Бір қыз бен он алты ақын І бөлім 82. 3К б 94 Бірінші бөлімінде: Бір қыз бен он алты ақын



жүктеу 3.85 Mb.
бет6/13
Дата02.04.2016
өлшемі3.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: files -> docs -> books
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кәкішев, Ө.Әбдиманұлы
docs -> Изучить устройство светооптического микроскопа Усвоить основные показатели микроскопа Усвоить правила работы с микроскопом
docs -> Бабаджаев Радбей Бабаджан Халматов
docs -> Продуктивные качества бычков абердин-ангусской, чёрно-пёстрой пород и их помесей 06. 02. 10 частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Сравнительная оценка роста, развития и мясной продуктивности бычков абердин-ангусской, симментальской пород и их помесей в условиях центрального черноземья 06. 02. 10 Частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Учебно-методический комплекс дисциплины «биогеография» Для специальности
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Қыраубайқызы бес томдық шығармалар жинағы астана 2008 алма қыраубайқызы екінші том астана
books -> Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі жан-дүние сырлары кіріспе
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа

Нұрила мен Жетісу ақындарының айтысы

және Жамбылдың төрелігі
Нұрила:

Мен болсам Жантудағы Нұрила ақын,

Шығандап шырқағанда шықсын даңқым.

Құбылтып ырғағымен даусым әнді,

Тыңдасын ынтасымен сүйіп халқым.
Жасымнан шаршы жиын топқа түстім,

Ақынмен көңіл соққан көп айтыстым!

Телегей теңізіне көптің малтып,

Халықтың қайнарынан шәрбат іштім.


Сондықтан мүдірмейді тіл мен жағым.

Кенеттен тез қамданып ой, қиялым,

Алдында әлеуметтің сөйлегенде,

Кетеді көтеріліп аруағым.


Жолдаспын өмір серік өлеңменен,

Құдықтан өнер қаздым тебенменен.

Кененді бір көруге құмар едім,

Атақты әншіл ақын дегенменен.


Жеңіп ем былтыр ғана Арғынбайды,

Осы үйде домбырасы даңғырлайды.

Мен бар жерде айтпастай болып еді,

Әйткенмен ақын, шіркін, ар қылмайды.


Шыдамай өлеңімнің таяғына,

Жеңіліп ең Байбурыл баяғыда.

Оспан, Мақыш, сенің де есіңде ме,

Жем түсіп ақсағаның аяғыңа.


Айтыспаған менімен Шүкітай бар,

Жампаңдаған қасыңа Жартыбайды ал,

Ұлы тойда осындай кез болғанда,

Қалдым демей қапыда, айтысып қал!


Үмбетәлі жай сөзге шамданатын,

Бар қобызы Бармақтың таңданатын.

Менімен осы жерде көп ақын бар,

Айтысуға қайсысы қамданатын?


Ортамызда ежелгі жырау отыр,

Барлық ақын бас қосқан мынау отыр.

Сіз, тыңда, сізден соңғы айтысалық,

Жай бізді Жамбыл ата сынап отыр.


Дулат ақыны Шүкітай:

Қапы ма едің, қарағым, Шүкітайдан,

Атым түсті аузыңа сенің қайдан?

Өз өнерім өзімді тарықтырмас,

Көмек сұрап көргем жоқ Жартыбайдан.
Айтыспаған сазайым тек болмаса,

Сені білем, Нүрік-ау, кішкентайдан.

Атақ, ізет, абиыр сақтамасақ,

Біреумізден, шырағым, төгілді айран.


Жанту болсаң, Нүрігім, Жаныс едім,

Ауылыңмен ағайын таныс едім.

Екі бақсы жеңгенде бірін-бірі,

Бір емес пе ойлашы намысы елдің.


Аулақта әлі де бір айқасармыз,

Қара өлеңмен қағысып шайқасармыз,


Оңашалау Дулаттың бір тойында,

Ақындықтың әр түрін байқасармыз.


Той бастауға әлгіде ол таласты.

Жолын қуып атаның Шапырашты,

Жүлдесіне солардың жүйрік тиді,

Білетіні жоқ па екен сөз ұйқасты?


Дулат ақыны Бармақ:

Қобыз қылы қолында мен ғой – Бармақ,

Әлден келсе абиыр әркім алмақ.

Неге қажет жоқ жерде руласып,

Шапырашты, дулатпен бола қалмақ,
Құбыладан оң тұрып жел соққанда,

Жер түбіне кетеді, жеңіл қаңбақ.

Айқайласып келгенде арты жеңіл,

Шапырашты жай тұрсын жолды алмай-ақ.


Не дейді бір-біріне екі дулат,

Жай ғана шапырашты тұрсын тыңдап.

Бетіне ұстап келетін Жамбылы бар,

Сүйінбайдан кейінгі кәрі шумақ.


Айтыспаймыз, әрине, Жамбылменен.

Басқасының байқасам нарқы төмен.

Екі дулат демесең осы арада,

Айтысуға лайық әнші Кенен.


Айтсаң, Кенен, абайлап байқап сөйле,

Нұриланың тұңғиық сөзі терең,

Ер жігітке өлгенмен тең болады,

Жеңілгенде осындай әңгімеден.


Дулат ақыны Кенен:

Бір сөзге тиянақты болмай палуан,

Имендің бе ізденген өнерпаздан,

Неге састың, сөзіңнен неге адастың,

Қажығандай қайқаңдап Нұриладан?
Ел ақынын қомсынып Бармақ отыр,

Бұйрық айтып біреуге арнап отыр.

Жұлындырып ежелден отыратын,

Мұның сөзі қыршаңқы, түйе қотыр.


Атағымды жоймаймын атым барда,

Жұртқа Кенен қадірлі нарқым барда.

Әнші басқа, әр түрлі ақын басқа,

Менің мұндай жарысқа мәнім бар ма?


Атышулы ақын ғой алты алашқа,

Қайрап салса, ететін қара тасқа.

Шапырашты дегенге шыдай алмай,

Дайындалып өзі отыр бір шайқасқа.


Безеп қапсың қолыңа домбыраны,

Болмағанды болымды болдырады.

Қима сөздің қисынын табушы едің,

Қамданбасаң бола ма, Үмбетәлі?


Шапырашты ақыны Үмбетәлі:

Сүйегімнен Бармақтың сөзі өтіп,

Табаныма зырқырап барды жетіп.

Жамбылдан басқа ақынды көзіне ілмей,

Делебемді қоздырды екпіндетіп.
Өрен жүйрік өлеңге Үмбет едім,

Жүрген, тұрған жеріме міндет едім.

Түлкісі қызыл алтай сөздің қуып,

Апарып өз ініне індетемін.


Қандай ақын қайтарар қаруымды,

Желді күнгі дауылдай сарынымды.

Өртіне көңіліңнің су сепкендей,

Бір басамын, Нүрік-ау, жалыныңды.


Сұрастырып жүргенде осы кезден,

Естідің бе бір пенде мені жеңген.

Әрбір сөзді аңдысып айтысқанда,

Аспау керек шегінен жалғыз сөйлем!


Ақпай-тоқпай57 дедің де кеттің қойып,

Ортасынан түскендей мұздың ойып.

Әлде қалай болад деп ойламадың,

Сөзбен жұрттың меселін қырып-жойып.


Ала сөйлеп әркімді омырауға,

Ұшырадың, Нүрік-ау, үлкен дауға,

Аттан байтал аптығып озған емес,

Сұрамаспын сондықтан сенен сауға.


Байтал мінсе кейбіреу қылмаңдатып,

Шекесінен басады жылмаңдатып,

Адымы алыс атпенен жарысқанда,

Басып озып байталды ынжаңдатып.


Нұрила:

Екі сөзге келмей-ақ еркектендің,

Сөз нақысын білмейтін тентек пе едің?

Айтысудың қағысып ісін білмей,

Келген сөзді аузыңа жентектедің.

Ақын десем, шіркін-ай, әңгі ме едің?

Әңгіменің бұзасың дәмді жерін,

Мен тартатын алдыңа сый табағын,

Сен сықылды болушы еді мәңгілерің.
Айтар сөзден адасып албырттандың,

Мен талайын албырттың қаңғыртқанмын.

Жем жеген екі мезгіл сәуріктей боп,

Әулігіп айдалаға аңғырттадың.

Көк байтал көрдің бе аттан қалысқанын,

Ауыздықпен алдында алысқанын.

Үш бәйгеден күніне келген жүйрік,

Менің сондай сенімен жарысқаным.


Талай топқа бұл Нүрік баратұғын,

Әнім осы сол тойда салатұғын.

Сен сияқты өлеңге қыры барлар,

Тал бойыма таңырқап қалатұғын.


Шыға салма жүйрікпін қыз күнімнен,

Тосқауылға тоқталып бір мүдірмен.

Атағы бар, даңқы бар талай жерде,

Салғыластым сан қабат бұлбұлыңмен.


Боламын өлеңге көңілі теңдей,

Бір шалымға кебісі қалған келмей.

Үпілмәлік58 ішсең де Үмбетәлі,

Мен жеңемін сөзіңді бұйым көрмей.


Үмбетәлі:

Шешен десем, Нүрік-ау, шатпақ па едің,

Сұлу десем сұмпайы сатпақ па едің?
Аты шыққан әйгілі жорға десем,

Арқасына ер батқан ақсақ па едің?


Үлгі көрген халықтан, шаршы көрген,

Ақын десем әншейін шап-шақ па едің?

Тұлпар жүйрік тұқымы көк байталдың,

Өз ойыңша озғанын мақсат көрдің.


Қанша айтқанмен байталдың бағасы кем,

Ұрғашы да болмайды еркекпен тең.

Қара тілді әйелдің талайымен,

Қақтығысып әр жерде сөйлесіп ем.

Ырық бермей отырсың сен де маған,

Оңай намаз емеспін онша саған.

Ұзақ жылға шыдамай тайталасып,

Қарғып кетсем қаласың қанжығадан.


Намыстанба, Нұрила, жаным оған,

Өзіңнен кем еркегің, тидің соған.

Тұяғындай тұлпардың серпінменен,

Қаптай берсін бетіңе ұшқан тозаң.


Өлеңімнің тасқыны астан-кестен,

Жұдырығы ұрғандай апай төстен.

Үмбетәлі ақынның өшсін аты,

Сен сықылды жеңілсе жөн білместен.


Нұрила:

Сен болмасаң жарымес, мен емеспін,

Байқап сөйле, антұрған, жөн білмес кім?

Ұйқы-тұйқы сөзіңде қызығарлық,

Неғыл дейсің инедей болса кескін.
Мақтауы жоқ, түйінді байлауы жоқ,

Сұйық сөзді сапырып желдей естің.

Алақандай аузыңа ем қонбаған,

Мінезіңе ежелгі өкінбеспін.


Өзі куә өзіңе өз өлеңің,

Қай сөзіңе тосырқап бөгелемін.

Шайқасуға менімен шамаң болса,

Әуселеңді, әрине, көрер едім.


Ылғауыма жарайтын ынсайың59 жоқ,

Тізгініңді ірікпей қоя бергін.

Тезек терген бәйгінің атындай ғып,

Шаңымды да көрсетпей жөнелемін.


Көңілді сөз көкейге тез қонады,

Көп мылжыңның аяғы ез болады.

Екі тәуір бірігіп баспайды ауыр,

Бір жақсыға бір жаман кез болады.


Құдайдың білесің бе қолы тапшы,

Жалпы көпке жетеді қайдан жақсы?

Ақынның атағына кір жұққызып,

Ел қыдырған диуана сен бір бақсы.


Ақынмын деп ұялмай жүрсің өзің,

Бес тиынға тұрмайды айтқан сөзің.

Өз бойыңды өлшемей өңмең қағып,

Не қыласың тексеріп жұрт мінезін.

Үмбетәлі:

Көргенім жоқ, Нүрік-ау, сендей пірсіз60

Өнерлінің өмірі жұртқа мінсіз.

Шаңқан боздай сөзіме шаң жұқпайды,

Ішегі домбырамның ешбір кірсіз.
Тал бойымнан мін тапсаң бір табасың,

Өйте берме үнемі, ей, үмітсіз.

Қандай жерден қауіпті сын тақсаң да,

Отырамын осы жерде мен күдіксіз.


Азар болса шығарсың долы қатын,

Долы менен перінің жолы жақын.

Ізденген мақсатына жетпей қоймас,

«Мың асқанға – бір тосқан» жолығатын.


Шыдамайтын перінің зардабына,

Долы қашып тимейтін қорынатын.

Қонған бақыт басымнан тек ұшпаса,

Сендей сайтан жолымда соғылатын.


Тілің шайпау, шатпарақ сөзің қатал,

Мың қаралы еркекке біткен сақал.

Әйелдің анық пірі сондығынан,

Қарсы келсең жарқыным, аруақ атар.


Тәубе келтір тіліңнің жазасына,

Тие бермей Үмбеттің мазасына.

Өнегеде үлкенді сыйламасаң,

Жолығасың шоқпардай назасына.


Шимай-шатақ сөзіңді шатпақтама,

Пәк денесін біреудің сатпақтама,

Сөз аяғы біткенше албырттанып,

Ақылы жоқ адамдай асқақтама.


Нұрила:

Ей, Үмбет, ақындықпен арындадың,

Жорғадай жолға түскен ағындадың.

Антұрған, әзіл сөзге ыза болып,

Тауаны тар адамдай тарынбағын.
Елімнің жолықпасам сілесіне,

Үмбеттің киесіне табынбадым.

Шалаға жанып тұрған жақындасып,

Темірдің қызуына қарынбағын.


Салтымнан самғағанда адаспаймын,

Саналы болса сөзің таласпаймын.

Бойыңда шықпай жүрген ұшығың бар,

Өлеңмен оңды-солды аластаймын.


Бетіңде сақал-мұрттан тұлдыр да жоқ,

Қырғандай ұстарамен бұлдыр да жоқ.

Секілді кәрі кемпір кейіптенген,

Қазақтың сендей көсе ұрығында жоқ.


Ой, сана, сезіміңді мөлшерлесем,

Ақындық, ақыл, дарқан қимыл да жоқ.

Қатыннан қасабалы неңіз артық,

Ер белгі иегіңде бір қыл да жоқ.


Болғанда бетің тықыр, бойың мықыр,

Қытықтау мінезің бар, желкең шұқыр.

Кескінің келісімсіз таңқы мұрын,

Торсықтай майлап қойған қара жылтыр.


Жабысып сар шаяндай елді мақтап,

Ән қосқан домбыраға тыңқыл-тыңқыл.

Сыртыңмен жеңемін деп желпінесің,

Естіп ем өсегіңді сенің былтыр.


Өлеңге мығым болсаң сығымдаймын,

Ер болсаң тыпырламай менен құтыл.

Артықша менен сенің қай жерің бар?

Не жеңіп, не жеңіліп сөзден ұтыл.

Өткендей өңменіңнен осы сөзім,

Ал, Үмбет, жетең болса, кәне, ұмтыл!


Үмбетәлі:

Ат жақты, сұңғақ бойлы, түсің бөрте,

Әркімге шолжаңдаған сөзің ерке.

Сыртыңнан сыр білмеген сұлу дейді,

Бойыңа шақ болмаған ойың келте.
Сенімен сөйлесуге арсынамын,

Бойыңды, ойыңменен шаршыладым.

Өз бойыңа өз ойың жетпеген соң.

Жамбасыңа сөз басып қамшыладым.


Сөзбенен қолтығыңды қытықтаймын,

Ширатып бостығыңды пысықтаймын.

Жібіңді ескеніме ширамасаң,

Өлеңің өкпесімен ұшықтаймын.


Төңкеріліп отырмын судай жылжып,

Кездеспеген бетіме бір қиындық.

Иегімде бір қыл жоқ – бозбаламын,

Сәні бар ма сақалдың бес тиындық.

Мінезіңді, сырыңды білдім сенің,

Бір адамсың бұлт етпе, түлкі құйрық.

Долы құйын секілді ұйытқып, шалқып,

Жылт етесің сынаптай қолдан сырғып.

Мықыр кескін бойымнан садаға кет,

Сен сықылды емеспін бояма бет,

Сөзіңнен көң-қолаңса исі шықты,

Пайым қылып бір-екі сөйлесіп ек.

Мәнері жоқ сөзбенен маза бермей,

Сандаласың әйтеуір бірдеме деп.


Қабағыңа қара қас сызылады,

Сөйткеніңмен кім саған қызығады.

Алты тиын алмаймын бағасына,

Атым үркіп арбаңнан бұзылады.


Шаптың қарсы не десем бетке дүрсе,

Ысқырғандай орданың оқ жыланы.

Аулақ кетсін шенімнен, алас-алас.

Десем қата болмайды Нұриланы.


Нұрила:

Айқастың Үмбетәлі арыстандай,

Қойғыласып қолма-қол салысқандай.

Қиынға қылыш шаптың, қисын таптың,

Өрге бір өршеленіп жарысқандай,

Сасқаныңнан садаға сөзге түсіп,

Жеңілгенің қой болмас, қарыштанбай.

Үмбеттің айтқан сөзін жақтаушылар,

Отыр ма екен осы жерде намыстанбай.
Шынын айтқан адамға ел сенеді,

Арам сөзден ақ денем жиіркенеді.


Ақылсыз ұлғайғанын есіне алмай,

Сақалсыз бозбала боп белсенеді.


Көп ішінен көсеге орын бар ма,

Шайқай берсем әңгіме теңселеді.

Орынсыз ағат келген омырау сөзді,

Дәл ұстаған табанда еңсереді.


Айта берсем әр неңді ауырлайсың,

Шала піскен бишара қауындайсың.

Қанша айқайлап ышқынып әуліккенмен,

Мерзім жерден ойдағы табылмайсың.


Ала жіпке ат қойып алабөтен

Айдаһарсың, ақынды жылан десең.

Үш тамызып басыңа ақ құйдым ғой,

Ирелеңдеп ініңе жарар кетсең,

Келер сөзді өзіңе неге айтасың.

Намыстанба тағы да әңгі десем.


Әңгілігің емес пе алдырмадым,

Шаңымды да шапқанда шалдырмадым.

Екі туып енеңнен сен келсең де,

Осы болды есіңнен тандырғаным.

Жаман сөзбен жағымсыз Үмбетәлі,

Құлағымды сасытып даң қылмағын.


Жеңілерін Үмбеттің Жәкең біліп,

Байқауымша, маған бір қалды ұмтылып.

Талайдың-ақ шапанын шешіндірген,

Айтыспаққа ынтасын жұлқындырып.


Ал, Жәке, Үмбетәлі тері тұлып,

Қаупитқан ішіне бір сабан тығып.

Түбінде бір керегі болар десең,

Апарып босағаңа қойғын іліп.


Қару өлең бұл сөзге қайдан тапсын,

Жүйрігінің Нұрила басын тартсын.

Кім жеңді осы арада кім жеңілді,

Қазылық енді осыған Жәкең айтсын!


Жамбыл:

Жамбыл сөзін бастаса бастан айтар,

Түйіп, түгел соңына тастап айтар.

Бақ берген маңдайына бас бармақтай,

Жүлде алады әр жерде жүйрік байтал.
Бағы жанса байталдың бағасы зор,

Адасқанын Үмбеттің байқады ол.

Бұл жердегі айтыстың кезегінен,

Нұрилаға беретін теңеуім сол.


Жүйрік озды жүйріктен құлаштаған,

Көрген жұрт көз мөрімен растаған.

Кәрі демей, жас демей айтысатын,

Сүйінбайдан соңғыға мирас қалған.


Әйелдің асқан биік құзарынан,

Өлеңнің тау мен тасын құлат маған.

Кәрі тарлан Жамбылдан дәмең болса,

Ауығыңды басайын шыдатпаған.


Ерден басып екпінді жолың озды,

Өлеңшінің көбісі шілдей тозды.

Шапырашты мен Жамбыл «Қарасайлап»,

Ұмтылғанда үстіңе перім қозды.


Құнжыңдап домбыраға менің арқам,

Аузымнан ақтарылды өлең дарқан,

Еліңде ерлік бар ма, байлық бар ма,

Мәнісін байқасалық айтшы, қалқам.


Айтылса әрбір өлең әніменен,

Дауыс та құбылады сәніменен,

Аршын сөздің асылын ақтар бері,

Сөліменен, маңызды дәміменен.


Тамаша үшін осындай бас қосқанда,

Сөкет болмас айтысқан кәріменен.

Бала күнгі әндерім – ескі жолдас,

Ада-күде кеткен жоқ әлі менен.


Нұрила:

Сөз құраған ауызға әрбір әріп,

Зерек адам сөзімнен пайдаланып,

Әркім сөздің ішінен қисын терсе,

Ақын атқа қонады өлең дарып.
Домбыраға ән қосқан сәнді әуенін,

Тыңдаған жұрт қалады тояттанып.

Сіз дарқан, сізден үлкен адам бар ма,

Жасым кіші, әйелмін жолым нәзік.


Даусыңды неше қилы әсемдейсіз,

Желдетіп дауылыңнан бәсеңдейсіз.

Сіздің бетке мен қарсы тұра алмаймын,

Әлдилеп алдына алған әкемдейсіз.


Киліккенің бола ма енді бұған,

Айтыс болып әлінше өтті думан.


Теңдесе алман сізге мен жасым кіші,

Қинамаңыз тағы да ізет қылам.


Мен түгіл, ат үркеді атағыңнан.

Басып озған жүйріксің қатарыңнан,

Жасыңа құлдық қылдым, мені босат,

Айналайын, ататай, сақалыңнан.


Келін болып еліме былтыр түстім,

Сізге жайын айтпақпын бұл жұмыстың:

Нәресте бар үйімде және әлсізбін,

Босанғалы болып еді маған үш күн.


Баланың туғанына қарамастан

Орап тастап кетіп ем құндағына.

Ат жіберіп әдейі шақырған соң,

Өлең айтып бергелі мұндағыға.


Аяғыма сол менің бала шідер,

Қайтуыма сондықтан ұлықсат бер,

Бөгелуге емшегім сыздап отыр,

Бөбегіме, ататай, мені жібер.


Жамбыл:

Жамбылдың жасы жетті жетпістерге,

Мұндай бала көргем жоқ өткір тілге,

Дауысың көкке жетіп, аспан жарған,

Естідік әуезіңді бір түн біз де.
Олай болса, тоқтату мүмкін емес,

Бар, шырағым, ұлықсат бердім сізге.

Қара табан болғанда қарашығың

Шақырамын кел сонда біздікіне.


Сөзіңнен сорғалаған тамады алтын,

Аңқылдаған адамға көңілің жарқын,

Бала жастан өлеңге Жамбыл құмар,

Басылатын жайым бар әнмен мауқым.


Тербеткен жүрегімді жас баладай,

Құлағымда тұрады осы дауысың.

Барғын, балам, аман бол, жолыққанша,

Бәрекелді, үстіңе көп нұр жаусын!



Совет дәуіріндегі айтыстар

Саяділ мен Майса
Саяділ:

Сыпыртып томағамды Алатаудан,

Бүркіттей түлкі көрген ұштым жолдан.

Жайылған Жетісудың сазындағы

Сұңқармын тоят алмақ қоңыр қаздан.

Майса қыз, алыстағы ауылыңа

Жүйріктей жеттім келіп бауырын жазған.

Саяділ қызға қырғи қиғақ қыран,

Алапан асып жүрген өнерпаздан.
Майса:

Алыстан түлкі болсам шаң беремін,

Түнемел түздің құсын таң көремін.

Жарасаң аң алуға түбінде бір

Жая мен тоятыңа жал беремін.

Жарамсыз бөденеге қырғи болсаң,

Тақ-тұқтай таңдайыңа нан беремін.

Мақтанның аяғына түсер қақпан

Кезегім байқаусыздан бар демегін.
Саяділ:

Ардақты атың жақсы, ақын Майса,

Даңқыңды дәріптеумен халқың жайса.

Жылқыдай дара шапқан әуселең бар,

Шаң тимес жүйрік болсаң енді байқа.

Аттатпай не бұлтартпай табаныңды,

Соғамын қиғаш келіп қылдан тайса,

Бекерге құр кеудеңді ұра бермей,

Қаймағын қалқып сөздің, майын шайқа.

Майса:


Елімде аға, құрбы, бар замандас,

Тұсыма талай құрған менің малдас.

Бәйгеден дара келген әлденеше

Жүйрігің мың да болса бір шала алмас.

Көрейік қайымдасып аптықпастан,

Аңғарып аяғыңды аяңдап бас,

Айырылдың шалам десең абыройдан

Басыңның саулығында аулаққа қаш.


Саяділ:

Жанады отынды да отқа ысырсаң,

Жанбайды өздігінен босқа тұрсаң.

Қашаған жеткізбейтін безбе жүйрік

Жалықпай өміріңше өлең қусаң.

Жел сөздің тізгініне берме ырықты,

Сөз жайын менің жаным әманда ұқты.

Мен емес кекірейіп тұрар кісің

Өзіңмен тіресуге табан мықты.
Майса:

Тауаныңды табанға тірегенің,

Шыбыртқыңды тіліңе білегенің.

Дүлділ сөздің тізгінін іркіңкіреп,

Жүгіріске өнімді үдегенің.

Нықты теуіп үзеңгісін екі жақтың,

Табандап тартысуға шірегенің...
Саяділ:

Татқанға Майса шырын-бал екен деп,

Естуші ем «бір ақынға зал екен» деп.

Жайылып даңқың көпке мақтағандай

Бағаласам басында бар екен деп.
Өлеңімен ән-әуез өнері тең,

Дәл қысылса өзіме пар екен деп.

Бағынбайтын басқаға өз теңінен

Тұрмыстанса тұрақты жар екен деп.


Майса:

Қонбас қыран шақыртқы болмай жемі,

Жем дегенім жемісті еңбек ері.

Елге сондай қадірлі ел сүйкімді

Жұртқа мәлім ісімен сіңген тері.

Айырылады кейбіреу өз жарынан,

Үйге жайсыз болса да, түзге сері.

Сондайлардың, Саяділ, бірімісің?

Көп уақыт сынамаймын онда сені.
Саяділ:

Өткір тілім өтелер кесіп айтқан,

Сөз түйдегін ширатып есіп айтқан.

Тұзақтың қылындай боп шатылысқан

Түйінді түгелімен шешіп айтқан.

Еңбексіз осы уақта ер бола ма?

Маған да Майса мұның несін айтқан?

Бір жайсыз мұнан бұрын жерге барып

Кісідей сөз төркінің сесі қайтқан.
Майса:

Қисынды өлең депсіз қиюласқан,

Тіркеліп желісіне ұйымдасқан.

Ұйымнан лағатын сөз далаға

Аңғыртқа адасқаның ұғынбастан.

Жағдайсыз жаман жерге бара алмаймын,

Сыртымнан сыбырласып алып қашқан.

Шошимын еңбексіздің реңінен,

Бетінің үстін ұят, жыбыр басқан.

Саяділ:


Әр сөзің сүйегіме шын батқандай,

Жойылмас арзан баға қымбаттанбай.

Қолымда бес жүз еңбек книжкем бар

Көзіме оттан ыстық, нұр, мақпалдай.

Ласқа шайпау тілің үйір екен,

Денеге баттастырып кір жаққандай,

Сіздің де мінезіңе сын теңесем,

Көңіліңе ауыр алма мың батпандай.


Майса:

Зар кешкен жалған сөзді жақтырмаймын.

Бойыма болмағанды жапсырмаймын.

Бойымнан бір мінімді дөп таппасаң,

Өріне өтіріктің бастырмаймын.

Қамданып қашағандай бұрын көрген,

Сен білсең, сегізімді таптырмаймын.

Састырып айтатұғын жауабыңнан

Мен қусам, адымыңды аштырмаймын.
Саяділ:

Қалаған қалпыменен өлең шымдай,

Қалыпқа қаптап әбден тартқан сымдай.

Сақамен сөз кенейін атысқан соң

Айқын-ақ атылмағың болып жырдай.

Керек затын халықтың сөзбен құндап,

Сауал етіп сұраймын сізден ыңғай,

Өлеңге сонда мәлім жетік болсаң,

Қаруын қайтарасың қата қылмай.
Майса:

Сауалың сауатың көп соның шығар,

Кітаптың біз білмейтін томы шығар,

Аттанып асығыспен тез қайтатын

Аттың жалы, түйенің қомы шығар.

Ұнаса ұсынғаны халайыққа,

Жігіттің топ ішінде жоны шығар.

Сауалдың сондай қиын таразысын

Салмақтың баса алмаған соры шығар.
Саяділ:

Тартылса таразыға сөздің сыны,

Тұрады басыңқырап көптің ығы.

Бұлжытпай мағанасын дәл тексертіп,

Анықтап аударады істің шыны.

Егілген мезгілімен егін пісіп,

Бүршікті дәнін бүркеп тұрса қыны.

Уқалап бір топ бидай алақанға

Бағалап алғанындай қанша құны.
Майса:

Ырзығы дүниенің дән емес пе?

Адамның әл-дәрмені нан емес пе?

Қорегі көздің нұры көзіміздің

Өмірдің бір топ бидай нәрі емес пе?

Ажарын екі беттің кіргізетін,

Күнкөріс, тірлік, қуат – бәрі емес пе?

«Жанға тең» дейтін нанның бағасы бар,

Шешкенім осылай деп дәл емес пе?
Саяділ:

Жеткізді шын мақсатқа қыз бидайын,

Таба ма тапсынбаса өз ыңғайын.

Үнемі үзілдірмей тез қайтарып,

Жауапты жабдықты адам берген сайын.

Табанда айтқан жерде тауып бермек,

Ешкімнің назарында тұрмас дайын.
Төрт нәрсе неге қажет зәру жұртқа

Білсеңіз түсіндірші бізге жайын.


Майса:

Түкпірі дүниенің кең болады,

Кемеріне мекендеп ел қонады.

От пен су, тұз, нан – тұрмыс ырызығы

Халықтың қажетіне тең болады.

Жаралап адамзаттың жарағына,

Бірі себеп, біріне дем болады.

Осы заттың біреуі болмағанда

Тұрмыста талай нәрсе кем болады.
Саяділ:

Қыран едім қырғидай сөзді ілетін,

Тобын қуып торғайдай бездіретін.

Қарындастың қапы жоқ ұтқырында,

Тапқырлығын тартынбай сездіретін.

Өлеңшінің міндеті өзге жаннан,

Керек затын өзіне тез білетін.

Бес нәрсенің жұлдызы адамға ыстық,

Айтып бер ажыратып қасиетін.
Майса:

Жылқы адамның қауырсын қанатындай,

Ешкі мен қой тұрмыстың манатындай.

Алыс жолға түйемен жүк тартқанда,

Мұқтаждығын көңілдің табатындай.

Ала көнек мал құты сиырлардың,

Сүт бұлағы іргеңнен ағатындай.

Бес түлігі пенденің қасиетті

Қадағалап өсіріп бағатындай.

Саяділ:


Өрісіне қаптатқан жерден аңдыз,

Басқа сайлы, бұл күнде, малға баймыз.

Кірпігіне шаруаның шаң жуытпай,

Әлпешпенен асырып біз бағармыз.

Мұнан да зор байлыққа, молшылыққа,

Жерік астай жетуге ынтызармыз.

Таңдайыңа татқанда дәмі – кәусар,

Тәтті нәрсе не болмақ сонда жалғыз?


Майса:

Бар дәулеттің баққанда парқын білсең,

Елдің жаңа саналы салтын білсең.

Келешектің кейінгі көңіліне

Өмірінің өнерлі қалпын түйсең.

Қой майына еріткен қорғасындай,

Балқып жүзіп, аршындап, жарқын күлсең.

Ең қызық дүниенің тәттісі деп

Айтады жас баланың бетін сүйсең.
Саяділ:

Жайлауына жаңа жұрт ауыл қонған,

Жатырқаусыз ағайын бауыр болған.

Аңғар өзен, терең сай өткел берді

Жапан дала шаң жұтқан қағыр жолдан.

Тау көтерді, табандап лақтырды,

Туламастай жұмыскер қауым қолдан.

Сонша халық көтерген бүткіл жүктен

Белге батып, нендей зат ауыр болған.
Майса:

Өлеңді ұйтқытып жаңа соқтың,

Дүрілі бар өзгеше жанған оттың.

Мұнан былай болмаса дәмең мәлім

Сауалыңа жауапсыз қалған жоқпын.

Бір бұрышында ойымның жатушы еді,

Себеп болып сәтімен пікір қостың.

Ауыр қайғы, жұртқа жүк белге батқан,

Қазасы еді Лениндей ұлы достың.
Саяділ:

Бұл жаһанда бір шам бар сөнбейтұғын,

Аспан жоқ сәулетіне төнбейтұғын.

Бүкіл әлем қолына ұстап оны

Бенде жоқ оны ұстап көрмейтұғын,

Ұзақ өмір сонда бар өлмейтұғын.


Майса:

«Шам» дегенің – қағазға жазылған хат,

Оқуына дүйімнің бар ұлықсат.

Ұрпақтарға жеткізіп жақсы есімді

Атын айтса халықтың көңілі құрсант61,

Тозбайтын, тот баспайтын ісін көріп,

Ғибрат алып, қылғандай жұрт ибадат62,

Даналықтан табылған қиын еңбек,

Деп ойлаймын өмірі өлмейтін зат.
Саяділ:

Өнер қонып көкейдің кеп сазына,

Сөздің қанып тойғандай сырбазына.

Шебер іс, қара күштің сый табары,

Әркімнің тартылғандай өз алдына...

Өніп, қайнап өмірі сарқылмаған

Не нәрсе деп ойлайсың бір қазына.

Майса:


Ақиқатқа адамзат анық сенбек,

Тұқым шашса көгеріп егін өнбек.

Жанданып жаз райы жайнағанда,

Мейірбанды иігендей жер желіндеп.

Алған, берген, жегенге таусылмаған!

Деп ойлаймын қазына болады еңбек.


Саяділ:

Жауап бер тағы да бір сұрауыма,

Сөз көнеді не түрлі бұрауыма.

Неше ғасыр өтсе де бұдан бұрын

Түспегендей бір қылшық қылауы да.

Талай дәуір толқынын тоздырғанша,

Шық тимеген сияқты шылауына.

Жұмыр жер тыным таппай қозғала ма,

Немесе бірқалыпта тұрады ма?
Майса:

Жер тоймайды жеміне түлкі, қарсақ,

Қүн нұрына сондықтан ол жалыншақ,

Бар ғасыр мен дәуірді жалмағанда

Бәрі бөліп жегендей бір бауырсақ.

Табиғаттың сан түрлі құбылысы,

Бірі бермек, бірінен бірі алымсақ.

Жұмыр жер де тұрмайды бір орында

Үнемі қозғалыста сырын ұқсақ.
Саяділ:

Ұшқыныңды байқадым басталмастан,

Қағысқанда қалыспай қапталдасқан.

Айқайыма дауысың бап келеді,

Қабындай шапаныңның астарласқан.

Өзекшеден өрбіген бір түп бақша,

Өскен ұшы көкпенен жапсарласқан.

Жерге орнатқан аспанның тіреуіндей

Мақтан сөзге айтып бер аттанбастан.
Майса:

Адам үшін арналған бақыт гүлді,

Терең сүңгіп тексерсек бұл өмірді.

Сауық кештен саналы сарайына,

Орнатпасам дейді екен ренжуді.

Отан – тоғай, үй – орман, қоғам – мүлік,

Шаруалықпен қамтыған құла түзді.

Аспанның астындағы алтын діңгек

Көкпен тең деп айтамыз біз көңілді.
Саяділ:

Бар бөгетін жолында балталаған,

Ортасынан қақ жарып паршалаған.

Бар нәрсең жаратпақ қажетіне

Өйтпейінше құмары тарқамаған.

Басқа жерге аударып қондыруға,

Дамыл көрмей тасынып арқалаған,

Жүксіз тұрған арқасын бір көрмейсің,

Немене деп ойлайсың шаршамаған?
Майса:

Бітеу істі шабатын балта батыл,

Жарылатын қарсы күш таппай тақыл.

Жаңа жұртқа тасынып қонған ауыл,

Жасыл барқыт жүк жинап қам ғып жатыр.

Дүниесін меңгеріп өз күшіне,

Диірменің дөңгелек тартады асыл.

Саяділ:


Оралады оңына Күн мен Ай да,

Танытқан жиһанды ақыл-айна.

Дүние кезіп танысақ әлем түсін,

Болды дейміз дегенде сезім пайда.

Баданадай көзіме көрінбейді,

Жүретінін білмеймін соның қайда.

Атқаратын ал сонда қызметі не,

Тақырыбын тауып бер осындайда?


Майса:

Ойлаған түпсіз терең ойдың күші,

Деп айтамыз сезімнің жүйрік құсы.

Шарықтап аспан-жердің аралығын,

Ұшады өнер іздеп бар жұмысы.

Жаһанды кілем мініп мың айналған,

Қиялдай болды мынау ел тұрмысы.

Қайда барсаң қасыңда өз жолдасың,

Бетінің дем қаққандай бұрылысы.
Саяділ:

Бір жүйеден төрт мүше құралады,

Машинадай бар денең бұралады.

Тірі жанға тірнектей63 еңбек үшін,

Аяқ жүріп орнынан тұра алады.

Бір жапырақ нәрсенің әсерінен,

Бетің күліп, пейілің қуанады.

Қайтпайтын, айнымайтын адамзаттың

Не болмақ ең ұстамды тиянағы?

Майса:


Сезік берген денеге хабарлы кек,

Бадалыма64 сұғымен қадалады кеп.

Бұлт қуған буырқанып дауылдайын,

Қайтпай жауын жапырған ажарлы бет,

Қуанышты тең бөліп үлескенде,

Налып тұрған ешкім жоқ аз алдым деп.

Ең ұстамды тұлғаға тиянақты

Оттай жанып айтып бер неден қорек?


Саяділ:

Қанып көңіл Маркстің ғылымына,

Сүңгігендей дарияның тұнығына.
Жылдан-жылға үйреніп, қаздай жүзіп,

Ақыл терең шомылды жылымына.

Сезім ауқат әлінше алып жейді

Жұтқанын жұғым қылып жұмырына.

Ғылым-теңіз қиялға азық болған,

Өмірлік қуат беріп ұғымына.


Майса:

Қалың нөсер жауғандай қатқан көнге,

Түзелмеген зат бар ма басқан тезге.

Астау, науа, бақырмен суарсаң да,

Мезгіл осы қонбайтын құлақ сөзге.

Қызығына тоймайтын себебі не,

Көл-көсір дүниені тартқан көзге.

Жалықпайды неліктен көздің нұры,

Тағы көрсем дегендей тағы да өзге.

Саяділ:


Өмір қандай тамаша өзгергенде,

Дүниені тоймайды көз көргенде.

Құлақ сөзге қонбаған құмарлығы,

Орайына оралғы тез бергенде.

Рабатқа65 жаһанды айналдырып,

Іспен жеңіп, еңсеріп, меңгергенде...

Адамның асыл, алғыр тіл одағы,

Дұшпанын ұшырғандай бар бораны,

Асудың бел бөгетін кесіп өтіп,

Даңғылданған алдында жол сорабы,

Еміреніп ернімен еңбек сүйген,

Бөтені жоқ ішінде бір қоралы.

Туғызған күнде қарқын, жүзі жарқын,

Аты-затын айтып бер кім болады?


Майса:

Бояуындай ағаштың емес оңғақ,

Нұр денесі жарқырап тұрған сонда-ақ.

Құрылысын күн санап шынықтырып,

Ақ жамбысын аспанға атқан уақ.

Түбірімен пікірін шындық жеңіп,

Қадірлі, қасиетті қоғамға нақ.

Қалпында қаяуы жоқ колхозыма,

Сенімді адам ғана мүше болмақ.
Саяділ:

Колхоздың бір мүшесі Майса тегің,

Осы еді бағанадан қойған шегім.

Мал анау жер қайысып ызғып жатқан,

Ту тігіп, алабына жайқалды егін.

Күн құсап көктемдегі күркіреген,

Біз көрдік қыруарын мәшиненің.

Қондырып мұндай бақыт басымызға

Жандырған кім болады ел еңбегін?
Майса:

Дүниені айналдырған асыл кілт,

Отырған бентін бұрап екі жігіт,

Айбатынан аспан-жер қозғалғандай,

Қолынан үзілмеген ұзын үміт.

Жеткенде бұл үміттің ұшығына,

Сізбенен ортақтасқан біздің мүлік.

Сауалдың мүмкін болса бер кезегін,

Тең соралық кемігін майлы жілік.
Саяділ:

Он жасымнан өлеңді айттым өңдеп,

Домбырамды жүйріктей бақтым сәндеп.

Әйел бала затыңды сыйлағанда,

Артықсынып, асқынып, кетпе дәндеп.

Кезегіңе келетін таласым жоқ,

Мен – күтуші, айта бер, сіздің нәубет66.
Майса:

Айтысалық, Саяділ, сөзге қыза,

Аударатын піріміз шепті бұза.

Алыс-беріс арадан үзілмеген,

Болып қалдық екеуміз өлең құда.

Аларыңда болып ең алман-жалман,

Береріңе келгенде бекем шыда.

Айтпай түсін адамға танытатын,

СССР-дың белгісі не екен, сірә?

Саяділ:


Өнерді меніменен салғасып ал,

Әр нәрсенің ағымды арнасы бар.

Қарым-қатынас халқымнан үзілмейді,

Одақ елдің орталық жалғасы бар.

Жер жүзіне әйгілі танытатын,

Айшықталған орақ пен балғасы бар.


Майса:

Жаман істен жасқанбай жақсы бар ма?

Адымыңды аңғалдық аштырар ма?

Алыс-жақын араға шабар жылқы,

Белгі беріп тұрады ат құмарға.

Тартынбайтын жауаптан жомарт болсаң,

Енді қандай борышың бар тапсырарға?

Исі келсе мұрныңа жеркенетін,

Деп сұраймын сізден мен ащы бар ма?
Саяділ:

Түнде шашын сұлу қыз тарап шығар,

Төсегінің төңірегін қарап шығар.

Білмейтұғын бір пенде бар ма осыны?

Әлде тәлкек бұл сөзің мазақ шығар.

Кейбіреулер исінен жеркенсе де,

Татпайтұғын тағы да аз-ақ шығар.

Өлеңімнің аяғы той болсын деп,

Сұрағаның сол бізден арақ шығар.
Майса:

Адасқанда, Саяділ, қара басты,

Таба алмадың сауалды сен албасты.

Бір кезде патша зұлым елді тонап,

Жеркенішке улатып зәрін шашты.
Сол кезде бұқараның босқа кеткен,

Десең болад қаналған еңбегі ащы.


Саяділ:

Тұзағыңа жем шашып шабындырдың,

Құрғақ сауда ізіңнен жаңылдырдың.

Жаңылысты орынды жаза басқан,

Сөз аяғын бұрмалап, жазым қылдың.

Ісің бітті, тұсымнан тұр дегендей,

Етегімді менің де қағындырдың.

Бастың буын қазандай бұрқыратып,

Езе берсең өзің біл, сабын қылдың.
Майса:

Жайлауыңа жаңа жұрт ауыл қонған,

Жатырқаусыз ағайын бауыр болған.

Тау көтеріп, табандап лақтырып,

Тумаластай жұмыскер қауым болған.

Бір жүйеден алуан ұлт құралады,

Мәшинедей толқыны бұралады.

Адамзаттың ақырғы айнымайтын,

Ең ұстамды не болмақ тиянағы?
Саяділ:

Адамда арман бар ма туса бүгін,

Біледі барлығы да істің түбін.

Құлпырған қызғалдақтай жасөспірім,

Қарашы Отанымның ұл мен қызын.

Аршындап аттағанда алға басып,

Шарлаған біздің халық дүние жүзін.

Ең соңғы адамзаттың тиянағы –

Аңсаған бүкіл дүние – Коммунизм!

Майса:


Бастайтын коммунизм ел қоғамы,

Аңқыған хош иісті жел соғады.

Тегістік дәуірінің өткеліндей,

Халқымның мәртебесі тым жоғары.

Саяділ, сауатыңды аш газет оқып,

Жарайсың көкірекке алсаң тоқып.

Білімің өсе берсін барған сайын,

Аяғың алған бетке желе жортып.


Саяділ:

Орнады теңдік, бақыт босағасы,

Жай адам болып отыр қос ағасы.

Ілгері социализм жасай берсін!

Өмірдің өте қызық осы арасы.

Тілімнің қамшы басып тұлпарына,

Майсаны теңгермедім шынтағыма.

Сұрадың қанша сауал, сонша шештім,

Кейінгі мақтан болсын ұрпағыма.
Майса:

Болды бұл өз әлінше бір жаңа айтыс,

Мұндайда ең қызығы – қару қайтыс.

Азды-көпті айтыстық, Саяділім,

Бұрынғыдай болған жоқ ру тартыс.

Талайлардың мұқалып көңілдері,

Майсаның өлеңінен болған запыс.

Бұл айтыста жеңілген, жеңген де жоқ,

Осымен еліңе қайт ақын байғұс.

1936 ж.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет