Биология кафедрасы



бет11/14
Дата02.05.2016
өлшемі3.08 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қорытынды

Сонымен теломерлердің қысқаруы қалай жəне неүшін клеткалардың жағдайын нашарлататыны жөнінде əзірше тек болжаулар ғана бар.

Бірақ мұндай əсерлердің болуы даусыз. Осыған байланысты А.М.Оловниковтың эксперименталды тұрғыдан дəлелденген теориялық болжамдарын келтірейік:

а) теломерлердің ұзындығын қамтамасыз етіп отыратын арнайы механизмдердің болуы жөніндегі болжамдар теломераза мен альтернативті механизмдердің (АLТ) ашылуымен дəлелденді;

б) соматикалық клеткаларда теломерлердің қысқаруы бөлініп жатқан клеткаларда дəлелденді (in vivo) ;

в) жетілген жыныс клеткаларында теломерлердің ұзындығы организмнің жасы үлкен‐кішілігіне тəуелсіз екендігі дəлелденді;

г) теломерлердің қысқаруы культурадағы клеткалардың бөлінуін тоқтататындығы жөніндегі болжамдар теломераза генін клеткаға енгізгенде Хейфлик лимитін ұзартқаны эксперименттерде дəлелденді;

д) кейбір басқа да болжамдар дəлелденді. Мысалы, ісік клеткаларындағы теломеразаның болуы олардың шексіз бөлінуін түсіндірді.

Осы идеялардың барлығы бір ойды көрсететінін көру қиын емес. Бірақ осы ойды түсіну, табу үшін биологияда қабылданбаған нəрсені істеу керек болды. Ол нəрсе теорияны жақсы, жан‐жақты білу жəне оны талдауға, дəлелдеуге көп күш салу. А.М. Оловников осы жолға түскен ғалымдардың бірі.

Теломерлі теория шын мəнінде қартаюдың толық сипатын бере алады деп айта алмаймыз. Қартаю – өте күрделі жəне көп жақты процесс. Сондықтан да қартаюдың табиғаты мен заңдылықтары қазіргі күнге дейін шешілген жоқ. Теломерлі теорияны кейбір ғалымдар қолдамайды да жəне оны терістейтін көптеген мəліметтерді келтіреді. Бірақ шын мəнінде теломердің қысқаруы қартаюға əкелетін көп жолдардың бірі екендігі белгілі.


Бақылау сұрақтары:

1. Қартаю кезеңіне сипаттама беріңдер.

2. Қартаюдың теломерлі теориясы.

3. Каррельдің эксперименттері.

4. Хейфликтің эксперименттері.

5. Теломерлі теорияны дəлелдейтін фактілер.



Лекция №28
Тақырыбы: Организмнің тура және күрделі дамуы.
Лекция жоспары:

1.Дамудың жолдары және түрлері.

2.Личинка арқылы көбею

3.Дамудың толымсыз және толық өзгеруі.


Лекцияның мәтіні.

1. Көптеген организмдік оның ішінде адамның да эмбрионалды даму кезінде ересек организм ұқсас ұрпақ пайда болады. Олардың айырмашылығы негізінен көлемінде ғана болады. Дамудың мұндай түрін организмнің тура дамуы деп атайды. Егерде даму процесінде пайда болған ұрпағы ересек организмнен айтарлықтай өзгеше болса ондай эмбрионалды джаму процесі бар даму түрін организмнің күрделі дамуы деп атайды. Ондай өзгерістер кейде жайлап, біртіндеп болса,кейде бірден болуы мүмкін. Личинканың біртіндеп ересек организмге айналуы бірден ,личинка организмнің айтарлықтай өзгеруі арқылы жүретін болса,ондай дамудың толық өзгеруі немесе метаморфоз деп атайды.

Тура даму кезінде жұмыртқадан ересек организм ұқсас бірақ көлемі массасы кішкене, жыныс аппараттары әлі жетілмеген организм пайда болады. Мұндай организмдердің барлық органдары эмбрионалды даму кезінде пайда болады. Ал постнаталды даму кезінде олар өседі, жыныс аппараттары дамып жетіледі және қандай органдарды болмасын олардың қызметтері жетіле түседі. Организмдердің тура дамуы жануарлар әлемінде кеңінен таралған. Ол омыртқалылардың көбіне тән. Организмдердің жұмыртқаларында сарыуыз мол болса,немесе эмбрионалды даму кезінде анасынан плацента немесе басқа да жолдармен байланыса отырып дамыса ондай организмдер дамудың тура жолымен дамиды. Өз кезегінде эмбрионалды ддамудың ұзатығы жұмыртқадағы қоректітік заттардың қорының мөлшеріне байланысты. Сонымен бірге эволюция нәтижесінде жұмыртқалардың скорлупасы, пергаментті қабықтар сияқты қатты қабыққтар пайда болады. Ал плаценталы жануарларда жұмыртқалары қайтадан сарыуызынан ажырап, керісінше тұқымның ойдағыдай дамуына жағдай жасайтын плацйента пайда болады.



2. Оргапнизмнің күрделі немесе личинка арқылы дамуы көптеген омыртқасыздарға: ішекқуыстыларға, құрттарға, молюскаларға, шаянтәрізділерге, насекомдарға, төменгі хордалыларға тән. Оларда эмбрионалды кезең өте қысқаөтеді. Эмбрионалды дамудан пайда болған личинкалар өз бетінше тіршілік еуге қабілетті. Личинкалардың бір ерекшелігі олар ересек организмдерге ұқсамайды.Құрылысы даересек организмдерге қарағанда қарапайым болады. Олардың ересек организмде болмайтын арнйы личинкалық органдары болады. Күрделі даму жолымен көбейетін организмдердің жұмыртқаларында қоректік заттар аз,тұқымның ересек организмге дейін дамуына жетпейді. Тек личинкалардың өз бетінше қорекке көшуі ғана организмнің толық дамып шығуына мүмкіндік береді.Бірақта личинка арқылы көбею тек қорекке ғана байланысты емес, кейде личинка ешқандай қоректенбейді. Бұл көбіне аналық организм отырықшы тіршілік жасайтын организмде байқалады. Оларда еркін қозғалатын личинка түрдің таралуын қамтамасыз етеді. Личинкалық кезеңнен ұзатығы да әр түрлі болады. Ол көптеген факторларға байланысты. Ең алдымен жұмыртқадағы сарыыуздың мөлшері. Эмбрионалды даму кезеңі неғұрлым ұзақ болса, личинка даму кезеңі солғұрлым қысқа болады. Ал жұмыртқада сарыуыз аз болса ,личинка даму кезеңі солғұрлым ұзақ болады.

3. Дамудың толымсыз өзгеруінде организмдердің эмбрионалды дамуы айтарлықтай ұзақ болады. Бәрібір ересек организмдерде болатын органдар қалыптасып үлгермейді, жұмыртқадағы қоректік зат жетней қалады. Олардан шыққан личинка ересек организмдерді шамалы еске салатын болады.

Личинка ерсек организмдерге айналуы көп өзгерістер арқылы метаморфоз арқылы жүреді. Олардың көптеген тканы мен органдары қайта құрылады. Бұл процес олардың тек нерві мен жыныс жұрнақтарын ғана қатымайды. Метоморфоз арқылы даму да жануарлар әлемінде кеңінен таралған.Көптеген омыртқасыздар губка гидра полиптері,тікеннектілер, насекомдар, ал хордалылардан:дөңгелек ауыздылар, ганоидтер, қостыныстылар,сүйекті балықтар,қосмекекнділер көбеюдің осы түрімен көбейеді.Тіршілікте жануарлардың личинка арқылы көбеюі алдымен пайда болса керек, өйткені төменгі сатыдағы құрылымы қарапайымдылау жануарлардың көбі личинка арқылы көбейеді.


Бақылау сұрақтары:

1. Организмнің тура дамуы.

2. Метаморфоз

3. Постнаталды даму

4. Плаценталы жануарлар

5. Имаго


Лекция №29
Тақырыбы: Өсу және пішін құрылу процестері
Лекция жоспары:

1. Жеке дамудағы өсу процестері

2. Онтогенездегі клеткааралық қатынастардың жəне морфогенетикалық қозғалыстардың маңызы
Лекцияның мәтіні.

1 Ұрық денесінің өсуі, не болмаса ұлғаюы оны құраған клеткалар саны мен клеткааралық зат мөлшерінің көбеюінің нəтижесіне байланысты. Оның ішінде, клетканың көбеюі жетекші роль атқарады өсудің пролиферациялық типі. Сирек жағдайларда өсу клеткалардың бөлінбей, тек көлемінің ұлғаюына байланысты болады. Өсудің бұл типі ауксетикалық деп аталған жəне ол коловратка, нематод пен бунақденелілер дернəсілдерінде сипатталған. Клетка гипертрофиясы олардың ядроларының полиплоидизациясына байланысты болады жəне жиі кездеседі.

20шы ғасырдың 30шы жылдарында Д.П.Филатов дамуға мүше бастамасы көлемінің маңыздылығын көрсеткен. Ұрықтық бастамасының клеткалық массасы тек белгілі дəрежеге жеткенде ғана дифференциация басталады. Филогенезде де, метозойлық типінде инициалдық жəне соматикалық клеткалардың бірінші дифференциациясы тек клеткалар массасы белгілі бір деңгейге жеткенде ғана пайда болады (Голиченков, 1988,1991).

Ұрықтың өсуі изометриямен немесе, оң, теріс аллометриямен белгіленеді. Ұрықтың изометриялығы, немесе əр түрлі бөлігінің біркелкі өсуі, аллометриялыққа, немесе біркелкі еместік өсуіне қарағанда, анағұрлым сирек кездеседі. Адам ұрығының теріс аллометриялық өсуіне, аяққолдың денеге қарағанда баяу өсуі, ал оң өсуіне – бастың тездетіп өсуі мысал бола алады. Аллометрия дене пропорцияларының жəне мүшелердің даму жылдамдылығын өзгеруіне əкеледі, ал изометрия жағдайында дене көлемі пропорциялары айтарлықтай өзгерусіз ұлғаяды (сүйекті балықтар көбісінің дернəсілдері).

Ұзақтық жағынан екі негізді өсу типін айыруға болады шектелген жəне шектелмеген. Өсуі шектелген жануарлар деп онтогенездің белгілі сатысына дейін ғана көлемі ұлғаятын түрлерін айтады, мысалы жыныстық жетілуіне дейін (құстар, сүтқоректілер). Шексіз өсуде, мейлі кішкене болса да, өсу бүкіл онтогенездің ішіне созылады (балықтар, рептилиялар).

Өсу процесіне маусымдық (əсіресе, орта жəне жоғары ендіктерде өмір сүретін жануарларда) жəне тəуліктік (клеткалардың митотикалық белсенділігі өзгеруі бойынша байқалады) ритм (ырғақ) тəн.

Жануарлар организмдері өсуінің тұқым қуалау потенциясы, дербестік əсері аз жəне көптеген геннің комбинациялық əрекетімен байланысты деп саналады. Сөйте тұрып, өсу аномалиялары (ергежейлік, аяққолдың қысқаша болуы) жеке гендер əсері болып танылады. Өсушілік процестердің реттелуі гормондар арқылы жүзеге асады (мысалы, омыртқалыларда – гипофиз, айырша, қалқанша, жыныстық бездердің гормондары).

Сыртқы ортаның қолайсыз факторлары (тамақ, су дефициті, экстремалдық температура т.с.) əсерінен өсудің баяулауы, немесе толық тоқтауы жағдайында, осы факторлардың əсері тиылғаннан соң, өсу қайтадан жоғарырақ темппен созылуы мүмкін (компенсаторлық өсу). Əрине, əңгіме онтогенездің əлі өсуге мүмкіндігі бар кезеңі туралы жүреді
2 Алғашқы рет Фогт 1925 ж. жұмыртқа мен ұрықтың әр түрлі бөліктерін тірідей бояулау тәсілін қолданып ұрық дамуындағы клеткалардың морфологиялық қозғалысын өзінің классикалық еңбектерінде сипаттаған. Кейін, көп зерттеушілер Фогтың тәсілін пайдаланып, барлық дерлік хордалы класс өкілдерінің морфологиялық қозғалыстарын толығырақ зерттеді. Ол зерттеулер осы қозғалыстардың әмбебап қасиетін көрсетті, маңызды биологиялық мағынасын ашты, өйткені клетка мен клетка қабаттарының көшіп жылжуы арқасында жануарлардың мүшелері құралады және әр мүшенің презумптивтік бастамасы ұрықта өзінің тиянақты орнын алады.

Жануарлардың көбісінің барлық даму процесі өзара индукциялық әрекеттесу тізбегі, яғни индуктормен әсерлесетін материал арасында контакт орнату болып табылады, ал ол үшін клеткалардың көшіпқонбауы мүмкін емес.

Осы қозғалыстарға себептестік анализ алғаш рет 30жылдары И.Г.Гольтфретердің тамаша зерттеулерімен берілді. Амфибия ұрығының бөліктерін бластулагаструла кезеңінде in vitro өсіргенде олардың әр түрлі ұрық жапырақшалары әр түрлі адгезивтік қасиеттерін көрсетеді. Кейін И.Гольтфретер гаструланың клеткаларын ажыратып, араластырды. Сонда эктодерма, мезодерма және энтодерма клеткалары қайтадан өзінің тегіне сәйкес бірігіп өзінің ұрықтағы орналасатын орнын табу қабілетін айқындады.

Кейінірек, эмбриогенезде бөлек клеткалардың емес, клеткалық қабаттардың қозғалысының айқындаушы рөлі және аса маңыздылығы көрсетілді. Осыған байланысты, клеткалардың қабаттарға бірігуін қамтамасыз ететін адгезивтік күштер мен жеке клеткалар белсенділігін клеткалық қабаттардың қозғалысына айналдырушы механизмдердың маңызы түсінікті бола бастады. Соңғы жылдары клеткалық контакттың (түйісу) молекулалық негізіне көп көңіл аударылды. Клеткалық мембрананың молекулалық құрылымын зерттемей, оның геномға тәуелділігін немесе тәуелсіздігін, оның клеткалар қозғалысында әр түрлі субстраттарға қатынастарын айқындамай эмбриогенезде морфогенетикалық қозғалыстар механизмдерін анықтау мүмкін емес болып саналады. Эмбриогенезде жеке клеткалар әдетте амеба тәрізді қозғалады. Қозғалған клетка өз айналасын үздіксіз тексереді, ал оның алдыңғы шептегі мембранасы қатпарланып тұрады. Жеке клеткалардың амебалық қозғалысының мысалдары: нерв айдаршасының, алғашқы жолақтың клеткаларының миграциясы, гоноциттердің миграциясы т.б. болады.

Клеткалық қабаттардың морфогенетикалық қозғалыстарының мысалы, ол амфибия ұрығындағы эктодерманың және хорда мезодерма бастамасының гаструляция кезіндегі көшуі.
Бақылау сұрақтары:

1. Ұрық денесінің өсуі немен байланысты?

2. Өсудің изометриялық және аллометриялық түрлері.

3. Өсудің шектелген және шектелмеген түрлері.

4. Дамудағы клеткааралық қатынастардың және морфогенетикалық қозғалыстардың маңызы.


Лекция №30
Тақырыбы: Регенерация
Лекция жоспары:

1. Жыныссыз көбею және соматикалық эмбриогенез

2. Регенерация
Лекцияның мәтіні.

1. Жыныссыз көбею организмдер көбеюінің ежелгі түрі болғандықтан бірклеткалы және қарапайым көпклеткалы организмдерде (саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда) жиі кездеседі. Жыныссыз көбею барысында аналық организмнің бір бөлігі бөлініп шығады да жаңа организмге айналады. Кейбір ғалымдар жыныссыз көбеюге өсімдіктердің вегетативтік көбеюін де жатқызады. Сонымен жыныссыз көбеюге жыныс клекалардың қатысуынсыз болатын көбеюді жатқызады. Жыныссыз көбеюдің бір түрі полиэмбриония. Полиэмбрионияны бірінші ашқан И.И.Мечников. 1886 жылы ол медузаның бластуласының екіге бөлініп, екі ұрықтың пайда болғанын байқаған. Полиэмбриония құбылысы кейбір насекомдарда, мшанкаларда, омыртқалыларда кездеседі. Тіпті адамдардың егіздерін де полиэмбриония құбылысына жатқызуға болады.

Соматикалық эмбриогенез кейбір жыныссыз көбею түрлеріне жақын. Соматикалық эмбриогенез ол жеке соматикалық клеткалардан немесе олардың тобынан жаңа организмдердің дамуы.

Өсімдіктердің соматикалық эмбриогенезі. Өсімдіктер жануарларға қарағанда нашар ұйымдасқан организмдер. Олар көбінесе жыныссыз көбейеді, сондықтан тәжірибе жасауға жеңіл. Х.Н.Гирфанова мен Б.П.Токин мынадай тәжірибе жасаған. Бір немесе екі Begonіa жапырағын алып, металл түтікшемен диаметрі 25 мм келетін тесіктер жасаған. Сол жапырақты ылғалдылығы, температурасы қалыпты жерге қойғанда, тесіктердің айналасында жаңа өсімдіктер шыққан. Негізінен организм бір клеткадан емес, бірнеше тығыз клеткалардан дамиды. Ф.Ц.Стюорд (1957 ж.), Р.Г.Бутенко (1964 ж.) және т.б. ботаниктердің тәжірибелерінің қорытындысы бүтін организмнің бірақ клеткадан дами алатындығына көз жеткізді. Сәбіз ұлпасының жеке клеткаларын арнайы дайындалған агарлы ортаға қойғанда, кейін бүтін өсімдік беретін, ұрыққа ұқсаған құрылым пайда болған. Дамып келе жатқан ұрықты бөліп алып, агарлы ортаға қайтадан қондырып, одан кейін топыраққа отырғызғанда гүл ашатын, тұқым беретін өскін пайда болады.

Соматикалық эмбриогенездің негізгі мысалы ретінде асцидияларды алуға болады. Бұл өте қызық, өйткені олар эволюциялық даму сатыларында жоғары тұрады. Личинканың метаморфоз кезінде нерв жүйесі қарапайым түрге айналады, статоцист және көздері жоғалып кетеді. Асцидиялар жыныссыз көбейе алады, сондықтан соматикалық эмбриогенез оларда жиі кездеседі. Асцидияның желбезек қапшығының бір ұсақ бөлігін кесіп алса, ол өсіп бүтін асцидия организмін беруі мүмкін. Кесілген бөлік алдымен біркелкі клеткалардан тұратын жиынтық береді, сосын пайда болған ұлпалардың морфофизиологиялық қайта құрылуы жүреді. Бұл құбылысты яғни реституцияны алғаш рет зерттеп ашқан Г.Дриш болды. Э.Вольф және Г.Лутц (1947) құстың бір бласкодискінен бірнеше ұрықтың дами алатындығын ашқан. Омыртқалы жануарлардың соматикалық эмбриогенезі туралы Г.П.Святогор мен Л.Н.Святогор (1974) өздерінің тәжірибесінде жақсы көрсеткен. Святогорлардың тәжірибесі бойынша бақаның бөлшектене бастаған жұмыртқасы гравитациялық өрісінде дұрыс жатпаса 25% егіздер дамуының мүмкіндігі туған және 40% денесінде әр түрлі өсінділері бар ұрықтың дамуы табылған.

Қорыта келе соматикалық эмбриогенезге мыналар жатады: ұлпалардың диссоциациясынан кейін соматикалық клеткалар комплексінен жаңа организмдердің дамуы, ұлпалардың, мүшелердің бөліктерінен жаңа организмнің дамуы, дернәсілдің немесе эмбрион бөліктерінен организмдердің дамуы.

Сонымен соматикалық эмбриогенез дегеніміз ол зақымдану нәтижесінде болатын морфогенетикалық реакция. Соматикалық эмбриогенез кезінде морфогенетикалық процестерді зақымданған организм бұрынғыдай бірлік ретінде реттей алмай қалады да оның орнына жаңа организм құрылады.

Көпклеткалы организмдер әдетте жыныс жолымен көбейеді. Жыныстық қөбеюде аталық клетка сперматозоиды аналық жұмыртқа клеткасымен қосылып зиготаны түзеді. Зигота жаңа организмнің бастамасы болып табылады.
2. Регенерация деген сөз (лат. – regeneratіo) жаңару немесе бұрынғы қалпына келу деген мағынаны білдіреді. Биологиялық тұрғыдан айтқанда, регенерация деген, организмнің жоғалтқан немесе жарақатталған бөліктерінің қайта қалпына келуі. Негізінде регенерацияның екі түрін ажыратады: физиологиялық және репаративтік.

Физиологиялық регенерация дегеніміз, организмнің қалыпты тіршілік барысындағы ұлпалар мен мүшелердің жаңаруы. Организмдегі көптеген клеткалар мен ұлпалар бұзылып және қайта құрылып тұрады. Ол процесс көптеген факторлармен байланысты: клеткалар мен ұлпалардың қызмет мерзімімен, мамандану дәрежесімен, бұзғыш факторлардың әрекетімен және т.б.

Клетканың белсенді қызметі оның құрылымының бұзылуымен және энергия ресурсының әлсіреуімен бірге жүреді. Егер дифференцировка нәтижесінде клетка биосинтетикалық аппаратын жартылай немесе толық жоғалтса, онда ол жойылып кетеді. Клеткалардың жойылуының тағы да бір себебі – сыртқы физикалық немесе химиялық агенттердің тікелей бұзу әрекеті, өзінің немесе басқа клетканың метаболизм өнімдерімен улануы.

Физиологиялық регенерация 2 деңгейде өтеді:



1. Молекулалықсубклеткалық биосинтетикалық аппараттың көмегімен клетканың ішкі элементтерінің қайта қалпына келуі. Бұл деңгейде нерв ұлпасы жаңарады. Себебі нерв ұлпасының клеткалары бөліне алмайды.

2. Пролиферативтік регенерация – клетка бөліну арқылы жүреді. Көптеген ұлпаларда (мысалы дәнекер, эпителиалды) арнайы камбиалды клеткалар және олардың пролиферация ошағы болады (эпидермистің базалды қабаты, сүйектің қызыл кемігі, ішектің крипталары). Аталған ұлпалар клеткаларының арнайы мамандану нәтижесінде биосинтетикалық аппараты жойылған. Сондықтан клетка өзінің бұзылған структураларын жөндей алмайды да соңында өледі. Мысалы эритроцит 24 ай, ішек эпителиясының клеткасы 2 тәулік өмір сүреді. Регенерация нәтижесінде камбиалды клеткалар бөлініп, маманданып тұрады. Омыртқалылар эволюциясы барысында ұлпалар қызметінің жоғарылауына байланысты физиологиялық регенерациясының белсенділігі де артады.

Репаративтік регенерация – түрлі зақымданулардан кейін өтетін дене бөліктерінің өзінің сау қалпына келуі. Репаративті регенерацияның әр түрлі классификациясы бар. Көптеген зерттеушілер негізгі 4 түрін сипаттайды:

1. Эпиморфоз. Құйрықты амфибияларда жақсы зерттелген. Амфибиялардың аяққолдарын зақымдағанда кішкентай қалдықтан бүтін орган дами алады. Эпиморфоз қайта өсу деген мағынаны білдіреді.

2. Морфаллаксис. Гидра, планария денелерін бөлшектеп кесіп тастағанда, әр бөлшектен бүтін дене қалыптасады.

3. Эндоморфоз (регенерациялық гипертрофия) немесе диффузді регенерация жылы қанды жануарларға тән. Мұнда клеткалардың бөлінуі ұлпа жарақатының бетінде жүрмей мүшенің ішінде диффузді түрде жүреді. Соның нәтижесінде мүшенің көлемі мен салмағы өседі (мысалы бауырдағы регенерация). Регенерация нәтижесінде мүшенің көлемі бұрынғы қалпына келсе де пішіні өзгереді.

4. Компенсаторлық гипертрофия. Жұп мүшелердің біреуі зақымданғанда немесе жойылғанда екіншісінің көлемі мен салмағының өсуі. Мұндай регенерация бүйректе, аталық жыныс безінде, өкпеде жүреді.


Регенерацияның клеткалық және ұлпалық бастамалары әлі толық зерттелмеген. Л.Д.Лиознер (1975) регенерацияның 3 бастамаларын көрсетеді: 1. Эмбриогенез барысында сақталған бағана (стволовые) және камбиалды клеткалар. 2. Дедифференцировкаға ұшырап, одан кейін жаңадан редифференциалданған клеткалар (амфибиялардың эпиморфозы). 3.Трансдифференцировка және метаплазия. Трансдифференцировка маманданған клеткалардың басқа бағытта маманданған клеткалар типіне ауысуы. Метаплазия – бір ұрық жапырақшаның туындыларының басқа ұрық жапырақшасының туындыларына айналуы.

Соңғы уақытта зерттеушілер регенерацияны реттейтін екі түрлі заттарды тапқан:

1. Эндогенді ингибитор – кейлон, ол регенерацияны тежейді.

2. Экзогенді активатор – эпителийді өсіретін фактор.

Кейлон эпидермистегі пролиферациялық процестерді тежейді. Қазіргі уақытта кейлондар басқа ұлпаларда да табылған. Әр ұлпаның басқа ұлпаларға әсер етпейтін өзінің арнайы кейлоны болады. Кейлондар гликопротеидтерге жатады. Молекулалық массасы үлкен емес. Эпидермалық кейлондардың екі түрі анықталған. Кейлонның бірінші түрі ДНК синтезін тежейді, себебі клеткаларды G1 фазасында тоқтатып синтезге жібермей қояды. Кейлонның екінші түрі клеткаларды G2 фазасында тоқтатып митозды тежейді.

Эпителийді өсіретін фактор кеміргіштердің жақ асты безінде синтезделеді. Бұл зат сілекейде, сүтте, несепте табылған.

Қазіргі уақытта кейбір регенерацияны реттейтін факторлардың иммундық және гормондық табиғаты туралы көптеген мәліметтер жиналды.
Бақылау сұрақтары:

1. Соматикалық эмбриогенез деген не?

2. Соматикалық эмбриогенездің табиғи және жасанды түрі туралы не білесіңдер?

3. Регенерация дегеніміз не?

4. Регенерацияның қандай түрлерін білесіңдер?

5. Физиологиялық регенерацияның мысалдарын келтіріңдер.

6. Репаративтік регенерацияның қандай түрлерін білесіңдер?

10. Практика сабақтарының жоспары







Сабақтың тақырыбы мен мазмұны

Сағат

саны


бақылау

түрі


Әдебиеттер

1

Организмнің кобею типтері.

1. Организмнің кобею.

2. Жынысты, жыныссыз, алмакезек


1

ЛЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 11

2

Аталық жыныс бездері, аталық жыныс клеткасы

1.Аталық жыныс безінің қызметі.

2.Аталық жыныс безінің құрылысы

3. Аталық жыныс клеткасы



1

ЛЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 11

3

Аналық жыныс бездері, аналық жыныс клеткасы

1.Аналық жыныс безінің қызметі.

2.Аналық жыныс безінің құрылысы

3. Аналық жыныс клеткасы






ЛЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 11

4

Аналық жыныс клеткаларының дамуы немесе оогенез.

1.Оогоний

2.Ооцит

3.Овуляция



4.Жұмыртқа

1

ЛЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 11

5

Аталық жыныс клеткаларының дамуы немесе сперматогенез.

1.Сперматогоний

2.Сперматоцит

3.Сперматозоид



1

ЛЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 11

6

Өрбіту немесе жыныс циклы

1.Репродукциялық цикл

2.Менструус

3.Эструс


4.Имплантация

1

ЛЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 11

7

Ұрықтандыру немесе ұрықтану

1.Акросомдық реакция

2.Овуляция

3.Кортикальды реакция



1

ЛЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 11

8

Эмбриогенез. Бөліну

1.Голобластулалық

2.Меробластулалық бөліну


1

ЛЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 11

9

Нейруляция

1.Нейрулла немесе нерв түтігі

2.Целлом

3.Тұкым жапырақшалары



1

ЛЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 11

10

Тұқым жапырақшаларынан органдар пайда болуы

1.Эктодерма

2.Энтодерма

3.Мезодерма



1

ЛЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 11




Барлығы

10









11. СӨЖ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы

Сағат саны

Бақылау

түрі


Әдебиеттер



Жеке даму биологиясының әдістері

1

Сж

1, 2, 6, 7, 9, 11



Жеке даму биологиясы пәнінің басқа ғылымдармен байланысы

1

Бс


2, 3, 4, 6, 7



Жеке даму биологиясының зерттеу әдістері

1

Т

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11



Преформистік көзқарастардың жалпы даму тарихы

1

Жб

1, 2, 3, 4, 5, 6,7



Эпигенетикалық көзқарастардың жалпы даму тарихы

1

Жб

1, 2, 3, 4, 5, 6,7



Жеке даму биологиясы пәннің медицина, мал өсіру және басқа да салалардағы маңызы.

1

Сж

1, 2, 6, 7, 9, 11



Жануарлардың онтогенез кезеңденуі.

1

Бс

2, 3, 4, 6, 7



Эмбрионалды дәуір.

1

Т

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11



Ювенилдік дәуір.

1

Г

1, 2, 3, 6, 9, 11



Дернәсілдік дәуірдің биологиялық маңызы

1

Т

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11



Неотения құбылысы

1

Т

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11



Метаморфоз

1

Г

1, 2, 3, 6, 9, 11



Жетілу дәуірі

1

Т

6, 9, 11, 12



Жынысты және жыныссыз көбею

1

Сж

1, 4, 5, 6, 8, 14



Жыныс клеткаларының ерекшеліктері

1

Т

1, 2, 5, 6, 9, 12



Ұрық алдындағы дамуына жалпы сипаттама

1

Сж

4, 5, 6, 8, 9, 11, 14



Нюссбаум-Вейсманның үрық жолы теориясына қазіргі көзқарасы.

1

Т

6, 9, 11, 12



Омыртқалы жануарлардың аталық және аналық жыныс органдарының құрылысы.

1

Сж

1, 4, 5, 6, 8, 14



Жұмыртқа қабығының типтері және олардың маңызы.

1

Т

1, 2, 5, 6, 9, 12



Жұмыртқа клеткаласының жетілуі

1

Жб

1, 2, 5, 6, 7



Жұмыртқа клеткасының құрылысы мен қасиеттері

1

Сж

1, 4, 5, 8, 9,11, 12



Жұмыртқа клеткасының қоректену типтері

1

Т

1, 2, 6, 7, 9, 11, 15



Оогенездегі цитоплазма сегрегациясы

1

Сж

2, 3, 4, 6, 7, 14, 15



Виттелогенездің жолдары.

1

Сж

4, 5, 6, 8, 9, 11, 14



Сперматогенездің кезеңдері

1

Т

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13, 14, 15, 16



Спермиялардың қалыптасуы. Акросомдық реакция

1

Сж

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 15, 16



Әр түрлі жануарлардың сперматозоидтарының функционалдық ерекшеліктері мен салыстырмалы морфологиясы.

1

Жб

1, 2, 5, 6, 7



Спермиогенез әр түрлі жануарлардың спермогенез заңдылықтары.

1

Сж

1, 4, 5, 8, 9, 11, 12



Мейоз оның биологиялық маңызы

1

Бс

1, 2, 3, 6, 9, 11, 14, 16, 17



Мейоз блогы туралы түсінік.

1

Т

1, 2, 6, 7, 9, 11, 15



Жыныс циклдарының горманальды реттелуі

1

Т

4, 5, 6, 8, 9, 11, 14, 15, 16



Суперовуляция.

1

Сж

2, 3, 4, 6, 7, 14, 15



Өрбіту кезеңіннің ұзақтығы.

1

Т

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13, 14, 15, 16, 17



Жасанды (қолдан) ұрықтандыру және оның практикада (медецинада, мал шаруашылығында, балық өсіруде, аң шаруашылығында) қолдану.

1

Бс

1, 2, 3, 6, 9, 11, 14, 16, 17



Имплантация. Плацента.

1

Сж

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 15, 16



Эстралды жыныстық циклының кезеңдері

1

Сж

6, 9, 11, 12, 15



Менструалды жыныстық циклының кезеңдері

1

Г

1, 4, 5, 6, 8, 14, 20



Моно және полициклды түрлер

1

Сж

1, 2, 5, 6, 9, 12, 15, 18



Сперматозоидтар мен жұмыртқалардың ұрықтану қабілеттілігінің сақталуының ұзақтылығы мен шарттары.

1

Сж

6, 9, 11, 12, 15



Сүтқоректілердегі капацитация. Акросомды және кортикальді реакциялардың негіздері.

1

Г

1, 4, 5, 6, 8, 14, 20



Трансгенді жануарларды жасау

1

Сж

1, 2, 5, 6, 9, 12, 15, 18



Андрогенез және гиногенез.

1

Т

4, 5, 6, 8, 9, 11, 14, 15, 16



Ұрықтандыру кезеңдері

1

Сж

1, 2, 5, 6, 7, 18, 19



Зигота түзілуі.

1

Т

1, 4, 5, 8, 9, 11, 12, 16, 17



Моно және полиспермия

1

Сж

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 15, 16



Физиологиялық полиспермия жағдайында саны артық спермиялар дамуын қысқарту

1

Жб

1, 2, 3, 6, 9, 11, 14, 16, 17



Ұрықтану дәуіріндегі ооплазма сегригатциясы

1

Сж

6, 9, 11, 12, 15, 18, 19, 20



Бөлшектену типтері

1

Т

1, 4, 5, 6, 8, 14, 20



Цитотомия. Бөлшектенудің клеткалық циклдары

1

Т

1, 4, 5, 6, 8, 14, 20



Бөлшектену сатысы

1

Жб

1, 2, 5, 6, 9, 12, 15



Бөлшектену кезеңіндегі белок синтезі.

1

Сж

4, 5, 6, 8, 9, 11, 14, 15, 16



Ю. Сакс пен О. Гертвиг ережелері

1

Т

1, 2, 5, 6, 7



Бластуляция, бластула типтері

1

Сж

1, 4, 5, 8, 9, 11, 12, 16, 17



Бөлшектену кезеніндегі митоздық циклдың, ДНК, РНК, белок синтезінің ерекшеліктері.

1

Сж

1, 2, 5, 6, 7, 14, 15



Сүтқоректілердің зиготалары мен ерте кезеңіндегі ұрықтарын көшіріп отырғызу. Бір жұмыртқалы егіздер.

1

Т

1, 4, 5, 8, 9, 11, 12, 16, 17



Ерекше және кездейсоқ пайда болатын полиэмбриония.

1

Сж

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 15, 16



Сүтқоректілер жұмыртқаларының бөлшектенуі

1

Жб

1, 2, 3, 6, 9, 11, 14, 16, 17



Шеміршекті және сүйекті балықтардың бөлшектенуі

1

Сж

1, 2, 6, 7, 9, 11



Құстар және сүтқоректілер жұмыртқаларының бөлшектенуі

1

Бс

2, 3, 4, 6, 7



Морфогенетикалық қозғалыстар түрлері

1

Жб

1, 2, 3, 4, 5, 6,7



Мезодерманың құрылуы

1

Т

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11



Ұрық жапырақшаларының туындылары

1

Г

1, 2, 3, 6, 9, 11



Гаструляцияның әр түрлі кезеңдеріндегі алуан түрлі болашақ ұрық бастамаларын алып тастау, көшіріп отырғызу, эксплантацилау.

1

Сж

6, 9, 11, 12, 15, 18, 19



Эмбрионалды индукция туралы түсінік.

1

Т

1, 4, 5, 6, 8, 14



Бірінші эмбриональды индукция (нерв түтігінің индукциясы).

1

Т

1, 4, 5, 6, 8, 14



Планценталы сүтқоректілердің гаструляциясы.

1

Жб

1, 2, 5, 6, 9, 12, 15



Нерв түтігінің пайда болуы

1

Т

6, 9, 11, 12



Біріншілік эмбрионалдық индукция

1

Т

6, 9, 11, 12



Нерв жүйесінің және сезім мүшелерінің дамуындағы индукциялық процесстер.

1

Сж

4, 5, 6, 8, 9, 11, 14, 15, 16



Нерв талшықтарының өсуі, олардың мүшелер бастамаларымен қарым-қатнасы.

1

Т

1, 2, 5, 6, 7



Тері және оның туындылары

1

Сж

1, 4, 5, 6, 8, 14



Тері және олардың туындыларының пайда болуына экто-және мезодерма бастамаларының бір-біріне әсері.

1

Г

1, 2, 3, 4, 5, 6,7



Жүрек және қан тамырларының пайда болуы

1

Т

1, 2, 5, 6, 9, 12



Детерминация

1

Сж

4, 5, 6, 8, 9, 11, 14



Цитодиффиренцировка

1

Жб

1, 2, 5, 6, 7



Дифференцировка процестеріне жалпы сипаттама

1

Сж

1, 4, 5, 8, 9, 11, 12, 16, 17



Мүшелердің дамуындағы детерминация және реттелу процестері.

1

Бс

1, 2, 6, 7, 9, 11



Бірінші және екінші ауыздылардың ауыз және аналь тесіктерінің қалыптасуы.

1

Сж

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11



Ішектің жұтқыншық бөлімінің дифференцировкасы.

1

Т

1, 2, 3, 6, 9, 11



Индукция құбылысы. Индуктор әсері

1

Сж

1, 4, 5, 8, 9, 11, 12



Мүшелердің дамуындағы екінші эмбрионалды индукция.

1

Сж

2, 3, 4, 6, 7



Морфогенез

1

Т

1, 2, 6, 7, 9, 11, 15



Бронхиогенді топтың бездерінің қалыптасуы.

1

Сж

6, 9, 11, 12



Жыныс бөлімінің пайда болуы.

1

Т

1, 4, 5, 6, 8, 14



Әр түрлі жануарлардың жыныс клеткаларының ерекшеленуі және олардың гонада бастамасына көшуі. Гонадалардың және жыныс өзектерінің дамуы.

1

Сж

1, 2, 5, 6, 9, 12



Имунитеттің қалыптасуы.

1

Жб

4, 5, 6, 8, 9, 11, 14



Амниоттағы провизорлы мүшелердің дамуы, құрлысы және қызметі(сары уыз қапшығы, амнион, хорион, аллантоис).

1

Сж

1, 2, 5, 6, 7



Сүтқоректілердің плацента типтері және олардың пайда болуы. Тератогенді агенттер туралы түсінік.

1

Т

1, 4, 5, 8, 9, 11, 12



Өсу процестеріне ішкі және сыртқы факторлардың әсері.

1

Жб

1, 2, 6, 7, 9, 11, 15



Организмнің жеке дамуының негізгі кезеңдері

1

Сж

2, 3, 4, 6, 7, 14, 15



Организмнің тура және күрделі дамуы

1

Т

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12,13,14, 15,16,17



Онтогенез

1

Сж

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 15, 16



Адам онтогенезінің кезеңдері.

1

Сж

2, 3, 4, 6, 7, 14, 15



Қартаю кезіндегі клеткалық ұлпалық мүшелік деңгейіндегі өзгерістер.

1

Т

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13, 14, 15, 17



Регенерация процесстерінің реттелуі (гормональды, ұлпақ, фунциональды, нервтік).

1

Сж

1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 15, 16




Барлығы

95









12. ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ

Негізгі:

1.Белоусов Л.Б. Введение в общую эмбриологию М:Мир, 1971, 1980

2.Бодемер Ч. Современная эмбриолгия. М: Мир. 1971.

3.Газарян Г.К. Биолгия индивидуального развития. М. Мир, 1971

4. Гилберт С. Биология развитя. Изд- во «Мир , М., В 3-х томах, 1995, 823с.

5.Токин Б.П. Общая эмбриология. М: Мир, 1980, 1992.

6.Карлоссон. Основы эмбриолгии по Петтену. М. Мир, 1983

7. Кнноре А.Г Эмбриональный гистогенез. Л., « Медицина», 1971 289с.

8. Голиченков В.А Биология развития . М., МГУ, 1991,141с.

Қосымша:

9.Айзенштадт. Цитология оогенез. М:1984.

10.Алмазов И.В Атлас по гистологии и эмбриологии. М., 1976

11. Бочаров Ю.С Эволюционная эмбриология позвоночных. М., Изд- во МКГУ, 1988, 237с

12. Волкова О. В., Тарабрин С.Б Эмбриогенез человека и его регуляция. М., МосГМИ,1973

13. Волкова О.В, Пекарский М.И Эмбриогенез и возрастная гистология внутренных органов человека . М., Медицина , 1976

14. Воронцова М.А , Лиознер Л.Д Бесполое размножение и регенерация. «Советская наука» 1959.

15. Габаева Н.С Теория «непрерывной зародышевой плазмы» по данным современной биологии ААГиЭ 1986

16.Иванов П.П. Руководство по общей и сравнительной биология. Л: УЧПЕДИЗДАТ, 1980

17.Иванов-Казас О.М. Сравнительная эмбриология безпозбоночных. ЛГУ: 1974.



13. Студенттердің білімін бақылау түрлері :

а) тестілік сауалнамалар



б) жазбаша бақылау жұмыстары


Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет