Бес халықтық реформа Реформа талабы азаматтық қоғамды дамыту



Дата28.04.2016
өлшемі49 Kb.
: app -> webroot -> files -> deputatskaya%20deyatelnost -> Kuttibaev -> 2015
Kuttibaev -> Қазақ хандығының 550 жылдығына Қабанбай қазақтың хас батыры
2015 -> Экология- ел тағдыры
deputatskaya%20deyatelnost -> Джанкушукова Рыскан Жагипаровна, депутат №40 Урджарского избирательного округа
deputatskaya%20deyatelnost -> 1. Проведение встреч и собраний с избирателями, органами местного самоуправления и организациями
Kuttibaev -> Ел тілегі ескеріліп жатыр
2015 -> Жемқорлықпен күрес Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті
Бес халықтық реформа
Реформа талабы – азаматтық қоғамды дамыту.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Нұр Отан партиясының XVI съезінде жария еткен «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институтционалдық реформа» атты халықтық реформасы қазақстандық қоғамның жүйелі жаңғыруының кепілі болмақ. Осы реформаларды өмір жүзіне асыру мақсатында «жаңғырту» жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Таяуда комиссия төрағасы К. Мәсімовты қабылдаған Президент:

«Комиссия өзіне тапсырылған міндеттерді тезірек орындауға кіріскені жөн. Заңнамалық өзгерістер жобасының бір бөлігін Парламенттің қыркүйектегі сессиясына дейін әзірлеу керек, бұл алға қойылған міндеттерді уақытында жүзеге асыруға оң ықпал етеді» - деп атап көрсетті.

Реформаның бесінші қағидаты: «Ашық және халыққа есеп беруші мемлекет» - деп аталады. Бұл қағидатта еліміздегі Азаматтық қоғамды дамытуға ерекше назар аударылған. Онда: «Қоғамның өзін-өзі реттеуін кеңінен енгізуді қамтамасыз ету керек. Билік өкілеттіктерін азаматтық қоғам институттарына бере отырып, мемлекеттік органдардың жауапкершілік аймағын қысқарту қажет» - деп көрсетілген. Сонымен бірге мемлекеттік органдар басшыларының халық алдындағы есептілігі, шешім қабылдау үдерісінің мөлдірлігі, әкімдер мен мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту туралы; азаматтық қоғам өкілдерінің өңірлерде бюджет қаржысын бөлуге қатысуы, азаматтардың мемлекеттік қызметшілердің іс-қимылына шағымдану мүмкіндіктерінің кеңейтілуі жөнінде де жан-жақты айтылған. Менің айтайын дегенім азаматтық қоғамның дамуы, оның ішінде ауылды жерлердегі азаматтық қоғамның жағдайы туралы болмақ.

Азаматтық қоғамды Қазақстанда дамыту жұмысы тек қана Тәуелсіздіктің

арқасында келіп отыр. Бұрынғы кездері жүйе басқаша еді. Үкімет бар

мәселені шешуді өз мойнына алатын. Ал, қазіргі заман ағымы басқаша.

Қазіргі күні Қазақстанда 30 мыңнан астам қоғамдық бірлестіктер бар. Оның

6 мыңнан астамы заңды тұлға ретінде тіркелген үкіметтік емес ұйымдар. Үкіметтік емес секторға жалпы алғанда 300 мыңға жуық адам тартылған.

ҚР-да азаматтық қоғамды дамытудың Тұжырымдамасы жасалды. Осы

Тұжырымдаманы басшылыққа алып облыстық және аудандық бағдарламалар жасалды. Сол бағдарлама бойынша жоспарлы жұмыстар істелді. Біздің ауданымызда «14» үкіметтік емес ұйым бар. Соның бірі ауданымызда ең алғашқы болып құрылған «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігі.

Бірлестік 2006 жылы 11 сәуірде құрылды. Мүшелер саны – 415 адам.

ЭҚБ «Экология» кешенді бағдарламасы негізінде жұмыс істейді.

- Бірлестік «Табиғат жаршысы» атты өзінің төл газетінің бірінші нөмірін

жарыққа шығарды.

- Бірлестік мүшелері «Құстар» мен «Сүтқоректілерге» арналған

ауданның Қызыл кітабын жасады.

- Бірлестіктің бастамасымен аудан мектептерінде оқушыларға бірыңғай

жүйе бойынша экологиялық білім мен тәрбие беріледі. Орта мектептерде «Экология» кабинеттері мен залдары жабдықталды.

- Бірлестік 2007, 2009, 2011, 2013 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті

қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық әлеуметтік идеялар

мен жобалар жәрмеңкесіне конкурстық негізде қатысып, жоба ұсынды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша ЭҚБ «Алғыс хатпен» марапатталып,

республикалық каталогқа енді.

- «Тарбағатай табиғаты» ЭҚБ мүшелері аудандағы барлық сайлау

учаскелеріндегі сайлау комиссияларының құрамына «азаматтық

қоғам» өкілі ретінде енді.

- Республикалық, облыстық және аудандық БАҚ-тарда қоғамдық

бірлестік туралы хабарлар мен мақалалар үнемі жарық көреді.

Экологиялық қоғамдық бірлестік төмендегідей жобалар бойынша жұмыстар атқарды:


  • 2007 жылы облыстық деңгейде «Жастар және экология» атты сұхбат

алаңын өткізді

жағдайы және табиғатын қорғау» деген тақырыпта дөңгелек үстел

жүргізді.



  • Тарбағатай ауданының I (2009ж), II (2010ж), және III (2011ж), IV (2013ж) Азаматтық форумдарын өткізді.

  • 2010, 2011, 2012 жылдары «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорымен

бірлесіп, 2013 жылдан бастап жеке Тарбағатай ауданындағы «Мүмкіндігі

шектеулі балалармен мәдени-көпшілік жұмыстарын жүргізу» деген

тақырыптағы жоба бойынша жұмыстар жүргізді. Осы жоба бойынша 5

жылда 200 кемтар баламен төмендегідей жұмыстар атқарылды:



  • Экологиялық жорықтарға шығару

  • Компьютер үйрету

  • Сайыстар өткізу

  • Семинар-тренингтер өткізу

  • Үйірмелер жүргізу

ЭҚБ мүшелері ғылыми – зерттеу жұмыстарымен де, аудан территориясындағы табиғи байлықтарды зерттеумен де шұғылданады.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде Қызылкесік ауылдық округінің

территориясынан «Тау хрусталі» кені табылса, Ойшілік ауылдық округінің

территориясынан «көмір» табылды. Ауданымыздағы «Толағай» және «Барқытбел жастары» қоғамдық бірлестіктері де конкурс жеңімпаздары болып, жобаларына қаржы алып, бірқатар жұмыстар атқарды. Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар аудандағы саяси-әлеуметтік және мәдени шараларға да белсене араласады, нақты мақсаттарға елді жұмылдырады. Мысалы, 2011 және 2015 жылдары өткен ҚР Президентінің сайлауында олар ҚР Президенттігіне кандидат Н. Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі «Азаматтық коалиция» құрып, үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласты. Сондай-ақ, олар Тәуелсіздіктің 23 жылдығы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында «Алладан – мейір, адамнан – пейіл» атты аудандық қайырымдылық акциясын өткізді. Одан түскен қаржыны аудандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға материалдық көмек ретінде таратып берді. Тарбағатай ауданы әкімінің қаржыландыруымен «Тарбағатай табиғаты» ЭҚБ-нің жобасы негізінде

11-шілде 2014 жылы ШҚО, Тарбағатай ауданында «Бөрітастаған: мәртебесі және болашағы» деген тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Қазақстандағы белгілі ғалымдар мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі қатысты. Конференцияда Бөрітастаған жартасына табиғи-тарихи ескерткіш статусын беру жөнінде қарар қабылданды.

ЭҚБ БҰҰ-ның даму бағдарламасы негізінде ПРООН ұйымдастырған конкурстың жеңімпазы атанып, 22 млн теңге грант ұтты. Бұл қаржыға аудандағы 4 мектепте пиролиздік пеш, 2 мектепке жылыжай орнатылып, Ақсуат ауылының бір көшесі жарықтандырылды.


Сөзімді қорыта келе төмендегідей ұсыныстар айтуды жөн көрдім:

  • Ауылды жерлердегі азаматтық қоғамды дамыту үшін мемлекеттік орган-бизнес қауымдастық-азаматтық қоғам болып табылатын үш жақты ынтымақтастықты нығайту

  • Әлеуметтік салалар бойынша республикалық, облыстық және аудандық бюджетте ҮЕҰ-дың қызметіне және олардың маңызды әлеуметтік жобаларына қаржы бөлу

  • Жергілікті жердегі ірі экономикалық жобаларға азаматтық бақылау механизмін құру

  • Халықаралық қорлармен жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеу

  • Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» жаңа заңын тезірек қабылдау.

Құттыбаев Ержан Кәрібайұлы – Шығыс Қазақстан облыстық маслихатының

депутаты, «Тарбағатай табиғаты» экологиялық

қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

ҚР «Білім беру ісінің үздігі»

Шығыс Қазақстан облысы,



Тарбағатай ауданы,

Ақсуат ауылы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет