Бекниязова Ферузаның «Абай лирикасы және оны оқыту»



жүктеу 0.57 Mb.
бет3/4
Дата03.04.2016
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4
: uploads -> books -> 26622
books -> Национального Университета Узбекистана имени Мирзо Улугбека методика преподавания истории в школе учебно методическое пособие
books -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети
26622 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
26622 -> Тошкент 2011 Лекции №1. Тема Предмет «История Узбекистана. Значение и основные методологические основы»
26622 -> Абдухамид зайриев
26622 -> «Из истории и культуры государства Эфталитов»
26622 -> Маърузалар матнлари
26622 -> Фармакология ва клиник фармация
26622 -> Значение и роль аускультации в сестринском диагнозе. История аускультации. Правила проведения аускультации и поставленные условия медсестре
26622 -> Комилов орифжон худойбердиевич

ІІ ТАРАУ

АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

1 АБАЙДЫҢ «КҮЗ» ӨЛЕҢІН ӘҢГІМЕ-СҰХБАТ ТҮРІНДЕ ОҚЫТУ
Абай Құнанбаев шығармаларын оқыту бастауыш сыныптардан басталып, орта буында, жоғары сыныптарда түгел қамтылады. Абай шығармаларын төменгі сыныптарда немесе орта буынның 5, 6 – сыныптарында оқытқанда, оқушылардың ассоциациялық ойлауы мен қиялын дамытатын әдіс-тәсілдер пайдалану орынды деп есептейміз.

Мысалы, Абайдың табиғат лирикасынан «Күз» өлеңін оқытқанда мына тектес сұрақтар беруге болады.

1. Күз сөзі көз алдымызға қандай көріністерді елестетеді?

2. Күз сендерге қандай сезім-күй туғызады?

3. Күз қандай түсті елестетеді?

Сұрақ, тапсырмаларға берілген жауаптарды жинақтап, оқушылардың дәптерлеріне немесе тақтаға еркін жазу, яғни оқушы жауаптары бойынша жүйесіз жазып шығу керек. Жинақталған «ым» – түсініктерден оқушы өз ассоциациясындағыларын бөлек теріп жинақтайды, оларды топтастырып шығуға болады.

Мәселен: Олар: «Алғашқы қоңырау үні», «оқушылар мектепке бара жатыр», «құстар жылы жаққа ұшады», «құстардың сайрағаны естілмейді», «жапырақтар сарғаяды», «жапырақтар жерде шашылып жатады», «ызғарлы», «суық», «жаңбыр жауады», «адамдар жылы киім киеді», «жер батпақ болады», «жер қара түске енеді», «қар да көріне бастайды». Осы ұғымдар бойынша оқушылар жыл мезгілінің тұтас көрінісін елестете алу мүмкіншілігіне ие болады.

Ал күздің түсі қандай деген сұраққа оқушылардың көбі дерлік «сары түс» деген жауап қайырады. Оқушы қиялын ұштау үшін әр түстегі қағаз қиындыларын немесе жапырақтарды жая отырып, «күз бояуын келтір» деген тапсырмамен түстерді іріктетіп алдыру немесе түстер қиындысынан құрақ жасату, сондай-ақ күздің әр көрінісіндегі суреттерді көрсету, сурет салдыру т.б. тапсырмалар берген орынды. Сол арқылы ағаштың, жердің, далалы алқаптың түстері күздің басы, ортасы, аяғында әр реңге ауысып отыратынын, күз мезгілінің түстерге аса бай екендігін білдіруге болады.

«Қыс» мезгілін оқытар алдында берілген сұрақтарға «қар», «қырау», «аяз», «үскірік», «шаңғы теуіп жүрген балалар», «сырғанақ», «аяз ата», «шыршаны жағалай айналған балалар», «жаңа жыл», «қатып жатқан сулар, өзендер», «қар үстіндегі адам іздері» алуға болады. Қысты оқушылардың барлығы бірдей ақ түсті табиғи деп таниды.

Көктем белгілеріне қатысты қойылған сұрақтарға «қар ериді», «жаңбыр», «үйлердің шатырына қатқан мұздардың еріп, тамшылап тұрғаны», «8 – наурыз», «құстар жылы жақтан оралғаны» «ағаштар гүлдейді», «жан-жануар ояна бастағаны», «дән егіп жатқан диқаншы» сияқты жауаптар қайырады. Оқушылар көктемді әр түрлі түспен елестетеді. Бір оқушы жасыл түсті, біреуі қызыл қызғалдақ түсін елестетеді. Мұндай жұмыс түрлерін ұйымдастырудағы басты мақсат оқылатын шығарманы дұрыс, өз дәрежесінде қабылдауға жағдай туғызу, оқушы қиялын ұштау болып табылады.

«Күз» өлеңінде Абай бұлттың түсін неліктен басқаша қолданбай, (қара бұлт, ақ бұлт, ақша бұлт, т.б) «сұр бұлт тіркесімен берген? немесе «дымқыл тұманның ерекшелігі қандай?» деген сұрақтар табиғат ерекшеліктерін тереңдей ұғуға әрі жете түсінуге жетектейді.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрыңғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай, – деген жолдарға назар аударта оқыту оқушы ойын, ассоциациялық қиялын күз көріністерімен толықтырады, жаңа ұғым, түсініктерге, сезімге ойыстырады. Өлеңнің келесі жолдары сол ұғымдардың бояуын қанықтырып, өлеңнің әлеуметтік мәнін түсініп қабылдауға жол ашады. Оқушы санасында Абай бейнелеген күздің тұтас суреті орнығады.

Ал жыл мезгіліне қатысты оқушылар қандай түсті елестететінін сұрау да белгілі бір дәрежеде оқушы санасына әсер етеді. Төменгі сыныптарда, орта буынның бастапқы сыныптарында оқушылардың абстрактылы ойлауынан нақты көзбен көру арқылы қабылдауы жақсырақ болатындығы себепті жыл мезгілін өздігінен бейнелеу, сипаттап айту мүмкіндігі арта түседі.

Қыс өлеңін оқытқанда да осы әдіс-тәсілдің берері көп. Абай «Қыс» өлеңінде жылдың бұл мезгілін, ондағы табиғат көрінісін жаңаша үлгіде сипаттайды. Ақын қысы динамикалық жанды образға, еселеп сұрап есті алатын «кәрі құда», беймаза шал бейнесіне енеді. Қытымыр мазасыздығымен шаруа адамының берекесін алып, қусырып әкететін қыс қаһары Абай шығармасында мейлінше нанымды суреттеледі.

Абай өлеңіндегі «ақ киімді», «ақ сақалды», «ақ қырау», «ақ орда» тіркестеріндегі ақ эпитетінің қолданысында да қыс суретін айшықтап көрсету мақсаты көзделген. Оқушының елестетуінде қыс келбетінің ақ түсі осы көріністерге сәйкеседі. Сондай ақ келтірілген тәсіл өлеңдегі «үскірік», «аяз», «қар», «беті-қолы домбығып үсік шалды», «борандай бұрқ-сарқ етіп», «басқан жері сықырлап» деген сөздермен тіркестердің қыс табиғатына тән көріністер екендігін оқушыға еркін сезіндіруге жағдай жасайды.

Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты. Себебі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Ал сабақтың мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық, шығармашылық еңбегі, сондай-ақ сабақта оқыту мен тәрбиенің міндеттері, мақсаттары жүзеге асырылады, оқушылардың ой - өрісі кеңіп, қабілеті шыңдала түседі, өмірге деген көзқарасы қалыптасады.

Осы айтылғандардан біз үлгі ретінде 5 сыныпқа түзілген сабақтық жоспарын келтіріп өтеміз.



Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев және оның «Күз» өлеңі.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың оқу дағдысын (дұрыс, шапшаң, мәнерлеп оқу) қалыптастырып, Абай Құнанбаев туралы білгендерін кеңейте түсіп, бекіту.

ә) Оқушыны дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, онда интеграциялық негізге сүйену және тіл байлығына үлес қосуға жол ашу, ассоциациялық қиялын дамыту.

б) Табиғат пен адам, жалпы тіршіліктің тұастығын түсіндіре отырып, жеріне, еліне, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1.Кіріспе әңгіме-сұрақ, жауап түрінде жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда оқылған Абай өлеңдерін еске түсіреді. Абайды оқушылар кім деп таниды, жалпы ақын туралы не білетіні тексеріледі.

2. Мұғалім – Абай ақын екенін, оның жылдың төрт мезгіліне өлең жазғанын біледі екенсіңдер. Бастауыш сыныпта жылдың төрт мезгіліне жеке-дара көп материал беріледі, яғни онда шағын әңгімелер мен өлеңдер болатын, соларда не туралы айтушы еді? Мұны кім есіне түсірер екен? (Мұндай жұмыс міндетті түрде жүруі керек. Дәл осындай жұмыс тұсында өткен сыныпта оқығандардың бүгінгі өтіп отырған материалмен қалай байланысты екені және пәнаралық байланыстың интеграциялық түрін іске асыру мүмкіндігі туады)

Келесі кезекте бүгінгі өтілетін Абай өлеңінің де жыл мезгіліне, соның ішінде күзге арналғанын айта отырып, мына сұрақтар қойылады:

1) Күз мезгілі көз алдымызға қандай көріністерді елестетеді?

2) Күз сендерге қандай көңіл-күй туғызады?

3) Қиялдарыңдағы күз көрінісі қандай, күздің түсі қандай?

Берілген сұрақтарға оқушыларды түгел қатыстыра отырып, әңгіме- сұхбат жүргізеді. Әңгіме негізінде анықталған күз белгілері тақтаға ретсіз жазылады. Жауаптарды жинақтай, саралай отырып, дәптерлеріне мына үлгілерді топтастырады.

«Алғашқы қоңырау үні», «оқушылар мектепке бара жатыр», «құстар жылы жаққа ұшады», «құстардың сайрағаны естілмейді», «жапырақтар сарғаяды», «жапырақтар жерде шашылып жатады», «жаңбыр жауады», «қар да көріне бастайды» т.б. Ал күздің түсі қандай деген сұраққа оқушылар барлығы дерлік «Сары түс» деп жауап қайырады.

– Неліктен күзді сары түспен елестетесіңдер? Егінді алқаптарда, орманды, ағашты жерлерде сары екені рас. Ал, таулы, қыратты жерлерде, мал жайылымдарында ше?

– Маусымның барлық мезгілінде күздің түсі бірдей ме?

Осы сұрақ барысында күздің түсі мезгіліне (басы, ортасы, аяғы) және жеріне (орманды, ағашты, алқапты, қыратты) байланысты әр тектес болып келетіні анықталған соң, осы кезеңдердің түстерін ажыратуға арналған тапсырмалар беріледі. Оқушы қиялын ұштау үшін әр түрлі түстегі қағаз қиындыларын немесе жапырақтарды жая отырып, күздің мерзімдік бояуларын келтіру мақсатында түстерді іріктетіп алдырту сияқты тапсырмалар беріледі.

Күздің басы, ортасы, соңындағы табиғат бояуының әр тектес екенін аңғарту арқылы оқушы ассоциациялық ойын кеңейту мүмкіндігі молая түседі. Келесі кезекте Абайдың «Күз» өлеңіндегі түстердің көрінісінен сипатталып отырғаны күздің қай мезгілі екенін жеңіл ұғынады.

Мәселен, оқушыларға мынадай сұрақтар беруімізге болады:

– Күздің осы үш айында түгелдей күннің жылуы бірдей болама? Барлығында ауа – райының қандай өзгерістері болады?

– Жоқ. Қыркүйекте күн жылы болады, қазан мен қарашада күн суытады. Жаңбыр жиі болады.

Оқушылар өз шамаларынша өзгешеліктерді айтып шығады.

Бұл тұста оқушыны дамыту мақсатында сабақта әр түрлі байланыс көзі пайдаланылады. Біріншіден, бала білімінің жүйелі болуы, оның беріктігін қамтамасыз етерлік күз туралы төменгі сыныпта оқығандарымен байланыстырылады. Екіншіден, интеграциялық байланыс іске асырылады.

Абай өмір сүрген кезең (1904 жылы қайтыс болған) XIX ғасырдың екінші жартысы. Ол кезде қазақ даласы, қазақ ауылы бүгінгі біз өмір сүрген дәуірден мүлде өзгеше болған. Қандай ақын, жазушы болса да, өзі өмір сүрген дәуірдің, сол заманның көңіл-күйін, көрінісін, одан алған өз әсерін жазады.

Абай шығармаларынан да сол байқалады (осы мазмұнға лайықталған мәліметтерден соң мұғалім баланың оқу дағдысын қалыптастыру деген мақсатына сәйкес жұмыс жүргізеді) Одан әрі мұғалім өзі оқиды. Оқу үстінде:

1) Мағына жағынан өлеңде ерекше мәнге ие болып тұрған сөздерге логикалық екпін түсіріп, сол сөз ие болып тұрған мәнді дауысымен аңғарту көзделеді;

2) Сөз аралығында болатын паузаларды дұрыс жасау қажет. Бұл паузалар, екінші сөзбен айтқанда «кідіріс» жасау бірде ұзақ, тіпті ұзағырақ, бірде сәл ғана болуы мүмкін. Яғни сол кідірістер кейде грамматикалық, кейде логикалық, кейде психологиялық болады. Осы талаппен оқып шығып, сәл кідіріс жасауға (өлеңдегі жабырқаңқы көңіл – күйде туған психологиялық кідіріс) тура келеді. Содан соң оқушыларға мынадай сұрақтар беруге болады:

– Мен өлеңді оқып шыққанда сендерде қандай көңіл-күй пайда болды? деген сұрақ береді. Маған бір ғана сұрақпен жауап бересіңдер, сол сөз өлеңнің өз ішінде тұр. Тек қана, өлеңді іштей оқып, табыңдар да өлеңнің өз сөзімен айтыңдар.

Оқушы: таптым, ол сөз «көңілсіз» – деген сөз.

Мұғалім: дұрыс, неге көңілсіз?

Оқушы: қара суық қырда жүрсең.

Мұғалім: дұрыс, тағы көңілсіздік неден туып тұр?

Оқушы: Сұр бұлт түсі суық,аспанда тұман.

Мұғалім: Тағы көңілсіздік туғызатын өлең жолын іздеп көріңдер.

Оқушы: «Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, жапырағынан айрылған ағаш, қурай».

Мұғалім: тағы көңілсіздік туғызып тұрған өлең жолын кім табар екен?

Оқушы: «Салбыраңқы тартыпты жыртық киім».

Мұғалім: Абай бір ғана ауыл көңілсіздігін сөз етіп тұрған жоқ екен, оны өлеңнің қай жолынан көреміз, кім табады?

Оқушы: Қай ауылды көрсең де жабырқаңқы, күлкі, ойын жоқ.

Мұғалім: Абай ол заманға неліктен ренжиді? Ренжуі неден туып тұр деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Оларда киім жыртық, қара суықтан тоңады. Ауыл адамдарының ішетін тамақтары жоқ. Үйінде от жақпаған, суық, оларға Абайдың жаны ашиды.

Мұғалім: Сендердің ойларыңша қалай?

Оқушылар: Ия, ол дұрыс емес, аянышты.

Мұғалім: Енді Абайдың күзгі елдің көңіл – күйін білдіруге қолданған синоним сөздерін табыңдар.

Оқушылар: салбыраңқы, жабырқаңқы.

Мұғалім: Мұндай көңіл-күй неге байланысты болып тұр. Адам көңіл -күйін білдіретін тағы қандай сөз тіркестерін білесіңдер, соны дәптердің бір бетін екі бөліп, баған түрінде сыздырамыз. Жоғарғы бас жағында «жағымды көңіл-күй», екінші жағына «жағымсыз көңіл-күй» деп жаздырамыз. Бұл – үй тапсырмасы. Бұл айтылғаннан басқа тапсырма – үйде өлеңді мәнерлеп оқуға әзірленіп келу. Мәнерлеп оқу үшін әр сөздің мағынасын біліп, сол мазмұнда қалаған дауыс ырғағы қандай дегенді білу қажет.

Үйге берілген тапсырманың орындалуы мына төмендегідей түрде болуы тиіс. Оған қоса осы берілген әрбір сөздің бет, бейне, түр-түс, қимыл қалпындағы көрінісін баланың өзі жасап көрсетуі талап етіледі. Мұның дұрыс жасалғаны анық сөздің мағынасын көрсете алды ма? – дегенді бағалаушы, түзетуші оқушылардың өздері. Бұл сергітеді және осындай тапсырмаларды орындауға балалар өздері ерікті түрде қызыға қатынасады.
Адам көңіл-күйінің қалпына салыстырма – талдау.

Жағымды көңіл-күй

Жағымсыз көңіл-күй.

Жайраңдаған

Жарқылдаған

Жүзінде күлкі ойнайды.

Көзі күліп тұр т.с.с



Салбыраңқы.

Жабырқаңқы

Қабағы түскен, иіні түсіп кеткен

Тұнжыраған.






  1. АБАЙДЫҢ «КҮЗ» ЖӘНЕ «ҚЫС» ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫТУДА ВЕЕН ДИАГРАММАСЫНАН ПАЙДАЛАНУ


Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Қыс» өлеңі.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушының дұрыс және мәнерлеп оқуын дағдыландыру және әдебиет теориясынан түсінік беру.

ә) Тіл дамыту, баланы кейбір іздену жұмысына жетектеу.

б) Адам табиғат бөлшегі екенін айтып, бұл екеуінің бір-біріне ықпалы мен етер әсері туралы түсінікке негіздей отырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, бала эмоциясын тәрбиелеу

Сабақтың барысында: а) Көңіл-күйін білдіретін сөздерді жазып келгендіктері тексеріледі. Әр оқушының ондай сөздерді оқығанда қандай дауыспен оқу керектігі талап етіледі және кейіп-кескінімен сөздің мазмұнын ашу талабы қоса қойылады.

ә) Өлеңді мәнерлеп оқу. Талапқа сай емес жері түзетіледі (ол үшін сабақта ойын элементі пайдаланылады. Мысалы: «Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең» – дегенді қалай түсінесің. «Құржаң қағып» пен «бүрсеңді» қимыл жасап көрсетші сияқты тапсырмалар беріледі. Осындай оқушыларға жағымды көңіл-күй тудыратын сергіту сәттерін ұйымдастыру да артық емес.

Осы тектес жаттығулар қажеттілігіне қарай жүргізіліп, бір-екі оқушыға «Күз» өлеңін мәнерлеп оқыту іске асырылады. Үйде көңіл-күйін көрсетуге арналған сөздерді балалардың қалай орындап келгені тексеріледі. Тексеру үстінде әр сөздің адам бет пішініндегі, қимылындағы көрінісі қандай екендігін олардың жасап көрсетуі арқылы қаншалықты дұрыс түсінгенін байқауға болады.

1) Жаңадан оқылатын Абайдың «Қыс» өлеңін мұғалім лайықты үнімен бір рет оқып шығады. Ол оқушылардың қыс суретін тұтас қабылдауы үшін керек. Мұғалім оқушылармен төмендегідей сұрақ-жауап жұмысын жүргізеді.

Мұғалім: Өлеңді оқығанда көз алдарыңа не елестейді ?

Оқушылар: Ашулы шал бейнесі.

Мұғалім: Қаһарлы қыс бейнесінің тағы қандай сипаттары көрінеді?

Оқушылар: ақ киімді, ақ сақалды, түсі суық сияқты жауаптар береді.

Мұғалім өлеңде малшылар туралы не айтылған, «Қар кеткенде қажымас қайран жылқы, Титығы құруына аз-ақ қалды» дегенді қалай түсінесіңдер, «Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр» дегенді кім түсіндіріп береді, жылдың қыс мезгілі сендерге қалай әсер етеді, қызықсыз ба? Егер қызықты болса, несімен қызық, Осы өлеңде ақынның көңіл-күйі байқала ма, ақын ренжіп тұр ма? – деген сияқты сұрақтар береді.

Мұғалім мәтінмен жұмыс жүргізу үстінде әдебиет теориясынан берілетін ұғымды қамти отырып, өлең мәтініндегі мазмұнға қызмет етіп тұрған сөздердің ішкі астарын ашады.

Мұғалім : Біз «Қыс» өлеңін оқығанда көз алдымызға қандай бейне елестеген еді?

Оқушылар: Ақ киімді, ақ сақалды шал бейнесі.

Мұғалім: Иә, «үсті басы ақ қырау» өзі ашулы, жалаңаш, бүтініңе, дайындығыңның бары-жоғына қарамай, тықсырып, «басқан жері сықырлап», келіп қалған қаһарлы шал бейнесінде, түрінде, кейпінде елестеген болатын, – дей отырып, осындай жаратылыстың жансыз нәрселерін, құбылыстарын жан бітіре, жандылардың әрекетіне лайықтап суреттеуді әдебиет теориясында, атынан көрініп тұрғандай кейіптеу деп атайтынын түсіндіреді.

«Қыс» ұғымында көз алдарына қандай түс елестейтінін, қыстың өзіне тән түсі мен ұғымдары нелер сияқты сұрақтар беріп, өлеңдегі «үскірік», «қырау», «аяз» «қар», «боран» сөздерінің қолданысына назар аудартады.

Оқушыларға Абайдың «Қыс» өлеңі мен «Күз» өлеңінің ұқсас жақтары мен өзіне тән айырмашылықтарын сұрап, салыстыруды, саралауды тапсыруға болады.

Сонымен қатар, өлең мәтініндегі сөздермен жұмысты тапсырмалар көмегімен де жүзеге асыруға болады. Сабақта жан-жақты, жаппай жұмыс ұйымдастыруда ауызша, жазбаша жұмысты қатар жүргізуге болады. Мұндай жұмыстар сабақта уақытты тиімді пайдалануға да көмек етеді. «Күз» және «Қыс» өлеңіне салыстырулар





Үйге тапсырма етіп, өлеңде Абай қолданған теңеу, салыстыру түріндегі сөзді тауып жазу және мәнерлеп оқуға әзірленіп келу тапсырылады.

Сабақты адам да табиғаттың, жаратылыстың бір бөлігі. Табиғаттың құбылыстары бір-біріне әсер етіп жатады. Жыл мезгілінің әр кезі адамға әр түрлі әсер етіп, оның өмір сүру жағдайына да байланысты болады. Айталық киімінде, істеген шаруасы мен тіршілігінде және өмір сүрген заманына да байланысты болады екен. Ақын, жазушының қай-қайсысы да өзі өмір сүрген заманының, ондағы адалдық пен жамандықты, халықтың мұңы мен зарын жырлайды. Абайдың көңіл-күйі, ренжісі де халық үшін болып тұр.

Абай өз ұлты үшін жаны қатты ауырған ақын. Сол үшін бұрынғы қазақ ауылының жағдайын, жүдеу тұрмысын жазып отырып, өзінің де көңіл-күйін, жаны күйзелісте болғанын байқатады, – деп сабақты аяқтауымызға болады.

Мазмұнды түрде ұйымдастырылған осы екі сабақтан соң үшінші сағатты қорытындылау түрінде ұйымдастырған тиімді. Алғашқы сабақтардан Абай өлеңдерінің мәні мен мазмұнын жақсы меңгеріп, талдау барысында әдебиет теориясынан берілетін біліммен, ақын қолданысындағы сөз мағыналарымен жақсы танысқаннан кейін үшінші сабақта көбіне оқушыны шығармашылыққа баулу көзделуі тиіс. Бұл сағатты сайыс сабаққа құрған орынды.

3 Сайыс сабақ түрі: «Күз» және «Қыс» өлеңдерін қорытындылау.

Сабақтың мақсаты: білімділікАбай өлеңдерін терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды меңгерту, этнографиялық таным көкжиегін кеңейту; дамытушылық – оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру; тәрбиелік – эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру, Абайдың ұлылығын, оның поэзиясын, әнінің тереңдігін сезіндіру, әдемілікті түйсінуге, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ (топтық жарыс)

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, шығармашылық жұмыс, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Абай суреті, слайдтар, тақырыптық қима қағаздар.

Жарыс сабақтың мақсаты – сендердің өнер-білімдеріңді жан-жақты байқау. Әр бағыттың арнайы сұрақ тапсырмалары бар. Сендердің жауаптарыңды сарапшылар бағалап отырады.

Мұғалім бұл сабақтың мақсат, міндеттерін, сайыс тәртібін түсіндіреді. Оқушылардан сарапшылар тағайындалады. Сайыстың бағыттары алдын ала жазылып ілінеді.

Бұнда оқушыларды «Күз» және «Қыс» деп аталатын екі топқа бөлуге болады. Топ жетекшілері шығып, өз тобымен, оның атымен және төс белгісімен таныстырады. Бірінші топтың аты – Күз. Күзде жапырақтар сарғайатындық -тан, төс белгіні сары жапырақ етіп алады. Екінші топ – Қыс. Қырауды төс белгі етіп алады.

1. «Түстер сайысы» Екі топ өкілі өз атауларына қарай мезгілдің табиғи түсін мадақтай отырып, қорғайды. Олардың адам өміріндегі, түсінігіндегі алатын орнын, мәнін, мағынасын айтып, сол түстердің ерекшелігін сипаттап беру тапсырылады.

2. «Кім тапқыр?» Ойынның шарты: Өлеңнен алынған сөз неге, кімге қатысты айтылғанын, байланысып тұрған сөзін тез арада тауып айту керек. Қай топ өкілі көбірек әрі шапшаңырақ орындаса, ұтысқа жетеді. Тапсырмалар алдын ала жазылып, конвертке салынады.



Бірінші тапсырма.

Ол кім? Ол не?

1. Шидем мен тон қабаттап киген…

2. Ақ сақалды…

3. Қар тепкенде қажымас…

4. Бет қарауға шыдамаған…

5. Ақ киімді…

6. Әуес көріп жүгірген…

7. Түсі суық…

8. Дем алысы үскірік…

9. Шайқалған…



Екінші тапсырма.

Ол кім? Ол не?

1.Жерді басқан…

2.Дымқыл…

3.Түсі суық…

4.Енесіне иірткен шуда жібін…

5.Ыстан қорыққан…

6.Күлмес, жүгірмес…

7.Қайыршы шал-кемпірдей түсі кеткен

8.Жапырағынан айрылған…

9.Малма сапсыған…



Оны оқығанда (Мысалы: Шидем мен тон қабаттап киген кім?) келесі топ өкілі кешіктірмей жауабын айту керек. Қай өлеңге қатысты жазылған тапсырма келсе де, қорғап шығу міндеттеледі.

3. «Өлең өрнегі» Екі топ өкіліне Абай өлеңдерінің жеке тармақтары ұсынылады. Берілген шумақтағы жасырылған сөздерді тез тауып, өлеңді толық жатқа айту тапсырылады.

Бірінші тапсырма.

1. …киімді, денелі… сақалды.

2. …, … , танымас тірі жанды.

3. Үсті басы … қырау, түсі …

4. … … сықырлап келіп қалды.



Екінші тапсырма.

1. Күз болып, … тұман жерді басқан.

2. … шөп, бәйшешек жоқ …

3. … шал-кемпірдей түсі кетіп,

4. Салбыраңқы тартыпты … … .



Бұл тапсырмалардың берілу мақсаты өлең өрнегіне, айшықты сөзге назар аударту. Негізгі нысан болып тұрған сөзді жаза отырып, оған қызмет етіп тұрған сөдерді жасыру арқылы олардың мәнін ашып, сипаттаушылық белгілерін асыра түсу көзделеді.

4. «Шебер суретші». Екі топ өкіліне Абай суреттеген қыстың, күздің суретін салу тапсырылады. Әр топ өз атауына байланысты мезгілдің суретін салуға талаптанады.

5. «Шебер суреткер» Абай суреттеген жыл мезгілдерін (әр топ өз атауына қарай) ауызша суреттеп, сөзбен кескіндеп айту тапсырылады. Мүмкіндіктеріне қарай күз бен қыс мезгіліне өлең шығаруға да болатыны айтылады.

Салынған суретке сипаттама жасату немесе өлең құрауды тапсыру, талпындырып отыру қажет.

6. «Білгір этнограф» Этнографияның нені зерттейтіні айтылып,бұл сөздің мағынасы түсіндіріледі. Абай өлеңдеріндегі қазақтың көне тұрмысына, шаруашылығына қатысты сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тапсырылады. Алдын ала дайындалған сұрақтарға келесі топтың «білгір деген этнографы» жауабын айтып, түсіндіріп тұруы керек. Бұған мынадай сұрақтарды дайындауға болады:

1. Шидем деген қандай киім? Қазақтың көне ұлттық киімдерін ата.

2. Бөрік деп нені атайды? Неден жасалады?

3. Құда деген кім? Қандай туыстық атауларды білесіңдер?

4. Алты қанат ақ орда деген не? Қазақ үйінің құрылысын атап айт.

5. Шуда жіп деген қандай болады? Оны қалай дайындайды?

6. Шом, шомшы дегенді қалай түсінесің?

7. Көшпелі қазақтардың күзгі, қысқы қоныстарын қалай атайды?

8. Малма сапсу дегенді қалай түсінесің?

7. «Теория сайысы» әдебиет теориясынан берілген ұғымдарға түсініктеме беру тапсырылады. Екі топ өкілінің қайсысы жазба түрде нақты мысалдармен шапшаң орындаса, жеңіске жететіні айтылады.

Осы көрсетілген үлгілер бойынша «жақтаушы» және «даттаушы» топтарды белгілей отырып, сондай-ақ түстердің адам баласына тигізетін пайдасы мен залалын, Абай шығармаларындағы ауыл өмірінің шынайы көрінісін тілге тиек ете отырып, сондай түстердің адам көрінісіне әсер ықпалын айтқыза отырып дебат сабақ ұйымдастыру мүмкіндігі мол.

8. Бейнелеу өнері. Оқушылар өздері салған қыс, күз көріністерін көрсетеді. Әркім өз жұмыстары бойынша әңгімелейді.

9. Ән-күйге байланысты тапсырма. Әр топтың әншілері өздері дайындаған Абайдың әндерінің біреуін шырқайды.

Бүгінгі сабағымыз Абайдың табиғат туралы жазылған өлеңдеріне арналды. Сендер де табиғатты қорғауға өз үлестеріңді қосуларың керек. Өйткені біздің бәріміз – табиғат перзенттеріміз.

Жарыстың қорытындысын шығарып, оқушыларды бағалау, мадақтау.



1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет