Бестамақ селолық округінің әкімі Т. Исеновтың 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата03.05.2016
өлшемі50.97 Kb.
Бестамақ селолық округінің әкімі Т. Исеновтың 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі
Бестамақ селолық округінің жалпы жер көлемі 37233 га. Округ аумағына Бестамақ, Бесқоспа және 42 разъезд елді мекендері кіреді. Жалпы халық саны 38383 адам. Соның ішінде Бестамақ ауылында 3539, Бесқоспа ауылында 344 адам тұрады. Округ аумағында 582 жеке тұрғын үйлер мен екі қатарлы 18 үйде 263 пәтер бар, бұрын бөлінген жер телімдеріне жеке тұрғын үйлер салынып, аула саны көбеюде.

Бестамақ ауылында дәрігерлік амбулатория, почта бөлімшесі, кітапхана, Бесқоспа ауылында медпункт жұмыс жасап тұр.

2013 жылдың 9 айында селолық округі әкімшілігіне жеке тұлғалардан 131 жазбаша арыз-өтініштер келіп түсті. Арыз-өтініштерге Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заң талаптарына сәйкес қаралып, жауаптары берілді. 9 айда селолық округі әкімшілігі тарапынан 51 шешім, 71 өкім қабылданды.

Халықты әлеуметтік қорғау. 2013 жылдың 9 айында 15 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы, 18 жасқа дейінгі балалары бар 50 отбасына жәрдемақы тағайындалды. Сондай-ақ селолық округі бойынша 6 Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлері, 6 ауған соғысының ардагерлері мен 3 Семей ядролық полигон аумағында қызмет жасаған азаматтар және 35 тылда еңбек еткен ардагерлер Республика Үкіметі мен облыс әкімдігі тарапынан белгіленген жеңілдіктерден пайдаланады. Есепті кезең ішінде «Есет батыр қоры» тарапынан туберкулез ауруымен ауыратындарға және отбасы жағдайы төмен азаматтарға жалпы сомасы 100 000 тенгенің қой еті таратылды. Сондай-ақ Бестамақ мал шаруашылығы комплексі және жеке кәсіпкерлердің қайырымдылық көмегі есебінен 9 мамыр -Жеңіс күніне, Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларға және аз қамтылған отбасыларға материалдық жәрдем беруге 48 000 тенге жұмсалды. Ауыл тұрғындарының жеке шаруашылығындағы малдарын қыстатуға жеңілдік ретінде арзан бағамен «Рамазан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен ұн кебегі таратылды.

18 жалғызбасты қарияларға және 4 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету ұйымдастырылған. Оларға 4 әлеуметтік қызметші бекітілген.



Білім беру және мектепке дейінгі мекемелер. Бестамақ селолық округіндегі екі орта мектепте 623 оқушылар білім алды, «Болашақ» балалар бақшасында 6 топта 165 бүлдіршіндер тәлім-тәрбие алуда. Бестамақ орта мектебінде 84, Бесқоспа орта мектебінде 20 педагог жұмыс жасайды.

Бестамақ ауылында Ақтөбе облысы «Ақтөбе медресесі» діни бірлестігі жұмыс жасайды. Онда Қазақстанның батыс аймағынан 55 бала дәріс алуда. Қазіргі күні медресенің жанынан 300 орынға арналған асхана салынуда, келешекте ауыл тұрғындарының садақасын, той-мерекесін өткізу жоспарланған.



Кәсіпкерлік. Бестамақ селолық округінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 68 бірлікті құрайды, соның ішінде 5 кафе, 12 дүкен мен 1 тойхана, 3 жеке шаштараз, 2 монша, 2 дөңгелек жөндеу шеберханасы жұмыс жасайды. Қазіргі кезде дүкендерге күнделікті қажет ететін азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мақсатында бағаларға бақылау жасалады.

Байланыс. Бүгінгі күнге «Қазақтелекомның» қолданыстағы ескі станциясы жаңасына ауыстырылды, сымсыз байланыс желісі іске қосылды және «Мегалайн» интернет торабы өткізілді, қазіргі таңда 262 телефон нөмері жұмыс жасайды. «СВИМ» ЖШС-і жалпы 452 телефон нөмерін орнатты. Соның ішінде 61 номер Бесқоспа ауылына қондырылды. Селолық округіндегі Бестамақ және Бесқоспа ауылы дерлік толығымен телефон байланысымен қамтылған.

Қазпоштаның ауылдық бөлімшесінде халыққа мезгілімен газет-журналдар тарату, зейнетақы мен жәрдемақылар беру жұмыстары жүзеге асырылады.



Салық. 2013 жылдың 9 айында 295059 тенге мүлік салығы, 133814 тенге жер салығы, 799654 тенге транспорт салығы, жалпы 1289440 тенге жиналды, яғни 100 пайызға орындалды.

Қоғамдық жұмыстар. Есепті кезең ішінде селолық округі әкімшілігі Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын басшылыққа алып, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және халықпен өткізілген кездесулер мен жиындарда Республика Үкіметі тарапынан білім беру сапасын, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін жоғарылату және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарын жаңғырту бойынша қабылдаған шаралар және оны іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде толық ақпарат беріп барды.

Биылғы жылы облыс бойынша өткізіліп жатқан «Көркейе бер туған жер» акциясы аясында ата-аналардың көмегімен Бестамақ балалар бақшасындың және Бестамақ орта мектебінің ауласында мұғалімдердің күшімен су бүріккіш (фонтан) салынды. Бестамақ орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстары үшін 60 млн тенгеге жоба-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша арнаулы орта оқу орындарын бітірген 2 жас маман, қоғамдық ақылы жұмысқа 5 адам тартылды.

Биыл «Кроун Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бестамақ ауылының оңтүстік-батыс бөлігіне 6000 м3 жанар-жағар майды уақытша сақтайтын нысанының құрылысын бітіріп, нысан іске қосты. Қазіргі кезде Бестамақ ауылынан 12 адам жұмыспен қамтылды.

«Термомодернизация-2020» бағдарламасына сәйкес Бестамақ ауылының Бөкенбай батыр № 62 және Есет батыр № 74 екі қатарлы үйлерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша құжаттары тапсырылды. Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы сәйкес Бестамақ ауылының Алға, Бекқұл және Елек көшелеріне жарықтандыру жүргізу, балалар ойын алаңын салу бойынша жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, қаражат бөлінді, қазіргі күнге осы бағдарлама бойынша Бестамақ ауылында жұмыстар басталды. Бесқоспа ауылына ауыз су жүйесін жүргізу жоба-сметалық құжаттамасы жасалды.

Ауыл аймақтың санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстарына және қаңғыбас иттерді атуға жергілікті бюджеттен 140 мың тенге бөлініп, толығымен игерілді.



Ауыл шаруашылық. Алдыңғы жылдары қуаңшылық болуына байланысты егін егумен айналысатын шаруа қожалықтары егістіктен бас тартты.

Көкөніс егістігі бойынша «Алик» шаруа қожалығы 31 га, «Максим» шаруа қожалығы 37 га, «Пакиза» шаруа қожалығы 9 га, «Мансур» шаруа қожалығы 23 га жерге бахча және көкөністер екті. Елді мекен тұрғындары 19 га жерге көкөністерін екті.



Мал шаруашылығы. Селолық округі тұрғындарының жеке қожалықтарындағы және шаруа қожалықтарындағы ірі қара және ұсақ малдарды сырғалау жұмыстары жүргізіліп, 184 бас ірі қара малдарға және 950 бас қой-ешкілерге сырға салынды. Барлығы да малдарды бірдейлендіру (идентификация) бағдарламасы бойынша компьютерге енгізілді. Сонымен қатар малдардан жоспар бойынша қан алынды. 55 бас ірі қара малдан бруцеллез ауруы шығып, ауруға шалдыққан малдар дер кезінде жойылды. Сонымен қатар ветеринарлық іс-шара жоспарына сәйкес малдардың барлық түрлеріне сарыпқа, жұқпалы аруларға қарсы екпе (вакцинация) жүргізілді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Құралай» шаруа қожалығының басшысы Ермағамбетов Ильяс 34 бас асыл тұқымды ірі қара малдарды алуды жоспарлап отыр.



Қоғамдық қауіпсіздік. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша учаскелік полиция қызметкері және көмекшісі жұмыс жасайды. Оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында тұрғын үй берілді. Олармен байланыс телефондары селолық округі әкімдігінде бар.

Есепті кезеңде атқарылған жұмыстармен бірге шешімін табуды қажет етіп тұрған түйінді мәселелерді айтсақ:

- Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін бөлу мәселесін шешу үшін ауылдың бас құрылыс жоспарын жасатуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінуі;

- Ауылдың мәдениет үйін коммунальдық меншікке қайтару бойынша жұмыстарды жалғастырып, оның оң шешілуіне ерісу.



Алдағы жылда аталған мәселелерді шешумен ағымдағы жұмыстардың орындалуын ұйымдастырып, халықтың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды атқару ауыл әкімшілігінің басты міндеті болып қала береді деп сенім білдіремін.
: sites -> default -> files -> Node 4534
Node 4534 -> Маржанбұлақ селолық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысының есебі
Node 4534 -> Маржанбұлақ селолық округінің әкімі Б. Кангужиннің 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы туралы есебі
Node 4534 -> Маржанбұлақ селолық округінің әкімі Б. Кангужиннің 2013 жылы атқарылған жұмысының есебі. Құрметті ауылдастар!
Node 4534 -> Бестамақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылда атқарған жұмыстары туралы есебі
Node 4534 -> Т. Бердалин Қарабұлақ селолық округінің әкімі атқарылар істер көп
Node 4534 -> Қарабұлақ селолық округінің әкімі Т. Д. Бердалиннің 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі. «Қазақстан 2050»
Node 4534 -> Қарабұлақ селолық округінің әкімі Т. Д. Бердалиннің 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі. Құрметті жерлестер! «Қазақстан 2050»
Node 4534 -> Тамды ауылдық округі әкімінің 2014 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі
Node 4534 -> Үшқұдық селолық округінің әкімі М. Жармухановтың 2013 жылы атқарған жұмыстар туралы есебі Әлеуметтік сала бойынша
Node 4534 -> Сарықобда ауылдық округі әкімінің 2015 жылға жылдық есебі


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет