Білім басы –әліппе. Мақсаты: 1



жүктеу 142.81 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі142.81 Kb.
Білім басы –әліппе.
Мақсаты:

1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.

2. Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету.

3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу.

Барысы:
Қатысушылар: - «Күн» және «Бұлт» елінің тұрғындары (сары, көк түске киінеді)
- Оқымыстылар
Жүру барысы:
(Сахнада «Күн» және «Бұлт» елінің тұрғындары, яғни оқушылар бір - біріне қарама - қарсы тұрады).
Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде аспан әлемінің бір жағында «Күн» елі, бір жағында «Бұлт» елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен. Екеуі екі елге қатынаудан қатты қалжырап, шаршапты. Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Ол не болғанда да екі елді бір жерге біріктіру екен.
«Күн» елі мен «Бұлт» елінің балалары білімді, өнерлі, талантты болып өседі екен.
Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің, өнерлерінің бастауы «Әліппе» екенін жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.
(1 - оқымысты): - Е, достым бұл екі елді тек білім мен өнер ғана қоса алады. Соны ескеріп бір нәрсе ойлап табайық.
(2 - оқымысты): - Оның дұрыс - ақ, әріптес. Олардың балалары жақында білім бастауы «Әліппемен» қоштасу кешін өткізеді.

1 оқымысты: - Олай болса, сол кешті екі ел бірге өткізсін деп ұсыныс айтайық. Олардың жаңалыққа әрқашан жаны жақын.

2 оқымысты: - Жарайды, қоштасу кешін «Жерде» өткізетінін айтып хабарлайық.
1- оқымысты: - Уа, «Күн» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Биыл білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші «Жерде» болады.
2-оқымысты: - Уа, «Бұлт» елі білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші
«Жерде» болады.
Мұғалім: Міне сөйтіп екі елді көндіріп, үлкен тойды «Жерде» өткізбекші болады. Екі елдің балалары бұл тойға ұзақ дайындалды.
Сөйтіп той болар күнде жетті. Балалардың қуанышында шек жоқ. Олар ұшып жерге де жетті. Бұл тойдың аяғы немен аяқталатынынан бейхабар еді. Оны алдын - ала болжамайық, одан да тойды бастайық.

Мұғалім: - Армысыздар, аналар!
Бармысыздар балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ.
Бүгінгі жыр әніміз

Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Білім басы - Әліппе!» ертеңгілігін бастауға рұхсат етіңіздер!


Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың.
Ақ сандықты ашайық

.......Шашу, шашу шашайық!
Ердос

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Ислам
Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштассаң
Өсті білім бойымыз
Құтты болсын тойымыз!

Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

1.Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік?

Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.


2.Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім: 
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:

Армысыздар , жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жолбастар,

Әліппең келді ортаға.

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Ағаң менен Әпкең де.

Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы.



Ернұр

Үйреттің бізге Әліппе,

42 дербес әріпті.

Сөз , сөйлем құрап әріптен,

Жаздырдың бізге Әліппе.

Мирас

Әліппем, менің Әліпем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,



Хормен: -Өзіңе көп-көп рахмет!.
Ернұр:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Мирас
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен
Ән: «Қошақаным».

Әліппе:

Ал, балалар, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдерші?

1.Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Хормен: Әдепті екен бұл дейміз!

2.Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!

3.Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!

4.Өтірік сөз айтпаса

Уәдесінен қайтпаса

Кім дейміз?

Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!

Әліппе;

-Өте жақсы , балалар . Мен сендерге ризамын. Әрқашанда әдепті, ұқыпты,үлгілі,шыншыл болыңдар! Ал, балалар айтыңдаршы, қазақ тілінде қанша әріп бар?,

-42 әріп бар

Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы

-А, Ә, Б.

1-оқушы:

Мирас:Алфавиттің А тұрады басында,

Ернұр:Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Ислам:Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші.?

Әліппе

- Балалар , сендер мені оқып, сауаттарыңды аштыңдар, жазуға , оқуға үйрендіңдер, Ал ,кәне, көпшілікке әріптердің сырын ашыңдар

А – А дегенің – Ана ғой,

Ана деген дана ғой

Б - Б дегенің – бала ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой

Г – Гу деп алғашбөбектер

Гуілдейді ақырын

Е – Елге есті ер керек,

Ер жет, өсіп ертерек

Ж – Жыр алыбы – Жамбыл ата,

Ардақтайды оны бала

Қ – Қартқа қол бер

Жасқа жол бер.

З – Зауза ұшады зырылдап,

Зымыранша зырылдап

И – Ирина енді іздейді,

Инженер мына біздейді

К – Кекілік –ау ,кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

Л- Лашын биік самғайды,

Лашын көкті шарлайды.

М – Мектеп берген білімнен ,

Марқаясың, жас ұлан.

Н – Наурызайы келгенде,

Найрыз тойы тойлансын.

О – Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

Ө - Өсті міне, бойларың,

Өсті ақыл, ойларың

Р – Роза шықса ән салып,

Риза болған бар халық

С – Сыйламаған жолдасын,

Сыйлай алмас өз басын.

Т – Тырау-тырау тырналар,

Тамаша әнін тыңдап ал.

Х – Хадиша сөмке көтерген,

Хат-хабар күнде әкелген.

Ы – Ыдысты саздан жасаған,

Ықылас біздің жақсы адам

І – Інісіне бағалы,

Іңкәр ішік алғанды

Әліппе:

-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар



Мұғалім:Еңбек білім мәнінде,

Есептейтін бәрін де.

Сөз береміз ардақтап,

Математика пәніне

Математика:

Сәлемет пе достарым?

Сабағы боп жоспардың.

4 амалды қолданған,

Математика достарың.

Хормен: Сәлеметсіз бе, математика

Математика:

--Ал балалар, математикадан не үйренгендеріңді көрсетіңдерші? Сан құрамдарын сұрау. 5,3,4,10 сандарының құрамын атаңдаршы?

Енді қызықты есептерді шығарып көрейік

1.Бес асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2

2.Ағаштағы төрт алмұрт,

Піскен екен тимей құрт.

Самат алып екеуін,

Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2

3.Қазып жүр құмды бес мысық,

Үшеуі жатыр күн ыстық.

Екеуі жүр шомылып,

Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10

4.Алма ағашта жеті алма,

Қандай тәтті жесе алма.

Жетеуінде жеп қойсам,

Қалады онда неше алма? ( 0 )

5.. Табақта 4 өрік,

Қолымда 3 өрік.

Қосқанда барлығын

Болады неше өрік? ( 7 )

6. Маратта бар 5іні,

Мұратта бар 2 іні.

Қоссақ бес пен екіні,

Неше болады шешуі? (7 )

Математика

-Ал балалар, білімді екендерінді білдім, енді өнерлеріңді көрсетіңдерші

Ән: Доп

Әліппе:

- Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді менен алған білімдеріңді « Ана тілімен » ұштайсыңдар.Міне менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.

Хормен: Сәлеметсіз бе , Ана тілі!

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

Мұғалім: Ана тілі, сіз де бүгін бізде қонақтасыз.Енді қазір қыздардың орындауындағы биді тамашалаңыздар.

Маржан

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты, міне балаңыз.

Құрметті қонақтар, енді Қазақ жігіттерінің көріністерін тамашалаңыздар

Әліппе:

- Балалар, қазір бір ойын ойнайық.Ойын

.......Жарайсыңдар , балғындар! Сендерге ризамын.


Мұғалім:
Әріптерді үйретіп

Жақын болған кім бізге?

Хор: Ол мұғалім

Жамандықтан жиреніп

Ақыл болған кім бізге?

Ол мұғалім.

...............

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Барлығы хормен:

-Рахмет, ұстаз алғашқы!

Ән «Ақылшым мұғалім» Жұмабай Жансая мен Мейрамов Бекарыстың орындауында.

-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:

Мұғалім:

-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана!

Олай болса бүлдіршіндеріміздің ата-аналарына құттықтау сөз кезегін берейік.

-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. Ендеше, біздер аналарымыз бен балаларды сахна төріне шақырайық. (Музыка ойналады. Аналар сахнаға шығады).

Мирас анасымен. Ернұр анасымен

Мирас...ана Ернұр....ана

Лезгинка Ламбада

А: ...........(сахна ортасына шығып, өлеңін айтады).

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

Мирас

Әліппені бітірдім,

Әріптерді танимын.

Мен атаның баласы,

Мен оқушы баламын....

Ернұр

Ата келші тезірек,

Ана тілін бастадым.

Өзіңе айтар тағы да,

Дайын менің тақпағым.....

Балалар хормен:

-Ата-анаға мың рахмет!

Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар,

сіздердің білімдеріңізді тексерейік.

1Ананың көңілі балада, 2 Ананың сүті – бал,

Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал.

2Досы көпті жау алмайды, 3Еңбектің наны тәтті

Ақылы көпті дау алмайды. Жалқаудың жаны тәтті.

4Ұлдың ұяты әкеге

Қыздың ұяты шешеге

Жұмбақ шешу.

1Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,

Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)

2.Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады .(Кітап)

3Маған да, саған да,

Жақын туыс – бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан,

Бәрі де өз жұратың,

Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)

4.Құстан аумайды,

Көкте заулайды. (Ұшақ)

Ата-ана музыка қосылады.

Ата-аналар балаларымен билейді

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады. 
«Құттықтаймын мама...» әні

Аружан
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алып көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Мектебім, мектебім , мектебім 
Мұғалім
Әуезді ән, жаны раушан күй жүрегі,
Жел басқан сезімдерді идіреді.
Мың бұралып алдарыңда иіледі
Әсем биді паш етер қазақтың биші қызы –дей келе,қыздардың орындауында « хаванана » биі.

Ана тілі:
-Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім еді?
-Ыбырай Алтынсарин
-Ал алғашқы әліппенің атасы кім?
-Ахмет Байтұрсынов
- Олай болса, ол кісілердің де рухынабас иіп, өсиеттерін әркез есте ұстаңдар!

Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар! (сахнаға кір-қожалақ Білмесбек жүгіріп шығады)
Білмесбек:
Мыналар неге жиналған, әй! Менің Білмесбек деп атымды атаған қайсысың?
Ана тілі:
-Сәлеметсіз бе , Білмесбек! Бүгін « Әліппемен қоштасу » мерекесі . Сен туралы айтқан мен.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да , жұлып алмақшы болады.)
Бала: 
Тиіспе, менің басымдағыға! Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп , мынау доңғалақтың суреті ғой. Ал бала, мәссаған рогатканың суретін салып алыпты . Бұлардың бәрін мен « әліппені » оқымай-ақ білемін.
Ана тілі:
Ол не дегенің , Білмесбек! Бұлар О,Ү әріптері ғой. Дегенмен , балалар, Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане , ендеше әріптерге байланысты жұмбақтарын шешіп көрейікші.
1. Қос мықынын тіреніп,
Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф )
2. Үш шырпыдан бір есік,
Құрастырып көр шешіп. ( П )
3. Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? ( С )
(Осылайша 5-6 жұмбақ айтылады, Білмесбек 1-2 рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды)
Ана тілі:
-Міне, Білмесбек, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі?
Білмесбек:
-Ой , мене басқа білмейтіндер де бар шығар –ау іштеріңде!
Ана тілі:
-Жоқ, Білмесбек, барлық бала жақсы оқиды.
Білмесбек:
-Онда мен кітап оқығым келеді. Мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен.........
Ана тілі:
-Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөнге сал! « Әліппені » таза, әдепті бала ғана ұстайды.
Білмесбек:
- Жарайды онда!(жүгіріп шығып кетеді) Сау болып тұрыңдар!

Сергіту сәті:.

Мұғалім: 
-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп. 
-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді. 
-Біз мектепке не үшін келеміз? 
-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз 
-МЕКТЕП сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық: 
Балғын
Мектеп деген білім кені , жыр кені, 
Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 
Мектеп деген тәрбиеші адамға. 
Мектеп деген даналардың мекені. 
Асылжан

Мектебім- білім берер алтын ұям. 
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. 
Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай. 
Әрқашан қасиетті атың маған. . 
Мұғалім: 
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз? 
-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз 
-Қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қыс мезгілі 
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? 
-Шаңғы,шана тебеміз 
-Рахмет, балалар!

Мұғалім 
-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер 
-Осының бәрін үйреткен кімдер? 
Оқушылар (хормен): 
-МЕКТЕП! 
- ӘЛІППЕ! 
- МҰҒАЛІМ! 
- АТА-АНА! 
Мұғалім: 
-Рахмет, шәкірттерім! 
Мұғалім: 
-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер: 
1. Қабат-қабат қаттама 
Ақылың болса аттама (кітап) 
2. Тақтада жазып, жалықпаған, 
Жаза-жаза арықтаған (бор) 
3. Үйреткен білімді, 
42 білімді (алфавит) 
4. Алты түрлі түсі бар, 
Сурет салар ісі бар (қарындаш) 
-Рахмет, балалар, жарайсыңдар! 

Әліппе:Кәрі-жасқа ой сала,

Үйрететін ой сана.

Ана тілін сүйіңдер,

Осыған бас иіңдер

- Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді менен алған білімдеріңді « Ана тілімен » ұштайсыңдар.Міне менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар

Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Әліппе:

Айналайын , балдырған,

Менен білім алдыңдар!

Әр сөзімді жаттаған,

Достар үшін мақтаған.

Рахмет айтып шаттанам,

Риза болып аттанам

Алда ұзақ жасың бар,

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман –есен болыңдар!



Хормен : Бәрімізді сүйіп өткен ,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға,

Бас иеміз құрметпен!

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

Осы кезде «Әліппеге шексіз рахмет!» -деген жазулы тәж киген балалар ортаға шығады.Әліппе шығып кетеді

Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!

Балалардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін» әні.

Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөз мектебіміздің директорыЖ.Хояшұлына береміз.
Құрметті қонақтар! «білім басы- Әліппе» атты мерекелік кешіміз осымен аяқталды, келгендеріңізгі көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Бекітемін:

Мектеп директоры: Ж.Хояш

«___»________2014жыл


«Білім басы- Әліппе»
Әліппемен қоштасу

Шәріп Айтолқын



2014-2015жыл



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет