Биологияның философиялық мәселелері



Дата26.02.2020
өлшемі33.13 Kb.
Биологияның философиялық мәселелері.

Ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық - адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі. 


Бүл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді. Әркімнің әкесі де, әйелі де, баласы да, өзі де адам, айнала жүргендердің бәрі — адам. "Адам деген кім?" деп сұрақ қойып, басты ауыртудың кажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар? — деген сұрақгың ойға оралуы да мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан аныктауға тырыссақ, бірден-ақ үлкен қиындықка кездесеміз. Тарихшы-антрополог пен психологтың адамға беретін аныктамасы екі түрлі болуы мүмкін, биолог пен дәрігердің түсініктері бір-біріне ұқсамауы ыктимал. Өйткені, бұлардың әрқайсысы күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана кырын зерттейді және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды. Ондай сыңаржақты көзқарас көп қырлы тұтас тұлғаның өзекті мәнін толық аша алмайды. Тіпті бұл жекелеген ғылымдарға тән үғымдардын жай қисындысы да адамның тұтас бейнесін бере қоймайды. Бұл міндетті орындауға кабілеті жететін бір ғана білім саласы бар, ол — философия. Дүниені, оның құрамына кіретін бөлімдерін философия жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін камтитын жалпы заңдылықтарды ашуға тырысады. Сол сиякты адамның да әр түрлі құрамдас жақтары мен қырларын (биологиялық құрылысын, психологиясын, әлеуметтік сипатын, моральдық күйін, т.б.) жеке-жеке зерттеумен шұғылданбайды, ең маңыздысы адамды адам ететін сапалық қасиеттерін жалпылама байланыстыратын, тұтастығын қарастыру арқылы оның ерекше қоғамдық мәнін ашуды мақсат етеді. Философия тарихында берілген анықтамалар көп.

Бүгінгі таңда адам баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Ондай көзқарастардың біріншісінде - діни түсінік бойынша бүкіл әлемді, соның ішінде адамды да құдай жаратты деген ұғым болса, екінші көзқарас бойынша адам баласы жер бетіне ғарыштан келген. Ал, үшінші пікір бойынша - адам баласы жер бетіндегі басқа да тіршілік иелері сияқты ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарасты жақтайды. Чарлз Дарвиннің ілімі бойынша адамның пайда болып, қалыптасуы мен дамуы қарапайымнан күрделіге қарай жүрген. Өйткені, алғашқы адамның қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды. Олар қолдары аяқтарынан ұзын, терісін қалың түк басқан ірі маймылдарға ұқсас келді. Жер бетіндегі ең алғашқы адам қалдығы 1959-1963 жылдардағы археологиялық қазба жұмыстары барысында Шығыс Африканың Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан табылды. Ғалымдар бұл ежелгі адамның түр-сипатына және қасынан табылған тас шапқыға қарап оны «епті адам» деп атады.

Адамның бойындағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы мәселесі де осы өмір сүру мен мәнділік мәселесімен байланысты. Өзінің мәні жағынан адам әлеуметтік жан. Сонымен бір мезгілде ол табиғаттың жемісі және оның шектерінен тыс өмір сүре алмайды, өзінің биологиялық қажеттіліктерін өтейді, ішеді, жейді, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтілік ажырамас тұтастықта орналасады оның бір жағын "әлеуметтік сапаға" ие тұлға құраса, екінші жағын оның табиғи негізі болып табылатын ағза құрайды.

Өзінің биологиялық жаратылысы жағынан әрбір индивидтің өз ата-анасынан алатын гендер жиынтығы - белгілі бір генотипі әуел бастан қаланады. Туылысымен-ақ ол нышандары генде сақталған биологиялық тұқым қуалаушылыққа ие болады. Бұл нышандар индивидтің сыртқы, физикалық кейпіне де (бойы, терісінің түрі, бет-әлпеті, дауысының күші, өмірінің ұзақтығы және т.б.), психикалық қасиеттеріне де (эмоция, темперамент, кейбір мінез-құлықтары және т.б.) Кейбір ғалымдардың пікірінше, адамдардың әртүрлі әрекет түрлеріндегі де дарындылығы да тұқым қуалаушылықпен беріледі. Алайда мұнан адамның қабілеттері тек табиғи алғышарттармен байланысты деген қорытынды шығарудың қажеті жоқ. Нышандар-бұл адам қабілеттерінің алғышарттары ғана, оны генотипке әкеліп тіреуге болмайды. Қабілеттер де өзінің жалпы түрінде үш фактордың бірлігі: биологиялық, әлеуметтік, психикалық.



Әлеуметтілік пен биологиялық мәселелерін қарастырғанда екі көзқарастан бойды аулақ ұстау керек: әлеуметтік факторды абсолюттендіру және биологиялық факторды абсолюттендіру. Біріншісінде адам әлеуметтік ортаның абсолюттік нәтижесі болып көрінеді. Екінші концепцияға әртүрлі биологияландырушы ілімдер жатады. Оның ішінде, мысалы табиғи тұрғыда бір нәсілді екіншісінен жоғары қоятын нәсілшіл теорияларды жатқызуға болады. Нәсілшілділіктің жарамсыздығын адам генотипінің ерекшілігінің нәсілдік емес, индивидуалдық денгейде көрінетіндігі арқылы дәлелдеуге болады. Табиғатта қандай да болсын нәсілдік, ұлттық немесе әлеуметтік генотиптер өмір сүрмейді. Дарвиннің табиғи сұрыпталу ілімін негізге ала отырып қоғамдық өмірді түсіндіруге тырысқан социал-дарвинизмнің өкілдері де осы биологияландырушы позицияны ұстанды.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет