Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 0.8 Mb.
бет2/6
Дата02.05.2016
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6
: files -> sites -> 1383501615557969 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1412616075769426
1412616075769426 -> Құжаттың грифі: Жариялануға тиіс Қабылданған нөмірі: 35
book-catalog -> Педагог қызметкерлерді аттестаттау тест сұрақтары Қоғамдық білім негіздері
book-catalog -> Ылғал ғимаратта жұмыс кезіндегі көшірме шам қуаты неше вольттан аспау керектігін көрсетіңіз
book-catalog -> Педагог қызметкерлерді аттестаттау тест сұрақтары Құқық негіздері 1
book-catalog -> Мұғалімдерді аттестаттау тесті
book-catalog -> A айт, дала. B ен, бөле. C қала, жүр. D кітап, жең. E жігіт, білім. Синонимдік қатар құрап тұрған тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A жаны жай табу, жаны күю. B көзге ілмеу, көзінен таса қылмау. C аузын майлау, ауыз бастырық беру
book-catalog -> Хореография 2 вариант
1412616075769426 -> Акт нөмірі: 1118 Акт түрі: Жарлық Қабылданған уақыты: 07. 12. 2010 Деректер базасы жаңарған уақыты: 16. 11. 2011 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»

6. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдары үй-жайларының
жабдығына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      52. ББМДҰ жабдығы балалардың бойы мен жас ерекшелiгiне сәйкес болады, оларды пайдалануға сәйкестiк және сапа сертификаты бар болған кезде жол берiледi.


      Топтардың үй-жайларында кереуеттер, үстелдер, орындықтар, ойыншықтар мен оқу құралдарына арналған шкафтардың болуы көзделедi. Қабылдау және шешiнетiн бөлмелерде балалар мен персоналға арналған шкафтар қарастырылады.
      Бiр топтың және таңбаның үстелдерi мен орындықтары жинақталады.
      Балаларға арналған үстелдер мен орындықтардың негiзгi өлшемдерi осы санитариялық ережелерге 5-қосымшаға сәйкес көзделедi.
      53. Сабақ өткiзуге арналған жиһаздарды орналастыру кезiнде мынадай талаптарды сақтау қажет:
      1) үстелдер сол жақтан жарықтандырыла отырып, жарық түсетiн қабырғаға орналастырылады;
      2) төрт орындық үстелдер екi қатардан артық емес, ал екi орындық үстелдер үш қатардан артық емес етiп орналастырылады. Үстел қатарларының арасындағы арақашықтық кемiнде 0,5 м көзделедi;
      3) үстелдердiң бiрiншi қатарының жарық түсетiн қабырғадан арақашықтығы - 1 м;
      4) бiрiншi үстелден тақтаға дейiнгi арақашықтық - 2,5-3 м;
      5) қабырғаға iлiнген тақтаның астыңғы жиегiнiң еденнен биiктiгi 0,7-0,8 м;
      6) қабырғаға iлетiн тақтаның көлемi - 0,75-1,5 м;
      7) балаларды денсаулықтары, көру, есту жағдайларын ескере отырып отырғызу керек.
      54. Сәби тобының ойын бөлмесiндегi манеж және барьер терезеге параллель, одан бiр метр арақашықтықта орналастырылады.
      55. Сәби жасындағы бiрiншi топта қолжуғыштың жанына құндақтау үстелi, орамалдарға арналған iлгiш пен «кiр киiмдерге арналған» таңбасы бар бак орнатылады.
      56. Жатын бөлмелер жеке таңбалары бар стационарлы кереуеттермен жабдықталады. Кереуеттердiң өлшемi:
      1) үш жасқа дейiнгi балалар үшiн кереуеттiң ұзындығы 120 сантиметр (бұдан әрi – см), енi 60 см, қоршауы мен төсегiнiң биiктiгi өзгередi;
      2) үш-жетi жастағы балалар үшiн кереуеттiң ұзындығы 140 сантиметр, енi 60 см.
      57. Мектепке дейiнгi топтарда екi қабатты кереуеттердi және төсегi қатты жиналмалы кереуеттердi (жайылатын төсектер) пайдалануға жол берiледi.
      58. Қабылдау және шешiнетiн бөлмелер балалар мен персоналдың сыртқы киiмдерiне арналған шкафтармен жабдықталады. Киiмдерге арналған шкафтарда бас киiмге арналған сөрелер мен сыртқы киiмдерге арналған iлгiштерi бар жеке таңбаланған ұяшықтары болады.
      59. Балалар топтарының дәретханаларында балалардың сүлгiлерi мен жеке бас гигиенасы құралдарына арналған жеке ұяшықтары бар қабырғаға iлiнетiн немесе аспалы iлгiштер; сәби топтарында жеке таңбасы бар түбектерге арналған шкафтар орнатылады.
      60. Теледидар бағдарламаларын қарау үшiн экран көлемi кемiнде 59 сантиметр теледидарлар пайдаланылады. Теледидарларды 1-1,3 м биiктiкте орнату көзделедi. Диапроектор экраны еденнен кемiнде бiр метр және 1,3 м артық емес биiктiкте iлiнедi. Теледидар экранынан көрермендерге дейiнгi арақашықтық 4-тен 6 м дейiн, диапроектор экранынан 1,2-ден 2,4 м дейiн болады. Орындықтар төрт-бес қатарға орналастырылады. Орындықтар қатарларының арасындағы қашықтық 0,5-0,6 м көзделедi. Балаларды бойын ескере отырып отырғызу керек.
      61. Кешкi уақытта теледидар бағдарламаларын, диафильмдердi, бейнефильмдердi қарау жасанды жалпы немесе жергiлiктi жарықтандыруда жүзеге асырылады. Күндiз терезелердi жеңiл ақшыл перделермен жабу керек. Теледидар бағдарламалары мен диафильмдердi көру ұзақтығы төрт-бес жастағы балалар үшiн жиырма минуттан, ал алты жастағы балалар үшiн отыз минуттан аспайды.
      62. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

7. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарының учаскесiн және
үй-жайларын күтiп-ұстауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      63. Барлық үй-жайларды жинау желдетумен күнделiктi, жуу құралдарын қолдана отырып ылғалды әдiспен жүргiзiледi. Әйнектердiң iшкi беттерi апта сайын сүртiледi, айына бiр рет жуылады; сыртқы бетi ластануына қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет. Еден күнiне екi рет жуылады; жиһаздар, радиаторлар, терезенiң алды, балалардың киiм шкафтары күн сайын сүртiледi және аптасына бiр рет жуылады. Музыка және гимнастика сабақтарына арналған бөлмелерде жинау әр сабақтан соң жүргiзiледi.


      64. Барлық үй-жайларды күрделi жинау ай сайын және эпидемиоллгиялық көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi. Жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген өнiмдер мен заттардың тiзiлiмiне сәйкес.
      65. Сору желдеткiш жүйелерiнiң жалюз торкөздерi шаңнан тазартылады, оларды тек сыртқы ауа мен үй-жай ауасының температурасы күрт өзгерген кезде жабу керек.
      66. Сору желдеткiшiнiң шахталарын тазалау жылына кемiнде екi рет жүргiзiледi. Әйнектерiн сыртқы және iшкi жағынан тазалай отырып терезе ойықтарын жуу жылына екi рет (көктемде және күзде) жүргiзiледi.
      67. Топтық бөлiктердiң қызмет етуi кезiнде күрделi жөндеу және жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерiн жүргiзуге жол берiлмейдi.
      68. Жаңадан сатып алынған ойыншықтарда олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын сертификаттары болуы тиiс. Жұмсақ және түктi ойыншықтарды қоспағанда, ойыншықтар пайдалану алдында 2% сабынды-сода ерiтiндiсiн қолдана отырып жуылады, ағын сумен шайылады, содан соң кептiрiледi.
      69. Бiрiншi топтағы сәбилер үшiн пайдаланылған ойыншықтар күнiне екi рет 2% сабынды-сода ерiтiндiсiн қолдана отырып жуылады, содан соң ағын судың астында шайылады және кептiрiледi. Ересек балаларға арналған пайдаланылған ойыншықтар күнделiктi күннiң соңында жуылады. Қуыршақтың киiмi ластануына қарай жуылады және үтiктеледi. Ойыншықтарды жуатын ыдыс таңбаланады.
      70. Iшi жұмсақ материалдармен толтырылған ойыншықтар пайдаланылғаннан кейiн күн соңында бактерицидтi шаммен 30 минут бойы, 25 сантиметр арақашықтықта дезинфекцияланады. Пенолатекс, түктi ойыншықтар дайындаушы-зауыттың нұсқауы бойынша өңделедi.
      Сәби жастағы балаларға және изоляторда iшi жұмсақ материалдармен толтырылған және пенолатекстен жасалған түктi ойыншықтар пайдаланылмайды.
      71. Барлық төсек әбзелдерi (матрацтар, жастықтар, көрпелер) таңбаланады, төсек әбзелдерi жиналмалы (жайылатын) кереуеттердi қолданғанда таңбаланады. Үш төсек әбзелiнiң жиыны және екi матрац тысы болуы қажет.
      72. Төсек әбзелдерiн, сүлгiнi ауыстыру ластануына қарай, аптасына кемiнде бiр рет жүргiзiледi. Төсек әбзелдерi мен жаялықтар пайдаланылғаннан кейiн арнайы таңбаланған ыдыстар мен қаптарға салынады. Кiр төсек әбзелдерi кiр жуатын орындарға (клеенка және мата) қаптарда жеткiзiледi. Мата қаптар жууға берiледi, клеенка қаптар сабынды-сода ертiндiмен өңделедi. Топқа таза төсек әбзелдерi жуылған қаптарда жеткiзiледi. Төсек әбзелдерiн: матрацтарды, жастықтарды, көрпелердi, жатын қаптарын әрбiр күрделi жинау кезiнде тiкелей жатын бөлмелерде терезенi ашып желдетiп, мерзiмiмен сыртқа шығару керек. Эпидемиологиялық көрсеткiштер бойынша камералық әдiстi қолдану арқылы дезинфекциялау жүргiзiледi.
      73. Кiлемдер күнделiктi шаңсорғышпен тазартылады, ал ауқымды жинау кезiнде қағылады және ылғал щеткамен сүртiледi, жылына бiр рет химиялық өңдеуден өткiзiледi. Құндақтау үстелдерiн, балалардың жаялық астына салатын клеенкаларын, манеждердiң, төбешiктердiң жапқыштарын күнiне екi рет және ластануына қарай сабынмен жуу керек. Нәжiспен былғанған жағдайда жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып арнайы бөлiнген шүберекпен бөлiндiлерден тазалау жүргiзiледi.
      74. Жеке түбектердi пайдалану қызмет көрсететiн персоналдың қадағалауымен жүргiзiледi. Түбектер қолданылғаннан кейiн ыстық сумен (температура 60оС төмен емес) жуылады. Унитаздар, ванналар, есiктердiң тұтқалары, еден, крандар, қабырғалар күнделiктi жуу құралдарын пайдалана отырып жуылады.
      75. Топтарға арналған үй-жайлардағы үстелдер тамақ iшер алдында және содан соң ыстық сумен жуылады, орындықтар күнiне бiр рет сүртiледi.
      76. Жабдықтың әрбiр түрi сүртiледi, қолданғаннан кейiн жуылатын, кептiрiлетiн және құрғақ күйiнде қақпағы бар, арнайы таңбаланған ыдыста сақталатын арнайы шүберекпен жуылады.
      77. Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тiркелген жағдайда белгiленген тәртiппен ағымдық және қорытынды дезинфекциялау жүргiзiледi.
      78. Сәби топтарында кәрiз болмаған жағдайда нәжiс жинауға арналған қақпағы бар шелек, түбектерге арналған дезинфекциялық ерiтiндiсi бар сыйымдылық және оларды шаюға арналған таза суы бар шелектер болуы қажет.
      79. Дәретхананы жинауға арналған жинау мүкаммалының (шүберектер, шелектер, шөткелер) таңбасы болады және дәретхана бөлмесiндегi арнайы шкафта сақталады. Барлық жинау мүкаммалын қолданғаннан кейiн жуу құралдарымен ыстық суда жуу қажет. Унитаздардың iшкi беттерiн тазалау үшiн бiр унитазға кемiнде екi щетка қарастырылады. Жуу және дезинфекциялау құралдары және олардың жұмыс ерiтiндiлерi балалардың қолы жетпейтiн жерде сақталады. Қолданылатын дезинфекциялау ерiтiндiсi ерiтiндiнiң дайындалған күнi көрсетiлген белгi бекiтiлген, таңбаланған сыйымдылықта нұсқауға сәйкес дайындалады.
      80. ББМДҰ-ның үй-жайларына шыбындардың ұшып кiруiн болдырмау үшiн желдету үшiн ашылатын терезелерге, желдеткiштерге, фрамугаларға тор көздер орнатылады.
      81. Ғимаратқа кiретiн жерде қырғыштар, торлар, кiлемшелер, щеткалар орнатылады, әр үй-жайдың кiретiн есiгiнiң жанында балалардың әрбiр кiргенiнен кейiн тазаланып жуылатын ылғал кiлемшелер төселедi.
      ББМДҰ-ның учаскесi таза ұсталады.
      Ойын алаңының жабдығы және кiшi сәулеттiк нысандары балаларды серуендету және ойнату алдында күнделiктi сүртiледi, құм алаңындағы құм ылғалданады, аптасына бiр рет араластырылады. Құм айына бiр рет ауыстырылады немесе 7-10 күнде бiр рет қайнаған сумен өңделедi және бетiн жабатын бастырмасы болады.
      82. Кәрiз болмаған жағдайда су өткiзбейтiн, бетондалған қоқыс төгетiн орларды, қоқыс жинағыштарды олардың 2/3 көлемi толған кезде тазалау және қолдануға рұқсат етiлген дезинфекциялау құралдарымен өңдеу керек. Ауладағы дәретханалардың iшкi беттерi мен есiктерiнiң тұтқалары күн сайын жуылады және апта сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып өңделедi.
      83. Жүзу бассейндерiн жобалау, салу, реконструкциялау кезiнде санитариялық ережелер Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6417 болып тiркелген «Коммуналдық мақсаттағы объектiлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 28 шiлдедегi № 555 бұйрығымен регламенттеледi.
      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      84. Жылына кемiнде бiр рет жаз мезгiлiнде ББМДҰ-ның ғимараты мен үй-жайларына ағымды жөндеу, сондай-ақ қолданыстағы инженерлiк коммуникацияларға тексеру жүргiзiледi.

8. Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымының ауа-жылу режимiне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      85. Тiкелей немесе бұрыштан желдету балалар болмаған кезде жүргiзiледi. Желдетудiң ұзақтығы сыртқы ауаның температурасына, желдiң бағытына, жылу жүйесi жұмысының тиiмдiлiгiне байланысты және балалардың топтардың бөлмелерiне қайтып келуiне отыз минут қалғанда аяқталады. Дәретханалар арқылы желдетуге тыйым салынады. Бiр жақты желдетудi балалар бар кезiнде жүргiзуге жол берiледi. Жылдың жылы мезгiлiнде үй-жайда ауа алмастыруды тоқтаусыз жүргiзу ұсынылады, салқын мезгiлде ересек балалар үшiн үй-жайдағы ауаның температурасын қосу 18оС дейiн және кiшi мектепке дейiнгi балалар үшiн қосу 19оС дейiн төмендетiп желдетуге жол берiледi.


      86. Жылдың салқын мезгiлiнде фрамугаларды, желдеткiштердi балалар ұйықтағанға дейiн жиырма минут бұрын жауып қою керек; ұйықтаған кезде бiр жақтан ашып, оянар алдында отыз минут бұрын жабу керек. Жылдың жылы мезгiлiнде ұйықтау үй-жай ауасының температурасын ескере отырып терезелер, фрамугалар ашық кезiнде жүргiзiледi.
      87. Ауаның температурасын бақылау балалар бойының ұзындығына байланысты iшкi қабырғада 0,8-1,2 м биiктiкке iлiнген тұрмыстық термометрдiң көмегiмен жүзеге асырылады.
      88. Балаларды таза ауада серуендету оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына сәйкес күнiне кемiнде екi рет жүргiзiледi. Ауаның температурасы -15оС-тен төмен және желдiң жылдамдығы 7 м/с артық болғанда серуендеудiң ұзақтығы қысқартылады. 4 жасқа дейiнгi балалар үшiн серуендеу ауаның температурасы -15оС-тен төмен және желдiң жылдамдығы 15 м/с болғанда, ал 5-7 жастағы балалар үшiн ауаның температурасы -20оС-тен төмен және желдiң жылдамдығы 15 м/с артық болғанда жүргiзiлмейдi. Барынша сауықтыру әсерiн қамтамасыз ету үшiн:
      1) бағдарламада көзделген балалардың таза ауада болу мерзiмiн қысқартуға жол бермеу керек;
      2) балалар киiмдерiнiң ыңғайлы жағдайында серуендеу уақытында балалардың қимылдау белсендiлiгiн барынша қамтамасыз ету қажет.

9. Балалардың тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      89. Ас блогының құрамына мыналар кiредi: дайындау және ыдыс жуу бөлмесi бар ас үй, тоңазытқыш қондырғысы бар құрғақ азық-түлiкке арналған қойма және көкөнiстер қоймасы. Ыдыс жуу, дайындау және өңдеу бөлмелерi ас үйден қалқалармен бөлiнедi немесе мақсатына қарай аймақтарға белгiленедi.


      Ескерту. 89-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      90. Ас блоктарында: көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында, жекеменшiк үй иелiктерiнде, сондай-ақ осы санитариялық ережелер бекiтiлгенге дейiн салынған мектепке дейiнгi ұйымдардың технологиялық және тоңазытқыш жабдықтармен жабдықталуы, тамақ қабылдау жағдайлары ББМДҰ-ның қуатына байланысты тиiстi аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органымен келiсiледi.
      91. Тамақ өңдеу және дайындау үшiн арнаулы электр жабдығы орнатылады, газ плитасын қоюға жол берiледi. Ас үй үй-жайлары механикалық сору желдеткiшiмен жабдықталады. Елуге дейiн орны бар селолық ББМДҰ-да оттығы бөлек үй-жайға шығатын, қатты отынмен жанатын ас үй плитасын қолдануға жол берiледi.
      92. Термометрлерi бар тоңазытқыш қондырғылары қарастырылады. Тоңазытқыштарда немесе тоңазытқыш қондырғыларында өнiмдердiң әр түрiн сақтауға арналған орындарды нақты анықтау керек.
      93. Бiр жастағы балаларға арналған өнiмдер (қоспалар) бөлек тоңазытқыштарда сақталады. Көкөнiстер көкөнiстер қамбасында (көкөнiс қоймасында), құрғақ өнiмдер сөрелермен, шкафтармен немесе стеллаждармен жабдықталған қоймаларда сақталады. Өңдеуге арналған үстелдердiң беттерi тұтастай металдан жасалған тотықпайтын болаттан немесе дюралюминийден қарастырылады. Бетiне мырышты темiр төселген үстелдерде тек шикi ет пен балықты өңдеуге жол берiледi. Қамырға бетi тегiс сүрленген, ағаштың қатты түрiнен жасалған үстел қарастырылады.
      94. Шикi және дайын өнiмдердi бөлшектеу үшiн бөлек бөлшектеу үстелдерi, ағаштың қатты түрiнен жасалған, тегiстелген жарықтары мен саңылаулары жоқ пышақтар мен тақтайлар болуы керек. Пластмассадан және престелген фанерадан жасалған бөлшектеуге арналған тақтайларды пайдалануға жол берiлмейдi.
      Тақтайлар мен пышақтар былай таңбалануы тиiс: «ШЕ» - шикi ет, «ШТ» - шикi тауықтар, «ШБ» - шикi балық, «ШК» - шикi көкөнiстер, «ПЕ» - пiскен ет, «ПБ» - пiскен балық, «ПК» - пiскен көкөнiстер, «Гастрономия», «Майшабақ», «Н» - нан, «Ас көк».
      95. Қалдықтар қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады, оларды тазалау олардың 2/3 көлемiнен артық толуына қарай жүргiзiледi. Сыйымдылықтар күнделiктi тазартылады және 2% кальцийленген сода ерiтiндiсiмен жуылады, содан кейiн ыстық сумен шайылып, кептiрiледi.
      96. Сапасы мен қолданылу саласы сапа және қауiпсiздiк сертификаттарымен расталатын тотықпайтын болаттан, шойыннан (таба), қалайыланбаған темiрден (қаңылтыр таба) жасалған эмальданған ас үй ыдыстарын қолдануға жол берiледi. Ас үй ыдыстары арнайы сөрелерде немесе стеллаждарда, ұсақ мүкаммал шкафтарда сақталады.
      97. Ас үй ыдыстарын жуу үшiн жуатын ванналар орнатылады немесе оларға ыстық және суық суы жүргiзiледi. Ваннаның кәрiзге қосылатын жерiнде ауа айырғыш қарастырылады.
      98. Ас блогының үй-жайларында жуу құралдарын қолдану арқылы ылғалды тәсiлмен күнделiктi жинау, кейiннен барлық үй-жайларды, жабдықтар мен мүкаммалды дезинфекциялау арқылы айына бiр рет ауқымды жинау жүргiзiледi.
      99. Бөлшектеу мүкаммалы (тақтайлар, қалақшалар, араластырғыштар) және ас үй ыдыстары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген жуу құралдарын қолдану арқылы ыстық сумен (500С) жуылады, ыстық сумен шайылады, содан соң стеллаждарда кептiрiледi.
      Метал мүкаммал жуғаннан кейiн духовкада қыздырылады; ет турағыштарды қолданғаннан кейiн бөлшектейдi, жуады, ыстық сумен шаяды және кептiредi. Ыдыстарды, ас үй мүкаммалын және үстелдi жуып болғаннан кейiн шүберек жуылады, жиырма бес минут бойы қайнатылады, кептiрiледi және жабық ыдыста сақталады. Щетка, ерштер жуылады және арнайы бөлiнген жерде сақталады.
      100. Дератизациялау, дезинфекциялау, дезинсекциялауды көрсетiлген қызмет түрiне лицензиясы бар ұйымдар жүргiзедi.
      101. ББМДҰ-ға жеткiзiлетiн тағам өнiмдерiнде сертификаттары немесе олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын басқа да құжаттары болады. Шикi және дайын өнiмдер бөлек сақталады.
      Тез бұзылатын өнiмдер тоңазытқыш камераларында немесе тоңазытқыштарда 2-6оС температурада және осы санитариялық ережеге 7-қосымшаға сәйкес сақталады. Тоңазытқыш камераларындағы және тоңазытқыштардағы температураны бақылау үшiн термометрлер қолданылады. Бiр тоңазытқыш жабдығы болған кезде ет, балық пен сүт өнiмдерiн сақтау орындары жеңiл жуылатын және өңделетiн арнайы сөрелердiң мiндеттi құрылғысымен қатаң шектелген болуы тиiс.
      102. Сусымалы өнiмдер құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда қабырғадан 20 см және еденнен 15 см қашықтықта орналасқан стеллаждардағы қаптарда немесе қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарда сақталады.
      103. Ақ нан мен қара нан бөлек, есiктерiнде желдетуге арналған тесiктерi бар шкафтарда сақталады, астыңғы сөренiң еденнен арақашықтығы кемiнде 35 см қарастырылады. Шкафтардың сөрелерi қоқымнан арнайы щеткалармен тазартылады және 1% асханалық сiрке су ерiтiндiсiн қолдану арқылы шүберекпен сүртiледi.
      104. ББМДҰ-да балаларды ыстық тамақтандыру балалар кемiнде төрт сағат болған кезде ұйымдастырылады. Балаларға арналған тамақты ББМДҰ-ның арнайы қызметкерi дайындайды.
      Балалардың тамағы толыққанды, өнiмдердiң құрамы бойынша әртүрлi, өсiп келе жатқан ағзаның физиологиялық қажеттiлiктерiн негiзгi тағамдық заттармен толығымен қанағаттандыратын болуы, тағам картотекасы және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен келiсiлген өнiм тiзбесiнiң ассортиментi бойынша ұсынылатын жетi және он күндiк ас мәзiрi негiзiнде жасалуы тиiс.
      Жазғы сауықтыру кезеңiнде рационға жемiстердi, шырындарды, сүттi қосу арқылы қосымша тамақ iшу (екiншi таңғы ас) есебiнен тамақ iшу жиiлiгi көбейедi және түске дейiн кемiнде 1,5-2 сағат бұрын берiледi.
      105. Күнделiктi дайын өнiмнiң тәулiктiк сынамасы қалдырылады. Тәулiктiк сынаманы таңдау және сақтау медицина қызметкерлерiнiң бақылауымен жүргiзiледi. Сынамалар қақпағы бар таза (қайнатып өңделген) шыны ыдысқа салынады және тоңазытқыштың арнайы бөлiнген жерiнде +2oС -тан +6oС –қа дейiнгi температурада сақталады. Тәулiктiк сынамалар келесi күнi немесе демалыс күннен кейiн (демалыс күнiнiң санына тәуелсiз) дайындалған таңғы аспен, түскi аспен, түстен кейiнгi жеңiл тамақпен немесе кешкi аспен ауыстырылғанға дейiн сақталады.
      106. Осы санитариялық ережелерге 6-қосымшада:
      ББМДҰ-да тәрбиеленетiн балаларға арналған тамақтану нормалары (1-кесте);
      балаларға арналған қуат, ақуыздар, майлар мен көмiртектер тұтынудың ұсынылатын шамалары (2-кесте);
      тәулiктiк рационның құнарлығын бөлу (3-кесте);
      балалар үшiн жастарына байланысты үлестерiнiң массасы (4-кесте);
      бiр азық-түлiктi басқа азық-түлiкпен ауыстыру кестесi (5-кесте);
      салқындатып өңдегендегi шығындар (6-кесте);
      жылумен аспаздық өңдегенде тамақ өнiмдерiнiң шығындары (7-кесте) келтiрiлген.
      107. ББМДҰ-ның медицина қызметкерi:
      1) күнделiктi ас мәзiрiн құрастырады және аспаздық өңдеудiң дұрыстығына, өнiмдердiң толық салынуына, тағамның шығымына және дайын тағамның дәмдiк сапасына бақылау жасайды;
      2) үшiншi тамақтарға С витаминiн қосуды жүргiзедi, өнiмдердi сақтау, өткiзу мерзiмдерiнiң және ас блогының санитариялық жағдайының сақталуын бақылайды.
      108. Дайын тамақ балаларға сынамасы алынып, бағаланып және дайын тамаққа арналған бракераж журналына жазылғаннан кейiн берiледi. Медицина қызметкерi әр тағам түрiнiң дәмдiк сапасын бағалайды, үлестiрiлетiн тағамның салмағы мен көлемiнiң ас мәзiрiнде көрсетiлген мөлшерге сәйкестiгiн көрсетедi.
      109. Тағам шығымын тексеру үшiн он порция өлшенедi. Медицина қызметкерi айына бiр рет тағамның құндылығына және ингредиенттерiне есептеу жүргiзедi.
      110. Тамақ дайындау кезiнде мына талаптар сақталады:
      1) шикi және пiскен өнiмдердi өңдеу тиiсiнше таңбаланған бөлшектеу мүкаммалын қолдана отырып әртүрлi үстелдерде жүргiзiледi;
      2) ет-сүйек сорпалары сүзiледi;
      3) салаттарға арналған шикi көкөнiстер өңделедi және «ПК» - пiскен көкөнiстер деген таңбасы бар тақтайшалар мен үстелдерде туралады;
      4) кемiнде екi ет турағыш қарастырылады, шикi және пiскен өнiмдерге бөлек;
      5) ет немесе балық турамасынан жасалған котлеттер, биточкалар екi жағынан кемiнде он минуттан қуырылады және дайын болғанға дейiн 220-250оС температурада духовкада қуырылады;
      6) бiрiншi және екiншi тамақтарға қолданылатын пiскен ет он минут бойы 220-250оС температурада қайталап термиялық өңдеуге (сорпада, тұздықта қайнату, тандыр шкафында қуыру) ұшырайды;
      7) пiсiрмелер, омлеттер бес-алты минут бойы 220-250оС температурада духовкада пiсiрiледi;
      8) бiрiншi және екiншi тамақтар ыстық плита үстiнде екi-үш сағаттан артық тұрмайды;
      9) ашыған сүт нан илеуге ғана жұмсалады;
      10) қатық, iрiмшiк және басқа да ашыған сүт өнiмдерiн, ет қосылған құймақтар, флотша макарон, зельцтер, кремi бар кондитерлiк өнiмдер, сусындар, морс, форшмак, фритюр өнiмдерiн, студень, паштеттердi, гамбургерлердi, хот-догтарды, фритюрде қуырылған тоқаштарды, езiлген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны, майонез қосылған салаттарды дайындауға жол берiлмейдi;
      11) пастерленбеген, қайнатылмаған немесе термиялық өңдеуi жоқ сүт, iрiмшiк және қаймақты, суда жүзетiн құстың жұмыртқасы мен етiн, үйде дайындалған консервi өнiмдерiн, газдалған сусындарды пайдалануға жол берiлмейдi;
      12) сүт өңдеу ұйымдарында өндiрiлген шағын орамадағы қаймақ пен iрiмшiк арнайы термиялық өңдеудi қажет етпейдi.
      111. Өнiмдердi аспаздық өңдеу кезiнде витаминдердi сақтау ережесiн сақтау қажет: көкөнiстердiң қабығын жұқалап аршу, көкөнiстердi түнде аршып қоймау, аршылған көкөнiстердi суда 1,5 сағаттан артық ұстамау, тамақ дайындау үшiн оларды қайнаған суға салу.
      Гиповитаминоздың алдын алу мақсатында салқын сусындарды (компот, кисель және т.б.) аскорбин қышқылымен жасанды витаминдеу жүргiзiледi. Компотты витаминдеу 12-15оС температураға дейiн салқындатылғаннан кейiн, оларды өткiзу алдында жүргiзу ұсынылады, ал кисельге аскорбин қышқылының ерiтiндiсiн 30-35оС температураға дейiн суығанда, оны араластырып және өткiзу температурасына дейiн салқындата отырып құяды. С витаминiнiң тәулiктiк нормасы сәби жасындағы балалар үшiн 50 миллиграмм, ал мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн 70 миллиграмм. Витаминделген тағамдар жылытылады.
      112. Тағам өнiмдерiн тасымалдауды арнайы жабдықталған автокөлiктерде жүргiзу қажет. Автокөлiктiң «Объектiге және көлiк құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргiзу ережесiн белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 18 қарашадағы № 731 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 26 қарашада № 5899 болып тiркелген) сәйкес санитариялық паспорты болуы қажет.
      Экспедитордың арнайы киiмi және «Жеке медициналық кiтапшаларды беру, есепке алу және жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 24 қарашадағы № 768 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 26 қарашада № 5895 болып тiркелген) сәйкес жеке медициналық кiтапшасы болуы қажет.
      Өнiмдерге арналған ыдыстар таңбаланады және тағайындалуына қарай қолданылады, қолданылғаннан кейiн тазартылады, 2% кальцийленген сода ерiтiндiсi бар ыстық сумен жуылады (1 литр суға 20 грамм), шайылады, кептiрiледi және сөрелерде сақталады.
      113. ББМДҰ-да фаянстан, фарфордан жасалған асханалық және шай ыдыстары, тотықпайтын болаттан жасалған асхана құралдары пайдаланылады. Шетi сынған, пластмассадан жасалған ыдыстарды және алюминийден жасалған аспаптарды пайдалануға жол берiлмейдi.
      114. Буфеттерде асханалық ыдыстарды жуу үшiн тиiстi таңбалары бар үш ұялы жуғыш немесе ыдыс жуатын машина орнатылады. 2003 жылға дейiн салынған және қайта жаңартылған ББМДҰ-да екi ұялы жуғыштарға рұқсат етiледi.
      Алдымен 50-60оС температурада бiрiншi ұяда рұқсат етiлген жуу құралдарын қоса отырып шай ыдыстары жуылады, шайылады, содан соң асхана ыдыстары жуылады. Ыдыстарды жуған кезде оларды тамақ қалдықтарынан мұқият тазарту қажет, бiрiншi ұяда 50-60оС температурада жуу құралдарын қоса отырып ыстық сумен жуады, екiншi ұяда 65оС-дан төмен емес температурада ағынды сумен шаяды, торкөздi сөрелердiң үстiне кептiрiледi. Арнайы жуғыш және ағынды су болмаған жағдайда асханалық ыдыс үш легенде рұқсат етiлген жуу құралдарын қосу арқылы ыстық суда жуылады, жуылған ыдыс ыстық суда шайылады, кейiннен кептiрiледi.
      115. Асханалық құралдар: қасықтар, шанышқылар рұқсат етiлген жуу құралдарын қоса отырып жуылады, 65оС температурадағы ыстық сумен шайылады және кептiрiледi. Емiзiктер жуылады, он бес минут бойы қайнатылады және қақпағы жабылатын шыны ыдыста сақталады. Сүт қоспасына арналған кiшкене бөтелкелер қыл және майсыздандыратын құралдардың көмегiмен (қыша, ас содасы) жылы ағынды сумен жуылады, содан соң он бес минут қайнатылады және таңбаланған жабық эмаль ыдыста сақталады. Асханалық ыдыстарды жууға арналған шүберек жуылады, кептiрiледi, ашық эмаль ыдыста құрғақ күйiнде сақталады.
      Ыдыстарды зарарсыздандыру үшiн эпидемиологиялық көрсеткiштер бойынша әр топқа құрғақтай қуыратын шкафтар немесе дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдыстарды шылауға арналған сыйымдылықтар орнатылады.
      116. Топтық үй-жайларда тамақ қалдықтарын жинау үшiн таңбаланған қақпағы бар сыйымдылық бөлiнедi, ол әр қабылданған тамақтан кейiн тазартылады, кальцийленген сода ерiтiндiсiмен жуылады, ыстық сумен шайылады және кептiрiледi.
      117. Ас блогының қызметкерлерi кемiнде арнайы киiмнiң үш жиынымен және жеке бас гигиенасы ережелерiн сақтау үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiледi. Ас блогының қызметкерлерi мынадай жеке бас гигиенасының ережелерiн орындайды:
      1) жұмыс басталар алдында сырт киiмiн шкафқа iледi, қолын сабынмен және шөткемен ыстық суда жуады;
      2) тек таза арнайы киiммен жұмыс iстейдi;
      3) ас блогынан сыртқа шыққанда, дәретханаға барғанда арнайы киiмдi шешедi, асханаға оралғаннан кейiн қолын сабынмен және шөткемен ыстық суда жуады, содан соң арнайы киiмдi киедi.


1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет