Білім беру бағдарламасы «Физика» пәні бойынша тест спецификациясы 10-сынып



бет4/7
Дата28.04.2016
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

6.1 Бағалар дескрипторы

Негізгі бағалар дескрипторы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Тәжірибе жүзінде оқушыға берілген баға оның бағалау тапсырмаларын қалай орындағанына байланысты болады. Оқушылардың емтихан жұмысының кейбір бөлімінде көрсеткен төмен нәтижесі басқа бөлімінде жоғары нәтиже көрсетуімен теңесуі мүмкін.




Бағасы

Бағалар дескрипторы

A

Пәнді өте жақсы білетінін және түсінетінін көрсетеді.

Болмашы кемшіліктері бар болғанына қарамастан пәнді терең әрі жете біледі және пәнге негізделген қағидаттар мен қызметін нақты түсінеді.


Қағидалар таныс, сондай-ақ таныс емес жағдайларда қолданылады. Жауаптары жақсы түсіндірілген, нақты және сұраққа қатысты; сонымен қатар қиын есептеулердің шешімі дәл және дұрыс берілген.

Оқушылар:



  • фактілерді қағидаттармен және теориямен, және керісінше теорияны фактілермен байланыстыруды

  • анықталған тәсілдер берілген рәсім және іс-әрекеттер үшін неліктен артық көрінетінін сендіруді

  • бірнеше дереккөздерден алынған ақпараттарды салыстырып, таңдап алу және оны айқын логикалық түрде ұсынуды

  • шамалардың кең таңдауын қолдана отырып, есептердің шешімін табуды

  • тапсырма үлгілері мен бағыттарын анықтау үшін бірнеше дереккөзден алынған мәліметтерді өндеуді

  • гипотезаны құру, болжам жасауда теорияны және құбылыстарды түсіндіруді, берілген ақпаратты тиімді бағалаудан кейін жаңа болжам жасай алу қабілетін жүзеге асыра алады.

C

Оқушы пәнді жақсы білетінін және түсінетінін көрсетеді.

Пәнді жалпылама білуін және осы пәнге негізделген қағидаларды нақты түсінуін, оның жұмыс істеу тәсілін көрсетеді. Қағидаларды таныс, сондай-ақ өте таныс емес жағдайларда қолдануы мүмкін; ақпарат пен болжамды бағалай алатын жеткілікті қабілеті бар.

Жауаптар жақсы түсіндірілген, нақты және сұраққа қатысты; сонымен қатар есептеулердің шешімі жартылай дұрыс.

Оқушылар:



  • фактілерді оқу бағдарламасында алдын ала ойластырылмаған жағдаятпен байланыстыруды

  • көптеген сатылардан тұратын рәсімдерді сипаттауды

  • ақпаратты бірнеше дереккөздерден таңдау және оны айқын логикалық түрде ұсынуды

  • берілген ақрпараттың үлгілері мен бағыттарын анықтауды

  • бір сатыдан артық тұратын, бірақ айнымалылары шектеулі тапсырмаларды шешуді

  • болжам жасау, фактілер мен мәліметтерді түсіндіруді жүзеге асыра алады.

E

Пән бойынша базалық білім көрсетеді. Болмашы кемшіліктері бар пәннің негізгі бөлімінің қарапайым аумақтарын көрсетеді және пәнге негізделген қағидаттар мен қызметін аса түсінбейді. Қағидаттарды негізінен белгілі жағдайаттарда ғана қолданады.
Жауаптардың ішінен ескеретін моменттері бар, бірақ қажетсіз ақпараттар көбірек қамтылған. Кейде қарапайым есептерді шешу барысында қолайлы тәсілдерді анықтап, оларды шешім табу үшін қолданады. Кейбір жағдайларда өздерінің жауаптарын мәнмәтінге сәйкес түсіндіреді.
Оқушылар:

  • оқу бағдарламасында қамтылған шамаларды қолдануды

  • бір іс-әрекетті жүзеге асырудың дұрыс рәсімін анықтауды

  • берілген ақпарат көзінен біреуін таңдау және ұсынуды

  • бір немесе бірнеше тәсілмен есептерді шығаруды

  • берілген фактілер ескерілмеген жағдайдағы үлгілер мен бағыттарды анықтауды

  • берілген фактілер қатарын екі гипотезаның қайсысы түсіндіретіндігін анықтауды жүзеге асыра алады.



7 Сұрақтар үлгісі

Әр сұрақтың соңында жауапқа берілетін балл саны тік жақшамен, мысалы [2] түрінде көрсетілген.

Балл қою схемасында әр тапсырма үшін баллдарды қалай бөлу керектігі жайлы нақты нұсқау беріледі. «Физика» пәні бойынша балл қою схемасы келесі белгілеулерді ескере отырып құрастырылған.

M «әдіс» деген сөз.

Бұл белгі жауаптағы А балына (жауап) балын қоюға мүмкіндік береді.



M Балдар оқушының дұрыс әдісті қолданғаны үшін беріледі

А Балы дұрыс жауап үшін беріледі және алдыңғы М балына тәуелді болады. Сондықтан, M 0 болған кезде А балдарды берілмейді.

C - «орнын толтыратын немесе есептелген мән үшін балл беріледі».

Бұл балдар білімнің болғаны анық, бірақ нақты өз білімін есептеу арқылы берілмегені үшін қойылады. Теңдеулерді шешу кезінде жиі қолданылады. Мысалы, егер оқушы мәнін дұрыс қойып және жауабын дұрыс есептеп шығарса, теңдеу таңбамен немесе сөзбен толық жазылмағанына қарамастан, теңдеу үшін балл қойылады.



B «тәуелсіз балл»

басқа балдарға тәуелсіз қойылады




7.1 1-емтихан жұмысы: А бөлімі сұрақтар үлгісі





  1. 1.0 кг көміртек -12 изотопының үлгісінде қанша атом болады?


A 5.0 × 1022
B 6.0 × 1023
C 5.0 × 1025
D 6.0 × 1026


A




B




C




D




[1]



  1. Жүйеде атқарылған жұмыс - ΔW .

Жүйеге берілген энерги - ΔQ .


Жүйедегі ішкі энергияның ұлғаюы - ΔU.
Термодинамиканың бірінші заңына сәйкес жүйе үшін келесі өрнектен дұрыс қатынасты анықтаңыз
A ΔQ = ΔW – ΔU
B ΔQ = – ΔW – ΔU
C ΔU = ΔQ + ΔW
D ΔU = ΔQ – ΔW


A




B




C




D




[1]
3 Батарея тізбегінің аз ішкі кедергісі бар. Тізбек S кілтпен ажыратылған.

Екі резистордың кедергілері бірдей.

Әр кедергі R –ға тең.





R

R


I1 A











S



I2
A




Бірінші амперметр көрсеткіші I1= 0,6 А, екіншісі I2= 0.


S кілтті қосқанда (тізбек тұйықталған) екі амперметрдің көрсеткіші қандай?






I1 / A

I2 / A

A

0.30

0.30

B

0.60

0.30

C

0.60

0.60

D

1.20

0.60




A




B




C




D




[1]
4 Суретте N және S екі магнитті полюстердің арасында көлденең орналасқан магнит өрісінде тогы бар сым көрсетілген.

Тоқтың бағыты BD AC-ға перпендикуляр.


A, B, C немесе D көрсеткіш тілшелердің қайсысы сымға әсер ететін күш бағытын көрсетеді?



N S


сым


B

A C

D





Сымдағы күш бағыты




A




B




C




D




[1]

Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша нұсқаулық

1




C

[B1]




2




C

[B1]




3




D

[B1]




4




B

[B1]






Каталог: site -> nis -> repository -> file -> 18-1%2009%202015 -> %D0%BA%D0%B0%D0%B7
file -> 1. Дене қалай қозғалады, егер қозғалыстың кинематикалық теңдеуі: х = 5t + 20
file -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Шығыс-Қазақстан облысы Бағыты: Таза табиғи орта – «Казахстан -2030»
file -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Назарбаев Зияткерлік Мектептері»
file -> Квалификациялық талаптар Жоба
file -> Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру. Сабақтың мақсаты
file -> Қазақстан тарихы Тас ғасыры Тас дәуірі
file -> Модератор: Өскемен қаласындағы хбб нзм мұғалімі Қонақбаева А. А. Мастер-кластың өткізілетін орны
file -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
file -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Мұнайдың физика-химиялық қасиеті және оның экожүйеге әсері Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске
%D0%BA%D0%B0%D0%B7 -> Білім беру бағдарламасы Қазақ тілі пәнінің (бірінші тіл) тест спецификациясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет