Бір қыз бен он алты ақын І бөлім 82. 3К б 94 Бірінші бөлімінде: Бір қыз бен он алты ақын



жүктеу 3.85 Mb.
бет1/13
Дата02.04.2016
өлшемі3.85 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: files -> docs -> books
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кәкішев, Ө.Әбдиманұлы
docs -> Изучить устройство светооптического микроскопа Усвоить основные показатели микроскопа Усвоить правила работы с микроскопом
docs -> Бабаджаев Радбей Бабаджан Халматов
docs -> Продуктивные качества бычков абердин-ангусской, чёрно-пёстрой пород и их помесей 06. 02. 10 частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Сравнительная оценка роста, развития и мясной продуктивности бычков абердин-ангусской, симментальской пород и их помесей в условиях центрального черноземья 06. 02. 10 Частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Учебно-методический комплекс дисциплины «биогеография» Для специальности
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Қыраубайқызы бес томдық шығармалар жинағы астана 2008 алма қыраубайқызы екінші том астана
books -> Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі жан-дүние сырлары кіріспе
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа


БІР ҚЫЗ БЕН ОН АЛТЫ АҚЫН

І бөлім


82. 3К

Б 94
Бірінші бөлімінде:



Бір қыз бен он алты ақын: Айтыс / Құрастырған Алма Қыраубаева. – Алматы: Жалын, 1985. 2-басылымы (Баспаға дайындаған Н.Мәтбек). – А...., 2013. – 379 б.
Ғасырлардан бері жалғаса дамып келе жатқан айтыс – ауыз әдебиетінің ғажайып үлгісі. Сол асыл үлгінің бір тармағы – қыз бен жігіт айтысы. Қолыңыздағы жинақтан әр дәуір айтысынан сол жылдардағы замана тынысын сезініп, уақытқа сай жаңара өрістеген айтыс өмірінің жалғасына сүйсіне аласыз.
Екінші бөлімінде:
Сыр елінің дүлдүл ақындарының бірі Алма Қыраубайқызының әкесі Мүтәліп Қыраубайұлының халық ақыны Манап Көкеновпен, Шымкент облысының ақыны Қалдыбек Әліқұловпен және Қызылорда облысының ақындары: Қали Шыңғысов пен Әбілхан Махановпен айтыстары берілген. Мүтәліп ақсақал азғантай ғұмырында осы төрт рет айтысқа түсіп, барлығында да жеңіске жетіп отырған.

Бұл кітапқа Мүтәліп Қыраубайұлының газет, кітаптарға шыққан термелері енгізіліп отыр.

Сонымен қатар, А.Қыраубайқызының інісі Асылбек Қыраубайұлының термелері де жарияланған.

82. 3К
ҚЫРАУБАЕВА АЛМА

(1947-2001)
Қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998), Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1997) ҚЫРАУБАЕВА Алма Мүтәліпқызы 1947 жылдың 26 мамырында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бірқазан станциясында дүниеге келді.

Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әдебиетке бейімділігін танытқан шәкірт өлеңдері мен әңгімелері аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланып, мамандар мен оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Сыр бойына айтыскер ақын, белдескенін жыққан балуан ретінде танылған Мүтәліп әкесінің тәрбиесі де болашақ ғалымның өміріне даңғыл жол ашты. Орта мектепті алтын медальмен бітірген Алма Мүтәліпқызы арман қуып Қазақстандағы іргелі оқу орны – С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетіне оқуға түсті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне ерекше бір леп әкелген жаңа толқынмен бірге осы оқу орнын бітірген (1970) талантты түлек ұстаздарының назарына ілігіп, аспирантураны да тәмамдайды (1973).

1974 – 2000 жылдар аралығында қазақ ғылымының қара шаңырағына айналған осы университетте ғылыми-педагогикалық қызмет атқарды. А.Қыраубаева қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі мен қазақ әдебиетіндегі шығыс поэзиясының ықпалы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ұстаз-ғалымның қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерделеудегі еңбектері әдебиетті дәуірлеу кезеңдеріне қатысты тұжырымдарда үлкен маңызға ие болды. Әдеби жәдігерлерді зерделеудегі ғалымның көзқарастары көне дәуір мұраларын зерттеу бағытындағы ғылыми мектептің қалыптасуына негіз болды. Ғалымның табанды зерттеулерінің нәтижесінде оның қаламынан «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988), «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Жаным садаға» (1995), «Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты монографиялар мен оқу құралдары, жүзден астам ғылыми-әдістемелік, публицистикалық мақалалар жарыққа шықты.

Алма Қыраубаеваның педагогика саласындағы еңбектері мен ұстанымдары да жаңа буынды тәрбиелеуде, оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуда тың тұжырымдарымен ерекшеленді. Оның 1993 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты О.Жандосов ауылында ашқан гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп-лицейі оқу-ағарту жүйесін реформалаудағы жаңашыл бастамалардың біріне айналды. Шәкірттердің Ел – Жер Әлем – Мен кеңістігіндегі дүниетанымын кеңейту ғалымның «Сенім» бағдарламасының басты мақсаты болатын. Шәкірттер «Әлемтану», «Елтану», «Ислам мәдениеті», «Еуропа мәдениеті» т.б. секілді жоғары оқу орындарында оқытылатын арнайы курстармен осы киелі шаңырақта-ақ танысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғалым бастамасымен ашылған бұл мектеп қазақ баласының білімді де білікті тұлға ретінде қалыптасуына сара жол ашты. Шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген ұстаз-ғалым қазақ мектептеріне арналған тұңғыш «Ежелгі әдебиет» оқулығының (1996), жоғары оқу орындарына арналған «Ежелгі дәуір әдебиеті» хрестоматиясының (1991) авторы.

Ел астанасының ғылыми қуатын қалыптастыру жолында ғалым еңбек жолын Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры қызметімен жалғастырды және Қазақ ұлттық музыка академиясы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды.

Алма Қыраубаева қазақтың ән өнерін насихаттап, зерттеуде де үлкен үлес қосты. Жыр алыбы Жамбылдың ұмытылған ән-термелерін жинақтап, өз орындауында Қазақ радиосының Алтын қорына жаздырып, «Жамбыл әуендері» жинағын құрастырды.

А. Қыраубаева 2001 жылғы 5 ақпанда Астана қаласында дүние салды.
Шығармалары: «Қисса жанрының өзіндік ерекшеліктері», Алматы, 1985; «Абайдың поэмалары», Алматы, 1985; «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы, 1995; «Жаным садаға», Алматы, 1995; «Шығыстық қисса-дастандар», Алматы, 1997; 5 томдық шығармалар жинағы: 1-том – Ғасырлар мұрасы, 2008; 2-том – «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы, 2008; 3-том – «Шығыстық қисса дастандар», Алматы, 2010; 4-том – «Жаным садаға», Алматы, 2011; 5-том – «Мыңжылдық жолаушы» (Алматы, 2012) циклымен шыққан көркем әңгімелері мен мақалалары; 6-том – «Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия» (Астана, 2013 жылы қайта басылды); 7-том – «Бір қыз бен он алты ақын» (Астана, 2013 жылы толықтырылып қайта басылды); «Жамбыл салған ән еді» кітабы (Астана, 2013 жыл)толықтырылып қайта басылды.

Ғаламторды Алма Қыраубайқызының жеке сайты ашылды: http://almaapai.kz/

Алғы сөз
Ана! Табиғаттың ақын жүрегінен, әсем де нәзік әрі дана ойларының қорытындысынан туғандай. Сондықтан да болар, анаға табиғат бастан ақындықты сыйлаған. Ана әлдиі, ананың ақ батасы, апаның сағыныш әні....
Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Жылама, балам, жылама,

Жілік шағып берейін.

Ақ ешкінің асығын

Жіпке тағып берейін...

Немесе:

...Ата-анамды аяулы сағынғанда



Ақ бөпемді әлдилеп отырамын...

Әй, әй, бөпем,

Артта қалған елімді көрер ме екем?..
Бұл жырларды шығарған, сөз жоқ, ана! Ер жеткен ұлды ақын ететін де анаға деген аяулы сезім, ана алдындағы жауапкершілікті сезіну шығар...

Қыз, қарындас, жеңге, ана! Олардың ішінде қарапайым ғана ақын жүрегінің нәзік те парасат сазына уақыттың үнін қосып, әлеумет биігінен салмақты ой қозғай алған талантты қыз-келіншектер қаншама! Елінің беткеұстар азаматына баланған, ақыл-біліміне аққудай ажары сай келген, сан айтыстарда ел намысын қорғап сөз бастаған кешегі Сара, Ырысжан, Ақсұлу апаларымыз он бес пен он жетіде еді...

«Айтыс» – халық өмірін бейнелейтін көркем әдебиет саласының бірі. Одан халықтың қуанышы да, қайғысы да, саяси-шаруашылық тұрмысы да, мәдени дәрежесі де, замана идеологиясы да, әдет-ғұрпы да, жалпы әлеуметтік және жеке адамдардың қарым-қатынастары да, заманына лайық өрбіген тартысының формалары да көрінеді. (С. Мұқанов)1. Шынында да, ақын қыз-келіншектердің айтыстарына жүйелей үңіліп қарасақ, олардың бағы заманнан қазірге дейінгі өмір жолын көргендей боламыз. Мысалы, «Қарашаш пен Айдос» айтысынан бұрынғы жаугершілік замандағы аянышты әйел тағдыры елестеп, ту көтеріп, найза ұстаған аласапыран уақыттың қайғысы естілгендей болады.

Ырысты мен Ақсұлу, Сара мен Тәбия айтыстарынан бұлбұлдай сайраған ару қыздардың өз еркімен теңін тауып қосыла алмай, қор болған зары келеді құлаққа. Ақын қыздардың айтыста суырыпсалмалық, қиыннан қиыстырып сөз тапқыштық өнері жігіттерден кем түспейді. Революцияға дейінгі айтыстардың салты бойынша, сөз сайысында сынға түсіп отырған екі ақын әрқайсысы өз руының «жақсыларын», атақты болыс-байларын мақтай отырса да, нағыз ақындарға тән қасиетпен шындықты көрсетпей тұра алмайды. «Ақындар еліндегі болыстардың масқаралығын өз тартысында бірін-бірі мүдірту мақсатымен қолданады. Айтыстың салмағын әлеумет тірлігіндегі сорақы мінездерді қазбалауға аударады». (М. О. Әуезов)2. Революцияға дейінгі қазақ аулындағы сондай сорақылықтың бірі – Ақсұлу, Сара секілді аяулы қыздардың басындағы теңсіздік. Ақсұлудың Кеншімбаймен айтысының соңғы жағында осы теңсіздіктің жайы тереңірек ашылып, ірі планда көрінеді. Айтыстың бұл тұстары «Біржан – Сара айтысына» ұқсас. Ақсұлу да Сара секілді Кеншімбайдан сөз таппай жеңілген жоқ, айттырылған

күйеуінің өзіне тең емес екенін бетіне басқанда ғана амалсыз тоқталады. Ақсұлудың үнін байлаған әділетсіз заман еді.

Совет дәуіріндегі айтыстарда Майса, Ақілгек, Назиқа секілді қыз-келіншектердің үнінен еркіндік, үлкен мақсатқа ұмтылыстың қуанышты жыры төгіледі.


Майса:

Бастайтын коммунизм ел қоғамы,

Аңқыған хош иісті жел соғады.

Тегістік дәуірінің өткеліндей

Халқымның мәртебесі тым жоғары!
Ақілгек:

Заңым бай, бақыт-дәулет талабыма, Әйелді бұрын жан деп санады ма?

Партия теңдік берген заманында Сыйғандай мұхит суы алабыма, –
деп бақытты заманын мақтаныш етеді.

Надежда мен Шолпан жырлары табиғи талантын кең өрісті білім дариясынан суарған, кемшілік пен шындықты қоғамдық, елдік биіктен бағалайтын бүгінгі советтік қыз-келіншектер болмысының жарқын айғағындай.

Жалпы қорыта айтқанда, қай уақытта, қай заманда болмасын, ақын апаларымыз ар-намыс, адамгершілік туын жоғары ұстаған!

* * *


Халқымыздың бұрынғы-соңғы бай айтыс мұрасын жинақтаған үш томдық «Айтыс» атты кітаптың шыққанына жиырма жылдай уақыт өтті. Сондықтан жоғарғы класс оқушыларына арнап, қыз бен жігіт айтысының таңдаулы үлгілерін жинақтап шығарып отырмыз.

Революцияға дейінгі айтыс ақындарының өмірі кейінгі жылдары жаңа деректермен толығуына байланысты, айтыстарды мүмкіндігінше нақты болған уақытына қарай хронологиялық ретпен түздік.


Алма Қыраубаева

Революцияға

дейінгі

айтыстар

Қарашаш пен Айдос
Айдос кезінде әрі ақын, әрі батыр болған адам екен. Айдостың қарамағындағы Нарын деген биі бір күні қол жиып жорыққа аттанады, бұған олармен Айдос та үзеңгілеседі. Келіншегі Қарашаш түс көріп, Айдостың бұл жорыққа аттанбауын тілек етеді. Аттанса, қайтып оралмас деп қауіптенеді. Бірақ Айдос алған бетінен қайтпай аттанады. Қарашаш Айдоспен бір тілдесіп қалуды армандап, соңынан кісі шаптырады. Сонда Айдос батыр Қарашаштың тұсына келіп, өлең айтады:
Айдос:

Өлең айтып отырған қай қыз еді,

Айдос тағы біреудің жалғызы еді.

Алған жары бұрынғы өліп қалып,

Бұл алғаны Қарашаш балдызы еді.
Қарашаш, неге сонша мұңаясың,

«Түс көрдім» деп жолымды қиялайсың.

Бүгін өліп қалсам да, ау, Қарашаш,

Дос-дұшпанның көзінше неге айтасың?


Мен келдім, Қарашаш-ау, түнейін деп,

Құдайдан түнде жатып тілейін деп,

Үйде жатып Қарашаш түс көріпті-ау,

Құрбы-құрдас келді ғой күлейін деп.


Қарашаш:

Маған күлген бозбала талаулатсын,

Талдан қылып ақ найза жалаулатсын!

Өзі жүріп кеткенде толғақ қысып,

Үйде отырып қатыны бебеу қақсын!
Айдос:

Жүгірмейді, кері торың керіледі,

Көп олжаны алуға ерінеді.

Бақсыдай-ақ бал ашып, түс көріпсің,

Түсіңде не сәулелер көрінеді?
Қарашаш:

Дайра деген суыңа сұлап жүрмін,

Қара қан он бармаққа қынап жүрмін.

Бүгін түнде түс көрдім, жорып берші!

Мен түсімде мырзам деп жылап жүрмін.
Айдос:

Айдосекең мінгені – Бұлақаны,

Атып салса жаулардың сұлағаны.

Айдосекең қиқулап жауға тисе,

Жер бауырлап жебірдің жылағаны.
Қарашаш:

Талдан қылып ақ найза шоқтап жүрмін,

Наза болып Құдайды даттап жүрмін.

Жақсылыққа түсімді жорып берші,

Мен түсімде мырзам деп жоқтап жүрмін.
Айдос:

Алыс болса теңіздің тұзы-дағы,

Жақын болса елінің мұзы-дағы.

Айдосекең қиқулап жауға тисе,

Ойбайлаған дұшпанның қызы-дағы.
Қарашаш:

Жалғызым-ау, кигенім жасылыңқы,

Кертөбелге садағың асылыңқы.
Бүгін түнде түс көрдім жорып берші,

Ақша бет топыраққа жасырыңқы.


Айдос:

Арқа деген жерінде аң болғаны,

Жігіт атқа мінгені даң болғаны.

Айдосекең қиқулап жауға тисе,

Тотыққаннан ақша бет шаң болғаны.
Қарашаш:

Мұнан былай көрінген қара барым,

Пірімін мен жаудырған аспан қарын.

Жау жеріне барасың, жалғызым-ай,

Бойтұмарды мойныңа сала барғын.
Айдос:

Мұнан былай көрінген қара барым,

Пірлер болар жаудырған аспан қарын.

Шын ажалым тұп-тура жетіп келсе,

Не керемет қылады бойтұмарың?
Қарашаш:

Су аяғы қайырлы болар суат,

Айдосеке, сөзіңмен мені жұбат.

Бойтұмарды мойныңа сала барғын,

Аз ғана күн бойтұмар дәтке қуат!
Айдос:

Су аяғы қайырлы болар суат,

Қарашаш, сөзіңменен мені жұбат.

Мұнан бұрын жорықта құз алушы ем,

Аттанбасақ бұл қолға болмай ма ұят?

Қарашаш:


Жүгірмейді Кер торың тоқтығынан,

Алла десең, аласың жоқтығынан.

Жау жеріне барасың, жалғызым-ай,

Өзіңменен туысқан жоқтығынан.


Айдос:

Астымда мініп жүрген пілім бар-ды,

Аз ғана өлмейтұғын күнім бар-ды.

Сонан әрі жалғызың келмей кетсе,

Өзіммен бірге туған інім бар-ды.
Қарашаш:

Жалғызым, аластырмай, құластырмай,

Ауған түйе бастырмас жанастырмай.

Сонан әрі жалғызым, өліп кетсең,

Қосып кетші біреуге таластырмай.
Айдос:

Аттанған Нарын би барад-тағы,

Аттанбаған жамандар қалад-тағы.

Сонан әрі жалғызың келмей кетсе,

Жесірлес боп біреуі алад-тағы.
Қарашаш:

Қысты күні кигенім қызыл тымақ,

Отқа теріп жаққаным қара құмақ.

Тілімді алмай жалғызым, барасың-ау,

Қош, аман бол көргенше, Айдос шырақ!
Айдос:

Ертең ауыл көшеді, үйіңді жық,

Мен келгенше Қарашаш болар сының!
Қішкентайдан қосылған, а, зайыбым,

Түстік жерден, Қарашаш, алдымнан шық!


Арада біраз уақыт өткен. Жауға барып оқ тиіп, жарадар болғанда Айдостың Нарын биге айтқаны:
Айта бар, барсаң сәлем атамызға,

Оқсатып оқ тиді де ботаңызға!

Кіреукеге сыймаған қайран жота,

Қара жердің астында жатады да!

Айта бар, барсаң сәлем інімізге,

Көкем деп есіне алсын тірлігінде!

Ақ кіреукеге сыймаған қайран денем,

Қара жердің астына кірді, міне!

Айта бар, барсаң сәлем алғаныма,

Құдайдың кім көнбейді салғанына?

Жыламасын деймін де, жыла деймін,

Құлазып құр далада қалғаныма!

Атушы едім Арқаның қаз-тырнасын,

Мылтық атсам сайлаушы ем бастырмасын.

Барсаң сәлем айта бар, Қарашашқа,

Өзі өлмей төсегін бастырмасын!


Жаудан Нарын би қайтып, кеңес қылады: «Айдостың жесірін кім айтысып жеңсе, сол алсын», – дейді. Соны бір ақын жігіт естіп, ілгері шауып келе жатқанында, Қарашаш алдынан шығады.
Қарашаш:

Бау қарағай түрленіп бітер тауға,

Бүкіл қазақ аттанды былтыр жауға.

Былтыр кеткен жолаушы келдің қалай,

Ер-азамат аман ба бізге сауға?
Жігіт:

Бау қарағай түрленіп бітер тауға,

Бүкіл қазақ аттанды былтыр жауға.

Саған берген сауғамыз осы емес пе?

Айдос жәкемді алдырдым осы жауға!
Қарашаш:

Атың жырақ, жорықшы-ау, өзің жырақ,

Былтыр кеткен, жорықшы-ау, келдің құрақ.

Қызыл тілің кесілгір, жан құдеке,

Жаңғызы өлген бар ма екен келер тірі-ақ!
Жігіт:

Мен келдім жаугершіліктен, молда жеңге,

Кәлем ашып отырмын жолда жеңге.

Айдос жәкем қас қылсам, тірі оңбайын,

Мылтыққа ұшып өлді ғой, олла жеңге!
Қарашаш:

Кешке мініп жүрерге бестің жоқ па?

Құдайы айтып соярға ешкің жоқ па?

Жаның шыққыр болмасаң, жан таласқыр,

Сенен басқа бұ қолда естің жоқ па?
Жігіт:

Сүмбісін мылтығының сыламадың.

Қара қанға оң бармағың қынамадың.

Мыңды беріп, бірді алған Айдос жәкем,

Өлгендігін естіртсем, жыламадың!
Қарашаш:

Сүмбісін мылтығының сыламаймын,

Қара қан оң бармаққа қынамаймын.
Елім болсаң3, сен бүйтіп айтар ма едің?

Сен дұшпанның көзінше жыламаймын!


Жігіт:

Ақ найза талдан қылып шоқтамадың,

Наза болып құдайды боқтамадың.

Мыңды беріп, бірді алған Айдос жәкем,

Айдосты естіртсем де жоқтамадың!
Қарашаш:

Ақ найза талдан қылып шоқтамаймын,

Наза болып Құдайды боқтамаймын.

Елім болсаң, сен бүй деп айтар ма едің?

Сен дұшпанның көзінше жоқтамаймын!
Олай-бұлай айтса да, Қарашаш жыламады. Сонан соң жігіт Айдостың айтқан сәлемін айтады:
Жігіт:

«Атушы едім Арқаның қаз-тырнасын,

Мылтық атсам сайлаушы ем бастырмасын.

Барсаң, сәлем айта бар Қарашашқа,

Өзі өлмей төсегін бастырмасын!»
Қарашаш бұл сөзді естіп, үйіне келіп, әкесіне Айдостың өлгенін естіртеді.
Қарашаш:

Әкем-ау, Қарашашқа мүшкіл туды,

Құдай артық жасатты өзен-суды.

Еліңді жи, әкеке-ау, жұртыңды жи,

Таңда бүгін біздерді ажал буды!
Әкесі:

Қайдан келдің, сұм балам, түсің қашып,

Не көрдің, сен, сұмдықты кітап ашып?

Кішкентайдан жиылған дүниелігің,

Қайда кетіп барасың жерге шашып?
Қарашаш:

Аузым толып ақ мейіз жемейін бе,

Бейне алуа татиды көмейімде.

Жесір қатын, жас бала атанғанша,

Айдосымның артынан өлейін де!
Әкесі:

Аузың тола ақ мейіз жалма, балам,

Жалғызыңның сәлемін алма, балам!

Күйеуіңнің құрдасы айтқан-дағы,

Ойнап айтқан сөзіне нанба, балам!
Қарашаш:

Аузым толып ақ мейіз жалмайын ба?

Жалғызымның сәлемін алмайын ба?

Өтірік біреу болар, екеу болар,

Жанын беріп тұрса да нанбайын ба?
Әкесі:

А, балам, мұны ойлай тоқта, балам,

Талдан қылып ақ найза шоқта, балам!

Жауға кеткен жалғызың өлген болса,

Бір-екі ауыз сөз айтып жоқта, балам!
Қарашаш:

Жайқын да жайқын, жайқын көл,

Шайқалады қонса да ел.
Жалғызымнан айырылып,

Көзімнің жасы болды сел!

Артыңда тастап, жалғызым,

Шыбын жанды қинадың!

Арманда кетіп барамын,

Өз қолымнан қоймадым!

Мінген де атың кер еді,

Қайғыны Құдай береді!

Екі кісі бас қосса,

Жайма-шуақ ер еді.

Кердең-кердең жүгірген,

Кер торыдан күй кетті.

Жұбайымнан айырып,

Мені Құдай еңіретті.

Бұл Құданың құдіреті,

Ағаш атқа мінгізді.

Көнбейтұғын жан бар ма?

Кешеде жүрген жалғызым

Жеңсіз көйлек кигізді.

Қаратудың миясы,

Бауырында байлар биесі.

Салулы төсек, салқын үй,

Әлдекімнің иесі?

Әкеке, менің айтып болғаным,

Дүниенің білдім жалғанын.

Қош, аман бол, бәріңіз,

Жалғызымнан айырылып,

Келіспейді қалғаным!

* * *

Бізден бұрын пайғамбар өтті дейді,



Әр көңілге бір зауал жетті дейді.

Ер Айдосты Қарашаш жоқтап болды

Пышақ ұрып ішіне кетті дейді.

Жамбыл мен Айкүміс
Жамбыл:

Әдейі ат терлетіп келдім тойға,

Айкүміс, әуелден-ақ болдың ойда.

Әуірі4 басылмаған албырт едім,

Асығыс айтқаныма кінә қойма!
Айкүміс:

Аптығып ә дегеннен амандаспай,

Әдепті үйренбепсің, Жамбыл жастай.

Асылға арсыдағы5 қол жетпей ме,

Ақылмен қимылдасаң аспай-саспай?


Жамбыл:

Айкүміс, асықпауға шамам бар ма,

Жасшылық ұрындырды талай жарға.

Сен үшін жатсам-тұрсам арманым көп,

Жем болып кете ме деп жамандарға.
Айкүміс:

Біле ме пенде шіркін өз кемісін,

Ел кезіп, есер мінез сен де жүрсің.

Жаралған жат жұрттыққа ұрғашымыз

Жарқыным, өкінбеші, сен мен үшін!
Жамбыл:

Барарсың бір жаманға өзің қор боп,

Отырсың қарқарадай әзір зор боп.

Қөзіңе көк шыбынды үймелетер,

Көргенің өле-өлгенше ылғи сор боп.
Айкүміс:

Жамбыл-ау, күпінесің неге сонша?

Құтқарып қыз біткенді қалған жанша.

Қолдағы қаршығаңнан6 неге айырылдың,

Тұтқасы дүниенің сенде болса?
Жамбыл:

Жалғанның сорлысы екен қыз бен жігіт,

Жүрмеген бірге ойнап, бірге күліп!

Арыны басылмаған арсыз көңіл,

Тағы да етіп отыр сізден үміт.
Айкүміс:

Жігітке көрінеді үміт жеңсік,

Жарымас ол мінезге көңіл көншіп.

Жарқыным, одан қайта қолқаңды айтшы,

Әр нені тере бермей, құр білгенсіп!
Жамбыл:

Түйме емес, тоғыз емес тілегенім,

Жұбатпас көңіліңді құр өлеңім.

Болмасаң сөзге қашақ, ішке тосаң,

Сырымды айттырмай-ақ білер едің...
Айкүміс:

Жамбыл-ау, жан екенсің сөзге сараң,

Жақпады қай мінезім бүгін саған?

Дітіңді7 білтелемей, білдіре айтшы,

Саласың қандай қолқа тегі маған?

Жамбыл:


Ауылым жайлап отыр Ақсеңгірді,

Көз сүзіп сіздің жаққа еңсем құрды.

Қолыма бір ұстатсаң түсінерсің,

Томпайған төсіңдегі өртенгірді.


Айкүміс:

Жамбыл-ау, ұстатпаймын, кінә қойма,

Кетейін қайтып ардан мына тойда.

«Жақсы сөз жан семіртер» деген бар ғой,

Әдепті мінездерің жүрсін ойда.
Жамбыл:

Айкүміс, амалым жоқ, қош, ендеше,

Кетелік сыр білдірмей жат пендеше.

Атыңды, ақ жүзіңді ұмытпаспын,

Кеудемнен қашан менің от сөнгенше...

Біржан мен Сара
Қызы екен Тастанбектің ақын Сара,

Бәйгеден күнде келген жалғыз қара.

Қыз да болса адамның жүйрігі екен,

Көрмедік сөзді адамды ондай бала.


Қызы екен ақын Сара Тастанбектің,

Жақыны Маман, Толқын, Есімбектің.

Сауық қып садыр-матай жиылысып,

Аулына алдыртыпты Тұрысбектің.


Аулына Тұрысбектің Сара кепті,

Өлеңді жүндей сабап дүрілдетті.

Сол кезде он жетіде ақын Сара,

Жел сөзге адам болмас онан епті.


Сараның атын білер арғын, найман,

Жүйрік шыққан аталық, қаптағайдан.

Баласы Қожақұлдың сері Біржан,

Сараны іздеп шықты әлдеқайдан.


Елі – керей, ұраны – алтай-қарпық,

Қызыққа тірі күнде жүрген батып.

Атасы – алтай-қарпық, елі – арғын,

Сауықпен жүрген сері дуылдатып.


Сараны есітіпті Біржан анық,

Бұған да жүрген жігіт өнер дарып.

Құдай берген дәулетті аясын ба,

Шығыпты он бір жігіт жолдас алып.


Серілік Құдай салған мұндай өнер,

Пәндеге әр не болса тәңірі берер.

Мың жарым жылқысы бар атасының,

Уақыты екен отыз сегіз жасқа келер.


Келеді он бір кісі жолдас алып,

Дулатып түрлі-түрлі әнге салып.

Ат жіберіп Сараны алдыртармыз,

Аулына Тұрысбектің жетіп барып.


«Сара да болар, – дейді, – сөзге тығын,

Айтысып Сараменен қылсақ жиын.

Найманның асыранды бұлбұл құсы,

Сараның айттырармын барлық шынын.


Баралық Тұрысбектің ордасына,

Сараның қоямын ба болмасына.

Он бір кісі жолдасым ертең түсте,

Біржанның қарық боларсың олжасына.


Арғыннан артық болды салған әнім,

Найманға, арғын түгіл, болдым мәлім.

Ән салып тоқсан екі түрлендіріп,

Найманның бір жияйын тірі жанын.


Сара да жетік дейді сөйлер сөзге,

Найманда аты шыққан осы кезде.

Ауызын қарсы келсе ашырмаспын,

Адамға мақтанар ол менен өзге.

Беденедей қырғи алған жұмарлармын,

Құдайым қуат берсе енді бізге».


Әлқисса, Жүсіпбек қожага Сара қыздың Біржанменен айтысқанын қыздың өзі осылай деп бастан-аяқ баян қылғаны, айтысқанның келер жылында.
Сараның сөзі:

Қызы едім Тастанбектің атым Сара,

Ішінен Ер Қаптағай шықтым дара.

Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем,

Қелемін бір сүрінбей жалғыз дара.
Қолдай көр, Ер Қаптағай, ата-бабам,

Сөзімді тыңда, құрбым, келсе шамаң.

Ақ сүйек пайғамбардың тұқымы деп,

Сөзімді естірткелі келдім саған.


Тақсыр-ау, күні құрсын ұрғашының,

Билігі болмайды екен бір басының.

Берген соң тері-терсек ит те алады,

Бұлындай берекесіз арбашының.


Әкемнің төрт түлігі бәрі де сай,

Алты ауыл аруақты үш ағам бай.

Бұлаңдап асау кердей жүрсем-дағы,

Тоқтыңдай борышқа кеттім, уа, дариға-ай!


Бұйрықсыз нәсіп етпес зарлағанға,

Тұңғиық сөзім терең барлағанға.

Тақсыр-ау, он сегізге биыл шықтым,

Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда.


Хан, қара, шаршы топқа сан сөйледім,

Көз көрмей бәрі бекер нанбағанға.

Арсалаң, Санияз-Бек те іздеп келіп,

Шошыған жүгірістен танбағанға.


Сөйледім қаз мойынды жарма жалмен,

Әкеме ұлдай боп ем біткен малмен.


Аулында Тұрысбектің сөз сөйлестім,

Баласы Қожақұлдың Біржан салмен.


Үйінде отыр едім Тұрысбектің,

Бұл үйге Құдай айдап дұрыс кеппін.

Қасында жеті-сегіз жат кісі бар,

«Сөйлес» деп даусы шықты Жүнісбектің.


Бұл үйде кім бар дейді келе сала-ақ,

Отыр ем домбырамды қолыма ала-ақ.

Есімбек, Маман құтым, ер Шиырбай,

Қасына еріп келген өңшең манап.


Кісі екен отыз екі жолаушымен,

Ақ үйдің жабығынан көрсем санап.

«Сүйінші, іздеген қыз осында» деп,

Біреуін тонап жатыр жаудай талап.

Сырлаған домбырасын қолына алып,

Ән шырқап қоя берді жүндей сабап.

Тұрды атын ұстап біреу шаужайынан,

Сөзінің білдім Біржан ыңғайынан.

Толықсып, төңкеріліп ән шырқап тұр,

Сөйтсе де шошымадым айғайынан.


Сонда Біржанның қызды шақырып

айтқан сөзі:

Бұл үйде Сара бар ма, келсін бері,

Іздеген келіп тұрмын Біржан сері.

Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар,

Аулында Тұрысбектің өлер жері.
Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын,

Арғынның алтай-қарпық ақтан кері.


Барабар сөзі теңдес адам болса,

Қөңілімнің тарқаушы еді қайғы-шері.


Қырандай аспандағы желді күнгі,

Даусымның көтерілер шықса тері,

Болжаған жер шаршысын майталманмын,

Жасымнан маған мәлім қыз не дері.


Алтын менен күмістің нақысындай,

Міні жоқ бізден шығар сөз бедері.

Шатыр тік көк майсаға, бір тайды сой,

Қешікпей шықсын үйден болса өнері.


Ақ иық мұз балақпын жерге түспес,

Қең қолтық арғымақпын алқымы іспес.

Басайын аптығыңды тез шық, Сара,

Сен түгіл әкеңдеймен болдым істес.


Бұл үйде Сара бар ма, отыр неғып?

Қарсы ұшпай тоты құстай қанат қағып.

Жел қабыз, жез тағалы еңіреумін,

Қара тер шыққан сайын кетем ағып.


Ғаламға мәшһүр болдым өлең жаттап,

Қысқартам адымыңды бір-ақ аттап.

Ұялып үлкендерден отыр едім,

Айқайлап ұран салды Қарқабаттап.


Көктемде Тұрысбектің ауылында,

Көруші ем істің жеңіл-ауырын да.

Біржанның төңкерілген әніменен,

Ешкіөлмес ел жиылды бауырына.

Арындап дәуірлейді барған сайын,

Екпіні соққан желдей көрдім жайын.

«Шырағым Сара, саған не болды?» – деп,

Есімбек кіріп келді, ағатайым!


– Шырағым, арғынға орай бар ғой найман,

Бала едің атағыңды жұртқа жайған.

Кең жерде келістіріп душар болмай,

Қапыда қажы үйінде келді қайдан?

«Тартынба енді, балам, – деді қажы,

Адымың аттан артық шықты тайдан.

Сөзі бұзық антұрған көрінеді,

Бар еді бір кісідей өлеңге айлаң.


Аптыққан қу арғынды бір дөңгелет,

Ағаңа осы болсын тиген пайдаң.

Өнері ұлдан артық, қарағым-ай,

Тұрайын мен де тілеп бір Құдайдан!»


Қажының әлгі сөзі болды себеп,

Қолтықтап көтере көр аруақ жебеп.

«Дулат, Сабыр, Кеншімбай, Сұртай, Жылтыр,

Жанұзақ, қолда!» – дедім бәрің демеп.

Аспаннан бойға түсті ғайып пірім,

Даусыма жаңғырығар тұрған жерім.

Ән шырқап ақ ордадан шыға келдім,

Қөрген соң аттан түсті Біржан серім.


Қозғадым қырмызымды сөзді талдап,

Басында баяуладым Біржанды алдап.

Төрт қызы Тұрысбектің қасыма ерді,

Ақ үйден шыға келдім «найман шалдап».

Таңданып, жиылған жан қарап тұрды,

Қыз да болсам, Біржанға балап тұрды.

Кәмшат берік, күлдәрі белбеуі бар,

Көк торғын шапанды адам қарсы жүрді.


Түрінен мен таныдым осы Біржан,

Сандалтып Орта жүзді әнмен қырған.

Сары сұр адам екен, тым өңді емес,

Құбылар, тоты құстай әлгі антұрған!


– Осы ма, – дейді, – матай бұлбұл құсы,

Көп іздеп, бүгін таптым жазы-қысы.

Әуелі қазақшылап көріселік,

Жарқыным, берірек жүр жасың кіші!


Баласың менен гөрі, жасың кейін, –

Көрінді Біржан салдың сөзі бейім.

Көрісем бері кел деп сәнсіп тұрды,

Толғанып үндемедім оған шейін.


Қыз көріспеген соң

Біржанның айтқаны:

Мен Біржан қызға барман аяғымнан,

Шын қызсам дәуірлеймін баяғымнан.

Бері кел, ұрғашылық қылма, жаным,

Дәндеме наймандағы саяғыңнан!
Найманның болады екен қызы надан,

Үлгісіз қалай халық түрі жаман!?

Ағаға іні келер біздің елде,

Көп боп па сұрасуға есен-аман!


Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

Сен түгіл, сенен артық құмар маған.

Жалымнан ұстаған қыз арман қылмас,

Жібек жал арғымақпын тұмарлаған.

Еркек тілін алмайтын жының бар ма?

Адам деп сөз айтамын Сара саған!


Сонда Сара қыздың берген

жауабы:

Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың,

Сөз білсең бұ да сенің жамандығың.

«Қиссасұл Әнбиадан»8 естімеп пе ең?

Белгілі мағлұм болды надандығың.
Адамды топырақтан жаратты хақ.

Надандығың білінсін бұ сөзге бақ.

Хауанаға бұрын барған Адамата,

Есіткен жоқ па едің мұны да ақымақ?! –


Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім,

Арғын да тантиды екен жоқты мақтап.

Найманда екі жүзді наркескенмін,

Желкеңді қимақ үшін қойған саптап!


Тозаңың анда-санда бір бұрқ етер,

Саулатсам бейпіл тілді екі жақтап.

Күн көргелі келдің бе құрдым арғын,

Жинауға сынық малта найманды ақтап?


Кетерін абыройың білмейсің бе?

Қөрпеңді көсілсеңші бойға шақтап,

Жерге кіріп кетерсің, жынды антұрған,

Шын қазсам асты-үстіңді жездей қақтап.


Делбелігі емес пе Біржан салдың,

Кісісін жеңетұғын жаңа тапты-ақ.

Талпынған жас баланың білегіндей,

Қолымды ұстатпаймын сен итке, аппақ!


Сонда Біржан сал сөйлейді:

Сал Біржан домбырасын көкке сермеп,

Жіберді түрлендіріп әннен өрнек.

Сөзіме ызаланып алғаннан соң,

Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп:
Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға,

Сөйлеткен сені балап қазақ ұлға.

Асықша ақ жамбыны сұлуға аттым,

Тиыным шыққан емес сендей тұлға.


Сайратқан Орта жүздің бұлбұлымын,

Қызығып жүргенім жоқ алар пұлға.

Күшігін асыраған өлекшіндей

Азғындап шөктің, Сара, жылдан-жылға.


Қырсығың өз басыңнан арылған жоқ,

Тегістеп айыбыңды тізсем қылға.

Қолыңды ұстатпайтын ерке болсаң,

Келімсек берді әкең неге құлға?


Бар екен жаннан артық сөйлер сөзің,

Сүйенген қызыл тілге шын сорлы өзің.

Қолға түскен қалмақтай ықтиярсыз,

Төрт болар құлға барсаң екі көзің.


Сөзіңе таңғаламын сынай алмай,

Айтқаным кетті саған ұнай алмай.

Көзіңді күшік құрлы бір ашпайсың,

Қортиған шірігіңді Құдай алмай!


Есекке қосақтаған бір қашырсың,

Күң сырын көпке жаяр жылай алмай.

Құшақ толар еркекке арабшың бар,

Сәнсисің күйгеніңнен шыдай алмай.


Жан жетпес ән шырқасам өрісіне,

Құданың ризамын берісіне.

Елден таңдап айттырған қортық байың,

Алыстан түлеп ұшқан түз құсындай,

Бір қойдың сыяр тұлып терісіне.

Біржанның жан таңғалар келісіне.


Мойыным жүзген қаздай иіледі,

Орта жүз ән шырқасам сүйінеді.

Арғынның жалғыз тоны қолға түссе,

Төрт найман орта бойлы киінеді.


Найманда байлық бар ма біздің елдей,

Жүрсем де адам боламын мұнда келмей.

Қыз сөзін кек көрмейтін сайтаным бар,

Онымды тастамаймын өзім өлмей.


Атадан Біржан сал боп тудым артық,

Ұраным: Ер Қарқабат, Алтай-Қарпық.

Аққумен аспандағы ән қосамын,

Қозғасам ащы күйді түптен тартып.


Қырмызы асыл бекзат бір мінезім,

Кетер ем еркек болсаң, бір-ақ тарпып.

Бар еді қыз сыйлайтын бір мінезім,

Самғаймын бәйге атындай артып-артып.


Көкшетау дуанына даңқың барған,

Мен Біржан Алтын тудай айқындалған.

Есіткелі, Сара, сені үш жыл болды,

Сері едім төңірекке құлаш салған.


Түлкінің жүгірісін қыран байқар,

Ұялсаң, сөзің емес маған айтар.

Қанды көз май жеп алғыш ақ иықпын,

Сен түгіл, қасқыр көрсе бір-ақ шайқар.


Қайтару сұрамаймын келсе әкім,

Қыз сөзін парық қылмайтын ескі заңым.

Күнінде он көрінсе де айнымаймын,

Көк төбет болды деме мені, жаным!


Түстіктен жұрт таңғалар көргеніне,

Жеңбесем, қуанбаймын келгеніме.

Ақ марал, осы жолы жығылмай кет,

Алтайдың душар болдың мергеніне.

Өзімдей бір басты адам сөз білмейді,

Құданың ризамын бергеніне.


Қыз сөзі батқан сайын жаным кірер,

Қарамай, қатты сөйле, өлгеніме.

Адымым күні бүгін қалыбымда.

Екі жыл отыз беске келгеніме.

Қуырылып апшымның қай сасқаным,

Өтірік ентелетіп желгеніне.

Қөзімнің Қөкшетаудан қыры түсті,

Аталық, Қаптағайда, жүргеніңде.

Аю болсаң да басамын аптығыңды,

Тоймаймын жаман құстай көргеніңе.


Сонда Сараның айтқаны:

Ей, Біржан, жасың үлкен, өзің аға,

Қымбаттығым белгілі білсең баға.

Қамысты терең көлдің сұқсырымын,

Қаңғырған ілдірмеймін қаршығаға.
Ежелден сен белгілі желді көрік,

Таңғалдым сәулетіңді сенің көріп.

Сені айдап ажалыңа алып келген,

Құт Маман, Ер Шиырбай қасына еріп.

Сөйлетпей шыға сала кеттім дерсің,

Түрімді көрсетейін сөйлеп беріп.

Қарны ашқан, қырсығы бар еркек мысық.

«Сасық дер» аузы жетпей майдан жеріп.

Сөйлеспей мен сықылды өнерпазға,

Дәндеме жүрген күңнен тезек теріп.

Өлеңді қолқа қылсаң, ағытайын,

Самарқан жібегіндей оннан өріп.


Әншейін сыпайы деп қимай тұрмын,

Көзіңді төрт қылар ем иттей керіп.

Сөзбенен жеңемін деп ойламаңыз,

Бір жерден мүдірер деп көңіл бөліп.


Аузыңды тарта сөйле, Біржан батыр,

Жарамас жүдеп қайтсаң, іздеп келіп.

Тартылып таразыға тең келмейсің,

Тірілсең ертең кешке, бүгін өліп.


Арғынның тантықтығы, міне, осындай,

Кім байқар ер қадірін сөз қосылмай.

Жай тастап құлашымды кең созамын,

Сен түгіл, Қожағұлдан бір шошынбай.

Күшпенен көндіремін болмасаң да,

Сестеніп тамам жерден қозғасам да.

Аптығып арғынсынып сандырама,

Ойлайсың артықпын деп оңбасаң да.

Найманға жалғыз тиын керегің жоқ,

Келесің қайыр сұрап анда-санда.

«Мен пәлен» дегенменен сескенбеймін,

Шошыр деп қоразданып алдасаң да.

Ақыл-өнер барлығын байқасармын,

Өзіңді-өзің мақтап, нанбасаң да.

Қарамды әр-берден соң бір көрмейсің,

Соңымнан үмітті боп қалмасаң да.

Тоймайтын жеті басты жалмауызсың,

Ескі-құсқы елден жиып жалмасаң да.

Қуып жетіп озамын «найман шалдап»,

Пысықсып алты өткелден самғасаң да.

Кет, Біржан, ділмарсымай жүр жайыңа,

Әке десең көнбеймін ыңғайыңа.

«Жауды аяған жаралы болар» деген,

Шын тілеп сөйлейінші Құдайыма!

Жылқының арығындай арғын кедей,

Тойғансып мас боласың ішпей-жемей.

Құр айғай салғаныңа кім шошиды?

Жеңермін иттей қылып, адам демей.


Найманның аруағынан кет садаға,

Әзәзіл бола берме екі араға.

Жанақ та қобызымен түк қылған жоқ,

Оңай ма сендей сорлы бишараға!


Орынбай іздеп келіп, кеткен қаңғып,

Жеңген жоқ Кеншімбайды о-дағы аңдып.

Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан?

Жаманын көтереді арғын сән ғып.


Біржанды әке десе менсінбеймін,

Жаратты қыз да болсам, сонша паң ғып.

Жынды бота сықылды бір делбені,

Құдайым, тірі қойған несін жан ғып!


Сонда Біржанның айтқаны:

Арғынға жете алмайды найман өлмей,

Ежелден артық туған теңдік бермей.

Жеңбесем, Сара сені, осы жолы,

Өлгенім жақсы емес пе үйді көрмей.
Сара айтады:

Ей, Біржан, өнер біткен қай жеріңе?

Бұл жолы пайда ілінбес құр теріңе.

Жеңбек түгіл, келмейсің ширегіме,

Әкеңнің менен қорықсаң кір көріне!
Біржан:

Арғынның көз жеткісіз аймағы бар,

Төңірек жеті дуан ойнағы бар.

Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы,

Алты жүз жас бота мен тайлағы бар.
Шалқыған Жаныбек пен Тұрсын, Жанай,

Ит қосты Нармұқамет, Досан, Қанай.

Солардың қисабына көз жетпейді,

Ол түгіл, бір Шақамдай болсаң қалай?


Қаржаста бір құтым бар Мұса, Шорман,

Үзілмей келе жатыр ескі қордан.

Қажының бел баласы Садуақас,

Құтқарған сан қыранды түскен тордан.

Ұл тумас Қазанғаптай ата ұлынан,

Тұқымы дегдар шыққан жатырынан.

Полковник шен алады туа сала,

Шырылдап түскен бала қатынынан.


Шыныбай асып еді бір шағында,

Жан жетпес ер Қазекем аруағына.

Жамантай, Құсбек, Шыңғыс, Сартай төрем,

Ілінген талай найман қармағына.


Тәттімбет ардагерім арғын асқан,

Қырық түрлі күй айланған бармағына.

Ежелден әрі баймын, әрі момын,

Шын қызсам шыдамайсың зардабыма.


Адамның ақ иығы қажы Құнанбай,

Сан жүйрік сау кеткен жоқ бір сыналмай.

Найманның әулиесі батыр Барақ,

Іш-құста болып кеткен түк қыла алмай.


Ыбырай жас жолбарыс білектенген,

Дұшпанға арыстандай жүректенген.

Өзінің заманының бозбаласы,

Перінің жігітіндей реңіктенген.


Ей, Сара, қайсының бар оған жетер,

Өнерін көрген жанның есі кетер.

Адамның жалғыз басты білімпазы

Әлі де жамандамас Найман бекер.


Орта жүз Абай қойды атын батпай,

Үйіне ояз кірмес жауап қатпай.

Арғынның асылдығы, міне, осындай,

Наймандай ағайынын жүрген сатпай.

Бар болса бұған орай қоймай сөйле,

Әйтпесе, сөзіңді қой, босқа шатпай!


Сонда Сараның айтқан жауабы:

Ей, Біржан, сөз сөйлейін анықтатып,

Көңілің ауырмасын қабақ қатып.

Көкшетау, Қызылжарда талай арғын,

Күн көрген жанын жалдап, жатақ жатып.

Найманнан қай жерің бай, мақтанғанмен,

Нәсілде нан жемейміз арды сатып.

Бармаған соң жайымды білмейді деп,

Құр босқа мақтанасың тәңір атып.

Найманда қара керей, сыбан, мұрын,

Жеті ата жолымбетке құйған нұрын,

Шерубай, тана мырза, ер тәукебай,

Қай қазақ сөз бастаған онан бұрын?
Баласы Қозыбайдың Тілеуберді,

Әліхан оның ұғлын әркім көрді.

Құдайдан қорыққан арғын осал демес,

Қарадан хан боп шыққан Қисық ерді.

Жан жетпес Бабатайға, ақын Жанақ,

Аққожа, би Ақтайлақ – асқан манап.

Ақтамберді, Алтыбай, ер Айымбек,

Дұшпанын қолмен сатқан қойдай талап.


Кенжеқұл қазақ жетпес бабасына,

Төрт арыс билік айтқан баласына.

Байтоқа, Қеңесбай мен құт Данияр,

Тоймаған сөздің сөйлер шамасына.

Арғын жоқ мақтағанмен Тойғұлыдай,

Қор құйған қыдыр келіп сабасына.

Бірін-бірі аңдыған қу арғынсың,

Мақтанған мінсең орыс шанасына.

Екі жыл бақ айналса біреуіңе,

Қайдағы жаулық қылған данасына.

Арғында кісілік жоқ мен білмейтін,

Қарны ашса, қастық етер анасына.

Кім жетер Қабанбайға дуа қонған?

Үзілмей тұқымына қуа қонған.

Қожағұл, Әлі, Жақаш, ер Әділбек,

Сүлеймен оның ұғлы шықты соңынан.

Бұтабай, Бәйжігітте құт Шаянбай,

Сасан би, шапты Кенже жауға аянбай.

Шынымен құлаш ұрып самғай берсем,

Қаласың, жетпек түгіл, бір таянбай.

Таласпас Тәнекемнің жан бағына,

Жеңермін егер тартса іс ағына.

Шетінен қыдыр қонған өңшең құтым,

Мың-мыңнан құт тастаған арт жағына.

Арғынның болады дейтін қызы сойқы,

Шот маңдай, иегі ұзын, мұрны кейкі.

Бұйра шаш, дөңсеу ерін, қысқа тұмсық,

Дөрбілжің9, күд бөкселі, ойқы-шойқы.


Жігіті Қоқандықтың аңғалындай,

Аптығар өрттің шалып жанғанындай.

Асыққа ақ жамбыны ерітіп құйған,

Найманның жігіт қайда бағланындай?


Екі ауыз ән білгені ақынмын дер,

Қыдырдан түсте бата алғанындай.

Ұятсыз сіздің елдің бәрі даңғой,

Айтпасаң мұнан басқа қалғаныңды-ай.

Қапыда қалдым деме, ақын Біржан,

Көңіліңнен қоймай сөйле арманыңды-ай.


Сара ақын екеніне көзің жетпей,

Осында қайдан білдің қармануды-ай.

Найманнан қарның тойып кетсе-дағы,

Қоймайсың жылда келіп жалмануды-ай.

Елу күн ғайып болған тоты құспын,

Білмеймін әкеңнен де алдануды-ай.


Өзіңді ат та қылдың, құс та қылдың,

Жайымды адам күймен айтайын мен,

Өнерге екі жағым бәрі бірдей,

Құр босқа бөгелемін келіспей нем?


Сайраған бүтін найман бұлбұлымын,

Ұрғашы ғой демесең, қай жерім кем?

Құдай талап бермесе сүйегіне,

Жабайы тұлпар болмас жегенмен жем.

Арғымақ ғаялының артығы – мен,

Он күндей тынбай шапсам бір алам дем.


Өз басым ұрғашының қара тілі,

Иран-бақ бет бітісім – қызыл гүлі.

Біржан сал, ажал айдап өзің келдің,

Іздеуге ойланып ем өткен жылы.


Майысып нәзік белім бұраң қаққан,

Қырық түрлі дана кеудем өнер тапқан.

Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім,

Сықылды гауһар сағат нақыс шапқан.


Ажымсыз он саусағым бәрі де аппақ,

Болғанда аузым – сағат, ернім – қақпақ.

Кірі жоқ отыз тісім меруерттей,

Ерінбей тіздіргендей адамзатқа-ақ.


Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,

Лебізім шырынындай шәрбәт судың.

Қаққанда төңкерілген қас бітісім,

Ашылған айбатындай жібек тудың.


Қырмызы қызыл жібек маңдайы кең,

Арғынның маған қане, қай қызы тең?

Тал бойым ұзын да емес, қысқа да емес,

Азар дұспан болсаң да қай жерім кем?


Тамағым жас баланың білегіндей,

Иығым сандалеттің тірегіндей.

Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей,

Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей.


Арғынды мақтасаң да жетті найман,

Жетпек түгіл, байлыққа өтті найман.

Бұралқы үйге сіңген күшіктей боп,

Бай болсаң мұнда, Біржан, келдің қайдан?


Найманның арғын жетпес қоғамына,

Қаласың бекер мақтап обалына.

Қымыз бенен қыз сатып күн көресің,

Естимін таянды деп жоғалуға.


Мақтанып жоқ нәрсеңді айтпа маған,

Рас, жаным ашиды, Біржан, саған.

Сөз білсең көп таласпа меніменен,

Алысып құр кеудеңмен қалмас бағаң.


Ей, Біржан, шыдамаймын қылығыңа,

Мақтанба Құсбек, Сартай ұлығыңа.


Үстіне Жамантайды сомдап қоссаң,

Барақтың пар келмейді сынығына.

Ұстаған Тобықтыға дүре соғып,

Аққан қан ат суарған тұнығына.

Қапанның Бай-Қарамен қосы қонса,

Жетпеген қалың тоғай қорығына.

Қазыбек, Құнанбайды найзалаған,

Төрем түгіл, төлеңгіт жорығына.


Садырбай, Жаманбала, Арқабайым,

Тел емген екі енені марқадайын.

Есілге, Едіреймен қамалған қу,

Көк майса жерің бар ма Арқадайын?


Ақ найман Қожабекке арғын жетпес,

Төрт ру Қаратайдан қазақ өтпес.

Көкжарлы, Сарыжомарттай қай жерің бар!

Қызығы Мысыр шәрдей естен кетпес.
Есігі Ергенекті жатыр талай,

Ойласаң есің шығар санай-санай.

Бура жатыр көптігі толық дуан,

Атасы әулие өткен ер Қонақай.


Дәулетке Бура-дағы артық асқан,

Кім баймын дегенменен жағаласқан.

Жаяу байлар көрді ғой малдан ыза,

Қозғалып көшіп жұртқа жете алмастан,

Қайсы арғын жетеді аман көшеріме,

Мен білем сөзді қалай десеріңе,

Кең қолтық өзім теңдес кез келмесе,

Алтайдың көзім толмас өсеріне.

Тойкі10 мен Жоламандай тумас қазақ,

Дұшпанын байлап иттей қылған мазақ.

Менімен айтысуға қайдан жеттің?

Жыл сайын өлуші едің сүйек қажап...


...Өнердің күш көресің өкімінен,

Сөзімнің тойсаң керек секілінен.

Жарыған жалғыз арғын көрінбейді,

Жас қызын ұстап берген кекілінен.

Қара керей матайға жау болған жоқ,

Барақтың артық қайрат етуінен.

Түйеше құр бойыңа сенгенсисің,

Ісің жоқ найман қуып жетуімен.

Тойғұлының асында бәйгі тікті,

Тоғыз қыз арғын берген жетімінен.

Төлеуші ең бір түйе ұрлап, екі бала,

Антұрған ұялмайсың бітіміңнен.

Құтырмай жайыңа жүр жынды делбе,

Келіп кісі болма сен біздің елге.

Сөз білмейтін жеріңе мақтана бер,

Бұл жақта құр айғайың кетер желге.

Ей, Біржан, көңіліңді тындырайын,

Аруақ пенен Құдайға ұрдырайын.

Найманда түлеп ұшқан ақ иықпын,

Топшыңды қанатымен сындырайын.


Құнанбай не себептен Омбы барған,

Ер еді басы әділ қылды жарған.

Ел тоқтап сасқан кезде ұйтқы болар,

Баласы жоқ-ақ дейді оңды болған.


Ей, Біржан, бұ да жетер бір басыңа,

Құл болып о да қуат тұр қасыма!

Сен-дағы жас күніңнен ардагерсің,

Құрбың мен жеткізбеген құрдасыңа.

Ақын емес, жігітсің әңгімешіл,

Мұныңмен шыға алмассың қыр басына.

Құланның дауысындай көмейің бар,

Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына.

Жүз Жанақ, он Орынбай жолдас алсаң,

Мен кепіл сен жеңілмей тұрмасыңа.

Санаң болса осымен тоқта, Біржан!

Арғында бос қаздырмай ұрғашыға.


Сонда Біржанның айтқан жауабы:

Құтыма тигізбе тіл ер Құнанбай,

Алашқа даңқы шыққан кер бұландай.

Он ақынды ескермес есіл басым,

Қадалдың маған, Сара, сұр жыландай.
Сен түгіл, жеткен емес еркек қуып,

Төмен болған жерім жоқ өзім туып.

Шынымен жайнаң қағып самғағанда,

Тұсыма келген емес адам жуық,

Менсінбей қапы қалып өкінермін,

Ызғарлы көрінеді сөзің суық,

Болдырып түстеп кейін сандырарсың,

Байталсың қапелімшіл бір жел қуық.

Барынша өнеріңнің аянбай сал,

Көңілімді көтермей-ақ сөзбен жуып.


Мені қалай, сен бала, кемсітесің?

Жорғамын сарынымен самғайтұғын,

Бәйге аты серпінімді шалмайтұғын,

Әнімді он екі звод жіберемін,

Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын,

Ежелден құлаш мойын, көк айылмын,

Лауға жеті күнге талмайтұғын,

Болатпын екі жүзді, жетем құрыш.

Күйсеуін шапқан түйе танбайтұғын,

Гауһармын бозбалаға сәуле берген.

Дәндеме жаманыңнан жандайтұғын,

Ой желке, қамыс құлақ, қара көкпін,

Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын.

Ұрғашылық қылмасаң бір басыма,

Қазақ жоқ Біржан десе нанбайтұғын.

Даусымның жаңа түсті кәрі жыны,

Дәуірлеп барған сайын болмайтұғын. Қарқабат, Қара қожа – ата-бабам

Осындай ерегісте қолдайтұғын,

Қырымға қарайтұғын қара кермін,

Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын,

Айнымас қанды балақ ақ иықпын,

Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын,

Асылмын аспандағы құс болғанда,

Қаңтарға қалшылдаған тоңбайтұғын.

Тұлпармын Қөрұғлының Ғирратындай,

Алдына жүгірсе мал салмайтұғын.

Рүстем – Дастандаймын дәл өнерге,

Меңгеріп кісі билеп алмайтұғын,

Бір итке елің неге берем дейді,

Алаштан лайық сен таңдайтұғын!

Он бестен ұрғашыға саятшымын,

Күн сайын қанжығамды қандайтұғын.

Аңдап бас аяғыңды, байғұс Сара!

Мен сенің кісің емес алдайтұғын.


Сонда Сараның айтқан жауабы:

Қазақ жоқ хан Бараққа теңгерілген,

Күшімен арғын, найман меңгерілген.

Есіл ер аруақ біткен заманында,

Тоқтыдай сан тобықты өңгерілген.

Еркек жоқ өз басыма теңгерілген,

Сөз пірім он жасымнан меңгерілген.

Не бір нәзік, көзге олқы көрінсем де,

Сан жүйрік қойдан оңай өңгерілген.

Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын,

Матайдың қаракерей сеңгірінен.

Даусыма аспандағы құс айланар,

Құбылып тоты құстай төңкерілген.

Антұрған, Құдай қане, жасырмай айт!

Сөзім жоқ бір кісіден кем көрінген.

Сайраған тамам найман бұлбұлымын,

Қапаста жел тигізбей жем берілген,

Жұрт – сыншы, өзі білмес екі дәукер,

Белгі жоқ адамыңда теңгерілген,

Мақтанғаным болмаса осы кеудем,

Он арғын шалымынан кең көрінген.

Бірінен-бірі дамып асып түсер,

Дауысым алтын тудай паң керілген.
Сонда Біржанның айтқан жауабы:

Жарайды, жаным Сара, осы сөзің,

Тас түлек тұрымтайдай екі көзің.

Сөз айтар қандай кісі деген кезде,

Алдымнан Құдай айдап келді кезің.

«Бір асқанға бір тосқан бар-ақ» деген,

Талайдың қисық деуші ем құрған тезін.

Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың,

Сөйлейсің алтындай қып сөздің жезін.

Қанатын күн шалмаған ақ тұйғынның,

Жапалақ иемденер басқан ізін,

Қор болдың бір қортыққа, Сара қалқам!

Армансыз қылар кімнің ойы-түзін.

Дені сау адам емес Тастанбегің,

Жүр екен тастай алмай о да қызын

Біліп ем, Сара, сенің сыңарыңды.

Баса алмай армандамын құмарыңды,

Ақ үйден айғай салып шыққан кезде-ақ,

Білгенмін сөзге қайрат қыларыңды.

Сұмдықпен бит ішіне қан құясың,

Білмейсің неден зар боп жыларыңды,

Майысқан сегіз қырлы жүйрік-ақсың,

Қай жерден болжамайсың тынарыңды,

Шақыртып күйеуіңді осында алдырт,

Көрейін таңдап қосқан сыңарыңды.

Тез алдырт күйеуіңді, Сара саңлақ,

Көрейін еркегіңді тиген таңдап.

Ашыса рас жаны Тұрысбегің,

Белгісі білінеді келсе сонда-ақ.

Шыбықтай жігіт шығар өңі нұрлы,

Өнері өзің теңдес сегіз қырлы.

Шеберден мін алатын мініскерсің,

Ер шығар тоты құстай неше түрлі.

«Жақсыны көрмек үшін» деген, Сара,

Өзі түгіл, ел қамын жеген, Сара.

Мырзаңды, Жиенқұлдай шапшаң шақырт,

Ұялып бөгелесің неден, Сара?
Сонда Сараның найманның жақсыларына

мұңын шағып айтқаны:

Қажыеке-ау, мынау қалай ақырады?

Жиенқүл тез келсін деп шақырады.

Көрсетсін, асылыңды ап келіңдер,

Аулыңда ол келгенше отырады.

Арғынға жол бермеген есіл тілім,

Күн өтпей қор боп ұшқан қызыл гүлім.

Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем,

Есекке қосақтаулы өтті күнім.

Өзі білер деуші едім жақсылардың,

Ақыры қайғы болды енді мұным.

Алтайдың саңлағымен сөйлессем де,

Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным.

Сіздерге сенетұғын сорлы басым,

Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім.

Өздерің Жиенқұлды көріп едің,

Құдайдан қорықпай шыдап беріп едің.

Шақырған Найман шалдың аруағына,

Бәріңе қыз да болсам серік едім.

Біржанға көрсет әкеп Жиенқұлды,

Бар жұртқа оның сыры аян болды.

Ұяттан кісі өлмейді, сағы сынар,

Қайтейін Құдай қосып ием қылды.

Итіңді келмесе де, келтір байлап,

Өлмесін зығырданым күнде қайнап.

Ағалар, нәсіліңе дұрыс болса,

Құдайға тапсырамын қаптағайлап.

Қажыеке-ау, көріп келдің хақтың үйін,

Мен түгіл, бөтенге де зорлық қиын.

Жиенқүл ерім болып тұра ма екен?

Күнінде таңда-мақшар болса жиын.

Көзіңді аш, көңілімді ала қылмай,

Кетсең де өкпеледім бала қылмай.

Сыртынан өлеңменен шақырайын,

Біржанға өзімді-өзім таба қылмай.

Сәлем де Жиенқұлға келсін жатпай,

Келуге шошынады неден батпай.

Әркімнің қолда бары өзіне алтын,

Біржанға бір тырнағын тұрмын сатпай.

Көрінсін Біржан салға ай секілді,

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.

Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,

Арғынға баламаймын тай секілді.

Тез келіп амандассын Біржан салға,

Қөрінсін айбаттанып Арғын шалға.

Әркім теке қояды өз лағын,

Әйтеуір мені сатып алды малға.

Бермесін дұшпаныма намысымды,

Біледі арғын-найман дабысымды.

Бар болса шыбын жаны шапшаң жетсін,

Ел таныр арғымақтай шабысымды.

Қылмасын дос Жиекем сөзге сынық,

Шарбаттай ағып жатқан сөзім тұнық,

Қамалдан тартынбайтын қайран басы,

Көлге кеп қойып кетсін көзді жұмып,

Асылым Құдай берген өз бағыма,

Тең келмес жеті Біржан тырнағына.

Найманда ұл дария саяткерім

Балық боп ілінгенмін қармағына.

Бағының зор екенін көрсін арғын,

Сықылды салтанатым батыр Тарғын.

Қөрмеп пе Біржан ондай болам десе,

Сескенбей шапшаң жетсін біздің балғын!

Бесіннен қалмай жетсін жаны болса,

Бөгелмей жете көрсін әлі болса.

Елден қайыр сұраған кедей Біржан,

Алмай ма мендей қызды малы болса?

Көрінсін саясатпен менің серім,

Сол еді Құдай қосқан барар жерім.

Кедейге қонақасы тай әпкелсін,

Талабы Тәттімбеттей асыл керім.
Сонда Біржан сөйлейді:

Көрейін кісі жібер күйеуіңе,

Көнбейді жаман болса сүйеуіңе.

ІШркінің қандай екен көзім көрсін,

Адамның таласатын біреуіне.

Мақтамай көрсет көзге келтіріп-ақ,

Сөзбенен жүдеттің ғой өлтіріп-ақ.

Ұялмай осы топқа көріне ме

Өнерсіз, жігері жоқ жетпегір-ақ?
Сараның айтқан сөзі:

Есеке-ау, кісі жібер балаңызға?

Әзәзіл болды Біржан арамызға.

Сыртынан мақтасам да керек болды,

Көрсетпей жігітті ұрлап қаламыз ба?

Өзіңнің Құла жорғаң барсын оған,

Жиекем асыл ерін салсын оған.

Біржанды бір қаққаннан қалдырмас ем,

Құдайым мені қайдан қосты соған?

Қажеке-ау, алдыртыңыз қонақ кетпей,

Біржан тұр көремін деп сөзі бітпей.

Ажал да кісі таңдап алады екен,

Сол итті неге қойған алып кетпей?

Қонжиып мінер Құла жорға барса,

Келе алмас сол шірігің қорғаласа.

Рас, бізді масқара қылар сонда,

Қорс етіп бармаймын деп онда қалса.

Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,

Ербиер елсіз тауға шыққандай-ақ.

Жиенқұл күжірейіп келер ме екен

Он мата арқасына тыққандай-ақ?

Бар еді ұлы-қызың, қажы аға,

Қалдым ғой Біржан деген бишараға.

Сіздердің болып тұрған заманыңда,

Дені сау кез болмадым бір тазаға.

Арғынды бір дөңгелет деп едіңіз,

Мен түгіл, найман қамын жеп едіңіз.

Жәкем мен зиярат қып Бәйтолланы,

Бақтыға есен-аман кеп едіңіз.

Көрмейсіз неге менің көз жасымды,

(Сол жерде Біржан тоқтап, сөз басылды).

Жиылған қаптағайдың жақсылары,

Басқаға айырып бер өз басымды.

Шақырып не қылады оны Біржан,

Көруге ынтық емес соны Біржан.

Арғыннан асып кеткен бай болмайды,

Жеткенмен Жиенқұлға қолы Біржан.
Сонда Біржанның айтқаны:

Шырағым, Сара, сендей тумас бала!

Шежіре туармысың мұндай дана!

Обалың Есімбек пен Тұрысбекке

Жігітің жөндеу екен, әй, бейшара!

Ел-жұртың қорықпайды екен көз жасыңнан,

Қиып кеткім келмейді мен қасыңнан.

Кемітер қай жеріңді дұшпан, шіркін,

Адамзат озар емес өз басыңнан.

Жіберме Жиенқұлға шақыруды,

Өнерсіз үйде білер аһ ұруды.

Қайнайды зығырданым көргеннен соң,

Алдырма мұнда бекер кәпіріңді.

Дұспаның жамандайды не деп сені,

Бәйгіге жарар саған берсем нені?

Бір басты адам болмас сенен өнерлі,

Айбатың ғаламға айқын ай бедерлі.

Садаға тырнағыңнан кетсін, Сара,

Сан жүйрік көріп едім мен нелерді!
* * *

Сөз айтты сонда Біржан біздің жаққа

Ұмытпан, Сара, сені әр уақта.

Қайырған сөзбен жетіп есіл шіркін,

Көремін қайта айналып қай уақта?

Есімбек, б...а сатпа асылыңды,

Сыйлай көр қыз да болса нәсіліңді.

Ұқпасаң арғын жоқты айтты дерсің,

Есеке-ау, құлағыңа ал осынымды.

Қылайын көп ұзатпай сөзді қысқа,

Өлеңге жан көрмедім мұнан ұста.

Аты ұрғашы демесең қарындасың,

Адамның артығы екен осы тұста.

Шынымен баптап күнде дауға салса,

Ілеспес ақын түгіл, ұшқан құс та.

Фортепьян күйі деп ойлар еді,

Қөрмеген даусын естіп тұрса тыста.

Обал тұрған орында сауап та бар,

Жиенқұл тең емес қой бұл байғұсқа.

Законда зорлық болмас жанды адамға,

Жақсыны қор қып болмас бір жаманға.

Және де аят11 пенен хадисте12 бар,

Жылатып берме деген еш наданға.

Қажы барған қаптағайдың Арыстаны,

Жалғыз сіз осы күнде данышпаны.

Өзіне Құдай беріп қойған шақта,

Дұспанның топ етеді алысқаны.

Көрмеп пе Сарадай қыз қатын тапса,

Ішінен өнер қысар аузын жапса.

Қор қылып Жиенқұлға жібергеннен,

Қытайша он есе артық басын шапса.

Тұрысбек, Есімбек пен сау тұр Маман,

Таянды қайтар уақытым елге таман.

Айналып ендігі жыл бір келермін.

Тысқары топырақтан болсам аман.

Сараны Жиенқұлға бере көрме,

Қыз түгіл, ер құнына келер шамаң.

Бар болса сүйегіңде ойларсыңдар,

«Өлі тілін тірі алмас» деген заман.

Байлаулы бала құстай Сара сорлы,

Жоқ екен осы күнде мұнан жаман...



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет