Білместікпен жасалған көпқұдайшылық (ширк) кешіріледі ме?



жүктеу 112.27 Kb.
Дата31.03.2016
өлшемі112.27 Kb.
: books
books -> -
books -> Сайтының кітапханасынан иманның алты тірегі
books -> «ТӨрт қАҒида» түсіндірмесі Шейх Солих әл-Фәузан
books -> 8 зертханалық жұмыс Желілік хаттамаларды оқу №1 бөлім Жұмыстың мақсаты
books -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
books -> 100 великих спортсменов
books -> Что такое быть веганом
Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Білместікпен жасалған көпқұдайшылық (ширк) кешіріледі ме?

"Білместікпен ақталу" тақырыбы Исламда "Узр биль-джахль" деп аталады және бұл мәселеде ғалымдардың арасында екі түрлі пікір бар. Ғалымдардың бір тобы: «Білместікпен жасалған ширк тек тармақтарында кешіріледі, ал Исламның негіздерінде кешірілмейді», - деген болса, ал басқалары: «Негіздерінде де, тармақтарында да кешіріледі», - деп айтқан.

Бірақ бұлтартпайтын пікір - Аллаһ білместікпен жасалған тіпті үлкен ширкті де кешіреді! Және бұл пікірдің дәлелдері де көңілге өте қонымды:

Аллаһ Тағала былай деді:

وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّى نَبْعَثَ رَسُولاً

«Біз бір пайғамбар жібермейінше, ешкімді жазаламаймыз». (әл-Исра 17: 15).

Қатада айтатын: Ақиқатында, оған Аллаһтан хабар немесе түсіндірме келіп жетпейінше, Аллаһ Тағала ешкімді жазаламайды! Қз.: «Тафсир әт-Табари» 8/50.

Хафиз Ибн Касир былай деген: Бұл аятта Аллаһ Тағаланың Әділ екендігіне, және Ол ешкімді (оған елшілердің елшілігімен дәлел ұсынылғаннан кейінгі жағдайдан басқа) жазаламайтынына нұсқау бар! Қз.: «Тафсир Ибн Касир» 4/25.

Бұл - елшілердің миссиясы туралы білместіктің жазалауға бөгет болып табылатындығына нұсқайтын айқын және Құранның тікелей аяты!

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

رُّسُلاً مُّبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ لِئَلاَّ يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى اللّهِ حُجَّةٌ بَعْدَ الرُّسُلِ وَكَانَ اللّهُ عَزِيزاً حَكِيماً



«Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін». (ән-Ниса 4: 165).

Имам әл-Бағауи былай деген: Бұл аятта Аллаһ жаратылыстарын пайғамбарлар жібермейінше, жазаламайтындығына дәлел бар! Қз.: «Тафсир әл-Бағауи» 1/500.

Абу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мухаммедтың жаны Қолында Тұрғанның атымен ант етемін, мен туралы естіген және мен алып келген нәрсеге иман келтірмей, өлген кез келген яхуди немесе христиан міндетті түрде От тұрғындарынан болады!» Муслим 153.

Егер білместік ақтау болып саналмаса, онда неліктен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі туралы «естуді» шарт етіп айтып тұр, ал христиандар мен яхудилердің күпірлігі – үлкен күпірлік қой!

Қазы ‘Ийяд былай деп айтатын: “Бұл хадисте жердің алыс түпкірлерінде және теңіздердің арғы жағында тұратындарға Ислам шақыруы мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмірлері жетпеген болса, оларда жауапкершілік жүктелмейтініне дәлел бар. Және «мен туралы естісе» деген сөздер осы жөнінде”. Қз.: «әл-Икмал» 1/468.

Имам Абуль-‘Аббас әл-Қуртуби былай деген: “Бұл хадисте Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шақыруы жетпеген адам жауапқа тартылмайтындығына және жазаланбайтындығына дәлел бар!” Қз.: «әл-Муфхим» 1/368.

Имам ән-Науауи былай деген: “Кімге Ислам шақыруы жетпесе, ол ақталуға лайықты”. Қз.: “Шарх Сахих Муслим” 2/342.

Бұл - тіпті үлкен күпірлікте білместікпен ақталуға жеткілікті дәлел емес пе?!

Қазы Абу Бакр ибн әл-'Араби былай деп айтқан: “Бұл үмметтің қатарынан болған білмейтін және қателесуші (адам), тіпті күпірлік пен ширк амалдарын жасаса да, мүшрик яки кәпір болмайды, өйткені білместік пен қателік ақталу болып табылады (ақталуға себеп бола алады)!” Қз.: «Тафсир әл-Қасими» 5/1307.

Шейх әл-Ислам Ибн Таймийя былай деген: “Аллаһ Өзінің жолдауы жеткеннен өзге ешкімді жазаламайды. Және Оның жолдауы жетпеген (адам) мүлде жазаланбайды! Ал Оның жолдауы жетіп, бірақ оған түсіндірілмеген (адам), тек өзіне белгілі болғанды жоққа шығарғаннан басқа жағдайда жазаланбайды!” Қз.: «Маджму’ әл-фатауа» 12/493.

Ал «Білместікпен ақталу» тақырыбындағы «Аллаһ білместікпен жасалған үлкен күпірлік үшін де жазаламайды» дегенге ең басты дәлел – мына хадис:

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қиямет күні төрт адам ақтала бастайды. Түк естімейтін саңырау; ақыл-есі жоқ; қаусаған шал; және (иманға) шақыру жетпегендердің қатарынан өлген біреу. Саңырау: «Йә, Раббым, Ислам келгенде, мен ешнәрсе естімедім!» - дейді. Ақыл-есі жоқ: «Ислам келгенде, балалар маған тезек лақтыратын еді!» - дейді. Қаусаған шал: «Ислам келді, бірақ мен ешнәрсе түсінбедім!» - дейді. Ал (иманға) шақыру жетпеген: «Йә, Раббым, маған Сенің елшің жетпеген еді!» - дейді. Содан кейін бұл адамдардан келісім-шарт алынады да, оларға елші келіп, Тозаққа кіруді бұйырады. Және жаным Қолында Тұрғанның (Аллаһтың) атымен ант етемін, егер олар Тозаққа кірсе, ол оларға салқындық және құтқарылу болады, ал кірмеген адам оған (Тозаққа) лақтырылады!» Абу Хурайра Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерін жеткізгеннен кейін: «Қаласаңдар: «Біз бір пайғамбар жібермейінше, ешкімді жазаламаймыз», - дегенді (әл-Исра сүресі, 15-аят) оқыңдар!» - деп айтты. Ахмад 4/24, Ибн Хиббан 1827, әт-Табарани 1/841, әл-Баззар 3/217, және басқалар.

Бұл хадис бес сахабадан: Абу Хурайрадан, Абу Са’ид әл-Худриден, Анастан, Му’аздан және әл-Асуад ибн Сари’адан жеткізіледі. Және оның сахихтығын әл-Байһақи, хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр, хафиз Ибн Хаджар, шейх Ибн әл-Қайим, хафиз ‘Абдуль-Хаққ әл-Ишбили және шейх әл-Әлбани растаған. Қз.: «Тариқ әл-хиджратайн» 397, «Фатхуль-Бари» 3/290, «Тахқиқ әл-Муснад» 26/28, «әс-Сильсиля әс-сахиха» 1434, 2468.

Бұл хадисте Аллаһ білместікпен жасалған тіпті үлкен ширкті кешіретіндігіне айқын дәлел бар!

Бұл адамдардың барлығы өздерінің болмысында мұсылман емес еді, өйткені олар Ислам туралы мүлдем білмеді, бірақ сонымен бірге Әділетті Аллаһ Қиямет күні оларды бірден жазаға тартпай, сынақтан өткізеді!

Білместікпен ақталу туралы сұраққа жауап беріп, шейх Абдур-Рахман әл-Баррак та осы хадисті дәлел ретінде келтірген болатын.

Алайда білместікпен жасалған үлкен ширк кешіріледі ме, әлде жоқ па деген бұл мәселедегі күмәндардың қатарында Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір адамдар туралы сұрағанда, ол: «Менің әкем және сенің әкең Отта!» - деп айтқан хадис бар.

Олар: «Мухаммед пайғамбарға дейін (Аллаһтың оған игілігімен сәлемі болсын) арабтарда елшілер жоқ еді ғой, сондықтан неліктен бұл адамдар Отта?» - деп айтуы мүмкін.

Бұған жауап мынандай: Өйткені қурайш-арабтары әхлю-фатра, яғни шақыру жетпеген адамдар емес еді! Олардың арасында ханиф монахтар – бірқұдайшылдар бар еді, және бұған айқын мысал – Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бала кезінде атасы оны алып барған Уарақа деген монах. Бұл монах Аллаһ Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолдаумен жібергенге дейін қайтыс болып кетті, алайда хадистерде «Уарақа Жәннәтта, өйткені ол мууахид (бірқұдайшыл) болып өлді» деп айтылған. Қз.: «Сахих әс-сира ән-набауия» 94.

Сондай-ақ қарсы дәлелдердің бірі ретінде оған әсіресе такфиршілер көп жүгінетін, мына аят келтіріледі:

وَإِذْ أَخَذَ رَبُّكَ مِن بَنِي آدَمَ مِن ظُهُورِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ وَأَشْهَدَهُمْ عَلَى أَنفُسِهِمْ أَلَسْتَ بِرَبِّكُمْ

«Сол уақытта Раббың Адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да: «Мен - сендердің Раббыларың емеспін бе?» - деп, оларды өздеріне қарсы куәлік беруге мәжбүр етті.

قَالُواْ بَلَى شَهِدْنَا أَن تَقُولُواْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّا كُنَّا عَنْ هَذَا غَافِلِينَ



Олар: «Әрине куәміз», - деді. Бұл - Қиямет күні сендер: «Бұдан хабарымыз жоқ», - деп айтпауларың үшін» (әл-А'раф 7: 172).

Олар бұл аятты Ақырет күні адамда үлкен күпірлік жасағаны үшін ақталу болмайтығына дәлел ретінде қолданады.

Алайда, бұл аятта «Білместік ақталуға жатпайды» дегенге нұсқау жоқ! Ибн Касирдің, әл-Қуртубидің, әл-Бағауидің және басқалардың Құранға жасаған тәпсірлерінде: «Бұл аят кез келген адамдағы фитра жағдайына нұсқау болып тұр» - деп айтылады.

Фитра – бұл адамның туа біткен бір Аллаһқа иман келтіру сипаты. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл туралы былай деген: «Әрбір адам фитрамен туылады, ал оның ата-анасы оны яхуди, христиан немесе отқа табынушы қылады. Өйткені жануарлар да өз балаларын бүтін және зақымсыз қылып туады ғой. Сендер олардың біреуінің мұрны кесілген болып туылғанын көріп пе едіңдер?!» Кейін осы хадисті жеткізген Абу Хурайра Аллаһтың мына сөздерін оқыды:

ِفطْرَةَ اللَّهِ الَّتِي فَطَرَ النَّاسَ عَلَيْهَا

«Бұл – Аллаһ адамдарға дарытқан сипат». әл-Бухари 1358, 4775, Муслим 2/315.

Өйткені егер надандықпен ақталудың болмайтындығына бұл аятты дәлел ретінде қабылдасақ, онда неліктен Аллаһ Тағала адамзатқа онсыз да барлығы бәрін білетін болса, пайғамбарлар мен елшілерін жіберді?! Бұл аятты осылайша түсіну Аллаһтың мына сөздеріне қайшы келеді:

رُّسُلاً مُّبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ لِئَلاَّ يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى اللّهِ حُجَّةٌ بَعْدَ الرُّسُلِ وَكَانَ اللّهُ عَزِيزاً حَكِيماً

«Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін». (ән-Ниса 4: 165).

وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّى نَبْعَثَ رَسُولاً

Сондай-ақ мына аятқа да: ««Біз бір пайғамбар жібермейінше, ешкімге азап қылмаймыз». (әл-Исра 17: 15).

Және сондай-ақ жоғарыда келтірілген айқын және анық хадистерге де!

Жүрегінде дерті болған (адам) ғана, бұл жөнінде Аллаһ Тағаланың өзі айтқанындай, анық (мухкам) болғанды тастап, анық емеске (муташабихқа) ілеседі!

Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди жоғарыда келтірілген аятты былай деп тәпсірлейді:

وَإِذْ أَخَذَ رَبُّكَ مِن بَنِي آدَمَ مِن ظُهُورِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ

«Сол уақытта Раббың Адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да», яғни Аллаһ Адамның ұлдарының ұрпақтарын олардың белдерінен шығарды, және осының арқасында адамзат көбейіп, бір ұрпақты екінші ұрпақ ауыстырады. Адам әкесінің белінен шыққан тамшыдан жаралады және анасының құрсағынан дүниеге келеді.

وَأَشْهَدَهُمْ عَلَى أَنفُسِهِمْ أَلَسْتَ بِرَبِّكُمْ



«Мен - сендердің Раббыларың емеспін бе?» - деп, оларды өздеріне қарсы куәлік беруге мәжбүр етті», яғни олар Аллаһ Тағаланың Раббы екендігіне куәлік берді және Оның Раббылығын мойындады, өйткені оның жанында хақ дінді ұстану және бір Аллаһқа құлшылық ету қажеттілігін ұғыну салынған.

قَالُواْ بَلَى شَهِدْنَا



«Олар: «Әрине куәміз», - деді», яғни, иә, біз мұны мойындаймыз! Аллаһ Тағала әрбір адамға фитра берді, алайда бұл фитра әртүрлі кесірлі сенім-көзқарастардың ықпалымен өзгертіледі және бұрмаланады.

أَن تَقُولُواْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّا كُنَّا عَنْ هَذَا غَافِلِينَ



«Бұл - Қиямет күні сендер: «Бұдан хабарымыз жоқ еді», - деп айтпауларың үшін», яғни Біз сендерді сынақтарға салдық және Аллаһты өздеріңнің Раббыларың етіп мойындауға мәжбүрледік, сендер Қайта тірілу күні ақиқатты білмедік деп, мұны жоққа шығармауларың үшін. Керісінше, ол сендерге мәлім, бірақ сендер оны елемейсіңдер және оған назар аудармайсыңдар. Ақырет күні сендерде ешқандай ақталу болмайды, өйткені Аллаһ ақиқатты сендерге мәлім етіп жеткізді. Тағы да сендер опат болуға лайықты емес екендеріңді, өйткені өздеріңнің адасқан әкелеріңнің ізінен ілескендеріңді және олардан жаман өнеге алғандарыңды айтып ақталасыңдар! Бірақ саналарыңның түбінде (іштей) сендер әкелеріңнің өтірікті ұстанатындарын және ақиқат Аллаһтың елшілерінің өсиеттерінде екендігін түсінесіңдер. Олардың ілімі сендердің әкелеріңнің ойдан шығарғандарын талқандайтынын және олардан үстемшілік ететінін білесіңдер.

Әрине, адасқан ата-бабаларының кейбір сенім-көзқарастары немесе бұзық діни ағымдардың ой-пікірлері Аллаһтың құлына ақиқат болып көрінуі мүмкін. Алайда барлық жағдайда мұның себебі оның өзінің әлемге таралған немесе адамдардың бойларындағы иләһи белгілерден және Аллаһтың дәлелдерінен теріс бұрылуында. Ақиқатында, егер адам ақиқаттан теріс бұрылып, өтірікшілердің сөздеріне құлақ салса, ол бірте-бірте өтірікті шындықтан абзал көре бастайды.

Бірақ біреулер бұл аятта, Аллаһ Адамның ұрпақтарын оның белінен суырып алған кезде, олардан алған уәде-өсиет туралы айтылып тұр деген. Олар: «Аллаһ Адамның ұрпақтарын Өзінің Раббылығына куәлік беруге мәжбүрледі, және олар осындай куәлікті келтірді. Содан соң Аллаһ оларға Өзінің еркі туралы мәлімдеп, жер бетінде өмір сүру кезінде де, өлгеннен кейін де, оларды өздерінің күпірлігі мен қасарысуын білместігімен ақтау мүмкіндігінен айырды», - деп есептейді. Алайда, бұл аят осындай тәпсірлеуді еш растамайды. Ол орынсыз болып табылады, өйткені Аллаһ Тағаланың иләһи Даналығына қайшы келеді, және біздің айналымызда орын алып жатқан нәрселер осы сөздерімізді растауда.

Бұл тәпсірлеушілердің пікіріне сәйкес, Аллаһ Тағала Адамның ұлдарынан, оларды оның белінен суырып алған кезде, уәде-өсиет алды. Сол кезде адамдар түйіршіктер сияқты болды, және адамдардан ешкім мұны есінде қалдырмаған. Сонда, Аллаһ адамдарды олар еш хабарсыз болған және естерінде еш із қалдырмаған уақиғаның негізінде айыптайды деп ойласыздар ма?!

Демек, біз талқылап жатқан аятта айқын уақиға туралы сөз болуда. Осылайша, Аллаһ адамдарға, олар өздерінің санасының түпкіріне қойылған нәрсеге сәйкес келетін көзқарастарға қайтулары үшін, бұзық көзқарастардан бас тартып, Аллаһпен жасасқан уәде-өсиетіне қайтуы үшін өзінің аяттарын түсіндіреді”. Қз.: «Тафсир әс-Са’ди» 212.

Бұл – Аллаһ білместікпен жасалғанның барлығын және тіпті ширкті де кешіретіндігі туралы Құран мен Сүннеттің айқын және анық мәтіндері, сондай-ақ, атақты имамдардың түсінуі!

Ал Аллаһ Тағаланың:

إِنَّ اللّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاء



«Аллаһ Тағала ширк жасағанды кешірмейді, ал одан басқасының барлығын қалағанына кешіреді», - деген аятқа келер болсақ, онда біле тұра өзінің көпқұдайшылдығы үшін тәубе етпей өлген адам туралы сөз болуда.

Және бұл аятты өзгеше түсінуге болмайды, өйткені оны жалпылама түсіну Исламдағы анық (мухкам) ережелерге қайшы келеді. Оның үстіртін мағынасын алар болсақ, онда Аллаһ мүшрик болған будистті, ол Исламды қабылдаса да, кешірмейді, өйткені ол ширк жасады ғой! Әрине, бұл – дұрыс емес түсінік! Сөз үлкен ширк үшін тәубе етпей өлген адам туралы болуда.

Біліңдер, уа, мұсылмандар, Аллаһ білмегенді және білуге мүмкіндігі болмағанды жазаламайды! Және Аллаһ Әділетті екендігін де біліңдер!

Алайда, кім өзінің болмысында кәпір болса, оны біз кәпір дейміз, және бұған күмән келтірмейміз, ал оның тағдыры Аллаһтың құзырында. Сондықтан да мұсылман болмай өлгеннің әрбіріне қатысты оның кәпір екендігін айтуға болады, әрине: «Ол Тозақта!» - деп нақты айтпай, (өйткені ахлю-Сунна нақты біреу туралы: «Пәленше – Тозақта!», немесе «Пәленше – Жәннәтта!» деп куәлік бермейді) жалпылама түрде: «Мұсылман болып өлген Жәннәтта болады, ал кәпір болып өлген Тозақта болады!» - деп айтады.

Ал өзінің негізінде (болмысында) мұсылман болып табылатынды күпірлікте айыптау (такфир) туралы айтар болсақ, бұдан аулақ болыңдар!

Аллаһ бізді мұсылмандарға такфир жасамағанымыз үшін жазаламайды, бірақ біз бұны істегеніміз үшін жазаға тартады! Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Кім мұсылманды күпірлікте айыптаса, оны өлтіргенмен бірдей!» әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-джами’» 6269.



www.salaf-forum.ru





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет