Білімді ақпараттандыру және оның болашақ МҰҒалімдерді дайындаудағЫ Әсері



жүктеу 63.13 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі63.13 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУДАҒЫ ӘСЕРІ
Орынтаева Ж.А.- аға оқытушы (Алматы қаласы, Қазмемқызпу)
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланып, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеру білім сапасына елеулі әсер етуде. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру – болашақ информатика мұғалімнің кәсіби даярлығының аса қажетті де маңызды құрамдас бөлігі болып отырғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – оның оқытушылар мен студенттердің өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызатындығында болып отыр.

Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы қазақстандық білім сапасын арттыру болып отыр. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бағытталған жүйе есебінде сипаттауға болады. Аталған проблеманың көкейкестілігі сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапқан. Атап айтсақ, қазақстандық жоғары оқу орындарына қойылған мақсат - әлемдік стандарт деңгейінде білім беру.

Мемлекетіміздегі білім саласын дамыту бағытына арналған білім беру тұжырымдамаларында жоғары мектептің жаңа талаптарға орай дайындалған бағдарламалары бәсекеге қабілетті, білімді, жігерлі, өзіне – өзі сенімді, ойы ұшқыр, кез келген жағдайда тез шешім қабылдайтын, өз бетінше жұмыс жасау білігі мен дағдысын игерген тұлға қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатты іске асыру үшін дамыған шет мемлекеттерде қолданыста болып, жақсы нәтижелер берген кредиттік оқыту жүйесін еліміздегі университеттерге ендіру көзделді. Жаңаша оқыту жүйесіне көшу білім беру мен кәсіби білікті мамандар даярлауда қолданысқа енді.

Жоғарғы оқу орындарында көп жылдар бойы іске асып келген дәстүрлі оқыту жүйесі өз нәтижесін беріп келді десек те, қазіргі шарықтаған даму ғасырында білім тез дамып, жаңалықтар мен ақпараттар легі толастамай тұрған кезде, өзіне қажетті ақпаратты тез арада игеру арқылы білім қалыптастыруға келгенде бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйе өзінің кемшіл тұстарын көрсетуде десек қателеспейміз. Сондықтан да Болон декларациясын қолдаған мемлекетіміз, әлем таныған мемлекеттер сияқты кредиттік оқыту жүйесін республикамыздағы жоғарғы оқу орындарына енгізді.

Болон декларациясы постулаттарының бірі - білім беру ісін  жалпыдан жалқыға бағыттауды қарастыратын: бакалавриат-магистратура-докторантура бағдарламалары бойынша білім берудің көп деңгейлі жүйесін жүзеге асыру болып табылады. Яғни, адам алдымен белгілі бір ғылым бойынша жалпылай жоғары білім алады да, кейіннен мамандыққа бейімделген білім беру бағдарламалары бойынша барынша тар бағыттағы дайындықтан өтеді.

Негізінен, Қазақстан бұл үлгілерге көшуді 2003 жылы бастаған болатын. Сол жылы әуелі экономикалық, гуманитарлық және педагогикалық, ал келесі жылдан бастап басқа да мамандықтар бойынша төрт жылдық бакалавриатураға студенттер қабылданды. Тек медицина және ветеринария мамандықтары бойынша оқыту мерзімі 5 және одан да көп жыл болып сақталып қалды.

Жоғарғы оқу орнында кредиттік оқыту жүйесінің алатын орнын ерекше атап өткен жөн. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.

Жалпы ғылымды оқып үйренудегі, білудегі негізгі мақсат сол ғылым жөнінде жақсы сөйлей алып, я болмаса оның теориясын жақсы айта білу емес, соның көмегімен өз өміріне қажетті мәселелерді шешуге қолдануда болса керек. Қолданысын таппаған білім, адам санасында артық тұрған нәрседей бірте-бірте көлеңкеленіп, ұмыт болатыны айқын. Топтағы 20-25 студент білім деңгейі де түрліше. Өкінішке орай, студенттердің білімін жүйелі және өзі қалаған мамандығына бейімдеп дамыту мақсатында өтілетін материалдардың көлемі айқын көрсетілмей, сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етілмей келеді. Ал бұл студенттердің өздеріне: “Пән бойынша мен нені міндетті түрде білуім керек?”, “Ол үшін мен қандай көлемдегі материалды өз бетіммен меңгеруім керек?”, “Сонда менің білімім қандай деңгейде болады?”, “Және оны бағалау жүйесі қандай?”, “Алған білімімді өз мамандығымның қай жерінде қолданам?” және т.б. сұрақтарына нақтылы жауап бермеу, олардың өз мамандығына деген ынтасын төмендетеді.

XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда.

Ал білімді ақпараттандыру концепциясында оқыту мазмұнын өзгерту жағы да қарастырылған. Оның мағынасы қоғамды ақпараттандыру процесінің белгілі бір мөлшерінде дамуының бірнеше бағыттары арқылы жүзеге асырылады. Сол бағыттарына тоқталып өтейік: І) информатика аймағында оқу пәндерін құрумен оқып үйренушілерді кәсіби дайындаумен және жалпы білім беруді қамтамасыз етуімен байланысты; ІІ) білім деңгейіндегі оқу пәндерінің пәндік мазмұнын өзгерту жолдары; ІІІ) ақпараттанудың оқу мақсатына терең әсерімен байланысты болып отыр.

Білімді ақпараттандыруды төмендегі талаптар бойынша қалыптастыруға болады, яғни қоғамның әрбір мүшесіне мәлімет пен білімнің толық берілуі тиіс; жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуы керек; ынтымақтастығы мен бірлігі болуы тиіс; әр маман өз біліктілігін үздіксіз көтеруі қажет; жалпы білімді және тәрбиені дамыту; білім алуды жеделдету; берілген білімді ақпараттық технология мен жалпы компьютерлік сауаттылықты байланыстырып оқыту; білім беру мен оқытуды заман талабына сай даму жолдарын қарастырған.

Білімді ақпараттандыру – ұзақ, әрі қиын процесс.

Білім беруді ақпараттандыруды өмірдегі ақпараттық қоғам шартына адамды дайындау процесі ретінде сипаттауға болады. Оларға жаңа ақпараттық технология құралдарын игеру; жаңа білім беру мазмұнын құратын оқу жұмысын ұйымдастыру түрі мен жаңа әдістерін игеру туралы зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Сонымен қатар, дәстүрлік оқу пәндеріне жаңа ақпараттық технология құралын белсенді енгізу; осының негізінде педагогтардың оқу жұмысының жаңа әдістері мен ұйымдастыру түрін жалпылама игеру; білім беру мазмұнын, оқу-тәрбие жұмысы әдістері мен дәстүрлік формасын түбегейлі қайта қарастыру мен үздіксіз білім беру мазмұнын оның барлық деңгейінде түбегейлі қайта құру; жаңа ақпараттық технология құралдарымен сәйкес келетін қоғамды ақпараттандыру, оқытудың әдістемелік негізін ауыстыру, әрбір педагогқа кең түрде оқытудың әдістемесін толықтыру және ұйымдастыру түрін игеру жатады.

Білімді ақпараттандыру және болашақ мұғалімдерді дайындауда білім жүйесінің алатын орны зор. Қазақстан республикасының кредиттік оқыту жүйесіне енуі, ақпараттық технологияның қарқынды дамуы біздің болашақ мамандарымыздың жоғарғы білімді және кәсіби маман болуына ықпалын тигізетіні белгілі.

Болашақ мұғалімнің жаңа ақпараттық технологияны пайдалануы сәйкесінше, болашақ педагогтың мақсатты дайындығы жаңа ақпараттық технологияны пайдалану даярлығының танымдық, құраушы элементі болып табылады.

Кредиттік оқыту жүйесінің де өзіндік ашылмаған қырлары әлі баршылық, сондықтан бұл проблема түбегейлі зерттеуді жалғастыруды қажет ететін күрделі де маңызды проблема ретінде әрі қарай күн тәртібінде қала бермек. Ал бүгінде Қазақстанның білім беру жүйесі дүние жүзіндегі алдыңғы елдермен қатарласып тұр десек қате айтпаған болар едік. Ол кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру процесінің технологиялық бағыттылығымен мықты, оның негізгі мазмұны дайын білімді, дайын ұйғарымдарды меңгерген мамандарымыз бар екендігін көрсетіп отыр.

Мұғалімді дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-маманның бойында жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізі педагогикалық оқу орнында қаланады.

Ұстаздардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.



М.Горький айтқандай: «Мұғалім – әрбір адам білімін алғаш ашатын кілт» дегендей мұғалімнің білімдарлығы, саналылығы, абыройы, беделі оқып отырған шәкіртінен көрінері сөзсіз. Біздің басты міндетіміз – Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де, батыл,білімді, интеллекетуалдық деңгейі биік, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2000.

  2. Кузнецов А.А., Бешенков С.А., Ракитина Е.А. Современный курс информатики: от концепции к содержанию. ИнфО. - 2004. - № 1,2

  3. Кеңесбаев С.М. Студенттерді жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға жүйелі деңгейде дайындау. Хабаршы,Абай атындағы ҚазҰПУ,№3,2004ж.

  4. С.М. Өмірбаев Кредиттік оқыту жүйесі: принциптер мен концепциялардың маңызы. Білім Алматы — 2006 ж. №  (29) Ғылыми-педагогикалық журнал

  5. Қазақстандағы кредиттік оқыту жүйесінің негізі С.Б. Әбдіғапарова, Г.К. Ахметова, С.Р. Ибатуллин, А.А. Құсаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М. Өмірбаев; жалпы редактор


АҢДАТПА

Мақалада білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі алғы шарттары қарастырылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет