«Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»



жүктеу 35.71 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі35.71 Kb.
: files -> book -> kaz -> manhaj -> erezheler
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
erezheler -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а өзгеріп отыратын оқиғаларға деген қарым-қатынас шариғи дәлелдерді түсінудің және Аллаһтың Өз жаратылыстарына қатысты әдеті туралы білімнің үстінде негізделуі қажет екендігіне мығым сенеді»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰран мен сүннетті салиқалы сәЛӘфтардың ТҮсінуінен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлерге ұқсап-еліктеуден және олардың жолына ілесуден сақтандырады»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а шариғаттың Үш мақсаты бар екенін растайды, олар: зиянды қайтару, пайданы қамту және көркем мінезді ұстану қажеттігі
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а дінді дүниелік мүдде-мақсаттарға жетудің ҚҰралы етуден сақтандырады
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Отыз төртінші ереже:
«Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»
Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ وَمِنَ النَّاسِ مَن يُعْجِبُكَ قَوْلُهُ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَيُشْهِدُ اللَّهَ عَلَى مَا فِي قَلْبِهِ وَهُوَ أَلَدُّ الْخِصَام ﴾

«Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңарқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол өте сотқар қаскүнем» («әл-Бақара» сүресі, 204-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):

﴿ لَوْ خَرَجُواْ فِيكُم مَّا زَادُوكُمْ إِلاَّ خَبَالاً ولأَوْضَعُواْ خِلالَكُمْ يَبْغُونَكُمُ الْفِتْنَةَ وَفِيكُمْ سَمَّاعُونَ لَهُمْ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ ﴾

«Егер олар сендермен бірге жорыққа шыққанда, сендерге тәртіпсіздіктен басқа еш нәрсе қоспас еді, араларыңда бүлік сеуіп жүгірер еді. Сендердің араларыңда оларға құлақ салатындар да табылады. Аллаһ залымдарды жақсы біледі» («әт-Тәуба» сүресі, 47-аят).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Бидғатшыларды және олардың дұшпандығын тойтару ұжымдық парыз (фард ул-кифая) болып табылады және бұған барлық мұсылмандар келіседі. Әрі егер осы адамдардан келетін зиянды жою үшін Аллаһ тағайындаған адамдар болмаса, дін бұзылатын еді және осыдан келетін зиян жауығушы дұшпанның басып алуынан келетін зияннан да көбірек болатын еді. Өйткені олар жерді басып алса да, жүректерді және олардың ішінде өмір сүретін дінді бұза алмайды; мұндай бұзу тек (басып алудың) салдары ғана болуы мүмкін. Ал бұлар (бидғаттың жақтаушылары) жүректерді әуелінен бұзады» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 28/232).
Сондай-ақ шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахих хадистерде оларға қарсы соғысуды бұйырғанын ескеру қажет. Бидғаттың жақтаушылары туралы былай деп жеткізілген: «Олар – аспан астында өлтірілгендердің ең жамандары, ал өлтірілгендердің ең жақсысы – солар өлтірген (адам)» (әт-Тирмизи, 3000; Ибн Мәжаһ, 176). Мұсылмандарға олардан артық зиян тигізетін ешкім жоқ. Яһудилер де, христиандар да олармен осыда тең келе алмайды. Бидғатшылар өздерімен келіспейтін әрбір мұсылманды өлтіру үшін ынта-ыждағат танытады. Олар мұсылмандардың қаны мен мал-мүлкін, олардың балаларын өлтіруді хәлал етті. Олар мұсылмандарды кәпір дейді әрі осыны дін деп есептейді. Мұның барлығы ұлы надандық пен адасушылыққа салатын надандықтың себебінен!” (Қз.: «Минһажу-с-Сунна», 5/248).

Сондай-ақ шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Сондықтан да бидғатты жақтаушылардың көбі күшке ие болғанда, мұсылмандарды өлтіруді және оларды күпірлікте айыптауды хәлал етіп, кәпірлерге ұқсап кетеді. Хауариждер, му`тазилилер, жәхмилер және солар сияқтылар осылай істеді. Олардың арасында хауариждер мен зәйдилер сияқты, мұсылмандарға қарсы көтеріліп, жекеленген топтар құратындары бар. Бидғатшылардың арасында барлық қарсыластарын не билік арқылы, не айлакерлік арқылы жоюға ұмтылатындары бар. Ал олар күшсіз болса, онда екіжүзділерге ұқсап қалады. Өйткені бидғат күпірліктен өсіп шығады ғой. Ақиқатында, көпқұдайшыл-мүшриктер мен Кітап иелері күшке ие болса, мұсылмандармен соғыса бастайды. Ал күшсіз қалғанда олар екіжүзділік танытады. Ал мүминге келер болсақ, оған күші болғанда шамасына сәйкес дінді орнату бұйырылған. Ал мүмин адам күшсіз болса, ол басына түсетін қиыншылықтарға сабыр етеді.



Әһлю-с-Сунна бидғаттарды жақтаушылармен қарым-қатынасында мүлде керісінше істейді. Сүннетті жақтаушыларда күш болғанда, олар бидғатшыларға қарсы шектен шықпайды, оларды күпірлікте айыптамайды, оларды өлтірмейді. Олар бидғатшыларға қатысты Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған әділ әдістерді қолданады. Мысалы, ‘Умар ибн ‘Абду-л-‘Азиз хауариждер мен қадарилерге қатысты осылай істеді. Негізінде, бидғатты жақтаушыларға қатысты бойкот және оларға өз идеяларын таратуға тыйым салатын әдістер қолданылады. Мысалы, Сүннетті жақтаушылар олармен сөйлесуді және бірге отыруды қояды. Бұл бидғаттың өшуіне жетелейтін жол болып табылады. Ал егер Сүннет иелерінде күш болмаса, онда олар бидғатшылармен жасайтын қарым-қатынасында екіжүзділік танытпайты. Сүннет иелері Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарымен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберген ақиқат үшін сабыр етеді» (Қз.: «Фатауа әл-Кубра», 5/209).
Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 34-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет