Білім бөлімінің 2014 ж. «16» сәуір №01-04/225 бұйрығына



жүктеу 37.88 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі37.88 Kb.
: downloads
downloads -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
downloads -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> График проведения аттестации педагогических работников №
downloads -> Ғылыми кеңесшісі: тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қр білім және ғылым министрлігінің Р
downloads -> Қазақстан Республикасының юнеско және исеско істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы
downloads -> Жүйесінде пайдалану ТҰжырымдамасы алматы, 2004 ббк 74. 200. 52 Ш 21
downloads -> Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім бөлімінің

2014 ж. «_16_» _сәуір _____

__01-04/225______ бұйрығына

1 қосымша
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарының оқушыларының арасындағы ХV республикалық

Абай оқуларының қалалық кезеңін өткізу

ЕРЕЖЕЛЕРІ

І. Жалпы ережелері


1.1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары арасында өткізілетін ХV республикалық Абай оқулары қалалық кезеңінің мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.2. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізілетін ХV республикалық Абай оқулары қалалық кезеңінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:



  • мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын наси-

хаттау;

деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

1.3. ХV қалалық Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

а) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай, Шәкәрім шығармаларын

(өлеңдерін, поэмаларын, қара сөздерін) жатқа оқу. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (ұлылардың шығармаларын көбірек және толығымен жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).

ә) «Көңілім әнді ұғады» - Абай және Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы (1 шығарма).

б) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).


II. ХV Республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңіне қатысушылар
2.1. ХV қалалық Абай оқуларына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және басқа оқу орындарының 5-11 сыныптарының оқушылары қатысады.

2.2. ХV қалалық Абай оқуларына мектепішілік конкурстарда бірінші орын алған оқушылар қатысады.

2.3. Әрбір мектеп ХV қалалық Абай оқуларына 3 кандидатура: Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа оқитын бір оқушыны, Абай және Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындайтын бір оқушыны және өз шығармаларын (өлеңдері, әндері, күйлері) орындайтын бір оқушыны ұсынады.

2.4. 2014 жылғы 2 мамырда сағат 10.00-де Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық - мұражайы базасында ұйымдастырылатын ХV қалалық Абай оқуларына қатысуға мектеп өтініштері 2014 жылғы 27 ақпанда өткізілген мектепішілік Абай оқуларының қорытындылары туралы ақпаратпен бірге қосымша тіркелген үлгіде білім бөлімінің № 225 кабинетіне 2014 жылғы 24 сәуірден кешіктірілмей берілуі тиіс.

Республикалық Абай оқуларының І бөлімі бойынша ең жоғарғы көрсеткіш 420 шығарма болғандықтан, ХV қалалық Абай оқуларының І бөліміне қатысатын оқушылардың жатқа білетін шығарма саны 150-ден кем болмау керек.
III. Қаржыландыру
3.1. ХV қалалық Абай оқуларының қалалық кезеңін қаржыландыруды білім бөлімі жүзеге асырады.

3.2.Оқушылардың ХV қалалық Абай оқуларына қатысуына байланысты шығындарды жіберіп отырған мекемелері көтереді.

3.3. ХV қалалық Абай оқуларын ұйымдастыру және өткізу үшін жауаптылық Семей қаласының білім бөліміне жүктеледі.
ІY. Жұмыс органдары
4.1. ХV қалалық Абай оқуларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру мен үйлестіру мақсатында білім бөлімінің бұйрығы негізінде ұйымдастыру комитеті құрылады.

4.2. Ұйымдастыру комитетінің мүшелігіне білім бөлімінің қызметкерлері енгізіледі.

4.3. ХV қалалық Абай оқуларының ұйымдастыру комитеті:


  • Абай оқуларын өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;

  • Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;

  • Абай оқуларының нәтижелеріне талдау жасайды және жинақтап

қорытады;

  • Абай оқуларының материалдарын баспасөзде жариялайды.

4.4. Қалалық ұйымдастыру комитетінің төрайымы – Семей қаласы білім бөлімінің басшысы.
Y. ХV Республикалық Абай оқулары қалалық кезеңінің қазылар алқасы


  • 5.1. ХV қалалық Абай оқуларының қазылар алқасының құрамы төрағадан (төрайымнан), орынбасардан, хатшыдан және 5-7 алқа мүшелерінен тұрады.

5.3. ХV қалалық Абай оқуларының қазылар алқасы:

  • қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және он балдық жүйемен

бағалайды;

және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

  • жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;

  • Семей қаласының Білім бөліміне ХV қалалық Абай оқуларының қорытындылары туралы есеп береді.


VI. ХV Республикалық Абай оқулары қалалық кезеңінің жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
6.1. ХV қалалық Абай оқуларының ашылуы, қорытындылануы және қатысушыларды марапаттау рәсімі салтанатты, мерекелік жағдайда өткізіледі.

6.2. Қалалық Абай оқуларының жеңімпаздары қазылар алқасының

шешімі бойынша білім бөлімінің грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады.

6.3. Әрбір бөлім бойынша алты жүлделі орын: бір бірінші, екі екінші, үш үшінші орын белгіленеді.



6.4. ХV қалалық Абай оқуларын дайындау және өткізудегі белсенді жұмыстары үшін қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері қалалық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет