Бекниязова Ферузаның «Абай лирикасы және оны оқыту»



жүктеу 0.57 Mb.
бет4/4
Дата03.04.2016
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4
: uploads -> books -> 26622
books -> Национального Университета Узбекистана имени Мирзо Улугбека методика преподавания истории в школе учебно методическое пособие
books -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети
26622 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
26622 -> Тошкент 2011 Лекции №1. Тема Предмет «История Узбекистана. Значение и основные методологические основы»
26622 -> Абдухамид зайриев
26622 -> «Из истории и культуры государства Эфталитов»
26622 -> Маърузалар матнлари
26622 -> Фармакология ва клиник фармация
26622 -> Значение и роль аускультации в сестринском диагнозе. История аускультации. Правила проведения аускультации и поставленные условия медсестре
26622 -> Комилов орифжон худойбердиевич

7 – сыныпта талдау сабағына түзілген сабақтық жоспар.

Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры»

Сабақтың мақсаты: а) Оқушының Абай туралы түсінігін кеңейту, оқу дағдысын бекіте түсу, әдебиет теориясынан алған түсінігін бекіту.

ә) Оқушы ассоциациясын дамыту.

б)Табиғатты сүюге, оның адам табиғатымен тұтастықта екендігін білуге тәрбиелеу.

Талдау сұрақтары:

1. Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?

2.«Жазғытұры» жылдың қай маусымын білдіреді?

3. Бұл мезгілдің адам баласына әсері қандай?

4. Адамның жасына, кәсібіне қарай көктемдегі іс-әрекеті, көңіл-күйі қалай сипатталған?

5. Өлеңде көктемнің жер бетіне, жан-жануарларға, адамзатқа,

табиғатқа әкелген өзгешелік құбылыстары қалай суреттелген?

6. Абай күн шуағын, күн нұрының әсерін қалай суреттеген?

7. Өлеңде ақын көңіл-күйі аңғарыла ма?

8. Өлеңдегі ақын көңіл-күйінің «Күз»», «Қыс» өлеңдеріндегіден айырмашылығы қандай?

9. Өлеңдегі көктемнің әсері кімдерге, нелерге қатысты айтылып

тұрған сөздерді саралатып алған соң, ашық таблица бере отырып, тапсырмаға сәйкес сөздерді, сөз тіркестерін ұяларға топтастыру

тапсырылады.

Бұл сияқты тапсырмаларды бере отырып, «қай деңгейдегі ұялар тез толтырылады, сол топ алғырлығымен, еңбекқорлығымен, көрегендігімен, шапшаңдығымен ерекшеленеді» деген сияқты ынталандыру шараларын да орындап отырған орынды.

Бұндай тапсырманың мақсаты оқушылардың өздігімен жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландыру, сөздерді белгілі ұғым-түсініктермен саралап, сараптай білуге үйрету, мәтіндегі сөздерді белгілі бір мақсатқа қарай топтай білу дағдыларын жетілдіру.

Ауыл көктемі мен қала көктемі туралы айтқызып та көру қажет. Қандай тапсырма болмасын негізгі көзделетін мақсат – баланың дүниетанымын кеңейту, әдемілікті саралап тану, не нәрсенің өзіндік ерекшеліктерін ажырату. Ол үшін осы екі көктемде, қала мен дала халқының тіршілік, өмірінде, әрекетінде, көңіл-күйінде болатын өзгерістер туралы білгендерін айтқызудың тіл байлығын молайтары анық.

Оқушылардың өздігімен жұмыс істеуінде мынадай сұрақ- тапсырмалар берген орынды деп есептейміз.

I. Өздік тапсырмалар. (Абай «Жазғытұры» өлеңі)

1. «Қыс» өлеңіндегі адамның көңіл-күйін білдіріп тұрған жолдарды тауып, оны «Жазғытұры» өлеңімен салыстыр. «Жазғытұры» өлеңіндегі көңіл-күйдің керісінше болу себебі неден?

2. Өлеңнен адамның жасына, кәсібіне қарай көктемдегі іс-әрекетін, көңіл-күйін білдіріп тұрған сөздерді тауып жаз.

3. Көктемнің жер бетіне, жан-жануарларға, адамзатқа, табиғатқа әкелген өзгешелік құбылыстарын саралап айт.

4. «Жазғытұры» жылдың қай маусымын білдіреді, жазға қарай, жазға салым, жазға таман, сөздері синоним бола ала ма? Осы сөздерге сөйлем құрап жаз. т.б.

II. Абайдың «Қыс» өлеңі.

1. Ақын қыстың қаһарлы күшін қалай көрсеткен? Түсінігіңді өз сөзіңмен ашып жаз.

2. «Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды». Өлең жолындағы шидем, тон сөздерінің мағынасын түсіндір.

3. «Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды» деген жолдағы «кәрі құда тіркесінің мәнін түсіндір.

4. Абай сөзін қолданып айтуға дағдылану үшін «ажарланды», «әуес көріп», «домбығып», «үсік шалды», «бет қарауға шыдамау», «қажымас», «титығы құру» деген сөздерге, сөз тіркестеріне сөйлем құрап дәптерлеріне жазып келу.

Бүгінгі таңдағы психологиялық-педагогикалық ғылым жетістіктерінің бәрінде пәнаралық байланыстың ұрпақ тәрбиелеуде, оларға білім қалыптастырудағы ролі мен мәні өте жоғары бағалануда.

«Жеткіншек» деп аталған баланың 11-12 ден 16 жасқа дейінгі кезеңі оны неге болса да үйретудің ең қолайлы кезеңі деп өз зертеулеріне сүйеніп айтқан психологтардың сөзін балаға үйретумен оны тәрбиелеуде мұғалімнің негізге алуы керек. Осы айтылғанды айқындай, дәлірек анықтай айтқанда, мәтіннің мазмұнын қалтқысыз білдіруді көздемей, көбірек өз бетімен жұмыс жасату, өзін ойландыруға күш салған дұрыс. Осы орайда оқушыға өз тұсынан ойланып ізденетін, миына салмақ түсіріп, қиналатын, бірақ шамасы жетіп, өз тұсынан шеше алатындай алдына міндет қойып үйрету – ең тиімді жол.

Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» деген өлеңдерін оқыту мұғалімнен көп дайындықты талап етеді. Бұл екі өлең де оқушы түсінігіне ауырлық әкеледі және өлең сөздері оларға жақсы таныс емес. Оған қоса қандай болмасын түсініксіз сөзді, құбылысты түсіндіру үшін баланың азды-көпті көрген тәжірибесіне сүйену қажет. Ондай тәжірибе мектеп баласында жоқтың қасы екендігі мәлім.

Аңшылық кәсібі үлкендердің өздерін түгелдей қызықтыратын іс емес, сұлу атты салыстырып, сұрыптап қарап сұлулығын анықтап тану олардың да қолдарынан келе бермейді. Осы айтылғандар салдарынан мәтінмен жұмыс жүргізудің дидактикалық талаптарын орындау қиындық тудырады. Сол себепті өлеңдерді оқыр алдында оқушылармен шығарма мазмұнына қатысты әңгіме-сұхбат құрған өте орынды.Осы орайда сабақ алдында мәтінге қатысты мынадай сұрақтар беру керек.

Кіріспе сұрақтар:

1. Аңшылықтың қандай түрлері болады?

2. Ел ішінде аңшылыққа қандай құстар үйретілетін болған?

3. Аң аулау процесін көргендерің бар ма?

4. «Қансонарда» дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Аңшы құстардың жабдықтарын қалай атайды?

Осы сұрақтар барысында мұғалім оқушылардың білім-білігін тексере отырып, жеткіліксіз жерінде өзі мәлімет беріп отырады. Мүмкін болған жағдайда осы туралы видео фильм көрсеткен де орынды.

Талдау сұрақтар:

1. Абай өлеңде аңшы адамға қажетті нелерді атап көрсетеді?

2. Өлеңде бүркіттің, түлкінің, аңшының іс-әрекеті қалай суреттелген?

3. Абай неліктен осы көріністерді «Жеке батыр майданына» теңейді?

4. Аңшылық адамға қандай көңіл-күй, әсер береді, оны ақын қалай көрсеткен?

5. «Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,

Аң болады кеңесің құс салғанда…» деген тармақтарды қалай түсінесіңдер?

Осы тектес сұрақтар мен тапсырмалар бере отырып, оқушыларға Абай шығармаларынан кең ұғымды қалыптастыру мүмкіндігі мол.

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін оқыр алдында да осы тектес сұрақ-тапсырмалар, дайындық жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі қажет. Аттың көшпелі ел тірлігіндегі алатын орны туралы, тұрмыстық қажеттілігі мен сұлулық символы ретіндегі оған деген сүйіспеншілік, олардың ауыз әдебиетінде, ән, өлең жырлардағы, көркем шығармалардағы көрінісі туралы айтқан абзал. Аттың дене мүшесі туралы алдын ала мәлімет беру міндетті.

Лирикалық шығарманы сабақта тым ұсақтап талдап, көркемдік құнын төмендетпей, оқушыға тұтас ұғыммен қабылдату өте маңызды. Сондықтан лирикалық шығарманың көркем образын, оның көркем табиғатымен оқушыны бірте-бірте таныстыру керек. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, мұғалім мәтінді талдап түсіндіруде ойын элементін кіргізу – өте тиімді. Осылайша, ұлы ақынның өлмес туындылары жас ұрпақтың кеудесіне ұялай берері даусыз.




ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ әдебиетінің бәйтерегі Абайдың шығармашылығы бала бақшасындағы тәлім алып жатқан бүлдіршіндерден бастап, жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің де таным мен тәрбие алатын, эстетикалық талғамын өсіріп, көркемдікке жақындататын, әдебиетті түсінуге жол көрсететін жарқын жұлдыз болып табылады. Ақынның шығармаларының мәні мен маңызы, көркемдік әлемімізді байытатын жемісі жыл өткен сайын айқындала түсуде. Мұны біз күнделікті тұрмысымыздан, Абайға, оның асыл мұрасына болған халықтың ықыласынан көріп те, танып та келеміз.

Әлбетте, асыл жауһардай көркем мұралар бар да, оларды халқымыздың әсіресе, жастарымыздың рухани қажетіне жаратуда, пайдалануда қолданылатын әдіс-тәсілдер бар, яғни оларды жас ұрпақ жүрегіне ұялатудың, оған деген шексіз сүйіспеншілігін дамытудың әдістемелік құралы болады.

Біз өзіміздің мамандық жұмысымызда ұлы ақынның лирикалық туындыларын 5-8 сыныптарда оқытудың мәні мен маңызына және оқыту барысында қолданылатын әдістемелік мәселелерге тоқталып өттік. Әдістеме, яғни бұрынғыша айтқанда оқыту методикасы ғайыптан пайда болмайды, ол озат мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогика ғылымының жетістіктерін басшылыққа ала отырып қалыптасады және өркендейді. Осы тұрғыдан қарағанда Абай лирикасы мектептерде оқытыла бастағанына жүз жылға шамалас уақыт өтсе де, әр заман, дәуір, ұлттық идеологияны басшылыққа ала отырып, оның жаңаша әдістемесін жасап шығады.

Абай шығармаларын оқытуда кешегі кеңестік дәуірде қолданылған методикалық әдіс-тәсілдердің бірқатары қазір тиімсіз болып отыр. Ақын лирикасы кеңестік идеологияны басшылыққа ала отырып үйретілді, оларды танытуда бір ғана мәселе, таптық тұрғыдан түсіндіру, жастардың белсенділігінен гөрі дайын материалдың мазмұны мен идеясын мұғалімнің нұсқауы яғни көрсетуі бойынша қабылдату – қазіргі білімге беріліп отырған талаптарға жауап бере алмайды.

Қазіргі талап – оқушы тек үйренуші ғана емес- талдаушы, аналитикалық пікірлеуші, бағалаушы және оқыған, түсінгенін тұрмыста жүзеге асырушы да болуы шарт. Олай болса, қазіргі методикада оқушыны ізденуге, ситуацияларды өзі тудырып, оны дұрыс шешуге, әрбір тақырыпқа сын көзбен қарап, өзінше баға беруге баулу, дағдыландыру қажеттігі айқын байқалуда.

Методикадағы жаңа педагогикалық технологияны Абай шығармаларын өтуде қалайша, қандай жолдармен қолдануға болатындығына біз жұмысымызда тиісті дәрежеде көңіл аудардық деп есептейміз.

Абай – сан алуан тақырыпқа қалам тартқан ақын. Ол поэзияның адам өмірінде, қоғамдық тұрмыста алатын орнын әдебиетімізде бірінші рет нақты дәлелдеп берді. Қазақ әдебиетінде тұңғыш рет сыншыл реализмді енгізу бақытына ие болды. Жазба әдебиетіміздің негізін қалады. Осындай ұлылықтарын алдымен мектеп оқушыларына мұғалім құры әңгімелеп қана түсіндіруге әрекет етпей, оның лирикасы, өлеңдерін талдау, анализ жасау арқылы таныту – қазіргі оқудың ең басты мақсаты болып табылады.

5-8-сыныптарда Абайдың бағдарламаға енген өлеңдерін танытумен бірге ақынның оқулықта жоқ, бірақ үйренуге титісті шығармаларын да оқушыларға таныстырып, оларды сыныптан тыс оқуды, талдап түсінетін дәрежеге ерісуді қамтамасыз ету – әрбір оқытушының негізгі міндеті болып есептеледі. Дегенмен, біз көбінесе Абайдың бағдарламада көрсетілген, оқулықтарға енген өлеңдерін оқытудың әдістемелік жағына көбірек тоқталдық.

Абай қазақ әдебиетіндегі жаңа құбылыс болғаны белгілі. Оның шығармаларында сол кездегі қазақ тұрмысы, елдің экономикасы мен мәдениеті, салты мен дәстүрі, қазақ адамдарының психологиясы т.б. айқын суреткерлікпен берілген. Осы қырларын түсіндіру мұғалімнен үлкен ізденісті талап етеді.

Абайдың 5-8 сыныптарда көбірек оқытылатын өлеңдері – табиғат лирикасы болып келеді. Біріншіден, Абайға дейін қазақ әдебиетінде нағыз пейзаждық лирика болған жоқ, табиғат суреті дәл Абай өлеңдеріндегідей идеялық-көркемдік тұрғыдан шебер суреттелетін шығарманы біз кездестіре алмаймыз. Сондықтан да Абайдың табиғат лирикасын оқушыларға дұрыс таныту, әдеби жанрдың – пейзаждық лирика деген түрін таныту болып табылады.

Әсіресе, ақын – бұл тақырыптағы өлеңдерінде табиғатты жалаң суреттеуші емес, оны халық тұрмысымен, өмірімен байланыста, бірлікте алып қараушы. Оның табиғат туралы өлеңдерінен ауыл суреті, жастар мен жасамыстар, мал мен мал бағушы шаруалар, аң мен құстар т.т. тіршілігі жан-жақты толық көрініс тапқан.

Қазіргі методика ғылымы – күн сайын жаңарып, жетіліп келуде. Ғылымның өзге салалардағы жетіскендіктері – оларды мектеп оқушыларына танытуда да қажет. Соған орай, оқытудың ақпараттық технология түрлері де – инновация, интеграциялық, проблемалық т.с.с. мектеп тұрмысына жақын ене бастады. Бұл жетіскендіктер Абай лирикасын 5-8 сынып оқушыларына үйрету процесінде де пайдаланылады.

Дегенмен, көбінесе, Абай шығармаларын оқытуда Абайтану ғылымының жетіскендіктерін алдымен басшылыққа алып отыру шарт. Қазіргі Абайтанушылар: Д.Омаров, Ғ.Есім, М.Мырзахметов, Қ.Бұғыбаева т.б. ұлы ақынның мұрасын зерттеу жұмыстарында бірқатар табыстарға еріскен. Міне, осы зерттеушілер еңбектерін әрбір мұғалім толық білуі және оларды пайдаланып отыруы шарт деп есептейміз.

Қазіргі мектеп оқушылары ақпараттарға өте бай, олар күніне көптеген ақпараттарды қабылдау мүмкіншілігіне ие. Заман талабына сай оқытушы да абайтанудағы болып жатқан жаңалықтардан толық хабардар болып, отырмаса, қазіргі оқушылардың талап дәрежесінен шыға алмай қалуы ықтимал.

Біз мамандық жұмысымызда Абай лирикасын сатылап оқыту мәселесіне де көңіл бөліп отырдық. Мысалы, 5 сыныптағы «Қыс» өлеңін оқытудағы әдістеме, 8 сыныптағы «Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңін оқытуда оқушылар үшін толық жарайды деп есептеуге болмайды. Біріншіден, 5 сынып оқушысының жас ерекшелігі, түсінігі 8 сыныптағы баламен бірдей емес. Екіншіден, «Қыс» өлеңінде қыстың суреті – ақ сақалды шал, бұрқ-сарқ еткен боран т.б. берілсе, «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңінде қоғамдық-әлеуметтік тұрмыс, бай мен кедей арасындағы әлеуметтік қайшылық тереңдеп барады. Мұнда оқушыларды ойландыру, тексті байыптап оқып, оның әр жолында не мәселелер берілгендігін анық танып отыру талап етіледі.

Біз Абайдың лирикалық шығармаларын 5-8 сыныптарда оқып үйрену әдістемесі бойынша жазылған мамандық жұмысымызда мынадай тұжырымдарға келдік:



  1. Абайдың лирикалық шығармаларын оқытуда текспен жұмыс істеу, ондағы әрбір қатарды байыптап танып, байсалды түсініп отыру

  2. Қазіргі методикадағы жаңалықтардың ең тиімділерін ғана пайдалану

  3. Абай лирикасын оқытуда сөздік жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру

  4. Лирикалық шығармаларды оқытуда теориялық ұғымдарды қалыптастыру, мысалы, пейзаждық лирика, элегия (Әбіш туралы өлеңдер), сатира, дидактика (Ғылым таппай мақтанба)

  5. Абай шығармашылығын оқыту барысында Абайтанушылардың еңбектерінен (соңғы шыққандары) пайдалану, кітаптарды көрсету

  6. Абайдың табиғат лирикасын оқытуда – қазіргі ақындардың табиғат лирикасымен салыстыру

  7. Абай өлеңдеріндегі түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіріп отыру

  8. Көрнекіліктерден (таблица, схема, иллюстрация, плакаттар т.т.), техникалық құралдардан тиімді пайдаланып бару

  9. Абай өлеңдерін талдауда оқушыларды іздендіру мақсатымен бір біріне сұрақтар қойғызу

  10. Абай өлеңдерін түсініп және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастырып бару

  11. Абай туралы көркем шығармаларды (Абайдың жастық шағы) оқуға тапсырма беру

  12. Абай лирикасы бойынша пікір сайысын көбірек жүргізу, оқушыға өз пікірін айтуда еркіндік беру

  13. Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда Абай лирикасын жүйелі пайдаланып отыру.

Қорыта айтқанда, ұлы Абайдың лирикалық шығармаларын 5-8 сынып оқушыларына үйрету барысында ең қажетті сыналған әдістемелерді пайдаланып, оларды әрбір сабақта жаңалап, жетілдіріп отыру, әрбір тақырыпты өтуге творчестволықпен қатынас жасау бүгінгі күннің ең зәру мәселесі болып табылады. Себебі жастарымыздың дүние танымына, дүниеге көзқарасын қалыптасыруда, олардың заман дәрежесіндегі азамат болып өсуінде, биік интеллектуальдылыққа, «толық, кәміл инсан» болып жетілісуінде, олардың бойындағы эстетикалық талғамының ұштала түсуінде ұлы Абайдың шығармалары бірден бір рухани азық болып табылады.

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Каримов И. А Юксак маънавият енгилмас куч. Тошкент. 2008

2. Әділханов Т. Абай өлеңдерінің білімдік, тәрбиелік мәні. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1994

3. Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. Алматы. 1987

4. Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы. 1995

5. Бөкейханов Ә. Абай Құнанбаев. Абайды оқы, таңырқа. А. 1993

6. Есенжолова А. Абай шығармаларын оқытудың тиімді әдістемелері. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993 ж.

7. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы. 1969

8. Қабылов Ә. Өлеңмен ойын өрілсе. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993. №9

9. Қанафин А. Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңін оқыту. Қазақстан мектебі. 1977 №2

10. Қирабаев. С. Мектеп және қазақ әдебиеті. Алматы. 1979

11. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. Алматы. 1990

12. Мұқаева К. Абайдың лирикасын оқыту. Қазақстан мектебі. 1973. №11.

13. Нығметұлы А. Өнер сабақтастығындағы интеграциялық сабақ. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1995 №4.

14. Тухлиев Б. Адабиётни уқитиш методикаси. Тошкент. 2004

15. www Ziyo net

16. http: // www // uraini // ru

Мазмұны
Автордың аннотациясы……………………………………………………4-6

І Кіріспе ……………………………………………………………………7-11

І тарау

Абай шығармаларының тәрбиелік үлгісі



1 Абай шығармаларын оқытудың педагогикалық және психологиялық негіздері……………………………………………………………………….12-20

2 Өнер, білім, ғылым тақырыбындағы Абай өлеңдерін оқыту…………..21-28

ІІ тарау

Абайдың табиғат лирикасын оқыту

1 Абайдың «Күз» өлеңін әңгіме-сұхбат түрінде оқыту………………….29-36

2 Абайдың «Күз» және «Қыс» өлеңдерін оқытуда Веен диаграммасынан пайдалану……………………………………………………………………37-57


III. Қорытынды………………………………………………………………58-62
IV Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….63

11.И.А.Каримов. Баркамол авлод – Ўзбекистон тараққиетининг пойдевори. Т. 1997. 5 б.

22 Бохижон Тухлиев. Адабиет уқитиш методикаси. Тошкент. 2006. 9 б.




1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет