Биология кафедрасы



жүктеу 3.08 Mb.
бет3/14
Дата02.05.2016
өлшемі3.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен

Тақырыбы: Сперматогенез



Лекцияның жоспары:

1.Сперматогенезге жалпы сипаттама

2.Сперматогенез сатылары
Лекцияның мақсаты: Сперматогенездің жүйелі кезеңдерімен таныстыру.
Лекцияның мазмұны:

1. Аталық жыныс клеткалары сперматозоидтар деп аталады. Ол төмендегі құрылымдардан тұрады (2сурет).

Сперматозоидтың бас жағында ядро мен акросом орналасқан. Хромосомдар ядроның ішінде орналасады. Хромосомдар ұрпаққа берілетін тұқым қуалайтын белгілерді тасымалдайды.

Акросомда жұмыртқа клеткаларының қабықшаларын ерітетін ферменттер болады (акрозин, пенетраза, гиалуронидаза, қышқыл фосфатаза), ал ол фермент ұрықтану кезінде жұмыртқаның қабықшаларын ерітіп сперматозоидтың жүмыртқаға енуіне жағдай тудырады. Сперматозоидтың мойнында бірінші центриоль орналасқан. Центриольдің екіншісі микротүтікшелерді өсіреді де сперматозоидтың құйрығын құрайды.

Сперматозоидтың аралық бөлігінде 9 жұп микротүтікшелерден тұратын аксонема орналасады. Оның сыртына оралып ұзын митохондрия орналасқан. Митохондрия энергия көзі қызметін атқаратын заттарды өндіреді. Сперматозоидтардың қозғалуы осы энергия есебінен қамтамасыз етіледі. Сперматозоидтар өте ұсақ болады, олар құйрығын толқынды қимылдату арқасында қозғалады. Сперматозоидтың көлемі микрометрмен өлшенеді. Мысалы: бұқанікі 65 мкм, торғайдікі – 200 мкм, адамдікі – 60 мкм. Ал саны миллиондап өлшенеді. Адамда І текше сантиметр сперма сұйығында – 60100 млн. сперматозоидтар болады.

Сперматозоидтың реотаксис қасиеті бар. Реотаксис дегеніміз сұйықтың ағуына қарсы қозғалу.

Сперматозоидтар аталық жыныс бездерінде дамиды (3сурет). Сонымен қатар аталық бездерінде жыныс гормондары да түзіледі.




2сурет. Сперматозоидтың құрылысы.

1 басы; ІІ мойны; ІІІ құйрығы; 1 акросомасы; 2 – ядро; 3 проксимальді центриоль; 4 – дистальді центриоль; аралық бөлігі; 5 – митохондрия

Аталық бездердің сыртында тығыз дəнекер ұлпалардан тұратын қабықшасы болады. Бездің ішкі жағын тығыз дəнекер ұлпалардан тұратын перделер кішкене бөліктерге бөлген. Олардың əрқайсысы иректелген шəует түтікшелерімен толтырылған. Түтікшелердің арасында борпылдақ дəнекер ұлпа орналасқан. Иректелген шəует түтікшелерінің қабырғаларының сырты дəнекер ұлпасынан тұрады, ал ішкі жағы эпителий клеткаларынан құралған. Ол Сертоли клеткалары (4сурет). Сертоли клеткаларының арасында жас, жетілмеген жыныс клеткалары сперматогониялар орналасқан. Түтікшелердің көлденең кесіндісін микроскоппен қарағанда жыныс клекаларының дамуының əр түрлі кезеңдерін көруге болады. Жетілген жыныс клеткалары, яғни сперматозоидтар түтікшенің ортасында жиналады (5сурет).



3сурет. Адамның аталық жыныс безінің құрылысы.

1 белоктық қапшық, 2 ұрық безінің бөлігі, 3 иректелген шəует түтікшесі, 4 ұрық безінің ішпердесі, 5 ұрық безінің средостениесі, 6 шығару түтікшелері, 7 ен қосалқысының басы, 8 ен қосалқысының өзегі, 9 шəует шығарылатын өзек.
Борпылдақ дəнекер ұлпасында, дəлірек айтқанда, иректелген түтікшелердің арасында Лейдиг клеткалары (эндокриноциттер) болады. Олар аталық жыныс гормоны тестостеронды өндіреді. Борпылдақ дəнекер ұлпасында қан капиллярлары мен нервтер де орналасқан.

4сурет. Шəует түтікшелерінің эпителиясы. Сертоли клеткалары мен жетіліп келе жатқан сперматозоидтар арасындағы байланыс көрсетілген (Клермонт бойынша, 1955): 1 сперматозоид, 2 – сперматидтер, 3 1реттік сперматоциттер, 4 – сперматогониялар, 5 Сертоли клеткалары


5–сурет. Сүт қоректі жануардың шəует түтікшелерінің жалпы көрінісі.

2. Сперматозоидтардың дамуын сперматогенез деп атайды. Сперматогенез төрт кезеңге бөлінеді:

1) көбею

2) өсу

3) жетілу



4) қалыптасу (спермиогенез)

1. Сперматогенездің алғашқы жыныс клеткалары сперматогониялар деп аталады. Олар иректелген түтікшенің ең шетінде жатады. Сперматогониялар өзінің көбею кезеңінде митозбен бөлінеді, мұның өзі олардың санын айтарлықтай көбейтуге əкеліп соқтырады. Сперматогониялардың бірнеше типі анықталған: А1 (күңгірт), А2 (ақшыл) жəне Втипі. А1 бағаналы (стволовые) клеткалар, А2 жартылай бағаналы. А1 клеткалар өте сирек бөлінеді де А2 клеткаларға айналады. А2 клеткалардың бірнеше рет бөлінуі соңында В клеткалар пайда болады. Бөлінетін Вклеткалар клон құрайды, оның клеткалары əдетте сперматид сатысына дейін цитоплазмалық дəнекерліктермен өзара байланысқан күйінде қалады. Синцитиалдық байланыс бір жағынан клон клеткаларының синхронды дамуын, екінші жағынан олардың гетерогенділігі мен полиморфизмін қамтамасыз етеді, осыдан олардың өмірге қабілеттілігін арттырады.

2. Өсу кезеңінде жыныстық клеткалар бөлінбейді, өсуін күшейтеді, сперматогониялар бірінші реттік сперматоциттерге айналады. Өсу кезеңінде олардың ядроларында күрделі өзгерістер болады, ол мейозды дайындауға əсер етеді.

3. Жетілу кезеңінде клеткалар мейоз жолымен бөлінеді. Мейоздың бірінші бөлінуі екінші реттік сперматоцитті құрады. Екінші бөлінуінен кейін сперматидтер құрылады. Мейоз бөлінуі нəтижесінде хромосомдардың саны екі есе азаяды. Сондықтан сперматидтің ядросы гаплоидты болады.




6–сурет. Спермиогенез (А.Хэм бойынша, 1961):

АЗ сперматиданың сперматозоидқа айналуы көрсетілген; 1 – Гольджи аймағы; 2 – митохондриялар; 3 – ядро; 4 – центриоль; 5 – талшық; 6 – акросома; 7 – цитоплазмалық мембрана
4. Қалыптасу немесе спермиогенез кезеңінде сперматидтер сперматозоидтарға айналады (6сурет). Клеткалардың ядролары тығыздалады да, олар клеткалардың бір шетіне орналасады. Оған қарамақарсы болып центриольдер шығады. Бірінші проксималды центриоль сперматозоидтың мойнында қалады. Дисталдық центриольдан құйрықтың жіпшесі өсе бастайды. Гольджи аппараты клетканың үш жағынан акросоманы құруға қатысады. Сперматозоид құйрығының аралық бөліміне митохондриялар жиналып, митохондриялық спиральді құрайды. Осы өзгерістердің нəтижесінде сперматидтен ерекше клетка сперматозоид қалыптасады.

Бақылау сұрақтары:

1. Сперматогенез қандай кезеңдерден тұрады?

2. Жұмыртқа клеткасындағы сарыуыздың маңызы, сарыуыздың мөлшері мен орналасу орнына қарай жұмыртқа клеткаларын классификациялау.

3. Жұмыртқалардың қабықшалары жəне олардың классификациясы.

4. Сперматогенез жəне оның кезеңдері.

5. Аталық жыныс безінің құрылысы.


Лекция № 7
Тақырыбы: Оогенез
Лекцияның жоспары:

1. Оогенезге жалпы сипаттама

2. Оогенез сатылары

3. Сарыуыздың мөлшері мен оның цитоплазмада орналасуы бойынша жұмыртқалардың жіктелуі.


Лекцияның мақсаты: Онтогенездің жүйелі кезеңдерімен таныстыру.
Лекцияның мазмұны:

1. Аналық жыныс клеткалары жұмыртқа немесе жұмыртқа клеткалары деп аталады. Олар сперматозоидқа қарағанда ірі жəне дөңгелек пішінді болады. Жұмыртқа клеткаларының өзіне тəн

ерекшеліктері бар: біріншіден, клеткалардың ішінде ұрық қоректенетін сарыуыз болады. Екіншіден, клетканың бірнеше қабықшасы бар. Олар бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік қабықшалар деп аталады. Бірінші реттік қабықшасын сарыуыз қабығы деп атайды. Ол қабық барлық жұмыртқаларда болады. Оның сыртында қейбір жұмыртқаларда екінші реттік қабығы болады. Екінші реттік қабықты фолликулды клеткалар түзеді. Үшінші реттік қабықшасы жұмыртқа аналық безінен жыныс жолдары арқылы өткенде пайда болады. Ол ұрықты қорғау қызметін атқарады. Үшінші реттік қабықша құстарда жақсы дамыған.

Əр түрлі жануарлардың жұмыртқаларында сарыуыздың орналасуы жəне мөлшері бірдей болмайды (7сурет).


7сурет. Əр түрлі жануарлардың жұмыртқалары.

А ланцетниктің изолециталды жұмыртқасы; Б – бақаның телолециталды жұмыртқасы; В – насекомның центролециталды жұмыртқасы; Г – сарыуызды клеткалармен қоршалған жалпақ құрттың алециталды жұмыртқасы; Д – сүйекті балықтың телолециталды жұмыртқасы
Сарыуыздың мөлшеріне байланысты жұмыртқалар бірнеше түрге бөлінеді:

алециталды (сарыуыз болмайды, ол тікентерілерге тəн);

олиголециталды (сарыуызы аз, былқылдақденелілерде кездеседі);

мезолециталды (сарыуыз мұнда көп те емес, аз да емес, орташа болады, ол жұмыртқалар қосмекенділерде болады);

полилециталды (сарыуызы көп болады, ондай жұмыртқалар балықтарда, рептилияларда, құстарда кездеседі);
Жұмыртқаның ішінде сарыуыздың орналасуына қарай, жұмыртқалар үш топқа бөлінеді:

гомо(изо)лециталды (сарыуызы аз жəне жұмыртқаның ішінде біркелкі орналасады).

телолециталды (сарыуыз клетканың бір шетіне қарай ығысып орналасады);

центролециталды (сарыуыз жұмыртқаның ортасында ядроны қоршап тұрады. Бұл бунақденелілерге тəн);


Бірінші реттік сарыуыз қабықшасының астында жататын цитоплазманың қабатын кортекс деп атайды. Ол ұрықтану процесіне белсенді түрде қатысады.
2. Аналық жыныс клеткаларының дамуын оогенез деп атайды. Ол үш сатыдан тұрады:

1) көбею;

2) өсу;

3) жетілу (пісу).

Төрт сатылы сперматогенезбен салыстырғанда оогенезде төртінші қалыптасу сатысы болмайды (8сурет).

Егер сперматогониялардың көбеюі организмнің жыныстық жетілуіне байланысты болса, ал оогониялардың көбеюі ұрықтыңжыныс безінде болады. Көбею кезеңінде жыныс клеткалары митоз жолымен бөлініп, саны артып отырады. Ол клеткалар оогониялар деп аталады. Көбею сатысы ұрық жарыққа шыққанға дейін созылады. Оогониялар бөлінуді тоқтатып бірінші реттік ооциттерге айналады. Жаңа туылған қыздың аналық безінде 1 миллиондай жетілмеген жыныс клеткалары ооциттер болады, даму барысында олардың 500дейі ғана пісіп жетіледі. Қалғаны біртебірте жойылып кетеді.

Оогенездің екінші сатысында бірінші реттік ооциттер өсу кезеңін бастайды. Ооциттің ядросы мейоздың бірінші профазасына түседі. Ол кезең кейде көп уақытқа созылуы мүмкін, мысалы адамда бірнеше он жылдықтарға. Өсу кезеңі екі мерзімге бөлінеді:

1) цитоплазмалық өсу (кіші өсу);

2) трофоплазмалық (қоректік) өсу (үлкен өсу).

Кіші өсу кезеңінде (превителлогенез) белоктар, ферменттер, митохондриялар, рибосомалар, ядрошықтар көбейеді. Үлкен өсу кезеңінде (виттеллогенез) клеткаларда сарыуыз жиналады.






8сурет. Спетматогенез бен оогенездің салыстырмалы схемасы.
Экзогендік сарыуыздың пайда болуы. Кейбір жұмыртқалардың тым үлкен көлемін есепке алсақ, ондағы жинастырылған сарыуыз тегі экзогендік екені айқын. Трофикалық материалдардың (сарыуыз бастамалары) ооцитке келіп түсудің келесі жолдары сипатталған: 1) фагоцитарлық; 2) солитарлық; 3) фолликулдық.

9сурет. Губкалар ооциттерінің қоректенуі (Тюзе бойынша, 1968).

А қарқынды өсудің басталуы алдындағы ооциттер; Б, В тез өсіп келе жатқан ооциттер; ФК фагоциттелінген клеткалар
1. Фагоцитарлық жол (9сурет). Жылжымалы ооциттер дененің əр жерінде дамиды, олардың өсуі көрші клеткалардың белсенді фагоцитозымен «үлкендер кішкентайларды жейді» (губкалар, кейбір ішекқуыстылар мен құрттар) деген қарапайым жолмен қамтамасыз етіледі. Ооциттерде гидролитикалық ферменттер синтезін жəне олардың мембранаға қапталуын қамтамасыз ететін қуатты Гольджи аппараты мен түйіршікті эндоплазмалық ретикулум дамиды. Фагоцитоз жүрісінде ооплазма қорытудың түрлі сатыларындағы фаголизосомдармен толтырылады, ал сарыуыз түйіршіктері пайда болмайды.

2. Қоректенудің солитарлық жолында ооцит көмекші клеткалармен байланыспайды да сарыуыз бен РНҚ барлық түрін синтездеуде үлкен дербестік көрсетеді. Осыған орай, солитарлық жолмен өскен ооциттерде түйіршікті эндоплазмалық ретикулум мен Гольджи аппараты жақсы дамыған (10сурет). Осы органоидтар сарыуыз белогы синтезін жəне олардың түйіршік түрінде жиналуын қамтамасыз етеді. Қоректік заттардың кіші молекулалары қоршаған ортадан келеді. Вителлогенездің осы типі кейбір ішекқуыстыларда, құрттарда, моллюскілер мен тікентерілерде кездеседі.



10сурет. Солитарлық типпен өсетін ооцит ультрақұрылымының схемасы (Айзенштадт, 1984). Сарыуыз белогы эндоплазмалық ретикулумда синтезделінеді, ал сарыуыз түйіршіктері Гольджи аппаратында қалыптасады

3. Фолликулдық жол сарыуыз жинастырудың кең таралған түрі, ол көмекші соматикалық (фолликулдық) клеткалар қатысуымен жəне екі түрде жүреді: алиментарлық жəне нутриментарлық.

Бірінші алиментарлық түрде, сарыуыз ооцитке оны бір немесе бірнеше қабат болып қоршап тұрған фолликулдық клеткалардан келеді. Сондайақ, РНҚ барлық түрлері ооцит ядросында көмекші клеткалар қатысуынсыз синтезделінеді. Фолликулдық эпителий, сарыуызды ооцитке жеткізу үшін арналған аралық элемент ретінде қызмет істейді. Экстрагонадтық (гонададан тыс) қоректік заттарды ооцитке тасымалдаудан басқа, фолликулдық эпителий қорғау, бөгеу жəне реттеу қызметтерін атқарады.
3. Сарыуызды жасайтын заттар бунақденелілердің май денесінде, шаян тəрізділерде гемолимфа мен гепатопанкреаста, құстар мен сүтқоректілерде бауырында синтезделеді. Осы мүшелерден фосфолипопротеид текті сарыуыз бастамалары немесе гемолимфаға (омыртқасыздарда), немесе қанға (омыртқалыларда) түседі де тамыр жүйесімен аналық жыныс безіне тасымалданады. Аналық жыныс безінде осы заттар ооцитке жету үшін фолликулдық эпителиден өтуі керек. Сарыуыз бастамасы вителлогенин молекуласы өте үлкен, сондықтан диффузия жолымен ооциттің плазмалеммасынан өте алмайды да мембранадан микропиноцитоз жолымен өтеді.

Фолликулдық клеткалар мен ооцит мембранасында көптеген микробүрлер микротүтікшелер бар. Сол микробүрлер ооциттің сыртындағы жұқа периооциттік кеңістікке қарап тұрады.

Фолликулдық клеткалар микротүтікшелерінде жиналған вителлогенин тамшылары периооциттік кеңістікке қарай үзіледі, сосын пиноцитоз жолымен ұсақ (2030 нм) көпіршіктер түрінде ооцитке келіп түседі. Жетілген жұмыртқада вителлогенин байқалмайды, өйткені ол қарапайымдау қосындыларға фосфовитин мен липовителлинге бөлінеді.

б) Сарыуыз жинастырудың нутриментарлық жолы көптеген РНҚ қосылған қоректік заттар ооцитке оны қоршаған фолликулдық жəне жетілмеген жыныс клеткаларынан (трофоциттерден) келіп түседі. Трофоциттер оогониялардың ассиметриялық митоздық бөлінуі арқасында пайда болады. Мысалы, дрозофилланың төрт рет бөліну нəтижесінде əр оогониясы, өзара цитоплазмалық дəнекерліктермен байланысқан 16 клетка береді. 16 ооциттің біреуі ғана əдеттегі оогенезді жалғастырады, ал қалған 15 қоректік клеткаларға – трофоциттерге айналады. Осы жағдайда ооциттің өз синтетикалық белсенділігі аз, ядрода негізінде мейотикалық өзгерістер жүреді.

Сонымен қатар, трофоциттерде екпінді синтетикалық процестер белгіленеді. Синтезделген РНҚ жəне, мүмкін белоктар, əлі бұзылмаған цитоплазмалық дəнекерліктер арқылы трофоциттерден ооцит цитоплазмасына тасымалданады. Ооцитті қоректендіретін клеткалар саны түрге қарай ерекшеленеді жəне сегізден (жүзгішқоңыз) екі жүзге (сүлік) дейін тербеледі.

Жұмыртқаның жетілу кезеңі ядросындағы күрделі өзгерістерімен байланысты. Бұл кезеңде мейоз процесі өтеді. Мейоз клетканың екі бөлінуінен тұрады. Оогенездегі бұл бөлінулердің ерекшелігі: бөлінген клеткалар тең емес. Бірінші бөлінуден кейін ірі ІІреттік ооцит жəне өте майда бірінші редукциялық денешік пайда болады. Екінші бөлінуден жетілген жұмыртқа клеткасы пайда болады да, екінші редукциялық денешік шығады. Бірінші денешік екіге бөлінеді. Сперматогенезбен салыстырғанда оогенезде бір ооциттен бірақ жетілген жұмыртқа клеткасы шығады да, қалған үшеуі жетілмей қалады. Сперматогенезде бірінші реттік сперматоциттен 4 жетілген аталық жыныс клеткалары пайда болады. Сонымен бірге, оогенездің барлық кезеңдері сперматогенезге қарағанда көп уақытқа созылады, кейде ол көп жылдарға кетеді. Жұмыртқа клеткалары аналық жыныс бездерінде дамиды (12сурет).

Сүтқоректілерде аналық бездердің сыртында бір қабатты эпителий болады. Аналық безінің негізі дəнекер ұлпалардан құралған. Эпителийдің астында фолликулдар бар. Фолликул дегеніміз сыртынан фолликулды эпителиймен қоршалған бірінші реттік ооцит. Олардан аналық жыныс клеткалар – жұмыртқалар дамиды. Толысқан организмдегі аналық бездердің бірінде ай сайын гипофиз гормонының əсерімен болашақ жұмыртқа клеткасы бар бір фолликул жетіледі. Фолликулды клеткалардан аналық жыныс гормоны – эстроген бөлінеді. Грааф көпіршігі деп аталатын аналық жетілген фолликул бездің бетінен томпайып көріне бастайды да, сыртқы қабырғасы жұқарып, жарылады. Жұмыртқа клеткасы фолликулдан сыртқа шығады. Бұл процесс овуляция деп аталады. Жетілмеген жұмыртқа клеткасы түкті воронка арқылы жатыр түтігіне түседі де, сол жерде пісіп жетіледі. Жарылған фолликулдың қуысы біртебірте сары клеткаларға толып, ішкі секрецияның уақытша безі сары денеге айналады.


12сурет. Сүтқоректілердің аналық жыныс безі.


  1. эпителий; 2 бірінші фолликул; 3 – көпқабатты фолликул; 4 – жетілмеген Грааф көпіршігі; 5 – жетілген Грааф көпіршігі; 6 – фолликулдың атрезиясы; 7 – овуляция; 8 – сары дене; 9 – тамырлар

Фолликулдар мен сары денеден аналық жыныс гормондары түзіледі. Сары дене гормоны прогестерон келесі фолликулдың пісіп жетілуін тежейді де, жатырдың шырышты қабықшасын ұрықты қабылдауға дайындайды. Егер жұмыртқа клеткасы ұрықтанбаса, онда сары дене овуляциядан кейінгі 1314 күнде гормон шығаруын тоқтатады. Сары дене ақ денеге айналады.

Аналық жыныс бездерінде фолликулдардың бір шамасы жетілмей, атретикалық денешіктерге айналады. Ол процесті фолликулдардың атрезиясы деп атайды.
Бақылау сұрақтары:

1. Аналық жыныс безінің құрылысы.

2. Оогенез жəне оның кезеңдері.

3. Жұмыртқа клеткасының қоректену жолдары.

4. Сары дене, оның құрылымы жəне маңызы.

Лекция №8

Тақырыбы: Мейоз.
Лекцияның жоспары:

1.Мейоздың ерекшелігі, оның биологиялық маңызы.

2.Клеткалық жіктелу (дифференциация).
Лекцияның мақсаты: Мейоздың биологиялық маңыздылығымен таныстыру.
Лекцияның мазмұны:

Мейоз (грекше “мейозис” – азаю, редукция латынша “редуцерес” – кішірею, азаю) – жыныс клеткалардың редукциялық бөліну тəсілі. Клеткадағы хромосомдардың саны екі есе азайып диплоидты клеткадан екі рет бөліну нəтижесінде төрт гаплоидты клетка пайда болады. Ұрықтанғаннан кейін хромосомдардың саны қайтадан қалпына келеді. Мейоз организмде кариотиптің тұрақтылығын сақтайды жəне гендер мен хромосомдардың кездейсоқ, тəуелсіз рекомбинациясын қамтамасыз етеді.

Мейоз кезінде клетка екі рет бөлінеді, ал ДНК саны бірақ рет екі есе көбейеді. Мейоздың екі бөліну арасындағы кезеңді интеркинез деп атайды. Мейоздың екі бөлінуінің нəтижесінде хромосомның саны екі есе азаяды. Кейде биваленттерде бірінші бөлінуде гомологиялық хромосомдар ажырасады да, екінші бөліну нəтижесінде хроматидтер бірбірінен ажырасады. Басқа жағдайда бірінші бөліну нəтижесінде хроматидтер ажырасып, екінші бөлінуде гомологиялық хромосомдар ажырасады.

Сондықтан, қазіргі кейбір ғалымдар бірінші бөлінуді редукциялық, ал екіншісін эквациялық деп айтқан дұрыс емес дейді.

Мейоз циклі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші бөлінудің кезеңдері римше I деп, ал екінші бөлінуге тəн кезеңдері II деп белгіленеді.

Бірінші бөлінудің ерекшелігі өте ұзақ жəне күрделі профаза болады. Онда 5 сатыны бөледі (13сурет).




13сурет. Мейоздің бірінші профазасының сатылары
1. Лептотена жіңішке жіпшелер сатысы. Интерфазалық ядроның торлы құрылымы жойылады да, жіңішке жеке жіпшелер көріне бастайды, олар хромосомдар болып табылады. Жарық микроскоппен көрінетін жіпшелердің саны диплоидты болады.

2. Зиготена гомологиялық хромосомдар ұқсас учаскелері арқылы бірінебірі қосыла бастайды. Олардың жұптасып қосылуы көбінесе екі шетінен басталады. Соның нəтижесінде барлық гомологтар биваленттерді құрады.

3. Пахитена жуан жіпшелер сатысы. Бұл сатыда кроссинговер құбылысы болады. Хромосомдар жұбындағы екі сіңлілі емес хромосомдар өзара учаскелерімен алмасады.

4. Диплотена жұптанған жіпшелер сатысы. Биваленттегі гомологиялық хромосомдардың бірбірінен ажырасуы жəне босауы басталады. Биваленттегі сіңлілі емес хроматидтер бірбірімен бірнеше нүктеде қосылып тұрады да хиазма деген қиылыстарды жасайды. Хиазмалар кроссинговер нəтижесінде пайда болады. Диплотенада хромосомдар спиральданып, ядрошықтар саны азаяды. Тек қана сарыуызды көп мөлшерде жинайтын жануарлар ооциттерінде хромосомдар босап «шам щеткасы» тəріздес пішінге айналып, РНҚ, белок синтезін күшейтеді. Бұл профазаның ең ұзақ сатысы. Мысалы «шам щеткасы» тəріздес хромосомдар насекомдарда бір жылға дейін, ал адамда 1250 жылға дейін сақталады.

5. Диакенез хромосомдар ең күшті спиральдануға байланысты қатты қысқарып жуандайды. Биваленттер оқшауланады. Клеткада оларды санауға болады. Олардың саны гаплоидты болады. Ядрошықтар мен ядро қабығы жойылады. Осымен І профаза аяқталады.

Прометафаза І. Бөліну ұрығы қалыптасады.

Метафаза І. Биваленттер экватор аймағында жиналып экваторлық пластинканы құрайды.

Анафаза І. Гомологиялық хромосомалар мен хроматидтер ажырап қарсы полюстерге кетеді.

Телофаза І өте қысқа уақытқа созылады, үнемі цитокинез басталмайды. Бұл жағдайда екі гаплоидты ядро бір клетканың ішінде болады.

Интеркинез екі бөлінудің аралығы. Интерфазадан айырмашылығы хромосомдар екі есе көбеймейді, ДНҚның репликациясы болмайды.

Мейоздың екінші бөлінуі: профаза ІІ, метафаза ІІ, анафаза ІІ, телофаза ІІ - ден тұрады.

Мейоздың екі бөлінуі нəтижесінде 1 диплоидты клеткадан 4 гаплоидты генетикалық жағынан төрт түрлі клеткалар пайда болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Мейоз жолымен қандай клеткалар бөлінеді?

2. Мейоз қандай кезеңдерден тұрады?

3. Мейоздың маңызы қандай?



Лекция №9
Тақырыбы: Жыныс циклының ерекшеліктері.
Лекцияның жоспары:

1.Жануарладың көбею түрлері.

2.Жыныс процестерінің цикілдығы.

Лекцияның мақсаты: Жануарлардың биологиясына байланысты жыныс циклының ерекшеліктерімен таныстыру.

Лекцияның мазмұны:



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет