«Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұсынымдары



жүктеу 73.72 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі73.72 Kb.
: attachments -> article
article -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
article -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
article -> Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
article -> Аты-жөні (жұбайы, зайыбы)
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> 1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
article -> Комбинаторика и текст Целые числа
«Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының

ұсынымдары

Қарағанды қ. 16-17 наурыз 2011ж


Қазақстан республикасының білім және ғылым Министрінің №10 2011 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында 2011 жылғы 16-17 наурызда «Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» (ары қарай Конференция) тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаментінің өкілдері, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мен Қазақстан ЖОО-ларының, Ұлттық ақпараттандыру Орталығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 70-тен аса оқу орындарының өкілдері қатысты.

Конференцияда жақын шетелдердің қашықтықтан оқытудағы өзекті проблемалары, республика ЖОО-ларының қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу тәжірибесі, сондай-ақ «мектеп – колледж – ЖОО» білім беру деңгейлері арасындағы білім беру бағдарламаларының сабақтастық мәселелері, қатысушылардың ұсыныстары мен ұсынымдары қаралды және талқыланды.

Конференцияға 120-дан аса ғылыми мақалалар табыс етілді. Пленарлық мәжіліс пен бес секция жұмысының шеңберлерінде қашықтықтан оқыту технологияларының ғылыми, әдістемелік және ұйымдық-тәжірибелік проблематикасы бойынша 40-тан аса баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

Конференцияға қатысушылар Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетіндегі; Ресей Халықтар достығы университетіндегі; Санкт-Петербург мемлекеттік ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетіндегі; Бүкілресейлік сырттай қаржылық-экономикалық институтындағы; Беларусь мемлекеттік университетіндегі; Новосібір мемлекеттік университетіндегі; Астрахань мемлекеттік университетіндегі; Тәжік кәсіпкерлік және сервис институтындағы қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың тәжірибесімен танысты.

Қазақстандық ЖОО-лардың арасынан: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Атырау мұнай және газ институты, Алматы технологиялық университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, У.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясы, Алматы экономика және статистика Академиясы, С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Д. Серікбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Инновациялық Еуразия Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Қазақ-Британ техникалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ш. Уәлиқанов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақ инженерлік-техникалық академиясы, Қазақ-Ресей университеті, «Туран-Профи» Халықаралық Кәсіптік Академиясы, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Рудный индустриалды институты Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны, Семей мемлекеттік педагогикалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Тұран» университеті, «МГТИ-Лингва» Орталық-Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті қатысты.

Конференция шеңберінде: «Электронды оқытуды енгізу мен пайдаланудың ерекшеліктері (ЖОО-лар, ҚКББ ұйымдары, мектептер, колледждер)», «Ұтқыр оқытуды жүзеге асыру проблемалары», «Электронды контентті әзірлеу мен сапасын жетілдіру», «Қашықтықтан оқытуды ақпараттық қамтамасыз ету. Сандық кітапхана», «Электронды оқытуды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» 5 бағыты бойынша секциялар жұмысы ұйымдастырылды.

Өткізілген мастер-сыныптарда ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен оқу үдерісін басқарудың тәжірибелік аспектілері талданды.

Пікірсайыстар шеңберінде Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, «Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ереже», «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың Ережесі» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты талқыланды.

«Қашықтықтан оқытуды ақпараттық қамтамасыз ету. Сандық кітапхана» секциясында кітапханалардың техникалық жарақталуын ұйымдастыру, пайдаланушыларға электрондық ресурстарды беру саласындағы кітапханалардың қазіргі жай-күйінің мәселелері көтерілді.

Секцияға қатысушылар, кітапхананың қызметі электронды кітапхананың қарқынды өсуін және кітапхананың дәстүрлі қорларына электронды кітаптардың үдемелі қозғалуын атап өтті. Пайдаланушылардың аса көп санын тартып, толықмәтінді кітап-журнал ақпараттарының аса үлкен сандық массиві қалыптасқан.

Тыңдалған баяндамаларды, сөйлеген сөздерді және болған пікір-сайыстарды талқылау қорытындылары бойынша, Халықаралық конференцияға қатысушылар келесідей шешімдер қабылдады:



І. Қашықтықтан оқыту бойынша, жұмыс жасайтын базалық ЖОО-лар: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақ-Ресей университеті, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы базасында мамандар даярлау бағыттары бойынша электронды білім беру ресурстарын әзірлеудің ЖОО-лар аралық орталықтары құрылсын.
ІІ. Ұсыным берілсін:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігіне


  1. «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ереже» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпығабірдей міндетті білім беру стандартына «Қашықтықтан оқытудың өңірлік орталықтары» ұғымын енгізуге.

  2. «»Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ереже ҚР Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпығабірдей міндетті білім беру стандартына келесі ережелерді енгізуге:

  • Білім беруді ұйымдастыру күндізгі формада оқитындардың тиісті саны (құрамы) болған кезде ғана қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыра алады. Бұл ретте күндізгі және қашықтықтан оқыту формасындағы студенттердің арақатынасы кем дегенде 1:32-ні құрауы тиіс;

  • Оқитындардың нақты санынан күндізгі оқыту формасында келтірілген оқитындар санына көшу, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары кәсіби білім берудің негізгі білім беру бағдарламалары бойынша және сәйкесінше жұмыстан қол үзе отырып, ішінара қол үзе отырып және қол үзусіз білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі, кешкі және сырттай оқыту формалары үшін сәйкесінше 1,0; 0,25 және 0,04-ке келтіру коэффициенттеріне көбейту арқылы жүзеге асырылады;

  • Бір оқытушыға есептегендегі, техникалық және кәсіптік, ортадан кейін және жоғары білімнің білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқитындар құрамының сандық құрамы келесі нормативтерге сәйкес келуі тиіс:

  • күндізгі оқыту формасы үшін – 16:1;

  • кешкі оқыту формалары үшін – 32:1;

  • сырттай оқыту формалары үшін – 64:1.




  1. Қашықтықтан оқыту үдерісін регламенттеу үшін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша қажетті біліктілікке ие ғалымдар мен мамандардың республикалық мәліметтер қорын жасауға кірісуге.

  2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде қазақстандық оқу контентін жасау және сапалы білім қызметін көрсету бойынша жоғары оқу орындарының күшін біріктіре алатындай, ашық бөлінген университет құру жөніндегі жұмысты үйлестіруге.

  3. Қазақстандық білім беру порталын толтыру мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерінде ұлттық сандық білім беру ресурстарын жасау жөніндегі жұмысты үйлестіруге.

  4. Қашықтықтан оқытуды ең үздік телекоммуникациялық, ақпараттық, материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуге конкурстар ұйымдастыруға.

  5. Қашықтықтан оқыту үдерісін регламенттеу үшін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша қажетті біліктіліктерге ие, ғалымдар мен мамандардың республикалық мәліметтер қорын жасау жөніндегі жұмысты үйлестіруге.

  6. «Қазақстанда қашықтықтан оқыту» республикалық журналын ұйымдастыруға.

  7. ҚР білім және ғылым Министрлігіне Қазақстан мектептерінде электронды оқытуды дамыту бағдарламалық тұғырнамасын анықтауға ұсыным беруге.

  8. Кітапхана мамандарын даярлауға гранттар санын арттыру туралы ҚР БҒМ алдына өтініш білдіруге.



Жоғары оқу орындарына:



  1. Қашықтықтан білім беру технологияларын жүзеге асыратын ЖОО-ларға, өздерінің білім беру қызметін қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестікке келтіруге

  2. ЖОО-лар ректорларына, электронды білім беру ресурстарының ЖОО-лар аралық орталықтарын құруға жәрдем көрсетуге.

  3. Қазақстанда ашық бөлінген университет құру мәселесін, эксперимент ретінде қарауға.

  4. Жоғары оқу орындарына Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің ақпараттық мәліметтер қорларын жасауға қатысуға.

  5. ҚР БҒМ конкурсына алдағы уақытта қатысу үшін ең үздік электронды білім беру ресурсына ЖОО-ішілік конкурстар ұйымдастыруға.

  6. Электронды білім беру ресурстарын корпоративтік пайдалану бойынша ЖОО-лар арасында Меморандум жасауға.



Мектептер мен колледждерге:



  1. Элективті пәндер бойынша мектептер мен колледждерде қашықтықтан оқыту жұмысын ұйымдастыруға.

  2. Әлеуметтік желілердегі жұмыстың белсенділігін арттыруға.

  3. Ұйымдарда қашықтықтан білім беру технологияларын (педагогтың жетекшілігімен орындайтын студенттердің өздік жұмысы) эксперимент түрінде пайдалануға.

  4. Мектептер мен колледждер үшін жетекші профессорлардың жария лекцияларын онлайн режимінде пайдалануға.

  5. Мектептер үшін электронды курстарға қойылатын талаптарды әзірлеуге.

  6. Мектептер мен колледждер үшін оқу контентін жасау жөніндегі жұмысты үйлестіруге.



Кітапханаларға:


  1. Кітапхана кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру үшін білім берудегі қашықтықтан оқыту технологияларының мүмкіндігін пайдалануға.

  2. ЖОО-лар кітапханаларына РМЭБ-ға беру кезінде қосарлануды жою мақсатында құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруін күшейтуге.

  3. Ақпараттық қызмет көрсету, пайдаланушылардың ақпараттарға және білімді таратуға қол жетімділік тетігі арқылы пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеуге.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет