Бір қыз бен он алты ақын І бөлім 82. 3К б 94 Бірінші бөлімінде: Бір қыз бен он алты ақын



жүктеу 3.85 Mb.
бет12/13
Дата02.04.2016
өлшемі3.85 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
: files -> docs -> books
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кәкішев, Ө.Әбдиманұлы
docs -> Изучить устройство светооптического микроскопа Усвоить основные показатели микроскопа Усвоить правила работы с микроскопом
docs -> Бабаджаев Радбей Бабаджан Халматов
docs -> Продуктивные качества бычков абердин-ангусской, чёрно-пёстрой пород и их помесей 06. 02. 10 частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Сравнительная оценка роста, развития и мясной продуктивности бычков абердин-ангусской, симментальской пород и их помесей в условиях центрального черноземья 06. 02. 10 Частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Учебно-методический комплекс дисциплины «биогеография» Для специальности
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Қыраубайқызы бес томдық шығармалар жинағы астана 2008 алма қыраубайқызы екінші том астана
books -> Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі жан-дүние сырлары кіріспе
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа

Өсиет
Ал, Мүтәліп, азырақ

Сөйлеп қал, сайрат тіліңді.

Өз ойыңша өлместей

Мәз болып жүрген күніңде.

Екі оралмас бұл жалған

Кешегің қайтпас бүгінге.

Ажал келмей қоймайды

Кім болсаң да түбінде,

Өлімді ойдан шығармай,

Сыйласқан жақсы тіріңде.

Бұл сөзіме түсінер

Кездессе ерлер білімді.

Кейінгіге қалсын деп,

Айтамын енді жырымды.

Дуда қазған жүйріктей

Жасымнан көрдім дүбірді.

Қадірледі халық мені,

Арнадым саған жырымды.

Есіте берсін көпшілік

Айқайлап салған үнімді,

Перзенттің жөні бір бөлек

Ата-анаға шырын-ды.

Табиғатқа ризамын,

Алмажан, Асыл, Жақыпбек –

Өмірге берді гүлімді.

Өсиетім, балалар,

Біреуің сыйла біріңді.

Жалқаулыққа салынбай,

Еңбекпен көрсет түріңді.

Бар уақытта ізденіп,

Меңгерген дұрыс ғылымды.

«Жақсы болсаң жұрт мақтар»

Деп айтып кеткен бұрынғы.

Үлкенді көрсең «аға» деп,

Құрметпен қолын алып тұр.

Ағалықпенен жұмсаса,

Кесірлік етпей, барып тұр.

Нашарды көрсең, көмектес,

Көз қырыңды салып тұр.

Мәпелеген ата-анаң

Қартайған кезде бағып тұр,

Ата-анаң саған қамқоршы.

Жақсылап күтсең адалсың,

Сыйламасаң арамсың.

Еркінсіп саған сөз айтса,

Жекіріп ұрыссаң, надансың.

Бұл сөзімді ұмытпай,

Бар уақыт еске аларсың.

Сыйласпаған өмірден

Не махаббат табарсың?

Өкпелетсең соларды,

Қай жерге ұзап барарсың?

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Аялап, күтіп, уатқан.

Ашықтырып жылатпай,

Ақ сүтін берген бұлақтан.

Бар тәніңді тазалап,

Қайта-қайта құрғатқан.

Екі жастан асқанша,

Көзі ілінбей түн қатқан.

Апыл-тапыл жер басып,

Шыққаныңда құндақтан,

Қарызы көп ананың

Хабарсыз болма бұл жақтан.

Басыңа қонған бақ құсың

Тән-денің сау жүргенде,

Артық емес бұл сөзім

Ақылмен ойлап білгенге.

Денсаулыққа не жетсін,

Досыңменен сыйласып,

Дәуренді жалпақ сүргенге.

Кіршіксіз таза көңілі

Қосылсаң адал сүйгенге.

Жайраңдап шықса алдыңнан,

Қонақ ертіп қасыңда

Келгенінде үйге енді.

Базар етіп барыңды

Мейманға берсе дайындап,

Әр сөзіңе түсінсе,

Ақылмен ойлап пайымдап,

Қабағын босқа шытпаса,

Сәл нәрсені уайымдап,

Ол да қызық өмірде

Жарыңменен жарасқан.

Берекең қашып тозарсың

Айқай-ұйқай таластан.

Ақылдасып іс қылып,

Бәріне дұрыс санасқан.

Қарасаңдар шамалап,

Тең тұрып еңбек еткен көп.

Еңбек Ері атанып,

Мақсатына жеткен көп.

Нақыл сөз тастап артына,

Ақындардан өткен көп.

Жақсы сыйлас досыңмен

Өтінішім көптен-көп...

Ақылдыға жараспас

Ақынның сөзін шет көрмек.

Ойланып іс қыл ақылмен

Алды-артыңды шамалап.

Кеуілің таудай болғанмен,

Халық жүрер бағалап.

Жақсы болсаң атағың

Ел ішіне таралад.

Араныңды көп ашпай,

Барыңа етсең қанағат,

Сыпайы болсаң сабыр қыл,

Соңыңа ертпей жамағат.

Бір іліксең өсекке,

Тек жүрсең де жамалад.

Күлістік етіп әркімдер

Сыртыңнан жүрер табалап.

Ақылы бар ерлерім,

Көріңдер ойлап саралап.


Өмір туралы
Өте шығар өмірің

Бір мезгіл жауған жаңбырдай.

Бес пенен он бес арасы

Таңдайдан дәмі кетпейтін

Сәбилік кезің қауындай.

Он сегіз бенен жиырмада

Бәйге атындай бабында.

Жиырма бес пен отыз жас

Толысып денең күш жиар,

Мергеннің садақ жағындай.

Отыз бес пен қырық деген

Жүретін шағың арындай.

Көзді ашып-жұмғанша,

Қайрылмастан бұл да өткер

Қайта оралып табылмай.

Сол жастарды аңсайсың

Бұлдырап кеткен сағымдай.

Жиған мүлкің – жұққан кір

Қол жусаң кетер сабынға.

Қырық бес пенен елуде

Ақылмен ойлап көрерсің

Ілесе бермей сарынға.

Кішіге сілтеп жөн айтып,

Әр ісің келер орынға.

Елу бестен өткен соң,

Алпысқа жасың жеткен соң

Тұрмайды қайрат қолыңда.

Табиғат берген немерең

Аталап жүрсе соңыңда.

Өміріңнің жалғасы

Қызығы қандай оның да.

Алпыс бестен асқан соң,

Жетпіс деген бел жатыр,

Ар жағында бір тайпа

Баяғы кеткен ел жатыр

Сексенге барсаң селкілдеп,

Әзер тұрып орныңнан,

Таяғың жүрер қолыңда.

Тоқсан деген қиын жас,

Тор етіңнен айрылып,

Түсерсің басқа порымға.

Жүзге адам жетпейді,

Жеткенмен арман етпейді,

Қазылған ор бар жолыңда.

Көп жасаған жақсы ғой

Қосағыңмен өмірде,

Бір мәрте өтіп кеткен соң,

Мүмкін жоқ қайта келуге.

Еркімен ешкім бара ма

Хабары суық өлімге?

Жүре бергің келеді

Жалғанның шалқар көлінде

Ол қызықтың тетігі –

Бала менен келінде.

Қатты сөз айтып қайғыртып,

Келтірмей өкпе көңілге.

Егер олай болмаса,

Қайыр қош айтып көз жұмып,

Босатқан жақсы төріңді.
Толғау
Сұлу Сырдың бойында

Не айтқыш шешен дүр болған,

Оза шауып жүлде алған.

Ойын сауық, тамаша

Жүрген жері жыр болған.

Бәріне опа бермеген,

Басынан өткен бұл жалған.

Мүтәліп ақын сөйлесін

Сөзімен шекер сырланған.

Өте шығар өмірің

Аяқты аттап басқандай.

Он сегіз бенен жиырма бес

Шалқисың өсіп асқардай.

Не кездессе қаймықпай,

Ұмтылар шағың жасқанбай.

Білім алып жетілсең,

Боларсың дария тасқандай.

Құрақты көлдей толарсың,

Кемерден суың асқандай.

Өз орныңды таба алсаң,

Өмірге үлес қосқандай.

Аяғыңды аңдап бас,

Жігіттік желге мастанбай.

Отызға жасың іліксе,

Өткенің қызық дастандай.

Қырындап сонда жүрерсің,

Қосыла алмай жастарға.

Кейінге ақыл айтасың,

Аяғын шалыс басқанға.

Отыз беске келгенде,

Кемелденген шағың ғой.

Өтіп кетсе табылмас

Басыңдағы бағың ғой.

Қаймығатын әркім-ақ

Лаулаған ол жас жалын ғой.

Аңдап бассаң аяқты,

Алтыннан мінген тағың ғой.

Сөйтіп жүріп қырықтың

Қырқасына шығасың.

Жақсы-жаман, бәрін де

Сол кезде анық ұғасың.

Жастардың басы қосылса,

Шеттеп былай тұрасың,

Жас ортаға келді деп,

Өкініш, қиял қыласың.

Қырықтан ассаң бір күні,

Қырық бес деген жас келер.

Өзіңнен үлкен болмаса,

Кәделі жерде бас келер.

Шақырғанға бармасаң,

Келмеді деп ескерер.

Жастардан асып шекараң,

Кәрілер сені дос көрер.

Бұрынғыдай қайрат жоқ,

Күш кеміп денең бос келер,

Оған да мойындамайсың.

Жазың өтіп, қыс келер,

Дегенменен, ерлерім,

Мезгілің осы ескерер.

Білінбестен ақырын

Елу кеп мінсе еңсеңе,

Келе сала сүйрелеп,

Шығарар биік дөңсеге.

Сабыр сақтап жүресің,

Ойыңа нелер келсе де,

Елу деген орта жас,

Елу беске де жетерсің.

Жақсы болсаң артыңа

Үлгі тастап кетерсің.

Жаман болсаң егер де,

Жаралғаның бекерсің.

Ой-өрісің молайып,

Салмақпен сабыр қыларсың.

Ұл, қызыңа жөн айтып,

Данышпандық құрарсың.

«Дұрыс жолың осы» деп,

Жөн көрсетіп тұрарсың.

Көрініп тұрған алдыңда

Алпыс жасқа да шығарсың.

«Ауырды, - деп, - қос тізем»

Кінә тағып аяққа,

Қалмаймын деп жығылып,

Сүйенерсің таяққа,

Жас көргенді көре алмай,

Деп сұрарсың «қаяқта».

Кіреуке тартып суланып,

Нашарлай бастар жанарың.

Құлағың дұрыс ілмейді

Жастардың айтқан хабарын.

Отырасың ұнатпай

Шулағанын баланың,

Жас кезіңдей баяғы

Ашыла бермес қабағың.

Жылжыған өмір тартады

Алпыс бестің табағын.

Пайдалансаң аз емес,

Көп жасап көрген сабағың.

Көбірек үйде жатарсың,

Ауасын жұтпай даланың.

Балаң менен келінге

Деп айтарсың «қарағым».

Кәрілік емей немене,

Ақылмен ойлап қарағын.

Жетпіске де шығарсың,

Сақал-мұртың желпілдеп.

Екі көзден су ағып,

Бет-аузың тұрар көлкілдеп.

Жамбасың, белің ауырып,

Жүрерсің зорға селкілдеп.

Жүгіріп жүрер шамаң жоқ,

Қайырып басар қадам жоқ.

Қатарың сиреп азаяр,

Баяғыдай адам жоқ.

Сағалайсың от басын,

Ошағыңа таған боп.

Жетпіс бес келіп жабысар,

«Айрылмайтын досым», - деп.

«Сенсіз болмас қошым» деп,

Жолменен сүйреп жөнелер.

«Мына жақта көшің», - деп

Өзің де елпек қағасың

Тартынайын несін деп.

Көргендер басын шайқайды,

«Жасында ер ед есіл», - деп.

Көрпеше-жастық жиылмай,

Аяқты жатып көсіл деп,

Шатақ шал болма сол кезде

Айтпасын ешкім «кесір» деп.

Көлеңке тартып салқындап,

Қалғандай болар бесін кеп.

Бүгежектеп жүрерсің

Серігің сексен болғанда,

Білінбей өткен басыңнан

Таң қаласың жалғанға.

Жаяу жүре алмайсың,

Таяғың серік талғанда.

«Жетекте», - деп, - қолымнан»

Жабысасың балдарға.

Басыңа келер күлгенің

Жас кезіңде шалдарға.

Тұрайын десең тұра алмай,

Тұрғанмен дұрыс жүре алмай.

Кәрілікке өкпелеп,

Ешбір лаж қыла алмай.

Жатқаныңды кім білер

Күйге ұшырап мынандай.

Ол да өмірдің азабы,

Далаға қалсаң шыға алмай.

Сексен бес пенен тоқсанда

Кездескенің жоқ санға,

Дәуреннің бастан өткені,

Жастығың қайтпас тоссаң да,

Қыдырып барған жеріңде

Күлкі боларсың жастарға,

Барар жерің белгілі,

Құтылу жоқ қашқанда.

Көсемдер өткен не дүлдүл

Айналған аты дастанға,

Батырлар өткен шапқылап,

Шығарған шаңды аспанға.

Жүрейін десең тегіс жол

Шыға алмайтын бел болар.

Аяқты бассаң қыбырлап,

Алдың бір қия ор болар.

Жүз қадам жерге жете алмай,

Шаршап денең тер болар.

Ар жағы – құз түбі жоқ,

Қартайған деген сол болар.


***************






Асылбек Қыраубаевтың термелері
Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі 1952 жылы 21 маусымда дүниеге келген.

Қызылорда облыстық атқару комитетінің жауапты қызметкері, облыстық әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жауапты қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кеңсесінде жауапты қызметтерде көп жылдар бойы еңбек атқарған, әлі де еңбек тұғырынан түскен жоқ.

«Тағдыр талқысы» әңгімелер жинағы, «Жан-дүние сырлары» өлеңдер жинағы, «Сезімді шабыт тербейді» әндер топтамасы кітаптарының авторы.

Мүтәліп Қыраубайұлының (өлеңдері «Ғасырлар мұрасы», «Өсиет», «Жыр шашу», «Сырда өткен сөзсайыс», кітаптарында жарияланған) әулетінің түлегі.



Әкеме арнау
Түсті әке ойыма

Жүгірдім қаламға

Жырласам бір сәтке

Қайғы, мұң тарар ма…?

Жалғызбын әкесіз,

Қалғандай аралда.

Өткелсіз өмірім

Бар шығар әлі алда.

Сүйенер дарағым

Құлады даламда.

Құлазып көңілім,

Кетемін әр ойға.

Сағындым әкемді

Жас келіп жанарға.

Сағыныш қайғының

Орнына толар ма?!.

Көлдеген көз жасым

Әкемдей болар ма!..

Бір ғасыр әкеме

Налимын қимаған

Өмірдей сараңға.

Қайтейін жанымды

Тасқа ұрып жарам ба?!..

Қайғыны неге осы,

Берді екен адамға!…

Сонда да сілкінтіп,

Өзімді алам да

Батырдай сезінем,

Тұрғандай алаңда.

Тағдырдай алдырмас,

Ұмтылам қамалға.

Тоқтатпай сүйрейді,

Тағдырдың жолы алда.

Жүремін, күлемін,

Білмеймін тағы да

Тосарын тағдырдың

Әлі де нені алға.

О, әке, теңейтін

Тең нәрсе таппадым!

Білемін көп жанның

Биік!-деп жатқанын

Сіз барда тиетін

Төбеме аспанның.

Иіліп көрдім бе..

Алдында басқаның…

Жақсы іс атқарсам,

Бір мақтап тастадың.

Кеудеме нұр құйып,

Жаңа іске бастадың.

Өзіңнің үлесің

Бел болса асқаным.

Бір кірпіш ел үшін

Болса егер қосқаным.

Үйрендім өзіңнен

Өмірдің дастанын.

Кім білген ғайыптан

Ажалдың тосқанын.

Қоштастың қолымда,

Қиналды – ау жас жаным.

Қимадым өлімге

Егілдім, сасқаным!

Мәңгіге қоштастық…

Әке жан-асқарым!

Кеттіңіз өмірден

Жастығым-тоқтадың.

Енді мен қалайша

Борышты ақтадым..?!

Жаспын деп жүгірдім,

Тұлпардай баптадың.

Алдыма әкелдің

Бар болса тапқаның.

Кім білген дүние –

Болар деп қас – қағым.

Көзіңнің тірінде

Көңіліңді ашпадым.

Үстіңе дүрімді

Неге әкеп шашпадым!..

Осылай жегідей

Жейді ой жанымды.

Келмесін білемін,

Көзден жас ағылды.

Ақылдың кені едің

Дарақ ең тамырлы.

Көлеңкең түспейді – ау…

Көңілім сағынды…!

1987 ж.
Құдайға ет құлшылық


Құдайға етсең құлшылық

Күлімдеп тұрар күн шығып.

Еткен ісің оңалып,

Қуаныш сыйлар тіршілік.

Егер олай етпесең,

Әр ісіңнен зіл шығып.

Берекең кетіп безерсің

Жатқан жерден су шығып.

Дүние төмен тартады,

Тақыр жерден ми шығып.

Өмір деген – теңіздей

Бір батарсың, бір шығып.

Құдайдан көмек сұрарсың,

Кетер кезде тұншығып.

Татар дәмі барында

Адам деген бүр шыбық.

Татар дәмі жоғында

Сынып кетер қу шыбық.

Дүниеде барыңда

Күнәдан тазар құлшынып.

Өмірден озар кезіңде

Үлгермейсің де күрсініп.

Құлшылық етсең Құдайға

Құр жүрсең де құралар.

Дүниеде шалқып жүргенмен

Болады сәтің сыналар.

Білмеді ешкім дегенмен

Шындығыңды шығарар.

Кеудеңді керіп жүргенмен

Келеді кезі сұралар.

Сен пендесің, сен құлсың

Ей бейшара пірадар.


Қазақтың қазақтығы тілінде тұр
Сен айтшы ойымдағын қыл қаламым..

Жанды жеп, тілім үшін мұңданамын.

Кешегі ғасырлардан аман жеткен

Тілімді шұбарлатып, жұлмаладым.

Ұрпағы басқа тілде сөйлеп кетсе,

Қайтейін сұлулығын бұл даламның.

Тіл құрыса салтым да өшер,ұлтым да өшер

Ел болудан еркіммен құр қаламын.

Бізді де: «Бұл өмірде болды!»демес.

Соны ойлап көзден жасым жылғаладың.

Өзгенің өркендетіп тіл базарын,

Жат болған арамызда жүр қазағым!

Тіл білу от басынан басталады

Не керек басқа тілде шулағаның.

Әр қазақ өз тіліңде сөйлеп жүрсең

Халқыңа мың жақсылық сыйлағаның.

Ана тілін ұмытқан жан – меңіреу жан,

Туғанша дұрыс еді тумағаның!


Дегенмен, сабыр түбі – сары алтын.

Басамын жүрегімнің тулағанын.

Елім барда, жерім мен тілім барда

Қалайша қабақ шытып қиналамын.

Тарихым бар, діңгегін қалап кеткен

Кешегі өтіп кеткен тұлғаларым.

Жастарым бар ғарышқа жол салатын,

Білімді, ұлтын сүйер құйма дарын.

Осындай жүрегінде намысы бар

Жастардың жігеріне иланамын.


Адамды сана-ойға қанықтырып,

Жаратқан әртүрлі ұлт, халық қылып.

Ана тілін ұмытқандар - елді ұмытар,

Тіл білмеуден болады қауіптілік.

Өз тіліңнен ұлы тіл табылмайды,

Жүз тілді жүгендесең жарыстырып.

Тіліңді біл,салтты үйрен, ұлтыңды сүй

Басқаны үйрене бер ауыстырып.

Тіл деген тіліп өтер наркескендей,

Ақылмен қайда салсаң жанып тұрып.

Тілінен айрылған жан бір бейшара

Бойынан жоғалады намыс қылық.

Дүниенің кілті-тіл,құлпы-ауыз

Байқамасаң жіберер қамытты іліп.

Тілі жоқтың – елі жоқ ,мазақ етіп

Таптайды жігеріңді «табыт» қылып.

Өзгенің өгейлігі өзгермейді,

Ағызсаң да сөздерін арық қылып.

Сол арыққа мойныңды бұрап салып,

Тіліңді тұншықтырар балық қылып.

Жүзіңе көз қиығын салады да

Айтарын ішке сақтар танып тұрып.

Шеттетіп,шегіндіріп жүрсе дағы

Мәз болып ыржиарсың қалыс тұрып.

Көңілің өмір бойы құса болар,

Қоса алмай еліңе ұрпақ табыстырып.


Туған жер – шайқалмайтын шаңырағың.

Туған тіл - өзегіңмен сағынарың.

Елінің бақытына жаны пида

Халқының бірлігі үшін арығанның.

Жоғалтпаған жүректе намысты ерге

Туған ел,туған тіл ғой ән-ұраның !

Тілің таза,иманың таза болса

Сол жолың – көп күнәден арыларың.

Ана тілің - адымыңды ұзартады,

Түсініңдер бұл сөздің мәні барын.

Дәстүрің, дінің, тілің – бүл үшеуі

Бас иіп, құрмет тұтып, табынарың.

Қазақтың қазақтығы тілінде тұр!

Ұмытпа Ұлы сөздің жаны барын.



Қазақтың қазақтығы тілінде тұр.
Қазақтығы қазақтың

Алатау, Алтай жайлаған

Бірлігі берік елінде.

Не данышпан, батырды

Келтіріп жатқан өмірге.

Каспий, Арал теңізі

Балқаш, Жайсаң көлінде.

Ұлытау батыс, шығысы

Солтүстік пен оңтүстік,

Қарт Қаратау төрінде.

Түгін тартсаң байлығы

Төгіліп жатқан жерінде.


Қазақтығы қазақтың

Иманды, адал түрінде.

Даланың алып ұлдары

Алға ұмтылған бүгінде.

Жақсының жүр қасында

Көптен озар түбінде.

Ана тілі – тұғыры

Келешегі білімде.

Білім жолын таңдасаң

Қиын да жолда сүрінбе.


Қазақтығы қазақтың

Кең дастархан үйінде.

Жаныңды тербер,сыйқырлы

Әуезді, әсем үнінде.

Саусақтары билеген,

Күмбірлеген күйінде.

Бәрін айт та бірін айт

Байлығы -Ұлы тілінде!

Мұраға қалдыр кейінге

Тіліңді қолда тіріңде.


Ана тілім – ардағым

Қазағымның жырысың.

Білген сайын тілімді

Ашыла түсер тынысым.

Жылы – жылы сөйлесең,

Жауың да болар туысың.

Қынабынан шығарма

Ащы сөздің қылышын .

Дауға салсам шебердей

Жатқызады тігісін.

Өлеңге салсам ойнақы,

Тұлпарға ұқсас жүрісің.

Өнерге салсам тереңсің,

Шешендік сөздің пірісің.

Жақынға ғана жеткізер

Жүрегімнің сырысың.

Өз тіліңде тілесең

Арта түсер ырысың.

Жасқа жолды көрсетіп,

Ақылдың айтар дұрысын,

Осындай тілді білмейтін

Бейшара кімнің құлысың?!.


Ана тілін құрметтер

Сен қазақтың бірісің.

Баба қаны төгілген

Туған жері, тілі үшін.

Тылсымнан аман жеткізген

Бабалардың үні үшін.

Өз тіліңде сөйлесең

Басқаға үлгі бұл ісің.

Өзге үйренсін тіліңді

Тірлікке қажет,күні үшін.

Өз тіліңді үйрен де

Өзге тілден жиренбе,

Сонда сыйлы, ірісің.

Халқымның есті ұлдары

Елінен қалай суынсын.

Тіліңді үйрет балаңа

Жүрегі елге жылынсын.

Қазақтығың тіліңде

Дегенді ол да ұғынсын.

Тілің бар, туған жерің бар,

Арқа сүйер елің бар.

Сен бақытты адамсың!

Ұлы Қазақ ұлысың.
Тілім-тілім болған тілім-ай!
Тілім-тілім тілімді

Ойлаған жүрек тілінді.

Мына тарпаң заманда

Тілімді менің суырды.

Тамырын қиып елінен,

Талайлар теріс бұрылды.

Айтайын десем ұлдарға

Көбісі тілге қырын- ды.

Айтсам кейбір қыздарға

Түсінбейді дымыңды.

Бұл қалай болды жастар-ау?!

Кімге айтамын мұңымды.

Тіліңді өткен бабалар

Аманат еткен мығымды.

Ел етіп берді жеріңді

Желбіретіп туыңды.

Бастырмаған кеудесін.

Басын кесіп алғанмен,

Кестірмеген тіліңді.

Келешек елдің тұтқасы

Жастарым еді бүгінгі.

Кей азамат шетелдің

Шайтанына ұрынды.

Намысы жоқ қыздарым

Бұтына барып ілінді.

Тәрбие жоқ, намыс жоқ

Өз тілінде сөйлемес,

Қай мұңдардан туылды.

Келешегің – күмәнсіз,

Кешірмейді мұныңды.

Сен намыссыз болғанмен,

Ұрпағың болса ақылды,

Соған өмір қиын-ды.

Ұлтына селқос, тілге - мәң

Адамдарды көргенде,

Жүрегім болды-ау жұлынды!

Ызадан келген кермек жас

Тамағыма тығылды.

Тіліңнен егер айрылсаң,

Қалдырмайды түгіңді.

Отаныңды ойрандап,

Лайлайды суыңды.

Қызың күңге айналып,

Құл етеді ұлыңды.

Сасық көл жалғыз егесі

Көкқұтанға ұқсатар,

Айналдырып миыңды.

«Тілі жоқтың – елі жоқ!»

Осылай дейді бұрынғы.
Жақсы мен жаман
Ей замандас, замандас!

Бейбіт күнге жетпейді

Бұл өмірдің парасы.

Жүрегіңнен кетпейді

Жүгенсіз салған жарасы.

Жақсылық пенен жамандық -

Бір ауыз сөз арасы.

«Жарым ырыс – жақсы сөз» -

Барлық дерттің дауасы.
Жақсының жолы жаңғырып,

Үлгі болар ұрпаққа

Аманат еткен қалдырып.

Әр ісінде – арлылық.

Әр сөзінде – мәнділік.

Жаман жолда сүрінер

Тегіс жерде таң қылып.

Тәрбие түбі – тазалық

Жаманда болмас сау қылық.

Асқақтатып өз-өзін

Тау мен тасқа жанды ұрып.

Жүрген жерін бүлдіріп,

Ел арасын дау қылып.

Кеше жүрген досыңды

Кешірместей жау қылып,

Көзден жасын ағызар

Қарындасты қам қылып.

Ара түскен жақын мен

Туыстарын дал қылып.

Байлап берер намысын

Ағайынның мал қылып.

Алмаса болды қос қолын

Арандатып қан қылып.

Аласұрған аздырар

Дүниені тар қылып.

Жақын жүрсең мұндайға

Жібереді мәң қылып.

Жаман әдет жұғысты,

Қалып жүрме санды ұрып.
Өкінішпен өтерсің

Абыройдан айрылып.

Намыстың жөні бір бөлек

Ел жүгін артар нар қылып.

Жақсының аты өшпейді,

Істеген ісі мәңгілік.


Дүние мен адам
Дүниенің бір біткен соң жалғауы жоқ.

Бәрінен адамзаттың арманы көп.

Әр адам өз әлінше тырысқанмен,

Есімі ескерусіз қалғаны көп.

Біреудің жегені мол, тойғаны көп

Біреулер ұнатады пайданы көп.

Уақытында бай-манаптар атанғанмен,

Тарихта орын алар салмағы жоқ.

Сараңның қоймасына қойғаны көп.

Жақсының жазып кеткен томдары көп.

Батырлар бар өмірін сарп етеді,

Елінің езілмейтін қорғаны боп.

Осындай адамдармыз араласқан.

Ел ісін биік қойған қара бастан.

Кейбіреу шыбын жанын шырылдатса,

Сауғалап, қара басын ала қашқан.


Ақындар ел айта алмас сөзін айтар,

Тереңнен тебіренткен қайнары боп.

Жер жүзін жүз айналып шықсаң дағы

Табылмас таза адам арманы жоқ.


Өмірде мәрт адамнан қулары көп.

Шешілген, шешілмеген сырлары көп.

Өмір бойы күреспен өтер адам,

Шегі бар – дүниенің тұрлауы жоқ.

Адамның қиялы мол, ойлары көп.

Өмірдің шырғалаңды жолдары көп.

Қаншама жұлқынғанмен өмір қысқа,

Құдайдың іліп кетер қармағы кеп.


Жақсы адам шалпылдамас болмашыға.

Жақсы істің себеп болар жалғасына.

Білгенін өнеге етіп қалдырады

Жаратар адамзаттың пайдасына.

Жаныңның желіп жүрген арғымағы

Бір күні ол да келіп болдырады.

Адамның бұл өмірде арттырғаны

Мұрасын ұрпағына қалдырады.

Бұл өмір бір өткен соң оралмайды.

Соны ойлап мұңға батқан оңалмайды.

Дүниені тамұқ келіп басқанынша

Адамзаттың үміті жоғалмайды.


Ғанибет
Үлкейсең жасқа үйрет ақылыңды.

Кінәлап отқа қума жақыныңды.

Жұмсама ел ішінде іріткіге

Үкілеп жауға салар батырыңды.

Сөз айтпа ел арасын бұзатұғын.

Басу айт, ақымаққа қызатұғын.

Дүниеге тоймайтын адамдардың

О бастан іші толған ыза тұғын.

Жағаңнан ала түсер озып кетсең.

Шоқ-шоқтап отырады тозып кетсең.

Ел бірлігі, ынтымақты түгел етіп

Қалыспа қай заманда озық көштен.

Кезегімен үлкейер жастар әлі.

Үлкен болу жас кезден басталады.

Тәлімсіз, тәрбиесіз, бейпіл болсаң

Сен атқарар үлкендік бос қалады.

Алса да жүрегінен жанын жұлып,

Үлкеннің қасиеті – сабырлылық.

Екпіндеген есерің елді аздырған,

Келетін адам таппас халін біліп.

Өтеді пәни дүние басымыздан,

Қас жима, дос жинаңыз жасыңыздан.

Қым-қиғаш қырылысып жатқандардан,

Ақылды, сабырлы адам басып озған.

Пікір айт, тура қарап тайсалмаған.

Жылтыр сөз – жоқты табар ой салмаған.

Ақылмен, шындық үшін шырылдасаң,

Қаларсың ел аузында «жансаң» да аман.

«Еліме келтірме!» деп қасіретін.

Тәңірге «Шүкір!» етіп бас иетін.

Қартаю да орнымен бір ғанибет

Бере гөр үлкендіктің қасиетін.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет