«биология» кафедрасы



бет9/11
Дата25.04.2016
өлшемі2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен

Фосфор басқа да элементтер сияқты белоктар құрамына енеді. Бірақ табиғатта фосфор көбіне-көп тау жыныстарының құрамында кездеседі.


Фосфор қосылыстарының айналымы аса күрделі емес. Ол негізінен екі процестен тұрады. Біріншісі органикалық фосфордың минералдануы болса, екіншісі фосфор қышқылы тұздарының ерімейтін күйден ерігіш күйге көшуі. Органикалық фосфордың минералдануы түрлі микрооганизимдер көмегімен жүреді. Мұнда органикалық қосылыстардан фосфор қышқылы ажырайды. Бұған мына схема мысал бола алады.

Нуклеопротеид →Нуклеин→Нуклеин қышқылы→Нуклеотидтер→Н3РО4 фосфор қышқылы.

Ажырап шыққан фосфор қышқылы топырақ элементтерімен (темір, магний, кальций) шапшаң байланысып, өсімдіктерге сіңімсіз, ерімейтін фосфор қосылыстарына, яғни оның тұздарына айналады.

Фосфор бактериялары спора түзуші, таяқша тәрізді, ұзындығы 2,5-5,3 микрон шамасында болады. Тіршіліктің бастапқы кезінде олар жеке-жеке болғанымен кейін тізбектеле түседі. Клеткалары фосфордың органикалық қосылыстарына және нуклеопротеидтерге бай келеді. Олар құрамында глюкоза және сахароза қанттары бар қоректік ортада жақсы өседі.

Фосфор бактериялары фосфор – органикалық заттарды ыдырату барысында басқа да қосымша өнімдер түзіледі. Фосфор бактерияларынан дайындалған тыңайтқыш фосфорбактерин екпе өсімдіктердің бірқатар ауруларына қарсы күресе алады.

Активті фосфор бактериялары – фосфоробактерин тыңайтқышы былай да дайындалады. Алдымен бұл бактериялар картоп ботқасында өсіріледі. Содан соң бактерияларға байыған осындай қоректік орта алдын-ала дайындалған коалиннің (саз) құрғақ ұнтағына қосылып, араластырылады. Қосындыны 35-40 градус жылуда құрғатады. Барлық ережелерін сақтай отырып дайындалған фосфоробактериннің бір грамында 8,5 миллиард тірі бактериялар кездеседі.

Фосфоробактеринді дайындау үшін алдын-ала әзірленген қоректік ортада минерал тұздар, қанттар болуы тиіс. Оны спора күйінде дайындайды.

АМБ бактериялы тыңайтқыш.

АМБ тыңатқышын дайындау үшін, алдымен микроорганизмдердің осы тобы арнаулы қоректік ортада өсіріледі. Өсірілген микроорганизмдерді алдын-ала әкпен бейтарапталған шымтезекті қосып, ұқыпты түрде араластырады да, үш тәулік бойына жылы жерде ұстайды.

АМБ препаратын жергілікті жерде қолдану оңай. Бұл үшін шымтезек топырақты, тұқым себерге бір ай қалғанда дайындап қою керек.

Мұндай препаратты картоп және көкөніс дақылдарына пайдаланған қолайлы.

Силикат бактериялары.

Жалпы силикат бактериялар топырақта кең тараған. Шымды – күлгін топырақта олар жоқтың қасы болса, қара топырақтың бір грамында 10 миллион клеткаға дейін жетеді. Силикат бактериялар ірі таяқшалар, сыртында шырыш қабықтары болады. Азотсыз қоректік ортада олардың клеткалары ыдырап, еріп кетеді. Ал азотты қоректік ортада олар капсула түзбейді: 5-10 күннен соң спора түзеді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Нитрагин?

  2. Азотобактерин?

  3. Фосфоробактерин?

  4. АМБ бактериялы тыңайтқыш?

  5. Силикат бактериялары?



ХХVIII – лекция

Тақырыбы: Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастары.
Жоспары:

  1. Симбиоздық қарым-қатынас.

  2. Метабиоздық қарым-қатынас.


Лекция мақсаты: Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастарын үйрену.

Лекция мєтіні

1. Табиғатта микроорганизмдердің бір тобы екіншібір тобымен қарым-қатынаста

болады. Бұл қарым-қатынастар түрліше болып келуі мүмкін. Негізінен оларды, төрт топқа бөлуге болады:

1) Симбиоз 2) Метабиоз 3) антагонизм және 4) паразитизм.

Осы топтардың әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар.

Симбиоздық қарым-қатынастар топырақ микроорганизмдерінің арасында біршама тұқымдас өсімдіктер мен түйнек бактерияларының бірігіп тіршілік етуі жатады. Түйнек бактерияларын бұршақ тұқымдас өсімдіктер көміртектер және иминералдық заттармен қоректендірсе, бактериялар өсімдіктерді аса мұқтаж ауадан сіңірілген азотты заттармен қамтамасыз етеді. Осындай жағдайды біз өсімдіктер мен микроскоптық саңырауқұлақтар арасынан да жиі кездестіреміз. Мұны микориза деп атайды. Микоризаның сыртқы (энтотрофты) және ішкі (эндотрофты) түрі болады. Сыртқы микоризада олар өсімдік клеткаларынң ішіне енеді де, сол жерде жіпшелер түзеді.

Микоризалық саңырауқұлақтардың жіпшелері өсімдік тамырларынан едәуір қашықтыққа дейін таралады да, сол жерлердегі қоректік минерал заттарды өсімдіктерге жеткізіп береді. Олардың қоректік заттарды өз бойына ерітінді күйінде сіңіруге және ылғалды ұзақ уақыт сақтап тұруға қабілеті мол.

Саңырауқұлақтар тамырлар айналасындағы органикалық азот қосылыстарын ыдыратып, өсімдіктерге азот заттарын өндіріп береді. Мұндайда аммонификация құбылысынан пайда болатын аммиакты өсімдіктер бірден сіңіре алады.

Симбиоздық қарым-қатынастың ең бір көрнектісі қыналар. Қыналар кейбір микроскоптық саңырауқұлақтар мен көк жасыл балдырлардың өзара бірлесіп тіршілік етуінен құралған организм. Саңырауқұлақтар негізінен тіршілік ортасынан минералды заттар мен суды сіңіреді. Мұны пайдаланып көк жасыл балдырлар ауадағы немесе саңырауқұлақтардың тыныс алуынан бөлінген көмір қышқыл газынан органикалық заттар түзеді. Соның нәтижесінде бұл екі организм бірігіп тіршілік етеді де, тіршіліктің өте қолайсыз жағдайларына төзімді келеді. Осындай бірлесіп тіршілік ету жәндіктер мен жануарлар дүниесінде де кездеседі.

2. Микроорганизмдер қарым-қатынасының бір түрі – метабиоз.

Бұл жағдайда микроорганизмнің бір түрі екінші бір түрінен кейін тіршілік ете алады. Аэробты микробтар ортадағы оттегін сіңіріп анаэробты бактерияларға қолайлы жағдай туғызады. Азотобактер целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдердің бөлген заттарымен қоректеніп өніп-өседі. Целлюлоза бактериялары клетчатканы түрлі қанттар мен органикалық қышқылдарға айналдырады, ал азотобактер клетчатканы өздігінен ыдырата алмағандықтан қанттармен және қышқылдармен қоректенеді. Осының нәтижесінде бұл екі организм де топырақта өніп-өсіп, оның құнарлылығын арттыруға көмектеседі. Микроорганизмдер арасындағы антагонистік қарым-қатынас себептері бірқатар жағдайларға байланысты:

а) қоректік заттар үшін күрес;

б) кейбір микроорганизмдер түзетін антибиотиктердің бір тобының екінші

тобына жойқын әсер етуі.

Топырақта микроорганизмдер түрлерінің сақталып дамуы үшін қоректік заттардың зор маңызы бар. Мәселен, өнебойы пар ретінде ұстаған топырақта көптеген сапрофит бактериялар жоғалып кетеді. Бұл топыраққа өсімдіктер қалдықтарының түсуіне байланысты. Сонда сапрофиттер орнын қарашірік қосылыстарын ыдыратушы микробтар басады. Сондықтан болса керек, топырақта көптеген фитопаразит саңырауқұлақтар тіршілігі жойылады.

Микроорганизмдердің кейбір түрлерінің басқалары түзген антибиотиктердің әсерінен қырылып кетуі ықтимал. Антибиотиктер – микроорганизмдер тіршілігі барысында түзіліп, олардың әрекетін басып тастайтын немесе қырып жіберетін химиялық заттар. Микроскоптық саңырауқұлақтар (пенициллин, аспергиллин) актиномицеттер (стрептомицин) және бактериялар (грамицидин) бөлетін антибиотик болады. Антибиотиктер ауыл шаруашылында, медицинада кеңінен қолданылады
Бақылау с±рақтары:


  1. Симбиоздық қарым-қатынас?

  2. Метабиоздық қарым-қатынас?



ХХІХ -лекция

Вирустардың шығу тегі және өзгешілігі

Жоспар

  1. Вирустардың құралымы

  2. Нуклеин қышқылы

  3. Сыртқы қабықшасы


Лекция мақсаты: Вирустардың құралымын, капсидтер, нуклеин қышқылын, сыртқы қабықшасын үйрену.

Лекция мєтіні

1. Вирустар туралы ілімді-вирусология деп атайды. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп-өне алмайды, былайша айтқанда оларға клетка ішінде паразитенцим тән.

Бұларға ьактерияларға қарағанда анағұлым усақ, құлысы қарапайым организімдер. Жай микроокопен көруге болмайды. Оларды 1892 жылы Ивановский ашқын болатны. Ол зақымдалған темекі жапырағын әбден езіп, әдеттегі оынң сүзіндері мен бірге кетпейтінін бойқады. Осы сүзіндіні сау темені өсімдігіне жұтырса, ол қайтадан ауруға шалдығатыны анықтады. Бұл организимдерді Д.И. Ивановский латынша вирустар, яғни “y” деп атады. Қазір бірнеше мың есе ұлғайтып көрсететін микроскоптың құрастылуы вирустардан және зерттеуге мүмкіндік туғызды.

Қүрүстар egnо, цитпиназма, клетка қабықшасы өзара жекеленбеген. Олардың мөлшері 10-нан 350 тм-ға дейін барады.

Вирустардың негізгі қасиеттері-олар микробтардан да өте усақ: соның салдарынан бактериялар өтпейтін арнаулы сүзгілерден териялар лабараторяида қолдан жасалған қөректік ортада өсіп дамымайды: ек тірі клеткадан ғана тіршілік етеді: түрлі, түрлі тірі немесе структурасы алдын ала бұзылып, ұнтақталған тканьдерде, тауық жұмыртқасында өніп-өс алады. Кейбір вирустардың кристалл түзетін де қасиеті бар.

300 мың есе ұлғайтып көрсететін электрондық микроскоппен қарағанда вирустардың өзіндік ерекшеліктері байқалады, оны помимортық қасиет деп атады. Соның нәтижесінде табаиғаттағы шар тәрізді түлері анықталуы. Олардың химиялық құрамы РИК-дан ( Жебенуклетка қышықылы ) құраған нуклеопротентерден тұрады. Сонымен қатар клетка құрамына енетін ферменттері бар белокты қабықшалары-копсидтер болады. Осы қабықша вирустардың нуклин қышқылдарын сыртқы тұрады. Ал вирустардың кейбір түрлерінде белок пен нуклин қышқылдарынан басқа түрлір углеводаротар, май текті заттар, рибофлевин ( витамин) биотин және тез молекулалары кездеседі. Жалпы вирустар тек тірі клеткада ғана өніп-өсіп, көбейе алады.

Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес өзгергіш келеді. Олардың осы қасиетін ескере отырып, қазіргі кезде аса тиімді гипалық қасиеті бар вакциналарды жасайды. Төменгі температурада виркстар тіршілік жасайды.

2. Вирустардың химиялық құрлымы.

Вирустар дүниесі өздерінің құрлымына көлемініе, пішінеіне және химиялық құрамына мәкес әр түрлі болады. Marple- грек тілінен алған, пішін, бейне, түр деген сөз. Вирустардың мынандай түрлері бар.

1. Икосаэдрлық ( гекосоэрдр-20қырлы) немесе куб сияқты. Мал мен адамның жұқпалы ауруын тарататын вирустардлың негізгі көпшілігінің түрі осындай болады.

2. Вирустардың таяқша немесе цилиндр тәрізді түрлері ( оларға: радовирустар, өсіидік вирустарыв жатады)

3. еферикалық немесе дөңгелек шар тәрізді түрлері (олар парамиовирустар, ортамиксовирустар, ретравирустар т.б. жатады)

4. Сперматозайдқа уқсас түрлері-олар бактериолготар- бектерилардың вирустары

5. жіп тәріздес оралған түрлері

Кейбір бактериорогтардың кездеседі

6.Сопақша түрлері кейбір өсімдіктер вирустарды кездеседі.

Вирустардың мөлшері де әр түрлі болады.

1.Өте ұқсас вирустар : олардың мөлшері 20-30 нм (парвовирустар, пикорнавирустар)

2. Үлкендігі орташа вирустар : мөлшері 50-150 нм (тогавирустар, ортомиксовирустар, ретровирустар, аденовирустар)

3. Ірі вирустар : олардың мөлшері майда бактерияларға жетіп қалады. (поксовирустар 200-350 нм)

Жануарлар вирустары өздерінің құрамына сәйкес жай қарапайым (қабықшасыз) немесе күрделі (қабықшалы) болып екіге бөлінеді.

Жай вирустардың құрамында тек нуклеин қышқылы мен белок қана болады. Қабықшаның құрамында көмірсулар, липидтер,келентар болады.

2. Вирустардың қандай түрі болмасын (жай және күрделі) олардың генетикалық материалы вирустың тек ортасында ғана болады. Оларды “нуклеоуд” деп аталады. Жоғарыда айтылғандай вирустардың клеткалардан ерекшелігі – вирустарда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана болады. РНК немесе ДНК нуклеид қышқылы сыртынан қабықпен қоршалған, ол қабат “капсид” (латын тілінен сарsa – қан, тыс деген сөзінен алынған) деп аталады. Капсид ақ заттан тұрады. Нуклеин қышқылын сол тосқы қабатымен қосып “нуклеокапсид”, “вирион” деген ұғымымен бірдей.

Капсидтің өзі капсомерден тұрады. Кпсомердің вирустар құрамындағы саны мен орналасу ерекшеліктері әр түрлі. Соған сәйкес вирустар бірнеше топқа бөлінеді. ал капсомерден өзі белгілі бір құрылымдардан тұрады. Оны “құрылымда бөліктер” деп атайды. Олар белоктың химиялық жетілген бір бөлігі. Құрылымды бөліктер “белок суббөліктерінен тұратын үлкен агрегат.

Мысалы капсид капсомер құрылымды бөлік белокты суббөлік полипептид тізбегі аминқышқылы.

Күрделі вирустардың құрамында нуклеокапсидке қоса липопратеидтен тұратын сыртқы қабықша және бар. Оны “суперкапсид” немесе “пепла” (гректің peplos – жапқыш, жамылғыш деген сөзінен) деп атайды. Кейбір вирустардың суперпопсидінің сыртқы жағында шығып тұратын өскендері, бүрлері – “пепломерлері”.

Күрделі вирустардың нуклеокапсиді вирисемның ортасында орналасады. Сондықтан да оны “жүрекше” деп атайды.

Вирустардың құрылысы. Вирустардың бірнеше түрін электрондық микроскоп арқылы қарап көргенде олардың (капсомерлерінің) капсомерлерінің орналасуы ерекшеліктері белгілі болды және капсомерлердің симметриялық жағдайда ғана орналасатыны анықталды. Осыған байланысты капсид симметриясының мынадай түрлері болады.

1. Куб тәрізді немесе глюкодралық симметрия. Бұл симметрияның құрамы 20қырлы көп бұрышқа ұқсайды, яғни өзара бірдей 20үшбұрыштан тұрады. Әрбір үшбұрыштың қабырғасы, төбесі және (қырлы) қыры бар. Капсомерлер екіден (димер), үштен (тример), төрттен (квадример), бестен (…….), алтыдан (гексомер) өзара бірігіп вирусқа белгілі бір пішін береді, вирустар осыған сәйкес әр түрлі болады. Куб тәрізді симметриядан тұратын вирустардың көбінің сыртқы қабықшасы жоқ (оларға иридовирустар, адемовирустар, паповавирустар, реовирустар, калицивирустар, парвовирустар жатады).

2. Симметрияның спираль тәрізді немесе бұрама түрі. Мұндай жағдайда белок молекулалары нуклеин қышқылының ұзын бойы оралып спираль сияқты орналасады. Айтылған симметрия вирустарға түтікшеге ұқсас пішін береді. Айта кететін бір жағдай, мұндай вирустардың белоктарының өзара белгілі бір қалыппен жиналу ерекшелігі бар. Соның арқасында біркелкі полипептид тізбегінен дұрыс орналасқан капсид пайда болады. Бұл жаңалықты бірнеше рет 50-ші жылдары темекі ауаруның вирусын зерттеген ғалымдар Шралем Иен Френкель Конрот ашты. Осындай орналасу ерекшеліктері генетикалық материалдың аса үнемі жұмсалуына мүмкіндік береді.

Ақзат молекулаларының спираль тәрізді орналасуы мына жағдайларға байланысты.

а) спираль айналымына, демек 1 толық айналымға сәйкес.

б) бір айналымға келетін бөліктер санына сәйкес.

в) екі бөліктің ара қышықтығына сәйкес.

3. Симметрияның күрделі түрі (поксвирустар, ретровирустар т.б)

Вирустардағы симметрия түрі сол вирусқа ғана тән қасиет болып есептеледі.

Симметрияның куб тәрізді түрі : пикорна, - иридо, - аденовирустарда болады. Спиараль тәрізді түрі : рабдо, - ортомиксовирустарда т.б. кездеседі.

Вириондардың құрамындағы нуклеин қышқылы мен капсомерлердің өзара байланысы әр түрлі болады. Мысалы : спиральді симметриядан тұратын вирустарда ақзат молекуласының әрбір бөлшегі (суббөлігі) нуклеин қышқылымен байланысты. Ал вирустардың иносадрдан тұратын симметриясында жағдай басқаша : ақзат молекуласы бөлшектерінің бәрі бірдей нуклеин қышқылымен байланыса бермейді. Себебі нуклеин қышқылы вириемның ішінде оралған күйде болғандықтан ақзаттық суббөліктер сол нуклеин қышқылымен жақын келген жерінде ғана байланысады.

Белоктар. Жануарлар дүниесі вирустарының негізгі компоненті ақзат. Қирион салмағы 50 пайыздан 20 пайызға дейін белоктан тұрады. Қирус құрамындағы құрылымды ақзаттар : копсид белогы, өзекше белогы, мембрана белогы, суперкапсид белогы және құрылымсыз белоктар (ферменттер) болып бөлінеді. Жануарлар дүниесі вирустарының ақзаттардың саны түрліше. Вирустар құрамындағы ақзаттар бактерия, өсімдік пен жануарлар белоктары сияқты 20амин қышқылынан тұрады. Полипептид тізбектеріндегі белок молекуласындағы 200-300-ге дейін амин қышқылы әр түрлі байланыстарда кездеседі және ондай белоктардың молекулалық салмағы өте жоғары болады.

Аминқышқылдары орналасуының белгілі бір жүйесі бар. Бұл жүйенің ерекшелігі вирустардың түріне сәйкес келеді.

NH2 CH – COOH



R


Әрбір аминқышқылында сілтілік (аминдық) топ - (NH2) –және қышқылдық (карбоксильдік) топ (СООН) бар. Олардың өзара пептидтік (NH2 -COOH) байланысы болады.

1950 жылы Фридих Венгер (екі рет Нобель сыйлыған алған) инсумен деген құрамын анықтады. Ол белок және өзара дисульфидтік байланыспен бірігеді. Екі тізбекті Б2 амин қышқылы бар екен.

3. Аминқышқылдарының полипептид тізбегінде орналасу жүйесін белок молекуласының “алғаш құрылымы” деп атайды. Осындай белоктың алғашқы құрылымы нәсілдік қасиетті сақтайды. Ал, егер бір аминқышқылын өзгертіп не орнын ауыстырса, онда белоктың қасиеті өзгеріп, жаңа белок пайда болады.

Полипептиді тізбегінің майысып немесе бұралып спираль тәрізді болуы мүмкін. Мұндай жағдайда спиральдағы полипептидтер арасында сутегі арқылы байланыс пайда болады. Бұл байланыс спиральдің беріктігін сақтайды. Осындай жағдайда белок молекуласының екінші құрылымы “- спираль” деп атайды.

Спиральдар әр түрлі жағдайларға байланысты пішінін өзгертуі мүмкін. Мұндай жағдайда (спираль) аминқышқылдардың тізбегі өзара немесе қоршаған ортамен бүйірдегі R тобы арқылы байланысады. Сөйтіп, полипептид тізбегі домаланып, глабулаға айналады. Бұл белок молекуласының “үшінші құрылымы” болып саналады.

Белок молекуласында өте күрделі “төртінші құрылым” да бар. Ферментті белоктар. Вирустардың көпшілігінің құрамында ферменттер бар. Олар ДНҚ-лы және РНҚ-лы бар вирустар де кездеседі.

РНК-лы вирустарда РНҚ-ның полимераза (трансириптаза), петровирустарда – кері транскриптаза ферменттері бар.

Кейбір ферменттер вирустарға ғана тән, олар клеткаларда вирустың әсерінен пайда болады және вирустардың нәсілдік қасиетіне сәйкес келеді. Мұндай ферменттер пикорнафирустарда, тогавирустарда, парвовирустарда және т.б. кездеседі. Зақымдалған клеткадағы күрделі процестерге – транскрипция, репликация және басқа да арнаулы биохимиялық реакцияларға әсер етеді.

3. Вирустардың нуклеин қышқылы. Вирустардың клеткалардан ерекшелігі, оларда нуклеинқышқылынан тек бір түрі ғана ДНҚ немесе РНҚ кездеседі. Ал торшаларды ДНҚ мен РНҚ-ның екеуі де болады. Вирустардың нуклеин қышқылының химиялық құрамы белоктарға ұқсас. Олар оттегі, сутегі, көмір және фосфордан тұрады. Нуклеин қышқылдары да полимерлерден тұрады. Ол полимерлер 3 түрлі химиялық заттан тұрады :

1. азотты негіздер : пурин немесе пиримидин

2. қант қалдығы – пентоза

3. фосфор қышқылының қалдығы.


Бақылау с±рақтары:

  1. Вирустардың құралымы?

  2. Капсидтер?

  3. Нуклеин қышқылы?

  4. Сыртқы қабықшасы?



ХХХ-лекция


Вирустық аурулардан сақтандыру және емдеу.

Жоспар :

1. Адам мен жануарлардың вирустық аурулары және оларға

қарсы күрес.

2. Бактерияларды құртатын вирустар

3. Вирустармен күресудің химиялық тәсілі.
Лекция мақсаты: Адам мен жануарлардың вирустық аурулары және оларға

қарсы күрес жолдарын үйрену.



Лекция мєтіні

1. Көрнекті орыс ғалымы Д.И. Ивоновский негізін қалаған вирусалогия ғылымы соңғы жылдары шетелдерде де, біздің елімізде де өте зор қарқынмен дамиды. Осының арқасында адам, жануарлар, өсімдіктер және микробтардың көптеген вирустық аурулары табылып зерттеледі.

Солардың ішіпде біз аусыл, құтыру, шешек, тұмау және палломимет ауруларын қоздыратын вирустарға қысқаша тоқталып, баяндап өтпекпіз.

Вирустар эволюциясы өсімдіктермен, жануарлармен тығыз байланысты. Ұзақ жылдар бойы вирустар шамасы көзбен бағдарланады. Ғалымдар келе – келе вирустардың мөлшері бұрыннан белгілі саңылаулары бар сүзгіден өткізіп, бақылап жүреді. Әрине бұл өте қиын да ауыр жұмыс еді.

Вирустар адамның серігі десекте қателеспейміз. Өйткені олар (адамның) адам туғаннан бастап оны қоршаған және онымен бірге тіршілік етеді. Олардың кебіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулермен жанассақ болғаны ауырып қаламыз. Адам организміне вирустар бірнеше жолмен енеді. Көбінесе олар ауамен немесе тағаммен, кейде носекомдар – маса немесе кенелермен енеді.

Тұмау. Тұмаумен ауырмаған адам жер шарында некен – саяқ болар. Бұл сырқат өте ертеден белгілі. Бұл жөнінде кейбір мәліметтерді ерте дүние дәрігері – Гиппократтың тәжірибелерінен де кездестіруге болады. Тұмау эпидомиясы адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллиондайы қаза тапқан. Ал мұның өзі бірнеше дүниежүзілік соғыста қаза тапқандардан әлдеқайда көп. Тұмаудың нағыз қоздырушысы 1933 жылы табылды. Қазір тұмау вирусының толып жатқан топтары бар. Сондықтан оның бір тобына жақсы әсер ететін құрал, екіншілерін мүлде зақымдамайды да. Бұдардың ішінде ішекті зақымдайтын энтеровирустар, біздерді қабындыратын аденовирустар бар.

Шешек. Совет елінде балаларға шешекке қарсы вакцина егетіні баршыға аян. Бұлай егу адамдарды осы қауіпті шешек ауруынан аман сақтап қалудың басты шарты, шешек вакцинасын егу елімізде міндетті түрде жүргізіледі. Бұл жөнінен 1919 жылы 10 апрельде В.И.Ленин қол қойған документ бар. Осының арқасында бірте – бірте шешек азайып. Ақыр аяғында мүлде жойылады. Көптеген адамдар бұның не екенін қазір білмейді де. Шешек ауруы ертеден белгілі.

Біздің дәуірімізде бірнеше ғасыр бұрын шешек Африка, Үнді және Қытай елдерінде болған. Европада соңғы үш ғасыр ішінде шешектен 150 миллиондай адам өлген. Шешекті қоздыратын төмен денешіктері, олар бактерялық сүзгілерден өтіп кетеді. Сондықтан шешекті қоздырушы микробтар сүзгіленуші вирустарға жат қауіп жүр. Бұл вирус әсіресе ауру адамдардың кеңсірігінде жиналады. Ауру адам жөтелгенде ол вирустар шашырап, сау адамдарға жұғады. Сонымен бірге ауру терісі ісініп іріңдейді де, ол жер ойылып немесе соқыр болып қалады. Жалпы бұл аурумен ауырғандадың 15 –30% - тей мөлшері опат болады.



Құтыру. Жылы қанды жануарлардың жұқпалы ауруы. Бұнда көбінесе орталық нерв жүйесі зақымдалады да ақыр аяғында жануар өледі. Ауру жануардың сілекейі арқылы басқаларына тарқалады. Бұл аурумен ит және барлық үй жануарлары. Құстар, жабайы жануарлар (қасқыр, түлкі, т.б) және адамдар ауырады, Гиестер бұл ауруға қарсы қорғаныш вакциналарды жасады.

2. Аурудың қоздырғышы – сүзгіленуші вирус. Құтыру вирусы организмге енгеннен кейін іле – шала аурудың белілері (байқалады) байқалмайды. Ол үшін біраз уақыт керек. Оны инкубациялық кезең деп атайды. Құтырумен күресу үшін биокомбинаттар да арнаулы антиробиттік вокциналар жасалып таратылады. Вирустың көбеюі мен тұқым қуалаушылық қасиеті, оның нукелин қышқылына тікелей байланысты екенін тәжірибе дәлелдеді.

Алдымен вирус бөлшектері клетка қабырғасына бекиді, яғни адсорбцияланады. Әр вирус клетканың белгілі бір жерінде ғана бекиді, ал клетка қабырғасында осындай вурустармен байланыса алатын жеке учаскелер болатыны анықталды. Электрондык микроскоппен қарап, бактеряның бір шетіне 50-дей фаг бөлшектері бекінгенін көруге болады.

Өсімдіктер вирусы басқадай сыртқы көмек болмаса, клеткаға өздігінен адсорбциялана да, ене де алмайды. Олар ауру өсімдіктен сау өсімдікке зиянды насекомдар арқылы таралады. Клетка қабырғасына бекінгеннен кейін вирустар оның ішіне ене бастайды. Кейбір құрылысы күшті вирустар клеткаға ферменттер арқылы ене алады. Вирустар клеткаға енуі үшін оны екі бөгеттен арнаулы ферменттердің жәрдемімен өтеді.

Клеткаға енген вирусты арнайа фермент протеаза ерітеді. Егер енген вирусты ерітетін фермент болмаса, ол (қышқыл) вирустың сыртқы қабықшасын бүлдіреді де, ішіндегі нуклейн қышқылын босатады. Бұдан әрі осы нуклейн қышқылы көбейіп, өзіне тән вирустер түзіп, клетканы іштен “жеп” құртады.

Кейде вирустың нуклейн қышқылы цитоплазмада қалады, кейде ядроға және ядрошықтарға өтеді. Міне осы кезден бастап вирустың көбейюі басталады. Клеткаға еніп кеткен вирустармен күрес жасау оңай емес. Вирустарды клеткада өте жақсы қорғайды да, олардың көбейуіне жағдай туғызады. Бұл үшін клетка сыртындағы вирустарды өлтіретін шаралар (дизинфекциялаушы заттар, қыздыру сәулемен өңдеу, т.б) мүлде дәрменсіз болып табылады. Вакциноларды енгізгенде организм осы аурудың түрімен жеңіл ауырып тұрады және организмде иммнитет пайда болады. Вакцина енгізгеннен кейін адам үшін де вирустардың белокты қабақшаларын байланыстарып, артынан нитролдайтын антителолар көбейді. Мәселен, ішінде кез келген вирусқа қарсы (антителолар көбійеді) антителасы бар сарысуды бұрын вокцина енгізілмеген адамға енгізсе пассив имунитет пайда болады. Ол актив имунитетке қарағанда тұрақсыздау болғанымен, организмде вирусқа қарсы бірден түзіледі. Бұл организмге енген вирустар әлі әрекет ете қоймаған кезде аса пайдалы. Организмге оның клеткасына енген вирустармен қалай күресуге болады? Бұл жағдайда вакцина және сарысу қолданудан ешбір пайда жоқ. Жоғарғы клеткаға вирустың тек нуклейін қышқылына қарсы бағытталуы тиіс. ССР Ғылым академиясының Новосибир филиалының қызмеркерлері осы мақсат үшін ферменттерді ұсынады. Бұл ферменттер – нуклеағзалар вирустың нуклейн қышқылдарын ыдыратушылар. Алғашқы тәжірибелер сәтті аяқталды. Осы ферменттер көмегімен организмдегі тұмау, полиомиомет және аденовирустардың көбейюін тежеуге болатыны анықталды. Мәелен, аденовирустар балаларда болатын қауіпті ауру - конъоктивті (көз ауруын) қоздырады. Ол әдеттегінше емделгенде біржарым айда жазылады, ал фермент оны 2 – 3 күнде ақ жазады.

Кейбір бактеряларды бактериофоктар құрта алмайтыны мәлім. Оба, іш сүзегі, дизентариия және хлора микробтары мұндай бактеряфогтармен кездескенде көзалдында бүлініп, еріп жүре береді электеро (қо) факторға бар жоғы 10 – 15 минут ақ жетеді.

Интерферон кез келген вирустардың көбейуіне қарсылық көрсететін клеткалардан белоктардан бөлек зат. Егер осы затпен клетканы алдын ала өңдесе, клетка кез келген вирустың зақымдануына қарсы тұра алады. Бұл үшін интерферонның бағалы қасиеті , ол клетканы улайды.

Қазіргі кезде адам мен жануарларда вирустар қоздыратын отызға жуық ісік аурулары бар. Бұларға – тауық микозы мен саркомесы , тышқан емшегі бездерінің рагы, үй қояны лейкозы, панниоломасы және рагы т.б жатады.Вирустар бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін активті тіршілік етеді. Вирустардың жасырын түрде болуы полимилит және құтыру ауруларында жиі кездеседі.

3. Вирусты өлтіру үшін қолданылатын әр түрлі химиялық құралдар бар.

1. Формалин – вирус өлтіру үшін өте кеңінен қолданылады. Ол вирустың нуклеин қышқылының пуриндік және примидиндік негіздерінің амин топтарымен байланысып, сутегі байланыстарын үзеді.

2. В – пропилактон – вирустың белок қабатынан өтіп нуклеин қышқылына әсер етеді де, ауру туғызатын қасиетін жоғалтады, ал антигендік қасиетін сақтайды. Дегенмен, белгілі бір мезгілде формамен де, В – пропилактон да вирус белоктарын зақымдайды. Сондықтан да гидроксиламин мен этиленаминнің маңызы зор. Бұлар, тіпті бірнеше күн бойы әсер етсе де белок қабатын өзгертпейді.

Демек, вирус өлтіруді немесе зақымдаудың барлық түрлерінде де вирус белокталының немесе нуклейн қышқылының зақымдалуына сәйкес вирустардың көбею және ауру қоздыратын қасиеттері жойылып, олардың антигендік қасиеті сақталады.

Өлтірілген вакциналардың қасиетін күшейту үшін алдьюванттар-иммуногендік қасиетті күшейтетін заттар қосылады. Алдьювант ретінде – фейнд адьювантын (құрамында арлацел А, парафин майы және БЦЖ вакцинасы бар), алюминий гидрототығы, сапонин, минералды майлар, LaCL2 т.б. қолданылады. Осы заттардың барлығы антиденелер санының көбейюіне әсер етеді.

Инактивтельген немесе өлтірілген вакциналардың пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Тірі вакциналармен салыстырғанда өлі вакциналар зтянсыз да қауіпсіз болады. Себебі инактивтелген вирустар организмде өсіп өнбейді.

Өлтірілген вакциналар кемшілігі: оларды бірнеше рет егу керек және препарат өте көп мөлшерде енгізіледі. Пайда болатын иммунитет көпке созылмайды. Малды қайталап еккен кезде аллергия болуы мүмкін. Кейде тірі қалған вирус бөлшектерінің әсерінен ауру қоздыруы да мүмкін. Сондықтан “өлтірілген” деген сөз шартты мағынада айтылады. Ол сөз микробиологиядан алынған. Тірі және өлтірілген вакциналар бүтін, толық вирияндалардан тұрады. Өздеріңізге белгілі күрделі вирустардың құрамында әр түрлі белоктар, көмірсулар, липидтер болады, вирустың тек аураға қарсы тұру қабілетін туғызатын құрамынан алынған вакцина – тазартырған вакцина. Вирустық ауралардың химиятерапиясының проблемалары вирустың клетка ішінде көбейюіне байланысты. Клетка ішіндегі вирусқа әсер ету өте қиын, себебі клеткалар вирусты жақсы қорғайды. Вирусқа тән ферметтермен байланысып вирусқа тән функциялармен сайысқа түседі. Вирусқа қарсы мынадай препараттар алынады, ацикловир – ауруға қарсы түру қасиеті төмен организмдердің кілегейлі қабықтар, тері инфекцияларында қолданылады. Препарат қан тамырына құйылады, ал теріге май түрінде шығу жолымен пайдаланылады.

Амантадин – тұмаудан сақтандыру үшін қолданылады. Препарат тұмау вирусының А тобының бәрінің өсіп көбею қасиетін жояды. Препаратты аурудың бастапқы кезінде қолданған жөн. Себебі амонтадин клеткаға енген вирустың депротелинизациясын болдырмайды және РНК транскрипциясына әсер етеді.

Идекгуридин – көз ауруларына қарсы зақымдалған тұсына жағылады. Трифлюридин – де көз ауруларына қарсы қолданылады. Интерферон(ИФН) – вирустарға қарсы қолданылатын әмбебап препарат. Интерфрон клеткада вирустың көбейуіне қрсы пайда болатынын айтамыз. ИНФ вирустардың транскрипция, трансляция сатыларын тежейді. Интерферон қанға құйылады, тері астына немесе бұлшық етке енгізіледі, не тыныс жолдары арқылы жіберіледі. Бұл препарат рино , гернесвирустар туғызатын індеттерге қарсы қолданылады.



Видарабин – адамның, малдың гетпес-, покс-, ретро-, және робдовирустарына қарсы қолданылатын препарат. Бұл препарат вирустың нуклейн қышқылын зақымдайды. Видрабин қанға құйылады, теріге жағылады.

Вирустық және микроплазмалық ауруларды құртудың жолына олардың табиғаттағы көзін, тарылу жолдарын жою жатады. Мәселен, қуыршақталудың қоздырғыштығы табиғи жағдайда өсетін астық тұқымдастарды, ал помидордың қышқыл ауруын қоздырушылар – дала шаруашылығының тамырларыда қыстап шығады. Насекомдар арқылы таралатын вирустық аурулармен күресуді инсектицидтер жақсы нәтиже береді.


Бақылау сұрақтары:

1. Адам мен жануарлардың вирустық аурулары және оларға

қарсы күрес.

2. Бактерияларды құртатын вирустар

3. Вирустармен күресудің химиялық тәсілі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгілері




  1. Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

  2. Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979

  3. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

  4. Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр

  5. Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.

  6. Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002

  7. Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.

  8. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

  9. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

  10. Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.

  11. Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

  12. Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

Қосымша

  1. Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.

  2. Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.

  3. Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.

  4. Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.

  5. Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с

  6. Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с

  7. Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.

  8. Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.

  9. Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.

  10. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  11. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  12. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.

  13. Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.

  14. Квасников И.Е., Нестренко О.А. Молочнокислые бактерии и пути их использования.-М.: Наука, 1975.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет