Биология кафедрасы



жүктеу 3.08 Mb.
бет2/14
Дата02.05.2016
өлшемі3.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен

Лекция 5


Тақырыбы:Ұрық алдындағы даму гаметогенез.
Лекция жоспары:

1. Қазіргі биологиядағы “ұрық плазмасының үздіксіздігі” деген теориясы

2. Гамета.
Лекцияның мәтіні.

1. Көп клеткалы организмнің барлық клеткалары бір ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан пайда болады. Организмнің барлық клеткалары екі типке бөлінеді: соматикалық дифференциацияланған жəне жыныс клеткалары.

1880 жылы М. Нуссбаум амфибиялар мен балықтарда жыныс клеткаларының гонададан тыс құрылуын байқады. Ол жыныс клеткалары тек жыныс клеткаларынан пайда болады деген көзқарас ұсынды.

А.Вейсман 1885-1896 жылдары сол мəліметтерді қолданып, ұрық плазмасының үздіксіздігі туралы жаңа теориясын құрды.

Бұл теория бойынша жыныс жəне соматикалық клеткалардың даму жолдары онтогенезде ерте бөлініп кетеді. Плазманың екі түрі болады: соматикалық жəне ұрықтық плазма. Соматикалық плазмадан организмнің денесі пайда болады, ал ұрықтық плазмадан жыныс клеткалары пайда болады. Сонымен ұрықтық плазма үздіксіз ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

Вейсманның теориясы бойынша тіршіліктің иелері «биофор» болады. Биофорлар клетканың ядросында орналасады, ядроның саңылаулары арқылы цитоплазмаға шығады. Биофорлардың топтары детерминанттарды құрады. Ұрықтық плазмада организмге тəн барлық детерминанттар бар. Ал, соматикалық клеткаларда детерминанттар біртебірте жоғалып азайып кетеді. Сондықтан Вейсманның теориясы бойынша тек қана ұрықтық плазмадан толық организм дамиды, ал соматикалық плазмадан организм дами алмайды. ХХ ғасырдың 30жылдары қазіргі генетиканың негізін салушылардың бірі Т.Морган жəне басқа да эмбриологтар Вейсман теориясынан бас тартқан, себебі ол кезде барлық организмнің клеткаларының хромосомдары бірдей екендігі дəлелденген болатын жəне бөлектенген бластомерлерден тұтас организмнің дамуы мүмкін екендігі көрсетілген.

Ұрыққа дейінгі даму, яғни жыныс клеткаларының дамуы гаметогенез деп аталады. Жұмыртқа клеткасының дамуы оогенез, сперматозоидтың дамуы сперматогенез.

Жыныс клеткаларының дамуы келесі сатыларға бөлінеді. 1. Алғашқы жыныс клеткаларының, яғни гоноциттердің басқа соматикалық клеткалардан жекеленуі. 2. Жыныс клеткаларының көбеюі. Бұл сатыда жыныс клеткаларын гониялар деп атайды (аналық жыныс клеткалар оогониялар, аталық жыныс клеткалар сперматогониялар). 3. Өсу сатысы. Аналық клеткалар Іреттік ооциттер, ал аталық клеткалар Іреттік сперматоциттер деп аталады. Бұл кезеңде жыныс клеткаларының хромосомдары мейоздың профазасының сатыларынан өтеді. 4. Мейоз бөлінуі өтеді. Бірінші бөлінуден кейін ІІреттік ооцитпен, ІІреттік сперматоцит пайда болады. Екінші бөлінудің нəтижесінде жетілген жұмыртқа клеткасы жəне сперматида пайда болады. 5. Сперматидалар сперматозоидқа айналады.

Алғашқы жыныс клеткалары гоноциттер əр түрлі жануарларда онтогенездің əр түрлі сатысында пайда болады. Кейбір организмдерде дамудың ерте кезеңдерінде жұмыртқа клеткаларында ерекше бөліктері болады. Сол бөліктерден болашақта жыныс клеткалары шығады. Мысалы, насекомдарда, ұрықтанған жұмыртқалардың артқы полюсінде эктосомдар деген денешіктер байқалады. Эктосомдарды жыныс «детерминанттары» деп атайды. Жұмыртқа клетка бірнеше рет бөлінгеннен кейін эктосом бар жыныс плазмасы жыныс клеткасының (гоноциттің) ішінде байқалады.

Жылқы аскаридасының жұмыртқаларында алғашқы жыныс клеткасы жұмыртқаның төртінші бөлінуінен кейін жекеленеді, ал циклопта (ескек аяқ шаяндар) жұмыртқа клетканың алтыншы бөлінуінен кейін эктосомдар екі ерекше клеткаға (гоноциттерге) жиналады.

Омыртқалыларда гоноциттер көбінесе гаструла немесе нейрула сатысында бөлектенеді. Тек қана құйрықсыз амфибияларда жыныстық плазма ерте, əлі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасында жекеленеді.

Төменгі сатыдағы жануарларда (губкалар, ішекқуыстылар, құрттар) жыныс клеткалардың қоры өмір бойы толықтырылып тұруы мүмкін. Мысалы құрттарда алғашқы гоноциттер өте ерте бөлініп шығады. Бірақ жетілген жəндіктердің гонадаларын жойса жыныс клеткалар басқа “необласт” деген клеткалардан пайда болады.

Ал басқа омыртқасыз жануарларда жəне барлық омыртқалы жануарларда жыныс клеткалары тек қана гоноциттерден пайда болады. Мысалы бұл жануарлардың гоноциттерін рентген сəулесімен, тағы да басқа əсерлермен жойса, онда дамыған ұрықтарда жыныс клеткалары қалыптаспайды.

Сонымен алғашқы жыныс клеткалары гоноциттер жыныс бездерден бұрын пайда болады. Жыныс бездері жетілгенше олар белсенді түрде организмнің сұйықтықтарында қозғалып жүреді. Жыныс бездері қалыптасқан соң гоноциттер бездерді тауып алып ішіне енеді. Сонда аталық жыныс клеткалары бездің милы затында, ал аналық жыныс клеткалары бездің қыртыс затында орналасады.

2. Гамета (грекше gamete əйел, зайып, gametes ер, күйеу) ол жыныс клеткасы. Аталық жыныс клеткасы сперматозоид, аналық жыныс клеткасы жұмыртқа. Изогамия дегеніміз ол аналық жəне аталық гаметалардың морфология жағынан бірдей болуы. Бірақ олардың биохимиялық жəне физиологиялық қасиеті əр түрлі болады. Изогамия бір клеткалы балдырларда жəне қарапайымдылар типінде кездеседі. Көпклеткалы жануарларда аналық жəне аталық гаметалар морфология жағынан əр түрлі болады. Оны гетерогамия деп атаймыз. Көбінесе жануарлардың сперматозоидында талшық тəрізді құйрықшасы болады. Оларды талшықты деп атаймыз. Талшықсыз түрлері кейбір құрттарда, шаянтəрізділерде, кенелерде кездеседі. Мысалы жылқы аскаридасының сперматозоидының пішіні конус тəрізді болады. Өзен шаянының сперматозоиды жұлдыз тəрізді болады. Сперматозоидтың ортасында ядро орналасады. Ядроның үстіңгі жағында акросом томпайып көрініп тұрады.

Жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың дамуын гаметогенез немесе прогенез деп атайды.


Бақылау сұрақтары:

1. А.Вейсманның “ұрық плазмасының үздіксіздігі” деген теориясы.

2. Əр түрлі жануарлардың алғашқы жыныс клеткаларының (гоноциттердің) пайда болуы.

3. Гаметогенез дегеніміз не?

4. Гаметалардың морфологиясы мен физиологиясы.

5. Изогамия жəне гетерогамия деген не?




Лекция №6


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет