Билердің сөзі-ақылдың көзі



жүктеу 48.94 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі48.94 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 21bf8a770494a70b4625709b00318a48 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Айман Аспадиярқызы
$FILE -> Сәуле Есмағамбетова, Заңгер тмд елдерінің арнаулы қызметтерінің қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастығы
Билердің сөзі—ақылдың көзі
КенжеБИ
Кенже Матақұлы 1828 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқара ауданы, Темірші ауылында туған. Арғын Қаракесектің Шор атасынан тарайды. Әкесі Матақ жоңғар шапқыншылығы кезінде ел қорғап, жаудың бетін талай қайтарған батыр бопты. Кенже де әке жолын қуып, жас кезінде мергендік, батырлықпен көбірек шұғылданады. Орта жастан асқан соң шешендік өнерге бейімделіп, билік құра бастайды. Өзінің шешендік тапқырлығы, әділ билігімен ел құрметіне ие болады. Халық арасында Кенженің беделі үстем боп, айтқаны екі болмайды екен. Мынадай бір талас бопты.

Сол елдің Шұбыртпалы деген жас батыры атақты Ағыбай батырға ас бермек болып үш жүзге сауын айтады.

Бәйгеге төрт жүз ат қоспақ болады. Ас иесі сол төрт жүз атты бір жерден жіберіп, бір мәреден тосамыз депті. Оған әр елден келген атбегі ақсақалдар бөліп-бөліп жібереміз деп көнбепті. Бәрі әрі тарт, бері тарт боп, ақыры Кенже биге жүгініпті. Сонда Кенже би былай билік айтыпты.

Ас иесі деп, батырым, саған да бұрмаймын. Ат иесі деп, ағайын, саған да бұрмаймын. Көнсеңдер, сөздің әділін айтайын. Төрт жүз атты бір жерден жіберсе, ат зорығады, бала өледі. Оның арты құн болады. Құнның арты мұң болады. Мұңның арты жын болады. Шұбыртпалы батыр, сен, менің айтқаныма көн. 400 атты үш бөліп жіберейік. Сен үш бәйге тік. Оған сенің малың жетеді. Егер жетпесе, Ағыбайдың аруағы үшін мен тігемін.

Кенже би осылай дегенде анталап тұрған көпшілік:

— Бәрекелде, туғаныңа болайын. “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген осындай-ақ болсын,— деп, риза болысыпты.

***

Жаңа Семейде тұратын Уақ Нұрке деген бай Темір елінің Бол-ғанбайымен бесік кертпе құда болыпты. Балалары ер жете бастаған кезде Нұркенің байлығы бұрынғыданда асып, Болғанбай кедейленіп қалады. Нұрке Болғанбайды менсінбей, қызын басқа бір байға ұзатып жібереді. Алған қалың малын қайтармайды. Арада жесір дауы туып, Болғанбай жағы Кенже биге жүгінеді. Кенже би жігіттерімен аттанып бара жатып, Жаңа Семейге 40 шақырымдай қалғанда жолдағы бір ауылға аялдайды. Бұл хабарды есіткен Нұрке оның алдынан көк пәуескесін жібереді. Сый-сияпаты тағыда бар. Кенже би пәуескеге мінбепті, сыйын қабылдамапты. Жаңа Семейге келген соң Нұркенің үйіне түспепті. Басқа бір қалыс ағайынның үйіне түседі. Кенже би келді дегенді есіткен ағайын-жегжат оған барып жапырласып сәлем беріседі. Нұрке де барады. Би оның сәлемін салқын қабылдайды. Нұрке ойланып қалады. “Бұған не жаздым, алдынан арбамды жіберсем мінбепті, сыйымды алмапты, үй дайындап, малымды сойып отырсам үйіме түспеді. Енді мен Семейдегі губернаторға, төрелерге алдын ала барып, бұл жағдайды түсіндіріп қояйын” деп ойлайды. Нұркенің бұл ойын айтпай аңғарған Кенже би ертелеп тұрады да:



— Ал, ағайын, билік құрмай тұрып мен Семейдегі ояз, шенеу-нік, төрелеріме барып сәлем беріп, оларға келгенімді білдіріп қайтайын. Сендер асықпай, қамдарыңды істей беріңдер,—дейді.

Мұны Нұрке есітеді. Кенже өзінің екі-үш жігітімен Семей шаһарындағы ұлық төрелердің бәрінің есігін ашып, аз-аздап кідіріп, жұмысы болмаса да оларға жолыққан болып, кешке таман жатын үйіне қайтып оралады. Оның осы жүрісін сыртынан бақылап жүрген Нұркенің жігіттері:

—Ойбай, не дейсің, Кенже барлық мекемелерді түгел аралап шықты. Ол қаладағы ояз, ұлықтардың бәрімен дос екен,— деп барады. Нұрке енді сасады:

—Енді не істейміз?

—Кенжемен тіресіп болмас, соның айтқанына көнгеннен басқа амал жоқ,—деседі ақылшылары.

Ертеңіне билік басталыпты. Кенже би нақылдап, тұспалдап билікті бастап Болғанбайға “сөйле”дегенде, Нұрке отырған орнынан атып тұрып:

— Биеке, құзырыңызға құлдық, оны сөйлетіп әуре етпей-ақ қойы-ңыз. Мен көндім. Сіз не десеңіз, сол болсын,— депті. Нұрекенің бұл сөзіне жұрт аң-таң боп қалады.

Кенже би көпшілікке күлімсірей қарап:

—Бұл істің түйіні өзінен-өзі ақ шешілді ғой деймін. Нұрке алған қалың малын түгел қайтарсын. Болғанбай, сен кеткен келіннің артынан қумай-ақ қой. Осы елде қыз құрып қалған жоқ, сенің балаңа да бір лайықтысы бар шығар. Ал, отырған, халайық, бұған қалай қарайсыздар?— дегенде, жұртшылық: “Бәрекелде, екі елді атыстырмай-шабыстырмай тындырған Кенже би атасына мың да бір рақмет! ”деп тарасыпты.
***

Темірші елінің Қали деген жігіті Қоянды жәрмеңкесінде жүріп Садуақас саудагерден 500 сом несиеге алып, үйіне дүние-мүлік сатып апарады. Несие уақтысында қайтпайды. Садуақас та ештеңе айтпайды. Келесі жылы Қали жәрмеңкеге барса, мата дүкенінің алдында Садуақастың тұрғанын сыртынан көреді. Қали сасқанынан Кенже биге жолығады:

— Садуақасты көрдім, егер ол жолығып, ақшамды неге қайтармай жүрсің десе, мен не деймін, төлейтін ақша жоқ,—дейді. Кенже би:

— Қорықпа, онымен өзім сөйлесемін, жүре бер — дейді.

Күн батып, базар тарқайды. Кенже би бір шәшті елінің саудагерінің үйінде әңгіме-дүкен құрып отырса, үстіне оншақты кісісі бар Садуақас кіріп барады. Сәлемдесіп, бәрі жайғасады. Дастар-қан қайта жайылады. Кенже би Садуақасты көре салып, әңгіме бағытын соған ыңғайлап тұспалдайды:

Бай деген сабырлы, маңғаз болуы керек. Ұсақ-түйек, не болса соған күйбелектеп, соның соңынан өзі жүгіре бермеу керек. Байлық шіркін көл-көсір дүние ғой, бір жағынан ағылып келіп жатады, бір жағынан асып төгіліп жатады, одан жоқ-жұқаналар нәпаха алып жатады,—деп бір қояды. Кенже би тағы біраз әңгіменің басын қайырып тастап, Садуақасқа қарап былай депті:

—Садуақас, сен де бір мақтаулы байдың бірісің, елден табылмаған сенен табылады. Жұртта жоқ, сенде бар. Сенің Жаркент, Ташкентпен байланысың күшті. Жұрт сені маңғаз бай деп айтушы еді, бірақ сен туралы бір ыңғайсыз сөз естіп қалдым. Ел сенің осы жәрмеңкеге келгеніңді сөз қылып жатыр. “Бір темірші жігіт 500 сом алған екен, соның соңынан өзі қуып келіпті” деп даурығып жүр. Бұл сөз сендей ірі, атақты саудагер байға лайықты емес қой. Бұл сенің бағыңды тайдыратын сөз ғой.

Бидің мына сөзінен жерге кіріп кете жаздаған Садуақас: “Кенжеке, жөн сөз екен, несиесі құрсын, құдай алдында сұрамайын, ол қайтып бермей-ақ қойсын. Берген садақам болсын,”—депті де, сол кеште жәрмеңкеден шығып кетіпті.


***

Уәжді нақыл сөздерді Кенже би кезінде мол айтқан. Оның көпшілігі мақал-нақылға айналып, ел арасына таралып кеткен. Сол Кенже би айтыпты деген нақыл, шешен сөздің бірер нұсқасы мынадай:



Басыңа іс түссе,

Бекке барма, көпке бар.

Бек өктеп беліңді сындырады.

Көп көптеп ісіңді тындырады.
Әкімің әділ болмаса,

Халық бұзылады.

Саудаң әділ болмаса,

Нарық бұзылады.

Тақырға біткен төбе,

Таудай көрінеді.

Екі жынды қосылса,

Саудай көрінеді.

Бір ақылды, бір ақымақ қосылса,

Жаудай көрінеді.
Сыпайы сызып айтады,

Шешен қызып айтады,

Шорқақ үзіп айтады,

Бұзық бұзып айтады,

Түзік тізіп айтады.

( Н.Төреқұлов,

М.Қазбеков.

Қазақтың би-шешендері”, Алматы:



Жалын” баспасы,

1993 жыл.)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет