Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару



Дата03.05.2016
өлшемі15.39 Kb.
Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын

коммуналдық меншіктің облыстық

ұйымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Қоса беріліп отырған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының тізбесі бекітілсін.

  2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.С.Биахметовке жүктелсін.

  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2016 жылғы «___» _______

№____ қаулысымен бекітілген


Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық



меншіктің облыстық ұйымдарының тізбесі


  1. Ақтөбе облысының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Намыс» кәсіпқой спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

  2. «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» акционерлік қоғамы;

  3. «Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

  4. «Ақтөбе-агросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

  5. «Орталық стадион» мемлекеттік кәсіпорыны.

Каталог: sites -> default -> files -> Node 10363
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 10363 -> Қаулы жобасы ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
Node 10363 -> Регламенті Жалпы ережелер > «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
Node 10363 -> Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының және мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет