Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар



бет1/43
Дата03.04.2016
өлшемі8 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Х ғылыми-әдістемелік конференция

материалдары

2009 жыл 13 ақпан


Астана-2009



УДК 378.147(061)(574)

ББК 74.58я431

Б 94

Редакция алқасы: Б.Ж.Әбдірайым, Д.Қамзабекұлы (жауапты редактор), М.С.Мәлібекова, А.Ә.Шәріпбаев, М.С.Құлназарова, М.Атамбекова


Б 94

«Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар» Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. 2009 жыл, 13 ақпан. Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2009. - 376 б.

Жинаққа 2009 жылы 13 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар» атты Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары еніп отыр.


ББК 74.58я431

© Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университеті, 2009

© ЕҰУ оқу-әдістеме басқармасы, 2009


ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС


Б.Ж. Әбдірайым,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің ректоры,

заң ғылымдарының докторы,

профессор

КІРІСПЕ СӨЗ
Құрметті ғылыми қауым! Қадірлі әдістеме саласына еңбек сіңіріп жүрген оқытушылар!
Міне, биыл университетіміздің дәстүрлі ғылыми-әдістемелік конференциясын аса көкейкесті тақырыпқа арнағалы отырмыз. Білім саласындағы ақпараттық технологиялар – бүгінгі заманның негізгі мәселесінің бірі.

Қазақстан – әлемдік қауымдастыққа өзіндік ізденісімен, ерекше қажыр-қайратымен енген ел. Әлем тоқтаусыз дамып келеді. Жаңалыққа толы әлемнің айрықша тынысы болып отырған Қазақстан да тоқтаусыз дамып келеді.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. Осыған байланысты адамның білім-білік капиталына қатысты экономиканың өрістету мәселесі туындайды. Бұл орайда инновациялық экономика білім жүйесін - өндіріс саласының басымдығы ретінде айқындай түседі. Бүгінгі өркениет білім парадигмасын өзгертуді талап етеді. Әрқашан қолдау мен көмекті қажет ететін білімнің орнына ауқымды жобалар мен инновациялық жобаларға негізделген саланы ғана емес қоғамды да алға тартатын инновациялық білім келуі тиіс.

Ақпараттың және компьютерлiк, ақпараттық технологиялардың арқасында қазiргi саясат жаhандық саясатқа айналды. Бұл саясат үшiн ұлттық, мемлекеттiк және басқадай шекара жоқ. Ол қоғамдық өмiрдiң бүкiл саласына, ал ең бастысы адамның санасына дендеп ене бастады. Ақпараттың арқасында ол бұрын қалыптасқан дағдылы ұғымдарды жойып, жаңа мифтер жасау арқылы адамдардың психологиясына әсер етiп, оны өзгерту мүмкiндiгiне ие болды. Дүние келбетiне бұқаралық ақпарат құралдары себiн тигiзуде. Осы тұрғыдан келгенде, бүгiнде қандай да бiр мемлекеттiң қуаты әскери, бәлки экономикалық қауқарымен ғана емес, ақпараттық әлеуетiмен де өлшенетiнiн айтқан жөн. Ақпараттық қоғамда жаңа ақпараттық, компьютерлiк технологиялармен жұмыс iстеу, игеру, сұраныстан артта қалу, пәндер интеграциясының толық деңгейде ескерiлмеуi гуманитарлық және жаратылыстану даярлықтарына көңiл бөлмеудiң салдарынан болды.

Қазiргi ақпараттық қоғам – ақпаратты ғылыми-техникалық серпіннің қоғамдық-әлеуметтiк деңгейдегi интеграциясы. Сондықтан, бұл үдеріс адам өмiрiне жаңаша әсер етедi. Бұл ақпараттық қоғам дамуының, ақпараттық өркениеттiң алғышарты.

Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі.



Уважаемые участники конференции!
В конце ХХ столетия человечество столкнулось с целым рядом проблем, вызванных глобализацией общественных процессов и распространением информационных технологий. С одной стороны, формируется новая глобальная информационно-коммуникационная среда жизни, образования, общения и производства. Эти процессы происходят на фоне быстрой смены информационных потоков, постоянных изменений в сфере экономики и миграции населения. С другой стороны, изменения в экономике влияют на формирование нового социального заказа, предъявляемого обществом к качеству подготовки специалистов.

Переход от индустриального к информационному обществу приводит к существенным изменениям во многих сферах человеческой деятельности:

- изменяется характер развития, приобретения и распространения знаний;

- открываются возможности для обновления содержания обучения и методов преподавания;

- расширяется доступ к высшему образованию;

- изменяется роль преподавателя в учебном процессе.

Сегодня в сфере высшего образования в Республике Казахстан принимаются системные меры по присоединению Казахстана к Болонскому процессу. Это даст нам возможность войти в европейское образовательное пространство и обеспечить признание отечественных дипломов.

Развитие глобальной компьютерной сети Интернет открыло новые перспективы совершенствования мировой образовательной системы. Это отражается как на технической оснащенности образовательных учреждений, их доступе к мировым информационным ресурсам, так и на использовании новых видов, методов и форм обучения, ориентированных на активную познавательную деятельность обучающихся, обучение в сотрудничестве и др. Благодаря современным информационным и коммуникационным средствам появились дистанционные образовательные технологии. При этом обучающийся и преподаватель пространственно отделены друг от друга, но они могут находиться в постоянном взаимодействии, организованном с помощью особых приемов построения учебного процесса, форм контроля, методов коммуникации посредством электронной почты и других интернет-технологий.

Компьютерные телекоммуникации уже сегодня способны обеспечить передачу знаний и доступ к разнообразной учебной информации наравне, а иногда и гораздо эффективнее, чем традиционные средства обучения.

Традиционные средства, формы и организационные структуры получения образования в период становления в Казахстане новой системы непрерывного образования, приоритетные цели развития которой предполагают самостоятельность в приобретении знаний и коммуникативность обучающихся, не всегда могут удовлетворять потребности государства в специалистах, так как без непрерывной профессиональной подготовки их потенциал быстро обесценивается.

Именно использование информационных образовательных технологий, организованное на основе интернет-технологий, или их эффективное сочетание с элементами второго высшего образования постепенно приобретают черты универсальной формы профессионального образования, ориентированного на индивидуальные запросы обучаемых и их специализацию. Оно предоставляет возможность всем желающим непрерывно повышать свой профессиональный уровень с учетом индивидуальных особенностей.

Широкомасштабное применение информационных и телекоммуникационных технологий в образовательном процессе является характерной чертой системы открытого образования.

Научно обоснованное внедрение средств электронного обучения возможно приведет не просто к его перестройке и коренному улучшению, а к становлению принципиально новой, более эффективной, системы образования.

В современной педагогике высшей школы происходит постепенная замена традиционной парадигмы образования, основанной на пассивном усвоении знаний и воспитании «человека знающего», на новую модель, в основу которой положен принцип формирования «человека мыслящего», способного к творчеству, самосовершенствованию.

Образовательные технологии направлены, в том числе и на то, чтобы приучить обучающихся работать самостоятельно, так как именно самостоятельность дает возможность успешно адаптироваться к работе, связанной с быстро меняющимися технологиями.

На протяжении последних лет в Евразийском национальном университете им. Л.Н. Гумилева ведутся работы по изучению использования в учебном процессе современных информационно-коммуникационных технологий.

В настоящее время в ЕНУ имени Л. Н. Гумилева реализуется своевременное внедрение новых информационных технологий в образовательную среду вуза. Внедряются новые формы электронного обучения – цифровые (видео) лекции, M-Learning (Мобильное обучение). Учебные аудитории оборудованы современной компьютерной техникой, создаются Интернет-кафе во всех корпусах университета. Ведется активная работа по установке единой локальной сети вуза.

Необходимо также отметить, что успешное применение новых информационных технологий зависит от заинтересованности и активного участия профессорско-преподавательского состава в формировании информационной среды вуза. Необходимо перенимать опыт у зарубежных партнеров в области применения новых технологий обучения. ЕНУ имени Л. Н. Гумилева подписано более сорока соглашений и меморандумов о сотрудничестве с зарубежными вузами и научно-исследовательскими институтами.

Своевременное внедрение и применение информационно-телекоммуникационных технологий в образовательном процессе ЕНУ имени Л. Н. Гумилева является одним из приоритетных направлений развития университета в XXI веке.
Конференция жұмысына табыс тілеймін. Тыңдағандарыңызға рақмет!
Д. Қамзабекұлы,

ЕҰУ оқу-әдістемелік жұмыс және

стратегиялық даму жөніндегі проректор,

филология ғылымдарының докторы,

профессор

ОҚЫТУШЫ МЕН СТУДЕНТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСІ– ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ КІЛТІ

Әдетте оқыған, ағарған елде жастардың алғыр бөлiгi – студенттер. Студент деген сөздiң этимологиясына үңiлсек, ана тiлiмiзде “iзденушi”, “ынталы” деген мағына беретiнiне көз жеткiземiз. Ал ендi осы “iзденушi”, “ынталы” ұғымдарын шығармашылықтан бөлiп қарауға бола ма?

Жоғары мектеп, студент, шығармашылық ұғымдарының байланысы тұрғысынан алсақ, тәуелсiздiк отанымыздың бiлiмдi жаңа буынына кең жол ашып отыр. Студенттер қауымы:


  • бiрiншiден, бұрынғыдай идеологияландырылған жүйеге емес, нақты өз отанына алған бiлiмiмен қызмет ете алады;

  • екiншiден, тәуелсiздiк жеңiсiнiң нәтижесi болып табылатын нарық, бәсекелестiк құбылыстарының арқасында жаңаша серпiн, жаңаша көзқарас қалыптастырады;

  • үшiншiден, әлемдiк бiлiм, ақпарат кеңістiгiне даярланады;

  • төртiншiден, жаңа қоғамды қалыптастыру iсiнде өз үлестерi болатынын толық сезiнедi.

Осы жағдай талапқа сай орнықты жүйемен жүрсе, бұрынғы идеологияландырылған қоғам сарқыншақтарынан тездетiп арылуға септiгiн тигiзбек.

Бұл ретте азат Қазақстан қоғамы шығармашыл, ойлы жастарды қажет етедi. Сонымен бiрге осынау қажеттiлiк жастардың шығармашылық iзденiсiне кең жол ашуды мiндеттейдi. Несiн жасырайық, осыған дейiнгi бiзде қалыптасқан бiлiм жүйесi “даяр асқа – тiк қасық” ыңғайында жүрдi. Жаратқан дарытқан талантымен өз бетiмен iзденгендер болмаса, жалпы бiлiм саласы оқушы мен студенттiң талабын ұштай алмады. Тiптi бiрсыдырғы ойлауға, саясилануға, көшiрiмпаздыққа алып келдi. Мәселен, жоғары мектептегi ғылыми машықтанудың айқын тәжiрибе сатылары болып табылатын ғылыми реферат, курстық жұмыс, диплом жұмысы секiлдi еңбектер бiрыңғай көшiрулерден тұрды. Өкiнiшке қарай, мұның зардабынан қазiр де толық айықтық дей алмаймыз.

Көшiру дегенiмiз не? Түсiнiктi тiлмен айтқанда, бұл – өсу емес, өшу; iлгерiлеу емес, кейiн кету. Мұнда шығармашылықтың иiсi де жоқ. Өркендi, оразды елдердiң тәжiрибесiнде жоғары мектептен студент екi жағдайда ғана шығарылады. Бiрiншi, аса ауыр қылмыс жасағанда (мәселен, кiсi өлтiргенде). Екiншi, берiлген тапсырманы өз бетiмен iстемей, көшiрiп алып келгенде (яғни, плагиат жасағанда). Бұған түсiнiк, яки комментарий беру артық деп ойлаймыз.

Ал ендi қазiргi бәсекелестiк жағдайында бiз студенттердiң шығармашылық iзденiстерiн қалай дамыта аламыз? Осы бағытта қандай әдiстемелiк жұмыстар жүргiзуге болады?



Бiрiншiден, жоғары мектеп жалпы бiлiм саласындағы өзiнше бөлек буын емес, ол – бастауыш, орта, арнаулы бiлiмдердiң заңды жалғасы. Ендеше ЖОО сапалы маманның шығуына да, сапалы мектептердiң көбеюiне де мүдделi болуға тиiс. Егер педагогикалық мамандықтардың шығармашыл емес, көшiрмешiл түлектерi мектепке барса, жоғары мектепке кiмдi даярлайтыны өзiнен-өзi түсiнiктi. Олай болса, жоғары мектептiң профессор-оқытушылар қауымы орта мектепке шын көңiлiмен бет бұруы керек.

Мектепке бет бұру дәрiс оқумен ғана шектелмейдi. Мұғалiмдерге кеңес беру, оқулықтарға көмекшi ғылыми-әдiстеме құрал жазу, жер-жерден талантты оқушылар iздеу, облыстық, аудандық мерзiмдi басылымдарға Ғылымдағы жаңалық, талап, жаңа өрiс туралы тұрақты мақала жариялау – осы бағыттағы iзденiстердiң бастамасы дер едiк.



Екiншiден, бiзде “баланы – жастан” деген жақсы түсiнiк бар. Бәсекелестiк жағдайында әрбiр жоғары мектеп өзiнiң атақ-беделi үшiн күресуi керек. “Түн қатып жүрiп, түс қашпай” ештеңе бiтпейдi. Сондықтан шығармашыл студенттер шоғырын қалыптастыру үшiн тәжiрибе алаңы керек. Тәжiрибе алаңы дегенiмiз – университет жанындағы колледждер, мектептер, кафедра жанындағы мектеп оқушыларының ғылыми үйiрмелерi, бiрлестiктерi немесе жоғары мектеп қамқорлыққа алған мектептер. Ал ендi осындағы таңдаулы балалармен қалай жұмыс iстеймiз – нәтиже соған байланысты.

Бiр кездерi халқымыз ортаға табан тiремеген оқығандарды “тiкбақай ” деп сынаған. Ендеше бiзге талантты, шығармашыл студенттер өзiнен-өзi келедi деген пiкiрдегi тiкбақай профессорлар керегi жоқ. Бiзге құлқынның қамын емес, баланың қамын, шәкiрттердiң талантын ұштауды ойлайтын профессор-оқытушылар керек. Бұл бағыттағы жоғары мектеп мамандарының әдiстемелiк еңбектерi, әдiстемелiк-тәжiрибелiк iзденiстерi – шығармашыл жастарға дұрыс жөн сiлтемек, қалыптасуына iргетас болмақ.



Үшiншiден, жоғары мектепке түскен әрбiр студент бiрiншi күннен-ақ университет – дәрiс тыңдауға жинайтын орын емес, ғылыми еңбекке баулитын орын және iзденудi талап ететiн орын екенiн сезiнуi тиiс. Дәрiсшi айтқанды қайталап беру – суды бiр ыдыстан екiншi ыдысқа сылдылатып құю сияқты нәрсе. Бұл ретте жоғары мектепте iзденiссiз, ойсыз тоқырап қалған оқытушыға, тiптi профессорға да орын болмауы керек. Жоғары мектеп шығармашылыққа жол бермейтiн, яки iсiмен, болмысымен шығармашылықты тежейтiн “мамандардан” арылудың тетiгiн (механизмiн) өзi ойлап табуы тиiс.

Әрине, қабылданған студенттер контингентiн 100 пайыз шығармашыл етiп шығару өте қиын, тiптi мүмкiн де емес. Бiрақ шығармашылыққа құлықты, мүдделi етiп шығаруға мүмкiндiк бар. Бұл үшiн:

1) 1 курстың I жартыжылдығында бiлiктi ғалымдарымыз талапты, талантты студенттердi тауып, оларға өз бетiмен iзденетiн тың, айрықша бағыттағы ғылыми тақырыптар беруi керек;

2) практикалық сабақтар мен студенттердiң өз бетiмен iзденетiн жұмыстары кезiнде оқытушылар, кафедраның нақты iс-жоспарына сәйкес, студенттерге ғылым әлемiне енетiндей етiп тапсырма ұсынуы қажет. Сондай-ақ тапсырманың орындалуы қатаң, жүйелi бақылануы тиiс;

3) шығармашылыққа қолдау беретiн де, қолдау бермейтiн де – кафедра. Мәселен, көшiрме жұмысты (курстық, диплом) кафедра сөресiне жарқыратып қойса – шығармашылықты қолдамағаны, керiсiнше плагиатты қолдағаны. Сондықтан студенттердiң шығармашылығын арттыру мәселесiнде университет кафедралары үлкен жауапкершiлiктi сезiнуi қажет.

Ендiгi жерде тек әдiстеме, немесе педагогика саласының мамандары ғана емес, барлық ғылым саласының мамандары өз саласында «студент - жастарды шығармашылыққа қалай тартуға болады және олардың өрiсiн қалайша кеңейтуге болады?” деген сұрақ төңiрегiнде тәжiрибеге негiзделген еңбектер жазуы тиiс.

Жалпы шығармашыл жас азамат – өз-өзiне сенiмдi, ертең бiреудiң жетегiнде кетпей, елiнiң тұтқасы болатын адам. Бiздiң ұлтымыздың рухани танымына тамыздық болған Шығыс, ислам құндылықтарында толық адам, кемел адам, туралы жиi айтылады. Данышпан Абай да поэзиямен, қара сөздерiмен осындай тұлға мәселесiн жан-жақты түсiндiрдi.

Ал бүгiнгi адамзат ғылымының осы орайдағы тоқтамы үш негiзбен айқындалған:



Бiрiншiден, жастардың технологиялық қабiлетiн дамытатын iс-шаралар кешенi.

Екiншiден, жастардың коммуникативтiк қабiлетiн дамытатын iс-шаралар кешенi.

Үшiншiден, жастардың концептуалдық қабiлетiн дамытатын iс-шаралар кешенi.

Бұл жерде технология нақты кәсiпке байланысты екенi түсiнiктi. Ал, коммуникативтiк қабiлет – кiсiмен, ортамен араласу, өзiн-өзi ұстау, жақсылыққа ұмтылу. Концептуалдық қабiлет – болжау мен сараптау, алдағыны жоспарлау, жүйелi талдау hәм жауапты шешiм.

Университеттердегi маман даярлауға жауапты кафедралар студенттермен байланысын осы үш негiзге құрса, осы бағытта әдiстемелiк iс-шаралар жүргiзiлiп, еңбектер жазылса, бiз елеулi нәтижеге қол жеткiзген болар едiк.

Бүгiнгi негiз, iргетас – ата-ана, мектеп, орта. Сонымен бiрге ол – баланың яки жас азаматтың өз болмысы. Бiз өз тәжiрибемiзде мынадай кереғар фактiлердi ұшырастырдық. Университеттерге “Ғылыми жобалардың жеңiмпазы” деген жеңiлдiкпен түскен кешегi мектеп түлектерiнiң басым бөлiгi жоғары мектептерде ғылыммен шұғылданбайды. “Неге?” деген сұрақ туады.



Бiрiншiден, “жобашылдардың” өтi жарылып кетсе де айтайық, олар жеңiс мәресiне жеткiзген ғылыми еңбектерiн өздерi жазбаған. Әрине, бiз бұлай болмаса деп тiлеймiз немесе жеңiмпаздар туралы жақсы ойлағымыз келедi.

Екiншiден, ғылымға қабiлетi бар балалар өз бетiмен жүр. Кешегiдей өбектейтiн мұғалiмi жоқ. Кафедра, профессор бұл баланы әлi тапқан жоқ. Кафедра меңгерушiлерi “Айналайын, ғылыми жеңiске жеткiзген жұмысыңды көрсетшi” деген жоқ. Кураторға тек тәртiп қана керек сияқты... Оқиға осылай өрбiп жатса, бiз көп нәрседен айырылып қалуымыз мүмкiн. Баптамаған тал шыбық алып бәйтерек бола алмайды. Шынықпаған шымыр болмайды.

Бiзде журналистикадан тыс мамандықтарда, тiптi нақты ғылым саласына қатысты мамандықтарда оқушы кезiнде “Ұлан”, “Дружные ребята” газеттерi мен “Ақ желкен” журналына мақала жариялаған студенттер баршылық. Өкiнiштiсi, студент кезiнде жазғандарымен көрінбей жүр. Тiптi олар бiздiң “Еуразия университетi” газетiнде де көрiнбейдi. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Сөз жоқ, бiз өз қолымызбен талантты балалардың мүмкiндiгiн шектеп отырмыз. Қаламы жүйрiк, баспасөзге еркiн шыға алатын биолог, математик тәрбиелесек артық па? Тiптi сондай ұл-қыздар факультеттiң ғылыми тiршiлiгiн жазып отырса, деканатқа да, кафедраға да абырой емес пе?! Бiздiңше, әрбiр декан әрбiр оқу жылы жаңа түскен студенттердiң саны мен тәртiбiн ғана қадағаламай, сапасын да, талантын да, рухани өсуiн де, шығармашылығын да қадағалауы керек. Әрине, кафедра меңгерушiлерiмен және оқытушылармен бiрге. Тiзе қосып. Шын жаны ашып.

Шығармашылық, шындап келгенде, алғаш – ақылға, сонан кейiн – қалам мен қағазға тәуелдi. Соңғы жылдардың шындығы ненi көрсетедi? Басқа мамандықтарды былай қойғанда, филология мамандықтарының өзiнде де сауатсыз жазу үрдiсi (тенденция) белең алып келедi. Мұның себебiн бiрыңғай тест жүйесiне апарып тiреу қаншалықты ақиқат болар екен? Бiздiңше, себеп – тек тесте ғана емес, оқытуда және оқу мазмұнында. Мысалы, сол филология мамандықтарында сауатты жазуды үйретуге байланысты қосымша сабақтар жоқтың қасы. Оқу жоспарында көрсетiлмеген деп, диктант алынбайды, шығарма жаздыртылмайды. Бұл жұмыстар жүргiзiлгеннiң өзiнде де қателер бойынша талдау жұмыстары iске асырылмайды.

Жалпы елiмiз сауатты жазу мәселесiн мықтап қолға алса, филология факультеттерiне қызметке қабылданатындар үшiн жазбаша тест алудың артықтығы болмас едi. Көңiлжықпастықтың арғы жағында бiлiм саласы үшiн үлкен қауiп, балалар үшiн үлкен қиянат тұратынын естен шығармауымыз керек.

Осындай тығырықтан шығудың бiр жолы, бiздiңше, қателiктен сабақ алуда және қателiктi болдырмауда жатыр. Ол үшiн филология мамандықтарына қатысты кафедралар күрделенiп бара жатқан жағдайды реттеудiң ортақ шешiмiн табуы тиiс. Сондай-ақ басқа мамандықтар үшiн қазақ тiлi және орыс тiлi кафедраларының жанынан кеңес берушi бiрлестiктердiң қажеттiгi байқалып отыр.

Кез-келген саладағы шығармашылықтың жүзеге асуы үшiн ақыл күшiмен бiрге қалам күшiнiң де керектiгi – айдай анық нәрсе. Болашақ маман ақылы мен қаламын студент күнiнде шынықтырмаса, қашан шынықтырады? Сондықтан ЖОО мамандары студенттердiң ғылыми конференциялардағы баяндамасына, жекелеген ғылыми мақалалары мен зерттеулерiне, курстық жұмысына, диплом жұмысына мән берiп қарамасақ, қоғамның дамуы жолында “қолымызды мезгiлiнен кеш сермеп қалуымыз” әбден мүмкiн. Қазiргi әлемдiк бiлiм кеңістiгiне, дүниежүзiлiк қауымдастыққа енуiмiз, күнен-күнге қарыштап отырған бәсекелестiк құбылысы бiзден мемлекетiмiздiң болашақ әлеуетi болып табылатын бүгiнгi – студент, ертеңгi – маманға жауапты қарауды талап етедi.

Әлемдік дәрежедегі дана В.Гумбольдтың мынандай сөзі бар: «Университет – профессорлар мен студентердің одағы. Олар ғылыммен шұғылданғанда ғана олар тең дәрежеде одақ құрайды».

Бiз соңғы уақытта жаhандану туралы жиi айтатын болдық. Қоғамымыздың қайсыбiр топтары мұны қауiптену мен қорқыныш бейнесiнде сипаттайды. Ал, шындығына келсек, әлiмсақтан жүрiп жатқан жаhандану құбылысынан қорықпау керек. Бұл орайда да болашақ мамандардың жүйелi бiлiм, дұрыс бiлiк жинауы қажет-ақ. Мәселен, әлемдiк тәжiрибе сынағынан сәттi өткен кредиттiк оқу жүйесi Отандық бiлiмiмiзге, жалпы студенттердiң шығармашылық iзденiсiне тек пайда әкелмесе, зиян әкелмейдi. Бүгiнгi таңдау еркiндiгi, сынақтық өлшем бiрлiгiнiң қолайлылығы, өздiк жұмысқа берiлген уақыттың көптiгi – студенттердiң талабын шыңдайды, тәуекелшiлдiгiн арттырады.

Студент шығармашылығы бiлiммен толысады, бiлiкпен нығаяды. Бiлiм бiр саланы меңгерумен ғана шектелмейдi. Өркениеттi елдердiң тәжiрибесiнде зиялы адам қалыптасар шағында өнер мен ғылымның бiрнеше саласынан сусындаған. Мұны ол арнайы да оқыған, өз бетiмен де оқыған. Мысалы, тарихи тұлға, ғалым, қайраткер Евней Букетовтi алайық. Ол кiсi негiзiнен түстi металлургия саласына маманданса да, әдебиет пен мәдениет саласын бiр кiсiдей меңгерген едi. Кейiн ол өз саласынан академик дәрежесiне көтерiлдi, сонымен бiрге көркем аударма, әдебиеттану саласынан да әжептәуiр биiктердi бағындырды. Бiз, әрине, бұл жерде техникалық салаларда оқып, кейiн қазақ әдебиетiнiң алтын қорын байытқан I.Есенберлин, О.Сүлейменов, С.Сматаев, И.Оразбаев, т.б. туралы айтпаймыз. Себебi аталған азаматтар – бiрыңғай әдебиет саласын таңдағандар.

Зиялы, ошақтың үш бұты секiлдi, бiлiм-ғылыми-мәдениетке табан тiрейдi. Бұл үшеуi бiрi-бiрiнсiз толық болған емес. Шығармашылықтың да, үлкен iзденiстiң де бастауы осында. Руханилықты керек етпеген технократиялық қоғам мiндеттi түрде тығырыққа тiреледi, сыңаржақ боп қалады. Олай болса бiз жаратылыстану-техника салаларында оқып жатқан студенттерiмiзге – мәдениеттi, ал гуманитарлық салаларда оқып жатқан студенттерiмiзге – нақты ғылымдарды орайлы, жүйелi меңгертсек, ешқашан ұтылмаймыз. Бұл дәстүр бiзде нықтап орныққан, алайда мұның бүгiнгi жағдайын қазiргi заман немесе тәуелсiздiк талабына сай деп айта аламыз ба?

“Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасында” негiзгi мiндеттердiң қатарында “отандық дәстүрлер, әлемдiк тәжiрибе және тұрақты даму қағидаттары негiзiнде бiлiм берудiң мазмұны мен құрылымын жаңарту” мiндетi ерекше айтылады. Сондай-ақ аса маңызды осы құжатта оқытудың кредиттiк жүйесiне байланысты сөз етiлген “өз бетiнше белсендi жұмыс iстеудi ынталандыру”, “жеке бiлiм бағытын таңдау”, “академиялық ұтқырлық”, “академиялық еркiндiк”, “дербестiктi арттыру” секiлдi ұғым-түсiнiктер бакалавр-магистрант қауымының алдағы кезеңдердегi шығармашылық iзденiсiне ұйытқы болады деп есептеймiз.

Білім мен оқу жүйесін шығармашылықсыз елестету мүмкін емес. Өйткені ол өмірдің өзі сияқты, адамның жаны мен сезімінен тұрады. Дей тұрғанмен біріміз - ата-анамыз, екіншіміз - мұғалім-оқытушымыз, үшіншіміз - осы саланың зерттеушісіміз, төртіншіміз - жалпы жанашырмыз. Ендеше өзгерген, жақсылыққа ұмтылған қоғамда «бәрін бір адам шешеді яки істейді, білім – оны басқарып жүргендердің жұмысы, бізсіз де эксперименттерін жасай берсін» деу жамандыққа, тоғышарлыққа апарып соғуы мүмкін.

Жоғары оқу орнын бітірген, орта мектепте ұстаздық тәжірибеден өткен, ЖОО-да ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген маман ретінде емес, ата-ана ретінде де ойды ортаға салған орынды. Неге десеңіз, ауызбен айтпаса да жүрегімен «еті – сенікі, сүйегі - менікі» деп мектепке баласын берген миллиондаған әке-шешені мектеп тағдыры аз ойлантып жүрген жоқ. Оның үстіне қатырма ой мен сілтеме ойды сапырып, өткен-кеткенге бір амандасып, теория-ережелермен елдің басын ауыртып, оқырман санасына зиян келтіру азат баспасөзбен қоңсы емес екенін жақсы түсінеміз.

Әрине, көпке топырақ шашпаймыз. Сөйте тұра, ғылыми педагогика, эксперименттік педагогика, практикалық педагогика (шартты бөлу) арасында алшақтық көп екенін аңғарған соң, осы саланы жүйелеуі тиіс ғылымда кінәрат бар ма деп қам жейміз. Сөз жоқ, басқа ғылымның да қағанағы қарқ, сағанағы сарқ дей алмаймыз. Ал енді, мәселен, қоғам үшін қолданбалы маңызы тұрғысынан физика мен педагогиканың орны бірдей емес қой. Физика бізде де, қиырда да дами береді, педагогика болса - мемлекет пен ұлт өркендеуінің бір барометрі. Білім-ілімді, оқу жүйесін айтамыз-дағы.

Соңғы жылдары қаптап кеткен «ұлттық педагогика» деп жүргеннің көбі дерлік - аңыз бен қиялдың ортасындағы бір нәрсе. Оқушы қыз бүрмелі көйлек кисе, сабақта киіз үй т.б. этнография элементтері оқытылып, бітпейтін жаңылтпаш жаттатыла берсе, керемет қазақ болып кетеміз бе? Әйтпесе ұлтты ұлт қылған жай сыртқы костюм мен сылдыр сөз бе? Мысалы, күніне жаттанды 40 мақал айтатындар бар. Немесе жиын-тойларда келсін-келмесін толғауларды кесек-кесегімен жіберетіндер кездеседі. Бұдан ұлтқа, ақылға не пайда?

Осыдан шығатын қорытынды, біздің педагогтар ұлт деген ұғымды өте тар мағынада түсінеді. Болашақ ұстазға ұстаз боламын деушілер суды бір тостағаннан екінші тостағанға құйғандай көшірімпаздыққа, ой таяздығына, тоғышарлыққа жол береді. Дамыған елдерде ширек ғасырдан бері біздікіндей біржақты (ұстаз ғана сөйлейтін) дәріс, сабақ жүргізілмейді. Кітаптағы ой бір мидан екінші миға жалаң көшірілмейді. Дәріс пікірталас, ой бөлісу түрінде өтеді. Шығармашылық бірінші орынға шығады. Ұстаз аз берсе де саз береді. Оқушы аз алса да жүйелі алады және ойды дамытудың жөн-жобасын жасынан қалыптастырады.

Бірақ білім саласы әлі де қоғам дамуының алдында емес, артында келе жатыр. Ауыл мектебі түгіл қала мектебі толық компьютерленбеді, кредиттік технологияның негізгі шарттары, жүзеге асырылуы кемшін, жастар мемлекетшіл болудан гөрі «валентиншіл», кітапханашыл емес – кафешіл! Бұған бәріміз кінәліміз. Классик-жазушы Мұхтар Мағауин айтпақшы, «шайтан кінәлі». Әлбетте, бойымыздағы! Бәлкім, ойымыздағы.

Қоғамға ортақ білім саласын, бұл саладағы шығармашылықты реттеу үшін біз неден бастауымыз керек?

Осыдан біраз бұрын білім саласының қайраткері, талай лауазымды қызмет атқарған Көпжасар Нәрібаев: «Білім саясатында Қазақстан кешегі әріптестері секілді екі қателікке жол берді: бірінші, білім-ғылым реформасын ТМД елдері бірігіп жүргізу керек еді, сонда оны Батыс та, жау да алмайтын; екінші, тәуелсіздікке қол жеткізген кез-келген ел білімге реформа жасамас бұрын Ұлттық білім тұжырымдамасын (концепция) қабылдайды, ал біз оны жасамай іске кірісіп кеттік» деген ойын БАҚ-та жариялады. Осы пайымға бірде-бір жауапты маман назар салмады. Дұрыс та демеді, бұрыс та демеді...

Біздіңше, бұл – бүгінгі сырқатымызға қойылған нақты диагноз. «Ауруын жасырған өледі». Бәрі керемет дегеннен ұтатын ешкім жоқ.

Егер осындай тұжырымдама қабылдасақ, 12 жылдықта, ЖОО-да, аспирантура-докторантурада, PhD бағдарламасында не оқытарымызды білер едік. Әйтпесе бүгін мектеп өз-өзімен әуре, қаптап кеткен ЖОО сапалы маман даярлаудан гөрі ақша табумен әлек, ғылым Батыс пен отандық жүйенің ортасында шөре-шөре күйде тұр.

Қазір М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзін мектепке қаратып айтуға мүдделіміз. Иә-иә, мектеп – бесік. Білім мен ғылымның, шығармашылықтың, еңбек әліппесінің бесігі!

Біз аса бір жағымсыз фактіні айтайық. Мамандардың айтуынша, оқу орындарында жасөспірім мен жастардың нашақорлыққа әуестігі 10 пайызға жеткен. ЖОО-ға нашақорлар ақылы бөлімдердің ашылуымен бірге келді. Мұны білген де артық болмас.

Қорғаусыз қалған мектепке, яғни болашақ университет студенттерінің алғашқы шығармашылық айдынына, мемлекеттің көп мейірімі, көп қамқорлығы қажет. Бұл - бір.



Екінші, бізге енді мемлекет қаржысын орынсыз шашу, нәтижесіз жұмыс істеу ұят болады. Мысалы, қазақ тілі, шетел тілдері, Отан тарихы т.б. гуманитарлық пәндерді балаға орта мектептің ішінде толық меңгертіп шығару керек. Әлем тәжірибесінде осылай жасайды. ЖОО-да бірыңғай кәсіп пәні оқытылуы тиіс. Мемлекет бағдарына сәйкес, бірте-бірте қазақ бөлімдерінің саны артса, өз мамандығын ана тілінде оқитындар көбеймей ме? Орыс бөлімдерінде оқитындарға қазақ тілін, тарихын білу үшін мемлекет неге қайта-қайта ақша бөлуі керек? Үнемделген қаржы одан да мұғалімдердің жалақысына, оқулық алуға жұмсалғаны дұрыс қой.

Үшінші, біз орта мектепте қай пәнді қай мөлшерде оқытатынымызды шешіп алғанымыз орынды. Мысалы, ағылшын, орыс тілдерін тым төменгі сыныптан бастап оқытудың не қажеті бар? Данышпан А.Байтұрсынұлы «бала бастауышта тек ана тілінде оқуы керек» дейді.

Төртінші, 12 жылдықты енгізген Батыс пен Жапон т.б елдер мұны сандалып жүру үшін жасамаған. Ақшаны үнемдеу үшін, тіпті уақытты үнемдеу үшін жасаған. Біз енді қоғам аса қажет ететін кәсіптік білімді 12 жылдыққа қалай кіріктіреміз – осыған бас ауыртқанымыз жөн. Ұятымызға қарай, өндірісті жүргізе алмай отырсақ та, құдайдан үміті бар қоғам сынды болашаққа жанымыз ашығаны дұрыс. Кәсіптік білім – ауылда мектептің я директордың отынын даярлау емес, қытай көрші айтқандай «балық бере салып мәз қылмай, оны аулауды үйрету».

Бесінші, мектеп оқулығы – дүниенің кілті. Бізде сол кілт жоқ емес, бірақ мәз де емес. Баяғыдай оқулық сапасын тексеретін жүйе жоқ. «Оқулық» Орталығы істі ұқсата алмай жатыр. Жаңа бағытта қалыптасып жатқан мемлекет үшін маңызды нәрсе - елдік идеология десек, оның оқулықтарға қай дәрежеде еніп жатқанын тексеріп жатқан адам жоқ. Бәлкім бір оқулықта елдік ұстанымымызға зиянды ойлар жүрген шығар. Айтпағымыз – цензура емес, принцип һәм дәстүр. «Оқулық!» деп жетекшісінің кітабынан ұрлап-жырлап ұсынған «ғалымды» білеміз. Оқулық ішіне көз салмаған, жазған шәкірттеріне ілесе салған «профессорды» көргенбіз. Біз жалпы оқулық жазатындарға айрықша жағдай жасап, қатаң талап қоюымыз қажет! Кейде басымызға мынандай «утопия» келеді: мәселен, келешек 12 жылдықта жалпы оқитын пәндердің саны 70 делік. Жүз сапалы оқулық жазу үшін оның әрбіріне кемінде 20 мың доллар қаламақыны мұнайға бай мемлекет таба алмай ма?

Қазір мектепте болсын, ЖОО-да болсын жақсы оқулық тапшы. Тіпті кей пән бойынша жоқ деп айтуға да болады. Мемлекет оқулық жазатын адамға жағдай жасамай (мысалы, бірнеше жыл шығармашылық демалыс беру, жақсы айлық қою, жоғары қаламақы төлеу т.б.), ештеңе де бітпейді. Қазақстанда 50-жылдары осылай істелді ғой. Сол оқулықтарды бүгін де оқып жүрміз...

Ойланған адамға оқулық мәселесін дұрыс шешудің маңызы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасынан бірде-бір есе кем емес! Тіпті алға дамуды қалаған мемлекет үшін оқулық – елдік идеяның, елдік идеологияның бастауы! Оқулық – ұстаз үшін де, шәкірт үшін де шығармашылықтың бастауы.

Қиын жылдары елдік көп жұмыстан бөлек жаратылыстанудан талай оқулық жазған Алаш қайраткері Халел Досмұхамедұлының «білім кемшілігін жойып, кедергіні бұзу – зиялылардың міндеті, дәріс кітаптарын жазу – білімділердің мойнындағы борыш» деуі тегін бе? Жоқ, бұл бүгіннің де сөзі һәм тоқтамы болу қажет!



А.А.Шарипбаев,

доктор технических наук, профессор,

лауреат государственной премии РК

в области образования, науки и техники

ПЕРСПЕКТИВЫ СОЗДАНИЯ СИСТЕМЫ ДИСТАНЦИОННОГО ОБУЧЕНИЯ В ЕНУ ИМЕНИ

Л.Н. ГУМИЛЕВА

В настоящее время в мире накоплен значительный опыт реализации систем дистанционного обучения (СДО), основанных на информационные и коммуникационные технологии (ИКТ). СДО обладает высокой степенью охвата и дальнодействия, будет играть основную роль в области образования, так как долговременной целью СДО является предоставление для каждого обучающегося (студента, магистранта и др.), независимо от его местонахождения, возможности изучить программу обучения любого университета. Это предполагает переход от ограниченной концепции физического перемещения обучающихся к концепции мобильных знаний и обучения с целью распределить знание посредством предоставления образовательных ресурсов. К особенностям СДО можно отнести:

1. Гибкость. Обучающийся не посещает регулярных занятий. Каждый может учиться столько, сколько ему лично необходимо для освоения учебной программы и получения необходимых знаний по выбранной специальности.

2. Модульность. Каждая отдельная дисциплина или ряд дисциплин, которые освоены обучающимся, создают целостное представление об определенной предметной области.

3. Дальнодействие. Расстояние от места нахождения обучающегося до образовательного учреждения не является препятствием для эффективного образовательного процесса.

4. Асинхронность. В процессе обучения обучающий и обучаемый могут реализовывать технологию обучения и учения независимо во времени, т.е по удобному для каждого расписанию и в удобном темпе.

5. Параллельность. Обучение может проводиться при совмещении другой деятельности (учеба в обычных образовательных учреждениях, выполнение профессиональной деятельности и т.д.).

6. Массовость. Количество обучающихся в СДО не является критичным параметром. Они имеют доступ ко многим источникам учебной информации (электронным библиотекам, базам знаний), а также могут общаться друг с другом и с преподавателем через сети связи или с помощью других средств ИКТ.

7. Рентабельность. По оценке зарубежных специалистов, СДО приблизительно на 50% дешевле обычных форм образования за счет незначительного использования существующих учебных площадей, компьютерной техники и др., а также представления более концентрированного и унифицированного содержания учебных материалов и ориентированности на большое количество обучаемых и других факторов.

8. Индивидуализация обучения. Создается информационная обучающая среда с удаленным доступом, которая позволит использовать методы распределенного обучения для повышения эффективности обучения, усиления индивидуализации подготовки.

9. Интегрированность. СДО не исключает, а дополняет и интегрирует существующие формы и методы обучения. Интегрированная обучающая среда реализует активную систему передачи знаний, т.к. обучаемые не являются просто пассивными читателями учебных материалов в интерактивном режиме.

10. Повышение качества обучения. Обучающий материал готовится высококвалифицированными специалистами. Обучаемые через семинары и телеконференции участвуют в групповой работе, выполняют упражнения и практические задания к определенному сроку, проходят различные тесты, самостоятельно выбирают приоритеты для получения нужного итогового коэффициента.

Необходимым условием реконструкции системы образования является информатизация образования. По мере реализации программы информатизации системы образования уже сегодня в отдельных вузах Республики Казахстан на основе локальных сетей разрабатываются автоматизированные системы обучения с применением мультимедийных средств. В связи с этим создание СДО становится особенно актуальным, так как именно эта система может наиболее адекватно и гибко реагировать на потребности общества и обеспечить реализацию конституционного права на образование каждого гражданина страны. СДО соответствует логике развития системы образования и общества в целом, где во главу угла ставятся потребности каждого отдельного человека. Основными задачами, связанными с созданием СДО, являются:


  1. определение и закрепление принципов организации и функционирования СДО;

  2. формирование организационно-управленческой структуры и материальной базы СДО;

  3. разработка нормативно-правового обеспечения СДО;

  4. формирование финансовых механизмов, обеспечивающих развитие СДО;

  5. разработка теоретических, научно-психологических основ и конкретных методик дистанционного обучения с учетом социально-культурной, профессиональной, этнической, психолого-возрастной и иной специфики обучаемых;

  6. создание специализированной информационно-образовательной среды и электронных учебных изданий;

  7. разработка критериев, средств и систем контроля качества СДО,

  8. разработка и репродуцирование методических материалов, программ, курсов и их сопровождения;

  9. совершенствование коммуникационной инфраструктуры для реализации технологии дистанционного обучения;

  10. создание системы подготовки, переподготовки квалификации кадров СДО;

  11. создание системы информационно-аналитического и маркетингового обеспечения СДО;

  12. разработка и осуществление программы проведения рекламно-пропагандистской кампании с учетом специфики регионов и типов контингента пользователей;

  13. развитие международного сотрудничества в области дистанционного обучения.

Флагманом внедрения СДО на отечественном образовательном пространстве должен стать ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.

Осуществление программы создания и развития СДО для ЕНУ им. Л.Н. Гумилева обеспечит получение следующих результатов:



  1. Значительно расширится круг потребителей образовательных услуг, в том числе в труднодоступных, малонаселенных регионах, в районах, удаленных от научных и культурных центров.

  2. Учитывая, что программы и курсы СДО создаются ведущими преподавателями и учеными страны и распространяются по всей ее территории, повысится качество обучения обучающихся независимо от их местонахождения.

  3. Развертывание СДО обеспечит создание дополнительных рабочих мест для персонала, обслуживающего СДО, разработчиков и производителей технических средств для СДО.

  4. Специальные курсы СДО, предназначенные для повышения квалификации и переподготовки кадров, помогут в решении проблемы занятости и позволят повысить уровень подготовки специалистов, быстрее реагировать не меняющиеся социально-экономические условия.

  5. Программы и курсы психологической поддержки, подготовленные психологами совместно со специалистами-предметниками, помогут многим студентам верно сориентироваться в меняющейся социально-экономической обстановке.

  6. Предоставляя зарубежным странам образовательные услуги нового типа, основанные на передовых технологиях, университет получит дополнительные валютные поступления.

  7. Развитие СДО будет способствовать продвижению новых образовательных ИКТ на мировой рынок, что даст экономический эффект и повысит престиж университета.

Определив задачи по созданию СДО и выгоды от внедрения СДО, рассмотрим механизм реализации проекта создания СДО в ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.

Целью проекта является создание и развитие СДО университета.

Задачами являются: разработка и внедрение следующих подсистем СДО:



  • подсистемы регистрации и учета обучаемых СДО;

  • подсистемы определения уровня начальной подготовки обучаемых и поддержки образовательных программ по степеням сложности учебного материала;

  • электронных учебных изданий (ЭУИ) по учебному плану конкретных специальностей в соответствии с ГОСО;

  • подсистемы тестирования и контроля знаний;

  • подсистемы электронной библиотеки и электронной торговли учебно-методическими материалами;

  • подсистемы сервисных программ обеспечения безопасности и защиты информации от несанкционированного доступа.

В конечном счете реализация данного проекта приведет к созданию программной оболочки для СДО с использованием Web-технологий.

Касательно этого проекта нами уже разработаны государственный стандарт по электронным учебным изданиям (см. Приложение 1), созданы две научно обоснованные информационные технологии (моими учениками успешно защищены две кандидатские диссертации: в 2006 г.- Альжанов А.К., в 2007 г. - Омарбекова А.С.), которые будут применяться для генерации готовых к исполнению программных приложений, без программирования основных функций этих приложений, широким кругом специалистов, не являющимися профессиональными программистами. Первая технология позволяет генерировать ЭУИ с унифицированными свойствами и возможностями (регистрации, разбиение на структурные единицы обучения учебного материала, определения траектории обучения, проведения обучения и контроля знаний по заданной траектории обучения и др.). Вторая технология – генерировать автоматизированные информационные системы для организации и управления электронного обучения (e-learning) в среде Internet в режиме клиент-сервер.

Для полной реализации, внедрения и сопровождения этого научно-технического и образовательного проекта в ЕНУ им. Л.Н.Гумилева необходимо создать новое структурное подразделение под названием «Центр дистанционного обучения» (см. Приложение 2).

Центр дистанционного обучения будет функционировать на хозрасчетной основе (см. Приложение 3.). Поэтому для проведения финансовых операции в Интернет банке должен быть открыть расчетный счет, а в ЕНУ субсчет (см. Приложение 3.).



Приложение 1


ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТАНДАРТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


______________________________________________________________
ИНФОРМАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ. ЭЛЕКТРОННОЕ ИЗДАНИЕ.

Электронное учебное издание.

СТ РК 34.017-2005


Издание официальное

Комитет по стандартизации, метрологии и сертификации

Министерства индустрии и торговли


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет