Безендірілуі: Сахнаның ортасында Отан



жүктеу 148.28 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі148.28 Kb.
: files -> loader
loader -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
loader -> «550 лет Казахскому ханству». Интеллектуальная игра для старшеклассников
loader -> Әдісі: ойын- сайыс түрінде Қатысушылар: 5 а,в сыныптар Ойын барысы
loader -> Қазақ тілі Мұғалім: Мухамедкаримова К. Т. 9а, 9б сыныптары
loader -> Мағжан мен Абай сабақтастығы
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Дүние жүзі тарихы
loader -> 2. 3 с iшiнде контурды тесiп өтетiн магнит ағыны 3 Вб ден 9 Вб-ге дейiн артқан. Контурдағы индукция ЭҚК неге тең ?
Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды

Әдеби-музыкалық композиция 

Безендірілуі: Сахнаның ортасында «Отан – ана шақырады» деген плакат ілініп тұрады. Плакаттың екі жағына суреттер ілінеді. Бірінде: гранатамен танкке қарсы бара жатқан солдат бейнеленген. Екінші суретте жанып жатқан өрт ішіндегі пилоткалы мейірбике – солдат қыз бейнеленген. Үстел үстінде санитарлық сөмке, каска, атылған оқ және қалампыр гүлі жатады. Кеш өту барысында мерекелік-байсалды әуен және «Священная война» өлеңінің аудиобаспасы (өлеңі В.Лебедев-Кумачтікі, әні: А.Александровтікі) керек болады.  Қатысатындар:  Жүргізушілер және әскери киімдегі оқушылар.

        Кіріспе

                                                                 Шүйінші, халқым, шүйінші!

                                                                Шүйіншіге сүйінші!

                                                                Шаттан, ата-анамыз,

                                                                Шаттан, аға-бабамыз,

                                                               Кек қайтарып фашистен,

                                                                Соғыс бітті жеңіспен,

                                                                Жеңдік жауды күресте

                                                                Жасалсын той-мереке.

                                                                                               (Т. Жароков) 

   1-жүргізуші:   Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 65 жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.



2-жүргізуші: Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар тойлайды.

1-жүргізуші: Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.

2-жүргізуші: Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды.

1-жүргізуші: Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

2-жүргізуші:Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен   Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухаресттің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.

1-жүргізуші:      Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...                                                                    

Ақ шашты ана!

Саптан шықпай нық басып келесің бе?

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Ару қыздар – алаулап от кешкендер.

(Ф.Оңғарсынова)

     1-оқушы:  Әйел атын атағанда ең бірінші, біздің аузымызға «мейірімділік» деген сөз түседі. Сонымен қатар «апа», «қарындас» деген де сөздер бар.Бәрінен жоғарысы «ана» сөзі. Әйел өмірге ұрпақ әкеледі, оларға өмір береді.  Сондықтан қазақ халқы да әйелді ер-азаматтың жан серігі, ұрпағын жалғастыратын ұлағат иесі, отауының көркі мен ұйытқысы, сұлулық символы санаған. Бірақ, ХХ ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды. Олар аурулардың жарасын таңды, көпірлерді бұзды. Жаратылысынан жаны нәзік, жолы жіңішке, жүректері сезім мен сырға толы осынау жандар халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерде нағыз қажыр-қайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта білді.

          2-оқушы  ..Қазақ жеріне соғыс отының шарпуы тиген жоқ. Бірақ сол кездегі ұлан байтақ еліміздің шетіне жау тиіп жатқанда қазақстандықтар да тайлы тұяғы қалмай атқа қонғанын бәріміз де жақсы білеміз. Солардың 40 пайызы ерлермен тізе  қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.

      Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз. Қос батыр қыздың Отаны –Қазақстаннан соғысқа қатынасқан қыз келіншектердің барлығы дерлік майданға өз  еріктерімен сұранып аттанған. Осының өзі жайдан-жай емес. Ежелден батырлық пен ерлік рухы сіңген топырақта тәрбиеленген олардың басқаша болуы мүмкін емес еді.

           1-жүргізуші: Отан!... Жау!...   Олар қорқақтар сияқты түнде басқыншылықпен бейбіт халыққа шабуыл жасады. Бұл  1941 жылдың 22 маусымы еді...

(Д.Шостаковичтің № 6 симфониясының әуенімен)

       Кең дала-туған анамыз,

         Қарындас, сүйген жарымыз...

                      Әйелге бәрін балаймыз

       Ұнатса нені жанымыз.

         Тарих-ана атанды,

         Ана деп жүрміз Отанды...

                                    (О.Сүлейменов «Адамға табын, жер енді»)

     2-жүргізуші: Иә, кешегі он сегіз бен жиырманың арасындағы әлі жігіт сүйіп те үлгірмеген, күні кеше қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен күлімдей қараған жас қыздар нәзік балтырын сыздатқан солдат етігін киіп, гүл құшуға ғана жаралғандай сүйрік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты. 

       Тыңда дүние, тыңда ұл, қыз

                              Тыңдаңдар, барлық әлем, тыңда!

                              Өмірге осы біз жауаптымыз,

                              Ұрпақтың алдында.

                              Нұрлы күн, жайнаған замана!

                              Ұқсайсың ақ жарқын анаға.

                              Қорғаймыз сені бір тұтас ел боп,

                              Сен үшін садаға, соғысқа жол жоқ!

               (Н.Тілендиевтің  “Өмір дастаны” әні орындалады,

                          сөзі   Т. Молдағалиевтікі)

      1-жүргізуші: Елге қатер төнді. Ел үстіне найзағай, қара бұлт қабағы түйілуде. Бейбіт халықтың денесі жаралы. Жараң қанша болса, кегің сонша өлшеусіз. Көп зұлымдық, көп қорлық ел ішіне тас шемендей қатып, ел жүрегін ыза кернеуде.

     2-жүргізуші: Сол бір сұрапыл соғыс басталған күннен бері талай жылдар өтсе де, халық жадындағы ауыр күндер ешқашан ұмытылмақ емес. Ерлер өздерінің атақтары үшін емес жер бетіндегі өмір үшін күресті... 

        1941 жыл ақпандатқан,

                              Сыртта аяз.

                              Аулымызды ақ қар жапқан.

                              Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,

                              Алапат аспан, жерді аттандатқан.

                              

                  («1941 жыл.Ақпан» М.Мақатаев) 

     1-жүргізуші: Жеңіс күніне жетер жол жеңіл болмады... Соғыстың әрбір күні – қан мен өлім, қайғы мен мұңға толы болды. Жеңістердің қуанышы, батырлардың жанқиярлық ерлігі...   

       Аттан! Деді,

                              Ол ертең аттанады.

                              Аттанады еңбектің ақ табаны:

Күрегінің орнына қару алып,

Жауынгердің рөлін атқарады.

Ол ертең аттанады.

Жарты Ай тұр шар аспанда-тозған таға,

Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?!

Әжем жүр туған жердің топырағын,

                                        Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға...

                   («1941 жыл.Ақпан» М.Мақатаев)

      2-жүргізуші: Фашистер Еуропаның барлығын дерлік жаулап бағындырып алды. Олардың қуатты зеңбірек, ұшақ және танктері  мыңдап саналатын. Басқыншылар жолдарында кездескен қарт пен әйелді, бойжеткен мен бейкүнә сәбиді аяусыз атты, дарға асты, қорлады. Фашистер өздерінің Кеңес еліне барар жолын осылай салды. Өздерінің жеңіске жететініне сенді... Бірақ, олар есептерінен оңбай жаңылды...

1-жүргізуші: Шығыс халықтарының тарихында әйелдер арасында тұңғыш рет теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, туған Отанын, халқымыздың ар-намысын қорғаған Мәншүк Мәметова есімі барлық уақытта да жастарға өшпес өнеге болмақ.      Оқырман (7):  

                         Абайлады сонда Мәншүк жан-жағын,

                        Көрді өзінің жапа-жалғыз қалғанын.

                        Көзге жанар, көкірекке кек толып,

                        Қинады қимай серік-саңлағын. 

                        Қара көзі жарқ етті тек танадай,

                        Төңкерілді ашылып бір қарамай.

                        Пулеметте ойнап тұрған он саусақ.

                        Қалды қатып бір серпуге жарамай.

                                                  (М.Хәкімжанова «Мәншүк» поэмасынан)



2-жүргізуші:1944 жылдың қаңтары еді. Сол бір кескілескен шайқаста тірі қалса, Әлия бес айдан соң 19 жасқа толар еді...Оның қысқа өмірінің екі жарым жылы қанды майданда, от кешумен өтті. Бірақ бұл – жалын боп лаулап, құйрықты жұлдыздай жарқырап өткен, кейінгі бүкіл іні-сіңлілеріне мәңгілік өнеге болып қалған өмір. Ол қаһармандық дастанын жазып үлгірді. Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным, елім» деп соққан аяулы жүрегін мирас етті... Кеңес Одағының Батыры атағын алған ержүрек қыз Әлия соғыста таңғажайып ерлік жасады. Ол тамаша соғыс шебері, мерген, барлаушы, сапер, автоматшы, керек кезінде қол бастаған командир міндетін де атқарған. Әлия Молдағұлованың қысқа өмірінде жасаған ғаламат ерлігін қастерлеп жауынгер достары да оны «батырдың батыры» деп атап кеткен. Міне, ол мұндай қасиеттерді туған жерінің топырағынан, өскен ортасынан, қазақ деген халқынан, анасының ақ сүтімен бойына дарытқан деп мақтан тұтуға әбден хақылымыз.

                        ...Жан емес пе, махаббат пен бақыт үшін жаралған,

                        Гүл емес пе жаңа ғана тіршіліктен нәр алған!?

                        Күйер ме екен от-жалынға жапырағындай жас талдың

                        Әлияның жүрегінде өркен жайған бар арман?!

                                                                   «Аққу поэмасы» Н.Исабаев

      Жүргізуші: (С.Бәйтерековтың Б.Тәжібавтың сөзіне жазыллған «Әлия әнінің әуенімен»)

                         Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

                        Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

                        Отан-ана отқа күйіп жатқанда,

                        Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

   


                                Ырзамыз барлық ісіңе,

                              Періште... қара көздерім.

                              От пенен судың ішінен

                              Бізді алып шыққан өздерің.

                              Қызықтың бәрін құрбан ғып,

                              Біз үшін күйіп-жандыңдар.

                              Бізді ойлап жүріп, жылдардың

                              Өткенін білмей қалдыңдар.

                                                (С.Жиенбаев “Қазақ әйелдері”)                                                                                                        

            

         ...Оқ тиіп сержантқа да, оған дағы

                        Жаралап екеуін де кетті тағы.

                        Алайда, ер жүректі қазақ қызы

                        Қобалжып қаймықпады, сынып сағы.

                        Ілезде жараларын тағы таңып,

                        Ілгері жылжыды қыз арқаланып.

                        Тастамай командирді алып шықты

                        Қансырап шаршаса да арып-талып.

       Ызалы қайрат кернеген,

                        Жалынды жігер тербеген,

                        Тербеген сайын өрлеген

                        Қарсыласып майданда

                        Қарулы қолын сермеген

                        Қайратты ана аттанды.

                        Жауға қарсы ашынып,

             Жауға құрал асынып,

              Жау үстінен асырып,-

            Оқ жаудырып, дөп тастап,

            Беттескенді қашырып,

            Айбатты ана аттанды.   

                                                      (Ж.Сыздықов “Ана аттанды”)

       Мен гүлденген Украинаданмын,

              Маған қымбат Днепр жағалауы.

                        Астықты алқап әнмен тербелетін,

                        Көзді арбап кешкі алауы.

                        Бірақ мен де ол секілді,

                        Қазақстанда туғандаймын.

                        Қазақ жерінде өскендеймін,

                        Қос бұрымын көргендеймін,

                        Тұманда, түтінде кештен кейін

                        Ақ сақалды ақын осы ауылда,

                        Домбырада қосылып жыр айтқандай,

                        Бізді бастап ол кенет алға ұмтылады,

                        Жау қолынан атылды оқ қандай...

                        Таулы өңір тыныш ұйқыға батар,

                        Басылып соғыс күркірі

                        Таңдарын күтер жарқырап атар,

       Жеңем деген ел сөзін!

                        Тұрды ажалдан жоғары

                        Өмір, адам жұлдызы,

                        Тұрды ажалдан жоғары

                        Жеңіс туы қырмызы,

                        Тұрды ажалдан жоғары

                        Отан, ұрпақ болашақ.

                        Тұрды ажалдан жоғары

      («Кестелі орамал» әні орындалады  Сөзі: А.Лекеровтікі,  Әні: М.Төлебаевтікі) 

           Сарғая күткен ұлы күн

                        Шұғыласы бүгін жарқ етті,

                        Бағына талай миллионның

                        Баянды жеңіс күн жетті.

                                                        («Арғая күткен күн...»Ж. Саин)

    


1-жүргізуші: СОҒЫС және АНА. Бұл екі сөздің мағынасы мүлдем қарама-қайшы. Уақыт алға жылжыған сайын кешегі өрім жас, бүгінгі самайларын ақ шала бастаған аналардың ел басына күн туған сын шақта қайыспай күрескен қажыр-қайратының мән-маңызы тереңдей түсуде. Қиын сәттің алдарына тартқан ауыртпалығын мойымай арқалағандарының әрқайсысы теңдесі жоқ ерлік. Отты жылдардағы жауынгер әйелдер, бүгінде қартаң тартқан әжелер. Олар отты күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмесін деп тілейді.

      Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі  сақталатын дастандай жалғаса береді.



(Шараға қатысушылардың барлығы ортаға шығып, көрермендерге тағзым етеді) 
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ өнері

сауалнама       1.Соғыс жылдарында Алматыға көшіп келіп, республикамыздағы музыка мен көркемөнердің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан көркем фильм студиялары  (Москва мен Ленинград)

      2. Соғыс жылдарында Алматыда өмір сүрген атақты бишіні атаңыз? (Галина Уланова)

      3. Ю.Завадский  басқаратын Моссовет  театрының қазақтың академиялық драма театрында  қойған атақты комедиясы (В.Шекспирдің «Асауға тұсау»)

      4. 1942 жылы Фрунзе (Бішкек) және 1944 жылы Ташкент қалаларында өткен Орта Азия және Қазақстанның музыка өнерінің онкүндігіне қатысып, ел ықыласына бөленген Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрін басқарған музыкант (Ахмет Жұбанов)

      5. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ композиторлары (Рамазан Елебаев, Мәлік Жаппасбаев, Смағұл Көшекбаев, Әли Базанов және т.б.)

      6. Соғыстың ауыр жылдарында республикамыздың өзінде жоғары білімді мамандар даярлау мақсатында Алматы консерваториясы қай жылы ашылды? (1944)

      7. 1941 жылы Москва түбінде ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровқа арналған ән қалай аталады және авторы кім? (“Жас қазақ”, әні Р. Елебековтікі, сөзі Ғ.Елебаевтікі)

      8. Қарт домбырашы Дина Нүрпейісованың майданда жүрген қазақтар сүйіп тыңдайтын күйі?  («Ана бұйрығы»)

      9. Ұлт композиторлары қолынан шыққан тұңғыш қазақ операсы  сол жылдары жазылған қазақ операларының ішіндегі шоқтығы биік туынды (“Абай”,  авторлары А.Жұбанов, Л.Хамиди)

      10. Майдандағы жаппай ерлік, тылдағы адамдардың жанқиярлық еңбегі  туралы жазылған әскеи-патриоттық «Найзағай», «Панфиловшылар жыры», «Мәлік Ғабдуллин туралы жырдың» авторы кім? (Бақытжан Байқадамов)

      11.  1942 жылы Ленинград блокадасында қалған отандастарына жігер, қайрат беруге арнап жазылған «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім? (Жамбыл)

      12. Соғыстың ауыр жылдарында қазақ өнер қайраткерлері госпитальдар мен әскери бөлімшелерде концерттер қойған, майданның алдыңғы шебіне барып, жерасты үйлерінде, палаткаларда, орыс ормандарында «Ах, Самара, городок» әнін бірнеше мәрте шырқап, көпшілік көңілінен шыққан әнші? (Роза Бағланова) 

                                                                    








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет