Бесқарағай аудандық орталық кітапхананың 2014 жылы атқарылған жұмыстары



жүктеу 42.62 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі42.62 Kb.
Бесқарағай аудандық орталық кітапхананың 2014 жылы атқарылған жұмыстары

Бесқарағай аудандық кітапхана жүйесіне қарасты 19 кітапхана, (18 ауылдық, бір аудандық кітапхана) үлкендер мен қатар балалар мен жасөспірімдерге де қызмет көрсетеді. Бақылау көрсеткіштері:


- оқырмандар саны- 7473 адам.
- интернет- сыныпты пайдаланушылар саны - 525 адам.
- аудан кітапханаларына келушілер саны - 133070
- кітап беру – 163042 дана,
- бұқаралық іс- шаралар саны - 853; 12769 адамды қамтыды.
- Кітап қоры - 160304 дананы құрайды.

Аудандық орталық кітапханасында және Канонерка ауылдық кітапханасында кәсіпкерлікке қолдау көрсететін Онлайн орталығында 225 тренингтер мен «Профориентационная диагностика», «Новые тенденции и традиционные ценности» тақырыбында семинарлар өтіп, 991 адам қатысты. А.С.Пушкин атындағы кітапханамен бірлесе отырып «Наурыз қазақтың көктемнің теңелу мерекесі» тақырыбында ағылшын тілінде онлайн медиасабағы өтті. «Туған ел өскен өлкемді жырлаймын» атты поэзия кеші, Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханамен бірлесе отырып онлайн тәртібінде өтті. Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында «Егемен елдің кемеңгер басшысы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. «Біздің Елбасымыз» тақырыбында кітапханалық сабақ өтті. Достық Үйімен бірлесе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне «Өмірін халқына арнаған» атты поэзия сағатын өткізді. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Қазақ елі мәңгілік, тәуелсіздік ел» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында аудандық кітапханада №16 КТЛ-дің оқушыларымен «Азалы сол ауыр жылдар...» атты тарихи сағат өтті. Кітапхана қызметкерлері жүргізген іс-шаралар қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, экологиялық, ұлттық, өнегелік мәдениетке, нашақорлықпен күреске және есірткіқұмарлықтың алдын алуға бағытталған. Қызметтің басымды бағыты, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауындағы қойған тапсырмалары және отбасылық оқуды көпшілікке таратуға бағытталғаны болып табылады. Кітапхана мектептер, музей, достық үйі, «Қазақстан жолы» тәрбие білім орталығымен, ардагерлер үйімен тығыз байланыста. Астана қаласының туған күніне, Конституция күніне, Семей-Невада қозғалысына 25 жыл толуына, Дана Абайға, отбасы күні және тілдер мерекесіне тағы басқа жылдың басты оқиғаларына орай мәдени іс-шаралар өткізілді. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты орыс тілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттау үшін өткізілген облыстық іс-шараға аудандық кітапхананың ұйымдастырған кітап көрмесі «Туы төрде, тілі өрде» деп аталды. Ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толу қарсаңында облыстық А.Пушкин атындағы кітапхана сайтында ашылған «Біздің Абай» электронды кітапханасының тұсаукесеріне № 16 кәсіптік лицейдің оқушылары мен оқытушылары қатысты. Балалармен өткізілген сабақ «Абай әлемдік желіде» деп аталды. Онлайн орталығының кітапханашылары «Біздің Абай» электронды кітапханасымен таныстыру жұмыстарын жалғастыруда. Бесқарағай мүгедектермен қарттарға арналған аумақтық орталығында болып мүмкіндігі шектеулі балалармен сабақ өткізілді.

«Қазақстан– 2050 Мәңгілік ел», «Астана бейбіт қала», «Абай- ақын, ойшыл», «Семей-Невада» қозғалысына 25 жыл, «Мектеп - кеме, білім-теңіз», «Отбасымен бірге оқимыз», «Туы төрде, тілі өрде» кітап көрмелері, «Тәуелсіздік түндігі-Астана» слайд презентация, «Ұлы Абай мекені» видео слайд, «Невада Семей: сила, порожденная народной болью» тарихи сағат. «Бір ел –бір кітап» Республикалық акциясы еліміздің тұрғындары арасында танымалдылығымен пайдалана отырып, Қазақстанда осымен сегізінші рет өткізіліп отыр. Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Үшқараның» кітабы 2014 жылы бүкіл ел болып оқитын шығармалар болды. Осы акцияның шеңберінде ауданымыздың барлық кітапханаларында тақырыпқа орай мерекелік іс – шаралар, кітап көрмелері, кітаптарға шолу, кітапханалық сабақтар, конференциялар өткізілді. «Алтай-Ертіс кітапханасы» шығысқазақстандық ғылым, білім, мәдениет қайраткерлерінің рухани мұрасын өскелең ұрпаққа аманат етілмек. 20 том, 20 жазушы есімі - тек жерлестерінің ғана емес, бүкіл қазақ халқының мақтанышы.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің 2013 жылғы 1 жарты жылдық жұмыс қорытындысы

Бесқарағай аудандық кітапхана жүйесіне қарасты  19 кітапхана, (18 ауылдық, бір аудандық кітапхана) үлкендер мен қатар балалар мен жасөспірімдерге де қызмет көрсетеді. Бақылау көрсеткіштері:


- оқырмандар саны- 4659 адам.
- интернет- сыныпты пайдаланушылар саны -  175 адам.
- аудан кітапханаларына келушілер саны  - 56329
- кітап беру – 83001 дана.
- бұқаралық іс- шаралар саны  - 394;   6615  адамды қамтыды.
- Кітап қоры  - 159248  дананы құрайды.
2014 жылы мерзімді баспаларды сатып алуға бөлінген сома – 464 мың теңге. Аудан кітапханаларына барлығы газет, журналдардың – 535 данасы жазылды. Қазақстандық баспалардың үлесі жалпы саннан  90 % құрады. Қазақстандық баспалардан мемлекеттік тілдегі баспалар  95%  құрады.
Қазіргі уақытта аудан кітапханаларында – 21  кітапханашы жұмыс істейді.  
Аудандық орталық кітапханасында және Канонерка ауылдық кітапхнасында кәсіпкерлікке қолдау көрсететін  Онлайн -орталығы жұмыс атқарады. Интернет желісіне қосылған, 5 компьютер халыққа пайдалануға берілген.  Орталықта ауыл тұрғындарына тегін жаңа технологияны меңгеру курстары өтіп тұрады.  Олармен 25 тренинг өткізілді. Кітапхана мектептер, музей, достық үйі, «Қазақстан жолы» тәрбие білім орталығымен тығыз байланыста. 
Кітапханаларда бірінші тоқсанда  Елбасы Жолдауы, 8 наурыз, Наурыз мерекесі, «Бір ел-бір кітап» акциясы, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25жыл толуына  арналған іс-шара, өлкетану бағыттағы тағы басқа жылдың басты оқиғаларына орай мәдени іс-шаралар өткізілді.  «Қазақстан– 2050 Мәңгілік ел»  кітап көрмесі,  «Жаңа Жолдау, жаңа бағыт» тақырыбында хабарлама сағаты,     «Рухани мұра- оқырман олжасы», «Ауған жері-жүрек шері» ,  «Аналар асыл жандар», «Төрлет, әз Наурыз 2014», «Дін дүние діңгегі», «Сайын Мұратбековты бірге оқиық» тақырыбында кітап көрмелері өтті.
Наурыз мейрамы қарсаңында аудандық кітапханада А.С.Пушкин атындағы кітапханамен бірлесе отырып «Наурыз қазақтың  көктемнің теңелу мерекесі» тақырыбында  ағылшын тілінде онлайн медиасабағы өтті. 
Аудандық кітапханада  «Тегін түзеу тектіліктің белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел, «Тілімізді құрметтеп, тектілікті ту етсек» деген аудандық акция өтті.
«Туған  ел өскен өлкемді жырлаймын» атты поэзия кеші, Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханамен бірлесе отырып онлайн тәртібінде өтті.  Семей қаласындығы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеттің 2-3 курс студенттері қатысты .
Балаларға кітапханада ақын-жазушылардың шығармалары жинақталған «Жаз бойы кітаппен» кітап көрмесі ұйымдастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балалармен «Бәрін білгім келеді» тақырыбында танымдық сағат өтті.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет