Биология кафедрасы



жүктеу 3.08 Mb.
бет9/14
Дата02.05.2016
өлшемі3.08 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен

Бақылау сұрақтары:

1. Дифференциация дегеніміз не?

2. Детерминация дегеніміз не? Г.Шпеманның еңбектері.

3. Компетенция дегеніміз не?

4. Эмбрионалды индукцияны кім ашты?

5. Регуляция деген не?

6. Регуляциялық жəне мозаикалық жұмыртқалар туралы не білесіңдер?


Лекция №24
Тақырыбы: Омыртқалы жануарлардың органогенезі.

Лекцияның жоспары:

1. Ұрық жапырақшаларының туындылары

2. Нерв жүйесінің дамуы.

3. Желбезек аймақтарының дамуы.

4. Бауыр мен ұйқы безінің дамуы.

5. Тыныс алу жүйесінің дамуы.

6. Жүрек жəне қан тамырлар жүйесінің дамуы.
Лекцияның мақсаты: Омыртқалы жануарлардың органогенез процесі мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны:

1. Ұрық жапырақшалардан əр түрлі мүшелер дамиды.

Эктодерманың туындылары. Эктодерманың клеткаларынан жабынды эпителий (эпидермис), тері бездері, тістің сыртқы қабаты (эмаль), мүйізді қабыршақтар пайда болады. Көптеген жануарларда эктодерма дененің алдыңғы жəне артқы жағында ішіне көмкеріліп, ығысып қалта секілді алдыңғы жəне артқы ішекті құрайды. Ол ішектердің қалта тəрізді бастамалары тесіліп ортаңғы энтодермадан пайда болатын ішекке жалғасады. Сондықтан алдыңғы ішек (stomodeum) жəне артқы ішек (proctodeum) эктодерманың туындылары болып саналады. Эктодерманың арқа жағы ұрық денесінің ішіне ығысып, батып нерв жүйесінің бастамасын береді.

Энтодерманың туындылары. Ішкі ұрық жапырақшасынан ортаңғы ішектің эпителиі, асқорыту бездері (бауыр мен ұйқы безі) жəне тыныс алу мүшелері пайда болады. Асқорыту бездерінің бастамалары ішектің вентралды қабырғасынан қалта тəрізді томпайып өсіп шығып əрі қарай күрделенеді. Көмекей, бронхылар жəне өкпе бір бастамадан пайда болады. Ас қорыту каналының құрсақ жағынан қалта секілді өсінді пайда болады. Соңынан өсінді дифференциалданып өкпе, бронхыға айналады.

Мезодерманың туындылары. Ұрық бөліктері арасындағы байланысты, қозғалыстық, тірек жəне трофикалық қызметтерді қамтамасыз етеді. Олардың ішінде барлық бұлшықет ұлпалары, дəнекер ұлпалар, шеміршек, сүйек, қан тамырлары мен лимфа жүйелері, зəр шығару мүшелердің түтікшелері, гонадалар ұлпаларының бөлігін, дене қуысының перитонеумін, тыныс алу мүшелерінің негізгі құрылымдарын, ас қорыту түтігінің қабырғасын (төсегішін санамағанда) жəне т.б. атауға болады. Мезодерма бөлігі, эмбрионалдық дəнекер ұлпасы мезенхимадан əр түрлі ұлпалар қалыптасады.

Айта кету керек, əрбір мүшенің құралуында бір емес бірнеше ұрық жапырақшасы қатысады. Мысалы, терінің құрамына эктодермадан дамыған эпидермиспен қатар мезодерманың дерматомынан пайда болған терінің дəнекерұлпалық негізі кіреді. Сондықтан, бұл жіктеу тек мүшелердің алғашқы шығу тегін көрсетеді.


2. Нерв жүйесінің дамуы. Нерв түтігінің кеңейтілген бас жағы алғашқы ми көпіршігі – archencephalon деп аталады. Алғашқы ми көпіршігі үш ми көпіршігіне бөлінеді: prosencephalon (алдыңғы), mesencephalon (ортаңғы), rhombencephalon (артқы). Даму барысында үш ми көпіршіктерінен бес ми көпіршіктері пайда болады. Prosencephalon екі ми көпіршіктеріне бөлінеді: telencephalon (үлкен), diencephalon (аралық). Mesencephalon бөлінбейді, сол бойынша қалады. Rhombencephalon екі ми көріршіктеріне бөлінеді: metencephalon (артқы), myeloncephalon (сопақша). Үлкен ми екі ми сыңарларына бөлінеді. Ми сыңарларының қуысы бүйір қарыншалар деп аталады. Аралық мидың екі бүйір жағында томпайып екі көз көпіршіктері пайда болады. Аралық мидың ішіндегі қуысы үшінші қарынша деп аталады. Ортаңғы мидың қуысын Сильви су өткізгіші деп атайды. Сопақша мидың қуысын – мидың төртінші қарыншасы немесе ромб тəрізді шұңқыр деп аталады. Нерв түтігінің дене бөлімінен жұлын пайда болады. Ішіндегі қуысы жұлын каналына айналады.
3. Желбезек аймақтарының дамуы. Алғашқы ауыз қуысының артында жұтқыншақ немесе желбезек бөлімі орналасады. Бұл аймақта энтодерма бастамаларымен қатар басқа да ұрық жапырақшаларының бастамалары болады. Амфибияларда желбезек бөлімі алдыңғы ішектен пайда болады. Желбезек аймағының бүйір жағында желбезек қалташалары пайда болады. Желбезек қалташалардың орнында желбезек тесіктері қалыптасады. Желбезек тесіктері барлық омыртқалы жануарларда болады. Суда мекендейтін жануарларда олардан желбезек пайда болады. Рептилиялар, құстар, сүтқоректілерде желбезектер қалыптаспайды, бірақ желбезек тесіктері дамиды. Адам ұрығында 4 жұп тесіктер салынады, бесіншісі жетілмей қалады. Бірақ барлық желбезек аппараттарының əрі қарай дамуы тоқталып қалады. Бұл процесті зоологтар рекапитуляцияның бір түрі ретінде қарастырған: “онтогенез филогенездің қысқаша қайталануы”. Адам ұрығында желбезек қапшықтарының бірінші жұбынан сыртқы құлақ тесіктері, ортаңғы құлақ жəне евстахий түтіктері пайда болады. Екінші жұбынан таңдай миндалиналар түзіледі. Үшінші, төртінші жəне бесінші желбезек қапшықтарының энтодермасынан эндокринді бездер дамиды: талақ (тимус), қалқанша, қалқан серік бездер.
4. Бауыр мен ұйқы безінің дамуы. Бауыр барлық омыртқалыларда энтодерманың құрсақ жағынан дамиды. Өт қапшығының бастамасы алғашқы бауыр бастамасының артқы жағында қалыптасады. Ұйқы безінің бір бөлігі ортаңғы ішектің құрсақ жағынан қалыптасады. Екінші дорсалды бастамасы алғашқы бауырдың алдында қалыптасады.
5. Тыныс алу жүйесінің дамуы. Көмекей, тыныс алу түтігі, өкпе бір бастамадан дамиды. Ас қорыту каналының желбезек бөлімінің артында, вентральді жағында қалта тəрізді өсінді пайда болады. Өсіндінің ұшы тармақталып бронхы мен өкпеге айналады. Бастаманың орта жағынан кеңірдек дамиды. Оның алдында көмекей пайда болады.
6. Жүрек жəне қан тамырлар жүйесінің дамуы. Барлық қан айналым жəне лимфатикалық жүйелер мезодерманың туындылары. Жүректің дамуын амфибияның даму мысалында қарауға болады. Гаструляция барысында мезодермалды пластың экто жəне энтодерма арасында жайылуы байқалады. Нейрула сатысында мезодермалды қабатының арқа жəне бүйірарқа бөліктерінің өсуі ұрықтың бас жағына дейін созылады. Бұл өсу біркелкі емес. Ұрықтың құрсақ жағында ауыз жəне жұтқыншақ бөліміне мезодерма кірмейді.

Нейруляциядан кейінгі кезеңде спланхнотом шеттерінің бірігуі байқалады. Оң жəне сол жағынан жүректің қос бастамасы болып табылатын бос орналасқан мезенхима типтес клеткалар жиналады. Дəлірек айтқанда бұл клеткалық материал эндокардий, яғни жүрек қуысының эндотелий материалы болып табылады. Мезенхима клеткалары ұзына жолақ түрінде жинақталады да, жұқа қабықты түтік түзеді. Ол екі ұшында да тарамдалады. Алдыңғы жақтағы екі бұтасы – болашақ құрсақ аорталары. Артқы жақтағы екі бұтасы – бұл сарыуыз веналар. Эндокардиалды түтік жəне оның бұталары – болашақ қантамырлар бір қабатты эндотелиден тұрады. Олар мезенхиманың дифференциациясы нəтижесінде пайда болады. Осы процестермен қатар мезодермалды пластың шеткі клеткалары бірбіріне жетіп жүрек бастамасы астында бірігеді. Одан кейін жүрек бастамасы мезодерманың висцералды жапырақшасымен қапталады. Мезодермалды жапырақшалардың жүрек бастамасының астынан жəне үстінен қосылуынан арқа жəне құрсақ мезокардийлер пайда болады. Содан кейін құрсақ мезокардиі жойылып целомның оң жəне сол қуыстары қосылады. Кейінірек арқа мезокардиясы да жойылып кетеді. Жүрек маңындағы целом қуысының кеңейген бөлігі жүрек маңы қуысын түзеді. Ол алдымен бүтіндей дене қуысының бөлігі болып, кейіннен целомнан тыс қуысқа айналады. Жүректің сыртқы эпителиі – эпикардий жəне бұлшықеті – миокардий висцералды жапырақшадан дамиды. Перикардий спланхнотомның париеталды жапырақшасының туындысы болып табылады. Жүрек алдымен ешқандай бөлшектерсіз, түзу, толықша келген түтік болып келеді. Иілу жəне бұрмалану арқасында жүректің пішіні өзгеріп ол 4 негізгі бөліктерге бөлінеді: веноздық синус, жүрек құлақшалары (предсердие), қарыншалар жəне артериалды конус. Жүрек толық қалыптаспай жатыпақ перифериялық сосудтар түзілмей жатыпақ, жүректің ритмикалық соғуы басталады. Жүректің дамуында үш ұрық жапырақшалардың əсерлесуі жүреді. 1936 жылы Г.Мангольд соңына Б.И.Балинский амфибия ұрығының энтодермасын толық бөліп алған. Жүректің бастамасы болып табылатын мезодерма бүлінбеген. Бірақ мұндай энтодермасыз жүрек дамымайды.


Бақылау сұрақтары:

1. Нерв айдаршасының туындылары.

2. Эктодерманың туындылары.

3. Энтодерманың туындылары.

4. Мезодерманың туындылары.

5. Желбезек аймағының дамуы.

6. Бауыр мен ұйқы безі неден дамиды?

7. Тыныс алу жүйесі неден дамиды?

8. Жүек қалай дамиды?


Лекция №25
Тақырыбы: Кейбір омыртқалы жануарлардың салыстырмалы эмбриологиясы
Лекцияның жоспары:

1. Құстардың эмбрионалды дамуы

2. Сүтқоректілердің дамуы
Лекцияның мақсаты: Омыртқалы жануарлардың органогенез процесі мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны:

1.Құстардың жұмыртқа клеткаларының сарыуызы көп болады, олар жұмыртқаның полилециталды түріне жатады. Ал, сарыуыздың жұмыртқаның ішінде орналасуына қарай олар телолециталды болып келеді (26сурет).

Құстардың жұмыртқаларының ұрықтануы жатыр түтігінің үстіңгі бөлігінде болады, бұдан кейін бөлшектену басталады. Құстардың зиготалары жартылай бөлшектенеді. Соның нəтижесінде дискобластула, яғни бластодиск пайда болады. Бластодисктің орта жағы ұрық қалқаншасы деп аталады. Сол ұрық қалқаншасынан ұрықтың денесі пайда болады. Қалқаншаны қоршап жатқан ашық түсті бөлігін area pellucіda дейді. Оның күңгірт бөлігі – area opaca деп аталады.




26 сурет. Тауық жұмыртқасының құрылысы (википедия бойынша).

1 қатты қабықша; 2,3 нəзік қабықшалар; 4,13 халазалар; 5,6,12 белок; 7 сарыуыз қабықшасы;

8,10,11 сарыуыз; 9 ұрық қалқаншасы; 14 ауа камерасы; 15 кутикула
Құстардың гаструляциясы екі кезеңнен тұрады. Гаструляцияның бірінші кезеңі құстың жатыр түтігінде өтеді. Бірінші кезеңде бластодисктен жұмыртқаның ішіне қарай гипобласт деген қабат бөлініп шығады. Ол келешекте энтодерманың тысқары жағын құрайды. Гипобластың пайда болуы көптеген клеткалардың иммиграциясына байланысты. Гипобласт бөлініп шыққаннан кейін бласкодисктің қалған үстіңгі қабаты эпибласт деп аталады.

Гаструляцияның екінші кезеңінде эпибласт мезодермаға, ұрық энтодермасына жəне эктодермаға бөлінеді. Ол процесс былай басталады. Ең алдымен ұрық қалқаншасының орта жағына клеткалар топтарының орналасуы, шоғырлануы нəтижесінде алғашқы жолақ пайда болады. Алғашқы жолақтың алдыңғы жағында Гензен түйіні пайда болады.

Клеткалар топтары алғашқы жолақтан эпибласт пен гипобластың арасына жылжи бастайды. Соның нəтижесінде алғашқы жолақтың ортасында бірыңғай орналасқан ойықтар пайда болады. Кейіннен ойықтар бірбірімен қосылып алғашқы жылғаға айналады. Сонымен қатар Гензен түйінінің ішінде алғашқы шұңқыр пайда болады.

Ең алдымен алғашқы жылғаның алдыңғы жағынан энтобластың материалы ішке қарай жылжиды. Энтобластың материалынан энтодерма, яғни ұрықтың ішегі пайда болады. Одан кейін Гензен түйінінің жəне алғашқы жылғаның алдыңғы жағынан мезобластың клеткалары жылжып, өрмелеп эпибласт пен энтодерманың арасына орналасады. Мезобластың орта жағында тығыз жатқан клеткалардан хорда бөлініп шығады. Ал оның екі бүйірінен бір мезгілде сегментті мезодерма да бөлініп шығады. Бастапқы жылғаның екі шетінен қайырылып, сегментсіз мезодерманың материалы ішке қарай жылжиды. Құстардың гаструляциясын қосмекенділермен салыстырғанда бастапқы шұңқырдың алдыңғы жағы бластопордың дорсальді ерні болып табылады. Алғашқы жылғаның екі жиегін бластопордың екі бүйіріндегі ерні десек те болады.

Сол процестермен бір мезгілде ұрық қалқаншасынан тысқары жатқан гипобласт пен эпибласт сарыуызды қоршап өсіп, сарыуыз қапшығын құрайды. Гипобласт пен эпибластың ортасында тысқары мезодерманың клеткалары орналасып, қан тамырларын құрайды. Сонымен, сарыуыз қапшығы ұрықтың тыныс алу, қоректену қызметтерін атқарады. Гаструляциядан кейін нейруляция басталады. Нейрулада нерв түтігі, хорда жəне мезодерма түзіледі (27, 28сурет).

Инкубацияның бірінші тəулігінің соңында блатодисктің үстінде нерв қатпарлары пайда болады. Ол екі қатпардың арасында нерв пластинкасы жатады. Нерв пластинкасы ішке қарай майысып нерв науасын жасайды. Нерв науасының екі жағы көтеріліп тұтасып нерв түтігін құрайды. Мезодерма сегменттелген, яғни эписомит сегменттелмеген, яғни гипосомит болып екіге бөлінеді. Эписомит ұрықтың дорсалды жағында, ал гипосомит вентралды жағында орналасады. Гипосомитті кейде спланхнотом не бүйір пластинкалары деп атайды. Кейін бүйір пластинкалары екі жапырақшаға бөлінеді. Оның ішкі энтодерма жағындағысын висцералды, ал сыртқы энтодерма жағындағысын париеталды жапырақша деп атайды. Сол екі жапырақшаның арасында целом деген қуыс пайда болады.



27сурет. Тауық ұрығының нейруляциясы (А.Г.Кнорре): А,Б,В – алғашқы, ортаңғы, соңғы сатылары. 1 – нерв науасы; 2 – нерв түтігі; 3 – эктодерма; 4 – хорда; 5 – мезодерма; 6 – соммиттер; 7 – спланхнотомның висцералды жапырақшасы; 8 спланхнотомның париеталды жапырақшасы; 9 – ішек энтодермасы



28сурет. Тауық ұрығының дамуың жалпы көрінісі (инкубацияның 26,28,29,30 сағатына сəйкес)
Нейруляциямен бір мезгілде ұрықтың бас жағы бластодисктің үстінен көтеріле бастайды. Осыдан кейін бластодисктің үстінен ұрықтың дене жағы да көтеріле бастайды. Ұрық пен бластодисктің арасында дене қатпары пайда болады. Ол тысқары жатқан эктодерма мен мезодерманың париеталды жапырақшасынан құралады. Бұдан кейін ұрықтың астындағы жатқан дене қатпары қысқарады да ұрық сарыуыз қапшығынан бөлектене бастайды. Сонда ұрықтың ішегі де сарыуыз қапшығынан бөлектене бастайды. Бөлінген соң ұрықтың ішегі сарыуыз қапшығымен кіндік жібімен ғана бірігіп тұратын болады.


Амнион_қуысының_пайда_болуы'>29сурет. Амнион қуысының пайда болуы:

а.қ. – амнион қабықшасы, амн.қ. амнион қуысы, дт – дерматом, мт – миотом, пм – мезодерманың париеталды жапырақшасы, сер – серозды қабықша, ст – склеротом, дқ дене қатпары, ц – целом, экт – эктодерма, энт – энтодерма, эц – экзоцелом (Балинский бойынша).
Дене қатпары мен бір мезгілде амнион қатпарлары пайда болады (29сурет). Амнион қатпарлары ұрықтың үстіңгі жағына қарай өседі. Ол ұрықтан тысқары жатқан эктодерма мен мезодерманың париеталды жапырағынан тұрады. Амнион қатпарлары ұрықтың үстіңгі жағына қарай өсіп, қосылғанның нəтижесінде екі қабықша пайда болады: амнион қабықшасы жəне серозды қабықша (30сурет).




30Ұрықтан тыс қабықшалардың пайда болуы.

А – 2 тəулік; Б – 3 тəулік; В – 5 жəне Г – 9 инкубация тəулігі

вц – экзоцелом; гз – ұрықтың басы; гса –амнионның бас қатпары; ж – сары уыз; жо – сары уыз қабығы; см – соматикалық мезодерма; спм – спланхтонды (висцеральная) мезодерма; эк – эктодерма; эн – эндодерма; хса –амнионның соңғы қатпары; ам – амнион; ал –аллантоис қуысы; ало – аллантоис; жм – сары уыз қабы; к – ішек; па – амнион қуысы; хр хорион

Амнион қапшығы үлкейеді де сұйықпен толады. Сонда ұрық сол сұйықтың ішінде кіндік жіпшесінде ілулі тұрады. Серозды қабықша ең сыртқы қабықша, ол қабықшаның астында ұрықтың өзі де, одан тысқары жатқан амнион мен сарыуыз қапшықтары да орналасқан. Ұрық пен амнион қабықшасы арасындағы қуыс амнион қуысы деп аталады. Амнион жəне серозды қабықшалары арасындағы қуысын экзоцелом дейміз. Сол процестермен бір мезгілде артқы ішектің ішкі қабырғасынан қапшық тəрізді болып өсіп аллантоис құралады. Аллантоис уақытша тыныс алу мен зəр бөліп шығару қызметтерін атқарады. Жұмыртқадан балапан шыққанда ұрықтың денесінде тұрған аллантоистің кішкене бөлігі қуыққа айналады. Ұрық дамыған сайын сарыуыз қапшығы кішірейе береді де, инкубацияның ең соңғы кезеңінде оның қалдықтары ұрықтың ішіне қарай тартылып, еніп кетеді.

Ұрықтық дамудың соңында амнион, сероза жəне аллантоис жойылып кеуіп қалады, балапан жұмыртқаның ауа камерасынан ауа жұтып, тұмсығымен жұмыртқаның ізбес қабығын тесіп сыртқа шығады.


2 Сүтқоректілердің дамуы

Төменгі сатыдағы сүтқоректілер сарыуызға бай жұмыртқа салады. Олардың зиготалары жартылай бөлшектенеді, ал оның одан ары қарай дамуы құстардікіне ұқсайды.

Жоғарғы сатыдағы (плаценталы) сүтқоректілердің жұмыртқа клеткаларында сарыуыз болмайды. Олардың зиготаларының бөлшектенуі толық болса да біркелкі жəне бірыңғай (синхронды) емес. Бөлшектенудің нəтижесінде тығыз морула пайда болады. Моруланың клеткалары көп ұзамай (тышқан ұрығында 16 бластомерлі сатысында) сыртқы ақшыл жəне ішкі тығыз орналасқан күңгірт клеткалар болып екіге бөлінеді. Сыртқы ақшыл клеткалардан пайда болатын трофобласт жатырдың шырышты қабықшасымен түйісіп сол арқылы ұрықты қоректендіреді. Ішкі ірі күңгірт клеткаларын эмбриобласт немесе ұрық түйіні дейді. Содан ұрықтың өзі пайда болады (31сурет).

Көп ұзамай, мəселен, тышқанның 32 бластомерлі сатысында ұрықтың ішінде трофобластың бөліп шығаратын сұйығымен толған көлемді қуыс пайда болады. Бұл сатыдағы ұрықты бластоциста дейміз. Бұдан кейін ұрық түйінінен гипобласт яғни энтодерма деген ішкі қабаты бөлініп шығады. Ол құстың гипобластына бара бар. Гипобластың шеткі клеткалары трофобластың ішкі қабырғасына жанаса жайылып сарыуыз қабықшасын құрайды. Бірақ оның ішінде құстармен салыстырғанда сарыуыз болмайды. Амниондық қуыс сарыуыз қапшығымен бір уақытта пайда бола бастайды. Көбінесе, сүтқоректілерде ол ұрық түйіні клеткаларының бірібірінен бөлініп, ажырап кетуінен болады. Сонда амнионның түбінде ұрық қалқаншасы жатады, ал төбесі амниондық қабықша болып есептеледі. Серозды қабықшасының гомологы трофобаст болып табылады.



31сурет. Сүтқоректілердің моруласы (А) мен бластоцистасы (Б):

ұ.т. ұрық түйіні, тр. – трофобласт (Ван Беден бойынша)


Ұрықтың денесі құстардікі сияқты ұрық қалқаншасынан пайда болады да, алғашқы жолақ, Гензен түйіні бар алғашқы жылға жəне құстарда болатын басқа да сатылардан өтеді.

Алғашқы жылға құралғаннан кейін бір топ мезодерма клеткалары трофобласт пен сарыуыз қапшығының қабырғасының арасына орналасып, ұрықтан тыс мезодерманы құрайды. Приматтарда мұндай ұрықтан тыс мезодерма (алғашқы мезенхима) одан да бұрын трофобластпен бір мезгілде құралады. Ұрықтан тыс мезодерманың (мезенхиманың) ішінде кішкене қуыстар лакуналар пайда болады. Олар бірбірімен қосылып целом қуысын құрайды. Трофобласта көптеген ұсақ төмпешік яғни талшық тəрізді бірінші бүрлер пайда болады. Бірінші бүрлердің ішіне қантамырлар еніп екінші бүрлерді құрайды. Екінші бүрлері бар трофобласт хорион деп аталынады (32 сурет).




32сурет. Сүтқоректілердің ұрықтан тыс мүшелері:

алл – аллантоис, ам – амнион қабықшасы, амн.қ. – амнион қуысы, с.қ. – сарыуыз қапшығы, х – хорион, т.м. ұрықтан тыс мезодерма, э.ц. – экзоцелом (Балинский бойынша)
Амнион қуысының түзілуімен қатар ішектің артқы бөлімінен аллантоис дамиды. Сүтқоректілерде оны кейде аллантоис аяқшасы деп атайды. Ол жалғыз ұрықтан тыс мезодермадан құралған. Құстармен салыстырғанда онда энтодерма болмайды. Одан хорионның бүрлеріне жанасатын қантамырлар дамиды. Хорионның екінші бүрлері мен аллантоис аяқшасы плацентаны құрауға қатысады. Плацента дегеніміз сүтқоректілердің аналығы мен ұрығын қантамырлар арқылы байланыстырып қоректендіретін аса маңызды мүше.

Сүтқоректілерде ұрықтың қоректенуі жəне зат алмасуы плацента арқылы болады. Плацента жатырдың шырышты қабығынан жəне хорионның бүрлерінен түзіледі. Сүтқоректілердің əр түрінде плацента өзінің құрылысы жағынан түрліше болып келеді. Дамитын ұрық аналық организммен байланысын арттырған сайын плацентаның құрылысы күрделене береді. Плацента адамдар мен приматтарда ең жоғары дəрежеде дамиды. Ал басқа сүтқоректілерге келетін болсақ, онда олардың арасынан біртіндеп плацентасы жоқ түрлерден бастап ұрықпен аналық организмнің күрделі қарымқатынасына дейінгі түрлерді байқауға болады.



Плацентаның гистологиялық типтері (33сурет):

1. Эпителиохориалды немесе жартылай плацента (шошқаларда, жылқыларда, түйелерде, киттерде). Бұл плацентада хорионның бүрлері жатырдың шырышты қабығындағы ойықтарға батып, олардың ұлпаларына ешқандай зақым келтірмейді.

2. Десмохориалды плацента (қойларда, сиырларда). Хорионның бүрлері мен байланысқан жердегі жатырдың шырышты қабығының эпителиясы бұзылады. Хорионның бүрлері дəнекер ұлпасына батып тұрады.

3. Эндотелиохориалды плацента (жыртқыштарда). Хорионның бүрлері жатырдың эпителиясымен қатар дəнекер ұлпасын да бұзып қан тамырларға жанасып, аналықтың қанынан тек оның жұқа эндотелия қабырғасы арқылы бөлініп тұрады.

4. Гемохориалды плацента (приматтарда, кемірушілерде). Хорионның бүрлері эпителияны, дəнекер ұлпалар қабатын жəне қантамырларының эндотелия қабырғасын бұзып қанға батып тұрады да, қоректік заттарды анасының қанынан сорып отырады.


33сурет. Плацентаның гистологиялық типтері:

А – эпителиохориалды; Б – десмохориалды; В – эндотелиохориалды; Г – гемохориалды; 1 – хорионның эпителиясы, 2 жатыр қабырғасының эпителиясы, 3 хорион бүрлерінің дəнекер ұлпасы, 4 жатыр қабырғасының дəнекер ұлпасы, 5 хорион бүрлерінің қан тамырлары, 6 жатыр қабырғасының қан тамырлары, 7 – аналық қан
Хорионның бетіндегі бүрлердің орналасуына қарай плацентаның анатомиялық типтері болады:

1. Диффузды плацентада бүрлер хорионның бүкіл бетінде орналасады.

2. Котиледондық (шоғырланған) плацентада хорионның бүрлері жатырдың шырышты қабығымен жанасып көптеген топтарды құрады.

3. Белдеулік (аймақты) плацентада хорионның бүрлері оның беткі бөлімінде белбеу немесе сақина түрінде орналасады.

4. Диск тəрізді плацентада хорионның бүрлері диск пішінді жеке бөліктерге топтастырылған болады.
Плацентаның анатомиялық типтері олардың гистологиялық типтеріне сай келеді. Мысалы: аймақты плацента – десмохориалды, ал диск тəрізді – гемохориалды болады.

Плацентаның атқаратын қызметтері

1. Аналық организм мен ұрық арасындағы газ алмасу қызметі. Газ алмасу процесіне аралық фермент ретінде трансферин қатысады. Ол О2 (оттегі) молекуласын аналық қанның гемоглобинінен ұрық қанының гемоглобиніне тасымалдайды.

2. Қоректік қызметі. Имплантациядан кейінгі дамудың алғашқы сатысында хорион бүрлері жатырдың шырышты қабатын бұзып клеткалардағы заттарды сорып алу арқылы қоректенеді. Бұны біз гистотрофика деп атаймыз. Гистотрофика көп ұзамай гемотрофикаға айналады. Сонда ұрық қоректік заттарды анасының қанынан сорып алатын болады.

3. Усыздандыру қызметі. Плацента ферменттер қызметінің арқасында улы заттарды ыдыратады. Кейбір жағдайларда токсиндерді анасының қанына шығарады. Плацента ұрықты түрлі инфекциялардан сақтайды, яғни оның қабырғасы арқылы бактериялар, саңырауқұлақтар, ісік клеткалар өтпейді.

4. Гормон түзу қызметі. Хорион өзінше күшті эндокринді бездің қызметін атқарады. Хорион көптеген гормондарды түзеді: соматотропин, гонадотропин, адренокортикотропты жəне т.б. Плацента жүктіліктің соңғы кезеңін реттейтін гормондарының негізгі көзі болып табылады.

5. Қан ұйыту қызметі. Плацента қан ұюына əсер ететін заттармен қатар тромбтардың түзілуін болдырмайтын фибринолитикалық заттарды бөледі.



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет