Биыл 2006 жылы Қарағанды облысына 70 жыл толды



жүктеу 252.61 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі252.61 Kb.
: page
page -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
page -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
page -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
page -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
page -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
page -> Программа вступительного экзамена по специальности для поступающих в магистратуру по специальности «6M020400 культурология»
page -> Қр бғм білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті

Оқырманға

Биыл 2006 жылы Қарағанды облысына 70 жыл толды.

Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған Қарағанды облысының 70 жылдық торқалы мерейтойына арналған бұл құрал «Әлем қалаларына саяхат» атты географиялық калейдоскопқа қосымша 2-ші шығарылым .

Географиялық калейдоскоп, Қазақстан индустриясының жүрегі-Қарағанды облысының тарихы мен оның құрамына енетін қалаларының әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеу, қалыптасу жолдарынан қысқаша мағлұмат берумен қатар, баспа беттерінде жарияланған соңғы үш жыл ішінде жарыққа шыққан мақалалар мен әдебиеттердің тізімін қамтиды.

Ұсыныс құралы өлкетану жұмысымен шұғылданатын кітапханашыларға, мұғалімдерге, өлке тарихын танып-білгісі келген жас жеткіншек мектеп, колледж оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған.

Қарағанды-облыс орталығы

(қысқаша тарихи-географиялық мәлімет)


Жасампаздық еңбекпен арқаландың,

Қарыштаған қадаммен дараландың.

Жетпіс жылың-алынған Жетпіс асу,

Тойың тойға ұлассың, Қарағандым!

Сәбит Бексейіт.
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Жерінің аумағы 428,0 мың км². Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы.

Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының сотүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз-Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдалада сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары-гранитті тау массивтері көптеп кездеседі

Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш-Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі-Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы, Қу, Қарақуыс тауы, Қызылтас тауы, Қызыларай тауы т.б. көптеген таулар алып жатыр.

Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш-Ертіс су айрығынан басталып, Теңіз-Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол салалары - Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері.Облыстың оңтүстік-шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Құсақ, т.б. өзендер суландырады.

Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия , химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған , облыс экономикасының ірі орталығы.

Халқының саны 1 миллион 381,6 мың адам,оның ішінде 1 миллион 138,5 мың адам қалаларда тұрады.

Облыста республика халқының 9% -ы тұрады. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км ².- 3,2 адамнан келеді.

Қалалары : Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск .

Қарағанды облысында қазақтардан (37,6 %) басқа көптеген ұлт өкілдері мекендейді: орыстар (43,6%), украинлар (5%), беларусьтер (4.0%), немістер.(0.2%) , басқалары (7.5%).

Облыс республикадағы марганецтің баланстық қорының 100 пайызын, вольфрамның 80, молибденнің 64, қорғасынның 54, мырыштың 40, мыстың 36, көмірдің 32, соның ішінде коксті көмірдің 100, баридің 70 пайызының қоры бар.

Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика,қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ-өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды.

Қарағанды облысы 2001 жылы республикада жалпы ішкі өнімнің 10,1% -ын (290,6 млрд.тенге) берді.

Облыстың энергетикасы жергілікті көмірге негізделген. Ірі аудандық және жылу электр станциялары Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Тентек, Топар, Қаражал елді мекендерінде, ұсақтары Қарсақбай, Атасу, Жамбыл, Мойынты, Сарышағанда орналасқан. Өнеркәсіптің басты салаларының бірі-көмір өндіру, кокс шығару. Түсті металлургия мыс кендерін өндіру мен қорыту және полиметалл мен сирек кездесетін металл кентастарын шығару мен байыту салаларынан тұрады.Облыста мыс өнеркәсібі екі орталықта дамыған. Оның біріншісі «Қазақмысә корпорациясына қарайтын Жезқазған кен-металлургия комбинатында. Оның құрамында Жезқазған кентінде, Сәтбаев қаласында 10-ға жуық механикаландырылған шахталар, екі карьер, екі байыту фабрикасы, мыс қорыту зауыты бар. Екіншісі-«Балқашмыс» кен-металлургия комбинаты. Оның құрамында Қоңырат, Саяқ, Шатыркөл карьерлері, байыту фабрикасы, мыс қорыту, қақтау зауыттары бар. Жезқазған,Балқаш кен-металлургия комбинаттары мыс балқытумен қатар таза алтын, күміс, т.б. сирек металдар алумен шұғылданады.

Полиметалл мен сирек кездесетін металдарды өндіру өнеркәсібі дамып келеді. Оныің ірі орталығыАқжол (қорғаысн, мырыш), Ақшатау, Жамбыл (вольфрам, молибден), Қарағайлы, Жоғарғы Қайрақты (полиметалл, сирек металдар). Облыста Балқаш, Жезқазған, Теміртау зауыттарынан шығатын газ, әк-тас, минералды түз кендерінің негізінде химия өнеркәсібі дамып келеді. Химия кәсіпорындарынан Теміртауда химияда химия- металлургия зауыты, «Қарағанды химя өнеркәсібі» ЖШС-і, Саранда екі машина жөндеу зауыттары бар. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары негізінен Қарағанды қаласында орналасқан. Мұнда құю-машина жасау зауыты, «Қарағанды кен-машина-ИТЭКС» ААҚ, Энергия, сауда-техника комбинаты,турбо-механикалық, Пархоменко атындағы машина жасау, көмір машинасын жасау, №1 машина жасау, тұрмыстықтехника заттары, Теміртауда «Шығысэнергияжөндеу-SEE», «Энергияжөндеу-Т» ЖШС-рі, «Энергоприбор» өндірістік кооперативі, Жезқазғанда «Салаларалық өндіріс-өндіру фирмасы» өндіріс кооперативі жұмыс істейді. Облыс қалаларында және кейбір ірі кенттерде,аудан орталықтарында тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, баспаханалар жұмыс істейді. Балқаш көлінде балық ауланады.Ол Шашубай кентіндегі (Балқаш қаласы жағалауында) балық зауытында өңделеді.

Қарағанды облысында 95 аурухана, 359 амбулатория мен емхана болды Оларда 5777 дәрігер, 10866 орта медициналық мамандар жұмыс істеді. 298 кітапхана, қазақ, орыс драматетрлары, филармония, музыкалық комедия театры. 33 клуб пен мәдениет үйі, 8 мұражай, цирк бар. 1931 жылдан 2 облыстық («Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда») және бір қалалық (Темиртауский рабочий») газеті шығады.Бір сөзбен айтқанда, Қарағанды қаласының облыс орталығы болуы оның жан-жақты, түрлі салада дамып, одан әрі өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді.
Әдебиеттер
Байдалы С. Өлке өмірі-өз көзімізбен=Летопись края.:камерой и словом.-Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1998.- 192 б.

Жанғожин А. Қазыналы қара шаңырақ / А.Жанғожин, Е. Лұқпанов.-Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2004.-146 б.

Жанысбай С. Сарыарқаның самалы.-Қарағанды : Арко, 2003.-223 б.

Жасампаз жылдар жылнамасы: Қарағандыға- 65 жыл=Летопись трудовых свершений: Караганде-65 лет. / құрастырған А.Жанғожин, Е. Лұқпанов.-Қарағанды: Болашақ-Баспа,1999.-96 б.

2000-2001 жылдардың басындағы Қарағанды облысының қалалары, аудандары, аудан орталықтары мен кенттерінің халық саны=Численость населения Карагандинской области по городам,районам, районным центрам и поселкам на начало 2000-2001 годов.-Қарағанды, 2001.

Қарағанды. Қарағанды облысы //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған.-Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2003.- Т.Ү .-551-566 б.

Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / Бас ред. Р. Нұрғалиев.-Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1990.-285-343 б.

Қазыналы құтты өлке. Қарағанды облысы =Край солнечного камня. Карагандинская область.-Алматы: Өнер, 1987.-156 б.

Қарағанды облысының қорғауға алынған өсімдіктері.-Қарағанды, 1993

Қарағанды (қала туралы дерек) //Қазақ совет энциклопедиясы / Бас редакторы М. Қаратаев -. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы, 1975- Т.ҮІ .-468 - 472 б.

***

Ажарың алты алашта дараланды, жетпісің құтты болсын, Қарағанды! // Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.



Асауов Д. Қарағанды қарқынды құрылыстар қарсаңында //Орталық Қазақстан.-2006.-4 мамыр.

Досмағамбетов С. Кенді өлкенің кемелдену кезеңдері //Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.

Ерниязқызы Г. Туған қалам:[өлең] //Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.

Жанғожин А. Қарағанды сәнді қала болуға тиісті // Орталық Қазақстан.-2006.-31 қаңтар.

Зинчук Е . Үш жүздің басын қосар жер. Этнобақ //Орталық Қазақстан.--2001.-11 тамыз.

Лұқпанов Е. Кеншілер мекені—облыс орталығы //Орталық Қазақстан.-2006.-16 наурыз.

Мұхамеджанов К Келешегі кемел кенді аймақ // Қазақстан әйелдері.-2005.-№ 12.-2-5 б.

Михеева Л. Облыс осылай құрылған /Л.Михеева, Лұқпанов Е //Орталық Қазақстан.-2006.-25 сәуір.

Мақаш Д. Елбасы және Қарағанды //Орталық Қазақстан.-2004.-14 ақпан.

Мұғалімжан С. Көмірлі кентімізге жетпіс жыл толды / С.Мұғалімжан, А. Бибітханақызы //Азия-транзит.-2004.-№2.-2-4 б.

Несіпбай А. Қазынасы қанатын қатайтқан қала : Қарағандыға 70 жыл //Егемен Қазақстан.-2004.-13 ақпан.

Тұтас жыл жаңарту ұранымен өтуде ( Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қарағандыда) // Орталық Қазақстан.-2001.-20-22 қыркүйек.

Сексенұлы С. Қайта түлеген «Шахтер» стадионы; Құлама су кешені; Қарағанды көркі көпірлер //Орталық Қазақстан.-2001.-10 қараша.

Сексенұлы С. Көпшіліктің күшімен салынған этносаябақ.//Орталық Қазақстан.-2001.-3 қараша.


АБАЙ
Абай-ұлы,Абай дана,

Халқым үшін жеке дара

Жырлай берем,мақтанам да,

Абай атты біздің қала.

А. Рахым
Абай десек ең алдымен есімізге ұлы бабамыз, одан кейін Абай қаласы түседі. Абай - Қарағанды облысындағы Абай ауданының орталығы, қала. Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде. орналасқан.Ең жақын темір жол стансасы -Астана-Шу жолының бойындағы Қарабас (7 км) .

Қала негізі Қарағанды көмір алыбының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты 1949 жылы Шерубайнұра кенті ретінде қаланған.1961 жылы қалаға айналған.

Біздің мемлекетімізде болған қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер қаланың өміріне де өз әсерін тигізді. Нарыққа өтер тұста бүкіл еліміздегі тәрізді Абай ауданы да қиындықты бастан кешті. Ауданның көлемі қазір 653 мың гектар. Халық санағының мәліметіне сәйкес ауданда 57,3 мың адам тұрады, оның 28,3 мыңы қалалықтар, 29 мыңы ауылдықтар. Нарықтың қиын кезінде көптеген мекемелер мен кәсіпорындар жабылды. Бұрынғы 4 шахтадан біреуі ғана қалды. Басқадай кәсіпорындар мен құрылыс-монтаж ұйымдарының өнімдеріне сұраныс болмай қалды. Оның есесіне ауданда шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді. Қазір мұнда ірі бизнестің жеті, орта бизнестің 36, шағын бизнестің 127-і кәсіпорны жұмыс жасайды. Бұлардың ішінде ырғақты жұмыс істеп жатқан «Қазақмыс» корпорациясының «Абай жылу жүйесі» ЖШС, Оңтүстік Топар кен басқармасы, жоғары коксты көмірді байытатын «Восточная» байыту фабрикасы, «Тексти-Лайн» ЖШС-ін айтуға болады. Жеке меншік кәсіпорындардың ішінде «Эдельвейс» өндірістік кооперативі, агроөндірістік ұн комбинаты, «Медео» ЖШС-ларын ерекше атап өткен жөн.

Ауданда қазір 39 мектеп бар. Абай спорт мектебінің спортшылары республикалық қана емес, әлемдік жарыстарда жүлде алып жүр. 1980 жылы ұйымдастырылған Абай Құнанбаевтың мұражайы қаланың мақтанышы ғана емес, мәдени-рухани орталықтың бірі болып отыр. Денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Ауданда 3 емхана, 2 аурухана, 11 селолық фельдшерлік амбулатория, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 дәріхана, 2 туберкулезге қарсы диспансер халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді.


Әдебиеттер
Абай ( қала.) //Қазақ совет энциклопедиясы / Бас ред. М. Қаратаев .-Алматы : Қазақ совет энциклопедиясы, 1972.-. Т.1 .-16 б.

Абай: [ қала] //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / Бас ред. Р. Нұрғалиев .-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1990.-81 б.

Абай : [қала] Қазақстан . Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б. Аяған.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2003.-18 б.

***


Алтынбеков Т. Облыс отаулары : Абай ауданы // Орталық Қазақстан.-2006.-1 тамыз.

Майбас Т. Абай атындағы қала // Орталық Қазақстан.-2002.-13 ақпан.

Мұсағалиев Р. Өлкенің өткені мен бүгіні : Абай ауданы // Орталық Қазақстан.-2006.-1 тамыз.
БАЛҚАШ
Мысқа бөккен сұр тасты

Сүрлеп алған тереңнен.

Жер қоймасын қопарып,

Жұла тартып жөнелген.

Үгіп ұнтақ ұн қылып,

Ағызып тасын өзенмен.

Қалқып алып сары мысын,

Ен байлыққа кенелген.

Үлде менен бүлдеге

Шаш- етектен бөленген.

Шашубай Қошқарбайұлы
Балқаш-Қарағанды облысындағы қала. Мойынты-Ақтоғай темір жол. бойындағы станция, Балқаш көліндегі пристань.Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км. жерде орналасқан.

Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км. Жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады.

Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу,механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған 10-нан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 жылы Балқаш қаласы пайда болды.

Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі.Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Оның өнімдері бірнеше шет елдерге шығарылады. Лондондағы халықаралық көрмеде Балқаш мысы ең таза мыс ретінде дүниежүзілік эталон деген атаққа ие болды (1967). Балқаш мыс қорыту комбинатын 1997 жылдың ақпанында Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы алып, өндірісті 6 ай ішінде жобадағы қуатына жеткізді. Бір айда 11, 5 мың тонна рафинатталған мыс өндірген. Жылдық өнім көлемі 100 мың тонна . Қалада тарихи өлке тану мұражайы, 2 спорт кешені, жүзу бассейіні, қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен металлургия техникумы, педагогика, медицина училищелері, Қарағанды полтехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, 20 шақты орта және 8 жылдық мектеп, 2 халық театры, бейнестудия , т.б.мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия елдерімен байланыстырады.

Бүгінгі таңда Балқашта 363 кәсіпорын бар, оның 286 –ы нақты жұмыс жүргізуде.

Қалада 65,5 мың адам тұрады. Мұның 70 пайызға жуығы қазақтар.


Әдебиеттер
Балқаш.//Қазақстан.Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ә.Нысанбаев.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы, 1999.-Т.ІІ.-118 б

***

Ахметов Қ. «Мысшылар мекені дәулетті, сәулетті болады» : [Балқаш қаласының 70 жылдығы қарсаңында] //Орталық Қазақстан.-2006.-27 сәуір.

Балқаш жұлдызын жарқыратқан мыс қорыту зауыты отандық өндірістің мақтанышы // Егемен Қазақстан.-2005.-13 желтоқсан.

Жүнісұлы О. Елулікке ену-өндірістің де еңсесін көтереді //Орталық Қазақстан.-2006.-15 шілде.

Жүнісұлы О. Ынтымағы бар елдің ырзығы кетпейді:[Балқаш қаласының әкімі Қариполла Мұқановпен сұхбат ] //Орталық Қазақстан.-2004.-6 шілде.

Жүнісұлы О. Балқаш мысы: бүгін және ертең. // Орталық Қазақстан.-2004.-17 шілде.

Сағынтай С. Көрігіңнен отың сөнбегей , мысты қала / С.Сағынтай, О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан.- 2002.-16 ақпан.

Төкішев Қ. Ілгерілеу, жаңару кезеңінде //Орталық Қазақстан.-2006.-18 шілде.



ЖЕЗҚАЗҒАН
Қазіргі Жезқазған – еліміздің үлкен орталығы. Сонымен бірге жүз мың тұрғыны бар әдемі қала..Жасанды Кеңгір көлінің жағасына салынғани қала. Ғажайып жоспарланған,тамаша көгалдандырылған.

Академик Қаныш Сәтпаев.


Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала, темір жол стансасы. Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қарақеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Тұрғыны 96 мың адам . Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-54 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала мәртебесін алды. 1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды. Қалада »Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кәсіпорны, »Жезқазғансирекметтал» республикалық .мемлекеттік. кәсіпорны», »Кеңгір» химия өндірістік кәсіпорны, «Ұлытау» қазақ-қытай біріккен тоқыма-киім тігу және т.б бар. Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Жезқазған университеті,ботаника бағы, медициналық. колледждер, 36 мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаторлық пункттер, 7 кітапхана, 2 мұражай және т.б.мәдени мекемелер бар. Жезқазғанның тарихы қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев есімімен тығыз байланысты.
Әдебиеттер
Жезқазған:[қала] //Қазақстан . Ұлттық энциклопедия /Бас.ред. Ә.Нысанбаев.-Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2001.- Т.ІІІ.- 625-627 б.

***


Жанасов Ж Жангер-жаһангер:[Жезқазған қаласына 50 жыл] // Қазақ үні.- 2003.-№ 8(386).

Кенді өңір шежіресінен:Жезқазған қаласы // Орталық Қазақстан.-27 шілде.

Мұхамеджанов К.Қазақстанның інжу-маржаны:[ Жезқазған қаласына –50 жыл] //Орталық қазақстан.-2004.-23 желтоқсан.

Рахұлы А Қазыналы өңірдің қарышты қадамы. // Орталық Қазақстан.-2001.-8 желтоқсан.

Рахұлы А. Үлкен Жезқазған және Қаныш Сатбаев//Орталық Қазақстан.-2004.-13 мамыр.

Рахұлы А. Жезқазғанның жүрегі // Орталық Қазақстан.-2004.-17 шілде.

Рахұлы А. Кеңгір жағасындағы кербез қала:[ Жезқазған қаласына – 50 жыл] // Орталық Қазақстан.-2004.-14 желтоқсан; 16 желтоқсан.

Рахұлы А. «Жезқазғансирекмет» Женевада алтын медаль алды //Орталық Қазақстан.-2005.-11 қаңтар.

Рахұлы А. Мыс ширатпасының мықтылары //Орталық Қазақстан.-2006.-20 шілде.

Танабаев М.Жаңаша серпін танытудамыз // Орталық Қазақстан.-2006.-27 шілде.


ҚАРАҒАНДЫ
Әлем де байлығыңды бағалады,

Қанша ұлт анасындай сағалады.

Қойнауынан күн нұрындай

жылу шашқан,

Қасиетіңнен айналайын, Қарағанды.

Г. Ерниязқызы

Қарағанды өзінің мол жерасты байлығының арқасында өмірге келіп, өсімі тараған қала. Қарағанды облысының әкімшілік-орталығы. Петропавл-Шу темір жол бойындағы ірі темір жол стансасы, әуе, автомобиль қатынасының торабы.

Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Сарыарқаның ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, қары жұқа, боранды; жазы ыстық, құрғақ, аңызақ желді.

Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді.

Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған.

Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыскөмір» тресі құрылды. Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті. Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салынды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін қамтамасыз етті.

Өнеркәсібінің басты саласы – тас көмір өндіру. Олармен «Қарағандыкөмір», «Көмір-Инвест», «Трансэнерго» ЖШС-терінің ірі кәсіпорындары шұғылданады.Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі, 19 ғылыми-зерттеу және жобалау институттары орналасқан. Қарағанда мемлекеттік университеті, техникалық университет, медицина академиясы, ішкі істер Министрлігінің заң институты және әр саладан мамандар даярлайтын мемлекеттік емес 10 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 10 кәсіптік-техникалық мектеп, 7 колледж, 80 мектеп, 39 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 40 аурухана, 84 амбулатория мен емхана, 24 кітапхана, 3 мұражай, 6 мәдениет үйі мен клубтар, 2 драма театры, музыкалық комедия театры, филармония, цирк, спорт кешені, стадион, екі үлкен саябақ бар. Қаланың орталық бөлігінің архитектурасын жасағаны үшін авторлар-тобы (архитектор Э.Г.Меликов, С.И. Мордвинцев, М.О. Жандәулетов) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1978). Қалада Н.Ә.Әбдіровке ескерткіш орнатылды (1958), «Шахтер Даңқы» (1976) және 2-ші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза болған қарағандылықтарға (1978), арналған монументтер қойылды.
Әдебиеттер
Байдалы С. Өлке өмірі-өз көзімізбен=Летопись края.:камерой и словом.-Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1998.- 192 б.

Жанғожин А. Қазыналы қара шаңырақ / А.Жанғожин, Е. Лұқпанов.-Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2004.-146 б.

Жанысбай С. Сарыарқаның самалы.-Қарағанды : Арко, 2003.-223 б.

Жасампаз жылдар жылнамасы: Қарағандыға- 65 жыл=Летопись трудовых свершений: Караганде-65 лет. / құрастырған А.Жанғожин, Е. Лұқпанов.-Қарағанды: Болашақ-Баспа,1999.-96 б.

Қарағанды : [қала] // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2003.-Т.Ү.-551-552 б.

Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / Бас ред. Р. Нұрғалиев.-Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1990.-285-343 б.

Қазыналы құтты өлке. Қарағанды облысы =Край солнечного камня. Карагандинская область.-Алматы: Өнер, 1987.-156 б.
ҚАРАЖАЛ
Қаражал-Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қала. Жаңаарқа ауданының аумағында, Қарағанды-Жезқазған-Қарсақпай теміржолының Атасу-Қаражал тармағындағы темір жол стансасы.. Облыс орталығы Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 320 км. жерде. Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде, боз жусан, сасыр аралас бетеге, қылқан боз, т.б.шөптесіндер өскен сортаңды сұр, қиыршық топырақты қуаң далада орналасқан. Қаланың іргесі 1939-40 жылдарда темір-марганец кенін игеруге байланысты қаланған. 1950 жылдан кент, 1963 жылдан.қала.

1942 жылдан Қаражалда Атасу геологиялық барлау экспедициясы құрылды..1956 жылы Қарағандыға Атасу кені тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. Қаланы құрушы кәсіпорындар болып - « Жайрем кен-байыту комбинаты» ААҚ және «Атасу-кен» ААҚ табылады. Қаланың инфрақұрылымында 2 бала бақша, 7 мектеп, қалалық аурухана мен емхана, 9 дәрігерлік амбулатория , 5 кітапхана, кеншілер мәдениет сарайы, кинотеатр, стадион т.б жұмыс істейді. Қала маңында жоғары сапалы радонды бұлақтар мен шипалы балшық қоры бар.


Әдебиеттер
Қаражал:[қала] //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б. Аяған -Алматы: Қазақ энциклопедиясы , 2003.-Т. Ү.-568 б.

***


Майбас Т Үлкен Қаражалдың болашағы алда //Орталық Қазақстан.-2002.-6 наурыз.
ҚАРҚАРАЛЫ
Қарқаралы-қала. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығы. Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 815 м.биіктікте орналасқан. Ең жақын темір жол станциясы - Қарағайлы (25 шақырым )орманды-тоғайлы , жақпар-тасты келген көрікті Қарқаралы тауларының шығыс етегінде, Қарқаралы өзенінің екі жағасында жайғасқан. Іргесі 1824 жылы Ресей империясының әскери бекінісі ретінде қаланған. 1868 жылы уездік қалаға айналды. 1928 жылға дейін Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінің, 1928-1930 және 1934-1936 жылдары Қарқаралы округінің орталығы болды. 1930-1934 және 1936 жылдан Қарқаралы ауданының орталығы. 19-ғасырдың екінші жартысында жері шұрайлы, жайылымы малға, қойнауы кенге бай Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге баратын керуен жолының торабы ретінде маңызды сауда, кәсіпшілік және мәдени - ағарту орнына айналды. Мұнда саяси тұтқындар жер аударылды. Қарқаралының солтүстігіндегі Қарасор көлінің жағасында 1848 жылдан 1930 жылға дейін белгілі Қоянды жәрмеңкесі өтіп тұрды.

Мұнда талантты әншілер мен артистер (Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, М.Уәлиева ) өз өнерлерін, ал Қажымұқан Мұңайтпасов күрес бәсекесін көрсетіп тұрды. Қалада тоң май айыратын, сыра қайнататын, кірпіш зауыттары жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы және қыздар бастауыш мектептері болды. Қарағайлы қорғасын-барит кен-байыту комбинатының салынуына, оған теміржол мен тас жолдардың жүргізілуіне, қалада ауыл шаруашылықтың дамуына және айналасында көптеген дем алыс орындарының пайда болуына байланысты Қарқаралы жедел өсті. Қазір қалада нан зауыты,тамақ комбинаты «Тоғай» ЖШС-автокөлік мекемелері астық қабылдау пункті, шеге жасайтын, тағы басқа ұсақ кәсіпорындар, баспахана жұмыс істейді. Бала бақша, 3 орта, 11 кешкі мектеп, ауыл шаруашылық колледжі, музыка, спорт мектептері, мәдениет үйі, кинотеатр, екі кітапхана, тарихи-өлкетану, табиғат мұражайлары, аудандық аурухана т.б.бар. Қала төңірегінде «Шахтер»,»»Сосновый бор» санаторийлері, туристік база, оннан астам демалыс үйі, бес оқушылар лагері орналасқан.


Әдебиеттер
Қарқаралы: [қала] // Қазақстан.Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған.-Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2003.-Т.Ү.- 642-643 б.

Шығыс Сарыарқа. Қарқаралы өңірінің өткені мен бүгіні.-Алматы:Эверо, 2004.- 703 б.

Қарқаралы : [қала ] // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1990.-346-357 б.

Қарқаралы : [қала ] //Қазақ совет энциклопедиясы / Бас ред. М. Қаратаев .-Алматы:Қазақ совет энциклопедиясы, 1975.- Т.ҮІ.- 518-520 б.


***

Жолдыбайұлы К.Көне де мәңгі жас Қарқаралы //Орталық Қазақстан.-2005.- 9 маусым.

Қанафин Е. Қасиетіңнен айналайын Қарқаралы //Орталық Қазақстан.-2004.-19 тамыз.

Омарханов Н Тұғыры биік, атағы асқақ Қарқаралы // Орталық Қазақстан.-2004.-21 тамыз.

Сембай М. Алаш алақанға салған қала: [Қарқаралыға 180 жыл] // Орталық Қазақстан. -2004.-29 мамыр.

Сағынтай С., Сембай М Атыңнан айналайын, Қарқаралы / С.Сағынтай , М.Сембай //Орталық Қазақстан.-2004.-26 тамыз.

Ысқақ Д. Атыңнан айналайын,Қарқаралы //Орталық Қазақстан.-2004.-13 шілде.

ПРИОЗЕРСК
Көкше көлдің жағасындағы Қоржынтүбекте оранласқан Приозерск қаласына биыл 50 жыл толып отыр. Көлге етене еніп жатқан түбекке осыдан елу жыл бұрын әскери қаланың алғашқы қазығы қағылып, бүгінде еліміздің қорғаныс қуатына, тәуелсіздік игілігіне қызмет етіп келеді. Приозерскінің өз орны бар. Сондықтан әскери сынақ полигонының әкімшілік, әлеуметтік тұрмыстық орталығы болып табылады. Иә, тәуелсіздік алғанға дейін Приозерск қаласы жабық қала болды.

Приозерск қаласы Кеңестер одағының картасында 70 жыл көрсетілмей келді Бірде « Полигон-А» енді бірде «Ташкент-90» деген құпия шифрмен аталды. 1956 жылы Орталық Комитет пен КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы мен салынады. Осы құпия полигонның орталығы Приозерск қаласын салудың басты себебі мына мәселелер болған екен: мемлекеттік ракета шабуылына қарсы кешенді эксперимент жасайтын нысандардың және ракета шабуылына қарсы сынақ полигонының жұмыстарын күшейту , сондай-ақ бұл жерде 10 мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығын құру және әуе шабуылына қарсы сынақ полигонын салу туралы бір ауыздан шешім қабылданған.

Сынақ полигоны еліміздің сол кездегі бес облысының жерінен 8 115 15 гектар жер оның ішінде 4.264.900 гектар жер күнделікті тұрақты пайдалануға, ал қалған жер күнделікті жаттығу үшін бөлініп беріледі. Әскерилер орын тепкен Ақмамық 1956 жылдың қатал қысын әскери палаткаларда өткереді. Ал Қоржынтүбек атауы Приозерск болып өзгертіліп, сол кезде-ақ әскер полигонның әкімшілік басқару орталығына айналдырылады. Қала мен сынақ нысандарының құрылысы орталық тарапынан қатаң бақылауға алынады.1961 жылы 4 наурызда полигонда баллистикалық ракетаның алдыңғы бөлегі атып түсіріліп, аспанда жойып жіберуді ісжүзінде дәлелдеп шықты. Бұл әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет болған еді.

Қалашықта 1963 жылға дейін тек әскерилер мен олардың отбасылары ғана тұрды. 1963 жылдың 28 қазанында қалалық кеңестің бірінші сессиясында төрағалық еткен полигон командирі С.Дороховтың ұсынысы бойынша Приозерскіге қала мәртебесі берілді.

Приозерск қаласында 1990 жылға дейін одақтық көлемдегі әскери-ғылыми кеңес жұмыс істеді. Мұнда 800-ге жуық адам кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған.

Қаланың да, полигонның да жағдайы одақ тараған жылдары қиындап кеткен еді. Әскери адамдар елдеріне кетіп, қала иесіздікке ұшырады.1998 жылы Приозерск қаласында № 44841 әскери бөлім құрылды. Қазірде қаланың жағдайы жақсаруда. 1995 жылы қалада Балхаш тау-кен компаниясының алтын қорыту фабрикаасы іске қосылды. Мұндағы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер саны 300- ге жетті., қосалқы шаруашылық ашылды. Қаланың мәдени өмірін қалыптастыруда да бірқатар шаралар жүзеге асты. Қалада қазақ және орыс мектебі,өнер және спорт мектептері жұмыс істейді. 1999 жылы қалада 11 мың халық болса, бүгінде оның саны 25 мыңнан асып отыр. Халықтың саны демографиялық жағдайда өсіп отыр.


Әдебиеттер
Жүнісұлы О. Қорғаныс қуатына қызмет етеді:[Приозерск қаласына-50 жыл ] //Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.

Кеңесов Ж. Сарышаған –ел қорғаныс қуатының белгісі / Ж.Кеңесов, Д. Мақаш //Орталық Қазақстан.-2002.-17 сәуір.

Кеңесов Ж. Құпия қаланың белгісіз беттері: [Приозерск, Сарышаған хақында ] //Егемен Қазақстан.-2002.-26 маусым.
СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛА
Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп оның қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.Қаныш атындағы қала жыл сайын өсіп өркендей түсуде.Топырағында дананың ізі қалған қалада бұл күндері Қ.Сәтбаев атындағы көше, мектеп, ғалымның ескерткіші бой түзесе, ең бастысы қазақтың біртуар ұлының ізбасарлары жарқын істердің жасампаз жалғастырушысы бола білуде. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы поселкасы ретінде қаланып, Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың өтініш – тілегіне орай 1990 жылдың 13 қыркүйегінде шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді.

2000 жылдан бастап «Жасыл қала», «Таза қала», «Таза му», «Дизайн-2000», «экономиканың нақты секторларын дамыту» сияқты көптеген бағдарламалардың қабылдануы іске жаңаша серпін берген еді.Сол жылдың өзінде минералды су және жеміс сусындарын шығаратын завод, «Серебряная нить» тігін кәсіпорны, «Сарыарқа-нан», «Ақбұлақ» акционерлік қоғамдарында сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтар орнатылды.. Кеншілер алаңы, Комаров көшелері жаңартылып, асфальт төселген басты көшелер жаңаша кейіпке енді. Қалада ықшам аудандар кеңесі құрылып, әкімдік негізгі шаруаларды солар арқылы қолға алады. Осылай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2000 жылы Сәтбаев үлгілі қала атанды.

2005-2007 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша 30,8 мың жаңа үй салынып, 350 отбасы жәйлі пәтермен қамтамасыз етілмек. Қалада кейінгі екі-үш жылдың бедерінде мешіт, шіркеу, №1 орталық аурухана, тіс емдеу орталығы көптеген сәнді дүкендер мен мейрамханалар бой көтерді. Сәтбаев қаласындағы білім ұялары С.Сейфуллин атындағы гимназия мен Абай атындағы мектеп-лицей республикадағы үздік мектептер қатарынан саналады. Барлық мектептер компьютер техникалары мен жабдықталған , 27 оқушыға бір компьютерден келеді.

Әдебиеттер
Никольский : [ қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы қала ] // Қазақ совет энциклопедиясы / Бас ред. М. Қаратаев .- Алматы:: Қазақ совет энциклопедиясы, 1976.- Т.ҮІІ.-373 б.

Рахұлы А. Келбеті жарқын шаһар // Орталық Қазақстан.-2005.-15 кыркүй


САРАН
Саран қаласы 1954 жылы 20 желтоқсанда құрылды. Қарағандының батысында 15 шақырым жерде орналасқан. 1943 жылы Саран көмірлі ауданын игеруге байланысты іргесі қаланды. Оның аумағы – 174 шаршы шақырым. Халқының саны –49,6 мың адам. Қаланың негізгі экономикасын өнеркәсіп кәсіпорындарын құрайды. Өнеркәсіптің өндіруші және химия салалары басымшылық алып отыр.

1985 жылы «Ақтас», «Дубовка», «СССР-дің 50 жылдығы атындағы» , «Саран», «Соқыр» шахталары миллион тоннадан астам көмір өндіріп отырды. Бұрын-соңды Кеңестер Одағында болмаған «Қарағандырезинатехника» өндірістік бірлестігі қатарға қосылды, үш байыту фабрикасы, темір-бетон өнімдері және екі кірпіш зауыты, «Сарантон»- тігін өндірістік бірлестігі және т.б. кәсіпорындары жұмыс істеп тұр.

1989 жылғы санақ бойынша Саран қаласы тұрғындарының саны 63 мың адамға жеткен. Мұнда 60 мәдени-ағарту, 10 емдеу мекемесі, стадион, жүзу бассейіні, 2 спорт мектебі, химия-технология техникумы, 5 кәсіптік-техникалық училище жұмыс істейді. Негізі ертеде қаланған ( 1922 ). Қарқаралыда Семей губерниялық халық ағарту бөлімінің уездік педагогикалық техникумы болып қаланған оқу орны осы Саран қаласында еді. Ол 1937 жылы педагогикалық училищесі болып қайта құрылды..

Қалада екі мәдениет үйі, үш кітппхана, қалалық радио және газет, бес балабақша, әр деңгейде білім беретін жиырмаға тарта мектеп, гуманитарлық –колледж, жастардың өнер үйі жұмыс істейді.

Әдебиеттер
Саран // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / Бас ред. Р. Нұрғалиев.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1990.-486-487 б.

***


Коба З.. Көмірлі өлкенің өрнектері: [Саранға-50 жыл] / З. Коба, Ғ.Смағұлов // Орталық Қазақстан.-1 мамыр; 13 мамыр.

Лұқпан Е. Қарағандыға қарап бой түзеген шаһар: [Саранға-50 жыл] //Орталық Қазақстан.-2004.-14 желтоқсан.

Смағұлов Ғ. Ертеңіне сенген қала. [Саранға-50 жыл ] / Ғ.Смағұлов, Т.Майбас // Орталық Қазақстан.-2002.-20 ақпан.

Смағұлов Ғ.Экономика өрлесе,қала келбетіне шырай кіреді: [қала әкімі А.В. Воробьевтің әңгіме-сұхбаты ] //Орталық Қазақстан.-2004.-12 маусым.


ТЕМІРТАУ
Тынбайды күрес қызыл күміс

Таңда,


Күштіміз балқып жатқан

құрыштан да,

Жалынды жастық шақтың белесіндей

Теміртау айналады гүлстанға.

Қ. Жармағамбетов.

Теміртау, қала Нұраның сол жағасында, Қарағандының солтүстік-батысында 35 шақырым жерде орналасқан. Теміртау облыс орталығы Қарағандының серіктес қаласы, құрамына Ақтау поселкасы кіреді. Орталық Қазақстанның адырлы-төбелі далалық жазығында орналасқан.Ауа райы күрт континенталды. Саратов губерниясынан көшіп келген қоныс аударушылар 1905 жылы Жауыр өткел (оның қасындағы шыңның атымен ) поселканың іргесін қалады. 1909 жылы поселканың аты Самарқан деп өзгертілді. 1945 жылы қазанның 1-де Теміртау қаласы құрылды. Мұнда толық металлургиялық циклдағы кәсіпорын салу идеясын 30 жылдары М. И. Русаков, Қ.И .Сәтбаев, А.Н.Сперанский көтерді. 1942 жылы 25 қаңтарда СССР Халық Комиссарлар Советі мен Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті жергілікті металл сынықтары негізінде Қарағанды облысында металуртиялық қорыту зауытын салу туралы шешім қабылдады. Құрылыс орны ретінде Самарқан поселкасындағы Қарағандының ГРЭС-1 алаңы таңдап алынды. 1960 жылдың ақпанында Қазақстанда тұңғыш кокс алынды. Комбинатпен қатар дамыған «Карбид», «Қарағандыцемент» т.б. кәсіпорындардың өнімі әлемнің отызға жуық еліне жіберілді.

1995 жылыды 17 қарашасында Қазақстан Республикасындағы ең ірі жекелендіру келісім-шартына қол қойылды. Қарағанды металлургия комбинатының бүкіл акциясы , 64 гектар жер аумағымен қоса британдық инвесторлардың иелігіне өтті. Сөйтіп бұрынғы кәсіпорындардың мұрагері болып «ИспатКармет» ашық акционерлік қоғамы дүниеге келді. Жекелендірудің алғашқы бес жылында «Испат Кармет» ААҚ тауар өндіру көлемін 70 пайызға көтеріпті. Қазір оның өнімін әлемнің 70-тен астам елі тұтынады Оның ішінде Еуропа мен Американың өнеркәсібі дамыған мемлекеттері де бар.

Тұрғындар саны 200 мыңнан асқан қалада 96 балабақша, осының жартысына жуық мектеп, жеті арнаулы оқу орны, зауыт-жоғарғы техникалық оқу орны, Ғылым Академиясына қарасты химия-металлургия институтының лабораториясы, мәдениет сарайы, төрт мәдениет үйі, бес кинотеатр, тарихи-өлкетану мұражайы, спорт сарайы мен жасанды мұз айдыны бар. Металлургтер даңғылының төрінен Болатшылар монументі ашылды.


Әдебиеттер
Ақын А., Лұқпан Е Құрыш қайнатқан қала / А.Ақын, Е.Лұқпан.// Орталық Қазақстан.-2005.-19 шілде.

Ақын А. Елбасының Теміртауға тартуы : [ жаңа спорт кешені іске қосылды] // Орталық Қазақстан .-2005.-15 қыркүйек.

Балташұлы Е Жарқырайды Теміртаудың оттары //Орталық Қазақстан.- 2005.-9 ақпан.

Жарқырайды Теміртаудың оттары //Егемен Қазақстан.-2005.-30 қыркүйек.

Лұқпан Е. Қаланың алғашқы бас жоспары /Е.Лұқпан, А.Ақын // Орталық Қазақстан.-2005.-9 сәуір.

Лұқпан Е. Алып өмірге осылай келді /Е.Лұқпан, А.Ақын //Орталық Қазақстан.-2005.-16 маусым.

Лұқпан Е.Ынтымақтастық жемісі: [Қазақстан Магниткасы құрылысына болгарлықтар үлес қосты] //Орталық Қазақстан.-2005.-5 мамыр.

Мусин Б. Металлургтер қаласы, мереке құшағында //Орталық Қазақстан.-2005.-1 қазан.

Омашев Қ. Теміртау мектебі/Егемен Қазақстан.-2006.-7 қаңтар.

Смағұл Т . Өрім жылдар //Орталық Қазақстан.-2005.-24-27 қыркүйек.



ШАХТИНСК
Әкелші,

Шахтер дос,

Көмірмен,

Көмірмен,

Көмірмен,

Көмір –от,

Жалын бар

көмірде,


Не мақсат –

Жалынсыз өмірде.

Т.Ысмайлов
Шахтинск-Қарағанды облысындағы қала . (1961 жылға дейін Тентек қала типті поселка ). Шерубайнұра және Тентек өзендері аралығында. Қарағандыдан батысқа таман 50 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1949 жылы Тентек кокстелетін көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған. Қаланың әкімшілік қарамағына Шахан және Новодолинка поселкесі, Солтүстік-батыс елді мекені кіреді. Шахтинск қаласы.1961 жылдың 15 тамызында Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен бұрынғы Тентек кентінің негізінде құрылды..

Тас көмір қоры 4,5 миллиард тоннаны құрайтын Тентек өңірінің қазыналы байлығын игеру өткен ғасырдың 50-жылдарында басталды. Аталмыш кен орнын ашу С. Фишман, Г. Думлер тәрізді әйгілі геолог-ғалымдардың есімімен тығыз байланысты болды.

Аймақтағы «Долинка» шахтасы 1970, Ленин атындағы шахта 1971, «Қазақстан» шахтасы 1971», «Шахтинск» шахтасы 1973, «Тентек» шахтасы 1979 жылдары бой көтерді. «Испат-Кармет» компаниясының иелігіндегі 4 шахта қызулы отын өндіру көлемін соңғы жылдары ұлғайта түсуде.

Қаладағы синтетикалық жуу құралдары зауыты бірегей кәсіпорындардың санатында.

Қалада технологиялық колледж, кәсіптік-техникалық мектеп, 10-нан астам орта дәрежелі білім беретін оқу орындары, көркемөнер,музыка, спорт мектептері жұмыс жасайды Қаланың тұңғыш қадасын қаққан Василий Войтухов есімі мақтан етуге тұрарлық. Оның тікелей басшылығымен 1959 жылы кенттегі бірінші монша бой көтерсе, қазір бірегей мәдениет сарайының құрылысы басталды.

1961 жылы Тентек кентінде құрыш қолды құрылысшылар жалпы көлемі 100 мың шаршы метрлік өндірістік , тұрмыстық құрылыс салу дәрежесіне қол жеткізді.

Шахтинск қаласы жайлы әңгіме өрбіткенде оның құрамына кіретін Долинка поселкасын айтпай кету мүмкін емес.1931-1959жылдар арасында жұмыс жасаған Карлаг саяси тұтқындардың азап лагеріне айналып, елдің қасіретті шежіресі болып енді. Қазір Долинкада саяси қуғын-сүргін көргендердің мұражайын ашу жөнінде ынталы топ құрылып , осы бағытта жұмыс істеуде.
Әдебиеттер
Шахтинск: [қала] //Қарағанды.Қарағанды облысы: энциклопедия / Бас ред. Р. Нұрғалиев -Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1990.-592 б.
***

Дүйсекеев М. Ірінің інісі //Орталық Қазақстан.-1996.-24 тамыз.

Смағұлов Ғ. Шахтер терінен түлеген мекен //Орталық Қазақстан.-2002.-26 қаңтар.

Смағұлов Ғ Шахтер шырағының шұғылалары:[Шахтинскіге-40 жыл]//Орталық Қазақстан.-2001.-15 тамыз.



Мазмұны
Оқырманға.........................................................................................................1

Қарағанды- облыс орталығы............................................................................2

Абай....................................................................................................................5

Балқаш................................................................................................................6

Жезқазған...........................................................................................................7

Қарағанды...........................................................................................................8

Қаражал.............................................................................................................10

Қарқаралы.........................................................................................................11

Приозерск..........................................................................................................11

Саран..................................................................................................................12

Теміртау.............................................................................................................13

Шахтинск...........................................................................................................14

Құрастырған: Р. Белғожанова

Редакторы: Н. Қаленова



Шығаруға жауапты: Г. Бекбалакова








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет