Биология кафедрасы



жүктеу 3.08 Mb.
бет4/14
Дата02.05.2016
өлшемі3.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен

1. Аналықтардың жыныс жүйесінің қызметі цикл сайын өзгеріп тұрады. Жыныс цикл дегеніміз ол көбею процесімен байланысты аналықтардың жыныс жүйесінде болатын əрдайым қайталанып тұратын морфологиялық процестер. Сүтқоректілер жыныстық цикліне қарай екі түрге бөлінеді: 1) полициклдық 2) моноциклдық.

Мысалы, тышқандар, егеуқұйрықтар полициклді жануарлар. Олардың көбею процестері бір жылдың ішінде бірнеше рет қайталанып тұрады. Ал қоңыр салқын ауарайында тұратын сүтқоректілердің көбісі жылына бір рет қана тұқым береді (төлдейді). Ол маусымды өзгерістермен байланысты, сондықтан олардың төлдері көктемде жер көгеріп, жемшөп көбейген кезде немесе егін, жеміс пісетін жазда өмірге келеді. Оларды моноциклдық жануарлар деп атайды.



2. Сүтқоректілердің жыныстық циклі төрт кезеңнен тұрады.

1. Фолликулды кезеңде жыныс безінде фолликулдар жетіліп піседі. Олардан эстроген гормоны түзіледі. Жетілген фолликулды Грааф көпіршігі деп атайды. Грааф көпіршігі жарылып жұмыртқа клеткасы жатыр түтігіне түседі. Ол құбылысты овуляция деп атайды.

2. Лютеинді кезеңде Грааф көпіршігінің орнында сары дене пайда болады. Сары дене прогестерон деген гормонды бөліп шығарады. Прогестерон фолликулдардың өсуін тежеп, жатырдың қалыңдап өсуі мен сүт бездерінің ұлғаюына əсер етеді.

3. Жүктілік немесе екіқабаттық кезеңі жұмыртқа ұрықтанып, жатыр қабырғасына бекінгеннен кейін басталады. Бұл кезең əр түрлі жануарларда əр түрлі уақытқа созылады. Мысалы, адам баласында бұл 9 айға созылады.

4. Лактация кезеңі сүт бездерінің сүтті бөліп шығаруымен байланысты, ұрық жарыққа шыққаннан кейін болады. Егер жұмыртқа ұрықтанбаса жыныс циклі төрт кезеңнен емес, тек қана бірінші айтылған екі кезеңмен шектеледі.

Аналық жыныс безінде болатын қайталанып тұратын белгілі өзгерістермен бірге жатыр мен қынапта да оларға сəйкес келетін өзгерістер болады.

Жатырда:

1) тыныштық кезеңі фолликулды кезеңнің басына сəйкес келеді;

2) пролиферативті кезең фолликулды кезеңнің соңына сəйкес мұнда жатыр қалыңдап, эпителиінің ісінуі байқалады;

3) секреттік кезең овуляциядан кейін болады, жатыр зиготаны қабылдауға даярланады;

4) инволюция кезеңі жұмыртқа ұрықтанбаса болады. Сары дене жойылып кетеді де жатыр қайтадан тыныштық кезеңіне түседі.

Қынапта болатын циклді өзгерістер:

1) проэструс фолликулды кезеңнің басы.

2) эструс овуляция кезі.

3) метаэструс лютеинді кезеңге сəйкес

4) диэструс тыныштық кезеңі

Көбінесе сүтқоректілердің жыныс циклі эстральды болады, ал адамда менструальды.

Белгілі маусым сайын көбейетін моноциклді сүтқоректілер аталықтарында жылында бірақ рет аталық жыныс клеткалары жетіліп піседі, ал полициклді жануарлардың аталықтарында əрдайым жетілген сперматозоидтар болады.

Жыныс циклдері орталық жүйке жүйесі мен эндокринді жүйені реттеп отырады. Гипоталамус рилизинг гормондарды бөліп шығарады. Рилизинг гормон гипофизге əсер етеді де гипофиз гонодотропты гормонды бөледі. Гонодотропты гормондар (ФСТ, ЛГ) жыныс бездерінің қызметін реттейді.

Жануарларда көбею организмнің өз хал жайына жəне сыртқы орта факторларына қатаң тəуелді құбылыс. Көбеюге дайындық қызметін атқаратын процестердің көбісі циклдік түрде өтеді де ең алдымен, репродуктивтік жүйе органдарына əсер етеді. Жыныс процестерінің циклдігі əдетте, еркек жануарлардан гөрі, ұрғашыларда айқын белгіленеді, əсіресе құрсақ ішінде дамитын типті жануарларда.

Мысалы, жұмыртқаның дамуы, овуляциясы, жыныс жолдарының ұлпалары, жатырдың т.с. қайта құрылуы циклдік түрде өтеді. Екі жыныс өкілдерінің де репродуктивті мүшелері морфофункционалды ерекшеліктерінің өзгеруі гормондардың белсенді қатысуымен, көбінесе қатаң реттелетін кері байланыс принципімен өзара əрекеттесу бойынша өтеді.

Сонымен қатар, көбею процесіне сыртқы орта факторлары мен организмнің психикалық қалпы айтарлықтай əсер етеді. Көп түрлерде жыныс функциясын қоздыру тізбегінде ең бастапқысы жылдың маусымына байланысты сыртқы орта əсері болады. Олардың ішінде ерекше көзге түсетін факторлар температура, жарық жəне қорек мөлшерінің жеткіліктілігі.

Айта кетейік, кейбір кезде сыртқы орта жағдайларын өзгертіп эстралдық ритмді өзгерту мүмкін. Қорек жеткілікті жəне қолайлы күтім жағдайында моноциклдік жануарлар көбісі (үйрек, қаз, қой, ит т.б.) полициклдік ритмге көшеді.

Эстралдық циклдің түрлі кезеңдеріндегі организмнің гормоналдық статусының өзгеруі, ең алдымен аналық жыныс бездеріне жəне жыныс жүйесінің басқа да мүшелеріне əсер етеді. Жыныстық процестің бірінші кезекті гормондық қоздырушысы гипофиз болып табылады, ол гонадотроптық лютеиндік (ЛГ) жəне фолликул дамуына əсер ететін (ФСГ) гормондарды шығарады. Химиялық жағынан олар гликопротеидтер, молекулалар салмағы 28000 мен 35000.

Гипофизден ЛГ мен ФСГ қанға жіберілуі гипоталамустан шығатын либеринмен (релизингфакторлар, гормондар босатылу факторлары) реттеледі. Химиялық жағынан либерин декапептид болып табылады.

ФСГ жəне ЛГ əсерімен фолликулдар стероидтық гормондарды эстрадиол мен прогестерон шығара бастайды. Біреуінен басқа фолликулдар тез арада дегенерацияға ұшырайды, ал қалған жалғыз преовуляторлық фолликул циклдің фолликулдық кезеңі аяғында үнемі көбейген мөлшерде эстрадиолды секреттейді. Эстрадиолдың кенеттен өскен секрециясы гипоталамус гипофизарлық жүйеге əсер етеді, гипоталамустың либерин синтезі мен секрециясы деңгейі жоғарылайды, бұл өз кезегінше ЛГ мен ФСГ секрециясының тез өсуіне əкеліп соғады, олардың деңгейі де шегіне жетеді. ЛГ максимумы фолликулдың жетілуіне керекті соңғы себеп болады, осыдан кейін бір тəулік ішінде овуляция өтеді.

Овуляциядан кейін, тез арада эстрадиол мен прогестеронды секрециялауда жетекші роль сары денеге ауысады. Қанда осы гормондар концентрациясының максимумы шамамен лютеиндік кезеңінің ортасына таяу келеді. Қан құрамында стероидтық гормондар деңгейінің біртіндеп көтеріле басталуы ЛГ мен ФСГ секрециялануын тежейді, олардың қандағы деңгейі көп азаяды. Лютеиндік кезеңнің аяғында сары дененің регрессиясы басталады, аналық бездер эстрадиол мен прогестероннің секрециялауын азайтады, бұл гипоталамустың релизингфакторларды, содан кейін гипофиздің гонадотроптық гормондарды шығаруын ынталандырады. Одан кейін жаңа цикл басталады.
Бақылау сұрақтары:

1. Моно- және полициклды түрлер

2. Жыныс циклының гормондары арқылы реттелуі.

3. Жануарлардың биологиясына байланысты жыныс циклының ерекшеліктері

4. Суперовуляция.

5. Өрбіту кезеңіннің ұзақтығы.




Лекция №10
Тақырыбы: Плаценталы сүтқоректілердің жыныс циклі
Лекцияның жоспары:

1.Этралды цикл және оның сатылары.

2. Гонадотроптық гормондар әсерімен түрлі жыныс органдарында циклдардың реттелуі.
Лекцияның мақсаты: Плаценталы сүтқоректілердің жыныс циклының ерекшеліктерімен таныстыру.
Лекцияның мазмұны:

1. Толық жыныстық цикл плаценталы сүтқоректілерге тән және төрт сатыдан құралады:проэструс,эструс,метаэструс, диэструс.

Ұрғашылар жыныс ынталығы көтеріңкі дәуірі (күйлеу немесе эструс) сыртқы жүріс-тұрыс бет алысынан көрінеді, өзінің негізінде жыныс мүшелерінің белгілі морфофункционадық қайта құралысымен сипатталады және уақыт бойынша овуляциямен сәйкес келеді.Егер осы уақытта ұрықтану болмаса,регрессивтік өзгерістер пайда болады да өсіп-өнуге тағы да дайын болу үшін организм дайындалу периодты қайтадан өтуі керек.Осы айтылған қайталана беретін өзгерістер қатары эстралдық немесе жыныстық цикл деп аталған.Ол тұқым көтеру болмаған жағдайда келесі сатылардан кұралады:1жыныстық ынтамен бірге жүретін көбеюге толық дайындықтың қысқа кезеңі-эструс, 2ұрықтану болмаған жағдайда келктін регерессия кезеңі-метаэстурус,3 тыныштық кезеңі-диэструс, 4 көбеюге дайындық кезеңі-проэструс.

Эстралдық циклдың түрлі кезеңдерінде организм гормоналдық статусы өзгеруі, ең алдымен аналық жыныс бездері жыныстық жолдары мен жатырды қосқанда жыныс жүйесі мүшелеріне әсер етеді.Омыртқалылар ішінде дөңгелекауыздылар, балықтар, амфибиялар, рептилиялар,құстар, алғашқы аңдарда жатыр болмайды.

Дәлірек айтқанда, осы заманғы омыртқалылар ішінде құрсақтан тыс өсу дөңгелекауыздылар мен құстарда ғана жалғыз вариант болып табылады.Омыртқалылардыңбасқа кластарында құрсақтан тыс өсу типті(жұмыртқа салушылар) және тірі туатындар типті түрлер байқалады, оларда онтогенездің ерте кезеңдері аналық организм ішінде өтеді немесе жұмыртқа фолликулалы қуысында, немесе аналық жыныс безінде, немесе жұмыртқа өтетін жолдың арнайы бөлімі- жатырда. Құрсақ ішінде өсу типі балықтар арасында ерекше жиі карпозуб отрядында, қатпарлы желбезектілер тұқымдасы көбінде, акула тәрізділер отрядында(тікенді акулада Squalus acanthias бала көтеру 22 айға созылады), саусаққанатты балықтарда, қосмекенділер ішінде африкалық құрбақаларында, кейбір саламандраларда және көптеген аяқсыз амфибияларда кездеседі.Қазіргі уақыттағы рептилияларда құрсақ ішінде өсу тек қана қабыршақтыларда кездеседі.Айдаhар жыландарда (Boidae тұқымдастар),мысалы, жүктілік кезеңі 5айға жуық созылады да кейін 30 шақты ұзындығы 50-55 см жас жыландар туады.

Омыртқалылар эволюциясында ұрықтың құрсақта дамуын қамтамасыз ететін арнайы мүше- жатыр алғашқы рет қалталыларда пайда болады.Бірақ, оның құрлысы өте қарапайым болады, ұрық оның ішінде аз ғана мерзім тұрақтайды.Кейде қалталыларды тірі жұмыртқа туатындар деп санайды, өйткені сыртқы қабық қысқа,жалпы мерзімі 27 күнге созылатын жүктілік мерзімі аяғында түседі(квокка кенгуруы-Setonix brachyurus).Тұқымдар сыртқы қабықтан жүктіліктің 19-шы күні босайды.(Hughes,1974).Тұқымдар жетілуі ана қарынындағы қалта ішінде өтеді.Яғни, қалталылар эмбриогензі жатыр ішіндегі және қалта ішіндегі этаптарға бөлінеді.

2. Ұрғашы жыныс жүйесінің ең күрделі құрлысы плаценталы сүтқоректілерде болады. Гонадотроптық гормондар әсерімен түрлі жыныс органдарында циклдық, синхрондық өзгерістер өтеді:

1.Проэструс сатысында аналық жыныс безінде жұмыртқалар дамиды. Сонымен қатар, фолликулдық гормондар-эстрогендер секрециясы қоса жүреді.Жатырдың шырышты қабықшасы өседі, бұлшық ет қабықттары қалыңдайды, қан өтімі күшейеді.Аналық жыныс безінде осы фаза фолликулдық, ал жатырды пролиферативтік деп аталады.

2.Эстурус және метаэструс сатыларында аналық жыныс безінде жұмыртқа (жұмыртқалар) овуляцясы өтеді.Фолликулдық клеткалар қоршауымен жұмыртқа құрсақ қуысына түседі, ұрықтанғаннан кейін ұрық жолының воронкасы арқылы жатырдың шырышты қабықшасына имплантацияланады (бекінеді), кейін осы жерде плацента қалыптасады. Аналық жыныс безінде Грааф көпіршігі жарылған жерде сары дене пайда болады, ол жыныс гормоны-прогестерон шығарады. Бұл кезде жатырда синхронды секреторлық сатысы жүреді: жатыр қабығы одан әрі қалыңдайды, қан тамырлары қанға толады, эндометрий бездері мол секрет шығарады. Егер ұрықтану болмаса бәрі де бұрынғы тыныштық қалпына келеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Экстралды циклдің сатылары

2. Менструалды цикл.

3. Овуляция құбылысы

4. Сары дененің құрылысы

5. Имплантация. Плацента.



Лекция №11
Тақырыбы:Ұрықтану
Лекцияның жоспары:

1.Гаметтер

2.Ұрық шашу

3.Қолдан ұрық шашу.


Лекцияның мақсаты: Ұрықтану процесінің жалпы сипаттамасы мен оның биологиялық маңыздылығымен таныстыру.
Лекцияның мазмұны:

1. Гаметтер – жұмыртқалар мен сперматозоидтар жіктелгеннен кейін, әдетте бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін өмір сүреді.

Бірақ жұмыртқа мен спермия қосылған жағдайда зигота пайда болады, ол алдында ұзақ өмірі бар жаңа организімнің дамуындағы бастапқа кезеңі болады.

Табиғатта ұрықтанусыз даму да кездеседі, бірақ бұл сирек ерекшелік. Ұрықтанусыз көбею немесе партеногенез кейбір бунақденелілерде, төменгішаяантәрізділерде, коловраткаларда, маллюскілерде, ал омыртқалылар ішінде – кесірткелердің бірнеше түрінде (мысалы, Lacertia saccicola) кездеседі. Аралар, соналар, құмырсқаларда кездесетін факультативтік деп аталған партеногенез назар аударады. Осы түрлердің патшайм – аналары ұрықтанған немесе ұрықтанбаған жұмыртқалар салады. Араларда ұрықтанған жұмыртқалардан жұмыскер ұрғашы араның немесе қорек мол жағдайда патшайм – ана дернәсілдері, ал ұрықтанбаған жұмыртқалардан еркек ара (трутень) дернәсілдері дамиды.

19- ғасырда – ақ, ұрықтанбаған жұмыртқалардың өсіп дамуына оларды түрлі химиялық қосындылар мен өңдеу арқылы, механикалық әсер мен, жылытумен т.б. қолдан ынталандыру мүмкін екені байқалған. Зоолог А.А. Тихомиров 1886 жылы жібек құртың ұрықтанбаған жұмыртқаларына химиялық және физикалық әсерн ету (концентрациялы күкірт қышқылын пайдалану температура өзгеру ) арқылы активациялап дернәсілдер мен жынысы жетілген көбелектер ала алған. Академик Б. Л. Астауров 1930-1960жж классикаға айналған ұзақ зерттеулер нәтижесінде жібек құрттың ұрықтанбаған жұмыртқалары дамуын температуралық әсер егу ұрықтанбаған жұмыртқаның дамуын активатциялық, сонымен бірге мейоз сатысын, яғни жұмыртқа диплойдтық ядросының гаплойдтыққа айналуын бөгйді. Даму ана генотипі мен жынысын дәл қайталайтын дернәсілдер шығуымен аяақталады.

Зерттеу жемістігіне қарамай, ол түңілуге түсті: Партеногенетикалық ұрпақтың дамуының эмбриондық және постэмбрионалдық сатыларында тіршілікке икемділігі төмен болды. Дернәсілдер арасында кемтарлық көп, ал олардың кокон сапасы нашар болып шықты.

Оның шәкірті В.А Струнников (1977, 1982) көптеген іріктеу жұмыстары нәтижесінде целекцияға арналған жібек құрт калондары генотипінде партеногенезге биімділікті және тіршілікке жоғары икемділікті айқындайтын саны көптеген гендерді жинастыра алды. Бірақ, ең жақсы гибриддік ұрғашылардан алынған тіршілікке ең икемді калондар іс жүзінде пайдалануға жарамды, өйткені ұрғашы жібек құрты еркекке қарағанда түт жапырағын 20% артық жейді, ал жібекті 20 процент кем береді. В.А. Струннков лабараториясында еркек тұт жібек құрттарын кулондау жұмысы ойдағыдай бітті. Сонымен, оның қызыметкерлері керекті жынысты жаппай алу мәселесін және таза линияларды гибриттеу арқылы гетероозисті күрт көтере алуды шеше алды.

Жыныстық көбеюге оралғанда ұрықтану нәтижесінде барлық жұмыртқа тіршілігі өзгереді деуге болады. Ұрықтануға дейін жұмыртқа іркілген қалыпында болады, онда зат алмасу процестері едәуір редукцияланған. Сонымен қатар, онда сарыуыз қосындылары түрінде қоректік заттар жинастыру жүріп жатады.

Спермияның жұмыртқа бетімен ең бірінші түйісуі – ақ, жұмыртқаның дамуы басталуына себеп болады. Аяақталмаған ұрықтану деп аталған жағдайлар кездеседі, онда спермия жұмыртқаға енбей, тек қана түйіседі, сонда да жұмыртқа активатциясы басталады (көбінесе жұмыртқаларда туыс түрлер спермиямен ұрықтанғанда ).

Бірақ, қалыпты жағдайда спермия жұмыртқаға аталық организімнің толық хромосомдар жиынтығын енгізеді, яғни ұрықтану нәтижесінде ата – ана гендері бірігеді. Сонымен популяцияда тұқым қуу факторларының көптеген жаңа компонентері пайда болады, организімдердің генетикалық әр түрлілігі құрылады.

2. ҰРЫҚ ШАШУ

Соңғы уақытта эмбриолгтар ұрықтану процесінен ұрық шашу процесін ажырататын болған. Ұрықтану – ол екі гаметтердің қосылуы болса, ал ұрық шашу ол тек қана екі гаметтерді бір – біріне жақындататын жағдай туғызу.

Су жануарларының көбісінде ұрықтану сыртқы ортада өтеді. Әрине сперма жұмыртқаларға өте жақын және белгілі уақытта шашылуы керек. Қозғалмайтын және аз қозғадлатын жануарларда екі жыныс өкілдері үлкен топтар құрайды да жыныстық заттарда суға бір уақытта шашады, жұмыртқалар жабпай ұрықтану сонда өтеді.

Қозғалатын жануарлар әр түрлі күйлейді, әдетте шағылысу кезінде еркек пен ұрғашы жыныстық заттары бір уақытта шағылады, жұмыртқалар ұрықтану проценті мұндайда жеткілікті дәрежеде болады. Сыртқы ұрық шашуда жұмыртқалар мен спермиялар неғұрлым жақын болуы өте маңызды, өйткені олар су ішінде олар ұрықтану қабілетін тез жоғалтады – теңіз суында бірнеше сағаттан кейін, ал тұщы суда бірнеше минут өткен соң – ақ. Спермиялардың өз бетінше қозғалу қабілеті өте төмен, мысалы, теңіз кірпісі спермиясы 1 минутта 10 мм жүзеді ал шортаң спермиясы одан да кем – 6мм.Ескеретін нәрсе, жыныстық заттар өте жиі су қозғалысымен ыдырап кетеді, мысалы, су ағысымен.Сыртқы ұрық шашатын жануарлардың орнасан зор көлемде гаметалар шығару феномены осыдан-ақ түсінікті (теңіз кірпісі, треска т.б ұрғашылары) болса керек.

Ішек ұрыұ шашатын су жануарларында, мысалы еркек акула сперманы ұрғашы акуланың жыныс жолына өзі ендіреді, гаметтер кездесу мүмкіндігі өте жоғары, сондықтан олардың аса көп саны қажетсіз.

Іштен ұрық шашу құрлықтағы тіршілікке қалыптасудың бір түрі ретінде пайда болуы мүмкін, өйткені ауада ұрық сұйықтығы ( сперма) тез кебеді.Ішек ұрық шашуда спермиялар арнайы копулятивтік мүшелер көмегімен ұрғашының жыныс жолына тікелей жеткізіледі.

Академик М.С.Гиляров көрсеткендей, сыртқы және ішке ұрық шашу арасында кейбір топырақтық төменгі буынаяқтыларда кездесетін сыртқы-ішкі ұрық шашу әдісі бар.Көптеген топырақ субстраттары су тәртібі жағынан ауа мен су орталары арасындағы орынды алады.Сонда бунақденелілер еркегі сыртқы ортаға қабықпен қоршалған спермия жыйынтығы-сперматофор түрінде сперма шығарады.Спермарофорды жыныстық қуысқа еркек немесе ұрғашының өзі жеткізеді.

Кейбір құйрықты амфибияларда осыған ұқсас ұрықтану түрі кездеседі.

Барлық айтылып отырған жағдайларда,спермиялар саны жұмыртқалар санынан көп есе артық, өйткені ұрықтану жеріне жеткізілгенше олар көп шығынға ұшырайды.Мысалы, адам шәуhетінде шамамен 100 мли. Спермиядан, жұмыртқа жолындағы ұрықтану жеріне дейін небәрі бірнеше мыңға ғана жетеді.Әдетте, олардың біреуі ғана жалғыз овуляцияланған жұмыртқаны ұрықтандырады.Тіпті маусымына саны орасан зор жұмыртқа салатын ( 400мли. Дейін) теңіз кірпілерінде де спермиялар саны әлдеқайда көп (100 триллионға дейін).

3. Қолдан ұрық шашу

Ауыл шаруашылағында көбею көкейтесті мәселелердің бірі, өйткені малмамандары әрқашанда сапасы жоғары тұқым малынан мейлінше көп төл алуға тырысатын.Жақсы бұқа-жарты үйір мал деген ұғым әр халықта бар.Бірақ, табиғи жағдайда, асыл тұқымды мал (бұғы, айғыр, қошқарлар т.б.) саны шағын ұрғашыларды ғана ұрықтандыра алады ( он шақтыдан бірнеше жүзге дейін, одан аспайды).Осыған байланысты, бағалы жануарлар спермасын тиімді пайдалану әдістерін іздестіру ертеден келе жатқан мәселе.

18 ғасырдың екінші жартысында осы проблемаларды зерттеуде үлкен қадам жасалды. Аббат Лазаро Спалланцани әр түрлі, терең ойлы тәжірибелер көмегімен бақа немесе құрбақа уылдырығы даму үшін оған, еркек бақаның аталық безінде өндіріліп, тұқым көпіршектерінде жыйналатын ұрық сұйықтығының әсері қажет екенін дәлелдеген. Л.Спалланцани, ұрықтану табысты болуы үшін сперманың көп есе сумен араластырылған өте аз мөлшері жеткілікті екенін дәлелдеді, кейінірек мал шаруашылығында осы факт аса маңызды роль атқарады.Кейде еріту өте көп болғандығы сонша, ол микроскоп астында сперматозоид таба алмаған, оптикалық техника сапасы жеткіліксіздігінен болған осы қате салдарынан, ол ұрықтандыру қабілеті сперматазоидтардың өзіеде емес, сперманың сұйық құрмаында деген тұжырымға келген.Спалланцани, қолдан ұрық шашуда жұмыртқа салатын жануарлардың ғана емес ( амфибиялар, түт жібек құрты), тірілей туатын, иттің жұмыртқаларын да өсіре алған. Жатырға шприцпне төбеттің спермасын енгізіп, ол 2 айдан кейін анасы ғана емес атасына да ұқсайтын үш дені сау күшіктер алған.

Л.Спалланцанидің тамаша еңбегінен кейін, қолдан ұрықтандыру әдісі іс- жүзінде пайдалануына дейін талай уақыт өтті. Балық шаруашылығында осы әдіс бұрынырақ енгізілді.

Балық уылдырығына қолдан ұрық шашуды алғашқы рет Германияда 1763 ж. Стефан Людвиг Якоби іске асырды.Ол Л.Спалланцани еңбегінен бұрын, балықтар ұрықтануы сыртқы ортада, уылдырықтың спермамен араласу нәтижесінде өтетінін тәжірибемен дәлелдеді.Ол табиғаттағы бақылауларының көшірмесін жасады: жетілген албырт балық, форель және басқа балықтардың ( сұйық жыныстық заттары бар) уылдырығын сосын спермасын (молока) су құйылған ыдысқа салып араластырды. Бұл ылғал деп аталып кеткен қолдан ұрық шашу әдісі, кең өріс алған жоқ, өйткені нәтижесі тұрақсыз және ұрықтану проценті өте төмен болады. Балық өсіруде нағыз өрлеу 1850 жылдары В.П.Врасский зерттеп дайындаған құрғақ ұрық шашу әдісімен байланысты,, онда алдын ала уылдырық пен сперма араластырылады да, одан кейін ғана су қосылады. Құрғақ әдіс албырт балықтары уылдырығында өте жақсы және тұрақты нәтиже беріп, орыс әдісі деген атпен дүние жүзінде танылды. Қазіргі уақытта қолдан ұрық шашу әдісі бекіре, албырт және басқа кейбір балықтарды өсіруде балық шаруашылығында кеңінен пайдаланылды.Сондай-ақ, әр түрлі балықтар үшін әр түрлі ұрық шашу әдісі пайдаланады, ол жыныс өнімдері ерекшеліктерімен байланасты.

Мысалы,албырт балығы жұмыртқалары мен сперматозоидтары су ішінде өте тез (спермиялар бір минут ішінде-ақ) ұрықтану қабілетінен айрылады, осыдан ылғал әдістің нәтижесі төмен дейді.Сонымен қатар, бұл балықтар спермиялары жұмыртқаны қоршаған қуыстық сұйықтықта жақсы қозады да ұзақ уақытқа дейін қозғалу қабілетін сақтайды. Сондықтан, осы балықтар тобы үшін ұрық шашудың құрғақ әдісі тиімді. Ал бекіре балығы спермиясына қуыстық сұйықтық теріс әсер береді, сондықтан бекіре балықтар уылдырығын ұрықтандыруда құрғақ емес жартылай құрғақ әдісі жақсы нәтиже береді, бұл әдісте сперманы уылдырыққа қосу алдында сумен араластырады.

Балық өсірудегі қолдан ұрық шашу балық өнеркәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік берді.Көптеген елдерде арнайы балық зауыттары бағалы түрлер шабақтарының (мысалы, бекіре балықтар) орасан зор санын табиғи су торабтарына жібереді.Тоған су шаруашылығында шабақ алуға ең бағалы балықтар уылдырғы мен спермасы пайдаланады.

Қолдан ұрық шашудың өнеркәсіптік зоотехникалық негізін қалаушы И.И.Иванов (1870-1932) болды. 1901 жылы ол Орлов губерниясында жылқыны қолдан ұрықтандыру тәжербие пунктын ұйымдастырды.Кейінрек, академик И.П.Павлов қолдауымен, И.И.Иванов Петербургта көбею биологиясы бойынша жұмыстар циклын өткізді.И.И.Иванов жануарларды түр аралық гибридтеу саласанда да жұмыс жүргізді. 1910 жылы ол Аскания-Новада зоотехникалық станция құрды, Сухум маймыл питомнигіне алғашқы шимпанзе мен павиандар жеткізілді.Өмірінің соңғы жылдары И.И.Иванов Алматы зооветеринарлыұ институтының көбею физиологиясы кафедрасын басқарды. Ол ауылшаруашылық жануарлар спермасының қолайлы жағдайларда ұрықтандыру қабілетін белгілі уақыт бойы сақтайтынын көрсетті.Ол табиғи және жасанды ортада құстар мен сүтқоректілер үшін қолдан ұрықтандыру жолдарын зерттеп дайындады.Сүтқоректілер спермасын ұзақ уақыт сақтау мәселесін шешуді көздеп, ол төменгі температураларды (Цельсий боиынша 0 градусқа жуық пайдалануды ұсынды.Өз эксперименттеріне сүиене отырып И.И. Иванов қолдан ұрық шашуды еңбағалс ы асыл тұқымды малдан неғұрлым саны көп ұрпағын алу үшін пайдалануды ұсынды. Қолдан ұрық шашуды іс жүзінде пайдалануды И.И.Иванов 1899ж. Жылқылардан, ал 1910жылы ірі және ұсақ қара малдан бастады. Кейінірек осы әдіс Совет одағында мал және құс шаруашылығында кеңінен таралды, ал1930ж бастатап Дания, АҚШ,Англия тб.елдердің ауыл шаруашылығында пайдалана бастады. Осы әдістің зор практикалық маңызы асыл тұқымды мал спермасын пайдалану тиімділігі ондаған кейде жүздеген есе арттыруға мүмкіндік берді.Ол үшін сперманы жұмыртқа сарыуызы сұйықтығымен араластырып сұйылтады. Мысалы, егер табиғи шағылсудан бір асыл тұқымды бұқадан жыл ішінде 100-150 бұзау алынса, қолдан ұрық шашу нәтижесінде 1500-4000 бұзау алынады. Бұл таңдаулы асыл малды жаппай көбейтуде және мал тұқымын жақсартуда үлкен мүмкіншіліктер туғызады. Көп жылдар боиы қолдан ұрық шашуды пайдалануға үлкен кедергі болған. Сперманы ұрықтандыру қабілетін төмендетпеи ұзақ уақытқа сақтау мәселесі болды. Осы мәселені шешуде ревалютцйялық роль атқарған сперманы терең тоңазыту методы болды Қатты көмір қышқылында –79және сұйықтық азотта 196.

Бұл медодты пайдалану, спермияларды тозаңдату мен ерітуде температура ауысуының зақым тигізетін әсерінен қорғау әдістерін зерттеп табудан кейін мүмкін болды. Бұндай қорғау сұйытылған спермаға криопротектерлер қосу арқылы табылды терең тозаңдатуда спермиялар көп жылдар бойы ұрықтандыру қабілетін сақтайды. 25-30жыл бойы терең тозаңдатуда 96және –196 сақталған спермамен ұрықтандырылған малдан кәдімгідей сау төл алынған. Қолдан ұрық шашу әдісі өркендеген елдер медициналық практикасында да кеңінен өрістеген. Әдетте бұндайда, денсаулық қалпы, ақыл жетістігі , жасаған жасы тб. Жағынан қатаң талдаудан өткен еркекдонордың спермасы пайдаланады. Статистика бойынша, қолдан ұрықтандыру нәтижесінде туған балалар, дене шынығу, сабақ үлгеру жағынан өз қатарластарынан әлде қаида алда болған.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет