Белгіленген авиациялық электр байланысы желісінде жұмыс істеу технологиясы



жүктеу 1.06 Mb.
бет1/5
Дата01.05.2016
өлшемі1.06 Mb.
  1   2   3   4   5
: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


№ исх: 27-8/929-ВН от: 20.08.2013

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «____» ______

№ ___бұйрығымен бекітілген


Белгіленген авиациялық электр байланысы желісінде

жұмыс істеу технологиясы

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасының белгіленген авиациялық электр байланысы желісінде (бұдан әрі - AFTN) жұмыс істеу технологиясы (бұдан әрі - Технология) тәжірибе ұсынған халықаралық стандарттардың және «Авиациялық электр байланысы, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 10-қосымша, ІІ том» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларының негізінде әзірленген.

  2. Технология Қазақстан Республикасының AFTN желісінде (бұдан әрі - желі) байланысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

  3. Технологияда төмендегі анықтамалар қолданылады:

  1. желіге тарату уақыты – жеделхат AFTN станциясына келіп түскен сәттен бастап хабарламаны арнаға таратуды бастағанға дейінгі уақыт аралығы. Кесте бойынша жұмыс істейтін AFTN станциялары үшін желіге тарату уақыты байланыс сеансы басталғаннан есептеледі;

  2. желімен жүру уақыты – жеделхатты желі бойынша тарату үшін AFTN станциясына келіп түскен сәттен осы хабарлама адресатқа немесе абонентке келіп түскен сәтке дейінгі уақыт;

  3. берілген тізбек (маршрут), маршруттау – хабарламаларды қабылдаудан бастап жеткізуге дейінгі таңдап алынған өту жолы;

  4. орналасу индексі – белгіленген авиациялық станцияның орналасқан жерін белгілеу үшін ICAO қағидаларына сәйкес құрылған төрт әріптік кодтық топ;

  5. ұшу-пайдалану агенттігі - әуе кемелерін пайдалануды жүзеге асыратын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын тұлға, ұйым немесе кәсіпорын;

  6. шеткі станция (ШС) – кіріс және шығыс хабарламаларды өңдеуді қамтамасыз ететін АFTN станциясы;

  7. жіберуші – желіге тарату үшін тиісті өкілеттігі бар және жеделхатқа қол қойған лауазымдық тұлға;

  8. уәкілетті орган –халықаралық авиациялық электр байланысы қызметі өз жұмысын Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 10-қосымшасы ІІ томында жазылған ережелерге сәйкес жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін жауапты мемлекет тағайындайтын ұйым;

  9. жыртылмалы таспасы бар қайта тарату қондырғысы – хабарламалар телетайп таспасына қабылданатын және қайта таратылатын, ал хабарламаларды қайта тарату бойынша барлық операциялар оператордың араласу нәтижесі болып табылатын телетайп қондырғысы;

  10. межелі AFTN станциясы –жергілікті адресатқа жеткізуге арналған хабарламалар жіберілетін AFTN станциясы;

  11. AFTN жіберу станциясы - AFTN желісі бойынша таратуға арналған жеделхаттар келіп түсетін AFTN станциясы;

  12. жеделхат – жіберуші белгіленген нысан бойынша құрастырған және желіге тарату үшін авиациялық байланыс станциясына ұсынған құжат;

  13. хабарлама пішімі – желіде хабарлама алмасудың халықаралық шарттар мен рәсімдер негізінде қабылданған тәртібі;

  14. AFTN хабарламасын тарату орталығы (AFTN ХТО) – құрамына аппарат құралдары мен бағдарламалық жасақтама кіретін және негізінен хабарламаларды қайта таратуға арналған AFTN байланыс орталығы;

  15. AFTN байланысы орталығы – AFTN трафигін басқа онымен байланысты AFTN станцияларынан (немесе станциялары үшін) қайта тарату негізгі мақсаты болып табылатын AFTN станциясы.

    1. Белгіленген авиациялық электр байланысы желісінде төмендегі хабарламалар өңделеді:

  1. апат туралы;

  2. шұғыл;

  3. ұшу қауіпсіздігіне қатысты;

  4. метеорологиялық;

  5. ұшу тұрақтылығына қатысты;

  6. аэронавигациялық ақпарат қызметі (ААҚ);

  7. авиациялық әкімшілік;

  8. қызметтік.

    1. Барлық AFTN станциялары Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (бұдан әрі - UTC) қолданады. Түн жарымы, яғни 24.00 - тәуліктің соңы, ал 00.00 – тәуліктің басы болып табылады.

    2. «Күн-уақыт» тобы төрт цифрдан тұрады; алғашқы екі цифр айдың санын, ал соңғы төртеуі – сағат пен минуттарды (UTC) білдіреді.



2-тарау. AFTN желісін ұйымдастыру


    1. Желіні жоспарлау, дамыту, ұйымдастыру және басқаруды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе жүрісін басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үстіндегі құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жүзеге асырады.

    2. Желіні жедел басқаруды Кәсіпорынның Бас хабар тарату орталығы жүзеге асырады.

    3. Желі Хабар тарату орталықтары мен шеткі станциялар кәсіпорын филиалдары орналасқан жерге байланыстырылған тұрақты сипатқа ие.

    4. Желіге қосылатын жабдық Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар мен нормаларға сәйкес болуға тиіс.



3-тарау. Жеделхатты құрастыру

және AFTN станциясына тарату қағидалары
§1. Хабарлама түрлері


    1. Өңдеу (AFTN станциясы арқылы өту) сатысына қарай хабарламалар төмендегідей бөлінеді:

  1. шығыс – жіберушілерден қабылдап алынған және осы станциядан желіге таратылатын хабарламалар;

  2. транзиттік – осы станция арқылы өтетін және сонда өңделетін хабарламалар;

  3. кіріс – желіден осы станцияға келіп түскен және осы станция адресаттарына жеткізілуге тиіс хабарламалар.

    1. Жіберуші жасайтын адрестік тармаққа қарай хабарламалар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  1. бірадрестік – адрестік тармақ құрамындағы адресаттың бір индексі;

  2. көпадрестік – адрестік тармақ құрамындағы адресаттардың екі не одан көп индексі немесе алдын ала анықталған таратуға арналған адрес индексі.

13.Мәтініне және өңдеу тәсіліне қарай хабарламалар төмендегідей бөлінеді:

  1. нысандалған – қатаң белгіленген нысан бойынша құрастырылған мәтін;

  2. қарапайым (мағыналық).



§2. Хабарлама санаттары
14. FTN желісінде төмендегі санаттағы хабарламалар өңделеді:

1) апаттар туралы (шұғылдық индексі СС). Хабарламалардың бұл санатына тікелей қауіптің төніп тұруы туралы хабарлайтын жылжымалы станция хабарламалары, сондай-ақ, апатқа ұшыраған жылжымалы станцияға қажетті шұғыл көмекке қатысты басқа хабарламалар жатады;

2) шұғыл (шұғылдық индексі ДД). Хабарламалардың бұл санатына әуе кемесінің, немесе басқа көлік құралдарының, немесе борттағы не көзге көрінетін жердегі қандай болмасын тұлғаның қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар жатады;

3) ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар (шұғылдық индексі ФФ) төмендегілерді қамтиды:

а) ICAO PANS-ATM (Doc 4444) құжатында белгіленгендей, қозғалыс пен басқаруға қатысты хабарлама;

б) ұшып бара жатқан әуе кемесіне немесе ұшып шығуға дайындалып жатқан әуе кемесіне тікелей қатысы бар ұшу-пайдалану агенттігі құрастырған хабарламалар;

в) SIGMET ақпаратымен, борттан келіп түскен арнайы хабарламалармен, AIRMET хабарламаларымен, вулкан күлі мен тропикалық циклондар туралы ақпаратпен және нақтыланған болжамдармен шектелген метеорологиялық хабарламалар;

4) метеорологиялық (шұғылдық индексі ГГ), оның ішінде:

а) болжамдарға, мәселен, әуеайлақ, аудан, маршруттар бойынша болжамдарға қатысты хабарламалар;

б) бақылаулар мен хабарламаларға қатысты хабарламалар, мысалы, METAR, SPESI;

5) ұшу тұрақтылығына қатысты (шұғылдық индексі ГГ), оның ішінде:

а) салмақтық және орталықтандыру параметрлерін есептеу үшін қажетті әуе кемелерін жүктеу туралы хабарламалар;

б) әуе кемелерінің ұшу кестесіне қатысты хабарламалар;

в) әуе кемелеріне қызмет көрсетуге қатысты хабарламалар;

г) қалыпты кестеден ауытқу себебінен жолаушылар, экипаж және жүкпен байланысты ұжымдық қажеттілікке қатысты хабарламалар;

д) жоспарланбаған қонуға қатысты хабарламалар;

е) әуе кемелерінің тұрақты емес ұшуына аэронавигациялық және пайдалану қызметтерін көрсетуге қатысты ұшу алдындағы шаралармен байланысты хабарламалар. Мысалы, ұшып өтуге рұқсат сұрау;

ж) ұшу-пайдалану агенттіктері құрастырған, әуе кемесі ұшып келген немесе ұшып шыққан уақыты көрсетілетін хабарламалар;

з) әуе кемесінің ұшуына шұғыл қажет қосалқы бөлшектер мен материалдарға қатысты хабарламалар;

6) аэронавигациялық ақпарат қызметінің (ААҚ) хабарламалары (шұғылдық индексі ГГ), оның ішінде:

а) NOTAM-ға қатысты хабарламалар;

б) SNOWTAM-ға қатысты хабарламалар;



  1. авиациялық әкімшілік хабарламалар (шұғылдық индексі КК), оның ішінде:

а) қауіпсіздікті, әуе кемелерінің ұшу тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған құралдарды пайдалану немесе техникалық қызмет көрсетуге қатысты хабарламалар;

б) аэронавигациялық ақпарат қызметінің жұмысына қатысты хабарламалар;

в) азаматтық авиацияның өкілетті органдары алмасатын және аэронавигациялық қызмет көрсетуге қатысты хабарламалар;

г) шұғылдық дәрежесіне қарай авиапошта немесе басқа желілер арқылы жіберілмейтін хабарламалар;



  1. қызметтік хабарламалар (жағдаятқа қатысты қолданылатын шұғылдық индексімен). Хабарламалардың бұл санатына ақпаратты немесе AFTN станциясы дұрыс таратпады деп болжанған басқа хабарламаларға қатысты растауларды, арналардағы нөмірлер ретінің растауын және т.б. алу мақсатында AFTN станциялары құрастырған хабарламалар.

AFTN станциялары қызметтік хабарламаларды орыс тілінде де, латын тілінде де жасау мен тануды қамтамасыз етеді. Қызметтік хабарламалар регистрі шектес AFTN станцияларының келісуімен белгіленеді.

СС (SS) шұғылдық индексі бар хабарламалардың алғандығын растайтын хабарламалардан басқа қызметтік хабарламалар мәтіндегі бірінші топ сияқты қысқартылған СЖЦ (SVC) сөзімен белгіленеді.

Қызметтік жайда алынған хабарламаға сілтеме жасау таратуды немесе дереккөзді белгілейтін тиісті топтардың көмегімен жүргізіледі.

Хабарламаны кешіктіру немесе алмау себептерін белгілеуге қатысты, Технологияның 11-қосымшасы талаптарына сәйкес сұратылатын хабарламалар өңделген AFTN станцияларына жіберіледі.



§3. Таратудың кезектілігі


  1. AFTN станциялары хабарламалардың бұрмалаусыз және белгіленген мерзімде өтуін қамтамасыз етеді.

  2. Көлемі 160 белгіге дейінгі шығыс жеделхаттары үшін желіге таратудың төмендегі уақыт нормативтері белгіленген:

1) кезектен тыс СС (SS) шұғылдық индексімен, кідірмей;

2) ДД (DD), ФФ (FF) шұғылдық индекстерімен 5 минутқа дейін;

3) ГГ (GG) шұғылдық индекстерімен 10 минутқа дейін;

4) КК (KK) шұғылдық индексімен 30 минутқа дейін.

Көлемі 160 белгіге дейінгі жеделхаттарды тарату уақыты әрбір қосымша 100 белгіге 1 минутқа көбейеді

Көп адрестік жеделхаттарды тарату уақыты Технологияның 30-тармағына сәйкес белгіленеді.



  1. Транзиттік хабарламалар үшін AFTN станцияларында хабарламаларды таратудың (қайта таратудың) төмендегідей кезектілігі белгіленеді:

Тарату Шұғылдық

кезектілігі индексі

1 СС

2 ДД ФФ

3 ГГ КК


Бірдей шұғылдық индексі бар хабарламалар AFTN станциясына келіп түскен ретпен таратылады.

§4. Жеделхаттарды құрастыру және AFTN станциясына беру


  1. Технологияның 16-тармағында көрсетілген санатқа жататын хабарламалар ғана AFTN желісіне тарату үшін қабылданады.

  2. Хабарламаларды желіге таратудың тиімділігін анықтау және мәтіннің дұрыс жазылуы хабарламаны құрастырған жіберушіге жүктеледі. AFTN станциясының қызметкерлері желіге тарату үшін станцияға жеткізілген жеделхаттың мәтінін өзгертпейді және түзетпейді.

  3. AFTN желісіне таратуға арналған жеделхатты белгіленген нысанда жіберуші құрастыру қажет. Онда адрестік жолы, дереккөз, мәтін және қызметтік мәліметтер болады және олар төмендегі нысанға сәйкес келуі қажет:

00 ХХХХХХХХ

000000 YYYYYYYY

МӘТІН


______________________________________________________________

лауазымды тұлғаның лауазымы, аты-жөні және қолы

орынд. Аты-жөні

телефон № (міндетті емес)

күні (саны, айы, жылы)

ондағы, 00 ХХХХХХХХ – адрестік жол (00 –шұғылдық индексі, ХХХХХХХХ – адрес индексі). Адрестік жолды бірнеше адресаттың индексі болуы мүмкін;

000000 YYYYYYYY – дереккөз (000000 – жеделхатты беру уақыты, YYYYYYYY – жіберушінің индексі);

Мәтін – жеделхаттың мәтін бөлігі. Мәтін бөлігі қызметтік мәліметтерден тұтас көлденең сызықпен бөлінеді.



  1. Хабарлама төмендегідей құрастырылуға тиіс:

  1. егер адрестік жолдағы адресаттардың барлық индекстері У (U) әрпінен басталса, орыс немесе латын әліпбиінде;

  2. егер адрестік жолдағы адресаттардың біреуі болса да У (U) әрпінен басқа әріптен басталатын болса, латын әліпбиінде.

Жеделхатта латын әріптерімен орыс сөздерді жазу қажет болса, Технологияның 5-қосымшасында көрсетілген сәйкестік кестесі қолданылады.

  1. AFTN жіберу станциясы тарату үшін төмендегі жеделхаттарды қабылдайды:

1) осы мақсаттарда пайдалану үшін рұқсат етілген тізбек бойынша алынған;

2) станцияға жіберуші жіберген және Технологияның 22-тармағында көрсетілген нысанға сәйкес келетін, жазу парағының жартысынан кіші емес көлемдегі қағазға немесе арнайы дайындалған бланкіге сиямен немесе қара түсті пастамен қолдан жазылған, немесе басып жазылған және қол қою құқығы берілген лауазымды тұлғалар қол қойған.

AFTN станциясын басқаратын азаматтық авиация ұйымымен (филиалмен) келісу белгісі бар хабарламаларға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімінің түпнұсқасы жіберушіге қызмет көрсететін станцияда сақталады (Технологияның 9-қосымшасы).


  1. Қызметтік мәліметтердегі қолтаңба жеделхатта көрсетілген лауазымды тұлғаға сәйкес болуға тиіс.

  1. Лауазымды тұлға уақытша болмаған жағдайда оған рұқсат берілген шұғылдық санаты мен жіберушінің индексі бар жеделхатқа оның міндетін атқаратын тұлға қол қоя алады. Бұл жағдайда жеделхат бланкісінде жеделхатқа қол қоятын тұлғаның уақытша лауазымы көрсетіледі.

  2. Егер хабарлама бланкісінде, қызметтік мәліметте бірнеше лауазымды тұлға көрсетілетін болса, сол тұлғалардың барлығының қолы болуға тиіс. Бұл жағдайда жеделхат желіге таратылу үшін жіберушінің жеделхатта көрсетілген шұғылдық санаты мен индексі көрсетілген лауазымды тұлғалардың біреуі үшін жеделхатқа қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімімен рұқсат етілген болса ғана қабылданады.

  1. Жіберуші жеделхатқа түзетулер енгізе алады, толықтырулар жасайды, оны таратуды кешіктіре немесе тоқтата алады. Бұл іс-қимылдардың барлығы осы жеделхат бланкісіндегі жіберушінің қолымен расталуы керек. Егер жеделхат жіберілген болса, оны түзету, толықтыру немесе жою үшін жіберуші жеке жеделхат жіберуге тиіс.

  2. Шығыс жеделхаттардың түпнұсқалары мен AFTN шығыс станциясы таратқан барлық хабарламалардың толық көшірмелері 30 күннің ішінде AFTN жіберілген станцияда сақталады.

  3. Желіге тарату үшін хабарламалар AFTN станциясына бір данада ұсынылады. AFTN станцияларында өңдеуге қабылданып алынған жеделхаттардың көшірмелері қайтарып берілмейді.

  4. Жеделхаттардың құрамдас бөліктері.

  1. адрестік жол мына индекстерді қамтиды:

шұғылдық;

адрестер (адресаттар).

Шұғылдық индексі тиісті екі әріптік топтан тұрады және адрестердің бірінші жолында көрсетіледі. Жеделхаттың шұғылдық индексін мазмұнына қарай жеделхатқа қол қойған тұлға белгілейді.

Адресаттың индексі сегіз әріптен тұрады және, алдын ала белгіленген таратуға арналған адрестің индексін қоспағанда, мыналарды қамтиды:

межелі пункттің орналасқан жерін көрсететін төрт әріптік белгі;

хабарлама жолданатын ұйымды/атқарымдық бөлімшені (авиациялық өкілетті орган, қызмет немесе ұшу-пайдалану агенттігі) көрсететін екі немесе үш әріптік шартты белгі;

хабарлама жолданатын ұйымды/атқарымдық бөлімше шеңберіндегі бөлімді, бөлімшені немесе процесті белгілейтін қосымша әріп (тер). Ь (Х) немесе ЬЬ (ХХ) әріптері хабарламаны алушы адрес индексінің жеті немесе алты әрпімен белгіленген немесе нақты белгілеу қажет болмаған жағдайларда адресті аяқтау үшін қолданылады.

AFTN жолданатын станцияның бір жерде немесе әр жерде орналасуына қарамастан, адрестің әрбір индексі үшін адресаттың жеке индексі қолданылады.

Адресті қалыптастыру үшін қолданылатын индекстердің тізбесі төмендегілерде көрсетілген:

“Ұшу-пайдалану агенттіктерінің, авиациялық өкілетті органдардың, азаматтық авиация қызметтері, ұйымдары және лауазымды тұлғаларының орналасқан жерінің Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын көрсеткілерінің (индекстерінің), шартты белгілерінің көрсеткілері жинағында”;

басқа елдер индексінің жинақтарында;

Doc 7910 ICAO - “Орналасқан жерінің көрсеткілері (индекстері)”;

Doc 8585 ICAO - “Ұшу-пайдалану агенттіктерінің, авиациялық өкілетті органдар мен қызметтердің шартты белгілері”.

Егер хабарлама шартты үш әріптік белгі белгі берілген ұйымға жолдануға тиіс немесе ол мемлекеттер индекстерінің жинақтарында көрсетілмеген болса, межелі пункт индексінен кейін ICAO-ның үш әріптік шартты белгісі (YYY) (немесе, егер әскери қызмет/ұйым болса, ICAO ЫЬЫ (YXY) үш әріптік шартты белгісі) келеді. Ұйым-адресаттың атауы бұл жағдайда жеделхат мәтінінің бірінші элементіне енгізіледі. Ь (Х) толтыру әрпі ЫЫЫ (YYY) немесе ЫЬЫ (YXY) үш әріптік шартты белгіден кейін келетін сегізінші әріп болып табылады (Технологияның 12-қосымшасы).

Егер хабарлама ұшып бара жатқан әуе кемесіне жіберілуге тиіс болса, және сондықтан оған белгіленген тарату трактысының бір бөлігі авиациялық әуе байланысының арналары арқылы қайта таратылғанға дейін AFTN желісі арқылы өтетін болса, хабарламаны әуе кемесіне жіберуге тиіс авиациялық станцияның орналасқан жерінің индексінен кейін ICAO-ның үш әріптік ЗЗЗ (ZZZ) шартты белгісі келеді. Ь (Х) толтыру әрпі сегізінші әріп болып табылады. Бұл жағдайда әуе кемесінің тану индексі жеделхат мәтінінің бас жағына енгізіледі (Технологияның 12-қосымшасы).

Жеделхатты жетіден көп адресатқа жіберу қажет болған жағдайда Технологияның 30-тармағында айтылған ережелерді басшылыққа алу керек.



  1. Дереккөз мыналарды қамтиды:

жеделхатты беру уақыты;

жіберушінің индексі;

қосымша адрес (қажет болған жағдайда).

Жеделхатты беру уақыты 6 цифрдан тұратын «күн-уақыт» тобынан тұрады, алғашқы екі цифр айдың санын, ал соңғы төртеуі – сағат пен минуттарды (UTC) білдіреді. Уақыт 24 сағаттық есептеумен белгіленеді.

AFTN станциясының қызметкері бланкіде көрсетілген жеделхатты жіберу уақытының станциядағы нақты уақытпен сәйкестігін тексереді. Технологияның 18-тармағы талаптарын орындауға мүмкіндік бермейтін уақыт айырмашылығы орын алған жағдайда AFTN станциясының қызметкері жіберушіге жеделхатты жіберу уақытын өзгерту қажеттігі туралы хабарлайды.

Жеделхаттарды AFTN станциясына жеделхатты жіберу уақытын көрсетпей беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда жеделхатты жіберу уақытын AFTN станциясының қызметкері жазады және ол жеделхатты қабылдау уақытына сәйкес келетін болады.

Тікелей БОС ОРЫН позициясынан кейін тұрған жіберушінің индексі 8 әріптен тұрады және мыналарды қамтиды:

жеделхат құрастырылған пунктінің орналасқан жерінің төрт әріптік көрсеткісі;

жеделхатты құрастырған ұйымды/атқарымдық бөлімшені (авиациялық өкілетті орган, қызмет немесе ұшу-пайдалану агенттігін) көрсететін екі немесе үш әріптік шартты белгі;

жіберушінің ұйымы/атқарымдық бөлімшесі шеңберіндегі бөлім, бөлімше немесе процесті белгілейтін қосымша әріп (тер). Ь (Х) немесе ЬЬ (ХХ) әріптері жіберуші жеті немесе алты индекс әріптерімен белгіленген жағдайда жіберушінің индексін аяқтау үшін қолданылады.

Егер хабарламаны ICAO-ның үш әріптік шартты белгісі берілмеген ұйым жіберсе немесе ол мемлекет индекстерінің жинағында көрсетілмесе, межелі пункттің орналасқан жерінің индексінен кейін ICAO-ның ЫЫЫ (YYY) үш әріптік шартты белгісі (немесе, егер әскери қызмет/ұйым болса, ICAO ЫЬЫ (YXY) үш әріптік шартты белгісі) келеді. Жіберуші ұйымның атауы бұл жағдайда жеделхат мәтінінің бірінші элементіне енгізіледі. Ь (Х) толтыру әрпі ЫЫЫ (YYY) немесе ЫЬЫ (YXY) үш әріптік шартты белгіден кейін келетін сегізінші әріп болып табылады (Технологияның 12-қосымшасы).

Егер хабарлама ұшып бара жатқан әуе кемесінің бортында құрастырылса, жеткізілгенге дейін оның AFTN желісі арқылы өтетін белгіленген трактысы болса, жіберушінің индексіне хабарламаны AFTN желісіне таратуды қамтамасыз ететін AFTN станциясы орналасқан жерінің индексі кіреді, одан кейін ICAO-ның үш әріптік ЗЗЗ (ZZZ) шартты белгісі келтіріліп, Ь (Х) толтыру әрпі жазылады. Бұл жағдайда әуе кемесінің тану индексі хабарлама мәтінінің бас жағына енгізіледі (Технологияның 12-қосымшасы).

Дереккөз бен межелі станция арасындағы қосымша адрес туралы жеделхаттағы ақпаратпен алмасу қажет болған жағдайларда, оны міндетті емес деректер жолына (ODF) енгізген жөн. Бұл жағдайда жіберушінің индексінен кейін төмендегілер қосылып жазылады:

бос орын, бірлік және нүкте (1.) – қосымша адрес атқарымдары параметрлерінің кодын белгілеу үшін;

модификатордың үш белгісі (жіберушінің индексі жазылған әліпбиге сәйкес СЖЦ немесе SVC), одан кейін теңдік белгісі (=) мен ICAO-ның 8 белгіден тұратын белгіленген адресі;

дефис белгісі (-) – қосымша адрес параметрлері жолының соңын белгілеу үшін.

Қосымша адресті енгізу мысалы:

121312 LGGGZTZX 1.SVC=UAAAOEGX-

Осы хабарламаның шектес AFTN станциялары арқылы өтуін қамтамасыз ету мүмкіндігін алу үшін жіберуші жазылатын жолға қосымша адресті AFTN жіберу станциясымен келіскеннен кейін ғана енгізуге рұқсат етіледі.

Шұғылдық санаты СС (SS) апат туралы хабарламаларды тарату кезінде AFTN жіберу станциясы Технологияның 38-тармағы 5) тармақшасына сәйкес жіберуші индексінен кейін дереккөз жолына шұғылдық сигналын қосады.

3) жеделхаттың мәтіні қысқа, анық, қарапайым жалпыға түсінікті фразаларды, сондай-ақ қабылданған қысқартуларды қолданумен құрастырылады.

Жеделхаттың мәтінінде орыс немесе латын әліпбиін, цифрларды және төмендегі белгілерді қолдануға болады:

- (дефис)

? (сұрақ белгісі)

: (қос нүкте)

( (ашық дөңгелек жақша)

) (жабық дөңгелек жақша)

. (нүкте)

, (үтір)

' (апостроф)

= (теңдік белгісі)

/ (бөлетін қисық сызық)

+ (плюс белгісі)

Мәтінде ешқандай басқа белгі қолданылмайды. Мәтінді түсіну үшін басқа белгілерді қолдану қажет болған жағдайда олар әріптік түрде ашып жазылып көрсетіледі ( % - ПАЙЫЗ).

Жеделхаттың мәтінінде белгілердің үздіксіз реті болмауға тиіс:

ЗЦЗЦ


ZCZC

+:+:


НННН

NNNN


,,,,

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қажеттілік туындаған жағдайда жеделхат мәтінінің бас жағына ұйым атауы жазылады.

ICAO-ның ЫЬЫ (YXY), ЫЫЫ (YYY) немесе ЗЗЗ (ZZZ) үш әріптік шартты белгісі (белгілері) екі немесе одан көп ұйымға қатысты болатын хабарламаларда мәтіндегі кейінгі белгілердің реті хабарлама адресі мен дереккөзін көрсету үшін қолданылатын белгілердің ретіне толығымен сәйкес келеді. Бұл жағдайларда әрбір белгіленген адрес жаңа жолда көрсетіледі. Хабарламаны құрастырған ұйымның атауы (ЫЬЫ YXY, ЫЫЫ, YYY, ЗЗЗ, ZZZ) алдына ОТ (FROM) сөздері қосылады. Бұл белгілердің соңында мәтіннің басқа бөлігінің алдында СТОП (STOP) сөзі жазылады. Жеделхат мәтінінің қалған бөлігі жаңа жолдан басталады.

AFTN желісі арқылы жіберілетін хабарлама мәтіні 1500 баспа белгісінен аспауы керек.

Көлемі 1500 баспа белгісінен асатын жеделхат мәтінін AFTN желісі арқылы беру қажеттілігі туындаған жағдайда жіберуші осы тармақшада келтірілген ережелерге сәйкес, жеделхаттың мәтіні 1500 баспа белгісінен аспайтын бірнеше бөліктерін (бір дереккөзі бар) құрастыра алады.

Бөліктердің саны барынша аз болуы керек. Жеделхаттың әрбір бөлігінің адресі мен дереккөзі бірдей болуы және төмендегі нысан бойынша толтырылуы керек:

әрбір жеделхат мәтінінің соңғы жолында әр бөліктің реттік нөмірі көрсетілуге тиіс:

(бірінші хабарламаның соңы) //01 БӨЛІКТІҢ СОҢЫ (//END PART 01//)

(екінші хабарламаның соңы) //02 БӨЛІКТІҢ СОҢЫ// (//END PART 02//) ... және т.б.

(соңғы хабарламаның соңы) // ХХ/XX БӨЛІКТЕРДІҢ СОҢЫ// (//END PART XX/ХХ//),

ондағы XX – соңғы бөліктің, барлық бөліктердің нөмірі.

Жіберушіге AFTN жіберу станциясына мәтіні 1500 баспа белгісінен асатын бір жеделхатты жіберуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда AFTN станциясының қызметкері осы тармақшаның жоғарыда аталған талаптарына сәйкес жіберушімен келіспей, өз бетінше бір дереккөзі бар бірнеше хабарламаны құрастыр алады.

Құрастырылған әрбір бөлік AFTN жіберу станциясы үшін шығыс жеделхат болып табылады. Әрбір бөлікті жіберу уақыты Жеделхаттың 18 және 30-тармақтарына сәйкес белгіленеді.

Жеделхат бланкісінің мәтіндік бөлігін құрастырған кезде бір жолдағы белгілердің, оның ішінде сөздердің арасындағы бос орындар саны 69-дан аспау керектігін ескеру қажет.

Мәтінде екінші жолға арасын бөлмей тек тұтас топтармен (екі бос орын арасында) көшіруге ғана жол беріледі.

4) қызметтік мәліметтерге мыналар жатады:

жіберушінің қолымен расталған жіберушінің лауазымы мен фамилиясы;

жеделхат орындаушысының фамилиясы және, қажет болса, телефоны;

жеделхатқа қол қою күні (күні, айы. жылы);

қажет болса, түзетулердің растамасы және жіберушінің қолы.



  1. AFTN жіберу станциясына ұсынылған көп адрестік жеделхат желіге шектес AFTN станциясының хабарламаларын өңдеу алгоритміне сәйкес жіберіледі. AFTN жіберу станциясы жіберген дереккөзі бір хабарламалар саны шектес AFTN станциясы бір хабарламада өңдейтін адрестік көрсеткілер санымен анықталады (ең көбі жеті немесе жиырма бір). Бұл жағдайда:

1) AFTN станциясының қызметкері жіберушімен келіспей, дереккөзі бір хабарламалардың ең аз қажетті санын өз бетінше құрастырады. Хабарламаларды құрастырған кезде әрбір хабарламаның бір адрестік жолына (адрестік тобына) адрестердің индекстері желіні ұйымдастырудың қолданыстағы сұлбасына сәйкес енгізіледі;

2) AFTN жіберу станциясы үшін бұл хабарламалардың барлығы шығыс жеделхаттар болып табылады. Бірінші хабарламаны жіберу уақыты Технологияның 18-тармағына сәйкес белгіленеді, әрбір кейінгі шығыс жеделхатты жіберу уақыты алдыңғысына қарағанда бес минутқа ұзарады.



4-тарау. AFTN желесіндегі хабарламалардың пішімі
§1. Жалпы ережелер


  1. Хабарламаларда төмендегі белгілер қолданылуы мүмкін:

  1. № 2 халықаралық телеграфтық код үшін (ITA-2):

латын регистрінде:

A B C D Е F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

орыс регистрінде:

А Б В Г Д Е Ж З И Й К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ы Ь Я

цифрлық регистрде: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0 Э Ю Щ Ш Ч

қосымша белгілер: - (дефис)

? (сұрау белгісі)

: (қос нүкте)

( (ашық дөңгелек жақша)

) (жабық дөңгелек жақша)

. (нүкте)

, (үтір)


' (апостроф)

= (теңдік белгісі)

/ (бөлетін қисық сызық)

+ (плюс белгісі)

Технологияның 3-қосымшасына сәйкес төмендегі сигналдар:

№ 1 – 3 сигналдар - әріптік және цифрлық регистрлерде;

№ 4 сигнал - тек әріптік регистрде;

№ 5 – 32 сигналдар - әріптік және цифрлық регистрлерде.



  1. № 5 халықаралық коды үшін (IA-5):

0/1 – 0/3 белгілері; 07 – шұғылдық сигналында; 0/10; 0/11 – реттілік аяқталғаннан кейін; 0/13; 0/14 и 0/15 – орыс немесе латын шрифтін таңдау үшін.

2/0, 2/8 – 2/9, 2/11 – 2/15 белгілері.

3/0 – 3/10, 3/13, 3/15 белгілері.

7/15 белгісі.

латын шрифті (Технологияның 4-қосымшасының 7Н0 кестесіне сәйкес)

4/1 – 4/15 белгілері.

5/0 – 5/10 белгілері.

орыс шрифті (Технологияның 4-қосымшасының 7Н1 кестесіне сәйкес).

6/0 – 6/15 белгілері.

7/0 – 7/14 белгілері.



  1. Хабарламаларға төмендегілер енгізілмеуі керек:

  1. № 2 халықаралық телеграфтық код үшін (ITA-2):

тақырыптағы реттілікті ескермегенде, № 26, 3, 26, 3 сигналдарының көрсетілген тәртіптегі кез келген үздіксіз реті (әріптік және цифрлық регистрлер – ЗЦЗЦ +:+:);

соңындағы реттілікті ескермегенде, № 14 төрт сигналының кез келген үздіксіз реті (әріптік және цифрлық регистрлер – НННН ,,,,).



  1. № 5 халықаралық коды үшін (IA-5):

жеделхаттың тақырыбында қолданудан басқа 0/1 белгісі (SOH);

оны «дереккөз» жолында қолданудан басқа 0/2 белгісі (STX);

оны жеделхат соңында қолданудан басқа 0/3 белгісі (ETX);

5/10, 4/3, 5/10, 4/3 белгілерінің осы тәртіптегі кез келген үздіксіз реті (ZCZC), орыс нұсқасында 7/10, 6/3, 7/10, 6/3 (ЗЦЗЦ);

2/11, 3/10, 2/11, 3/10 белгілерінің осы тәртіптегі кез келген үздіксіз реті (+:+:);

төрт рет қайталанған 4/14 белгісінің (НННН) кез келген үздіксіз реті, орыс нұсқасында 6/14;

төрт рет қайталанған 2/12 белгісінің (,,,,) кез келген үздіксіз реті.


  1. Тексеру хабарламалары мен тексеретін арналық таратуларды қоспағанда, барлық хабарламалар №2 халықаралық телеграфтық кодқа арналған технологияның (ITA-2) 1-қосымшасында және №5 (IA-5) халықаралық телеграфтық кодқа арналған технологияның 2-қосымшасында келтірілген компоненттерді қамтиды.

  2. AFTN желісінің хабарламаларында қолданылатын қысқартулар мен нөмірленген сигналдар Технологияның 10-қосымшасында келтірілген.



§2. халықаралық телеграфтық код (ITA-2)


  1. №2 телеграфтық кодта берілген кейбір сигналдардың атқарымдарын көрсету үшін келесі символдар қолданылады (Технологияның 3-қосымшасына сәйкес):

Символ Мәні


< КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ (№ 27 сигнал)

≡ ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ (№ 28 сигнал)

 ӘРІПТІК РЕГИСТРГЕ АУЫСУ (№ 29 сигнал – латынь; № 32 сигнал - орыс).

 ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ (№ 30 сигнал)



  • БОС ОРЫН (№ 31 сигнал)

 БОС ОРЫН СИГНАЛЫ

<≡ ТЕҢЕСТІРУ АТҚАРЫМЫ

≡≡≡≡≡≡≡ ОРАМДЫ БІР БЕТКЕ ЖІБЕРУ (№ 28 жеті сигнал)

 ХАБАРЛАМАЛАРДЫ БӨЛУ СИГНАЛЫ (№ 29 он екі сигнал)


  1. Тақырып.

  1. Тақырыпқа мыналар кіреді:

хабарлама басының сигналы - ЗЦЗЦ (ZCZC) белгілері;

арна белгісін және арналық реттік нөмірді қамтитын тарату белгісі;

бір БОС ОРЫН позициясынан тұратын және құрамында ең көп дегенде он белгі бар деректерді қамтитын қосымша қызметтік ақпарат (қажет болса);

бос орын сигналы.



  1. Хабарлама басы сигналының алдында жіберуші жеделхат жазған әліпбиге (орыс, латын) сәйкес келетін тіркелім болуға тиіс.

        1. Тарату белгісі таратушы AFTN станциясы таңдап алған және берген үш әріптен тұрады. Әдетте, бірінші әріп таратушы тарапты, екінші – тізбектің қабылдаушы тарабын және үшінші – арнаны білдіреді. Бір арнада ол – А әрпі, егер арналар біреуден көп болса, келесі арналар – Б.В. ... болады. Таратуды белгілеуде орыс әліпбиінің Ч, Ш, Щ, Э, Ю әріптері, сондай-ақ ЗЦ (ZC), ЖЖ (VV) және НН (NN) тіркестері қолданылмауы керек. AFTN станцияларында байланыс арналарының бірдей белгілері қолданылмауы қажет.

  1. AFTN станциялары бір AFTN станциясынан екіншісіне тікелей берілген барлық хабарламаларға 001-ден 000-ге (000 осы серияның мыңына сәйкес келеді) дейінгі үш цифрдан тұратын арналық реттік нөмірлер береді. Әрбір арнаға бұл нөмірлердің жеке сериялары (001-ден 000-ге дейін) беріледі. Бірінші серия күнделікті сағат 00.00-де басталады.

  2. Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, олардың арасында төрт таңбалы арналық реттік нөмірлерді қолдануға рұқсат етіледі.

  3. Тарату белгілері тізбек бойынша мына ретпен жіберіледі:

БОС ОРЫН[];

AFTN тарату станциясына берілген әріп;

AFTN қабылдау станциясына берілген әріп;

арнаны белгілейтін әріп;

ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ [];

арналық реттік нөмір.



  1. Тарату белгісінен кейін бірден БОС ОРЫН СИГНАЛЫ беріледі.

  2. Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, олардың арасында тарату белгісінен кейін міндетті емес қызметтік ақпаратты енгізуге рұқсат етіледі (таратуды бастау уақыты, РПТ қайталау сәйкестіндіргіші және т.б.). Осындай қосымша қызметтік ақпараттың алдында БОС ОРЫН позициясы, одан кейін ең көбі он белгі келеді. Қосымша қызметтік ақпараттан кейін БОС ОРЫН СИГНАЛЫ келеді.

  1. Адрес.

1) Адрес мыналарды қамтиды:

теңестіру атқарымын [<≡];

шұғылдық индексін;

адрес (адресаттар) индексін;

теңестіру атқарымын (атқарымдарын) [<≡].


  1. Шұғылдық индексі сұрату кезінде хабарлама жіберуші немесе AFTN станциясы берген тиісті екі әріптік топтан тұрады (орыс тіркелімінде - СС, ДД, ФФ, ГГ, КК, латын тіркелімінде - SS, DD, FF, GG, KK).

        1. Адрестердің бірінші немесе екінші жолдарындағы адресаттың бірінші индексі болып келетін жағдайларды ескермегенде, шұғылдық индексінен кейін тікелей БОС ОРЫН позициясынан соң келетін адресат индексі Технологияның 29бабы 1) тармағында белгіленген сегіз әріптен тұрады.

4) Адресаттар индекстері БОС ОРЫНМЕН бөлінеді.

5) Толық адрес бір хабарламада орамдық (беттік) аппаратпен басып шығарылған ең көбі үш адрестік жолды алып тұруы керек (бір жолда 7 адрес индекстері).

6) AFTN қабылдау станциясы үш адрестік жолды өңдей алмаса, шектес AFTN станциясы немесе AFTN жіберу станциясында осындай хабарламалар оларды таратқанға дейін бір-бір адрестік жолды алатын екі не одан көп хабарламаға айналады.

7) Адрес индекстерінің әрбір жолынан кейін теңестіру атқарымы [<≡] келеді.



  1. Дереккөз.

  1. Дереккөз мыналарды қамтиды:

хабарды тарату уақыты;

жіберушінің индексі;

шұғылдық сигналы (егер қажет болса);

міндетті емес деректер жолы (егер қажет болса);

теңестіру атқарымы [<≡] .


  1. Хабарламаны жіберу уақытына желіге тарату үшін хабарламаны жіберген күн мен уақытты (UTC) көрсететін 6 цифрдан тұратын «күн-уақыт» тобы кіреді. Хабарды жіберу уақытынан кейін бір ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ позициясы келеді.

  2. Тікелей БОС ОРЫН позициясынан кейін келетін жіберушінің индексі Технологияның 36-тармағы 2-тармақшасымен айқындалатын сегіз әріпті қамтиды.

  3. Басқа желілерде құрастырылған AFTN арқылы жіберілетін хабарламалар үшін хабарламаларды қайта тарату кезінде қолдану немесе AFTN-ның сыртқы желімен желіаралық интерфейсі атқарымын жүзеге асыру үшін келісілген AFTN жіберушісінің қолданыстағы адресі пайдаланылады.

  4. Шұғылдық сигналы апат туралы сигналдарда ғана қолданылады (СС, SS шұғылдық индекстері). Қолданылған жағдайда ол көрсетілген ретпен орналастырылған төмендегі элементтерден тұрады:

ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ;

№10 сигналдың БЕС позициясы (цифрлық тіркелім);

ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ.

№2 Халықаралық телеграфтық коды №10 сигналының цифрлық тіркелімі орыс тіркелімді жабдықта Ю әрпіне және орыс тіркелімі жоқ жабдықта BEL сигналына сәйкес келеді.



  1. Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, белгілердің жалпы саны 69-дан аспаған жағдайда дереккөз жолына қосымша деректерді енгізуге рұқсат етіледі. Қосымша деректер жолының болуы бір БОС ОРЫН белгісімен белгіленеді және теңестіру атқарымымен аяқталады.

  2. Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, дереккөз жолына Технологияның 29-тармағы 2) тармақшасында белгіленген пішімге берілетін қосымша адресті енгізуге рұқсат етіледі.

  3. Дереккөз жолы теңестіру атқарымымен [<≡] аяқталады.

  1. Мәтін.

  1. Хабарлама мәтінінің басында Технологияның 29-тармағы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ұйымның атауы көрсетілуі мүмкін.

  2. Мәтіннің соңғы жолын қоспағанда, әрбір баспа жолының соңында теңестіру атқарымы беріледі. Бір жолдағы белгілердің, оның ішінде сөздердің арасындағы бос орындар саны 69-дан аспауы керек.

  3. Мәтіннің соңғы жолының аяғында мәтін соңының төмендегі белгісі беріледі:

бір ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ сигналы [], ТЕҢЕСТІРУ АТҚАРЫМЫ [<≡].

  1. Мәтіннің бір бөлігін растау қажет болғанда осындай растау соңғы мәтін бөлігінен теңестіру атқарымымен [<≡] бөлінеді және CFM (ЦФМ) (ағылшын тіліндегі confirmation-растау сөзінің қысқартылған нұсқасы), БОС ОРЫН, хабарламаның расталатын бөлігі белгіленеді.

  2. Телетайп тізбектері арқылы тарату кезінде мәтінде қате бар екендігі анықталса, түзетілетін бөлігі мәтіннің соңғы тобынан немесе, егер бар болса, растаудан теңестіру атқарымымен [<≡] бөлінеді. Одан кейін CFM (ЦФМ) (ағылшын тіліндегі confirmation-растау сөзінің қысқартылған нұсқасы), БОС ОРЫН, мәтіннің түзетілген бөлігі келеді.

  3. AFTN станциялары аталған барлық түзетулерді оны таратқанға дейін жасайды.

  1. Соңы.

  1. Хабарлама соңында мыналар жазылады:

ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ 7 позициясынан тұратын орамды жіберу реті [≡ ≡ ≡ ≡ ≡ ≡ ≡];

үздіксіз ретпен ТӨРТ рет қолданылатын Н (N) (№14 сигналдың әріптік тіркелімі) әрпінен тұратын хабарлама соңы сигналы. Бұл компонент хабарламаны алғашқы рет таратқан сәттен бастап өзгермейтін нысанда жіберіледі.

Сонымен қатар, хабарлама трафигін үзбелі таспасы бар қондырғыны қолданатын қайта тарату AFTN станцияларына таратқан жағдайда – ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ позициясынан тұратын (№29 сигнал), үздіксіз ретпен 12 рет берілетін хабарламаларды бөлу позициясы.


  1. Бір хабарлама соңының сигналы мен келесі хабарлама басының сигналы арасындағы трафикте ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ позициясынан басқа еш нәрсе болмауға тиіс.

  2. Осы хабарлама серияның бір бөлігі болғанда және қабылдайтын орамды (беттік) телетайпта жұмыс істейтін оператор қағазды қолымен салмаған жағдайда, алдыңғы хабарламада басылған "ННН(NNNN)" әріптерінен кейін, сол жерде, келесі қабылдап алынған хабарламаның тақырыбы тұрады.

  3. AFTN тарату станциясынан келіп түсетін хабарламалардың ұзақтығы 2100 белгіден аспауы керек. AFTN тарату станциясынан келіп түсетін хабарламаның ұзақтығы 2100 белгіден аспауы керек. Хабарламадағы белгілерді есептеген кезде барлық баспа белгілері мен хабарлама басы белгісінен (ZCZC немесе ЗЦЗЦ) хабарлама соңы белгісіне (NNNN немесе НННН) дейінгі барлық белгі, баспа белгісіне жатпайтыны да қоса есептеледі.

  1. Хабарламаны құрастыру кезінде қателерді түзету.

  1. Хабарламаның кез келген бөлігінде қате бар болған жағдайда аяқталмаған хабарлама <≡ЩТАЩТА<≡ (<≡QТАQТА<≡) ретін жіберу арқылы жойылады, одан кейін толық аяқталу белгісі жазылады (40-тармақты қараңыз).

  2. Хабарламаның мәтіндік бөлігінде қате табылса, сол қатеден кейін ЕЕЕ тобын енгізу арқылы түзету жасалады, одан кейін түзетілген сөз (немесе топ) қайта басып жазылады, бұдан соң хабарды тарату жалғасады.

  3. Мәтіндегі қателер хабарламаны құрастыру үдерісінің соңында ғана байқалған болса, 46-тармақтың 5) тармақшасында сипатталған іс-қимылдар жасалады.

39-тармақтың 5) тармақшасы мен осы тармақтың 1) мен 2) тармақшаларындағы іс-қимылдар үзбелі таспасы бар қайта тарату қондырғыларында жұмыс істеуге қатысты ғана орындалады.

  1. Хабарлама толығымен жіберілгеннен кейін AFTN жіберу станциясы мәтіннің немесе хабарлама дереккөзінің бұрмаланғанын немесе толық емес екендігін анықтаса, ол барлық мүдделі адресаттарға төмендегі мәтін жазылған қызметтік хабарламаны жібереді (егер осы AFTN станциясында осы хабарламаның бұрмаланбаған көшірмесі бар болса):

СЖЦ ТҮЗЕТУ (дұрыс емес хабарламаның дереккөзі)

СТОП (одан кейін дұрыс мәтін келтіріледі)

Латын тіркелімінде:

SVC CORRECTION (дұрыс емес хабарлама дереккөзі)

STOP (одан кейін дұрыс мәтін келтіріледі).

§3 халықаралық коды (IA-5)


  1. № 5 халықаралық кодта берілген кейбір сигналдардың атқарымдарын көрсету үшін келесі символдар қолданылады (Технологияның 4-қосымшасына сәйкес):

Символ Мәні


< КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ (0/13 белгісінің позициясы)

≡ ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ (0/10 белгісінің позициясы)



  • БОС ОРЫН (2/0 белгісінің позициясы)

SO ОРЫС (0/14 белгісінің позициясы)

SI ЛАТЫН (0/11 белгісінің позициясы)

SOH ТАҚЫРЫПТЫҢ БАСЫ (0/1 белгісінің позициясы)

STX МӘТІННІҢ БАСЫ (0/2 белгісінің позициясы)

ETX МӘТІННІҢ СОҢЫ (0/3 белгісінің позициясы)

BEL ШҰҒЫЛДЫҚ СИГНАЛЫ (0/7 белгісінің позициясы)

VT БІР БЕТКЕ ЖІБЕРУ (0/11 белгісінің позициясы)


  1. Тақырып.

  1. Тақырыпқа мыналар кіреді:

Хабарлама түрін сәйкестендіретін (ұлттық немесе халықаралық) “SO” немесе “SI” белгісінен және 0/1 тақырып басы белгісінен тұратын хабарлама басы сигналы (SOH);

арнаның белгісін және арналық реттік нөмірден тұратын тарату белгісі;

бір БОС ОРЫН позициясын және он белгіден аспайтын деректерді қамтитын қосымша қызметтік ақпарат (қажет болса).


  1. Тарату белгісі және реттік нөмірлерді беру реті Технологияның 36-тармағы 3)-5) тармақшаларына сәйкес анықталады.

  2. Тарату белгісі арна арқылы төмендегі ретпен жіберіледі:

БОС ОРЫН сигналы [];

AFTN тарату станциясына берілген әріп;

AFTN қабылдау станциясына берілген әріп;

арнаны белгілейтін әріп;

арналық реттік нөмір.


  1. Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, олардың арасында тарату белгісінен кейін міндетті емес қызметтік ақпаратты енгізуге рұқсат етіледі (таратуды бастау уақыты және т.б. сияқты). Осындай қосымша қызметтік ақпараттың алдында БОС ОРЫН позициясы, одан кейін ең көбі он белгі келеді.



  1. Адрес Технологияның 37-тармағына сәйкес құрастырылады.

  2. Дереккөз.

  1. Дереккөз мыналарды қамтиды:

хабарды тарату уақыты;

жіберушінің индексі;

шұғылдық сигналы (егер қажет болса);

міндетті емес деректер жолы;

теңестіру атқарымы [<≡];

мәтіннің басы белгісі ((STX) 0/2 белгісі).



  1. Хабарламаны жіберу уақытына желіге тарату үшін хабарламаны жіберген күн мен уақытты (UTC) көрсететін 6 цифрдан тұратын «күн-уақыт» тобы кіреді.

  2. Жіберушінің индексі (Технологияның 36-тармағы 2-тармақшасына сәйкес).

  3. Шұғылдық сигналы апат туралы сигналдарда ғана қолданылады (СС, SS шұғылдық индекстері). Қолданылған жағдайда ол бір бірінен кейін келетін бес BEL (0/7) белгісінен тұрады.

  4. Міндетті емес деректер жолы (Технологияның 38-тармағы 6) және 7) тармақшаларын қараңыз);

  5. Дереккөз жолы теңестіру атқарымымен [<≡] және мәтіннің басы белгісімен аяқталады (STX) (0/2).

  1. Хабарлама мәтіні барлық STX пен ETX арасында орналасқан деректерден тұрады және Технологияның 39-тармағы 1), 2), 4), 5) және 6) тармақшаларының пішімдеріне сәйкес келеді.

  2. Соңы.

  1. Хабарлама соңында мыналар жазылады:

[<≡] мәтіннің соңғы жолынан кейінгі теңестіру атқарымы;

бетті ауыстыру белгісі - 0/11 (VT) белгісі;

мәтін соңының белгісі - 0/3 (ETX) белгісі.

2) AFTN тарату станциясынан келіп түсетін хабарламаның ұзақтығы 2100 белгіден аспауы керек. Хабарламадағы белгілерді есептеген кезде барлық баспа белгілері мен тақырып басы белгісінен (SOH) тақырып соңы белгісіне (ETX) дейінгі барлық белгі, баспа белгісіне жатпайтыны да қоса есептеледі.



§4. AFTN арналарын тексеру рәсімдері


  1. Тарату және қабылдау желілерін тексеру мақсатында AFTN арналары арқылы берілетін тексеру хабарламалары мынадай элементтерден тұруы тиіс:

хабарлама басының сигналы;

QJH рәсімдік сигналы;

хабарламаны жіберушінің көрсеткісі;

ITA-2 немесе U(5/5) кодындағы және *(2/10) IA-5 кодындағы орамдық (беттік) аппаратпен басылған R және Y белгілері ретінің үш толық (69 белгі) жолы;

Хабарлама соңының сигналы.

Тексеру хабарламаларының пішімі:

ITA-2 кодында:

ZCZCQJH<≡

UAAAYFYX<≡

RYRY……………….RY<≡

RYRY……………….RY<≡

RYRY……………….RY<≡




  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет