Білім берудің ақпараттандырылуынана қашықтан оқытуға дейін



Дата01.05.2016
өлшемі48.99 Kb.
Білім берудің ақпараттандырылуынана

қашықтан оқытуға дейін





Талдықорған политехникалық колледжінің ақпараттық технологиялар кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы

Ш.С Кулсеитова

Ақпараттық технологиялардың дамуы, яғни ауқымды және жергілікті электрондық желілердің, мультимедиалық оқу құралдарының, екпінді тұрмыстың компьютерліндірілуі, колледждің иновациялық іс- әрекеттің алғы шарты болып табылады.

2000 жылдан бастап біздің колледжде компьютерлік тестілеу орталығы қызмет атқарады. Аталған шағын бөлімнің қызметі студенттердің білім сапасын анықтау үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Колледжіміздің оқытушылары электрондық оқулықтарды жобалауға және қолдануға белсене қатысады. Студентердің білім берудегі қажеттіліктерін қалыптастыруда және оқудың іс- әрекетіне саналы назар аударуда электронды оқулықтарды қолдану тиімді тәсілдердің бірі.

Түлектердің өз бетінше ізденушілігін, танымды белсенділігін дамыту және білім сапасын арттыру үшін 2005 жылдан бастап кредиттік технологиясы бойынша оқытуды енгізуде көлемді жұмыстар жүргізілуде. Пән оқытушыларымен жеке тапсырмалар нұсқалары әр пән бойынша бағалану саясаты жобаланған.

2005 жылдың сәуір айында колледждің педагогикалық кеңесінде колледждің білім беру сапасын басқаратын ақпараттық қамтамасыздандыру моделінің жобасы бекітілді.

Ал жергілікті желіні алатын болсақ, барлық компьютерлік класстар және әкімшілік шағын бөлімшелер жергілікті желігі біріктірілген.

2006-2007 жылдары Интернет желісінде біздің колледж бойынша барлық ақпараттар бейнелген Талдықорған политехникалық колледждің сайты құрылды.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру қашықтан оқытуды дамытуға мүмкіндік береді.

Қашыктан оқыту- арнайы ақпараттық білім беру жүйесінің көмегімен білім мекемесінен кез келген кашықта орналасқан тұрғындарға және қалың бұқара топтарға көрсетілетін білім беретін кызмет кешені.

Ақпараттық білім беру жүйесі деп қолданушының саналы төрде қасиетті тілігін қанағаттандыруына бағытталған ақпараттык қорлар, өзара әрекеттесуші хаттамалар, ақпаратты- бағдарламалық және ұйымды- әдістемелік қамтамасыз етілуі, жүйелік ұйымдастырылған мәліметтерді жіберетін құралдар жиыны деп түсінеміз.

Қашықтан оқытудын негізіне білім берудің белгілі үлгісі жатады. Білім көздеріне арнайы түрде дайындаған және де негізгі телекоммуникациялық ортада сақталған жілінің ақпараттық ресурстары жатады, мысалы деректер қоры, ақпараттық, жүйелік т.б.

Қашыктан оқытудын мақсаты ретінде жүйелік оқыту (куәліктендіру, кәсіби біліктілікті жоғарылату, мамандарды қайта дайындау) және ашық- еркін білім беру жүйесі ( жалпы білім беру және халықтың мәдениет деңгейін көтеру ғылымды насихаттау) қарастырылған.

Колледж әкімшілігі мен оқытушылары оқытудың жаңа үлгісін құру бойынша үлкен және ауқымды жұмыс жұргізуде. Бұл үлгісі келесі ережелерге негізделген: Оқыту технологиясын орталығында-студент; технология мәні - өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту; студент білім алу үрдісінде белсене қатысу; оқыту іс-әрекетінің негізі-ынтымақтастық.

Қашықтан оқытудың түрін енгізу үш кезеңнен тұрады.

1 кезең-Дайындық. 2008-2009 оқу жылдарында барлық оқу жоспарлау құжаттары, оқу-әдістемелік жиынтығы дайындалады, колледж оқытушыларына қашықтан оқытудың әдістемесі үйретіледі.

2 кезең-Негізгі. 2009-2010 жылдан бастап колледжде келесі мамандықтар бойынша қашықтан оқыту жүйесі енгізуге жоспарланған: «Бағдарламамен қамтамасыздандырылу», «Есептеуіш машиналары»,

«Телекоммуникациялық жүйелер». Осы бағыт бойынша 2014-2015 оқу жылына 13 мамандық бойынша жұмыс жүргізілуде.

3-кезең-Қорытындылау. Қашықтан оқыту жүйесі бойынша оқитын студенттердің білім сапасын талдау.

Қашықтан оқытудың сипатты ерекшелігі:

Икемділігі: Қашықтан оқыту жүйесі бойынша оқитын студенттер дәріс және семинар сабақтарына үнемі қатысып отырмайды, олар өздеріне қолайлы жерде, ыңғайлы уақытта, ыңғайлы бағытта жұмыс жасайды. Бұл мүмкіндік қүнделікті тұрмысын өзгерткісі келмейтін және өзгерте алмайтын студенттерге үстемдік береді. Әр студент барлық пәндер бойынша өзіне қажетті көлемде білім алады.

Модульдігі. қашықтан оқытудың бағдарламасының негізгі модульдік қағидалар кіреді. Студенттермен меңгерілген оқу курсы, әр жеке пән саласы туралы түсінік береді. Бұл студенттердің жеке және топтық талаптарына жауап беретін тәуелсіз оқу курстарының жиынтығынан оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді.

Экономикалық тиімділігі. Бүкіл әлімдік білім беру жүйесінің орташа бағасы қашықтан оқыту дәстүрлі білім беру әдістеріне қарағанда арзанға түсетінін көрсетеді. Оқытудың салыстырмалы төменгі бағасы оқу мәліметтерінің мазмұның үйлестіру және шоғырландыру, оқушылардың кәсібін қашықтан оқыту технологиясына бағыттау, техникалық құралдарды және оқу алаңдарын тиімді пайдалану есептерінен қамтамасыз етіледі, мысалы демалыс күндері.

Оқытушының жаңа рөлі. Оған оқытушының танымдық үрдісін үйлестіруі, оқылатын пәндерді реттеу, жеке оқу жоспарларды құрастыру кезіндегі консультация, оқыту жобаларына жетекшілік және т.б міндеттер жатады.

Білім сапасын бақылаудың арнайландырылған түрі. Қашықтан оқытуда бақылау ретінде қашықтан ұйымдастырылған бақылау шаралары (емтихан, тест) қолданылады.

Қашықтан оқыту технологиялары – бұл оқытушының бақылаумен білімді өз бетімен меңгерудегі әдіс – тәсілдер, өзара әрекеттестік жиынтығы. Колледж оқытушылармен қолданылатын қашықтан оқыту технологияларын үш үлкен топқа бөлуге болады:

1. Интерактивті емес (баспа материалды, дыбыстық-бейне тасушылар);

2. Компьютерлік оқыту құралдары (электронды оқулықтар, компьютерлік тестілеу және білімді бақылау, жаңа мультимедиалық құралдар);

3. Бейнеконференциялар-дыбыстық арналар, бейне арналар және компьютерлік желілер арқылы дамыған телекоммуникациялық құралдары.

Компьютерлік желілер арқылы ақпаратты жедел алу құралдары қашықтан оқытуда сапалы жаңа мүмкіндіктер береді. Олар элетктрондық оқулықтарды қолдау және асинхронды электрондық почталар көмегімен мәтіндік ақпараттарды алмастыру технологиясы түрінде белсене дамиды.

Бейне қатысушылар –кез-келген пәнді қашықтан оқытудың бірден-бір құралы. Бейнеқатысушылар дәстурлі дәстурдің орнын ала отыратын, оқу мәліметтерінің компоненттерінің жиынтығының ретінде қолданылады.

Нақты бір пәнде оқуда ақпараттық ресустарға жедел жету жойылған мәліметтер базасына, ақпараттық-анықтамалық жүйелерге, кітапханаларға интерактивті жету мүмкіншілігін береді. Қажетті оқу материалдарын тасымалдау іс- әрекет ON-LINE режимінде бір секунд ішінде жүзеге асырылады.

Компьютерлік желілерді қолдануға бейнеконференциялар ұйымының ең арзан бейне байланысының орташа сапасының мүмкіндіктерін көрсетеді. Бейнеконференцияның бұл түрі жеке консультациялар, семинарлар (5-10 адамнан тұрады) өткізу үшін қолданылуы мүмкін. Компьютерлік бейнеконференциялар, бейнесуреттер және дыбыстарды жіберу компьютер экранын бірлесіп басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді: қашықтан оқыту суреттер мен сызбалар құру, қолдан жазған фотографиялық мәліметтерді жіберу.





Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет