпарат беру бойынша Call-орталықтың қызмет көрсетуі;

- бөлімнің бекітілген міндеттері шегінде департамент қызметіне қатысу;

- салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, оның тиімді жақтарын зерделеу;

- салық заңнамасын білу деңгейін үнемі арттырып отыру.

Салық заңнамасын түсіндіру бойынша мультимедиялық байланыс бөлімінің (Call-centre) функциялары:

- салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуін, толық және уақтылы төленуін түсіндіру;

- міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды уақытында ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу тәртібін түсіндіру;

- бекітілген міндеттер шегінде белгіленген салық есептілігі нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;

- фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын пайдалану тәртібін түсіндіру;

- бекітілген міндеттер шегінде басқарма жұмысының бағыттары бойынша уәкілетті органға ақпараттар ұсыну;

- басқарма құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас жасау;

- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңнамалары мен салық салу бойынша нормативтік актілердің өзгерістері туралы салық төлеушілерді уақтылы хабарландыру;

- салық заңнамасы мен ҚР басқа заң актілерінің ережелерін неғұрлым айқын түсіндіру мақсатында, керек болған жағдайда өзге басқарманың мамандарын шақырып, қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру үшін техникалық оқытулар өткізу;

- салық заңнамасын түсіндіру бойынша қызмет көрсетудің сапасын көтеруге қатысты Астана қ. бойынша Салық департаментінің басқа басқармаларымен қарым-қатынас жасау.

7. Құқықтар мен міндеттер:

- Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық салық басқармаларынан өз функциялары мен мақсаттарын орындауға қажетті ақпаратты сұрату;

- өз құзіреті шегінде салық заңнамасы нормаларын қолдану мәселелері бойынша және салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнінде түсініктеме беру;

- Басқарманың жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша аудандық салық басқармаларының жетекшілік жасайтын бөлімдерінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар беру;

- аудандық салық басқармаларының қызметкерлерінен, басқа облыстардың салық органдарынан, мемлекеттік органдардан Басқармаға жүктелген мақсаттар мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар, анықтамалар, есептемелер, тұжырымдамалар және басқа да материалдар сұрату;

- өз құзіреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнінде түсініктеме беру;

- Салық кодексімен белгіленген тәртіпте салықтық бақылауды жүзеге асыру;

- шағым берген салық төлеушіден шағымды қарастыру үшін қажетті материалдарды сұрату;

- толық және объективті түрде шешу үшін ұжымдық пікірді қажет ететін шағым бойынша сұрақтарды Апелляциялық Кеңеске шығару;

- шағымды қарау бойынша комиссияның отырысына аудандық салық басқармасы қызметкерлері мен шағым берген салық төлеушіні шақыру;

- Басқарма құзіретіне жататын мәселелер бойынша семинарлар, отырыстар өткізу, оған департаменттің басқа басқармаларының, аумақтық салық басқармалары қызметкерлерін тарту;

- салық төлеушілердің қолдаухаттары мен шағымдарын қарау нәтижесі бойынша:

а) салық органы қызметкерінің кінәсі анықталған жағдайда, басшылыққа тексеруді тікелей жүргізген тұлғаны жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

ә) түскен шағымды талдау және шешім шығару;

б) шағымды қараудың нәтижесі бойынша аудандық салық басқармаларына бұдан әрі бұндай бұзушылықты болдырмау және талқылау үшін шолу хаттар жіберу;

- Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына шағым қарау нәтижесі бойынша шығарылған шешімді жіберу;

- өз құзіреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы туралы түсініктеме беру;

- салық төлеушілердің құқықтарын сақтау;

- мемлекет мүддесін қорғау;

- Салық Кодексінің қағидаларына сәйкес салықтық құпияны сақтау;

- Басқармаға жүктелген барлық мақсаттар мен функцияларды орындау;

- лауазымдық нұсқаулық талаптарын және еңбек тәртібін сақтау;

- өз құзіреті шегінде қалалық салық департаментінің құрылымдық бөлімдері мен аудандық салық басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

- функциялар мен басқармаға жүктелген мақсаттарға қатысты іс-шараларға қатысу;

- салық департаменті басшылығы мен ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің тапсырмаларын дер кезінде орындау;

- өз құзіреті шегінде аудандық салық басқармаларының департамент басшылығы мен жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауына бақылау жасау.


3. Басқарманың жұмысын ұйымдастыру
8. Басқарма Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілері, актілері, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын орындауға қажетті уәкілетілікке ие.

9. Басқарманы Астана қаласы бойынша салық департаментінің бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басқарма бастығы басқарады.

10. Басқарма бастығы жалпы Басқарма қызметін басқарады әрі Басқармаға жүктелген барлық мақсаттар мен функциялардың орындалуы үшін жеке жауапты болады.

11. Басқарма бастығы Департамент басшылығына Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс жасайды.

12. Бұл мақсатта Бастық:

1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілдіктерін анықтайды;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес басқа да уәкілеттіктерді жүзеге асырады;

13. Бөлім бастығы:

1) өз құзіреті шегінде құрылымдық бөлімше қызметін реттейді;

2) Басқарма бастығы болмаған кезде жалпы Басқарма қызметін басқарады әрі Басқармаға жүктелген барлық мақсаттар мен функциялардың орындалуы үшін жеке жауапты болады;

3) Астана қ. бойынша СД басшылығы жүктеген басқа да функцияларды атқарады.

14. Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығының қолы қойылады, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылады.




Басқарма бастығы м.а.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет