Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары: 1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады



жүктеу 272.79 Kb.
Дата31.03.2016
өлшемі272.79 Kb.
: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»
manhaj -> Тәубенің шарттары
manhaj -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
manhaj -> Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек? Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?»
manhaj -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
manhaj -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
manhaj -> Ислам үмметіндегі бүліктердің және бөлінудің себептері
manhaj -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»
Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары:

1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді. Жетпіс екі тобы Отта, ал біреуі Жәннатта». Сахабалар одан: “Олар (құтылғандар) кімдер?!”, - деп сұрады. Ол бұған: «Олар – мен және менің сахабаларым ілескенге ілесетіндер», - деп жауап берді. Ахмад 4/102, Абу Дауд 2/503, әт-Тирмизи 3/367, Ибн Мажжаһ 2/479.

Бұдан қалған адасқан топтар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары ұстанғанға ілеспейді деген қорытынды шығады, өйткені олар бидғаттарға батып кеткен.

Мысалы, бидғаттардың бір түрі – бұл бізде сәнге айналғандай жамағаттар (партиялар, ұйымдар) құру.

Аллаһ Тағала былай деп айтады:



وَلَا تَكُونُوا مِنَ الْمُشْرِكِينَمِنَ الَّذِينَ فَرَّقُوا دِينَهُمْ وَكَانُوا شِيَعاً كُلُّ حِزْبٍ بِمَا لَدَيْهِمْ فَرِحُونَ

«Аллаһқа бой ұсынған түрде, Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі көпқұдайшылдардан, сондай діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандардың қатарынан болмаңдар» («әр-Рум» сүресі, 31-32-аяттар).

Ал олар дінге немен бөліну салды? Олардың сенімдері, сөздері және істері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының ұстанғанына сәйкес келмеуімен! Әрі Аллаһ Тағала да бізді мүшриктерге ұқсамауға және Оның дініне бөлінушілікті кіргізбеуге ынталандырады.




2 – Бидғат - мұсылмандар арасындағы келіспеушіліктер мен араздықтардың себебі.
Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай :

فَإِنْ آمَنُواْ بِمِثْلِ مَا آمَنتُم بِهِ فَقَدِ اهْتَدَواْ وَّإِن تَوَلَّوْاْ فَإِنَّمَا هُمْ فِي شِقَاقٍ

«Сонда егер олар сендер иман келтірген сияқты иман келтірсе, онда рас тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, бөлінуге түседі» («әл-Бакара» сүресі, 137-аят). Міне сондықтан да біздің кезімізде көп адамдар: «Неліктен біз келіспеушілікте жүрміз? Біз барлығымыз бірге болуымыз керек, біз барлығымыз Аллаһтың жібінен ұстауымыз керек», - деп айтып жатқанын көрудеміз. Иә, дәл содан ұстауымыз қажет. Аллаһтың жібінен, ал ол – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті. Сүннет! Сүннет! Осы сөзді есте сақтаңыздар! Бұл сөз сіздердің үнемі айтатын сөздеріңізге айнылуға тиіс! Бұрын сіздердің жахильдік тұстарыңызда қандай да бір сөздерді сөз байлау ретінде қолданғандарыңыз сияқты, қазір «Сүннет» сөзін өздеріңе сөз байлау етіп алыңыздар! Қайсы бір сөйлем айтсаңдар да: «Сүннет! Сүннет! Сүннет!», - деп айта беріңіздер. Бұл сөз адамдардың жүрегіне, етіне, сүйегіне сіңгенге дейін айта беріңіздер! Сенімдегі Сүннет, істердегі Сүннет, сөздердегі Сүннет! Әрі мұны қайталауға жалықпаңыздар! Сіздерден біреулеріңіз: «Жарайды, біз түсіндік, мұны қайталап айта беруді тоқтатыңыз, жетер енді!», - деп айтатын шығар. Жоқ, жетпейді! Нух (оған Аллаһтың сәлемі болсын) не нәрсеге шақырды? 950 жыл нені уағыздады?! Пайғамбар бола тұра бір сөзге шақырды емес пе?! 950 жыл бойы! Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай:

لَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحاً إِلَى قَوْمِهِ فَقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُواْ اللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَـهٍ غَيْرُهُ إِنِّيَ أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ

«Расында, Нухты еліне пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: “Әй, елім! Аллаһқа құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа (құлшылыққа лайықты) құдайларың жоқ. Шәксіз, мен сендерге келетін Ұлы күннің азабынан қорқамын”, - деді» («әл-А'раф» сүресі, 59-аят).

Тура сол сияқты біз де: «Аллаһқа құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа (құлшылыққа лайықты) құдайларың жоқ! Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесіңдер, сендер үшін Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесінен басқа өнеге жоқ!», - деп айтамыз. Сүннет! Сүннет! Сүннет! Сүннет! Тағы да Сүннет! Және Сүннет! Сүннет! Тағы да Сүннет! Қиямет күніне дейін – Сүннет! Әркез «Сүннет» сөзін айтыңдар! Мұны адамдарға сіңдіріңдер! Мұны әркез адамдарға баяндаңдар!

Сондықтан да, бидғаттар – мұсылмандардың арасындағы келіспеушіліктердің ең үлкен себептерінің бірі. Назар аударыңыздар, бір қызық жайт: егер сіз біздің кезімізде адамдарға Сүннетті айтып жеткізе бастасаңыз, олар: «Мұныңды қой, сен осылай істеуіңмен фитна жасап жатсың, мұсылмандардың арасына алауыздық салудасың!», - деп айтады. Аллаһ Ұлы! Ал іс жүзінде алауыздық салып жатқан кім?! Өйткені мен сіздерді бір-ақ нәрсеге шақырудамын, ал ол не?! Осы үмметтің саләфтарының (алдыңғы буын өкілдерінің) сенімі, манхажы! Бір-ақ нәрсеге шақырудамын: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары ұстанғанға ілесіңдер!» Ал сіздер мені неге шақырып жатырсыңдар! Отқа шақырып жатырсындар! Мені бөлінуге, содан соң Отқа алып келетін келіспеушілікке шақырудасыңдар! Не үшін? Өйткені бір қалада үш мешіт бар делік: мына жерде – ихуан әл муслиминнің мешіті, мына жерде – таблиғ уа дағуа мешіті, ал мына жерде – хизб ут-тахрир мешіті, басқа жерде – тағы бір мешіт. Мен әрбір мешітке кірген кезімде сол жамағаттардың өкілдерінің біреуі мені өзіне тартады, солай емес пе? Олардың әрбірі мені өзіне тартып, өз жамағатына кіргізгісі келеді. Ал кейін мен оларға: «Жоқ, сендердің ұстанатындарың – бидғат және адасушылық! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны ұстанбаған!», - деп айтсам, олар маған: «Фитна жасама, мұсылмандардың арасына алауыздық салма!», - дейді. Қандай мұсылмандардың арасына?! Сендер онсыз да алауыздықтасыңдар ғой! Ал мен сендерді біртұтас етіп жинауды қалаймын! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ихуан жамағатында болып па еді? Жоқ, жоқ! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таблиғ жамағатында болып па еді? Жоқ! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хизб ут-тахрирде болды ма? Жоқ! Ендеше жалғыз біртұтас болған нәрсеге оралайық, ал ол - Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының сенімдегі, амалдардағы, сөздердегі ұстанғандары.


3 - Аллаһ Тағала бидғатты қабыл етпейді.
‘Аишадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім біздің бұл ісімізге (дінге) оған қатысты болмаған нәрсені енгізсе, ол қайтарылады!» Бұл хадистің басқа бір нұсқасында: «Кім біз нұсқамаған амалды істесе, ол қайтарылады!», - деп айтылады. әл-Бухари 2697, Муслим 1718.


4 – Бидғат – бұл Сүннеттің тасталуының және өлтірілуінің ең ұлы себептерінің бірі.
Ізгі алдынғы буын өкілдері: «Қайсыбір халық (қауым) қандай да бір бидғатты тірілтсе, ол сонысымен Сүннетті өлтіреді», - деп айтатындарындай.

Ғадыф ибн әл-Харастың сөздерінен (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер қайсыбір қауым (дінге) бидғат енгізсе, олар осы үшін сол бидғаттың дәрежесіне тең Сүннеттен айырылады!» Ахмад 4/105.

Бұл хадистің тізбегіндегі ‘Абдуллаһ ибн Абу Марьям атты жеткізуші болғандығы себебті хадистің сенімділігіне қатысты имамдардың арасында келіспеушіліктер бар. Хафиз әл-Мунзири, шейх әл-Әлбани тағы басқалар бұл хадисті әлсіз деген. Ал хафиз Ибн Хажжар мен имам әс-Суюты бұл хадистің иснадын жақсы (хасан) деген. Қз.: “Фатхуль-Бари” 13/253, “Файдуль-Қадир” 4/518, “Да’иф әт-тарғиб” 37.

Алайда осы сияқты сөздер сахабалар мен үмметіміздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінен де сенімді түрде жеткізіледі. Мысалы, Ибн Мас’уд (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтатын: “Бастарыңа ересектерді қаусайтатын және жастарды ересек ететін бүлік келіп түскенде, адамдар адасушылықты Сүннетке айналдыратын, ал егер біреу-міреу осыдан бір нәрсені тастаса, оған: «Сен Сүннетті тастап жатырсың ба?!», - деп айтылатын кезде не істейсіңдер?” (Адамдар) одан: “Бұл қашан болады, уа, Ибн Мас’уд?!”, - деп сұрады. Ол: “Сендердің ғалымдарың жойылып, (Құранды) жатқа оқушыларың көбейгенде, фақихтарыңның саны азайып, әмірлердің саны көбейгенде, шыншылдардың саны азайғанда, әрі Ақыретке арналған амалдар осы дүние үшін орындалатын кезде және адамдар дінді дін үшін емес оқып үйренетін кезде!”, - деп жауап берді. Әд-Дарими 1/64, әл-Хаким 4/514. Шейх әл-Әлбани сенімділігін растаған және мұндай хабар сахабадан жетсе де, марфуғ дәрежесіне ие, яғни Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізілген деп айтқан.

Ибн әд-Дайләми былай деп баяндайтын: “Мен ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдың (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқанын естігенмін: «Бидғат енгізілген әрбір кезде ол өсіп ұлғаяды, әрі Сүннет тасталатын әрбір кезде ол азаяды»”. Ибн Уаддах «әл-Бид’ада» 91, Ибн Батта “әл-Ибанада” 227. Шейх Машхур иснадын сенімді деген.

Хузайфа (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтатын: “Аллаһпен ант етемін, бидғаттар соншалықты таралады – тіпті біреу-міреу дінге енгізілген қандай да бір жаңалықты тастаған кезде «Сүннет тасталды!» деп айтылатын болады”. Ибн Уаддах «әл-Бид’ада»

Ибн ‘Аббас (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Адамдар үшін қайсыбір жыл келмесін, олар (дінге) жаңалық енгізеді және Сүннетті қалдырады. Әрі адамдар діндегі жаңалықтарды тірілтіп, Сүннетті өлтіре бастағанынша осылай жалғаса береді!” әт-Табарани “әл-Кабирде” 10/319, әл-Ләләкаи “Шарх усуль әл-и’тиқадта” 125, Абу ‘Амр әд-Дани “әл-Фитанда” 277. Хафиз әл-Хайсами бұл хабардың барлық жеткізушілері сенімді деп айтқан. Қз.: “Мажма’у-ззауаид” 1/188.

Хассан ибн ‘Атыя былай дейтін: “Адам Сүннетті жоғалтпастан бидғат жасамайды». Абу Ну’айм “әл-Хильяда” 6/73. Иснады сенімді.

Сондай-ақ осы сияқты сөздер Абу Идрис әл-Хауаниден де жеткізіледі. Қз.: Ибн Уадах «әл-Бида’» 90.

Мысалы, он қаламға арналған тесіктері ғана бар, әрі әрбір тесікте бір-бір көк қаламнан салынған, яғни ешбір тесіктері бос емес қаламсауытты елестетіңіздерші. Біздің Сүннет те осы секілді. Ал енді біреу тура осы қаламсауытқа, тура сол тесіктерге енді қызыл қаламдарды – ал бұл бидғаттар делік - салғысы келсе, ол осыны қаламсауыт тесіктерінен көк қаламдарды шығарып алмастан істей алады ма? Жоқ! Ол міндетті түрде көк қаламды суырып алып, ол тұрған тесікті міндетті түрде босатуы керек болады, содан соң ғана ол тесікке қызыл қаламды сала алады. Міне, сол сияқты бидғат та тірілген сайын, міндетті түрде Сүннетті өлтіреді.




5 – Бидғат – бұл тура жолдан ауытқу және Отқа апаратын жолдарға ілесу.
Бидғат пен адасушылық - екі ажырамас серік. Әрі бидғат бар жерде міндетті түрде адасушылық бар.

‘Абдуллаһ ибн Мас’удтың (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: “(Бірде) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір сызықты сызды да: «Бұл – Аллаһтың жолы!», - деді. Кейін ол оның оң және сол жағына (басқа) сызықшаларды сызды да, содан соң: «Бұл – жолдар. Осы жолдардың әрбірінде оған шақырып шайтан тұр», - деді. Кейін ол (мына) аятты оқыды:



وَأَنَّ هَـذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيماً فَاتَّبِعُوهُ

«Менің жолым осындай. Ендеше соған ілесіңдер»”. Бұл хадисті имам Ахмад 1/453, және ән-Насаи «Сунан әл-Кубрада» 6/343 келтірген.

Аллаһ Тағала бұл аятта былай деді:



وَأَنَّ هَـذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيماً فَاتَّبِعُوهُ وَلاَ تَتَّبِعُواْ السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَن سَبِيلِهِ ذَلِكُمْ وَصَّاكُم بِهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

«Менің жолым осындай. Ендеше соған ілесіңдер де өзге жолдарға1 ілеспеңдер, өйткені олар сендерді Оның жолынан тайдырады. Ол сендерге осыны өсиет етті, - бәлкім, қорқарсыңдар» («әл-Ән'ам» сүресі, 153-аят).

Жәннатқа апарар жол ұзын! Егер сен ықыласты адам болсаң, онда сенен талап етілетіннің барлығы – Мухаммад Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламды таратудағы үйреткен себептерді алу, ал нәтиже Аллаһ Тағаладан! Және осының мысалы – оның дұшпандары туралы Аллаһ Тағала:



قُتِلَ أَصْحَابُ الْأُخْدُودِ

«Ор иелері жойылсын» («әл-Буруж» сүресі, 4-аят), - деп айтқан жасөспірім туралы хадис.

Сухайб (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп баяндағанын жеткізген: «Бұрынғы замандарда бір патша өмір сүрген еді. Оның сарайында сиқыршы бар еді. Сиқыршы қартайған кезінде патшаға былай деді: «Мен өте қартпын, сондықтан маған бір ұл баланы жібер, мен оны сиқыршылық кәсібіне үйретемін». Сонда патша сиқыршыға шәкірт етіп бір жасөспірімді тағайындады. Жасөспірім сиқыршыға дәріс алуға баратын жолдың үстінде монах өмір сүретін. Бірде жасөспірім бала әлгі монахтың жанына кіріп, оны тыңдады және оның сөздері оның жүрегіне қонды. Жасөспірім сиқыршыға дәріске баратын әрбір кезде монахқа кіріп, оның алдында отыратын болды. Ал ол сиқыршыға келген кезінде сиқыршы оны ұратын еді. Жасөспірім бұл жөнінде монахқа шағымданып айтқанында, ол оған: «Егер сен сиқыршыдан қорықсаң, оған сені жанұяң ұстап қалды деп айт, ал отбасыңнан қорыққан кезде, сені сиқыршы ұстап қалды деп айт», - деп кеңес берді.



Елде адамдардың жолын бөгейтін үлкен жануар пайда болмайынша біршама уақыт осылайша жалғаса берді. Жасөспірім жануарға барып, өз-өзіне: «Мен бүгін сиқыршы жақсы ма, әлде монах па, соны анықтаймын», - деді. Ол қолына тас алып: «Уа, Аллаһ, егер Саған әлгі сықыршыға қарағанда монахтың ісі сүйіктірек болса, адамдар өту үшін мына жануарды өлтір», - деді. Кейін ол тасты жануарға лақтырды да, оны өлтіріп, адамдардың жолын ашып берді. Кейін ол монахқа барды да, оған болған жағдайды баяндап берді. Монах: «Уа, балам! Бүгін сен мен көріп жүргенімнен де едәуір жақсырақ болдың. Сенің биік дәрежеге жеткеніңді көрудемін. Ақиқатында, сен сынаққа алынасың. Сол орын алған кезде, мені айтып қойма», - деді.

Сол кезден бастап жасөспірім зағиптар мен алапестерді емдей бастады, адамдардың басқа да ауруларына шипа тауып берді. Бұл жөнінде патшаның зағип болған бір жақыны біліп қалды. Ол жасөспірімге көп сыйлықтар алып келіп: «Егер мені емдесең, мынаның барлығы – саған», - деді. Жасөспіріп: «Мен ешкімге шипа бермеймін. Шипаны тек Аллаһ береді. Егер сен Аллаһқа иман келтірсең, мен Оған дұға етемін, ал Ол саған шипа береді», - деді. Патшаның жақыны Аллаһқа иман келтірді, ал Аллаһ оған шипа берді. Содан соң ол баяғысындай патшаның жанына келіп отырды. Патша: «Саған көру қабілетін кім қайтарды?», - деді. Жақыны: «Менің Раббым», - деді. Патша ашуланып: «Сенің менен басқа Раббың бар ма?!», - деді. «Менің және сенің Раббымыз - Аллаһ», - деді жақыны. Құтырып ызаланған патша жақынын ұстап алуды бұйырып, ол жасөспірімді айтып бермейінше, оны қинай берді. Патша жасөспірімді алып келуді бұйырды, ал ол келген кезде: «Уа, балам! Сен сиқыршылықта зағиптар мен алапестерді емдейтіндей дәрежеге жетіпсің және басқа да көптеген істерді жасай алады екенсің!», - дейді. Жасөспірім: «Мен ешкімге шипа бермеймін. Шипа беруші - тек Аллаһ!», - деп жауап берді. Сонда патша оны ұстап алып, ол монахты айтып бермейінше, оны азаптады. Монахты алып келіп, оған: «Дініңнен бас тарт!», - деді. Монах мойынсұнбады, ал патша сол кезде араны алып келуді бұйырды да, оны монахтың басындағы орта сызыққа қойғызып, оның денесі екіге бөлініп тасталғанынша аралай берді. Содан соң патшаның жақынын алып келді. Патша оған да дінінен бас тартуды бұйырды. Ол мойынсұнбады, сонда тағы да ара алып келінді де, оны патшаның жақынының басының ортасындағы сызықтан қойып, оны екіге аралап кесіп тастады. Содан соң жасөспірімді алып келді және оған да дінінен бас тарту бұйырылды. Жасөспірім мойынсұнбады. Сонда патша оны сақшыларына қарай лақтырып: «Оны пәлен тауға алып барып, оның төбесіне алып шығыңдар. Төбесіне жеткен кезде, оған дінінен бас тартуды бұйырыңдар, ол осыны істемесе, оны төбеден төмен қарай лақтырыңдар!», - деді. Сақшылар жасөспіріммен бірге тауға қарай бет алды да, оның төбесіне жеткен кезде, жасөспірім: «Уа, Аллаһ! Мені олардан өзің қалаған жолыңмен құтқар!», - деді. Кенеттен тау сілкіне түсті де, сақшылар төменге қарай ұшып құлады. Ал, жасөспірім тағы да патшаның алдына барды. Патша одан: «Сенің серіктеріңе не болды?», - деп сұрады. «Аллаһ мені олардан құтқарды», - деді жасөспірім. Сонда патша оны қызметшілерінің басқа бір тобына лақтырып: «Оны теріге орап, теңіздің ортасына алып шығып, егер ол дінінен бас тартпаса, суға тастаңдар!», - деді. Қызметкерлер патшаның бұйрығын орындауға аттанды. Ал, жасөспірім: «Уа, Аллаһ! Мені олардан Өзің қалаған жолыңмен құтқар!», - деді. Кенеттен қайық аударылды да, қызметшілер суға кетті. Ал, жасөспірім аман-есен тағы да патшаға келді. Оны көріп, патша: «Серіктерің қайда?», - деді. «Аллаһ мені олардан құтқарды. Сен мені мен саған бұйырған нәрсені істемейінше өлтіре алмайсың» - деді. «Мен не істеуім керек!» - деді патша. Жасөспірім: «Адамдарды бір алаңға жина да, мені ағаштың діңгегіне керіп байлап таста. Сосын менің қорамсағымнан жебені ал да, оны садақтың ортасына қойып: «Мына жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!» - деп айт, ал содан кейін ат. Ақиқатында, сен мені осыны істесең ғана өлтіре аласың», - деп жауап берді. Сонда (патша) бір алаңға адамдарды жинап, (жасөспірімді) ағаштың діңгегіне керіп байлап, оның қорамсағынан жебе алып, оны садақтың ортасына қойып: «Мына жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!», - деп оқ атты, оқ жасөспірімнің самайына қадалды. Ол өз самайын қолымен ұстаған күйінде өлді, ал адамдар: «Біз бұл жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік! Біз бұл жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік! Біз бұл жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік!», - деп айта бастады. Содан соң патшаға (оның адамдары) келіп: «Сен өзің қауіптенген нәрсең туралы не айтасың? Аллаһтың атымен ант етеміз, сенің қорыққан нәрсең басыңа келді, өйткені адамдар иман келтірді!», - деді. Сонда патша (қала) қақпаларының қасынан орлар (қазуды) бұйырды, ал орлар қазылып болып, оларға от жағылған соң, (патша): «Өз дінінен бас тартпағанның әрбірі отқа тасталады және оларға: «Өздеріңді отқа тастаңдар!», - деп бұйырылады!», - деді.

Әрі адамдарды жалынды орға тастай бастады. Сол кезде бір мүмин әйел қолындағы баласымен жалынға жақындаған кезде, батылы бармай тоқтап қалды. Сол кезде оның қолындағы сәби баласы (сөйлеу қабілеті дарып): «Анашым! Табандылық таныт, өйткені сенің (дінің)хақ, - деді». Муслим 3005.

Жасөспірім жеңісті өз көздерімен көрмеді, бірақ ол себептерді алды.


Аллаһ Тағала былай деді:

يَا أَيُّهَا الرَّسُولُ بَلِّغْ مَا أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَ وَإِن لَّمْ تَفْعَلْ فَمَا بَلَّغْتَ رِسَالَتَهُ وَاللّهُ يَعْصِمُكَ مِنَ النَّاسِ

«Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Аллаһ сені адамдардан қорғайды» («әл-Маида» сүресі, 67-аят).

Біз де, Пайғамбардың (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мирасқорлары, адамдарға жеткіземіз. Адамдар қабылдайды ма, қабылдамайды ма – нәтижені күтпеңіздер, ықыласты болыңыздар, ықыласты болыңыздар! Егер Аллаһ қаласа – тура жолға салады, қаламаса – салмайды! Біздің ісіміз – жеткізу. Біздің ісіміз – жеткізу! Бұл – ұзын жол! Бұл – ұзын жол! Осы жолда болыңыздар! Осы ұзын жолда болыңыздар! Жеңіс оңайлықпен берілмейтінін біліңіздер! Осы ұзын жолда болыңыздар! Әрі әлгі қысқа жолдарға түспеңіздер!


6 – Бидғат – бұл Аллаһтың нығметтеріне шүкірлік етпеу.
Аллаһ Тағала былай деп айтты:

وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكُمْ لَئِن شَكَرْتُمْ لأَزِيدَنَّكُمْ وَلَئِن كَفَرْتُمْ إِنَّ عَذَابِي لَشَدِيدٌ

«Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” («Ибраһим» сүресі, 7-аят).

ШукруЛлаһ – Аллаһқа шүкір ету біздің тілімізде де, сенімдерімізде де, істерімізде де екенін біліңіздер!

Аллаһ Тағала былай деп айтты:

اعْمَلُوا آلَ دَاوُودَ شُكْراً وَقَلِيلٌ مِّنْ عِبَادِيَ الشَّكُورُ

«Әй, Дәуттің әулеті! Шүкірлік ретінде еңбек етіңдер! Бірақ құлдарымның арасында шүкір етушілер аз» («Саба» сүресі, 13-аят).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түндер бойы табандары жарылғанша намаз оқып, дәл осылай ететін, ал Айша (Аллаһ оған разы болсын) одан: «Сен не үшін осылай істейсің, Аллаһ сенің өткен және болашақ күнәларыңды кешірді ғой?», - деп сұрағанда, ол: «Ендеше мен шүкір етуші құлдардан болмаймын ба?», - деп жауап берді. Әл-Бухари және Муслим.

Аллаһ Тағала бізге нығметін – Исламды берді. Әрі ең ұлы нығмет – бұл Ислам нығметі. Исламдағы ең ұлы нығмет – бұл Сүннет нығметі. Ал мұны бізге Аллаһ берген екен, онда егер біз Аллаһқа шүкіршілік етпесек, Оған өздеріміздің істерімізбен шүкіршілік етпесек және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ие болған сенімдерге ие болмасақ, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істеген істерді істемесек, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан сөздерді айтпасақ, Аллаһ бізден бұл нығметін алып қояды.


7 – Бидғат – бұл Шариғатқа түзетулер енгізу.
Исламға бидғаттарды енгізуші адам, мейлі ол сенімдердегі, мейлі сөздердегі, мейлі амалдардағы болсын, жанама түрде Аллаһтың шариғатына түзетулер енгізген болады.

Яғни, мысалы, бұрын депутаттар жиналып: «Конституцияға түзетулер енгізілді...», - дейтін. Өйткені осы конституцияларды шығаратын адамдар, біріншіден, тек осы дүниені ғана ойлайды. Сіздер, жер бетінде қай жерде болса да екі дүниені де ескеретін конституция көрдіңіздер ме? Жоқ! Және егер сіздер осы дүние мен Мәңгі дүниені салыстырсаңыздар, бұл дүние – болмашы ғана. Яғни, іс жүзінде, сіздің конституцияңызда 100 заң болса, олардың 80-90-ы арғы дүниемен байланысты болуы керек! Солай емес пе?! Әрі тек 10-20-сы ғана осы дүниемен (байланысты болуға тиісті). Біз мұны Аллаһтың шариғатында көретініміздей! Екіншіден, олар – адамдар ғана! Олар өздерін не күтіп жатқанын білмейді! Ал Аллаһ Тағала бізді Құранды түсіргенде не деп айтты? Аллаһ Тағала былай деді:

أَلَا يَعْلَمُ مَنْ خَلَقَ وَهُوَ اللَّطِيفُ الْخَبِيرُ

«Жаратқан білмей ме? Ол тым Жұмсақ, әр нәрсені толық Білуші» («әл-Мүлк» сүресі, 14-аят).

Ол бізді жаратты және біз үшін не нәрселерде игілік бар екендігін біледі! Біз үшін қай істе және қай жерде жақсы нәтиже болатынын біледі, әрі егер біз солай амал етсек осыда бізге бұл дүниеде де, ақыретте де игілік болады! Ал конституцияларды шығарушы адамдар осыны ескермейді. Олар арғы дүние туралы білмегені былай тұрсын, бізді болашақта не күтетінін де білмейді. Міне сондықтан да олар тұрақты түрде түзетулер, түзетулер, түзетулер енгізе береді. Конституцияға түзетулер үнемі жасалып жатыр емес пе? Өйткені олар ескермеген бір жаңалық орын алады да, олар соған сәйкес түзетулер енгізуіне тура келеді.

Әрі Аллаһтың дініне бидғаттар енгізуші адам да осы адамдар тәрізді. Ол Аллаһ Тағаланың шариғатына түзету енгізгісі келеді. Аллаһ Тағала: «Былай істеңдер!», - деп айтса, ол: «Жоқ, Аллаһ, былай істеу қажет!», - деп айтқан болады. Аллаһ Тағала мәуліт жасауға тыйым салды. Не үшін тыйым салды? Өйткені егер оны жасауға болатын болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны заңдастырып қояр еді, ал ол (бидғатшы): «Жоқ, мәулітті жасау керек!», - дейді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "...әрбір бидғат – адасушылық!", - деген. Ал ол (бидғаттардың жақтаушысы): «Жоқ, әрбір бидғат адасушылық бола бермейді, құпталатын (жақсы) бидғаттар да бар», - деген сияқты сөздер айтады. Көрмейсіздер ме, қалайша Аллаһтың дініне түзетулер енгізеді.


8 – Дінге жаңалық енгізуді жақтайтын адам Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол бізге дінді толық жеткізбеді деп айыптаған болады.
Сондықтан да дінге белгілі бір нәрселерді енгізуші адам, кейбір бауырларымыздың кейде айтатынындай: «Егер бізде жамағат болмаса, әміріміз болмаса, шура болмаса жұмыс істеу мүмкін болмайды! Дағуат жасаудың өзі мүмкін болмай қалады!», - деп жатады. Уа, менің бауырым, сен Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыны (бізге жеткізбеді деп) айыптап тұрсың ба? Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осылай (сен айтып тұрғандай) істеді ме? Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арабтар келетін кезде ол оларға: «Өз халықтарыңа оралыңдар да, оларға дағуат жасаңдар», - дейтін. Ол: «Сол жаққа келген кезде жамағат жинап алыңдар да, әмір сайлаңдар және оған ант беріңдер!», - демейтін. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әдіснамасында (манхажында) мұндай нәрсе болмаған! Әрі: «Мүмкін емес!», - деуші адамға біз: «Қалайша мүмкін емес? Мүмкін! Уа, бауырлар, мүмкін! Тіпті мүмкін екендігі былай тұрсын, осылай дағуат ету – Сүннет!», - деп айтамыз! Осы адамдар айып тағып жатқан сияқты! Міне сол сияқты таблиғ жамағаты да 3 күнге, 7 күнге, 40 күнге шығады т.с.с. Сонысымен олар Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге осы (олар істеп жүрген әрі Сүннетте жоқ) нәрселерді жеткізбеді деп айыптаған болады.


9 – Дінге жаңалық енгізуді жақтаушы Аллаһ Тағаланың уахиін ауыстырады (Сүннеттен айырылады).
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Егер қандай да бір халық дінге жаңалық енгізсе, олар міндетті түрде осы бидғаттың дәрежесіне тең Сүннеттен айырылады!» Ахмад 4/105.


10 – Дінге жаңалық енгізуші Аллаһтың құлдарын адасушылыққа салады.
Дінге жаңалық енгізуді жақтаушы адам өзінің адасқандығымен шектелмейді. Ол өзінің адасушылықтарын адамдардың арасында тарата бастайды. Аллаһ Тағала былай деп айтады:

ومن الناس من يجادل في الله بغير علم



«Адамдардың арасында Аллаһ туралы білімсіз айтысындары бар».

Қатада бұл аят туралы былай дейтін: «Бұл бидғатқа шақыратын дінге жаңалық енгізудің жақтаушысы». Әл-Ләләкаи «Иътиқад Әһли-Сунна» 1/115.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "...әрбір бидғат – адасушылық!", - деген.


11 – Бидғатты жақтаушылардың беттері Қиямет күні қарайып кетеді.
Аллаһ Тағала былай деп айтты:

يَوْمَ تَبْيَضُّ وُجُوهٌ وَتَسْوَدُّ وُجُوهٌ



«Қиямет күні кей беттер ағарып, кей беттер қараяды» («Әли Имран» сүресі, 106-аят).

Абдуллаһ ибн Аббас: «Әһлю-Суннаның (Сүннетті жақтаушылардың) беттері ағарып, бидғаттар мен келіспеушіліктерді жақтаушылардың беттері қараяды», - деп айтты. Ләликаи "Усуль әл-иттиқадта" 74.




12 - Аллаһ Тағала бидғатты жақтаушының тәубесін қабыл етпейді.
Анастан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, Аллаһ бидғатты жақтаушының тәубесін ол осы бидғатты тастамайынша қабыл етпейді». әт-Табарани 4360, Абу әш-Шейх 259, Ибн Абу ‘Асым 37. Хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған. Өйткені бидғат жасау күнә жасаудан анағұрлым жаман. Бидғат жасау зина жасаудан, ұрлық істеуден т.с.с. жаман. Зина жасаушы немесе ұры адам өзінің дұрыс емес істер істеп жүргенін біледі. Солай емес пе? Ұрының өзі, тіпті кәпір болса да, өзінің істеп жатқаны дұрыс емес екендігін біледі? Осыны білесіздер ме? «Дәлел қандай?», - дейсіздер ме? Сен оның өзінен ұрласаң ол үндемей қояды ма, әлде жоқ па? Ол сенімен ұрысады ғой, солай емес пе? Демек бұлай істеуге болмайтынын оның өзі де біледі, солай емес пе? Егер кісі өлтіруші және тонаушылықпен айналысатын адамның отбасына қатысты соны істесең, осы оған ұнамайды ғой, иә? Зина жасаушы адамның шешесімен немесе әпкесімен біреу зина жасағанын жақсы көреді ме? Әрине, жоқ! Адамдар, тіпті кәпірлер де, қандай да бір үлкен күнәларды жасап жүріп, өздерінің істеп жүргендері дұрыс еместігін біледі. Ал бидғат жасайтын бидғатшы өзінің істеп жүргенінің дұрыс емес екендігін білмегені былай тұрсын, ол тіпті сізбен осынысын дұрыс іс деп күреседі, соғысады! Өзі дінге жаңалық енгізеді, әрі сен оған бұны тыйым салсаң сенімен соғысады! (Тіпті өзінің бидғатын Сүннет деп айтудан, ал сені Сүннетке қарсы шыққан адасушы деп айтудан тайынбайды!) Сондықтан да Аллаһ Тағала олардың тәубесін қабыл етпейді! Олар істеп жатқан істеріне тәубе етуді ойлап та тұрған жоқ болса, Ол олардың тәубесін қалай қабыл етеді?!


13 - Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) су айдынынан айырылу.
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күні онда су айдыны болатынын және оның жағасында аспандағы жұлдыздардың санына тең ыдыстар болатынын баяндады. Сол кезде оның үмметінен болған адамдар сол су айдынынан су ішуге келеді. Адамдар осы су айдынына қарай жүріп барады, жүгіреді, әрі періштелер келіп осы адамдарды алып кетеді. Сол кезде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): ”Уммати! Уммати!“ (Үмметім! Үмметім!), - дейді. Ал періштелер оған: «Ақиқатында, олар сенен кейін қандай жаңалықтар енгізгенін сен білмейсің!», - деп айтады. Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не деп айтты? «Кешіріңдер», - деп пе? Жоқ! «Алып кетіңдер! Алып кетіңдер! Оларға сол керек!», - деді. Көрдіңіздер ме, бидғаттар жасап жүрген адам Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) су айдынынан мақұрым болады.
14 – Бидғаттар Сүннетке деген жеккөрушілікті туғызады.

Бидғаттарды жақтаушылардың кез келгені Сүннетке деген ұнатпаушылық сезінеді. Бақия былай деп баяндайтын: ”Бірде әл-Аузағи маған: «Уа, Абу Мухаммад, сен өз Пайғамбарының Сүннетін жек көрушілер туралы не айтасың?», - деді. Мен: «Олар жаман қауым», - деп жауап бердім. Ол осыған: «Сен бидғатты жақтаушылардың кез келгеніне Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның бидғатына қайшы келетін нәрсені жеткізсең, ол осы хадисті жек көре бастайды», - деді”. Әл-Бағдади «Шараф асхабуль-хадис» 1/73.

Әрі егер адамдар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисін жаман көрсе, онда мұндай қауымды күмәнсіз құрыған деп айтуға болады.
15 – Бидғаттар Исламды бұзады.

Бидғат Исламды бұзып-қиратудың жолы болып табылады, өйткені ол Исламның негіздеріне немесе оның жалпы ұғымдарына немесе оның қандай да бір бөліктеріне қайшы келеді. Әрі сондықтан да осының барлығы Исламға кірсе, одан еш нәрсе қалмайды. Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне назар бұрыңыздар:

يأيها الذين آمنوا إن تطيعوا فريقاً من الذين أوتوا الكتاب يردوكم بعد إيمانكم كافرين

«Әй, иман келтіргендер! Егер сендер Кітап иелерінің кейбіреулеріне бағынсаңдар, олар сендерді иман келтіргендеріңнен кейін кәпірлерге айналдырады»». Кітап иелері бидғаттың ең жаман түрлерін жасағандықтары жалпыға мәлім. Олар Үштіктің (Троица) бидғатын, Аллаһтан түсірілген кейбір Кітаптарға иман келтіріп, басқаларына иман келтірмеу бидғатын ойлап тапты. Яхудилердің, Аллаһ оларды лағынеттесін, Аллаһты кедейлікпен және шаршаумен сипаттап, Оның есімдері мен сипаттарында жасаған бидғаты жан түршігерлік.

Ибраһим бин Майсара былай дейтін: «Кім бидғаттың жақтаушысына құрмет көрсетсе, сол Исламның бұзылып-қиратылуына көмектескені». Әл-Ләләкаи «Иътиқад Әһлю-Сунна» 1/139.


16 - Бидғат екіжүзділікке жетелейді.
Фудайль ибн Ийяд, Аллаһ оны рахым етсін, былай дейтін: «Ақиқатында, Аллатың зікір үйірмелерін іздеп жүретін періштелері бар. Сондықтан да кіммен отырғандарыңа қараңдар. Әрі ол бидғаттардың жақтаушысы болмасын. Өйткені Аллаһ оларға қарамайды. Әрі бидғаттың жақтаушысымен отыру екіжүзділіктің сипаты болып табылады». Әл-Ләләкаи «Иътиқад Әһлю-Сунна» 1/138

Аллаһ Тағала былай деп айтады:

وقد نزَّل عليكم في الكتاب أن إذا سمعتم آيات الله يُكفر بها ويُستهزأ بها فلا تقعدوا معهم حتى يخوضوا في حديث غيره إنكم إذاً مثلهم

«Ол сендерге Кітапта егер сендер олардың Аллаһтың аяттарын теріске шығарып жатқандарын және оларды келемеждегенін естісеңдер, олар басқа сөздерге берілгенге дейін олармен бірге отырмауларыңды түсірген еді. Кері жағдайда сендер солар сияқты боласыңдар».
17 - Бидғаттар иманның зая болуына себеп болады.
Біз иманның амалдар екенін білеміз. Ал бидғаттар - амалдардың бұзылып-қирауына алып барар жол. Амалдардың бұзылуы иманның бұзылуына әкеп соқтырады. Ал бидғаттар амалдарды бұзады дегенге дәлелге келер болсақ, Аллаһ Құранда былай деп айтады:

ومن يشاقق الرسول من بعد ما تبين له الهدى ويتبع غير سبيل المؤمنين نوله ما تولى ونصله جهنم وساءت مصيراً



«Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүминдердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!» («Ән-Ниса» сүресі 115-аят).

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Кім (дінде) біздің нұсқауымыз болмаған бір нәрсе жасаса, ол одан қабыл болмайды».


18 – Бидғаттар мұсылмандардың өлтірілуін және олардың ар-намысы мен мал-мүліктеріне қол сұғушылықты рұқсат етуге алып келеді.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Мен қайтыс болған соң, бір-бірінің басын шабатын кәпірлерге айналмаңдар!» Әл-Бухари 6666. Сондықтан да Сүннетке қайшы келетін және бидғаттар жасайтын адамның ерте ме, кеш пе өзіне мұсылмандарды өлтіруді рұқсат етіп алатыны да таң қаларлық нәрсе емес. Әрі бұған тарихта мысалдар өте көп. Мұндайдың ең жарқын мысалы – хауариждер. Олар осы күнге дейін мұсылмандардың өміріне қастандық жасауға болады деп есептейді.

Абу Қиләба былай дейтін: «Кім (дінде) қандай да бір жаңалық жасауды бастаса, сол міндетті түрде мұсылмандарды өлтіруді рұқсат етеді». Әд-Дарими 1/58.

Хафиз Ибн Касир хауариждер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы ‘Абдуллаһ ибн Хаббабты оның жүкті әйелімен бірге тұтқынға алғанда одан: «Сен кімсің?», - деп сұрағанын баяндаған. Ол: «Мен - Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Абдуллаһ ибн Хаббабпын, сендер маған үрей салып тұрсыңдар», - деді2. Олар оған: «Қам жеме. Бізге өзіңнің әкеңнен естігеніңді айтып берші», - деді. Ол: ”Мен әкемнің: «Мен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): ”Бүліктердің уақыты келеді, ол кезде отырушы адам тұрып тұрғаннан, тұрып тұрған жүріп бара жатқаннан, жүріп бара жатқан жүгіріп бара жатқаннан жақсырақ болады3(Ахмад 5/110, ‘Абдур-Раззақ 18578, әт-Табарани 3631. Әл-Қушайри, әс-Сан’ани, Ахмад Шәкир және әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған), - деп айтқанын естігенмін», - дегенін естідім”, - деді.

Кейін олар оны байлап, өздерімен бірге алып жөнелді. Жол-жөнекей олар бір зиммийге4 тиісті болған доңызды көрді. Олардың біреуі оны қылышымен ұрып, терісін кесіп жіберді. Басқасы оған: «Сен не үшін бұлай істедің? Ол зиммийдің малы ғой!», - деді. Кейін ол доңыздың иесіне барып, оны разы болған күйінде қалдырмайынша онымен жұмсақ түрде әнгімелесті. Сондай-ақ, олардың біреуі ағаштан түскен құрманы алып жейін деп жатқанда, басқасы оған: «Сен мұны рұқсат сұрамай және ол үшін ақысын төлемей алдың!», - деді. Ол сол кезде оны бірден аузынан шығарды. Алайда мұның барлығына қарамастан, олар Абдуллаһ ибн Хаббабты сойып тастады, ал оның әйелінің: «Мен – жүкті әйелмін, сонда сендер Құдіретті Аллаһтан қорықпайсыңдар ма?», - деген сөздеріне қарамастан, басын шауып, қарнын жарып, ішіндегі баласын лақтырып тастады. Қз.: “әл-Бидая уә-ннихая” 10/583.


19 – Күмәнді нәрселерге ілесу.
Бидғаттарды жақтаушы ақиқатты қалдырады да, адасушылықтың жолына ілеседі. Әрі бұл оның әрекеттерінен немесе оның сөздерінен көрінеді, бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай:

وَلَتَعْرِفَنَّهُمْ فِي لَحْنِ الْقَوْلِ



«Әрі сен оларды белгілерінен танисың».

Әрі бидғатты жақтаушының айқын сипаттарының бірі күмәнді (муташабих) нәрселерге ілесу болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді:



فَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ ابْتِغَاءَ الْفِتْنَةِ وَابْتِغَاءَ تَأْوِيلِهِ

«Ол Аллаһ, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі іргетасы. Екінші астарлы мағыналы аяттар бар. Ал жүректеріңде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі» («Әли Имран» сүресі, 7-аят).



1 Яғни бидғаттар мен күмәндар (әт-Табари «Тафсир» 8\88).

2 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды қалжыңдап қорқытудың өзіне тыйым салған. Абдур-Рахман ибн Абу Ләйлә былай деп әңгімелейтін: “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары маған мынаны айтып берген. Бірде Пайғамбарымызбен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жасаған жорықтардың бірінде олардың біреуі ұйықтап қалады. Ол ұйықтап жатқанда басқалары оның жебелерін алып қойды. Ал ол, оянған сәтте, қорқып кетті және өзгелер (бұған) күліп жіберді. Пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) олардан: «Сендер не үшін күлдіңдер?», - деп сұрады. Олар: «Біз ол ұйықтап жатқанда оның жебелерін алып қойдық, бұл оны шошытты», - деді. Сонда ол: «Мұсылман мұсылманды қорқытуға тыйым салынады!», - деді» (Абу Дауд 4351, әт-Тирмизи 3/431. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді).

3 Яғни бүлік кезінде белсенді болмаған адам ең жақсы адам болады.

4 Зиммий – мұсылман жерлерінде өмір сүретін және жизия (салық) төлейтін кәпір. Жизия балалардан, әйелдерден, қарттардан, еш нәрсесі жоқ кедейлерден, ақыл-есі жоқтардан және аурулардан алынбайды. Ибн әл-Қайим “Әхкаму әһли-зиммә” 1/43-51.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет